Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде байланысты



Дата16.06.2016
өлшемі174.85 Kb.
#138375
Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде байланысты

2009 жылдың 27 мамырында аудан активі жиынында СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ.
Құрметті әріптестер!

Құрметті активке қатысушылар!
Қай ел болмасын өзінің әлемдік аренада өркениетті, тұғыры берік мемлекет құру мақсатындағы тарихи даму жолында көптеген қиыншылықтар мен шешуі қиын шырғалаң кезеңдерді бастан өткеретіні белгілі. Егемендікке қол созып, тәуелсіздік жолында ерліктің не бір үлгісін көрсеткен елдігі мен бірлігі жарасқан біздің жасампаз мемлекетіміз үшін бұл қиыншылықтар уақытша құбылыстар көрінісі болып қала бермек. Алдына айқын мақсаты мен нақты жоспарын белгілеген мемлекетіміздің тәуелсіздігіне оның еркін даму жолында сыртқы күштердің әсерінен туындайтын уақытша қиындықтар ешқандай сызат түсірмейді және ешқашан түсірмеуі тиіс. «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясының осыдан 10 жыл бұрын өткен І съезінде сөйлеген сөзінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Дағдарыс деген ешқашан мәңгілік болмайды, ол уақытша құбылыс. Кімде кім осы дағдарыстардан аман шықса, ол содан кейін бұрынғыдан да өркендей түседі» деп айтқан сөзін уақыттың өзі дәлелдеп отырғаның көруімізге болады. Қазіргі күнде бүкіл әлемді шарпып, әлеуетті әсері біздің елімізге де тиіп отырған дағдарысқа осы тұрғыдан қарауымыз керек. Бұған дейін бірнеше дағдарыстарды еңсерген мемлекетіміз бұл күндерден де табысты өтіп, бұрынғыдан да қарқынды дамып, өркендей түсетіне сенім мол.

Өйткені жақында ғана Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасымыз қиындықтан шығудың, дағдарысты еңсерудің нақты жолдарын, басты бағыттарын жай ғана көрсетіп қойған жоқ, одан қоғамымыздың жаңарып, бұрынғыдан да жоғары деңгейде дамыту жолдарын айқындап берді.

Бұл, ең біріншіден, агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл шаруашылығын дамыту. Осыған байланысты Елбасымыз айтқандай, бүкіл дүние жүзіндегі азық-түлік өнімдерінің бағасы мен оларға деген сұраныстың өскенін ескере отырып, аграрлық секторды жаңа технологиямен қайта жабдықтап, экспорт көлемін көбейту мәселесін алға тартты.

Сонымен бірге құрылыс индустриясын өркендету, мұнай-газ секторын, металлургияны, химиялық, фармацевтикалық және қорғаныс өнеркәсібін, энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын дамытуға байланысты нақты міндеттер қойылды.

Съезд барысында күн тәртібінде тұрған негізгі мәселелердің бірі - «Нұр Отан» партиясының дағдарысты еңсерудегі рөліне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, партия басшылығына 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық бағдарлама жасау тапсырылып, сонымен бірге съезде партияның 2009-2012 жылдарға арналған даму стратегиясы қабылданып, Жарғысына өзгерістер енгізілді.

Мемлекет басшысы елдің жарқын болашағына кепілдік беретін жоспарланған барлық деңгейдегі шаралардың нақты іске асуын бақылауды партия мүшелеріне үлкен жауапкершілік ретінде жүктеді.

Алдымызда тұрған маңызды міндеттерді, ортақ мақсаттарды жүзеге асыру үшін бүгін барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы – дағдарысты еңсеріп, келешегіміздің кемел, болашағымыздың жарқын боларына бүкіл халық, барша жұрт сенім білдіріп отыр. Себебі «Нұр Отан» партиясы – Ел Президентінің, Ұлт көшбасшысының партиясы. Сондықтан дәл осы сенім, дәл осы қолдау біздің алдағы табыстарымыздың берік іргетасы болатынына толық негіз бар.

Бір сөзбен айтқанда, партияның он жылдық мерейтойымен қатар келген бұл съезд, шын мәнінде еліміздің қоғамдық - саяси өміріндегі тарихи оқиға, мемлекетіміздің дағдарыстан кейінгі дамуын айқындап берген үлкен саяси шара болғаны анық.



Құрметті активке қатысушылар!
Біздің партияның XII съезінің мән мағынасы мен ондағы талқыға түскен мәселелер, сөз жоқ, партия форумы аясында шектеліп қалған жоқ десек, артық айтқандық болмас. «Нұр Отан» өзінің он жылдық тарихында тәжірибелі Елбасымыздың көреген басшылығы мен салиқалы саясатының арқасында Қазақстан қоғамындағы жетекші партияға айнала білді.

Сол себептен де съезде қабылданған шешімдер тек қана партия ішілік деңгейде сақталмай, дамудың жаңа белестеріндегі еліміздің басты айқындаушы рөлін атқармақ.

Бүгінгі күнде «Нұр Отан» партиясының Қазақстандағы саясат жүйесіндегі алып отырған жоғары орнын оның қарсыластарымен бірге саяси сарапшылар да мойындап отыр.

Егер партияның алғашқы құрылған жылдарын еске алсақ, олардың кейбіреулері партияның бүгінгідей жетістіктерді бағындырып, бүкіл халықтық дәрежеге көтеріле алады дегенге сеніңкіремей, күмәнмен қараған еді. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алып, бүгіндері тек қана қазақстандықтардың ғана жаңалық жаршысы болып қана қалмай, еуразиялық идеялардың үлгісі бола білген Ақ орда – жаңа Астанасын салады дегенге оппозициялық күштер мен, кейбір елдер ашық айтпаса да сенімсіздік білдірген еді.

Мұның бәрі іс жүзінде жүзеге асып, қандай партияның болмасын, қандай мемлекеттің болмасын жетістікке жетуі бәрінен бұрын оның көшбасшына байланысты деген шындықтың шынайылығын тағы да бір мәрте дәлелденіп отыр.

Қазіргі кезде бәрімізді толғандырып отырған дағдарысты еңсеру аясындағы жұмыстар - мемлекеттік шаралардың басты бағытына айналды. Оған біз Елбасымыздың 2009 жылдың 6 наурызындағы Халыққа арнаған Жолдауын саралай отырып көз жеткіземіз. Биылғы Жолдаудың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға!» деп аталуының өзі алдағы жылда бізге жүктелетін міндеттердің ауқымының зор екенін айғақтайды. Себебі онда елімізді күрделі экономикалық жағдайдан алып шығудың, мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің нақты жолдары, басты бағыттары белгіленді.

Осындай қиыншылық кезеңде өзінің сара жолын сала білген біздің елдің бүкіл әлем бұл қиындықтан бұрынғыдан әлді, күшті болып шыңдалып шыға алатын санаулы мемлекеттер санатына қосуда.

Елбасының партияның ХІІ съезінде сөйлеген сөзі тарихи, ауқымды құжат деп айтсақ артық болмайды. Онда ғаламдық дағдарыстың салдарының алдын алудың жолдары қарастырылып, қазақстан қоғамының бірінші кезектегі міндеттері белгіленді. Сонымен бірге онда бұдан да әрі алға жылжып, біз көздеген «Қазақстан-2030» Стратегиясына жетуге зор мүмкіндік беретін дағдарыстан кейінгі экономикалық дамуды жүзеге асырудың айқын да нақты жоспары көрсетілген.

Елбасымыз өз сөзінде қазіргі жағдайға қарағанда осыдан 10 жыл бұрынғы жағдайдың әлде қайда нашар болғанын айтып өтті. Ол жылдары да халқымыз осындай дағдарыс қыспағында қалған болатын. Және сол бір кез – біз үшін нағыз шындықты саралайтын сәт болды. Сол сәттерде Қазақстан болашақта қандай болуы керек, біз мемлекеттігімізді сақтап қала аламыз ба деген күмәнге толы сұрақтың шешімін табу күн тәртібіндегі басты мәселеге айналған еді. Сол уақытта, ештеңеге қарамастан, біз жасымадық, үрейге бой алдырмадық, керісінше, біз бірігіп, мықты бола түсіп, жоғары деңгейге көтерілдік. Бізге ең бастысы – уақыт сынағынан өтіп, талай қиыншылықтарда шындала түскен ауызбіршілігіміз көмектесті.

10 жылдық кезең артта қалды. Өткеннен қорытынды шығардық. Бұл тұрғыда атқарылған жұмыстар қазір жетерлік.

Ең бастысы - «Нұр Отан» партиясының әлемдік дағдарыстың тудырар қиышылықтарын жеңу мен Қазақстанды өркендетудегі басты рөлі анықталды.

Біз бүгінгі актив жиналысында Елбасының тапсырған міндеттерін жүзеге асырудағы Жаңаарқа ауданының «Нұр Отан» ХДП-ның және оның бастауыш ұйымдарының орны мен рөлінің қаншалықты деңгейде екенін талқыға салуымыз қажет.

Он жыл әрине, көп те, аз да жыл емес. Бұл жылдар аралығында біздің ауданымыз да, Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге жаңарып, дамудың жаңа бір сатысына көтерілді деп айта аламыз. Оған өздеріңіз кейінгі жылдарда көз алдарыңызда өзгеріп, гүлденіп жатқан ауданымыздағы орын алып жатқан оң өзгерістерге куә болып, көз жеткізіп келесіздер. Облыс бойынша даму қарқыны жағынан үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан біздің аудан, Қазақстаннның дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан аймақ деп айта аламыз.

Нақтырақ айтсақ, өткен 10 жылдың ішінде Жаңаарқа ауданы қандай жетістіктерге қол жеткізді? Бүгінгі жиынымыздың негізгі өзегі осы сұрақ аясында өрбитін болады.

Өндірілген өнеркәсіп көлемі 3 есе өсіп, 2 млрд. 77 млн.теңгені құрады.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша өндірілген өнім көлемі 3 есе өсті. Сонымен қатар егістік алқаптары біршама ұлғайып, техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 1,5 есеге артты.

Шағын кәсіпкерлік субъектерінің саны 26 есе өсті. Кіші бизнеске бөлінген несие қаржыларының жалпы көлемі 35 есеге көбейді. Бұл саладан бюджеттік кірістер 30 есе артты.

Тартылған инвестиция көлемі 14 есе, құрылыс саласын қаржыландыру көлемі 60 есеге дейін көбейді.

Осы уақыт аралығында ішкі көлік жолдарын жөндеу жұмыстарына 144 млн. 256 мың теңге бөлініп, көшелердің жолдарына 86 мың шаршы метрге асфальт төселді.

Аудандық білім саласына бөлінетін қаржы көлемі 12,8 есеге артып, 1 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады.

Жаңадан мектеп салу жұмыстары да ауданымызда кейінгі жылдары жаңданып келеді. 2006 жылы Ералиев селосында жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы Ескене, Ақтау ауылындарында мектеп құрылыстары басталып, 2010 жылы аяқталады.

Осы уақыт аралығында 2 балабақша пайдалануға берілді, сонымен қатар мини орталықтар ашу жұмыстары қолға алынды.

Елбасының тапсырған жалпы білім беретін орта мектептерді компьютерлендіру жұмыстары ауданымызда өз деңгейінде орындалуда. Бүгінгі күні аудан мектептерінің барлығы кейінгі үлгідегі компьютермен жабдықталып, 100 пайыз интернетке қосылды.

Жыл сайын аудандық бюджеттен мәдениет ошақтарынның күрделі жөндеуіне қомақты қаржы бөлінуде. Егер, 1999 жылы аудан бойынша тек 1 клуб пен 17 кітапхана болса, бүгінгі күні ауданда 42 мәдениет ошақтары халыққа қызмет етуде.

Тек кейінгі екі жылда 7 елді мекендерде клуб, 5 елді мекендерде кітапханалар ашылды.

Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы негізінде бүгінгі күнге тұрғын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде оңтайлы шаралар іске асырылуда. «Таза су» бағдарламасы бойынша 42 км су құбырлары тартылып, нәтижесінде аудан орталығы тұрғындарының 73%, ауылдық елді-мекен тұрғындарының 55% орталықтандырылған таза сумен толық қамтамасыз етілуде.

Көріп отырғанымыздай ауданымыздың динамикалық дамуы әлеуметтік-экономикалық өлшеуіш бола алады. Уақыттың бір орында тұрмайтынын ескерсек, осы жетістіктерімізді одан әрі дамытып, аймақтың бұрынғыдан да көркейіп, өркендей түсуі жолында жан-жақты жұмыстар атқарыла беретін болады.

Елбасының тікелей тапсырмасынан бастау алған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында нақты бағдарлама жасалып, бөлінген қаржы көлемінде жұмыстар басталды.

Жалпы «Жол картасы» бағдарламасының негізгі мақсаты коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік нысандар мен жолдарды жөндеу арқылы тұрғын халықты жұмыспен қамту. Бұл мақсатқа аудан бойынша 34 жобаға 106 млн. 244 мың теңге қаражат бөлініп, нәтижесінде 637 адам жұмыспен қамтылады, жұмысшы мамандықтарын игеру үшін қайта даярлау курстарында 132 адам жіберілді. Олар сылақшы, сантехник, ағаш шебері, кровельщик жестянщик, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын игеріп болашақта осы мамандықтар бойынша жұмыс атқаруға мүмкіндік алады. Оқу барысында аталған азаматтарға 7,5 мың теңге көлемінде стипендия төленеді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыға тоқтала кетсек:

- Атасу кентіндегі тозығы жеткен локалдық жылу беру қазандықтары жүйелерін мен жылу құбырларын жөндеуге 51 млн. 544 мың теңге;


  • Бидайық, Ескене, Ералиев елді мекендеріндегі мәдени ошақтардың ағымдық жөндеуіне 7 млн 276,0 мың теңге;

  • Ералиев, Түгіскен елді мекендері мен Қызылжар кентінің жолдарын ағымдық жөндеу жұмыстарына 7 млн. 32,0 мың теңге.

  • Ауданның 11 мектебіне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге 22 млн. 24 мың теңге;(Атасу, Манадыр станцияларында, Айнабұлақ, Ақтайлақ, Атасу, Ынтымақ, Түгіскен, Кенжебай Самай, Орынбай, Жұмажанов атындағы елді мекендерде және 189 разъезде )

  • Ақтүбек, Бидайық, Ынтымақ елді мекендерінің жолдарын ағымдық жөндеу жұмыстарына 3728,0 мың теңге;

  • Ақтасты, Ақтау елді мекендеріндегі мәдени ошақтарды ағымдық жөндеуге 1 млн. 212,0 мың теңге.

  • Сейфуллин, Ақтау, Жұмажанов Түгіскен селолық округтеріндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тазалау үшін 3 млн. 413,0 мың теңге;

  • Ақтау, Ақтүбек, Ынталы, Жұмажанов елді мекендері мен Қызылжар кентінде денсаулық сақтау нысандарын ағымдық жөндеуге 10015 мың теңге бөлінді..

Барлық жобалар бойынша сметалар әзірленіп, мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдері заңбұзушылыққа жол бермеу мақсатында «Нұр Отан» ХДП-ның және аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қаржы дағдарысына байланысты қазіргі уақытта барлық саладағы қаржы айналымын жоспарлау мұқият қадағалауды қажет етеді. Сол себепті мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатты қайда, қалай жұмсауды анықтап, ең бастысы жұмыспен қамту, отандық кәсіпорындардың потенциалын пайдалану, оларды барынша қолдау секілді шараларға баса назар аударуымыз керек.

Қаржы дағдарысын еңсеріп одан шығуымызға кәсіпкерлеріміз де өз үлестерін қосуда. Ауданымызда Елбасының тапсырмасына сәйкес бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігі аясында екі жылдан бері қомақты жұмыстар атқарылып келеді. Аудан кәсіпкерлері өздерінің жауапкершілігін сезініп, 2008 жылы 5 млн. теңге көлемінде 26 әлеуметтік бағдарламаларға демеушілік көрсетсе, кеше ғана аудан әкімшілігінде өткен әлеуметтік бағдарламалар жәрмеңкесінде ауданның кәсіпкерлері құны 6 млн. 100 мың тұратын, ауданның 80 жылдығына орай жасалған әлеуметтік жобаларға демеушілік көрсету жөнінде міндеттеме алды.

Өздеріңізге белгілі, 2010 жылдың бірінші қаңтарынан бастап «Қазақстан – 2030» Стратегиясының аясында біз индустриялық-иновациялық жедел даму бесжылдығын бастаймыз. Сол себептен де Елбасымыз баса назар аудара отырып айтқандай біз әлемнің барлық мемлекеттерінде өткен ғасырдың басында болған индустрияландыру сияқты емес, иновациялық индустрияландыруды жүзеге асыруды міндеттеніп отырмыз. Біздің индустрияландыру әлемдік экономиканың қазіргі даму ғұрпына сәйкес болуы тиіс. Және бұл біздің жалпыұлттық идеямыздың көрінісіне айналмақ.

Осы себептен де біз ауданымыздағы өнеркәсіптерді заман талабына сай дамыту жұмыстарын қолға алуымыз қажет.

Осының негізінде:

- біріншіден, бізге ауданымыздың қазіргі заманға сай әлемдік даму тенденциясын есепке ала отырып 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарын дайындау мәселесін шешуіміз керек.

- екіншіден ауданымыздағы кәсіпкерлердің заман талабына сай, бәсекеге қабілетті өнім шығаруына барынша жағдай жасау мәселесін ойластыру қажет.. Ол үшін кәсіпкерлердің жаңа мүкіндіктеріне жол ашатын тиімді инвестициялық қолдау мен қажетті инфрақұрылымға қол жетуіне жағдай жасау жұмыстарын дамыта түсуіміз керек. Мұны жүзеге асыру үшін өнеркәсіп тауарлары сатылымға шығып, барынша бәсекеге қабілетті болуы үшін жан-жақты жұмыстар жасалуы қажет.

Осы жерде біз аудан экономикасының қай саласындағы жұмыстарды қарқынды түрде дамытуымыз қажет деген сұрақ туындайды.



Бірінші бағыт – агроөнеркәсіптік кешені мен ауылшаруашылық өнімдері.

Ауданымыздың негізгі бағыты агроөнеркәсіп саласы болғандықтан, бұл салаға баса назар аударып, нәтижесінде елеулі жетістіктергеқол жеткізіп отырмыз.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі Ауыл жылы деп жарияланған алғашқы 2003 жылы 1850,0 млн. теңге болса қазіргі кезде бұл көрсеткіш 2,3 есеге ұлғайып 4297,0 млн.теңге құрап отыр. Ет өндіру көлемі 8,0 мың тоннадан 9,7 мың тоннаға дейін өсті немесе 1,2 есеге, сүт өндіру 25 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін ұлғайды

Аграрлық сектордың бәсекелестікке қабілеттілігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу, ұқсату кәсіпорындарын дамытумен тікелей байланысты. Бұл тұрғыда аудан көлемінде айтарлықтай істерге қол жеткіздік, атап айтқанда «Жеңіс» акционерлік қоғамында қуаттылығы 3 тонналық мұздатқышы бар ет консервілеу цехы пайдалануға берілсе, Ералиев селолық округінде де ет өңдейтін цех биыл іске қосылмақшы. Осы мақсатта «Зергер Агро» ауылдық тұтыну кооперативі құрылып сүт зауыты жаз айларында пайдалануға беріледі.

Машина-трактор паркі жаңару үстінде тек қана 2008 жылы ауданымыздың шаруа қожалықтары 164,7 млн. теңгеге түрлі ауылшаруашылық техникаларын сатып алды, биылғы жылы шаруа қожалықтары «Агроконсалтинг-К» АҚ лизингілік компаниясы арқылы жалпы құны 35 млн теңге тұратын ауылшаруашылық техникаларына сұраныс беріп отыр.

Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдауды күшейтудің нәтижесінде оның өндірісі тұрақтандырылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Алайда, егін шаруашылығында егін егетін 98 шаруашылықтың 30 пайызы 300 гектардан аспайтын егістік жерлерді иемденіп отыр. Қолда бар техникалардың бәрі тозығы жеткен. Бұл өз кезегінде жерді пайдаланудың агротехникалық талаптарын сақтамай, өнімнің жылдан жылға нашарлауына жол беріп отыр. Сондықтан да алда тұрған талап, шаруашылықты ірілендіру арқылы несиелік көздерден қаражаттарды алу, ылғал ұстағыш технологиялармен жұмыс істейтін техникаларды тарту, лизинглік компанияларға кіру. Мал шаруашылығының басым міндеттерінің бірі мал тұқымын асылдандыру кейінгі алған қолдан ұрықтардыру пунктерінің жұмысын қадағалап, бақылауда ұстап отыру, әр ауылдан ауылдық тұтыну коооперативтерін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып, сол арқылы жеңілдетілген несиелік қаражаттар көзіне кіру.

Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы мен аграрлық жұмыстарын жандандырып, жаңартуды аудан әкімінің орынбасары Б. Қасеновке., аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Д. Ахметовке тапсырамын.


  • Агроөнеркәсіп кешенінде түрлі қорлардан қаржы тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу.

  • Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2011 жылы өндірілетін ауылшаруашылығы өнім көлемін 4800,0 млн. теңгеге, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге дейін жеткізу.

  • Агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамуына ықпал ететін иновациялық бағдарламалар жасап, жаңа технологияларды енгізу арқылы жаңа техникалардың үлес салмағын арттыру

  • Мал басының санының өсуі мен сапасын жақсарту жұмыстарын жүргізу;

Екінші бағыт – «Құрылыс индустриясын дамыту мен құрылыс материалдарын өндіру»

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрғын үй құрылысы туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес ауданда 2009 жылы 7560 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Биылғы жылға аудан бойынша атқарылатын инвестициялық жобалардың және жүргізілетін күрделі құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 597,6 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылы, Республикалық бюджеттен 163,0 млн. теңге бөлінді. Олар Байдалы би ауылында су құбырын салуға 102,5 млн.теңге бөлінді, ол жерде 20 адамға жұмыс беріледі.

Екі 6 пәтерлі жалға берілетін үйлердің құрылысына 42,0 млн. тенге көлемінде ақша бөлініп, оған 10 адам жұмысқа тартылды.

Биылғы жылы облыстық бюджеттен аудандағы құрылыс жұмыстарына 299,8 млн.тенге бөлініп отыр, оның ішінде Атасу кентінің су құбырының желісін құруға 95,4 млн. теңге - 15 адам, Ескене ауылы бойынша 320 орынды мектеп құрылысына 83,1 млн.теңге бөлініп, оған 20 адам, барлығы осы жұмыстарға 35 адам жіберіледі.

Атасу кентінің су тазалау құбырының құрылысына 51,3 млн.теңге бөлініп, 15 адам жұмысқа бекітіледі.

Аудандық бюджеттен бөлінген 134,8 млн.теңгеге мектептерді күрделі жөндеуге 15,0 млн.теңге - 10 адам, «Ертөстік» балабақшасын күрделі жөндеуге 17,1 млн. теңге - 10 адам, авто көлік жолдарды жөндеуге 34,7 млн. теңге - 10 адам, Атасу кентінің абаттандыру жұмысына 55,8 млн. теңге - 15 адам, барлығы осы жұмыстарға 45 адам тартылады.

Ауданымыз бойынша жұмыстан босаған адамдарды құрылыс жұмыстарына алу үшін тендерді ұтып алған құрылысшылармен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында меморандум жасалынады.

Ауданымыздағы құрылыс саласындағы жұмыстардың дамуын үзбей қадағалау күн тәртібінен түспейтін басты мәселеге айналуы тиіс.

Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасарлары М. Жандаулетовке, Б. Қасеновке, М. Әбдішевке, кенттер мен селолық округтер әкімдеріне

- Ауданда құрылыс жұмыстарына байланысты және «Жол картасында» бекітілген нысандарының жөндеу жұмыстарының сапасын сонымен қатар жұмыстардың дер кезінде аяқталуын және бұл салада жұмыссыз адамдардың еңбекпен қамтылуын қадағалауды тапсырамын.

- бөлінген инвестицияларды құрылыс жобаларын іске асыруға пайдалануды ерекше бақылауда ұстау міндеттеледі.



Үшінші бағыт – транспорт пен телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту жұмыстыры жүзеге асыру

Ауданымызға қарасты республикалық маңызы бар 361 километр жол, облыстық маңызы бар 421 километр жол, аудандық маңызы бар 97,1 километр жолдары бар. Аудандық маңызы бар жолдарды күтуге облыстық трансферттен 1253,0 мың теңге бөлініп, жолдарды күту жұмыстары жүргізілуде.

Кейінгі жылдары кентті абаттандыру жоспары бойынша белгіленген ішкі көлік жолдарын жөндеу жұмыстары жыл сайын жоғары сапада жүргізіліп келеді. Былтырғы 2008 жылдың өзінде Жамбыл, Сарытоқа және Садуақасова көшелерінің жолдарына 15224 шаршы метр аумағына асфальт төселіп, 24 млн. 400 мың теңге қаржы игерілді. Ал облыстан бөлінген 3 млн. 467 мың теңгеге селолық округтердің кіре беріс жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

2009 жылға ішкі жолдарды орта жөндеуден өткізу үшін – 35282,0 мың тенге бөлініп отыр. Оған арнайы құрылған комиссия ұсынысы негізінде Атасу кентінің жолдарына асфальт төселетін болады.

Телекоммуникация саласында да игі бастамалар іске асырылды. Өткен 2008 жылдың өзін ғана алсақ Айнабұлақ селолық округінде жиі бұзылатын ескі кабельдік жүйенінің орнына құны 6,0 млн. теңге құрайтын цифрлы жер серігі арқылы жұмыс атқаратын SKI Edge (Скай Эдж) жүйесі іске қосылды, Атасу мен Қызылжар кенттерінде әр қайсысына құны 20,0 млн. теңгені құрайтын сымсыз радио байланыс арқылы жұмыс істейтін цифрлы байланыс жүйелері қойылды. Бұл жүйелер 30 км аумақты қамтиды, ол өз кезегінде Атасу мен Қызылжар кенттеріне жақын орналасқан, бірақ телефон орнату мәселелері осы уақытқа дейін қиындық туғызып отырған Түгіскен, М. Жұмажанов, Ескене, Ақтайлақ, 69 рзд, Алғабас, Ақтасты елді мекендерінің тұрғындарына бір күнде телефон орнату мүмкіндігін берді. Бидайық және Ералиев селолық округтерінде аналогтық АТС цифрлы жүйеге ауыстырылды. Жалпы телекоммуникация саласына 2008 жылы 60 млн. теңге көлемінде инвестициялар тартылды.

Аудан орталығының тұрғындары кең жолақты Интернет пайдалану мүмкідгіне ие болып отыр, болашақта мұндай жұмыстар селолық округтерде де атқарылады.

Қол жеткен жетістікітермен ғана шектеліп қалмай транспорт пен телекоммуникация саласын дамытудың нақты жолдарын айқындап, жетілдіру жұмыстарын жүргізуіміз керек.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары М. Әбдішевке., аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Б. Пазыловқа транспорт саласындағы жобаларды жетілдіріп, жүзеге асырудың нақты шараларын жасауды тапсырамын.

Осы айтылған тапсырмалардың жүзеге асуының басты маңыздылығы, болашақта ауданымыздың экономикасының өсуіне жол ашып қана қоймай, Қазақстан өнеркәсібінің дамуына қосар қомақты үлес болмақ.



Осыған сәйкес аудан әкімі аппаратының жетекшісі мен әкім орынбасарларына Елбасының «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде тапсырылған міндеттерін жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралар Жоспары жобасын Қазақстан Үкіметі Жоспарды бекіткен соң бір апта көлемінде дайындауды тапсырамын.

Құрметті әріптестер!
Елбасының елдің жарқын болашағы үшін қолға алып жатқан барлық шараларынан туындайтын міндеттердің шешімі жаңа амалдар қарастыруды талап етеді. Ауданның дамуына үлес қоса алар барлық мекемелер қазірден бастап жұмыс жүргізудің жаңа үлгісі мен әдіс-тәсілдерін қарастыруы керек.

Біз партия аясында қандай да бір жоспарлардың жаңа үлгісін іске қоссақ та, олардың жүзеге асуы негізінен адам факторына байланысты. Сол себептен де біз барлық елді мекендердегі жергілікті партия өкілдігінің жетекшілерінің жұмысын нығайта түсуіміз қажет.

Біз ауданның дамуын қаласақ, оған барар жолды мамандарды дұрыс таңдай білуден бастауымыз қажет. Қазіргі жас маман ертеңгі елдің тізгінің ұстар тұлғаға айналуы тиіс. Сондықтан да бұл тұрғыда атқарылар жұмыстарға мұқият қарап, маманды жұмысқа аларда сараптамалар жүргізіп отыруымыз тиіс. Бұл барлық саладағы жұмыс орындарына қатысты. Егер дұрыс мамандарға таңдау жасай білсек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын біршама жылдамдатар едік.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, "Партия кадрларының бойында көшбасшылық қасиеттер мен кәсіби біліктілікті сіңіруге мүмкіндік жасауымыз қажет» - деп атап өтті. Ол үшін аудан халқының саяси көзқарастарын дұрыс қалыптастыру аясындағы жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Сонда ғана біз Елбасының тапсырмаларын орындап, «Нұр Отан» партиясының шын мәнінде Қазақстанның саяси жүйесінде жетекші рөл атқаруына өз үлесімізді қоса аламыз.

Біз аудандағы партия беделін күшейтуіміз керек. Ол деңгейге жету үшін саяси-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, аудандық, жергілікті партия өкілдігі мен әкімшіліктердің бірлесе қызмет атқаруы үшін жаңа жоспар жасау керек.

Партия Жарғысындағы өзгерістерге сәйкес партия ішілік тәртіптің деңгейін көтере отырып, жемқорлыққа қарсы күрес шараларына құрылған партия комиссиясы мен қоғамдық Кеңестің жұмысын күшейту қажет. Және де жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолданысқа енгізіп, осы тараптағы жұмыстарды жоғары деңгейде іске асыру қажет. Елбасының тапсырмасына сәйкес, бұл тұрғыда әрине Заң қорғаушы органдары да өз жұмыстарына мұқият қарап, құқықтық тәртіпті, заңдылықты, қоғамдық, экономикалық, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі шарт.

Аудандық, жергілікті партия өкілдігінің қоғамдық қабылдауы жұмыстарын үзбей саралап, талдап, олардың тек қана тұрғындардың мәселесін тиімді шешу бағытында жұмыс жасауын жиі бақылауда ұстауымыз керек.

Қазіргі кездегідей қиыншылықтар туындаған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының да маңыздылығы зор.

Жергілікті ақпарат құралдары мемлекеттік тапсырыс негізінде ғана емес қоғамдық көзқарасқа сәйкес те жұмыс жасау қажет. Сонда ғана шыңайы бағдарлар таңдалып, нақты қадамдар жасауға жол ашылады.

Дағдарыстан шығудың айқын жолдарын көрсете білген Елбасымыздың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты» Жолдауы мен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде айқындалған міндеттер басты мақсатын аудан халқына түсіндіру үшін көп жұмыстар атқаруымыз қажет. Бұл тұрғыдағы ұйымдастырушылық жұмыстарды «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бірлесе атқаруы тиіс.

Партия көшбасшысының баяндамасында атап көрсетілгендей, бүкіл Қазақстандықтар үшін 2 жылдан кейін аталатын айрықша күн – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы аса ауқымды идеологиялық мәнге ие.

Сондықтан да Елбасымыздың алдымызға қойған тапсырмаларды орындаған жағдайда, бұл күнді Біз экономикада, әлеуметтік салада, ғылым мен мәдениетте жаңа жетістіктермен қарсы алатымызға сеніміміз мол.




Қадірлі әріптестер!
Бүгінгі күні Біз дағдарыстың тудырып отырған қиыншылығына мойып, жасымауымыз қажет. Ұйымшылдық танытып алдағы міндеттерді зор құлшыныспен атқаруға ұмтыла түсуіміз керек. Келе жатқан ауданымыздың 80 жылдығы мерей тойында барлығымыз бір кісідей бірлік пен ынтымақтастық аясында, жарасқан молшылық деңгейінде атап өтетінімізге сенімдімін.

Барлығымыздың алдымызда тұрған басты мақсатымыз бір-ақ нәрсе. Ол – Елбасының биылғы халыққа Жолдауымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс ХІІ съезінде айқындап берген міндеттерді толығымен жүзеге асыру. Осы жолда баршаңызға еңбектеріңіздің табысты болып, еліміздің одан әрі гүлдене беруіне тілектеспін.


Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет