Аудан әкімі Х. Н. Омаровтың
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға!» атты халыққа Жолдауына байланысты
2009 жылдың 19 наурызында аудан активі жиынында СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ.
Қадірлі жерлестер!
Құрметті әріптестер!
Осыдан санаулы күн бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады.
Биылғы Жолдаудың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға!» деп аталуының өзі алдағы жылда бізге жүктелетін міндеттердің ауқымының зор екенін айғақтайды. Себебі онда елімізді күрделі экономикалық жағдайдан алып шығудың, мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз етудің нақты жолдары, басты бағыттары белгіленді.
Ел Президенті өз сөзін «Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады.» - деп бастады. Сол себептен де біз қазіргі халықтың жағдайы мен болашақ ұрпақтың қамы үшін аянбай еңбек етуіміз керек.
Дағдарыс – қазіргі кезде әлем бойынша басты назарға алынған тақырып. Мемлекет басшысы әлі де жағдайдың қалыпқа түспей отырғандығын айта келіп, кейін ғаламдық қаржы жүйесінің, тіпті саяси басқарудың да өзгеруі мүмкін екендігін жеткізді.
Әрине, дағдарыс - уақытша құбылыс, бірақ сол уақытша дүниенің өзі мемлекет келешегіне үлкен әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті бүгінгі күні дағдарыстан шығумен қатар, одан кейінгі даму жолын қалыптастыру - өте өзекті де, өте маңызды мәселе деп айтуға болады. Осыған байланысты Жолдауда экономиканы жаңғырту, оның басым салалары энергетика, көлік және индустрияны дамытудың жаңа жоспарын іске асыруға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және оларды жүзеге асыру да жалғасын табады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуде шикізат секторынан түсетін кірістер республикалық бюджеттің қажетіне жұмсалатын болады. Тағы бір маңызды қаржы көзі ретінде Елбасы бюджет қаражатын үнемдеу және аса қатаң қаржылық тәртіп орнату қажеттігін де атап көрсетті.
Қазіргі кезде сарапшылар елдегі жұмыс орындарын ашу мен жұмыссыздықты қысқарту – дағдарысты тежер бірден-бір әрекет дегенге тоқталады. Сондықтан да Жолдау барысында Мемлекет басшысы бұл мәселеге терең тоқталып, Үкіметке жұмыспен қамту, мамандарды қайта даярлау үшін 140 млрд. теңге бөлуді тапсырды. Осы қаражат арқылы дағдарыс жағдайында жұмыстан босап қалғандар үшін жаңа жұмыс орындары құрылып, кем дегенде 350 мыңнан астам қазақстандықтар жұмысқа орналасатын болады. Осыған орай жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық проблемасын шешуде жергілікті билік пен мәслихаттарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол себепті мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатты қайда, қалай жұмсауды анықтап, ең бастысы жұмыспен қамту, отандық кәсіпорындардың потенциалын пайдалану, оларды барынша қолдау секілді шараларға баса назар аударуымыз керек.
Өздеріңізге белгілі, бұл бағытта ауданымызда біршама шаруалар атқарылды. Дағдарысқа қарсы арнайы ауданымызда жұмысшы тобы құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. 2009-2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды. Сонымен қатар аудандық бағдарлама бекітіліп, болуы мүмкін қысқартулардың болжам картасы жасалды. Дағдарыстың алдын-алу үшін ауданда өнім көлемін төмендетпеуге жұмысшыларды әлеуметтік жағынан қорғауға бағытталаған іс-шаралар әзірленіп, аудан әкімшілігі жұмыс беруші 6 үлкен кәсіпорындармен меморандумға отырды. Олар: «Сәкен» ЖШС, «Жаңаарқа жылу» КММ, «Зергер - СБ» ЖШС, «Жеңіс» АҚ, ПЧ – 28 теміржол дистансасы, «Таза-су » КММ.
Сонымен қатар аудандағы бағаны тұрақтандыру негізінде 6 кәсіпорынмен, 40 дүкен және аудан орталығындағы 2 базар басшылығымен және де 3 дәріхана иегерлерімен дәрі-дәрмектердің және бірінші кезектегі қажетті азық-түліктердің бағасын көтермеу жөнінде меморандумға қол қойылды. Осының бәрі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өндірістерді дамытып, жұмыс орындарын сақтауға және халықты әлеуметтік қорғауға үлкен көмек болады деп ойлаймыз. Бұл өзекті жұмыстың бастамасы ғана, ол алдағы уақытта да жалғасын табады.
Құрметті активке қатысушылар!
Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы – бұл халықтың болашаққа деген сенімін күшейтетін, елді бірлікке, ынтымаққа, екпінді еңбек етуге шақыратын аса маңызды стратегиялық құжат. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы барысында Үкімет алдында тұрған тапсырмалар легі айқындалып, нақты міндеттер жүктелді. Атап айтқанда, Президент бізге экономиканы ары қарай дамыту және әртараптандыра отырып жетілдіруді қатты тапсырды. Сонымен қатар Елбасы өз Жолдауында халықты жұмыспен қамту мәселесі мен шағын және орта бизнесті, сондай-ақ аграрлық секторды дамытуды қадап айтты. Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығын реформалауды да айрықша ескертті. Үкімет аталған тапсырмаларды орындау үшін бар күшін салып, Президенттің қойған міндеттерін жүзеге асыру жолында барлық шараларды атқаратыны сөзсіз.
Осыған орай бүгінгі күні біздің алдымызда тұрған басты міндет – ол жасалып жатқан жұмыстардың бәрін халыққа дұрыс түсіндіру, жан-жақты жеткізу. Дағдарыс секілді әлемдік деңгейдегі алапат құбылысты бір адам ғана қарсы тұрып жеңуі мүмкін емес, сондықтан халық болып, ел болып бірігуіміз керек. Қазіргі кезде орын алып жатқан мәселелерге байыппен қарап, түсіністік көрсетуіміз қажет.
Қазақстан дағдарыстың қауіпін дер кезінде сезініп, оған қарсы іс-шараларды жедел түрде ұйымдастыра білген алғашқы мемлекеттердің бірі. Осындай нақты қадамдардың негізінде бұл қиыншылықтарды жеңіп шығуға деген халықтың сенімі күшейе түсуде. Елімізде дағдарыстың нышандары байқала бастаған уақыттың өзінде дағдарысқа қарсы іс-шаралар жасалып, елдегі жағдайлар сараланып, жүйеленді. Осы тұрғыдан алғанда биылғы Елбасымыздың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа арнаған Жолдауы - нақты уақытында шешімін тауып қабылданған маңызы зор құжат.
Елбасының бұл Жолдауы қалып-формасы тұрғысынан ғана емес, мазмұны жағынан да ерекше болды. Оның басты мазмұны дағдарыс жағдайында елдің стратегиялық басымдықтарының сол күйінде сақталатындығында және жаңа жағдайларға лайықталып, қажетті өзгерістер енгізіліп түзетілетіндігіне саяды. Яғни біз өз алдымызға қойған биік мұраттардан бас тартпаймыз, сол бағытта дами береміз, бірақ дағдарыстың әсерін ескере отырып, өз жоспарларымызға біршама өзгерістер енгізетін боламыз. Тек өзгеріссіз қалатын басымдық бар, ол – әлеуметтік қолдау. Қандай экономикалық факторлар ықпалын жүргізсе де, әлемдегі жағдай қалай өзгерсе де, мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы басымдықтары сол күйінде сақталып қана қоймай, одан бетер ұлғая түспекші.
Сондықтан биылғы Жолдау халық тарапынан жан-жақты, ірі зор қолдауға ие болуда. Елімізде жаппай жоғары бағаға ие болған бұл құжат біздің ауданымызда да кеңінен қолдау табуда. Ендеше біздер Жолдауда берілген міндеттерді зор жауапкершілікпен қабылдап, бірлескен түрде дағдарыс қиыншылығын тез арада жеңіп шығу мақсатында жұмыла жұмыс атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз Қазақстанның мықты да гүлденген мемлекет ретінде дамуына өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.
Қадірменді әріптестер!
Елбасымыздың биылғы Жолдауы алдағы уақытта біз атқаратын жұмыстар мен бағыттарды айқындап берді. Бұл бойынша елімізде қазіргі кездің өзінде нақты іс-шаралар қабылданып, жүйелі жұмыс өз ісін бастады.
Бәрімізге белгілі наурыздың 13-ші жұлдызында Қарағанды облысының әкімі Н. З. Нығматтулин Елбасының Жолдауына байланысты облыс активі жиынын өткізген болатын. Жиын барысында облыс әкімі Жолдаудың маңыздылығы мен дағдарысқа байланысты облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уатытта іске асыратын міндеттерге байланысты тапсырмаларды айқындады.
Әлемдік нарықтағы Қазақсатаннан оның ішінде Қарағанды облысынан экспортталатын негізгі тауарларға сұраныстың азаюуы әр саладағы өндірістің азаюуына әкеліп соғуда. Бұл жағдай ел экономикасымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігіне кері әсерін тигізуде.
Осы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша облыстағы өндірістердегі өнім көлемінің қысқару көрсеткіштері 26,7 пайызды, құрылыс саласында 36,7 пайызды құрады.
Күннен-күнге металл өнімдерінің бағасы айтарлықтай төмендеп, оған деген сұраныс көлемі қысқара түсуде.
Егер «Арселор Миттал Темиртау» компаниясының жалға беру тапсырысының жиынтығы 301 тоннаны құраса, қазіргі кезеңде айына 246 тоннаны құрайды. «Қазақмыс» корпорацясындағы мыс бағасы тоннасына 8 мың 600 доллардан 3 мың 600 долларға дейін құлдырады.
Бұл жағдай облысымыздағы ірі кәсіпорындардағы өнім көлемінің төмендеуіне әсер етуде.
Қазіргі жағдайда облысымызда жұмыс орындарының қысқаруы мен қатар 15 мыңнан астам адам жұмыссыз қалу қауіпі бар.
Осындай экономикамыз үшін ауыртпалық тудырып отырған себептерге байланысты облыста дағдарысқа қарсы шаралар жүйесі жасалынып нақты қадамдар іске асырылуда. Облыс әкімі Н. З. Нығматуллин жаһандық қаржы дағдарысының облысқа әсерін саралай отырып, Елбасы Жолдауы негізінде әр сала бойынша нақты тапсырмалар берді.
Біз де Елбасымыздың биылғы Жолдауын ескере отырып, облыс әкімінің тапсырмаларының біздің де ауданымызда оң шешімін табуы үшін нақты міндеттерімізді айқындап, жан-жақты жұмыс атқаруымыз керек.
Жолдауда айтылғандай дағдарыстан кейінгі уақытта ауданымыздың дамуын қамтамасыз ету жұмыстары басты назарда болуы тиіс.
Осы уақытқа дейін ауданымызда жұмыс орындары қысқару салдарынан туындайтын әрекеттерді саралау жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатта ауданымызда мүмкіндігінше жұмыс орындары ашылып, қосымша қаржылар қарастырылады.
Жолдауда басты назар аударылғандай қазіргі кездегі қиыншылыққа байланысты ауданымыздағы бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң түрде үнемдеу және аса қатаң қаржы тәртібін жүргізуіміз керек.
Мұндай жұмыстар біздің ауданымызда атқарылып та жатыр. 2009 жылға арналған аудан бюджетін қарлыптастыру кезінде мемлекеттік мекемелерге арналған көлік құралдарына, қымбат бағалы кеңсе жиһаздарына, мерекелік іс-шараларға, компьютермен жабдықтауға, мемлекеттік мекемелерге құрал-жабдықтар алу мен күрделі-жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы толығымен алынып тасталды.
Қазіргі кезде де бюджеттің барлық деңгейлеріндегі қорларды әлі де болса оңтайландыруға болады деп ойлаймын.
Осыған байланысты:
- Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, поселке және селолық округ әкімдері басым емес сипаттағы шығындарды оңтайландыруға байланысты жобаларын маслихат депутаттарының талқылауына ұсынуын және үнемделген қаржы жұмыспен қамту мақсатында жаңа жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандарды жылылау, жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға жұмсалуын тапсырамын.
Айрықша ескеретін мәселе - барлық деңгейдегі бюджет ең бірінші кезекте тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету халықты әлеуметтік қорғау бағытына сәйкес жұмыс істеуі қажет.
Бюджет қаржысын тиімді пайдалану мақсатында:
- Аудандық қаржы бөліміне бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді пайдалану үшін апта сайынғы жіті бақылау мониторингісін жүргізіп отыруды тапсырамын.
Жолдаудың маңызды бөлігі ретінде Елбасының Үкіметке қарастырылған әлеуметтік төлемдерді және бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық тапсырыстары толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндеттегенін айтып өтуіміз керек.
Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджеттік мекемелер қызметкерлердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады.
Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі.
Біздің алдымызда Елбасымыз тапсырған дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде өте маңызды үлкен міндеттер тұр.
Елбасымыз Жолдауда Дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғырту және халықты жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынды.
Осыған байланысты Елбасы тарапынан Үкімет пен мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Басты тапсырма ретінде жергілікті жұмыспен қамту Стратегиясы мен мамандарды қайта даярлау жұмыстары таңдалды.
Екінші мәселе ретінде дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету қарастырылды.
Осыған байланысты Үкімет 2009 жылға Елбасының Жолдауын іске асырудың болжам картасы деген атауға ие болған іс-шара жоспары қабылданды.
Белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында 200 млд. теңгеден астам қаржы қарастырылды. Осы қаржының айтарлықтай бөлігі Қарағанды облысына бөлінгелі отыр.
Осыған байланысты:
- Аудан әкімінің орынбасарларына қаржыға, құрал-жабдықтар мен жұмыс күшіне деген обьективті қажеттілікті ерекше бақылауды басты назарға алып, оның ішінде аудан мүмкіншілігіндегі жұмыс көлемін, қолда бар еңбек қоры мен құрал-жабдықтарды алдын-ала жіті сараптау мақсатында нақты жұмыстар жүргізуді тапсырамын.
Мұның барлығы бүгін бекітілетін аудандық іс-шара Жоспарында есепке алынатын болады.
Біз міндетті түрде басқа да бағыттармен бірге жергілікті жұмыспен қамту Стратегиясы мен мамандарды қайта даярлау жұмыстарын ерекше назарда ұстауымыз қажет.
Бірінші бағыт бойынша: Елбасымыз Жолдауда ескеріп өткендей коммуналдық желілерді қайта жарақтандыру және жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыруымыз қажет. Бұл – сумен, жылумен, элект қуатымен тұрақты деңгейде қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде ауданымыздағы коммуналдық желілердің 95 пайызы тозығы жеткен. Бұл жағдайда Елбасымыздың тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту үшін бюджеттен қаржы қарастыратын уақыт та келгендігін айтып өткендігін ескеруіміз керек.
Қазіргі кезеңде дағдарыс қиыншылықтарына қарамастан ауданымызда суға, жылуға, және энергия көзіне төленетін төлемақылар мөлшері өзгеріссіз қалуда.
Биылғы жылу беру масымы жол бойындағы локалдық жылу жүйелерінің ескіріп тозуына байланысты көптеген келеңсіздік жағдайлар туғаны белгілі, бірақ олар дер кезіңде жойылып, қызмет қалыпты жағдайда көрсетілді, казіргі таңда жылу жүйелерін жаңартуға, есептік сметалау құжаттары дайындалып, облыстық әкімшіліктен қажетті мөлшерде қаржы бөлу сұралуда.
Қаржы бөлінген жағдайда жылу жүйелерін жаңарту жұмыстарына – жергілікті жерден 20 адам жұмыспен қамтамасыз етілу және 12 қазандық орнатылып, 9 шақырымдық жылу құбыры жөнделмекші.
Жоғарыда айтылып өткен салаларды жетілдіру мақсатында бөлінген қаржы тек қана коммуналдық меншік нысандарына ғана жұмсалуы керек, сондықтан барлық поселке және селолық округ әкімдеріне иесіз қалған нысандарды куәліктендіріп, комуналдық меншікке енгізуді тапсырамын.
Жаңаарқа коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды және сонымен бірге бюджеттен бөлінген әрбір теңгенің тиімді пайдаланылуын қатаң бақылауды жүзеге асыруы қажет.
