Аудан әкімі Ә.Мұхтархановтың Қазақстан Республикасының Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауынан туындайтын міндеттер туралы баяндамасы
Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар !
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы әр жылдың басты құжаты. Алғаш рет 1997 жылы «Қазақстан 2030» Стратегиясын жария етумен басталған бұл үрдіс бүгінде қазақстандықтардың жыл бойындағы қам-қарекетінің басты арналарын айқындап келеді.
Жыл сайынғы Жолдауларда халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар, олардың жүзеге асырылатын нақты уақыттары аталып, жүзеге асырылуда.
Елбасының биылғы Жолдауының жөні бөлек. Бұл дағдарыс уақытында халықты жұмылдырған, басын біріктіретін, қиындықтан шығудың жолда-рын нақты көрсеткен жолдау болды.
Өздеріңізге мәлім 2007 жылдың екінші жартысынан АҚШ-тан басталған ипотекалық тоқырау әлемнің қаржы рыногына кері әсерін тигізіп, экономикалық тоқыраудың алғашқы толқынын әкелсе, бүгін әлем жұртшылығы осы дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.
Өткен 2008 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланыста болғандықтан бұл дағдарыс біздің елімізді айналып өтпейтіндігін, қамданбаса болмай-тындығын, Үкіметтің 2009-2010 жылғы жұмысының басты бағыты осы болатындығын айтып, дағдарыс салдарын еңсеру міндеттерін қойды.
Үкіметтің басты міндеттерін үш шешуші бағытпен тұжырымдады: макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазақстандықтардың әлеуметтік ауқаттылығы және экономиканы жаңарту. Осы бағыттар аясында Елбасы негізгі 5 басымдықтарды айқындап берген еді. Олар:
-
қаржы секторын тұрақтандыру;
-
жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу;
-
шағын және орта бизнесті қолдау;
-
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;
-
серпінді инновациялық индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру сияқты міндеттер қойған.
Бұл ретте, мемлекет басшысының биылғы Жолдауы дағдарысты еңсеруге деген тың ойларға жетелейді. Үкіметке өткен жылдардағыдай нақты тапсырмалар жүктеп, мақсат міндеттерді айқындап берді. Атап айтқанда, Президент Үкіметке алдымен экономиканы әрі қарай дамыту мен жетілдіру, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық салада реформалар жасау жөнінде міндеттер қойды. Біздің ендігі міндетіміз – Елбасының жүктеген тапсырмаларын орындап, экономиканы дамыту бойынша жұмысты жетілдіру.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі жылдан-жылға артып, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып, ауданның, қаланың келбеті өзгеруде.
Президент Жолдауы мен жарлықтарын, Үкімет, облыс әкімінің қаулыларын орындау жолында ауданда 13 кешенді бағдарлама қабылданып, іске асырылуда.
Аудан экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болғандықтан ол жалпы өндірілетін ішкі өнімнің 80,7% құрайды, оның ішінде 76,7% мал шаруашылығы өнімдері, 23,3% өсімдік шаруашылығы өнімдері. Өткен жылы өндірілген өнім бұрынғыдан 4,2% -ға артып, 3 млрд. 986 млн. теңгені құрады. Барлық қаржы көздерінен 319,8 млн. теңге субсидия, несиелер, қосымша қаржылар игерілді. Оның ішінде 50,6 млн. теңге мал шаруашылығын, 38,43 млн. теңге өсімдік саласын дамытуға субсидия берілді.
«Зайсан-Несие» ЖШС-нің құрылтайшылары 2008 жылы несиенің түсімінен қайтқан қаржыдан 17,2 млн. теңге қаржыны өндіріске салды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 3,2 млн. теңге, «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан» 6,0 млн. теңге несие алынды. Машина-трактор парктерін, тамақ және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын техникамен жарақтандыруға 48,3 млн. теңгенің инвестициясы тартылды.
Өңдеу өнеркәсібін жарақтандыруға 30 млн. теңге жұмсалды.
Өткен жылы егіс көлемі 1142 га ұлғайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамай 2183 тн. дәнді астық, 458 тн. соя, 2634 тн. күнбағыс, 12300 тн. картоп, 7181 тн. көкөніс, 125 тн. бақша өнімдері өндіріліп, аудан халқы негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етілді.
Бағаны тұрақтандыру, делдалдарды азайту, тауар өндірушілер өнімдерін өзі саудалауға жағдай жасау мақсатында муниципалды базар салынып, іске қосылды. Ауыл шаруашылық өнімдерімен халықты жыл көлемінде қамтамасыз ету үшін Үкіметтен субсидия алған 42 шаруа қожалықтарымен 3-жақты (әкім, шаруа, ауыл шаруашылығы бөлімі) келісімшарт жасалып, көкөніс сақтауға 5 жаңадан шағын қоймалар салынды, бұрынғылары жөнделіп, жиыны 19 қоймада, 215 т. көкөніс, 175 т. картоп сақталып, өнімдер жоспарлы түрде саудалануда.
Жылма-жыл мал басы өсіп, алынатын өнім көлемі өсуде. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 57263 бас ірі қара, 146803 қой-ешкі, 10820 бас жылқы, 30 түйе, 190 марал өсірілуде. Одан 9969т. ет, 36714 т. сүт, 215 т. жүн өнді-рілді.
Өткен 2008 жылы 1 шартты малға 13,4 ц азықтық өлшемге сай 110 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалып, мал басын азайтпай, қыстамадан қысылмай шығып келеміз.
Бүгінгі таңда алда тұрған басты міндеттердің бірі ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ірілендіру. Оның жолдарын іздестірудеміз, алғашқы қадамның бірі соя өсірумен айналысатын «ВИТА-ИНДУСТРИ» компаниясына 1500, былтыр құрылған «Зайсан-Астық» тұтыну, өткізу кооперативіне 2000 гектар жер берілді. Мақсат ауданға техникамен жарақтанған ірі шаруашылықтарды, жаңа технологияны тартып, ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіріп, кең көлемде іс атқару, мол өнім өндіріп, жем-шөптің берік қорын жасап, жеке адамдарға мал-құс өсіруіне жағдай жасап, ешкімді үгіттемей-ақ пайдалы іске жұмылдыру.
Өткен жылы қой өсіретін 2 шаруа қожалықтары асыл тұқым статусын алды. Олардың қарамағында 2557 бас «байыс» тұқымдас қой өсірілуде.
Ірі қара, жылқы малдарының тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл игілікті істі Біржан ауылдық округінде «Аружан», Қараталда «Әмірен» шаруа қожалықтары қолға алып отыр. Бұл өте құптарлық шаруа, қолдаймыз.
Өткен жылы өндіріс саласында қолданыстағы бағамен 952 млн. 177 мың теңгенің тауарлы өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2007 жылдан 1,6 есеге артты. Өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі жоғарғы үлес 82,2% өңдеу өнеркәсібіне тиіп отыр. Оның өткен жылғы нақты көлемі 762 млн 391 мың теңгені құрады немесе 66,2% өсті. Жұмыскерлерінің саны 50 адамнан астам кәсіпорындар – ЖШС «Сайхан», «Зайсан» құрылыс компаниясы», «СМУ-Шығыс» ЖШС, «Балық Продукт Восток», «Тарбағайтай –Мұнай» компаниясы. Осы мекемелерден аудан бюджетіне 103 млн. теңге түсіп, өз кірісіміздің 30% құрады.
2007 жылы облыс әкімінің қаулысымен қабылданған «Субвенсиясыз қаржыландыруға шығу» бағдарламасына сәйкес іс-шаралар жүргізілуде, жаңадан 322 жұмыс орын ашылып, бюджетке 21,5 млн. теңге қосымша қаржы түсті. Осы саладағы кәсіпорындар дағдарыс әсеріне бой алдырмай тұрақты жұмыс істеуде.
Өңірімізге табиғаттың өзі берген мұнай, газ көздерін барлау жұмыстарын аяқтап, өнімін өндіруге тезірек қол жеткізу – дамудың жаңа перспективасын ашпақ.
2008 жылы 1942 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, олардан бюджетке 95 млн. 200 мың теңге салық алынып, алдыңғы жылға қарағанда көлемі 53 % артты, ол ауданның өз кірісінің 27,6% құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 559,3 млн.теңге болып, бұрынғы жылдан екі еседен астам өсті. Шағын кәсіпкерлікке 299,9 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, қосымша 138 жұмыс орыны ашылды.
2008 жылы «Бекзат» ЖШС газдалған лимонад сусындарын шығаратын цехын іске қосып 15 жаңа жұмыс орнын ашып, айына 1500 мың теңгенің өнімін шығарып, өткен жылы 720 мың теңге салық түсірді. Сондай-ақ «Рахат» кондитерлік цехы іске қосылып, 6 жұмыс орнын ашып, өткен жылы 20,8 мың кг. өнім шығарды.
Бағаны тұрақтандыру бағытында нақты шаралар іске асырылды. Аудандық штаб құрылып, бағаны күнделікті бақылауда ұстап, 122 өнім өндіруші және сауда орындарымен меморандумға отырды. 4 ауылдық округтерде (Шілікті, Сартерек, Дайыр, Қаратал) «Ардагер» арзан дүкендері ашылса, қалған 4 ауылдық округтерде дүкендерден «Ардагер» бөлімдері ашылып жұмыс істеуде.
«Зайсан» құрылыс компаниясы» 120,7 млн. теңгенің асфальт өнімдерін шағарып, 612 млн. теңгенің құрылысын, «СМУ-Шығыс» ЖШС 434,5 млн. теңгенің құрылысын жүргізді.
Шағын кәсіпкерлердің облыстық конкурсында «СМУ-Шығыс» ЖШС-і (Абжанов Қ.) «Ең көп жұмыс орнын ашқан кәсіпкер», «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС-і (Нұрасыл Б.) «Құрылыс саласындағы ең таңдаулы» кәсіпорын деп танылып, облыс әкімінің жүлдесін алды.
Кәсіпкерлер арасында өткен аудандық конкурстың қорытындысында 19 кәсіпкер 8 номинация бойынша жеңімпаз аталынып, 22 кәсіпкерге марапат көрсетілді.
Үш кәсіпкеріміз «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» екінші деңгейдегі банктер арқылы облыс бюджетінен 166,9 млн. теңге, «Қазына» орнықты даму қорынан» бір кәсіпкер 4,0 млн. теңге несие алды. Айнабұлақ, Дайыр, Қаратал, Сартерек округтері кәсіпкерлерінің 81 млн. теңгенің 9 бизнес-жобасы қаржыландыруға ұсынылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында алдағы уақытта орындалатын міндеттер көп. Ауданда астықты өңдеудің, ұқсатудың жоқтығы шаруаның бидай өсіруіне кедергі боп отырғандықтан, 2009 жылдың соңына дейін «Икеп» шаруа қожалығы стандартқа сай астықты сақтайтын, тазалап, тұқым, ұн шығаратын зауытты іске қоспақ.
Жеміс-көкөніс, сүт, ет өнімдерін шығаратын өңдеу кәсіпорындарын салу көзделіп, жеке кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілуде.
Ауданда тұрғын үй салу өзекті мәселенің бірі. 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасына сай, әр түрлі қаржы көзінен үш жылда 18422 шаршы метр үй салу жоспарланды. Өткен жылы 39 жеке меншік, 15 ипотекалық бір пәтерлі үй салынып, 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Мемлекеттен бөлінген 65 млн. 450 мың теңге толық игерілді.
Сондай-ақ екінші 60-пәтерлі үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.
Аудан қарамағында 292 км жол бар, оның 31 км асфальт төселген. Жергілікті жолдарды қалыпты жағдайда ұстап, ағымдағы жөндеуге аудан бюджетінен 40 млн. теңге қаржы жұмсалып, жағдай біраз оңалды. Құны 105 млн. теңге Жеменей көпірі салынып, пайдалануға берілді.
Ауданның даму перспективасына қажетті жобалық-сметалық құжат дайындауға баса назар аударылды. Ол болмаса объекті салуға қаражат бөлінбейді, яғни даму болмайды. Осы бағытқа аудан бюджетінен 26 млн. 352 теңге қарастырылды.
Өткен жылы су құбырларын күрделі жөндеуге 74,1 млн. теңге қаржы бөлініп, Сауыр мөлтек ауданы су құбыры пайдалануға берілді, Біржан мен Кеңсайда биыл аяқталады. Облыстық энергетика коммуналдық шаруашылық басқармасымен келісім бойынша алдағы 3-4 жылда ауданның 13 елді мекенін таза сумен қамту бағдарламаға енді.
Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес жыл ішінде 364 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл аяғына жұмыссыздар саны 248 адамды құрап, экономикалық белсенді халықтың (19921 адам) 1,2% болды. Бұл аудан экономикасының тұрақты өсуін көрсетеді.
Халықты әлеуметтік қорғау бағытында өткен жылы атаулы әлеуметтік көмекке және балалар жәрдемақысына бюджеттен 60млн. 100 мың теңге төленді. Оның сыртында 197 тұрмысы төмен жанұяларға бір жолғы әлеуметтік көмек жасалып, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері үнемі назарда ұсталуда.
Білім саласына жасалып жатқан қамқорлық білім-тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға негіз болуда. Үлгірім 99, сапа 52% құрады. Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатысқан 610 мектеп бітірушілер 71,4 орташа балл жинап облыста III орынға тұрақтап, 309 бала мемлекеттік грантын иеленді. Республика бойынша 125 балл жинаған 2-і оқушының бірі біздің ауданнан болды.
Еліміздің басты байлығы – халық, оның денсаулығы. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өткен жылдың сәуір айындағы қаулысына сай дәрігерлік-емдеу орындары бір орталыққа бағындырылып, дәрігерлік бірлестік құрылып, қызметтің сапасын арттыруға дұрыс шешім болды. Емдеу мекемелерін талапқа сай, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарының пәрменділігі артып, дәрігерлерге талап күшейтілді.
Ауданда салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінуде.
Өткен жылы орталық стадионға 25 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп, пайдалануға берілді. Мәдениет үйінің жанындағы спорт зал, жылу жүйесі орталық жылу қазандығына қосылды. Ипподромды стандартқа сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде. Жасанды футбол алаңының негізі қаланып, жуықта пайдалануға берілмек.
Мәдениет саласына да баса көңіл бөлініп, Зайсан өнерінің бұрынғы әйгілі мәртебесіне көтерілуіне қолдау жасалуда. Ауданның 80 жылдығы қарсаңында, 65 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп аудандық мәдениет үйі, өткен жылдарда Қарабұлақ, Қаратал ауылдық клуб үйлері пайдалануға берілді. Алдағы жылдарда Шілікті, Кеңсай клуб үйлерін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп пайдалануға беру жоспарланды.
Үстіміздегі 2009 жыл Елбасы Жарлығы негізінде, соңғы жылдарда дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беруімен басталды. Тұрғындармен жүздесу, олардың хал-ахуалына көңіл аударып, қарапайым тілмен пікір алмасу елдің билікке деген сенімін арттырары айқын. Барлық өткен жиындарда жұртшылық Елбасының ұстаған бағытына зор ықыласпен қолдау көрсетіп, аудан, қала, ауыл әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, кейбір өміршең мәселелерді жанашырлықпен көтере отырып, олардың шешілуіне қолдау жасап, ат салысатындықтарын жеткізді.
Бүгінгі мақсат – мүддеміз айқын, аймағымыздың оңды өзгерістер орнығуда, тек ерен еңбекпен, береке-бірлікпен алға жылжу міндеті тұр.
Жолдауда көрсетілгендей қазіргі кезде Үкімет дағдарысқа қарсы нақты бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Еліміздің барлық өңірлерінде, салалық министрліктермен ведомстволарда дағдарысқа қарсы шаралар атқарылуда. Осының бәрі Елбасының осыдан бір жарым жыл бұрын басталған қаржылық дағдарысты еңсеру мақсатында жүргізген көреген саясатының нәтижесі. Біздің қазіргі жағдайымызда әлемдік дағдарыс елімізге сыртқы экономикалық мәселелерді ғана емес, ең әуелі ішкі экономиканы жандандырып, инфрақұрылымдық базаны дамыту мәселесін шешу керектігін алға қойып отыр. Осы тұста Елбасы Жолдауда экономикалық дағдарысқа қарап қалмай, еліміздің соңғы кездері инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және қаржыландыру, мұнай өңдеу зауыттарын қайта жандандыру, өндіріс орындарын көптеп ашу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесімен айналысып жатқанын атап көрсетті.
Президент өз Жолдауында бұған дейін айтылған, жария болған барлық әлеуметтік қолдау, халыққа еңбегі сіңген адамдардың зейнетақысын, студенттердің стипендиясын және жалақыны көбейту сияқты былтыр, алдыңғы жылдары қабылданған бағдар толығымен орындалатындығы туралы сенім білдірді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалуы жөніндегі Үкіметтің 2009 жылға арналған іс-қимыл Жоспары (жол картасы) дайындалып, бекітілді.
Жол картасының негізгі мақсаты:
-
Еңбекпен қамту және жұмыссыздық деңгейінің көтерілуіне жол бермеу;
-
Дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты даму негізін қамтамасыз ету.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін, Үкімет Елбасының тапсырмасына сәйкес, 7 бағыт бойынша өңірлік еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыруды көздеп отыр. Олар:
1. Коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту (сумен, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз суларының нысандары мен желілерін жөндеу);
2. Мектеп, аурухана және өзге де әлеуметтік инфрақұрылымды жөндеу және жылылау жұмыстарын жүргізу;
3. Жергілікті және республикалық мәндегі жолдарды салу, қайта жарақтандыру және жөндеу;
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру;
5. Қалаларда, кенттерде, ауылда, ауылдық округтерде әлеуметтік басымды жобаларды қаржыландыру;
6. Жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік төлемдердің мерзімін барынша өсіру;
7. Кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту.
Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясына республикалық бюджеттен 140 миллиард теңге бөлінеді. Жергілікті бюджеттерден де жұмыспен қамту стратегиясын бірлесе қаржыландыруға ресурстар бөлінуі тиіс.
Жұмыссыздарды қолдау мақсатында әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімі 4-тен 6 айға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіптік кешенді де айрықша атап өтті.
Жекелеп айтқанда тауарлы-сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын дамыту, күнделікті біздің азық-түлігімізге қажетті көкөніс, жеміс-жидек өсіру, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу-жинау жөніндегі өндірістерді құру сияқты бағыттарды белгілеп берді. Мемлекет басшысы бүгінгі таңда бірінші кезекте ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысу керек деп санайды. Осы мәселелерді ұйымдастырып шешуді жергілікті әкімдерге тапсырды.
Елбасының пікірінше, бұл бағыт «дағдарыстан шығу кілті» болып табылады.
Дегенмен тек мемлекеттік өкіметтің күші аздық етеді. Әлемдік экономика тарихында қарапайым азаматттардың өзі экономикалық дамудың қиындықтарын абыроймен жеңіп шыққан мысалдар көптеп кездеседі. Өзіміз, қазақстандықтар тәуелсіз даму жолына таңдау жасап, өз еліміздің тағдырына деген үлкен жауапкершілік алдық. Сондықтан бүгінгі күні біз Жолдауда айқындалған міндеттерді баршамыздың игілігіміз үшін ұтымды орындауға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға міндеттіміз.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, қазақстандықтар барлық қиындықты еңсеретін күшті, өркенді, әлем құрметтейтін мемлекетке айналатынына сенуіміз керек.
Елбасы «Нұр Отан» партиясының депутаттарына, Қазақстан халықтары Ассамблеясына, барлық саяси күштерге, мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, БАҚ–на планета тарихындағы аса қатал дағдарысты еңсеру жолында бірігуге шақырды.
Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс-қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады.
Елбасы дағдарысқа қарсы кеңес құру тапсырмасын берді, атаулы кеңес құрамына азаматтық қоғам өкілдері де енеді. Осыған ұқсас кеңестер барлық өңірлерде құрылатын болады.
«Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауындағы Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыруға «Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық стратегиясы», сондай-ақ ауданымыздың даму бағдарламасы даярлануда.
Аудан бойынша 2009 жылға арналған іс-әрекет бағдарламасына қысқаша тоқталсақ. Оның мақсаты:
-
Аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету;
-
Халықтың тұрмыс дәрежесін арттыру;
-
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артуы;
-
Өндірістік-инновациялық, серпінді жобаларды жүзеге асыру;
-
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
-
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
-
Жұмыспен қамтуды және халықтың әлжуаз топтарын қолдауды қамтамасыз ету;
-
Теңгерілген бюджет саясатын жүргізу.
Агроөнеркәсіп кешені бойынша жоспарланған шаралар
-
ауылшаруашылығы өндірісінің жалпы өнімін 29,4% арттыру;
-
мал басының ішінде асыл тұқымды мал үлесін (малдың барлық түрінен) 1% жеткізу;
-
ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу көлемін 4-6% арттыру;
-
ауылшаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорындарға несие жеңілдігін беру және ауылшаруашылығы өндірісін сақтандыру жүйесін дамыту;
-
ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
жаңа жұмыс орындарын құру (294).
Серпінді жобалар
-
«СМУ Шығыс» ЖШС-нің кірпіш зауытын іске қосу:
– жылына 5 млн дана кірпіш шығару, одан бюджетке 1,5 млн теңге салық түсіру, 20 адамды жаңа жұмыс орынымен қамту.
-
«СМУ Шығыс» ЖШС-нің темір-бетон өнімдерін шығару зауытын іске қосу:
– жылына 30,0 мың метр куб темір-бетон өнімін шығару, одан бюджетке 1,3 млн теңге салық түсіру, 20 жаңа жұмыс орынын ашу.
-
«Бекзат» ЖШС-гі макарон өнімдерін шығаратын цех ашып, жылына 300 тонна өнім шығаруға, одан бюджетке 0,6 млн теңге салық түсіруді, 10 жұмыс орынын ашуды жоспарлауда.
-
«Зайсан-Сулары» ЖШС-гі минералды су шығару жаңа цехын іске қосу:
– жылына 750 тонна су шығаруды, 0,4 млн теңге бюджетке салық түсіруді, қосымша 3 жұмыс орынын ашуды жоспарлауда.
-
«Зайсан-Астық» ауылдық тұтыну кооперативі ұн зауытын іске қосып, жылына 9,0 мың тонна ұн шығаруды, 1,2 млн теңге бюджетке салық түсіруді, 24 жұмыс орынын ашуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ сүт зауытын ашуға, Дайыр ауылының жанындағы асханалық суға қондырғы қойып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлер А.Барысов, Б.Абылғожиндер жұмыс істеуде.
Әлеуметтік сала
Аудан бюджетінде қаралған әлеуметтік мұқтаждыққа және халықтың әлжуаз топтарын қолдауға жұмсалатын шығындарды басқа шығындарға түзету енгізу, оларды қысқарту арқылы ұлғайту қарастырылуда. Негізгі бағыттар:
-
әлеуметтік тұрақтылықты сақтау;
-
халықтың әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау;
-
жұмыс орындарын сақтау;
-
азық-түлік бағасын тұрақты ұстау.
Әлемдік дағдарыстың кері әсерінің алдын алу және құнсыздану үдерістерін шешу, бағаны тұрақтандыру мақсатында аудан, қала, ауыл округтері мен жұмыс берушілер, халыққа қызмет көрсетіп отырған заңды, жеке тұлғалармен 2009 жылға төмендегідей меморандумдар жасалды:
-
Аудан әкімі, «Майқапшағай» кеден бекетінің бастығы, аудандық муниципиалдық базардың иесі арасындағы;
-
Аудан әкімі мен 7 – жанар-жағар май станциялары иелері арасындағы жанар-жағар май өнімдерінің сатып алынған бағасына 10 пайыздан артық баға қоспау туралы;
-
Қала, ауылдық округтері әкімдері мен 100 сауда дүкендері иелері арасындағы нанның бағасын саудалағанда 45-50 теңге деңгейінде, негізгі азық-түлік тауарларына сатып алған бағасына үстеме бағаны 10-15% мөлшерінен артық қоспау туралы;
-
Қала, ауылдық округтері әкімдері мен 22 – наубайхана иелері арасындағы нан бағасын 43-48 теңге деңгейінде ұстауды қамтамасыз ету туралы;
-
Қала, ауылдық округтері әкімдері мен 12 дәріхана иелері арасында 100 түрлі отандық дәрі-дәрмектің бағасын тұрақты ұстауға, шетелдік өндірушілердің өнімдеріне 20-25% көлемінде үстеме қосуға және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында аудан халқының әлжуаз, тұрмысы төмен, әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтарына дәрі-дәрмектің бағасын 10-15% төмендетіп беру туралы;
-
Қала, ауылдық округтері әкімдері мен 10-шаруа қожалықтары арасында көкөністің, өсімдік майының, ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және аудандық муниципалдық базардан бөлінген орындарға делдалсыз, үздіксіз сатуды қамтамасыз ету туралы.
Сондай-ақ ауданның орталық базарларының иелерімен сауда орын-дарының арендалық төлемақы тарифін тұрақтандыру мақсатында меморандумға отыру.
Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты аудан әкімінің ірі және орта өндіріс орындарымен, жұмыссыздықты болдырмау мақсатындағы екі жақты меморандум қабылданды.
Дағдарысқа байланысты белгіленген іс-шаралар аясында ауданда
2009 жылдың қаңтар - ақпан айларындағы атқарылған әлеуметтік-экономикалық жұмыс қорытындысына тоқталсақ, ол төмендегідей:
Өнеркәсіп
2009 жылғы қаңтар – ақпан айларында Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 199,8 млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 110 пайызға артты.
Бюджет
2009 жылға арналған аудан бюджетінің барлық кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары 1932,615 млн.теңгені құрайды, оның ішінде аудан бюджетінің өз кірісі 356,0 млн. теңге, трансферттер 1576,615 млн. теңге, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 133,638 млн. теңге, даму трансферттер 212,329 млн. теңге, субвенция – 1230,648 млн. теңге.
Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 356 млн. теңге болып, бекітілген (бюджеттің барлық кіріс бөлігінің 22,4 пайызын құрайды), нақты қаңтар – ақпан айларында 58,361 млн. теңге түсіп, жоспар 102,1 пайызға орындалды.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1935,73 млн.теңге. Оның ішінде негізгі басым бағыттарға:
- білім саласына 1073,703 млн. теңге бөлінді, бұл бюджеттің 56,5 пайызын құрайды. 2009 жылға білім саласының материалдық-техникалық базасын жарақтандыруына жергілікті бюджеттен 15,328 мың, республикалық бюджеттен 8,193 млн теңге, білім саласының нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге 15,500 млн. теңге қаралып отыр.
- әлеуметтік салаға 154,118 млн. теңге, оның ішінде балалар жәрдемақысына 46,916 млн. теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 18,311 млн. теңге, еңбекпен қамту бағдарламасына 14,7 млн.теңге қарастырылды. Сонымен қатар, оқу орнын аяқтағаннан кейін ауылдарда жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандарға:
- аудандық бюджеттен 1176 мың теңге ,
- облыстық бюджеттен 1320 мың теңге,
- республикалық бюджеттен 1336,4 мың теңге қаржы қаралып, жиыны 26 маманға қолдау көрсетілмек.
2009 жылы бюджеттен төмендегідей жұмыстарды атқару жоспарланған:
- Зайсан қаласының су жүйесінің реконструкциясының жобалық-сметалық құжатына 20000 мың теңге,
- Каратал ауылының су жүйесінің реконструкциясының жобалық-сметалық құжатына 6000 мың теңге,
- Жарсу ауылының су жүйесінің реконструкциясының жобалық- сметалық құжатына 4000 мың теңге,
- Біржан ауылының су жүйесінің құрылысының жобалық-сметалық құжатын аяқтауға 860 мың теңге,
- Какен- Талды ауылында скважина қазуға 2400 мың теңге,
- Зайсан қаласындағы орталық стадионның реконструкциясын аяқтауға 7487 мың теңге;
- Ломоносов мектебі ғимаратының күрделі жөндеуіне 3500 мың теңге,
- Дауленов мектебінің жылу жүйесі мен қазандығының күрделі жөндеуіне 4000 мың теңге,
- Зайсан қаласындағы №1 балабақшаның ғимаратының, жылу жүйесінің күрделі жөндеуіне 8000 мың теңге,
- Кенсай ауылының су жүйесінің күрделі жөндеуіне 20000 мың теңге,
- Біржан ауылының су жүйесінің күрделі жөндеуіне 5000 мың теңге,
- Зайсан қаласының Бокажанов көшесінің күрделі жөндеуіне 45000 мың теңге.
- Айнабұлақ ауылындағы скважинаның ағымдағы жөндеуіне 670 мың теңге,
- Қарабұлақ ауылының су жүйесін қайта қалпына келтіруге 796 мың теңге,
- Дайыр ауылындағы Орманбетов көшесін жарықтандыруға 2225 мың теңге,
- Каратал ауылындағы Кебаев көшесін жарықтандыруға 3320 мың теңге,
- Шілікті ауылының орталық көшесін жарықтандыруға 2148 мың теңге қаралып отыр.
Мектептердің жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу:
Мужыксу мектебінің қазандығы-1500 мың теңге, Жана-Тұрмыс мектебінің жылу қазандығы 1000 мың теңге, Жамбыл мектебінің жылу қазандығы 1500 мың теңге. Мустафина мектебінің №1 жылу қазандығы 3114,9 мың теңге.
Жолдарды ағымдағы жөндеуге 15069 мың теңге, оның ішінде:
Қабырғатал ауылына кірме жол (13км) -1700 мың теңге, Аккоин кірме жолына (29 км) -2000 мың теңге, Акарал ауылына кірме жол (12 км)- 1600 мың теңге, Омск-Майкапчагай-Шілікті-Акжар (77 км)- 5000 мың теңге, Омск-Майкапчагай –Дайыр-Мужиксу (15 км)- 1320 мың теңге, Зайсан-Шүршүтсу (22 км) -1500 мың теңге, Омск-Майкапчагай-Жинишкесу (6 км) -949 мың теңге, Омск-Майкапчагай-Мукаши (5 км) -1000 мың теңге.
Орташа жөндеу Омск-Майкапчагай-Саржыра-Бакасу (15 км) жолына 24231 мың теңге.
Республикалық бюджеттен:
Білім саласына кабинеттер алуға: Сартерек, Амангельды мектептеріне биология кабинеттерін алуға 8193 мың теңге бөлінді.
Зайсан қаласындағы 60-пәтерлі үйдің құрылысына 195288 мың теңге, 60-пәтерлі үйдің инженерлік желілерінің құрылысына 17041 мың теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен:
Зайсан қаласындағы 135 оқушыға арналған мектеп жанындағы интернатқа ғимарат сатып алуға 79399 мың теңге.
Ауылшаруашылығы
Аудан көлемінде 2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында 1138,1 тонна ет, 3524,6 тонна сүт, 120,3 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 117,4 пайызға, сүт 105,1 пайызға артық өндірілді. Осы жылдың қаңтар айында ірі қара саны 58557 басқа жетіп, өткен жылдың осы мерзімінен салыстырғанда 2,1 пайызға өсті. Қой мен ешкі саны 149665 бас болып, өткен мерзімнен салыстырғанда 0,1 пайызға азайды. Жылқы 10820 бас, өткен жылмен салыстырғанда 11,6 пайызға, құстар саны 28948 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 1,2 пайызға артты.
2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасына сәйкес аудан көлемінде дәнді дақыл, картоп, көкөніс, бақша дақылдарына және жерді тыңайтатын бұршақ (соя), көпжылдық шөп дақылдарын егуге көңіл бөлініп отыр.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
Жыл басынан тіркелген жұмыссыздар саны 135 адам, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өзгеріссіз.
Экономикалық белсенді халықтың ішінен (19958 адам) жұмыссыздар-дың үлес салмағы 1,2 %. Жұмыссыздардың жалпы деңгейі 5,2% құрайды, ол облыстың көрсеткішінен 1,3% төмен.
Есепті мерзімде 88 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе бұл 2008 жылмен салыстырғанда 15 адамға артық. Жыл басынан жаңадан 5 жұмыс орны ашылды. 2009 жылдың басынан аудан бойынша оқуға, біліктілігін арттыруға 1 жұмыссыз жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмыстарда істегендер саны – 72 адам.
2009 жылдың қаңтар-ақпан айларында 224 отбасының 685 мүшесіне 3510 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 1260 отбасының 3132 балаларына 7927,2 мың теңге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы тағайындалып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2770 мың теңге, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы 5200 мың теңге төленді. Тұрғын үй көмегі 36 отбасына 600 мың теңге тағайындалып, төленді.
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңы негізінде ауданда 99 кемтар балаға тұрақты түрде әлеуметтік қызметкерлер қызмет көрсетуде. Жалпы 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 183. Үйде оқып-тәрбиеленгендері үшін жыл басынан бері 32 балаға материалдық қамсыздандыру төленуде. Аудан бойынша жалғыз басты, қараушысы жоқ 101 қарт адамдарға уақытылы көмек көрсетіліп отыр.
Білім саласы
Білім саласы бойынша 2009 жылға нақтыланған бюджеттен 1073 млн 703 мың теңге бөлініп, игерілуде.
Бүгінгі күнге аудан мектептері 14 физика, 12 мультимедия, 5 химия, 7 биология, 1 технология кабинеттерімен, 12 интерактивті тақтамен жабдық-талған.
Мектептердегі 2545 әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары үшін міндетті білім беру қорына жергілікті бюджеттен 21180 мың теңге қаржы қаралып, ыстық тамақпен, маусымдық киіммен және сауықтырылуы қамтамасыз етілуде. Бастауыш сынып оқушыларына ыстық тамақ ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 4238 мың теңге қаржы бөлініп, 406 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
Аз қамтылған жанұялардың және 1 – 4 сыныптардың 1588 оқушылары (бюджеттен 19,4 млн.теңге), үш жақты жасалынған меморандум бойынша ыстық тамақпен 1-4 сыныптардан қосымша 1111 оқушы қамтамасыз етіледі.
Шағын кәсіпкерлік
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы және екінші деңгейдегі банктер арқылы облыстық бюджеттен бөлінген несиені алуға аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 213,9 млн.теңгенің 10 бизнес-жобалары ұсынылып, 2008 жылы 179,8 млн.теңгеге 5 бизнес жоспарлары қаржыландырылса, 2009 жылдың 2 айында 28,5 млн.теңгенің несиесін алуға 2 бизнес жоба облыстық комиссияның оң шешімін алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Инфляция.
2009 жылдың қаңтар айында өткен желтоқсан айына тұтыну тауарлары мен қызметтердің баға индексі – барлығы 100,4 пайызды құрады, соның ішінде азық түлік тауарлары 100,3 пайыз, азық – түлік емес тауарлар 99,5 пайыз, қызметтер – 101,5 пайызды құрады.
Құрметті бүгінгі кездесуге қатысып отырған аудан жұртшылығының өкілдері!
Президенттің Жолдауы халықтың рухын көтереді, халықты ұйымшылдыққа, отаншылдыққа шақырады. Сондай-ақ халықтың өз мүмкіндігін ашуға, жаңа, әлі көзі ашылмаған мүмкіндіктерді, әсіресе жастардың мүмкіндіктерін игеруге жол ашады. Сырттан ешкім келіп бізге көмектеспейді, сырттан ешкім бізді жарылқамайды. Әрбір жерде, кішкентай кәсіпорыннан бастап, әр адам өзінің үлкен жауапкершілігін сезіне отырып, дағдарыстан шығуға үлес қосуы қажет.
Қорыта айтқанда, Елбасының Жолдауы – рухани қуатты құжат. Халықты мемлекетшілдігімізге жұмылдыратын құжат. Бүгінгі біздің міндетіміз – аудандық «Достық» газеті арқылы, аудан халқымен кездесіп Жолдаудың мазмұнын түсіндіру. Халық осыған дейін қандай үлкен қолдау көрсетсе, алдағы уақытта да Президенттің дағдарыс кезінде жариялаған жаңа Жолдауын жұмыла көтеріп, үлкен қолдау көрсетеді деген сенім бар.
Жолдау елді жасампаздықтың жаңа белестеріне бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |