Ауа-райы қалып-күйінІҢ лексикографиялық деректердегі көрінісі С. Б. Бектемирова



Дата24.06.2016
өлшемі127.75 Kb.
#156563
ауа-райы қалып-күйінІҢ

лексикографиялық дерекТЕРДЕГІ көрінісі
С.Б. Бектемирова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы
Аннотация: В статье анализируется используя сравнительно-историческом методам имен состояние погоды при помощью словарей тюркских языков.
Summery: In article it is analyzed using comparative-historical to methods of names a weather condition at the help of dictionaries of Turkic languages.
Адамзат мәдениетінің дамуында әртүрлі сөздіктер жасалған. Олар әртүрлі мақсатты көздеген, алуан түрлі жүйе мен құрылымда түзілген. Сөздікте тілдік таңбалар арқылы бейнеленген халық дәстүрі таңбаланған. Сөздік арқылы халықтық үлгілер хатқа түсіп, халықтық білім мен біліктің шежіресіндей рөл атқарған.

Түркі тілдерінің тарихын зерттеудің аса маңызды көздері – Орхон-Енисей, көне ұйғыр жазба ескерткіштері, ортағасырлық араб, парсы, түркі ғалымдарының еңбектері және ХҮІІІ ғасырдан бергі Батыс Еуропа мен орыс ғалымдары зерттеулері. ХІХ ғасырға дейінгі ғылыми еңбектерде түркі тілдері даралана зерттелуден гөрі жалпы түркі тілдерімен немесе оның жеке топтарымен (оғыз, қыпшақ, қарлұқ т.б.) практикалық түрде танысу негізінде оларға тән заңдылықтарды анықтау, салыстырмалы сөздіктер жасау, шағын грамматикалық очерктер жазу дәрежесінде болғаны белгілі.

Сондай сөздердің қатарын жатқызамыз. Көне түркі тілінде ауа-райы сөзінің беретін мағынасы «күн» – kun сөзімен мәндес болған. Көне түркілер күнге қарап, оның ауа-райын өзгертетін және сақтап қалатын жалғыз себепші фактор ретінде қараған. Олардың түсінігі бойынша, күн – ауа-райын анықтаушы. Мұны мынадай мысалдардан көруге болады: қаз. bügün kün žaqsy, як. bügün üčügej kün «сөзбе сөз аудармасы: бүгін күн жақсы»; тат. jaŋүyrly kön «сөзбе сөз аудармасы: жаңбырлы күн»; қаз. keše kün žaman boldu «кеше күн жаман болды»; kün žamanda qajda barasyŋ? «жаман күнде қайда барасың?». Осындай мысалдарда kun сөзі «күн» мағынасында емес, заманауи түсінікке сай ауа-райын білдіреді.

Басқа да ауа-райының құбылыстары сияқты бұл сөз де көпмағыналы және ауа-райына байланысты басқа мәнге де ие бола алады: kün ašyq «күн ашық»; kün bulut «күн бұлтты». Кün ауа-райының жауын-шашынын да білдіреді: erteŋ kün žawadu – «ертең күн жауады». Синонимдері: kün batty ~keš batty «кеш батты». Бірақ барлық түркі тілдерінде kun сөзі ауа-райы мағынасында сақталған. Көптеген исламдандырылған тілдерде ауа-райы сөзінің мағынасы орыстың «ауа-райы» сөзінің әсерінен, арабтың hava деген сөзімен алмастырылады.



Ашық күн тіркесі ататүркі тілінде қысқы және жазғы ашық күнге байланысты өзіндік мәнге ие болған. Қыста да, жазда да күннің ашық болуы адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне экстремалды жағдай туғызды. Осындай ауа-райында, қыс болсын, жаз болсын олар қалың, қабатталған киім, теріден бас киім киген.

1. Қысқы ашық күн – суық, күйдіретін (жгучая). Бұл жалпытүркілік ajaz, ajar сөзімен түсіндіріледі.

Қрх. – ұйғ. ajas; орт.-қыпш. [10, 27]; түр., әзір. аjaz; қарайым.тілд.қырым.диал.. ajas; құм., тат., башқ., қаз., қырғ. аjaz; алт.диал. ajyz; өзб., ұйғ. аjaz; сары ұйғ., хак., тув. аjas; чув. ujar [3, 111].

«Ашық күн» тіркесінің көне түркілер мен қазіргі тілдік қолданыстағы жалпы мағынасы бір мәндес: қрх.-ұйғ. [7, 54], көне.-қыпш., құм., алт.диал. (шелек), ұйғ., сары ұйғ., тув., чув. Сонымен бірге, көптеген түркі тілдерінде бұл тіркестің «қысқы ашық күн» деген мағынасы бар: қрх.-ұйғ.; түр., әзір., құм [10, 54].

Байқағанымыздай, бірінші мағынасы «ашық, бұлтсыз», ол көне.-қыпш., қарайым.тілд.қырым.диал., құм., тат., қаз., башқ., алт., хак., тув. тілдерінде кездеседі. Кей тілдерде беретін мағынасы: өзб. – «ашық және аязды»; қрх.-ұйғ. – «таза, ашық – аспан туралы»; әзір. – «ашық, бұлтсыз, таза – қысқы аспан туралы. Қазақ тіліндегі оның негізгі мағынасы – «аяз» [10, 27]. Ескерте кететін бір жай, бұл сөздің барлық мағыналары сөздікте толық тіркелмеген.

Э.В. Севортянның [19, 102-103] пікірінше, ajazaz аффиксі мен aĵ~aĵ->aj~aj түбірінен құралған сөз, оның үш ұқсастығын бөліп көрсетуге болады: қырғ. = қаз. ajyq – «ашық болу, ашылу» [15, 218], қырғ. = қаз., қырғ. аiyq - «ашылады (ауа-райы туралы) [10, 10], ққалп. ajyq «ашылған» (ауа-райы туралы). Башқ.диал. ajat – «ашылады» (ауа-райы туралы) [5, 20], тат. диал.ajəq «ашық» [26, 19] сөздерін де осыған жатқызуға болады.

Қысқы ашық күннің басқа атауы – аяз, ол тат. диал. qaүyran «қыстағы ашық күн»; «жалғасқан ашық күн» [24, 13], оны тобыл тат. qaүyraŋ «қыстағы шелек» [15, 74] сөзімен салыстыруға болады.

2. Жазғы ашық күн – ыстық көне түркілер үшін ыстық көмір сияқты көрінетін. Бұл сөзді түсіндіретін сөз генетикалық тұрғыдан čōγ сөзінен шыққан, алғашында – «ыстық көмір», кейіннен – «ыстық, қапырық»: көне осм. čoγak [26, 931]; тат. диал. čuwaq [8, 490], башқ. säwak, ноғ., ққалп., қаз. šuwaq; қырғ. čubaq; оңт.қырғ. čüwök; қаз., шор. šōq [15, 1023]; аталған сөз ашық, ыстық ауа-райына байланысты бірнеше мағынаға ие: «күннің нұры», «алау»; «ыстық», «күншуақ»; «жарық», «жарқыраған»; «күнді»; «ашық», «бұлтсыз», «күйдірген».