Екінші бағыт – мектептер мен аурухана және де басқа да әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу мен жылыландыру жұмыстарын іске асыру қажет.
Бұл саладағы атақарылатын жұмыстар қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мысалаға ауданымызда 34 жалпы білім беретін мектептердің 62 пайызында спорт зал, 39,5 пайызында медпункт, 56 пайызында асхана жоқ. Олардың орталықтандырылған су құбырына қосылғаны он екі, скважинадан тартылғаны үшеу болса, қалғандарына су тасымалданған негізде.
Су тартылмаған орта және негізгі мектептерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 6 млн теңге қажет. Бұл жұмыстарға қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары қолға алынатын болса қосымша жиырмадан астам адамды уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Биылғы жылы білім саласы бойынша тоғыз ектепке күрделі жөндеу жұмыстарына 15 млн теңге бөлу жоспарланған. Бұл жұмыстарды іске асыру кезінде уақытша 70 адамды жұмысқа тартуға мүмкіншілік туындайды.
Аудан мектептері қазіргі кезеңде кейбір мамандармен толық қамтылып отырған жоқ. Сондықтан ауылдық жерлердегі мектептерде қажет ететін мамандықтар тізімі жасалынып, сол бойынша жас мамандарды шақырып, жұмысқа орналастыруды жүзеге асыруымыз керек.
Салынатын жаңа мектептердің құрылысына тоқтау салу туралы Елбасы Жолдауында айтылғанымен, авариялық жағдайда тұрған Ақтау орта мектебінің құрылысын бастауға биылғы жылға қарастырылған 70 млн. теңгені игеру жөнінде облыстық құрылыс басқармасына қосымша ұсыныспен шығу аудан әкімінің орынбасары М. Жандаулетовке тапсырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Білім саласы нысандарының қосымша күрделі жөндеуге бөлінетін қаржыны анықтау экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы З. Сердалиновке, жөндеуді қажет ететін тізімдеме (дефектілік) актілерін тез арада жасауды құрылыс бөлімі бастығы Т. Бабасовқа міндеттеймін. Білім саласында заман талабына сай басқа да қажет ететін мәселелерді анықтап, дағдарысқа байланысты осы салаға бөлінетін қаржыны оңтайландырып, нақты жұмыстар жүргізуді білім бөлімінің бастығы Ж. Жетібаевқа міндеттеймін.
Денсаулық саласына келетін болсақ 2009 жылы Қараағаш және Ералиев елді мекемдерінің отбасылық дәрігерлік амбулаторияларының әкімшілік ғимаратында ораналасқандықтан және қазіргі заман талабына сай еместігіне байланысты, күрделі жөңдеу жұмысының есебінен әр қайсысының сметалық құны 75 миллион теңге тұратын жаңадан ғимарат салу көзделіп отыр. Егер бұл жұмыс атқарылар болса қосымша жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсыну мүмкіндігіне ие боламыз.
2008 -2009 жылдарға жоспарланған бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен уақытында тиісті қаржы қаралмағандықтан жоғарыдағы аталған нысандардың құрылыс жұмысы басталмай отыр.
Сондықтан осы екі нысананың уақытында салыну мәселесін облыстық тиісті органдар алдында көтеріп, жан-жақты жұмыс жасауды аудан әкімінің орынбасары М. Жандәулетовке аудандық медициналық орталық директоры Ж. Қожабековамен бірлесіп іске асыруын тапсырамын.
Ауданымызда халыққа жоғары кәсіби денгейдегі медициналық қызмет көрсету үшін акушер-гинеколг, окулист, психиатр, дерматовенеролг, педиатр, терапевт және де басқа да маман иелері жетіспейді. Жалпы аудан бойынша дәрігер мамандармен қамтамасыз ету деңгейі 75-ақ пайыз. Оның үстіне қазіргі қызмет істеп жүрген дәрігерлердің оң пайызын зейнеткерлер құрайды.
Осыған байланысты аудандық медициналық орталық өз тарапынан ауданға білікті мамандар тарту мәселелерімен жан-жақты айналысып, жұмыстар жасауы қажет. Ал әкімшілік тарапынан оларға материалдық қолдау көрсету, пәтер бөлу сияқты мәселелері шешілетініне кепілдік береміз.
Үшінші бағыт бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, Елбасының Жолдауында айтылғандай, жөндеу жұмыстары, республикалық және жергілікті маңызды жолдарды және де аудан орталығы айналасындағы, қала, аудан аралық жолдарды салу мен қайта жаңарту жұмыстарын жасауымыз керек.
Ауданымызға қарасты республикалық маңызы бар 361 километр жол, облыстық маңызы бар 421 километр жол, аудандық маңызы бар 97,1 километр жолдары бар. Аудандық маңызы бар жолдарды күтуге облыстық трансферттен 1253,0 мың теңге бөлініп, жолдарды күту жұмыстары жылда орындалып жатыр. Атасу кентінің ішкі жолдарына 2008 жылы 24 млн.теңге бөлініп, 15244 шаршы метр асфальт төселді, 2009 жылы 34682,0 мың теңге бөлініп, 22290 шаршы метр асфальт төселеді. Оған жергілікті жерден 25 адам жұмысқа алынады.
Төртіншіден, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру, жергілікті жұмыспен қамту Стратегиясы мен мамандарды даярлау жұмыстарын дамыту.
Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бізге бюджет қаражатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл шара бәрінен бұрын әлеуметтік мақсатты топ пен оқу орнын бітіруші түлектерден тұратын азаматтардың жұмысқа қамтылуына бағытталған.
Жаңаарқа ауданының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, 2009 жылы аудандық бюджеттен 25410,0 мың теңге қарастырылып отыр.
Осы қабылданған бағдарламаға сәйкес 2009 жылы 550 адам тұрақты жұмысқа орналастыру жұмысы қолға алынып, 26 адамға 1359,0 мың көлемінде (бір адамға 50920,0 теңге) өз ісін ашуға қаражат бөлінді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің аудандық Маслихатта бекітілген бағдарламасында мақсатты топтарды жұмыспен қамту мәселесі толығымен қамтылған. Бұл бағдарлама бойынша 2009 жылы 404,0 мың теңге бөлініп, әлеуметтік жұмыс орнын ашуға жұмсалмақшы.
500 адамды қоғамдық ақылы жұмыстарға тартуға 22492,0 мың теңге қарастырылып, жұмыс жүргізілуде.
Дағдарысқа байланысты ауданда орналасқан кәсіпорындар мен мекемелердегі бос жұмыс орындары анықталып, жұмыссыздар арасында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін әр айдың соңғы бейсенбі күндеріне өткізіліп отыру жолға қойылды.
Бұл бағыттағы шаралар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі мен жергілікті атқару органдарының басты ұстанымы болуға тиіс.
Бесінші бағыт - поселке мен селолық округтердегі басым сипаттағы әлеуметтік жобаларды қаржыландыру.
Аймақтық жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру әрбір нақты елді мекендердегі жергілікті маңызы бар нысандарды қаржыландыру секілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылға аудан бойынша атқарылатын инвестициялық жобалардың және жұргізілетін күрделі құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 597,6 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылы, Республикалық бюджеттен 163,0 млн. теңге бөлінді. Олар Байдалы би ауылында су құбырын салуға 102,5 млн.теңге бөлінді, ол жерде 20 адамға жұмыс беріледі.
6 пәтерлі жалға берілетін үйлердің құрылысына 42,0 млн. тенге көлемінде ақша бөлініп, оған 10 адам жұмысқа тартылады.
Атасу кентінің су кұбырының құрылысына 15,0 млн.теңге бөлінген, онда 5 адам жұмысқа тұрады.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен аудандағы құрылыс жұмыстарына 299,8 млн.тенге бөлініп отыр, оның ішінде Атасу кентінің су құбырының желісін құруға 95,4 млн. теңге - 15 адам, Ескене ауылы бойынша 320 орынды мектеп құрылысына 83,1 млн.теңге - 20 адам, барлығы осы жұмыстарға 35 адам жіберіледі.
Атасу кентінің су тазалау құбырының құрылысына 51,3 млн.теңге бөлініп, 15 адам жұмысқа бекітіледі.
Аудандық бюджеттен бөлінген 134,8 млн.теңгеге мектептерді күрделі жөндеуге 15,0 млн.теңге - 10 адам, «Ертөстік» балабақшасын күрделі жөндеуге 17,1 млн. теңге - 10 адам, авто көлік жолдарды жөндеуге 34,7 млн. теңге - 10 адам, Атасу кентінің абаттандыру жұмысына 55,8 млн. теңге - 15 адам, барлығы осы жұмыстарға 45 адам тартылады.
Ауданымыз бойынша жұмыстан босаған адамдарды құрылыс жұмыстарына алу үшін тендерді ұтып алған құрылысшылармен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында меморандум жасалынады.
2009 жылдан бастап білім бөлімінде 1-4 сынып оқушыларына бір мезгілдік ыстық тамақ беру конкурсы 13 қаңтарда жарияланып, 20 ақпанда конкурстың жеңімпазы анықтады, осыған бюджеттен 30450,0 мың тенге қаржы бөлінді. Оған 15 аспазшы жұмысқа орналастырылды.
Коммуналдық-шаруашылық бөлімі бойынша: жолдардың жиегін таспен көмкеруге 5219,0 мың тенге, тратуар тастарын төсеуге 5000,0 мың тенге, жастар аллеясын абаттандыруға 6208,0 мың тенге, «Менің аулам» бағдарламасына 6215,0 мың тенге қаражат бөлінді. Бұл жұмыстарға 20 адам жұмыспен қамтылады.
Ауданымызда іске асырылып жатқан жобалар жаңадан жұмыс орнын ашу мен әлеуметтік мәселелерді шешу және оның ішінде елді мекендердегі абаттандыру жұмыстарын жалғастыру бағытында болады.
Аудандық, поселкелік және селолық округ әкімдері бұл бұл атқарылып отырған жұмыстардың басты операторы болуға тиіс.
Осыған байланысты аудандық қаржы бөліміне, поселке және селолық округ әкімдеріне аймақтағы барлық деңгейдегі шығындарды алдын-ала есептеп, олардың басымдықтарын анықтап пайдалануды тапсырамын.
Алтыншы бағыт – бұл жұмыстан босаған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемақыны ең жоғары деңгейге дейін көтеру.
Бәрімізге белгілі Елбасының тапсырмасы бойынша 2009-2010 жылдары азаматар жұмыстан босаған жағдайда оларға төленетін әлеуметтік төлемақыны ең жоғары деңгейге дейін көтеріп, өтемақы 4 айлық есептік көрсеткіштен 6 айлық есептік көрсеткішке дейін өсетін болады.
Жетінші бағыт - мамандарды оқыту мен қайта даярлау жұмыстары.
Ауданымыз бойынша 83 адам кәсіптік білім алуға жіберіледі. Бұл мақсатта 1155,0 мың теңге бөлінді. Олар «Зергер-СБ» ЖШС -8 адам, ПЧ-28 теміржол дистансасынан – 20 адам, орта, кіші кәсіпкерлік нысандарынан – 45 адам, мекемелерден 10 адам. Оның 30 адамы аудан орталығындағы № 12 Ғ.Жарылғапов атындағы кәсіптік мектептен, газ сварщиктер - 5, электросварщик - 10, механизатор білімін 15 адам алады. Бұл адамдар ауыл шаруашылық саласына мал азығын дайындауға, көктемгі егістік жұмыстарына жіберіледі. Атасу кентіндегі « Нұр Отан-2030» ЖШС филиалында 43 адам оқытылады: олар сәуір айында 21 адам штукатур, маляр, мамыр айында 10 адам автокөлік жөндеуші және осы айда қосымша 22 адам штукатур, маляр мамандығы бойынша оқытылады. 10 адам Жезқазған қаласындағы № 12 кәсіптік мектептен жылу қазандықтарының мамандары бойынша білім алып, «Зергер-СБ» ЖШС және «Жаңаарқа жылу » КММ қайтып келіп жұмысқа орналастырылады. Оқу бөлімдерімен келісім шарт жасалынған.
Жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды басқару барысында ішкі нарықты сыртқы жұмыс күшінен сақтандыру жұмыстарын жалғастыру қажет, ол үшін нақты шаралар қарастырылып, жұмыстар жүргізіледі.
Мамандарды оқыту мен қайта даярлау жұмыстарын жақсарту мақсатында:
- поселке мен селолық округтер әкімдеріне:
-дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында жергілікті кәсіпорындардағы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді қайта оқыту үшін мемлекеттік органдармен үнемі бірлескен түрде сараптама жасап отыруды жүктеймін.
Ғ. Жарылғапов атындағы кәсіптік мектепке жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді қайта оқыту үшін өз мүмкіндіктерін қайта қарап, оларды поселке мен селолық округтер әкімдерінің ұсыныстарына сәйкестендіріп жұмыс жасау ұсынылсын.
Бұл мәселелерді шешуде кәсіптік мектепке облыстық білім басқармасымен бірлесе отырып осы мәселелерге қажетті нақты қаржы мөлшерін анықтау жұмыстарын шешуді ұсынамын.
Ауданымыздағы негізгі қаржы көзі агроөнеркәсіп саласы болғандықтан осы салаға баса назар аударып, оның дамуына барынша жағдай жасауымыз керек.
2009 жылы азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін ауданда коммуналдық базар ашу қолға алынып отыр. Қазіргі кезде аталған шараларды іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Алдағы уақытта нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында бұрынғы ескі нан зауытының ғимаратын іске қосу арқылы құрамына 10 шаруа қожалықтары кіріп, жобалық құны 20 млн теңгені құрайтын «Береке» ауылдық тұтыну кооперативі құрылып отыр. Бүгінгі күні бұл жоба қолдау тауып 12 млн. теңге бөлініп отыр.
Қазіргі кезде қуат күші тәулігіне 3500 бөлке нан және 250 кг түрлі кондитерлік тағамдар шығаратын 3 пешке Қарағанды қаласындағы «Росттехсервис» фирмасымен келісім шарт жасалынды.
Көкөніс өнімдерін белгіленген бағамен алу үшін Оңтүстік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Қарағанды облысындағы өкілдігімен меморандумға қол қойылды.
Бүгінгі күні ауданның агроөнеркәсіптік кешенінде 542 шаруа қожалықтары, 1 акционерлік қоғам, 1 өндірістік кооператив жұмыс жасайды. 2008 жылы ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша өндірілген өнім көлемі 4297,0 млн теңгені құрап, былтырғы жылғы (3589,2 млн) осы кезеңмен салыстырғанда 19,7-пайызға өсті.
Аграрлық сектордың бәсекелестікке қабылеттілігі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу, ұқсату кәсіпорындарын дамытумен тікелей байланысты. Осы мақсатта «Зергер Агро» ауылдық тұтыну кооперативін құру арқылы сүт зауытын ашу мақсатында республикалық бюджеттің аясында бөлінген 62,8 млн. теңге толығымен игерілді. Зауыттың құрал жабдықтары аудан орталығына толығымен жеткізілді. Зауыт іске қосылған уақытта қосымша 14 жұмыс орны ашылмақшы.
Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көптеген жеңілдіктер жасалынып келеді.
2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру бағдарламасына сәйкес 22 млн тенгенің көлемінде субсидия бөлініп игерілді. 6,9 млн теңге субсидия көп жылдық шөпке берілді.
Үстіміздегі жылы республикалық бюджеттің аясында мамандандырылған шаруашылықтарға мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ірі қара, шошқа және құс еттерімен қоса қой еттерін сатқаны үшін және сүтке мемлекет тарапынан ауданымыздың 23 шаруа қожалығына 34 млн теңге субсидия төленді.
Алдағы уақытта субсидия алатын шаруа қожалықтардың санын көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқару басты міндеттердің бірі болуға тиісті.
Ауданымыздың 8 шаруа қожалығы әр қайысы 3,5 млн теңгеден грант алу үшін ауыл шаруашылығы бойынша гранттық жобаға қатысып 3 турдан өткен болатын, бүгінгі күні 2 шаруа қожалығы (Болат, Жанболат) облыстық комиссиядан қолдау тапты.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер бірлестігін құру мен дамыту жөніндегі ауданның және облыстық жұмысшы тобының қарауына аудан орталығынан жүн өңдейтін бірлестік құру туралы жобаны несиелеу бойынша сұраныс түсіп отыр.
Осы жоба бойынша аудан орталығында «Жаңаарқа Жібек жолы» фирмалық атаумен жобалық құны 85 млн. теңге тұратын жүн өңдейтін бірлестіктің құрамына 10 шаруа қожалықтары құрылтайшылары болып еніп, жалпы жиналыстың шешімімен төрағасы сайланды, бірлестіктің жарғысы дайындалды, қажетті құжаттар облыстық жұмысшы тобының қарауына өткізілді.
Ералиев селолық округінде ет өнімдерін өндіру , дайындау, сыртқа шығару, өңдеу, сақтау бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірлестігін құру қолға алынып отыр.
Әлемдік қаржылық дағдарысқа байланысты агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бөлінген қаржының аясында ірі қара малдардың тұқымын жақсарту мақсатында ауданымыздың 3 шаруа қожалығы (Данияр, Жанболат, Ерлан) 2009 жылы АҚ «Казагрофинанс» арқылы лизинг негізінде жеңілдетілген пайызбен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына асыл тұқымды ірі қара малдарды сатып алу үшін 115 млн. теңгеге инвестициялық жобалар өткізді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім көлемі Ауыл жылы деп жарияланған алғашқы 2003 жылы 1850,0 млн. теңге болса қазіргі кезде бұл көрсеткіш 2,3 есеге ұлғайып 4297,0 млн.теңге құрап отыр. Ет өндіру көлемі 8,0 мың тоннадан 9,7 мың тоннаға дейін өсті немесе 1,2 есеге, сүт өндіру 25 мың тоннадан 30,8 мың тоннаға дейін ұлғайды.
Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдауды күшейтудің нәтижесінде оның өндірісі тұрақтандырылып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жасалған бағдарламаға сәйкес 2011 жылы өндірілетін ішкі өнім көлемін 4800,0 млн. теңгеге, 2015 жылы 6 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Қадірменді әріптестер!
Елімізде кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту мәселелері Елбасының жылдағы Қазақстан халқына арналған Жолдауында баса айтылып келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізін құрайтын шағын кәсіпкерліктің басымдылықпен дамуына нақты жағдайлар жасалынған.
Экономиканың нақты секторының шағын кәсіпкерлік саласы бойынша шығарылған өнім, көрсетілген қызмет және атқарылған жұмыс түрлерінің көлемдері 2009 жылдың 1 қаңтарына 2487,0 млн.теңгеге орындалды, былтырғы жылмен салыстырғанда 153 пайызды құрады. Ауданымыздың жеке кәсіпкерлері 564 млн.теңге көлемінде инвестиция тартты. Осының нәтижесінде ауданымызда біршама жұмыс орындары ашылды.
Азық –түлік тауарларының бағаларының тұрақтандыруына байланысты жасалған меморандумдардың орындалуы бойынша ұдайы мониторинг жүргізіліп келеді. Бұдан бөлек энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен наубайханалар арасында электр энергиясы үшін қолданып жүрген тарифтерді көтермеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Оған қоса облыстық тұрақтандыру қорынан 150 тонна ұнның әр килограмын 48 теңгеден наубайханаларға бөлу туралы келісімге қол қойылып, жұмыс жүргізілуде. Осы атқарылған жұмыстар негізінде ауданымызда әлеуметтік нан 35 теңгеден сатылуда.
Ауданымыздың шаруашылық субъектілері облыс әкімдігінің бекіткен кестесіне сәйкес жыл ішінде азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында «Ауыл-Береке 2008» жәрмеңкелеріне қатысып 80 тонна көлемінде ет, 5 тонна көлемінде сүт өнімдерін, 60 тонна жержұмыр, 60 тонна ұн өнімдерін базарға шығарып, 54,5млн. теңгеге сауда саттық жасады.
Ет өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында 8 дүкенмен келісім-шартқа отырып, мал еттері 450-480 теңгеден қабылдап, жергілікті тұрғындарға 500-550 теңге аралығында сатуда.
Шағын және орта бизнестің дамуына ауданда барлық жағдайлар жасалынып отырғанымен Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктерді толық пайдалану мақсатында әр ауылдың, елді мекендердің мүмкіндіктерін ескере отырып, сол жерлерге несие тартуды басты бағытқа алу қажет.
Біз іс-шаралар хаттамаларында тіркелген жұмыстардың әрбір саласы бойынша жұмыстың нәтижелі жүруімен қатар, қабылданған меморандумдар нақты жүзеге асуын қадағалауымыз қажет.
Ол үшін үнемі мониторинг жасап, бақылауды күшейтуіміз керек.
Осыған байланысты аудан әкімінің орынбасарлары мен кәсіпкерлік бөлімі бастығына мониторинг жүйесін үнемі жүргізуді ұйымдастыру, және меморандумда бекітілген барлық міндеттемелердің іске асуын бақылауды тапсырамын.
Қолымыз жеткен келісім шарттар бізге Елбасы талап еткендей өнім көлемінің сақталуына, жұмыс орны, оның ішінде тұрғындарды жұмыспен қамту шараларының дамуына жол ашады деп ойлаймын.
Бірақ бұл, әрине, біздің атқарар алдағы үлкен жұмыстарымыздың басы ғана.
Алдағы уақытта ауданымыздың экономикасына айтарлықтай оң нәтиже бере алатын ірі кәсіпорындар ашылу көзделуде.
Олардың бірі Ералиев селолық округінде “Сары арқа ENERGY» ЖШС-імен 2009 жылдың IV тоқсанынан бастап көмір өндіруді бастайды. Жобамен 2009 жылы 100,0 мың тонна, ал 2010 жылы 1,0 млн. тонна көмір шығару жоспарлануда. Жұмысқа 450 адам тартылады, оның ішінде 250 адам жергілікті жерден қабылданады.
Құрметті активке қатысушылар!
Елбасымыз халыққа Жолдауында «Бүгінгі проблемалар және біздің оларды қалай шешіп жатқанымыз – кемелдіктің және біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығының сынағы. Біз бұл сынақты сүрінбей тапсырамыз деп ойлаймын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Мұны да орындайтынымызға сенімдімін» деп айтып өткеніндей біз де ауданымыздағы орын алған қиыншылықтарды сынақ ретінде қабылдап одан әрі жетістіктерге жете беруге барлық күш жігерді жұмылдыруымыз керек.
Дағдарыстан шығудың айқын жолдарын көрсете білген Елбасымыздың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты» Жолдауындағы негізгі ой мен басты мақсатын аудан халқына түсіндіру үшін насихат тобы құрылып отыр. Мен осы насихат тобына бүгіннен бастап Жолдаудағы тапсырылған міндеттердің ауданымызда орындалысын қадағалап, халық арасындағы түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырамын. Бұл тұрғыдағы ұйымдастырушылық жұмыстарды «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы атқаруы тиіс.
Қазіргі кездегідей қиыншылықтар туындаған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының да маңыздылығы зор.
Аудандық газет мемлекеттік тапсырыс негізінде ғана емес қоғамдық көзқарасқа сәйкес те жұмыс жасау қажет. Сонда ғана шыңайы бағдарлар таңдалып, нақты қадамдар жасауға жол ашылады.
Елбасымыз айтқандай табыс көзі бірлік пен тыныштықта. Олай болса ел ішіндегі тыныштық бәрінен бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де байланысты. Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жан-ақты әрі пәрменді жұмыс атқарылуы керек.
Қазіргі кезде біз ауылдық жерлердің де дамып, гүлденуіне басты назар аударуымыз қажет. Жастар күшін қажет ететін «Жасыл ел» бағдарламасын одан әрі жалғастырып, ауылдарымыздың көркеюіне жол ашу – бүгінгі күн талабы. Мұндай шаралар жастардың париоттық тәрбиеде өсуіне кепілдік бере алатындығы мәлім.
Екі жылдан кейін бізді алдымыздан күткен зор қуанышқа бөлер маңызды белес – Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы күтіп алады.
Елбасымыз Жолдауда айтып өткендей біз өткерген жиырма жылдық тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Ендеше еліміздің жиырма жылдық мерейтойына өсіп-өркендеген мемлекет ретінде жетуіміз керек.
Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.
Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы жасампаз істерімізді жалғастыра бермекпіз.
Себебі біз саяси тұрақты, өз азаматтарының қауіпсіздігіне кепіл бола алатын, және де ешқашан сырттан төнер қауіп-қатері жоқ мемлекетте өмір сүрудеміз.
Осы тұрғыдан алғанда халқымыздың сара жолын айқындап, еліміздің нақты жетістіктерге жетіп, өз күшіне сенімді, дұрыс бағытты таңдаған мемлекетке айналуына жол ашқан Елбасымыздың еңбегін мойындамасқа болмайды.
Қадірлі әріптестер!
Дүние жүзін дүрбелеңге салған жаһандық дағдарыстан біз нарықтық заңдылықтар өлшемімен айтатын болсақ тек қана табыс пен жетістіктер негізінде ғана шыға аламыз. Ал табыс, жетістік дегеніміз Елбасымыз айтып өткендей, «халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығы арқасында ғана келеді». Нұрсұлтан Назарбаев халықтың бірлігі ғана осы дағдарыстан шығуға мүмкіндік беретінін жақсылап тұрып айтты. Бірлік арқылы ғана біз 2030 стратегиясында белгіленген барлық міндеттерді орындай аламыз. Жалпы, биылғы өте рухты, нақты бағытты айқындаған Жолдау жасалды. Онда дағдарыстан қалай шығатынымыз, қалай өмір сүретініміз, тек бүгін ғана емес, ертең де қалай өмір сүретініміз дәл көрсетілді. Соның ықпалымен біз дағдарыстан айтарлықтай күшпен, әрі жаңарып шықпақпыз. Біздің ауданымыздың да бұған күш-жігері толығымен жетеді деп ойлаймын.
Біз дағдарыстың тудырып отырған қиыншылығына мойып, жасымауымыз қажет. Көңілімізді көтеріп, алдағы уақытқа зор құлшыныспен ұмтыла түсуіміз керек. Алдағы келе жатқан халқымыздың ұлттық Наурыз мейрамымен бірге төрімізге жаңа жыл 80 жылдығын атап өткелі жатқан Жаңаарқа жұртшылығы үшін де бірлігі мен ынтымақтастығы жарасқан молшылық жылы болатынына сенімдіміз.
Барлығымыздың алдымызда қойған басты мақсатымыз бір ғана болу керек. Ол – Елбасының Жолдауындағы тапсырылған міндеттерді толығымен жүзеге асыру. Осы жолда баршаңызға еңбектеріңіздің табысты болып, еліміздің одан әрі гүлдене беруіне тілектеспін.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |