М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылдың 23 қараша күні өтетін Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына арналған дәстүрлі «V Махамбет оқулары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
-
Махамбеттану
-
Филология ғылымдары
-
Тарих ғылымдары
-
Өнертану
-
Жалпы педагогика және психология
-
Құқық, философия, саясаттану және әлеуметтану
-
Жаратылыстану және іргелі ғылымдар
-
Экономика
Конференция материалдары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Конференцияға қатысу үшін 2013 жылдың 10 қарашаға дейін тиісті секциялар бойынша жіберуіңіз қажет:
-
баяндама мәтіні;
-
конференцияға қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі берілген);
-
ұйымдастыру жарнасының төленуі жөніндегі түбіртек.
Конференцияға қатысушыларға мақалаларын материалдар жинағына жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге құрайды.
Банк реквизиттері: ҚР Халық банкі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, ИИК KZ176010181000011617, БИК HSBKKZKX, БСН 000340002393, Кбе 16, ТМК 861.
Төлем мақсаты: Махамбет оқулары конференциясына қатысу үшін.
Конференцияға қатысу шығындары қатысушының өз есебінен немесе жолдаған мекеменің есебінен.
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162, М.Өтемісов атындағы БҚМУ (бас ғимарат, 408 каб.)
Баяндамалар мәтіні 1,0 интервал арқылы Word 2003 редакторында сол жағы – 3,0 см., оң жағы – 1,0 см., жоғары және төмен жағынан – 2,0 см. бос жер қалдырып, жоғарғы жағында бас әріппен жазылған мақаланың атауы, 2 бос интервалдан соң авторлардың аты-жөні, 1 бос интервалдан соң мекеме атауы, 2 интервалдан соң азат жолдан басталған баяндама мәтіні “Times New Roman” шрифтісінде 14 п.т. кегльмен басылған мақала түрінде (материал көлемі 5 беттен аспауы тиіс).
Электрондық нұсқада файлдың атында бірінші автордың тегін және мақаланың атындағы алғашқы үш сөз жазылуы тиіс.
Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген немесе талапқа сай келмейтін материалдар жарияланбайды.
Конференцияға қатысушының өтініші:
Тегі, аты-жөні (толықтай)
|
|
Ұйымның аты (толықтай)
|
|
Қызметі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
|
Мақаланың тақырыбы
|
|
Мекен жай, телефон, E-mail
|
|
Жарнасының төленуі жөнінде түбіртек
|
|
Конференцияға қатысу түрі
|
|
Қонақ үйден орын брондау
|
|
Байланыстар: 8(7112)51-30-62, 8-701-623-07-27, 8-777-797-10-07 e-mail: kazfilfak@mail.ru – Зейнолла Жақсылықұлы Мутиев, 8-775-817-18-00, 8-777-486-21-86, e-mail: ganna_tgg@mail.ru – Турганалиева Ганмиркүн Ганмирханқызы
Ұйымдастыру комитеті
Достарыңызбен бөлісу: |