Жазғы ыстық ауа-райы шөлдің де себепшісі болған, сол себепті «ашық, шуақты күн» мағынасы кей өлкелерде, әсіресе, сібір-алтай аймағында «қуаңшылық» сөзімен көршілес; тув. qāŋ «жайма-шуақ, ашық күн, ашық; қапырық», тоф. qāŋ «ашық, күздегі күншуақты күн» ←орт.-монғ. [16, 103]; алт. qāŋ «қуаңшылық» ← монғ. [16, 32]. Г. Рамстедт салыстыруынша қалм. qāŋ «қатты ыстық» < ? қыт. урян. (=тув.) qāŋ «бұлтсыз» [18, 232а]. Қытай деректерінде γang «қуаңшылық»; мал жемінің жетіспеушілігі [13, 348а]. Алт., тув., тоф. тілдеріндегі qāŋ сөзін түр. qaγan «қуаңшылық» сөзінен әрең ажыратуға болады, qaγan qaq «құрғақ» сөзінен qan сөзіне айналған), қаз. quwaŋ «құрғатылған, күйіп кеткен», башқ.диал. qawan «құрғатылған» [5, 140], qәwan – ол да [14, 158], қазан. qywan «ыстық, қапырық» [15, 1040], тат.диал. qŏwan «қапырық» [24, 130]. Qaγan сөзінің құрамындағы qāŋ (γ әсерінен n > ŋ айналуын), монғ. γаn түркизмін көруге болады.

Жылы, жылы болу 1. jyly – көне түркілермен қатар қазіргі тілімізде де тура осылай қолданылады: қрх.-ұйғ. jyly-; орта.-ұйғ. jyly-; орт.-оғыз. jyly-[10, 266]; шағ. jyly -; көне.-осм yly- [26, 247]; түр. yly-, түр.диал. yly-, ili- [22, 2525], түркім. jyla-, кұм. jyly-, тат.диал. jälä- [24, 90], башқ.jälä-, ққалп., қаз. žyly-; қырғ. зyly-, алт. d`yly-, jyly- [5, 483]; өзб. jili-, ұйғ. ili-; хак. čyly-; шор. čyly- [15, 2086], чұл. jyly-[15, 483]; тув. čyly-; як. sylyj-[19, 275-277];.

Негізгі мағынасы «жасалуы/болуы/жылы болу»; осымен байланысты мағыналар: «жылу», «жылыту», «жылытылу», жылыну; кей тілдерде бұл сөз ауыспалы мәнге ие болған: «жылыну», «жылытылу». [19, 27].

2. jylyγ Jylyγ, jіlіq, jyly, yly формасындағы «жылы» сөзі көптеген қазіргі және түркі тілдерінің жазба деректерінде кездеседі [19]. Jylyγ, jіlіq сөздері jylу- етістігі мен –yq аффиксінен жасалған болуы да мүмкін.

Ыстық, ыссы 1. уsуу көне.-ұйғ. isiγ; крх.-ұйғ. isiγ [10, 213]; орта.-ұйғ. ysyγ; орт.-қыпш. yssy,. isi, yssyγ; [10, 220], арм.-қыпш.ескерт. issi, isi; орта.-оғыз. Issi [23, 293]; хрзм.-т. issi [11, 428]. isi; шағ. issi, isti [25, 428], ysyγ [6, 121]; көне.-осм. yssy [26, 270]; түр. yssy, уsу. түр.диал. issi. [22, 2559], isti [22, 2560], isdi [22, 2554], әзір. isti, хал. hissį [9, 133], түрк. yssy, сал. ysy [12, 182]; қарайым.тілд.қырым.диал. issi. қарайым.трақ.тілд.қырым.диал. is'si қбалқ., құм. issi, тат, ässä, тат.диал. isü [24, 61], assü [24, 50], башқ. äӨä, ноғ, issi, ққалп., қаз. .yssy; қырғ. ysy, ysyq, алт. izü, алт.диал. üzǖ [15, 894]; өзб. issiq өзб.диал. уssy [1, 49], ұйғ. issiq ұйғ.диал. уssyq, yssуγ, issyq: сары ұйғ. issyγ, хак. ĭzĭγ. шор. iziγ [15, 1540], тув. iziγ. тоф. iһѕiγ, як. itī; чув. ăšă [19, 27].

Сөз бірнеше әртүрлі мағынаға ие, солардың ішіндегі негізгісі – «ыстық, қайнаған ыстық». Басқа мағыналары: «қапырық, жылы»; «жылы ауа-райы»; «ыстық, қапырық», «тыншу» [19, 668], [4, 19].



Ysyγ «ыстық бола бастау, жылыну» деген ysy- етістігінен жасалған. [19, 671].

2. qujāš. Қазіргі түркі тілдеріндегі бастапқы мағынасы – күн.

Көне.-ұйг. qujaš; қрх.-ұйғ. qujaš; орта.-қыпш. qujaš[10, 464]; хрзм.-т. qujaš [25, 642]; шағ. qujaš [6, 218]; түр.диал. gujaš [22, 2203], köveš [23, 2983], түрк.диал. qujāš [20, 117], qujaš (сонда), қарайым.тілд.қырым.диал. qujaš, қарайым.тілд.трақай.диал. kujaš, қарайым.тілд.гал.диал. kujas, қбалқ. qujaš, тат., башқ. qŏjaš, ноғ. qyjas; өзб. quja°s, ұйғ.диал. qojaš; шор. qujaš, як. qaĵās: чув, xēvel, [20, 679a], [4, 301b].

Оның басқа мағыналары: «күннің шапағы, күннің сәулесі, күн шапағаты»; «ыстық, қапырық»; «күншуақ» [19].

Алғашында аталмыш сөз küj-/quj – «жану» етістігінен жасалған «бір нәрсенің жанып жатуы» деген мағынаны білдіреді. Сол себепті де, Дж. Клосон оның алғашқы мағынасын «күйдірген күннің шапағы», кейін – «күн» деп есептейтіндігін [20, 679а] дұрысқа шығарады. Сонымен қатар, küneš бөлімінде аспан құбылыстарын байланысты айтылған жерді қараңыз [21, 20].

Жоғарыда талданған сөзге қатысты басқа да сөздер әртүрлі түркі тілдерінде де пайда болған [21, 21]



Салқын Көне түркілерде «салқындық, салқын» сөзінің беретін мағынасы салқындық әкелетін желдің соғуымен байланысты болған.

1. salqyn. Бұл сөз көне түркі тілдерінде де, қазіргі тілдерде де алуан түрлі фонетикалық варианттарымен ерекшеленеді.

шағ. salqin, түр.диал. salkyn; түрк. salqyn; балқ. salqyn, құм. salqyn, тат, salqän, башқ. halqän, ққалп., қаз. salqyn; қырғ. salqyn; алт.диал. salγyn [4, 146]; өзб., ұйғ. salqin, Лобн. salqyn; чув. sulχǎn. –т деп аяқталатын варианты: көне.ұйғ. salqym [10, 483]; қарайым.тілд.қырым.диал. salqym, тат.диал. salγym, ноғ. Salqym [24, 187].

Л.С. Левитская -тат., башқ. тілдері негізінде сөз семантикасының даму жолы ретінде: «ыстық күндегі салқын жел' > 'салқын/салқындық' > 'суық/суықтық» сөзінің «жел, салқын жел, салқын, салқындық, көлеңкедегі салқын жер, көлеңке, суық» сөздерінен бастап «суық, аязға» дейінгі мағынаға ие бола алатындығын көрсетеді. Қазақ тіліндегі sal сөзі kerim sal сөз тіркесінде «жазғы қапырық жел» деген мағынаны білдіреді. Сөйтіп, бұл сөзде де экстремальды аяздың мағынасы көрініс табады (орт.ajaz) [21, 16].

2. Келесі атауды да түркологтар алдыңғысы сияқты монғолизмге телиді, ол түркі тілдерінің барлық ареалдарына таралған. Орта.қыпш. serövün; шығ.түрк. sirin, sirün; түр., гаг. serin; әзір. särin; түрк. serin, sergin; қбалқ. seriwün. тат.диал. särän [8, 386], башқ.диал. Өüräп [5, 235]; қырғ., алт. serǖn; ұйғ. sürün; ұйғ.диал, sürün; хақ. sörön, хақ.сағ. siren; шор. seron, тув., тоф. serin; як. serin, sörün [19].

Жоғарыдағы сөздер әртүрлі түркі тілдерінде көпмағыналы, заттық, атрибуттық мәнге ие: «салқын, өлшемді температурасы бар, таза, дамылдататын, суық, салқын; тазалық (ауаға байланысты), салқын жер; ыстықтан соң салқындап кету».



Суық, аяз 1. tuт. Көне атаулардың бірі, ол көне ескерткіштерде жиі кездеседі. Оның басты мағынасы барлық ескерткіштерде – «суық» деп беріледі.

Қрх.ұйғ. tom [10, 574], tum [10, 585]; орта.ұйғ. tum (tumlu, tumluγ «суық» құрамында) [6, 311]; орта.қыпш. tum; көне.осм. tum, -tumlu суық (ауа-райы туралы) құрамында); суық күндегі жауын-шашын') [26, 3854],; як. tym (tymny «суық» құрамында), түр.диал. tum «шық», қаз. toŋ 'қатқан мұз', dymqyl «ылғалды», орта.ұйғ. toŋ «суық, аяз» [10, 575]; түр. don «аяз, суық», әзір. don «аяз»; toŋ мағынасы «қатушы»; башқ.диал. qara tuŋ «күзгі суықтар» [5, 135]. Э.В.Севортян [19, 267], tom/tum с doŋ «мұздаушы» гомогендікті жіберген және to, етістік түбірінің мағынасын көрсете отырып, оны қалпына келтірген.

2. sоγyq. Көне ескерткіштерде де, қазіргі тілдерде де кеңінен таралған мағынасы жалпытүркілік негізге ие.

Көне.ұйғ. sоγyq заттық мағынамен қатар, көне атауларға тән адъекватты мәнге де ие: «суық, аяз» және «суық, аязды», «салқын» [10, 507].

Сөз этимологиясының (шығу төркіні) өте қарапайым, ол soγy- «салқындау» етістігі мен атаутүрлендіруші -q аффиксінің бірігуінен жасалған.

Ģara «қара» сөзінің тіркесімен байланысы көптеген тілдерде күздегі, қыс пен көктемдегі қарсыз аязды білдіреді: қаз., құм. qara suwuq, башқ.диал. qara häwäq деген мәнге ие. Орт. қаз. qara zer «қар баспаған жер» [14, 94].

3. ajaz, aja r– «Ашық ауа-райы». Аяз бен суық сөзі әр алуан келесі анықтауыш сөздердің құрамында айтылады: қырғ. temir ajaz «қар түскен күннің алғашқы түніндегі шықырлаған аяз», müjüz ajaz «онша суық емес аяз», kijiz ajaz «әлсіз аяз».



Мұздаған, қатып қалған; мұздау, үсу Бұл түсініктемелерді белгілеу үшін ертедегі түркілер көне атаулы-етістікті-синкретикалық негізді қолданған.

toη «мұздаған», toη «қатып қалу»

Зат есім атауы toη : қрх.түрік. toη [10, 356]; гаг. don; түр. doη; тат., башқ. tuη; ққалп., қырғ., алт. toη, өзб., ұйғ. η, хақ. toη, тув. doη ,як. toη [19, 265].

Етістік toη-: көне.ұйғ. toη - [10, 575], қрх.ұйғ. toη-; орт.қыпш. toη-, ton-, орт.ұйғ. toη- [7, 124]; хрзм.т. ton- [25, 401], toη -, шағ, toη -көне осм. ton-, түр. don-, түр.диал. doη [10, 279]. гаг, әзір. dоn-, түрк. doŋ-; қарайым.тілд.қырым.диал. ton-; тат., башқ. toη -, ноғ., ққалп., қаз. toη -; қырғ., алт. toη -; өзб. toη -, ұйғ., Лобн. toη -; сарыұйғ. toη -, ton-; хақ. toη -, шор. диал. toγ-, тув., тоф. дoη -, як. toη - [19, 266].

Көптеген тілде субстантивті-атрибуттық мағынасы қолданылады: «мұздаған», «үсіген»; кей тілдерде басқа мағынаны береді: «мұздатылған», «тоңған», «қатып қалған», «суықтан мұздай», «тоң» және т.б. Сөздің етістіктік мағынасы әртүрлілігімен ерекшеленбейді, барлық дереккөздерде беретін мағынасы «қатып қалу», «үсу».

Кері мағынадағы көрінісін Э.В.Севортян [10, 266-267] toη~ toη тув. dos «мұз» және оның «мұздап қату» мағынасындағы сәйкестілікте олардың гомогенді екендігін және to-етістігінен шыққандығын дәлелдейді. Фин-угор мен тұңғыс-манчжурлық сәйкестіктер мен ұқсастықтарына, toη-ның имитативті пайда болуына байланысты болжамдар келтіріледі [21, 17].

Түркі тілдеріндегі toη~ toη түбір негіздерінен синтетикалық және аналитикалық түсініктер кең таралымға ие болды. Олардың барлығы «мұздаған»,»қатып қалған»,»сықырлаған аяз», «тоңған»,»күзгі үсік»,»қатып қалған жер»,»таңертеңгі салқындық»,»көктемгі қабыршық мұз», «күзде қар түскенге дейінгі жердің қату мерзімі», «үсік», «қардың беткейі» және т.б. мағыналармен байланысты.



Мұз Ежелгі түркілер мұздың жалпы атауы ретінде де, оның бір бөлігі ретінде де бір ғана сөз «мұз кесегін» қолданған. Көне және қазіргі тілдерге тән ең көп таралған сөз.

1.būz,тūz Қрх.ұйғ. bиz; орт.ұйғ. muz, bиz [10, 130]; орт.қыпш, buz, орт.оғыз. buz; хрзм.т. buz [25, 271]; шағ. buz, muz [6, 240]. көне.осм, buz [26, 734- 735], buz иr- құрамында «мұзда сырғанау»); түр., гаг., әзір. buz, түрк. būz, сал. тuz; қырымтат., қар., құм. bиz, тат.bǒz,тат.диал. mǒs [2, 153], башқ. δ, башқ.диал. mǒδ [10, 39], ққалп., қаз., қырғ. muz: алт. mus, алт.диал. bus 4, pus [21, 144]; өзб., ұйғ., Лобн. muz, сарыұйғ. рγг. хақ. pus, як. būs, mūs; чув. рǎr [19, 238].

«Мұз», «мұздық» сөздерімен қатар бұл сөздің кей тілдерде «бұршақ» мағынасы туындаған.



būz-тың ататүркілік дұрыстығы мен оның көне диалектілік модификациясын тйг-тың көне түркілік қалпына келу ұзақтығын толығырақ Э.В.Севортян еңбегінен [19, 239], [21, 18].

Түркілерде būz~тйz-тің лексикалық-семантикалық ұқсастықтарын Э.В.Севортян (сонда қар.) маңғ. mösün салыстырып қарастырады.



2. toη «мұз» дегенді білдіретін көпмағыналы сөз, қара. «ҮСІГЕН». Әзір. don; өзб.диал. doη «мұз», әзір., өзб.диал, «тайғақ, көк тайғақ».

Көк тайғақ Көк тайғақ атауы түркі тілдерінде қосымша мағынада қолданыс тапқан, әрі әртүрлі түркі тілдерінде түрлі негізден құралған. Көбінесе «мұздау», «тоңу» мағыналарындағы сөздерден жасалған.

Анжыр Бұл құбылыс түркі тілдерінің барлығында белгілі бір мағынаны бермейді. Бұл бірлік әртүрлі түркі тілдерінде өз бетімен кейіннен пайда болған сияқты. Тек қарахан ұйғырларының тіліненде қар сөзінен шыққандығын көреміз.

Қрх.ұйғ. qardu «қиыршық, ұсақталған мұз» [10, 426].



Ауа райының қалып-күйіне байланысты тілдік бірліктер лексикографиялық деректерде мол кездеседі, олардың біразына ғана талдау жасалынды. Бұл атаулар сол кездегі халықтың дүниетанымынан, әлемді тіл арқылы тану бейнесінен мол ақпарат бере алады. Атмосфералық құбылыс атауларынтүркі тілдерінің лексикографиялық деректері негізінде этномәдени табиғатын айқындау, семантикалық сипатын саралау арқылы ататілді реконструкциялау –салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі.
Әдебиеттер

  1. Абдуллаев Ф.А. Ўзбек тилининг Хоразм шевалари. Тошкент, 1961.

  2. Аразкулыев С., Атаниязов С., Бердиев Р., Сапарова. Түркмен дилиниң гыскача диалектологик сөзлүги. Ашхабат. 1977.

  3. Баскаков Н.А. Диалект лебединских татар-чалканцев (Куу-кижи): Грамматический очерк и словарь. М., 1966.

  4. Баскаков Н.А. Диалект черневых татар (Туба-кижи): Грамматический очерк и словарь. М., 1966.

  5. Башкорт һөйләштәренең һүзлеге. Уфа, 1967. Т. І; Уфа, 1970. Т. ІІ.

  6. Боровков А.К. «Бадā΄и ́ал-луѓат»: Словарь Тāли ́Ймāри Гератского к Алишера Навои. М., 1961.

  7. Divanü Lûgat–It-Türk Dizini. – Ankara, 1972.

  8. Диалектологический словарь татарского языка. – Казань, 1969.

  9. Doerfer G., Tezcan C. Wörterbuch des Chaladsch: (Dialekt von Charrab). – Budapest, 1980.

  10. Древнетюркский словарь. – Л., 1969.

  11. Zajączkowski A. Najstarsza wersja turecka Husräv u Šīrīn Qutba. – Warszawa, 1961. T.III: Slownik.

  12. Kakuk S. Sur la phonẻtique de la langue salar // AO – (Budapest). 1962. T. XV, fasc. 1-3.

  13. Lessing F.D. Mongolian-English dictionary. – Berkeley; Los Angeles, 1960.

  14. Миржанова С.Ф. Южный диалект башкирского языка. – М., 1979.

  15. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий: В 4 т. СПб., 1899-1911.

  16. Рассадин В.И. Монголо-бурятские заимствования в сибирских тюркских языках. – М., 1980.

  17. Рассадин В.И. Фонетика и лексика тофаларского языка. – Улан-Уде, 1971.

  18. Räsänen M. Versuch eines etumologisches Wörterbuchs der Türksprachen. – Helsinki, 1969.

  19. Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М., 1974-2003. Т.І-VII.

  20. Clauson G. An Etymological Dictionary of Pre-Thirteenth-Century Turkish. – Oxford, 1972.

  21. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков: Лексика. – М., 1997.

  22. Türkiye΄de halk agzindan derleme sözlüģü. – Ankara, 1963–1982. I-XII.

  23. Tryjarski E. Towards a better knowledge of Turkic military Terminology // Altaistic Studies. Papers… 25th Meeting of the PIAC at Uppsala June 7-11. 1982. – Stocholm (Sweden). P. 173-185.

  24. Тумашева Д.Г. Словарь диалектов сибирских татар. – Казань, 1992.

  25. Фазылов Э. Староузбекский язык. Хорезмийские памятники ХІV в. – Ташкент. 1966-1971. Т. І, ІІ.

  26. XIII yüzyildan beri Türkiye Türkçesiyle yazilmiş kitaplardan toplanan taniklariyle tarama sözlügü. – Ankara, 1963-1969. I-IV.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет