Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігінің
Төтенше жағдайларды
және өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау
комитетінің
2010 жылғы «4» қарашадағы
№ 39 бұйрығымен келісілген
Ауа кеңістігі ортасын бақылау бойынша әдістемелік ұсынымдар
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Мұнай және газ өнеркәсіптері объектілерінде технологиялық қондырғыларды, резервуарлы парктерді, мұнай лақтыру пункттерін, бұрғылау қондырғыларын және басқаларды пайдалану кезінде ауа кеңістігі ортасының өндірістік үй-жайларда және ашық алаңдарда мұнай булары мен газдарының зиянды және жарылыс қауіпті шоғырлануларымен газдану қауіптілігі болады.
Өндірістік объектілерде жарылыстар мен өрттердің, персоналдың улы газ буларымен улануының алдын алу шараларының негізгілерінің бірі болып булы газ бөлінулер көзін түзетуге арналған шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік беретін ауа кеңістігі ортасын бақылау табылады.
2. Ауа кеңістігі ортасын анықтау және газдану себептерін уақытылы түзету үшін өндірістік үй-жайлар мен автоматты стационарлы сигнализаторлармен, авариялық желдеткішпен бұғатталған сыртқы қондырғылардың жұмыс аймақтарында булар мен газдардың улы және жарылыс қауіпті шоғырлануы болуына ауа кеңістігі ортасында үздіксіз бақылау ұйымдастырылады.
Стационарлық аспаптардан басқа жылжымалы газ анализаторлар пайдаланылады.
Кәсіпорындағы ауа кеңістігі ортасының газдану деңгейін олардың болуын барынша шекті рұқсат берілетін шоғырлануларға (бұдан әрі - БРШ) сәйкес сандық талдау нәтижесі бойынша анықтау ұсынылады.
3. Стационарлы автоматты газ анализаторлар мен сигнализаторлар болмаған кезде ауа кеңістігі ортасын жылжымалы газ анализаторлармен кезеңді бақылау жүзеге асырылады.
4. Объектілерде ауа кеңістігі ортасын кезеңді бақылау өндірістік-санитарлық және химиялық зертханалармен жүзеге асырылады.
Ауа кеңістігі ортасын кезеңді бақылауға объекттің қызмет көрсетуші персоналын тартуға рұқсат беріледі. Бұл жұмыскерлер жылжымалы газ анализатормен жұмысқа, ауа сынамасын алу тәсіліне үйретілген және тиісті куәліктері бар.
5. Ұйым жетекшісі бұйрығымен ауа сынамасын уақытылы және нақты алу міндеттері жүктелген, аспап көрсеткіштерін бақылаушы тұлға назарына ұсынушы тұлғалар анықталады. Зертхана болған кезде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.
6. Әрбір объектіде жөндеу және авариялық жағдайларда технологиялық процессті жүргізу кезінде жұмыс үй-жайлары мен сыртқы қондырғылардың жұмыс аймақтарынан бөлініп шығатын зиянды және жарылыс қауіпті заттардың тізімі анықталады, зиянды заттардың қауіптілік сыныбы белгіленеді.
Тізімде барынша шекті рұқсат берілетін шоғырлану (бұдан әрі - БРШ) және булармен газдардың көлемдік (%) және салмақтық (мг/м³) бірлікте тұтануының төменгі шегі (бұдан әрі - ТТШ) көрсетіледі.
Сондай-ақ ауа кеңістігі ортасын бақылау үшін пайдаланылатын аспаптар тізімі жасалады.
Жылжымалы және стационарлы аспаптардың саны мен түрлері объектілердің технологиялық ерекшеліктерін есепке алумен анықталады. Бұл тізімдерді ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
7. Ауаның сынамасын алу мен талдау газ анализаторлар мен сынама алу құрылғыларын пайдалану бойынша басшылыққа сәйкес жүргізіледі.
8. Ауада күкірт сутегі БРШ артық болған кезде:
бақылаушы тұлғаға, газ құтқару қызметіне, жауапты жетекшіге және газ қауіпті жұмыстарды орындаушылар мен қауіпті аймақтағы адамдарға хабарлау;
адамдардың улануының және авариялық жағдайды таратудың алдын алу шараларын қабылдау;
жұмысты тек противогазбен орындау;
ауа кеңістігі ортасын қауіпті газдану таратылғанға дейін кемінде әр сағат сайын бақылауды ұйымдастыру;
газданған аймақты қауіпсіздік белгілерімен белгілеу;
газданған аймаққа бөтен тұлғалардың, көлік құралдарының және жануарлардың кіруінің (баруының) алдын алу бойынша шаралар қарастырылуы. Қажеттілігі кезінде посттар ұйымдастыру керек;
сүзгіден өткізу противогаздары үшін рұқсат берілетін ауада 0,5 % көлемге (7594 мг/м³) жақын шоғырлануда күкірт сутегі табылған кезде:
қауіпті аймақтан шығу;
туындаған авариялық жағдай туралы жауапты жетекшіге, бақылаушы тұлғаға хабарлау;
одан әрі жұмыстарды аварияны тарату жоспары бойынша жүргізу керек.
9. Ауада мұнай, мұнай газы немесе БРШ жоғары басқа да шоғырланудағы көмірқышқылдар буларының болуы табылған кезде бақылаушы тұлға газдану ошағын тарату және жұмыс істеушілердің жеке қорғанысы бойынша шаралар қабылдайды, ал шоғырлану ТТШ-нен 20 % шоғырлануда сонымен қатар, ұйым басшылығына хабарлайды.
10. Газдануды тарату бойынша шаралар қабылдағаннан кейін ауа кеңістігінің қайталама талдауы талдау нәтижесін журналға енгізе отырып жүргізіледі.
11. Өндірістік үй-жайлар мен сыртқы қондырғыларда ауа кеңістігі ортасын бақылауды объект (бөлініс) жетекшісі, кәсіпорында газ құтқару қызметі болған кезде осы қызметтің жұмыскерлері ұйымдастырады.
Ұйымда бұл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуді ұйымның техникалық жетекшісі жүзеге асырады.
12. Стационарлы және жылжымалы газ анализаторлар мен сигнализаторлардың, дабылдама құралдарының үзіліссіз және дұрыс жұмысын қадағалауды БӨА қызметі аспаптың осы түрін дайындаушының пайдалану бойынша нұсқаулығында көзделген мерзімде бекітілген кесте бойынша жүзеге асырады.
13. Сигнализаторлар мен газ анализаторлар мемлекеттік тексерістен өтеді.
2 - тарау. Газ қауіпті ортада ауа кеңістігі ортасын бақылау.
Ауа кеңістігі ортасын бақылауды қадағалау
14. Газ қауіпті болып ауада кенет шекті рұқсат берілетіннен асатын шоғырланудағы зиянды және жарылыс қауіпті булар пайда болуы мүмкін орындар табылады.
15. Әр объектіде ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен ауа кеңістігі ортасын жылжымалы газ анализаторлармен кезеңді бақылау талап етілетін орындар тізімі жасалады. Бұл ретте күкірт сутегінің мұнай және мұнай газдарының (немесе басқа қышқылдардың) бөлінулері мен жинақталуының анағұрлым анық орындары есепке алынады. Бұл орындар өндірістің технологиялық ерекшеліктерін есепке алумен анықталады.
16. Стационарлы газ анализаторлардың (сигнализаторлардың) сынама жинау құрылғыларын орнату орындары жобалық құжаттамада көрсетіледі.
17. Ауа кеңістігін бақылау тәртібі ұйымның техникалық жетекшісінің өкімімен белгіленеді.
Жоспар-кестеге объекттің ауа кеңістігін бақылау керек орындар көрсетілген карта-жоспары қоса беріледі.
Жоспардағы әр орын санмен белгіленеді. Сынаманы алу орындары орнында да сол санмен белгіленеді.
18. Ауа кеңістігін бақылау керек орындар көрсетілген жоспар-кесте мен карта ауа кеңістігін бақылауды қауіпсіздік, газ құтқару қызметтерімен бірге жүзеге асыратын объекттің, зертхананың спецификалық ерекшеліктерін есепке алумен өңделеді.
Жоспар-кесте мен картаны ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.
19. Жоспар-кесте жылына кемінде бір рет қайта бекітіледі және объекттің өндірістік процессінің технологиялық жүйесі мен пайдалану тәртібі өзгерген жағдайда, технологиялық сипаттамасы бойынша жаңа жабдықты пайдалануға енгізгеннен кейін, жекелеген аппараттарды жөндеу кезінде кестенің өзгеруінде толықтырылады.
20. Ауа сынамасын алу уақыты мен мерзімі, талдама нәтижесі, аспаптар көрсеткіштері «Ауа кеңістігін бақылау журналына» енгізіледі. Журнал ауа кеңістігіне бақылау жүргізетін бақылаушы тұлғада болады.
21. Объект жетекшісі журналда қол қоюмен растай отырып, сынама талдауы нәтижелері мен автоматты газ анализаторлар көрсеткіштерін күн сайын тексереді.
Булар мен газдардың БРШ жүйелі артқан жағдайында объект жетекшісі шекті газдану нормасының артуын болдырмайтын шаралар қабылдайды.
1 - параграф. Үй-жайлардағы ауа кеңістігін бақылау
22. Үй-жайлардағы ауа сынамасын алу кезінде ауа ағындарының әсерін азайтатын жағдайлар жасалады.
Ауа сынамасын ағынды және сору желдеткішті келте құбырларынан басқа жақтан алу керек.
23. Үй-жайлардағы ауа сынамасын келесі орындарда алу керек:
сорғылық, компрессорлық және басқа өндірістік үй-жайларда – жұмыс аймағында булар мен газдардың (тығыздаулар, люктер) болуы мүмкін бөлінулерінің тыныс алу деңгейінде әр сорғы, компрессор немесе технологиялық аппаратура алдында. Ауаны үй-жайдың бірнеше (үштен кем емес) жерінде агрегаттар мен аппараттар алдында олардың жұмыс тәртібі мен техникалық жағдайын есепке алумен бақылауға жол беріледі;
булар мен газдардың бөліну көздері болмаған, бірақ олардың сырттан түсуі мүмкін кезде есіктер мен терезелер алдында;
қазандықтарда – жұмыс аймағында тыныс алу деңгейінде қазандықты жағу алдында;
қоймалық үй-жайларда оларда зиянды және жылдам тұтанатын заттарды сақтаған кезде - жұмыс аймағында тыныс алу деңгейінде бірнеше (үштен кем емес) орында бу мен газ бөлінулердің мүмкін көздерінде.
24. Өндірістік үй-жайларда ауа кеңістігін бақылау:
күкірт сутегі бар сұйықтар айдалатын орындарда әр сегіз сағат сайын;
толық жанбайтын өнімдер бөлінуі мүмкін орындарда (қазандықтар) кемінде әр үш күнде бір рет, ал түтін сорғыларда тарту жағдайы төмендеген шартта (қысқы мерзімде ауа температурасының кенет төмендегенінде) ауа кеңістігін шақыру бойынша қосымша бақылау қажет;
зиянды және жарылыс қауіпті булар мен газдардың бөліну көздері жоқ, бірақ булар мен газдардың бөлінуі мен құйылуы қауіптілігінен асатын шарттарда (ыстық күндер, тымық, инверсия және басқалар) олардың сырттан түсулері мүмкін орындарда ауысымына бір реттен жиі болмай;
кезеңді қызмет көрсетілетін орындарда - әр рет жұмыс басталар алдында;
қалған өндірістік үй-жайларда кемінде әр үш күннен жиі болмай жүргізіледі.
2 - параграф. Резервуарлы парктерде және басқа да сыртқы қондырғыларда ауа кеңістігін бақылау
25. Резервуарлы парктерде ауа кеңістігін жылжымалы газ анализаторлармен бақылау резервуардың әр каресінің ортасында, ал жобалық қуаттылықта жұмыс істейтін (немесе оларға жақында) немесе күкіртті мұнайы бар парктерде, сондай-ақ үйінді маңайында одан 5-10 м қашықтықта жел жағынан резервуарлардың діңдік желілерінде жүзеге асырылады.
26. Стационарлы сигнализаторлар мен газ анализаторлардың сынама алу құрылғылары сол орындарда орнатылады.
27. Сыртқы қондырғыларға қызмет көрсету алаңдарында (өлшеу қондырғылары, сепараторлар, траптар, электродегидраторлар, технологиялық аппараттар және басқалар) ауа кеңістігін жұмыс аймағында тыныс алу деңгейінде жел жағынан булар мен газдардың бөлінулер мүмкін технологиялық операция уақытында бақылу керек.
28. Құю эстакадалары болған кезде ауа кеңістігі күкіртті мұнайды құйған (қотарған) кезде бақыланады.
Ауа сынамасы эстакада ұзындығы бойынша бірнеше (үштен кем емес) жерде жел жақтан тыныс алу деңгейінде жұмыс алаңдарында газ бөлінулер болуы мүмкін (люктерді, цистерналарды, қабылдау және лақтыру ирек түтіктері бекітулерін ашқан кезде) операция уақытында алынады.
29. Ауа кеңістігін бақылау:
жобалық қуатта немесе оған жақын жұмыс істейтін резервуарлы парктерде ауысымына бір реттен жиі болмай;
жобалық қуатта немесе оған жақын жұмыс істейтін нақты өнімділігі жобалықтан төмен сыртқы қондырғыларға (өлшеу қондырғылары, сепараторлар, траптар, электродегидраторлар және басқалар) қызмет көрсету алаңдарында тәулігіне бір реттен жиі болмай;
нақты өнімділігі жобалықтан төмен резервуарлы парктерде және сыртқы қондырғыларға қызмет көрсету алаңдарда үш күнде бір реттен жиі болмай;
құю эстакадаларында мұнай құрамының өзгеруінің әрбір кезінде және аптасына бір реттен жиі болмай;
құдықтар (кәріздік, газдық, манифольдық) мен траншеяларда жұмыс басталар алдында, процессте және аяқталған соң әрбір кезде және аптасына бір реттен жиі болмай жүргізіледі.
Мұнайда күкірт сутегі болған кезде ауа кеңістігін бақылау кезеңділігі:
резервуарлы парктерде – ауысымына бір реттен кем емес;
сыртқы қондырғыларға (өлшеу қондырғылары, сепараторлар) қызмет көрсету алаңдарында – тәулігіне бір реттен кем емес.
30. Булар мен газдардың шашылуын нашарлататын метеорологиялық жағдайларда жел жылдамдығы 2 м/с дейін болған кезде ауа кеңістігін жобалық құжаттамада немесе оған жақын жұмыс істейтін объектілерде, күкіртті мұнайлы объектілерде әр екі сағаттан жиі болмай, құю эстакадасында тәулігінде бір реттен жиі болмай бақылау керек.
31. Технологиялық қондырғылар немесе жабдықтарға кезеңді қызмет көрсетілетін сыртқы қондырғыларда ауа кеңістігін әр кез жұмыс басталар алдында бақылау керек.
32. Сыртқы қондырғылар аумағында жел жылдамдығы мен бағытын анықтауға арналған құрылғылар орнатылады. Қажеттілігіне қарай жел жылдамдығы Анемометр аспабымен анықталады.
3 - параграф. Бұрғылау қондырғыларындағы ауа кеңістігін бақылау
33. Бұрғылау қондырғыларындағы ауа кеңістігін бақылау:
күкірт сутегі бар өнімділік қабаттарды ашу мен өткізу кезінде;
ұңғымада газ өтулер кезінде;
мұнай немесе жылдам тұтанатын сұйықтары бар ерітінділермен бұрғылау кезінде жүзеге асырылады.
34. Ауа кеңістігін бақылау бұрғылау жұмыс алаңында, ротор, дірілді елек үстелінде және қабылдау ыдыстарда, ал күкірт сутегінің пайда болу қаупі болған кезде - бұрғылау ерітіндісін айдайтын сорғыларда жүргізіледі. Ауа сынамасы жұмыс аймағында тыныс алу деңгейінен жиналып алынады.
35. Стационарлы сигнализаторлар өнімділік кеңістіктің қабатты қысымы гидростатикалықтан артық пайдалану ұңғымаларын алаңдарда бұрғылау кезінде орнатылады.
36. Күкірт сутегісі бар (қабатқа дейін 100 м кем болмай) қабатты ашу алдында ауа кеңістігі ортасын бақылау аспаптарының ақаусыздығы, жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) болуы мен дайындығы тексеріледі және адамдардың улануының (ұңғымадан газды сорып алу, әскерилендірілген бөлімдер мен отрядтар персоналының күзетін ұйымдастыру) алдын алатын шаралар қабылданады.
Ауа кеңістігін бақылау:
күкірт сутегісі бар өнімді қабаттарды ашу мен өтулері кезінде - әр бір сағаттан жиі болмай;
ұңғымаларды газ пайда болулар болған кезде - әр екі сағаттан жиі болмай;
мұнай және басқа да жылдам тұтанатын сұйықтары бар ерітінділермен бұрғылау кезінде – бұрғылау ерітіндісін әр өңдеуден кейін, булардың бөлінуі мен шашылуына себептесетін (жел жылдамдығы 2 м/с дейін) метеорологиялық жағдайларда - тәулігінде бір реттен жиі болмай бақылау жүргізіледі.
37. Күкірт сутегімен, мұнай және мұнайлық газдар буларымен газдану табылған кезде жұмыс жетекшісі (мастер, бұрғылаушы) дабыл белгісін береді.
38. Ауа кеңістігін бақылауға арналған жылжымалы аспаптар жеке ұяшықты шкафтарда, будкаларда сақталады.
4 - параграф. Ауа сынамасын төмен температура кезінде алу
39. Ауа кеңістігін термохимиялық және колористикалық принципке негізделген газ анализаторларды пайдаланумен бақылау, өлшеулерде үлкен ауытқушылықтарды болдырмау үшін қоршаған орта температурасы 263 ºК (-10 ºС) төмен болған кезде жүргізіледі.
40. Қоршаған орта температурасы 263 ºК төмен болған кезде сынаманы бақыланатын орындарда алу, ал оларды газ анализатор пайдаланумен немесе физика-химиялық әдістермен үй-жайда талдау керек.
41. Ауа сынамасы газды тамызғышқа немесе көлемі 500-700 мл шөлмекке немесе резеңке камераға алынады.
Бірі түбіне дейін жететін, ал екіншісі тығын басында бітетін қысқарақ екі шыны түтік қойылған шөлмектер резеңке тығынмен герметикалы жабылған. Екі түтіктің де сыртқы соңдары бұрышталып иілген, резеңке түтікпен жабылған, бұрандалы қысқышпен және шыны таяқшалармен жарақталған.
42. Ауа сынамасын газ тамызғыштарға немесе шөлмекке алу талданатын газдар мен булармен әсер етпейтін сұйықты одан құю жолымен, немесе алмасу тәсілімен – аспиратор немесе соратын сорғы пайдаланумен ол арқылы алты еселік ауа көлемін сорумен жүргізіледі.
Резеңке камераларға ауа сынамасы велосипед сорғысы немесе резеңке баллон көмегімен айдалады.
43. Ауа сынамасын сұйықты газ тамызғышқа немесе шөлмекке құю тәсілімен алу кезінде:
253 ºК (- 20 ºС) дейінгі температура кезінде – 100 мл суда 26 г хлорлы натрий бар ерітіндімен;
253 ºК төмен температура кезінде - 100 мл суда 43 г хлорлы натрий бар ерітіндімен толтырылады.
Газ тамызғыш пен шөлмекті сұйықпен толтыру аспиратор немесе сығатын ыдысты пайдаланумен жүргізіледі.
44. Ауа сынамасын алған сәттен бастап талдауға дейінгі уақыт объект үшін орнатылған ауа кеңістігін бақылау кезеңінен аспайды.
Резеңке камераларға алынған ауа сынамалары алынғаннан кейін бір сағаттан кешіктірмей талданады.
45. Резеңке камераларға алынған ауа сынамасын талдау кезінде желілі-колористі әдісті пайдаланумен камераға екінші жағы көлемі 300 мл газды бюреткемен жалғанатын, деңгейлегіш сауыты бар, ауа көлемін өлшеу және оның сорылу жылдамдығын реттеу үшін сумен толтырылған индикатор түтігі жалғанады.
Талданатын ауаны индикаторлы түтік арқылы сору уақытында газ анализаторға дайындаушы жасаған нұсқаулыққа сәйкес қабылданады.
46. Алынған ауа сынамасы бар газ тамызғыштар, шөлмек немесе камералар газ анализаторларды пайдаланумен талдау кезінде олар темератураны теңестіру үшін үй-жайда алдын ала 30 минуттай ұсталады.
3 - тарау. Газ қауіпті жұмыстар кезінде ауа кеңістігін бақылау
47. Газ қауіпті болып технологиялық жабдық пен коммуникацияны қайта герметизациялаумен байланысты жұмыстар, зиянды және жарылыс қауіпті заттар бөлуі мүмкін басқа да жұмыс түрлері табылады.
Газ қауіптіге аппарат, ыдыс, құдық, коллектор және соған сәйкес басқа жабдық ішіндегі жұмыстар жатады.
48. Газ қауіпті жұмыстар кезінде ауа кеңістігін бақылау объект жетекшілерінің немесе мердігер ұйымдардың жұмыстарды жүргізерден бір тәулік бұрын берілген жазбаша өтінімі негізінде жүргізіледі.
49. Газ қауіпті жұмыстарды орындау кезінде ауа кеңістігін, ауа сынамасын алу орнын және бақылау кезеңділігін бақылау тәртібін объект жетекшісі анықтайды және газ қауіпті немесе отты жұмыстарды орындау наряд-рұқсатында көрсетіледі.
50. Газ қауіпті жұмыстарды жүргізу орындарынан алынған ауа сынамасының нәтижесі газ қауіпті немесе отты жұмыстарды наряд-рұқсатына енгізіледі.
51. Ауа сынамасын алу және талдау жұмыстары зертханалармен немесе газ құтқару қызметінің әскерімен жүргізіледі.
52. Ауа кеңістігін бақылау газ қауіпті жұмыстарды дайындау мен орындауға жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі.
53. Ауа кеңістігі тікелей газ қауіпті жұмыстар басталар алдында бақыланады.
Жұмыста үзіліс болған кезде ауа талдамасын бу мен газдың тосын ағуы мүмкін орындарда қайтадан жүргізу керек. Ауа кеңістігі газ қауіпті жұмыстарды орындау уақытында бір сағат сайын бақыланады.
54. Ыдыстың, технологиялық аппараттар мен құбыр өткізгіштер сыртында отты жұмыстарды орындау кезінде олардың ішінде бу мен газдың шоғырлануы тұтанудың төменгі деңгейінің 5 % тең жарылыс қауіпті шоғырланудың барынша шекті рұқсат берілетінінен (бұдан әрі – ЖҚШШР) аспайды.
55. Отты жұмыстар кезінде ауа кеңістігі тікелей қауіпті аймақта булар мен газдардың шығу көздерін есепке алумен жұмыс жүргізілетін орындарда бақыланады.
56. Ыдыс, технологиялық аппараттар, құбыр өткізгіштер ішінде ауа кеңістігін бақылау оларды жөндеу жұмыстарына дайындағаннан кейін жүргізіледі.
57. Резервуар, ыдыс, технологиялық аппараттар, құбыр өткізгіштер ішінде ауа кеңістігін бақылау кезінде ауа сынамасы:
резервуарларда, ыдыстарда – түбінде олардың үстінде 0,3 м артық емес биіктікте, жұмыс ауданында, жоғарғы аймақта төменгі және жоғарғы люктер;
понтоны бар резервуарларда: төменгі бөлікте – понтон астында және жоғарғы бөлікте – понтон үстінде;
колонна типті аппараттарда аппараттың барлық биіктігі бойына люктерден немесе лақтырылатын ернемектік қосылыстардан;
құбыр өткізгіштерде – бөлшектелген ернемектік қосылыстар немесе бұрғыланған саңылаулардан алынады.
Резервуардан, ыдыстардан, сыртқы қондырғылар аппараттарынан ауа сынамасын алу кезінде люкті сынама алу түтігі үшін жарық қалдырып бір бұрандамен бекітілген қақпақпен жабу керек.
58. Ауа кеңістігін бақылау кезінде ауа сынамасы:
жұмыс аймағында тыныс алу деңгейінде – булар мен газдардың зиянды шоғырлануы;
үй-жайларда – жарылыс қауіпті заттардың;
0,7 м артық емес биіктікте бөлінген көз үстінде – ауа бойынша тығыздығы 1,0 - 0,5 кем емес жеңіл газдар бөлінген кезде;
0,7 м артық емес биіктікте көз үстінде немесе көзден төмен – ауа бойынша тығыздығы 1,0 - 0,5 кем емес газдар бөлінген кезде;
0,5 м артық емес биіктікте еден үстінде – ауа бойынша тығыздығы 1,5 артық булар мен газдар бөлінген кезде;
қызмет көрсету алаңы үстінде 0,5 м артық емес биіктікте – сыртқы қондырғыларда көмірсутек (мұнай) буларының жарылыс қауіпті шоғырланулары болуы мүмкін жағдайларда алынады.
59. Күкірт сутегі бөлінуі мүмкін жұмыстармен айналысушы бригадалар күкірт сутегі концентрациясын анықтау үшін жылжымалы аспаптармен қамтамасыз етіледі және онымен жұмыс істеуге үйретіледі.
60. Күкірт сутегі бөлінуі мүмкін жағдайлардағы бригаданың жұмысы кезінде ауа кеңістігін бақылау аспаптары жұмыс істеушілерде немесе жұмыс алаңында арнайы жабдықталған орындарда болады.
61. Қысқы уақытта аспаптарды ашық алаңдарда сақтау орындары жылы болуы үшін нығыздалады.
4-тарау. Ауа кеңістігін бақылау кезіндегі қауіпсіздік шаралары
62. Газ қауіпті орындарда және газ қауіпті жұмыстар кезінде ауа кеңістігін бақылау жұмыстарын газдан қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша нұсқаулықтан өткен және үйретілген, зиянды булар мен газдар әсерінен зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету ережелерін білетін, денсаулығына байланысты противогазбен жұмыс істеуге рұсқат берілген жұмыскерлер орындайды.
63. Ауа кеңістігін бақылаумен айналысушы тұлғалар, күкірт сутегі бөлінуі мүмкін жұмыстармен айналысушы бригаданың мүшелері жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі - ЖҚҚ) қамтамасыз етіледі, олардың құрылысын және пайдалануды біледі.
64. Ауа кеңістігн бақылау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде лаборанттың противогазы болады.
65. Күкірт сутегінің бөлінуі немесе жинақталуы мүмкін аса қауіпті орындарда (тарату пункттерінде, өлшеу құрылғыларында), процесс барысында атмосфераның ластануы мүмкін газ қауіпті жұмыстарда ауа сынамасын алу қадағалаушы қатысуымен және противогазда жүргізіледі.
66. Күкірт сутегінің тосын бөлінуі мүмкін кезеңді қызмет көрсетілетін өндірістік үй-жайларда ауа кеңістігін бақылау кезінде алдын ала желдеткіш іске қосылады. Желдеткеннен кейін (10-15 минут бойы) үй-жайға ауада күкірт сутегінің болуын анықтау үшін противогазбен және жылжымалы аспаппен кіруге рұқсат беріледі. Бақылаушы бұл уақытта үй-жайдан тыс және лаборантқа қажетті көмек көрсетуге дайын тұрады.
67. Сыртқы қондырғылар аумағында ауа кеңістігін бақылау қажеттілігі кезінде түнгі уақытта сынама алушы жұмыскердің өзімен бірге кернеуі 12 В артық болмайтын жарылыстан қорғалған қол шамы және қадағалаушы болады.
Стационарлы сигнализаторлар мен газ анализаторлар, дабылдамалы аппаратура, жылжымалы газ анализаторлар жарылыс қауіпті ортада жұмыс істеуге арналған.
Ауа кеңістігі ортасын бақылау үшін ұсынылатын жылжымалы газ анализаторлар тізімі
Аспап атауы, түрі, маркасы
|
Әрекет принципі
|
Анықталатын компоненттер
|
Ескерту
|
Умбебап
газ анализатор ӘГ-2
Газ анықтағыш ГХ-4
Жанатын газдар мен булар газ анализаторы
ЦГФ2МГ-ИГАУЧ
ЦГФ2МГ-ИЗГУЧ
Жарылыс қауіптілік индикаторы ИВИ-1
|
Индикаторлы түтікті желілі-калористі
Индикаторлы түтікті желілі-калористі
Термохимиялық
Термохимиялық
|
Мұнай көмірсутегі, аммиак, күкірт сутегі, көміртек тотығы және басқалар
Күкірт сутегі, көміртек тотығы және басқалар
Метан, пропан, этилен, метилді спирт, этилді спирт, бензин Б-70, Б-70 бензин мен этилденген бензин буы
Жанатын булар мен газдар және олардың көп компонентті қоспалары
|
Көп компонетті газды булы ауа қоспалардың болуы мүмкін орындарда пайдаланылады (резервуарлы парктерде, резервуар ішіндегі мұнай жинау пункттерінде және басқалар)
|
Булар мен газдардың физика-химиялық қасиеттері
Заттар атауы
|
Формула
|
Малеку-
лярлық салмақ
|
Тығыздық
кг/м³
|
Ауа тығыздығы
|
Тұтану шегі
|
|
|
|
|
|
Көлемі бойынша (%)
|
Салмағы бойынша мг/м³
|
БРШ мг/м³
|
Қауіптілік сыныбы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
Метан
Этан
Пропан
Бутан
Пентан
Гексан
Гентан
Изобутан
Изопентан
Бензол
Аммиак
Этилен
Метилді спирт
Этилді
спирт
Пропилді спирт
Күкіртті көміртек
Ацетон
Толуол
Ксилод
Күкіртті сутек
Қышқыл тотығы.
Дихлоротан
Сутегі
Мұнай
(180 ºС дейін қайнайтын фракция)
Трактор керосині
Авиациялық бензин
Күкіртті ангидрид
Күкіртті ангидрид
|
СН4
С2 Н6
С3 Н6
С4 Н10
С5 Н12
С6 Н14
С7 Н16
С4 Н10
С5 Н12
С6 Н6
NH3
C2 H4
CH3 OH
C2 H5 OH
C3 H7 OH
CS2
С3 Н60
С6Н5СН3
С6Н4(СН5)2
Н2S
СО
C2 H4
H2
-
-
SО2
SО3
|
16.04
30.07
44.09
58.12
72.15
86.18
100.21
58.12
72.15
78.11
17.03
28.05
32.04
46.07
60.10
76.14
58.08
92.14
106.16
34.08
28.01
98.96
2.02
110.0
170.0
100.0
64.00
88.06
|
0,72
1,36
2,02
2,67
626,17
659,35
683,74
2,67
619,67
879,00
0,77
1,26
795,00
789,30
804,40
1263,00
790,82
366,90
855,00
1,54
1,25
1253,00
0,02
760,0
623,00
735,00
2,93
1922,00
|
0,55
1,05
1,56
2,0
2,50
3,00
3,50
2,00
2,50
2,77
0,60
0,97
1,11
1,60
2,10
2,60
2,0
3,20
3,66
1,19
0,87
3,16
0,072
3,50
4,2
3,27
2,26
2,77
|
5,0
2,9
2,1
1,8
1,4
1,2
1,4
1,8
1,3
1,4
16,0
3,0
6,0
3,3
2,1
1,0
2,2
1,3
1,2
4,3
12,5
6,2
4,1
1,26
1,4
0,79
-
-
|
15,7
15,0
9,5
9,1
7,8
7,5
45,0
38,0
28,0
8,11
28,0
32,0
34,7
19,0
13,6
50,0
13,0
6,7
6,2
46,0
156,0
16,0
74,0
6,5
7,5
5,16
-
-
|
33000
26000
33000
43000
41000
42000
6700
6400
7600
45000
110000
34000
92000
68400
51700
80000
52000
49000
53000
60000
74000
252000
3700
56700
69200
32200
-
-
|
100000
185000
170000
220000
230000
270000
280000
176000
222000
230000
200000
370000
470000
361000
330000
156000
310000
253000
274000
640000
925000
640000
66000
293000
370000
216000
-
-
|
300
300
300
300
300
300
300
300
300
5
20
-
5
2000
10
10
200
50
50
10
20
10
-
300
300
100
10
1
|
4
4
4
4
4
4
4
4
4
2
4
-
3
4
3
2
4
3
3
2
4
2
-
4
4
4
3
2
|
Объектінің газ қауіпті орындарында ауа кеңістігі ортасын бақылаудың
ЖОСПАР КЕСТЕСІ
БЕКІТІЛГЕН:
Техникалық жетекші
_______________ қолы
Құрылымдық бөліністер бойынша газ қауіпті орындардың тізімі
|
Бөлінулердің мүмкін көздері (резервуар, аппарат, агрегат, бекіту реттегіш арматура және басқалар)
|
№ позиция
|
Сынама алу нүктесі (көзден көлденең және тікке дейінгі қашықтық)
|
Сынама алу нүктелерінің саны
|
Бақыланатын булар, газдар және шаң
|
Сынама аспаптары немесе әдістері
|
Бақылау кезеңділіг
|
|
|
|
|
|
|
|
Әдеттегі жағдайда
|
Барынша қауіпті шарттарда (штиль, инверсия, жоғары температуры, технол. параметрлердің күрт артуы және басқалар)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
АУА КЕҢІСТІГІН БАҚЫЛАУ ЖУРНАЛЫ
Сынама алу уақыты мен мерзімі
|
Аспап нөміріне сынама алу тәсілі
|
Улы және жарылыс қауіпті булардың, газдар мен шаңның атауы
|
Санитарлы рұқсат берілетін норма мг/м³ немесе тұтану шамасы
(төменгі)
|
Ауа кеңістігін бақылау нәтижесі
|
Талдама жүргізген лаборант қолы
|
Ауа кеңістігінің ластану себебі
|
Ауа кеңістігінің ластануын тарату бойынша қабылданған шаралар (бақылаушы тұлға жазады)
|
Объект жетекшісінің қолы
|
Ескерту
|
Аспап көрсеткіші
|
Аналитикалық бақылау мг/м³ немесе көлемді %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
АУАДА КҮКІРТ СУТЕГІНІҢ БОЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖУРНАЛЫ
Талдама №
|
Сынама алу уақыты мен мерзімі
|
Сынама алу орны (ұңғыма №)
|
Күкірт сутегі мөлшері
мг/м³
|
Талдама жүргізуші
|
Газданудың арту себептері
|
Артық газдану себептерін түзету бойынша шаралар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
___________________________
Достарыңызбен бөлісу: |