Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы» тұрғындар алдындағы есеп беру баяндамасы



Дата25.02.2016
өлшемі170.25 Kb.
#22187


Аудан әкімі А.Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы» тұрғындар алдындағы есеп беру баяндамасы

Биылғы жыл біздің еліміз үшін табысты да берекелі жыл болды. Егемен ел тарихында ерекше есте қалатын оқиғалармен айшықталды.Халықаралық ЕКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу туралы тарихи шешім қабылданды. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жария етті.

Ауданымызда атқарылған шаруаларды талқыға салып, халық алдында бағамызды алып, алға қойған жоспарларымызды өздеріңізбен ақылдасып келеміз.

2012 жылдың басында аудан әкімінің халықпен өткізген есептік кездесуі қорытындысы негізінде тұрғындардан түскен ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қойылған 15 сұрақтың бүгінгі күнге 14 шешіліп,1 орындалу үстінде - Ақсу ауылындағы клубқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленуде.

Аудан тұрғындары жыл бойы бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандырылды. Автокөлік жолдарына, әлеуметтік сала нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, елдімекендер арасындағы автобус қатынасын ұйымдастыру, мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы туралы барлық ескертулер мен ұсыныстар жүзеге асырылды.

Елбасының жаңа Жолдауы жеті негізгі қағидадан тұратын Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жалғасы болып табылады және әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру міндетін айқындайды.

Президент қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін біздің ауданда барлық мүмкіншіліктер бар, оған былтырғы жылдың қорытындылары дәлел бола алады.



Ауыл шаруашылығы

Ауданның агроөнеркәсіптік кешен екі негізгі бағыттар бойынша: егін және мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Мал шаруашылығы негізгі сала, бұл саланың өнімі 64,4 пайызды құрайды.



Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 102,9 % өсіп, 13157,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылы мал шаруашылығы өнімі, оның ішінде сүт, ет, құс өнімдерінің өсімі байқалды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты табиғи және көпжылдық шөптің өнімділігінің төмендеуінен ірі қара мал басы 4,5 мың басқа, шошқа 2 мың басқа азайды. Басқа мал түрлерінің саны 2011 жылмен салыстырғанда жоғары.

Марал және омарта шаруашылығы саласын дамыту мақсатында облыстық бюджеттен 34 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдау және дамыту мақсатында 173 млн.теңге субсидия бөлініп, игерілді немесе 2011 жылмен салыстырғанда 104 пайызды құрады.

Ауданның көптеген фермерлік және жеке шаруашылықтарында мал азығының жеткілікті мөлшері дайындалды.

Машина-трактор паркін жаңарту мақсатында шаруашылықтармен 121,2 млн.теңгеге 39 бірлік ауыл шаруашылық техникасы алынды.

Аудан экономикасын дамытуда қаржы институттарының да үлкен үлесі бар.Шаруа қожалықтарына және басқа да заңды және жеке тұлғаларға 205,6 млн. теңгенің несиесі берілді. Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 146,8 млн.теңге көлемінде несие алды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екі бағытына сәйкес мал шаруашылығын дамыту үшін 42 адам 154,5 млн.теңге несие алып, 664 бас ірі қара және 97 бас жылқы сатып алды.

Ауданда 17 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді, оның ішінде 8 марал, 3 жылқы, 1 қой, 5 омарта шаруашылықтары. Оның ішінде бір марал, екі жылқы, 1 омарташылық асыл тұқымды шаруашылық дәрежесін 2012 жылы алды.

Сонымен қатар, Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында 2 мал сою цехы, 17 мал сою алаңы, 12 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пункттері, 18 мал өлекселерін көметін орындар бар.

Ауданда шаруа қожалықтарын ірілендіру жұмыстары да қолға алынған. Қазіргі кезде 230 ұсақ шаруа қожалықтары 28 ірі ауылшаруашылық құрылымдарына біріктірілген.

Аудан аумағында қалыпты ветеринарлық жағдай қамтамасыз етілген. 18 400 бас ірі қара, 40 мың бас ұсақ мал және 3500 шошқа идентификациялық тіркеуден өткен. Есептік кезеңде егін шаруашылығы да даму үстінде, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көрсеткіштер жақсы. Бидай өнімі 18,8 мың тоннаны құрады. Жиналған майлы дақылдардың жалпы көлемі 23,1 мың тоннаны немесе 2011 жылмен салыстырғанда 109 пайызды құрады. Картоп және жеміс-жидек өнімі артты.

Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін 16 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізіліп, 18,6 млн.теңгенің өнімі сатылды.

Аудан аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер Шымкент, Қызылорда, Курчатов, Өскемен, Астана қалаларындағы жәрмеңкелерге қатысты.

Новополяковка ауылдық округінің жеке кәсіпкері Алюетова Бақты Қытайда өткен жәрмеңкеге қатысты. ІІІ Халықаралық бал өнімдерінің фестиваліне ауданның 16 омарташысы қатысып, аудан «Ең дәмді бал» аталымы бойынша І жүлделі орынды иеленді.

Өнеркәсіп саласы

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2127,5 млн.теңгеге, 2011 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімінің табиғи индексі 115,1 пайызды құрады.

Шағын бизнес

Шағын және орта бизнестің қызметі де жақсарды, бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2168,4 млн.теңгені құрады. Шағын бизнеспен айналысатындар 4761 адам. 2012 жылы кәсіпкерлерден 89,7 млн.теңге салық түсіп, 24,9 пайызға өсті. Қазіргі уақытта, ауданда 114 шағын бизнес мекемелері тіркелген, немесе есептік кезеңге ол 102,7% өсті.

2012 жылы ауданда 2 дәріхана, 8 дүкен, 2 шаштараз, 3 дәмхана ашылып, дүкен ғимараты асхана және дәмхана ретінде қайта жаңғыртылды. Аудан аумағында 4 әлеуметтік дүкен, 42 әлеуметтік бөлімдер жұмыс істейді.

Ауданда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ауылым – алтын бесігім» акциясы өткізілді. Керуен тірек елдімекені Новоберезовка ауылына барып, ауылдық дәрігерлік амбулаторияда дәрігерлердің қабылдауы және мектепте аудан мұғалімдеріне арналған мастер-класс өткізді. Сонымен қатар, толайым бағамен азық-түлік және басқада тауарлар жәрмеңкесі өтті.

Ауданда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында «Ертіс» әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациясының төрт жәрмеңкесі, «Дина» базарының жеміс-жидектерін саудалау бойынша үш жәрмеңке ұйымдастырылды.

2012 жылдың қараша айынан бастап Үлкен Нарын ауылында ауылшаруашылық өнімдерін (ет, бал, май, сүт өнімдерін) сататын базар ашылды немесе ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге делдалсыз өз өнімдерін сатуға мүмкіндік берілді. Жалпы саны 5,4 млн.теңгенің өнімі саудаланды.

2012 жылы Үлкен Нарын және Катонқарағай ауылдарында кәсіпкерлікті қолдайтын «Даму» қорының 2 күндік курстары және бір дөңгелек үстел отырысы өткізіліп, 66 қатысушыға сертификаттар табыс етілді.

2012 жылы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бойынша жеке кәсіпкерлермен және шаруашылық құрылымдарының басшыларымен жалпы сомасы 335,5 млн.теңгені құрайтын 70 меморандумға қол қойылып, оның 305,5 млн. теңгесі орындалды немесе 91 пайызы іске асырылды.

Тұрғындардың жоғары деңгейде өмір сүруі үшін барлық жағдайлар жасалуда.

2012 жылы үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың және «Бизестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жобалар жүзеге асқан жоқ. Қабылданған шараларға қарамастан, бұған аудан кәсіпкерлерінің екінші деңгейдегі банктерден кепілдік ала алмауы себеп болды.



Туризм

Туризм саласын дамыту үшін біздің ауданда барлық жағдайлар бар. Атап айтқанда, «Рахман қайнары», «Нұр-Бұлақ» шипажайлары және басқа да 9 пантымен емдеу орындары өз қызметтерін көрсетуде.

Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркінің жаяу және атпен жүру бағыттары үлкен сұранысқа ие. 2011 жылы демалушылар мен туристердің саны 11 мыңнан асып, 22,2% көбейді. Жалпы туризм саласына қызмет көрсету мөлшері болжаммен 144,8 млн.теңгені құрады.

2012 жылы туризмді дамыту мақсатында германиялық компаниямен Шебер жоспар әзірленіп, үш кластер таңдап алынды, соның ішінде аудан бойынша туризмнің жазғы және қысқы түрлерін дамыту бойынша Шыңғыстай кластері енгізілді.



Құрылыс

Экономикаға 1 884,1 млн. теңге инвестиция тартылып, 2011 жылмен салыстырғанда 129,9 пайызға өсті. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ол 123,5 пайызды құрады. Оның ішінде Республикалық бюджеттен 659,3 млн. теңге немесе 175,6 пайыз, жергілікті бюджеттен 480,8 млн.теңге немесе 139,8 пайыз, жергілікті қаражат есебінен 744 млн. теңге немесе 101,8 пайыз. 1496,5 млн.теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Жалпы ауданы 1946 шаршы метр тұрғын-үй қолданысқа енгізілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1 496,5 млн.теңгеге немесе 125 пайызға өсті. Негізгі жұмыс көлемі – 120,5 пайызды құрады.

Бюджет

Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да төлемдер 3 689 млн.теңгені құрады немесе ол болжамның 100,5 пайызы, 2011 жылмен салыстырғанда – 121,1 пайыз.

Аудан бюджетіне 469,4 млн. теңге көлемінде салықтар мен басқа да төлемдер түсіп, ол 2011 жылмен салыстырғанда – 125,7 пайызға артты.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларына, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызды іс-шараларды қаржыландыру жүргізілді. Аталған жұмыстарға бюджеттің жалпы көлемінен 69,6 пайыз немесе 2548,6 млн.теңге бағытталған.

Қаңтар-қараша айларындағы орташа айлық еңбекақы 112,7 пайызға өсіп, 57407 теңгені құрады.(ШҚО бойынша 82850 теңге)

2010 жылы бюджет 2611,6 млн.теңге болса, шығыс әр тұрғынға 82,1 мың теңге құрады. 2011 жылы 3032,0 млн.теңге және сәйкесінше 1 тұрғынға 98,3 мың теңге, 2012 жылы 3692 млн.теңге және әр тұрғынға 119,7 мың теңге, 2013 жылы бекітілген бюджет 4046,6 млн.теңге және әр тұрғынға 135,4 мың теңге. Бұл сандар аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілгендігін білдіреді.

Мысалы Новоберезовка ауылдық округіне 2010 жылы – 167,8 млн.теңге, 2011 жылы – 212,5 млн.теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 26,6 пайызға өсті. 2012 жылы – 336,6 млн.теңге бөлініп, 2011 жылмен салыстырғанда 58,4 пайызды құрады.

Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылық

Ауданда 51 елдімекеннің 23-де орталықтандырылған су құбырлары бар. 27 елдімекендерде орталықтандырылмаған су құбырлары қолданылады. «Ақ бұлақ» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Малонарым, Новоберезовка ауылдарында 410,5 млн.теңгеге су құбырлары жүйесі қайта жаңғыртылды. 2012 жылы Еңбек ауылында құдық орнатылды, Берел, Коробиха ауылдарында су құбырлары қалпына келтірілді. Барлық ауылында су құбырын жүргізу мен тереңдетілген насостар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Аталған жұмыстарға аудандық бюджеттен 18,3 млн.теңге бөлінді. Су құбырлары жүйесін қайта жаңғырту мақсатында, аудандық бюджет есебінен Новополяковка, Солдатово, Новохайрузовка ауылдарына су қоры деңгейін анықтау үшін мониторинг жүргізуге 5,7 млн. теңге қаражат бөлінді және Республикалық бюджет есебінен Ақсу, Аққайнар ауылдарының су қоры деңгейіне мониторинг жүргізілді. 2012 жылы облыстық бюджет есебінен Үлкен Нарын ауылындағы жылу беру жүйесін жаңғырту үшін 9,5 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжат әзірленді.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және олардың күтіміне 2012 жылы 97,9 млн. теңге бөлініп, игерілді. Соның ішінде 28,6 млн.теңгеге тірек ауылдарының көшелеріне және 69,3 млн.теңгеге аудандық маңыздағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Республикалық бюджет есебінен 121,7 млн.теңгеге Үлкен Нарын – Күршім автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 50 млн.теңгеге Аршаты ауылындағы Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір салу жұмыстары басталды, оның сметалық құны 277,2 млн.теңге.

«Жасыл ел» бағдарламасы негізінде елдімекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 2012 жылы 8 мың ағаш және көшеттер отырғызылып, 7300 шаршы.метрге гүлдер салынды.

2012 жылы Ақсу ауылының «Ең үздік ауыл» аталымы бойынша облыстық конкурсқа қатысу үшін құжаттар жинақталып, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына ұсынылды.

Елдімекендерді дамытуға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында коммуналдық-инженерлік, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамытуға және елдімекендерді абаттандыруға Республикалық бюджеттен алты жобаны іске асыру үшін 59 млн. теңге қаржы бөлініп, 14 жұмыс орны ашылды.

Өткен жылы тірек ауылдары Новоберезовка, Катонқарағай, Өрел ауылдарын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, аталған елдімекендерді дамыту мақсатында ауылшаруашылық саласында-106,0 млн.теңге, кәсіпкерлік саласында-187,9 млн.теңге, абаттандыру және инфрақұрылымды дамытуға-215,6 млн.теңгеге, әлеуметтік салаға-142,7 млн.теңге, барлығы 689,3 млн.теңгеге 66 жоба жоспарланып, жүзеге асырылды. Іс-шараларды жүзеге асыру барысында 233 жұмыс орны ашылды.

Әлеуметтік қолдау және еңбек

Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша да айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2011 жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 18 адамға азайып, бүгінгі күні жұмыссыздар саны 99 адамды құрады.

Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 377 адам тіркеліп, олардың 315 жұмысқа орналастырылған, жұмысқа орналасу үлесі 83,6 пайызды құрады.

2012 жылы ауданда 1221 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 104,5 пайызға өскен. Кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға 75 адам жіберіліп, жоспар 100 пайыз орындалды.

Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 47,3 пайызға төмендеп, 9,5 млн. теңгені құрады, тұрғын-үй көмегі – 1,3 млн.теңге, балалар жәрдемақысы – 17,9 млн. теңге көлемінде төленді.

2012 жылы аудан әкімінің қорынан аз қамтылған мұқтаж азаматтарға 770 мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. Кәсіпкерлер тарапынан 6187,8 млн.теңгенің көмегі 1553 мұқтаж адамдарға көрсетілді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 5-денсаулық сақтау саласының мамандары, 19-білім беру саласының мамандары 2,7 млн.теңгенің материалдық көмегін алды. 11 әлеуметтік сала мамандары тұрғын-үй алу үшін 19,4 млн.теңгенің несиесін алды.

«Жол картасы» бойынша 10 жобаны іске асыру барысында жоспарға сәйкес орташа жалақы 40 мың теңгені құрайтын 138 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғандар есебінен 75 адам орналастырылды.

Сонымен қатар, ауданның мекемелері мен ұйымдарында 34 адам әлеуметтік жұмыс орындарына және 15 адам жастар тәжірибесіне жіберіліп, 29 адам жұмысқа орналастырылды.

Аудандағы 16 Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне 464 мың теңгеге және 10 аз қамтылған отбасыларына 290 мың теңгеге «Отау ТВ» сандық спутниктік телеарнасы орнатылды.

Білім беру

2012 жылы білім беру мекемелерінің нысандары көбейді. Катонқарағай ауылында бір музыка мектебі, «Жас турист» бекеті ашылды.

Үлкен Нарын ауылында шығармашылық үйінің құрылысы басталып, 2013 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл балаларға ғылыми-зерттеу жобаларымен, шығармашылықпен, хореографиямен, вокалмен айналысуға мүмкіндік береді.

Үлкен Нарын ауылындағы №22-кәсіптік лицейі «Катонқарағай агротехникалық колледжі» болып өзгертілді. Қазіргі уақытта аталған колледже 6 мамандық (тракторшы-машинист, газэлектр дәнекерлеуші, омарташы, аспаз, тігінші, мал емгері) бойынша оқыту жүргізіледі. Ауданда өз жұмысын жүргізіп жүрген «Казцинк» ЖШС фабрикасына қажетті мамандықтарға байланысты мамандықтардың тізіміне сараптама жасалуда.

Аудан мұғалімдері мен оқушылары облыстық, Республикалық сайыстарға белсене қатысады. Ә.Жұмағұлованың экологиялық тәрбиені берудегі және оқушылардың білімі жағынан еңбегі облыстағы ең үздік болып танылып отыр. 2008 жылдан бастап, ол облыстық, Республикалық, Халықаралық форумдардың және конференциялардың жүлдегері болып отыр. Сонымен қатар облыстық «Жыл мұғалімі - 2012» байқауының жүлдесін жеңіп алған, оның оқушылары ІХ Халықаралық «Алтын өлке» байқауына қатысты. Сонымен қатар, «Жыл мұғалімі - 2012» байқауында «Ұстаз шебер» аталымын ауылдық лицей мұғалімі Б.Кожикова иеленді.

«Жас турист» бекетінің командасы «Менің Отаным – Қазақстан» облыстық сайысында бас жүлдені жеңіп алды.

Бүгінгі күні ауданда 46 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп тұр, оның ішінде 36 шағын орталықтар және 10 балабақша. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар саны 1486, оның ішінде шағын орталықтарда – 815, балабақшаларда 671 бала. Мектепке дейінгі мекемелерде балалармен қамтылу 96 пайызды құрап, 1,3 пайызға өсті.

Жазғы демалысты ұйымдастыруда 4304 бала қамтылды, яғни ол 98,3 пайызды құрады. Демалыс кезінде оқушылардың Астана және Өскемен қалаларына баруы ұйымдастырылды.

Әлеуметтік маңызы бар нысандарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда. Атап айтқанда, Үлкен Нарын ауылындағы 250 орындық балабақша қолданысқа беріліп, Ақсу, Солоновка ауылындағы балабақшаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сомасы 503 млн.теңгені құрайтын Аққайнар ауылындағы 180 орындық мектептің құрылысы аяқталуда.

Ауданның 7 мектебіне 193,6 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: Катонқарағай, Үлкен Нарын ауылдарындағы Ленин орта мектептері, Новополяковка, Новоберезовка, Берел, Коробиха, Топқайың ауылдарындағы орта мектептер. Сонымен қатар, 25,1 млн.теңгеге 6 білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: Үшбұлақ, Приморск, Коробиха, Жазаба, Акмарал және Үлкен Нарын ауылдық лицейі.

Мектептердің материалдық-техникалық базалары заманауи техникалармен жабдықталған. Барлық білім беру мекемелері интернет желісіне қосылған. 2012 жылы аудан мектептеріне 5 химия кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет алынып, орнатылды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нәтижесі 81 пайызды құрады. Өткізілген ҰБТ нәтижесінде аудан бойынша орташа бал - 69,3 балды құрады, бұл облыстық көрсеткіште - 90,2 бал, республикалық көрсеткіште - 86,8 бал болды. Жаңа оқу жылынан бастап, ұлттық бірыңғай тестілеудің көрсеткіштерін жақсарту мақсатында дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.



Дене шынықтыру және спорт

Ауданда спорттың 23 түрі бар, олар - 8 жазғы олимпиадалық, 3 қысқы олимпиадалық түрлері, 12 олимпиадалық емес түрі дамуда.

Аудан спортын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Бір спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын иеленді. Облыстың құрама командаға 5 волейболшы, 2 боксшы және Республика құрамасына 1 боксшы енді. Көпшілік-спорт шаралардың өткізілуі 2011 жылмен салыстырғанда 60 іс-шарадан 80 іс-шараға көбейді. Ауданда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 19 пайыздан 25 пайызға дейін өсті. Ауданымыз өткізілген жұмыстар нәтижесінде 2007-2012 жылдар арасында ұлттық спорт және балалар ойыны «Сәулетайда» және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өткізілген сайыстарда 7 орынды, ұлттық ойындарда - 9 орынды иеленді.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Өткен жылы мәдениет саласында біршама өзгерістер болды. Аудан өнерпаздары Курчатов, Зырян, Күршім аудандарына концертпен барып қайтты. «Туған ел - алтын бесігім» акциясы аясында барлық ауылдық округтер арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында 26 концерттік бағдарламалар өткізілді.

Сонымен қатар, Оралхан Бөкейдің туғанына 70 жыл толуына орай аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Оралхан Бөкейдің туған жері Шыңғыстай ауылында көшелерді абаттандыруға, көшелерді жарықтандыруға және орталық көшеге қара жамылғы төсеуге Республикалық бюджеттен 53 млн.628 мың теңге бөлінді.

Биылғы жылы ауданда алғаш рет тарихи-өлкетану мұражайы ашылып отыр.

Шыңғыстай, Новоберезовка, Катонқарағай ауылдық клубтарына барлығы 72,2 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары, Берел, Қайыңды, Қызыл Жұлдыз, Үштөбе ауылындағы клубтарға барлығы 28,7 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2012 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 490 млн.247 мың теңгеге 35 жоба жоспарланып, жүзеге асты.

Ішкі саясат саласына да көп көңіл бөлінді. Аудан аумағында бір саяси партия, 4 үкіметтік емес ұйымдар, 9 діни бірлестіктер, 4 кәсіподақ ұйымдары тіркелген. Ауданда барлығы 3 мыңнан аса қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізілген.

Денсаулық сақтау

Ауданның барлық елдімекендеріндегі тұрғындарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету - денсаулық сақтау саласының негізгі міндеті.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Жұқпалы аурулардың деңгейі төмендеуі байқалады.

Әлеуметтік-маңызды көрсеткіштердің тұрақтандырылуы байқалады. Ауданда туберкулезбен ауыратын 25 адам тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 адам тіркелген, яғни сырқаттың бұл түрі 38,9 пайызға өскен.

317 нәресте дүниеге келген, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24 балаға кем. 327 адам қайтыс болған, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23 адамға азайды. 3 нәресте өлімі тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 6 бала болған. 2013 жылы Аққайнар ауылында 141,8 млн.теңгеге ауылдық медициналық пункт салу жоспарлануда.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау

Қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, ерікті халық жасақшылары құрылып, жұмыстар жүргізеді. Ауылдық округтерде «Сарбаздар» жасақтары құрылған.

«Қылмысқа қарсы күрес» бағдарламасына сәйкес аудан басшылығы мен құқыққорғау органдарының жүйелі жұмыстарының арқасында әртүрлі санаттағы тұрғындармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілуде.

2012 жылы аудан орталығында тәртіп, жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтауға көмектесетін 6 бейнебақылау камералары орнатылған. 2012 жылы 193 қылмыс жасалған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ол 91,5 пайызды құрады. Қылмыстардың ашылуы - 74,6 пайыз, өткен жылдың тиісті кезеңінде - 73,1 пайыз болған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық ішкі істер бөліміне 6 қызметтік автокөлік алынды. Материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары әлі де жалғастырылуда. Сонымен қатар рациялар алу жоспарлануда.



Құрметті жерлестер!

Азаматтардың өтініштерін қарау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. 2012 жылы 285 жазбаша өтініш түсті. Олардың барлығы мұқият қаралып, тиісті шаралар қабылданды. 2012 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 94 адам болып, әрбір мәселе бойынша нақты шешімдер қабылданды немесе түсіндірілді.



Экономикалық және әлеуметтік саладағы негізгі мәселелерді қорытындылай келе, ағымдағы жылға жоспарланып отырған жобалар туралы айта кету қажет:

- тірек ауылдары Новоберезовка, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауылдарын абаттандыру жұмыстарын жалғастыру. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 4 бағыты бойынша көшелерді жарықтандыру, ауыл ішіндегі көпірлерді жөндеу, орташа деңгейдегі жолдарды жөндеу жұмыстары, абаттандыру жұмыстары;

- Шыңғыстай ауылындағы көшелерді асфальттау;

-Үлкен Нарын ауылындағы (Шолохов, Абылайхан көшелеріндегі ) бақтарды көгалдандыру;

- Үлкен Нарын, Топқайың, Солоновка, Жұлдыз, Көктерек ауылдарындағы көше жарықшамдарын монтаждау және орнату;

- «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Приморск ауылындағы су құбырлары жүйелерін және құрылғыларын жаңғырту;

- Новохайрузовка, Белқарағай, Жамбыл, Новополяковка, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Барлық, Алыбай ауылдарындағы су құбырлары жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Жұлдыз ауылындағы су бөгеттеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Үлкен Нарын ауылындағы Пушкин көшесіндегі және Солоновка ауылындағы көшелерге қара жамылғылар төсеу жұмыстары;

- Балғын 0-1 км, Алыбай 0-1, Сенное 0-14, Ақмарал 0-7, Аршаты 0-7 км ауылдарына кіреберістегі жолдарға қосымша материалдар қосу арқылы жөндеу жүргізу;

- Жұлдыз 2-6, Новополяковка-Ульяновка 0-15, Бесүй 0-4, Яры 0-6, Үштөбе 0-3, Өрнек 0-3, Согорное-Печи-Белое 0-54, Коробиха 0-18, Язовая 0-12, Жаңа Үлгі-Жамбыл-Берел 0-22, Мойылды 0-8 км, Құндызды 0-24 ауылдарына кіреберістегі жолдарға қосымша материалдарсыз жөндеу жұмыстары;

- Согорное-Печи-Белое жолдарындағы көпірлерге 7 км. Жаңа Үлгі-Жамбыл-Берел жолдарындағы трубаларға, 3-4 км. Ақмарал ауылындағы кіреберістегі жолдарға, 5-ші км. Катонқарағай ауылындағы Сарымсақты өзеніндегі темір - бетон көпіріне, Жамбыл ауылындағы аспалы көпірге жөндеу жұмыстары;

- Катонқарағай ауылындағы ауруханаға қосымша орталықтандырылған қазандық орнату, Үлкен Нарын ауылындағы аурухананы және Новохайрузовка ауылындағы орта мектепті орталықтандырылған қазандыққа қосу;

- Үлкен Нарын ауылындағы Тумашинов, 4 және Абылайхан көшесі, 77 қос қабатты үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Жамбыл ауылындағы мектептің шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Сенное ауылдық мектебіне қосалқы құрал-жабдықтар салу;

- Приморск ауылындағы су құбырлары жүйесін жөндеу;

- Аршаты ауылында спортзал салу;

- Шыңғыстай, Белқарағай ауылындағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Катонқарағай ауылындағы музыка мектебіне, Үлкен Нарын ауылындағы Ленин орта мектебіне, Малонарым, Новополяковка орта мектептеріне және Катонқарағай ауылындағы Ленин орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Аксу, Малонарым, Аршаты, Новохайрузовка, Топқайың, ауылдарындағы мектептерге 5 химия кабинетін алу, Үлкен Нарын ауылындағы Ленин орта мектебіне бокс рингісін және оқушыларға көлік жүргізуді оқытатын кабинет ашу, Жұлдыз орта мектебіне мультимедиялық кабинет, Еңбек орта мектебіне физика кабинетін алу;

- Үлкен Нарын ауылындағы Шығармашылық үйінің құрылысын аяқтау;

- Аққайнар, Өрел, Жаңа Үлгі, клубтарына күрделі жөндеу, Жұлдыз ауылдық клубына ағымдағы жұмыстар жүргізу;

- Солдатово ауылындағы ардагерлер үйіне және Новополяковка ауылындағы клубқа жобалық-сметалық құжат әзірлеу;

- Новоберезовка, Өрел ауылдарында мал өлекселерін көметін орындар орналастыру;

- Катонқарағай, Новоберезовка, Өрел ауылдарын дамытудың жоспарын әзірлеу;

- «Ауылдарды дамыту» бағдарламасы аясында ауылдардың экономикалық өсуін жүзеге асыру үшін ауданның Новохайрузовка, Малонарым, Балғын, Солдатово, Новополяковка, Шыңғыстай, Коробиха, Жамбыл, Еңбек, Майемер, Ақсу, Аққайнар, Белқарағай ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру және көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Құрметті жерлестер!

Атқарылған шаруа аз емес. Жоспарланған жұмыс та жетерлік. Ең бастысы – қай істің болсын негізінде ауданымыздың бүгінгі берекесі мен ертеңгі игілігі жатыр.

Біз Отан үшін бар күшімізді жұмылдыруға міндеттіміз. Бізге ауқымды жұмысты атқару және Президент белгілеген міндеттерді орындау үшін жұмысқа белсене қатысу қажет. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында «ХХІ ғасыр - Қазақстанның алтын ғасыры, бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің кезеңі болады» деп атап айтты. Біз оған кәміл сенеміз!





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет