Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі265.5 Kb.
#24021
  1   2   3   4
Аудан әкімінің 2013 жылдың қорытындылары бойынша аудан тұрғындарымен есепті кездесуінде сөйлеген сөзі
Есепті кезеңде аудан эконономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, нәтижесінде аудан экономикасының салаларында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізілді. Осындай атқарылған мақсатты жұмыстар нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер болып, елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.
Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 2013 жылы 5 900,4 млн. теңгеге жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 100,9 пайызды құрады.

2013 жылы барлық егіс алқабы 20 542 гектарды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 3 гектарға көбейді. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 12 359 гектар, жаздық бидай 50 гектар, мақсары 300 гектар, көкөніс 806 гектар, картоп 1 380 гектар, бақша 716 гектар, жаңа жоңышқа 1170 гектар, ескі жоңышқа 3 761 гектар жерге орналастырылды, межеленген көлем (21438 га) 96,0 пайызға орындалды. Егіс көлемі негізінен «Ораз ахун ЛТД» ЖШС-ң жұмысын тоқтатуына және «Алтын дән ПВА» ЖШС-ң жоңышқа дақылын межеленген көлемде еге алмауына байланысты орындалмаған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығын арттыру және сақтау үшін егін егу мәселесіне аса көңіл аударылуда.

Соңғы 4 жылда ресей селекциялық күрішінің 3 сорты аудандастырылды. Егілген күріш алқабының 52,0 пайызына «Маржан» сорты (6380 гектар), 32,0 пайызына «Лидер» сорты (3961 гектар), 16,0 пайызы «Янтарь» сорты (2018 гектар) сорттары орналастырылды. 3243 тонна себу дәрежесіне жеткізілген тұқым жұмсалды.

Минералдық тыңайтқыш. 2013 жылдың егісіне 8673 тонна аммоний сульфаты, 479 тонна карбомид, 576 тонна аммофос егу барысында топыраққа сіңіріліп қоректендірілсе, 11 729 гектар күріш үстеп қоректендірілді, Сонымен қатар 12 000 гектар күріш алқабын арамшөптерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Егін жинау техникалары. Аудан бойынша 2013 жылдың егін жинау науқанына 107 астық комбайны, 75 жатка, 30 астық тазалау машинасы, 184 трактор, 148 трактор тіркемесі, 60 жүк автокөлігі қатысты.

2013 жылы лизингілік жолымен жаңадан 9 дана ХТЗ-172, 6 дана МТЗ-80 тракторлары, 3 дана «Магдон» жаткасы, 2 дана «ТОРМ», 2 дана «Тукано» және 3 дана «Енисей» комбайндарымен ауылшаруашылық құрылымдарының техникалық паркі толықтырылды.



Жанар-жағар май. Аудан бойынша Үкімет қаулысына сай арзандатылған бағамен көктемгі дала жұмыстарына және күзгі егін жинау науқанына барлығы 4280 тонна дизель отыны, 864 тонна бензин және 260 тонна дизель майы ауылшаруашылық құрылымдарына «Нефть-транс Қызылорда» ЖШС-і өзара жасасқан келісім шартқа сәйкес жанар - жағар май егін жинау науқаны кезінде уақытылы жеткізіліп тұрды.

Су пайдалану.2013 жылы аудандағы егілетін егіс көлеміне 403,9 млн текшеметр су пайдалану жоспары бекітіліп, су тапшылығы орын алған жоқ.

Субсидия: Ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан егілген ауылшаруашылық дақылдарының шығынына 312,6 млн теңге, минералды тыңайтқыштар шығынына 87,4 млн теңге, су жеткізу қызметіне 35,0 млн теңге, гербицидтер шығындарына 19,8 млн теңге барлығы 454,8 млн теңге субсидия берілді.

2013 жылы егін жинау науханы жоғарғы ұйымдастырушылық деңгейде қарқынды жүргізілді.Сонын нәтижесінде 12359 гектар күріштің әр гектарынан 45,4 центнерден, жалпы өнімі 55869,7 тонна сыр маржаны қанбаға құйылды. Мақсарыдан әр гектарынан 3,0 центнер (90,0 тн), көкөніс әр гектарынан 170 центнер (13702 тн), бақша әр гектарынан 185 центнер (13246 тн), картоптан әр гектарынан 150 центнерден (20700 тн) өнім алынды.

Атқарылған жұмыстардың ауқымдылығына қарамастан егін шаруашылығында күріш дақылынан басқа мал азығына қажетті дәнді дақылдар егу кенжелеп қалуына байланысты бидай, арпа, сұлы, жүгері егуді қолға алып, құрама жем шығаратын шағын цехтар ашуға зерделеу жұмыстарын қарастыру қажеттілігі туындауда, осыған орай шаруашылық басшыларымен, ауыл әкімдерін қатыстыра отырып дөңгелек үстел жағдайында шешу жолдарын қарастыруда.

Сонымен қатар ауданда көкөніс, картоп қабылдау, сақтау орындары болмауына байланысты өнімдер сырттан тасымалдануда. Қабылдау орындары болған жағдайда аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдары мен жеке тұрғындардың өндірген өнімдерін келісім-шарт бойынша қабылдап, сақтап өнімдермен толық қамтамасыз ету мүмкіндігі бар деп есептеледі. Осыған орай «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацисы» АҚ-мен бірлесе отырып, көкөніс-картоп қабылдау, сақтау қоймаларын аудан орталығынан ашу жайы талданып, қарастырылса.



Мал шаруашылығы: Аудан бойынша мал басын өсіру, оның өнімін өндіру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. 2014 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметтерге сәйкес мүйізді ірі қара 21975 бас, қой 27122 бас, ешкі 19615 бас, жылқы 3746 бас, түйе 2194 бас, болса, үй құстары 19541 басқа жеткен.

2013 жылғы 1 қаңтарымен салыстырмалы түрде мүйізді ірі қара, қой басы 4,5 пайызға, ешкі 10,9 пайызға, жылқы 11,2 пайызға азайған, ал түйе басы 4,0 пайызға, құс 8,0 пайызға өскен.

.Есепті кезенде 3 447 тонна ет,5 315 тонна сүт өнімдері, 926,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда ет 103,7 пайызға, сүт 115,1 пайызға, жұмыртқа 102,3 пайызға өсті.

«Сыбаға» бағдарламасының орындалуы. Ауданда 2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасын тұрғындарға кеңінен насихаттау мақсатында жұмысшы тобы құрылып, барлық кент, ауыл округтерінде кездесулер өткізіп сала мамандары бағдарлама жайлы барлық кент, ауыл округтері тұрғындарына жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. «Қармақшы таңы» газетінде бағдарламаны іске асыру тәртібі мен ерекшеліктері және жұмыс жасап жатқан шаруа қожалықтарының іс-тәжірибесі жайлы жыл бойына мақалалар жарияланып, кеңестер берілді.

Сонымен қатар «Ауданда ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары мен мал шаруашылығын дамыту шаралары жайлы» тақырыпта ауыл шаруашылығы құрылымдары мен шаруа қожалығының басшыларын, кәсіпкерлерді мал шаруашылығы саласының мамандарын, кент, ауыл округі әкімдерін қатыстыра отырып аудандық семинар кеңес өткізілді.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының 2013 жылға бекіткен жоспары бойынша ауданға 350 бас аналық алу жоспарланса ол 215 бас болып, 61,4 пайызға орындалған. Оның ішінде бағдарлама аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ң Қызылорда филиалынан 1 шаруа қожалығы (Жосалы кенті-1 ) 9,0 млн.теңге несие алса, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Қызылорда филиалынан 5 шаруашылық субьектісі (Жосалы кенті-1, Төретам кенті-1, Ақай ауылы-1, Қармақшы ауылы-1, Тұрмағамбет ауылы-1) 30,6 млн.теңге несие алған

. Барлық алынған 39,6 млн.теңге қаржыға 215 бас аналық, 13 бас бұқа алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 38,8 млн теңгенің 175 бас аналық алуға бағытталған 7 жобаның барлық құжаттарын дайындап, қор тарапынан кепіл мүлкін зерттеп дайындағанмен қаржы мерзімінде игерілмеуіне байланысты кері қайтарылды деген себеппен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ң Қызылорда филиалынан қаржыландыру жүргізілмей бағдарламаның жоспарлы көрсеткіші орындалмауының басты себебі болды.

Мүйізді ірі қара малының аналығын тұқымдық түрлендіруге қатыстыру мақсатында 9972 бас мүйізді ірі қара малының аналығы есепке алынған. «Қазагромаркетинг» АҚ-ң ақпараттық талдау жүйесінің жыл аяғындағы мәліметіне сәйкес тұқымдық түрлендіруге 553 бас аналық қатыстырылып, жыл басындағы аналық мал басының 5,6 пайызын құраса түрлендіруге қатыстырылған аналық 88,4 пайыз тұқымдық бұқамен қамтылған.

Мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында ҚР Үкіметінің тиісті қаулыларына сәйкес «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы саласында жұмыс атқарып тұқымдық түрлендіруге қатысып жатқан шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге өз бағыттары бойынша 7 714,7 мың теңге субсидия төленіп, (2012 жылы 2697,0 мың теңге) 2012 жылмен салыстырғанда 2,9 есе артық субсидия төленіп қаржылай қолдау көрсетілді.



Мал етінен дайын өнімдер дайындау бағытында Ақай ауылдық округіндегі «Дос-Едік» шаруа қожалығының жетекшісі Жақанов Серік мал сою және бордақылау алаңын салуға бұрынғы жылыжай ғимаратының қосымша құрылысын пайдалану мақсатын өзгертіп, күрделі жөндеу жүргізіп, жер учаскесін рәсімдеп, айналасын қоршап, су құбырын тартып, мал сою және 100 бас ірі қара малды бір кезеңде бордақылау алаңын салуды аяқтап, тиісті экологиялық-санитарлық бақылау органдарынан рұқсат құжаттарын алуда. Құрылыс жөндеу жұмыстарын өз қаражатымен атқарып, бордақыланатын малды шаруа қожалығы өзінің табынынан қамтамасыз етуді қолға алып, ол үшін 2014 жылы шаруа қожалығындағы мал басына қосымша «Сыбаға» бағдарламасымен 15,0 млн. теңге несие алуға және МІҚ мал басын көбейтуге жұмыс жасауда.

мемлекет тарапынан қолдау: Аудандағы мал шаруашылығымен айналысып отырған 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 өндіріс кооперативі және 11 шаруа қожалығы мемлекеттің мал шаруашылығы саласын дамытуға жасап жатқан қаржылай қолдауларын пайдалануда. 2013 жылы аудандағы осы саланы дамытуға кәсіпкерлер қатары көбейіп, аса бағалы шұбат, қымыз өндіріп оны сауда орындары арқылы сатуда ілгерілеушіліктер болды. Бағыттары бойынша төленген субсидия көлемі 2012 жылы 4630,0 мың теңге болса, 2013 жылы 12330,5 мың теңге төленіп өткен жылдан қаржылай қолдау сомасы 2,7 есеге артты.

Қолдан қашыру пункттерінің жұмысы: Мал тұқымын асылдандырып, өнімділігін арттыру мақсатында ауылшаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру пункттерінің жұмысы 2013 жылы «Асыл Тұқым» ЖШС дистрибютерлік орталығымен бірлесіп 6 қашырым пунктінен 5 елді мекенде қашырым жүргізіліп 967 бас аналық (Жосалы кенті-384 бас, ІІІ-интернационал-59 бас, Ақтөбе-310 бас, Тұрмағамбет-150 бас, Жаңажол ауылы-64 бас) сиыр қолдан қашырым жасалса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 216 басқа артық болып орындалды. Үстіміздегі жылы қолдан қашырым жасау пункттеріне қажетті ветеринариялық құрал жабдықтары аудандық ветеринариялық стансаға бөлінген қаржы есебінен барлық ауылдық округтерге жеткізіліп берілген, алдағы уақытта қолдан қашырым жасау жұмыстары барлық кент, ауыл округтерінде жүзеге асырылатын болады.

Мал азығын дайындау: Мал шаруашылығын дамытуға қажетті шаралардың бастысы мал азығымен қамтамасыз ету екені белгілі. Аудан әкімдігі бұл іске ерекше назар аударып, аудан әкімдігінің мәжілісінде арнайы қаралды. Аудан әкімінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 163 «Мал шаруашылығын дамыту мақсатында ауданды жем-шөппен қамтамасыз етудің іс-шараларын бекіту туралы» қаулысымен әр бір ауылдық округтерге қысқа түсетін мал басына қажетті жем-шөп дайындау межесі 37500 тонна ірі мал азығы, 5500 тонна сабан, 7500 тонна жоңышқа шөбі, 7852 тонна дән кебегі, 2038 тонна жарамды күріш қалдығын дайындау межесі бекітіліп берілді. Сонымен қатар облыстық ауылшаруашылығы басқармасының қысқы мал азығын дайындау тапсырмасына сай 58,5 мың тонна ірі мал азығы, оның ішінде 5,3 тонна жоңышқа шөбі дайындау қамтамасыз етіліп тапсырма 100,1 пайызға орындалды. Дегенмен мал азығына қажетті жоңышқа дақылынан төмен өнім алынуда. Мал жеміне қажетті дән қалдықтарын, дән кебегін ауылшаруашылық құрылымдары және кәсіпкерлер жыл бойына қамтамасыз етеді деп күтілуде.

2013 жылы аудан бойынша нарықтағы бәсекелестікті дамыту және бағаны тұрақтандыру мақсатында мал азығы тапшы Жосалы, Төретам кенті мен Ақай ауыл округтерінің тұрғындарын, 2013-2014 жылдың қысына мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кесте жасалып, 1 тамыздан бастап шөп жәрменкесі ұйымдастырылды. Атап айтқанда 12 рет шөп жәрмеңкесі өткізілсе, онда 252,7 тонна жоңышқа және табиғи шөп, 16,5 тонна күріш кебегін сату қамтылған.



«Дипломмен–ауылға» бағдарламасы аясында 43 маманға 5,2 млн теңге көтерме жәрдемақы және 44 маманға тұрғын үй сатып алуға 111,6 млн теңге несие берілді.

Ветеринария: Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық іс-шаралар жұмыстары атқарылып, аса қауіпті мал ауруларына қарсы екпелер және тексерулер жұмыстары жүргізілді.

Бруцеллезге қарсы тексеру жұмыстары бойынша 20646 бас мүйізді ірі қара малы, 37300 бас уақ мал тексерілді. Нәтижесінде мүйізді ірі қара малынан 17 бас, уақ малдан 70 бас бруцеллез ауруы анықталды. Оның ішінде 17 бас МІҚ сою алаңында сойылып, 70 бас уақ мал 5 күн ішінде жойылды.

Үстіміздегі жылы иесіз ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2150,0 мың теңге толығымен игеріліп, осы қаржыға барлығы 2131 ит, 19 бас мысық жойылды.

Сонымен бірге ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру үшін мүйізді ірі қара малдарына 10703 дана, уақ малдарға 80000 дана, түйе малдарына 2600 дана, шошқаға 400 дана қажетті сырғалар алынды.

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру және жылқы малын таңбалау, оларды компьютерлік дерек қорына енгізілді.

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендірудің мәліметі бойынша жоспарланған 12703 бас мүйізді ірі қара малының – 12703 басы 100% , оның ішінде дерек қорға енгізілгені – 12703 бас 100% , 50000 бас уақ малдың – 50000 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 41853 бас 84 %, 2100 бас түйе малының - 2100 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 2100 бас 100 %, 3500 бас жылқы малының - 3500 басы 100 %, дерек қорға енгізілгені – 3500 бас 100%, 400 бас шошқа малының - 400 басы 100% бірдейлендіріліп, дерек қорға 400 басы 100% түгелдей дерлік енгізілді.

Зерттеулер қорытындысымен аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен ауданның (Ақтөбе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун, «Қорқыт» стансасы, «Кемесалған») қолайсыз елді мекендер қатарына енген 5 елді мекендерді күзгі және көктемгі айларда залалсыздандыру жұмыстарына 2013 жылы облыстық бюджеттен 6900,0 мың теңге бөлініп, залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі, күзгі 1,2,3 кезеңдерін тендер жеңімпазы Шымкент қаласының «Төрт түлік белгілері» ЖШС жүргізді.

1 кезеңінде «Диазинон -60» препаратымен 3234 бас мүйізді ірі қара, 9364 бас уақ мал, 232 бас түйе, 909 қора, 10 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар өңделді.

2 кезең бойынша «Креолин - Х» препаратымен 3172 бас мүйізді ірі қара, 9690 бас уақ мал, 232 бас түйе, 699 қора, 15 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар залалсыздандырылды.

3 кезең бойынша «Диазинон -60» препаратымен 3526 бас мүйізді ірі қара, 11087 бас уақ мал, 229 бас түйе, 695 қора, 15 суат, 30 мал жиналатын орындар мен шаңылақтар залалсыздандырылды.

Ауданның барлық ауылдық округтері әкімдері жергілікті шаруашылық басшыларымен бірлесе отырып мал тоғытатын ванналар салуды ұйымдастырды және құрылыс жұмыстарын атқарды.

Қазіргі таңда ауданның 11 елді мекендерінде (Ақтөбе, Қармақшы, Т.Көмекбаев, Қуаңдария, Иіркөл, ІІІ-интернационал, Ақжар, Дауылқөл, Алдашбай ахун, Жосалы, Ақай) мал тоғытатын ванналардың құрылыс жұмыстары толық аяқталды,

Төретам кентінде санитарлық талапқа сай жердің болмауына орай, яғни, жердің көп бөлігі Ресей мемлекетіне жалға берілгендіктен, ал Жосалы кенті мен Жаңажол ауылдық округінде мал тоғытатын ванналар салу құрылысы жүргізілмеді.

Сонымен қатар, Жосалы кентінде екі, Төретам кентінде бір мал сою алаңы жұмыс жасайтын болса, Ақай ауылдық округінде бір мал сою алаңын «Дос едік» шаруа қожалығы жетекшісі өз қаражаты есебінен салып, қазіргі таңда құжаттарын дайындауда.

Аудан бойынша Жосалы кентінде мал қорымы типтік жобада салынған. Қалған 11 ауылдық округтерде мал көмінділері ит, мысық кірмейтіндей етіп қарапайым әдіспен қоршалған.

Осыған байланысты 13 елді мекеннің санитарлық тазалығын, ауыл тұрғындарының денсаулығын, өмір сүру ортасын жұқпалы індеттерден қорғау мақсатында типтік жобадағы мал қорымдарын салу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына облыстық бюджеттен 8549,1 мың теңге қаржының бөлінуіне жоба сметалық құжаттарымен қоса ұсыныс берілді.

Сонымен бірге жаңадан құрылған ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр.

Ветеринариялық пункттерге облыстық бюджеттен болжам бойынша 31,0 млн теңге қажетті қаржыға ұсыныс берілді.

Республикалық бюджеттен аудандық ветеринариялық стансасы мен ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 51 560,0 мың теңге бөлініп, барлық ауылдық округтерге 13 арнайы «Нива» автокөлігі, 1 дезинфекциялау қондырғысы бар УАЗ автокөлігі, жол жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы 1- (ПИКАП) автокөлігі, офистік жиhаздар, биологиялық материалға арналған мұздатқыш, жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы және тағы да басқа ветеринариялық құрал-жабдықтар алынды.


Өндіріс және кәсіпкерліктің дамуы
2013 жылы ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2223 бірлікті құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 115,0 пайызға өсіп отыр. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 2502 адамды құрап, 113,0 пайызға көбейген. (2012 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1927, жұмыспен қамтылғандар 2213)

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 1472,0 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер), 2012 жылмен салыстырғанда 105,0 пайызға өсіп отыр.

Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салықтар мен түсім көлемі 187,3 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 104,6 пайызға артты.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 042,0 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 166,0 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 88,6 пайызын (4467,0 млн теңге), кең өндіру өнеркәсібі 2,0 пайызын (102,5 млн теңге), су, газ, электр қуатын өндіру 2,0 пайызын (99,8 млн теңге), басқа салалары 7,4 пайызын (372,7 млн теңге) құрады.



«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінің жұмысшы органына осы күнге дейін 7 жоба ұсынылып қолдау тапты.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге гранттар ұсыну тетігі қарасытырылған гранттың көлемі 3,0 млн теңге. Аталған жеңілдікті тимді пайдалану мақсатында аудан тарапынан грант жеңіп алу үшін 7 инновациялық жобалар ұсынылған болатын. Олардың қатарында «Темірден киіз үй жасау», «Мал сою алаңы», «Жұмсақ жихаз жасау цехы», «Конфет шығару цехы», «Мұнай қалдықтарынан сабын шығару», «Кондор қондырғысымен тротуарлық плитка, қыш шығару», «Пеноблок шығаратын цех» және тағы басқалар. Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен аудан бойынша ұсынылған жобалардан грантқа 3 жеңімпаз ие болды.

Өткен жылы аудан кәсіпкерлері мен тұтынушылары түрлі қаржы ұйымдары арқылы жалпы құны 765,8 млн теңгенің несиесіне қол жеткізді. Оның ішінде 219,4 млн теңгесі тұтыну несиесі болса, 546,4 млн теңгесі нақты жобалар бойынша бөлінген.

Алайда кіші кәсіпкерлікті дамыту жобалары ауылдық жерлерде баяу қарқын алып келеді.



Аймақтық үйлестіру кеңесіне индустрияландыру картасына енгізу үшін «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша 1 жоба ұсынылып, картаға енді.

Картаға енген жоба «Дорстрой» ЖШС-нің «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» жобасы. Жалпы құны 450,0 млн. теңгені құрайтын бұл жобаның есепті кезеңде 95,0 пайыз құрылыс жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта қонақ үй, мейрамхана, асхана, намазхана, автотұрақ іске қосылып жұмыс жасауда. Автокөліктерге сервистік қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекетінің құрылысы жүргізілуде.

Инфрақұрылым тарту жұмыстары «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен «Аман-Құрылыс» ЖШС-і 197,0 млн.теңгеге жүргізілді (электр желі, қосалқы станция, ауыз су желісі, аяқ су, насос станциясы).

Жобаны жүзеге асыру барысында 50 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда жоба іске қосылғанда 15 адам тұрақты жұмыс жасайтын болады.

Жоба толық іске қосылғанда «Қорқыт Ата зиярат етушілер орталығында» мейрамхана, намазхана, қонақ үй, автотұрақ, техникалық қызмет көрсету орталығы, жанар-жағар май бекеті, ұлттық қолөнер шеберханасы, туристер демалатын бақ жұмыс жасайтын болады.

2013 жылы облыстық өңірлік индустрияландыру картасына енгізуге аудан тарапынан екі жоба ұсынылып картадан тыс бақылауға алынды. Олар «АНК-Даулет» ЖШС-нің «Темір-бетон бұйымдарын және құрылыс материалдарын шығаратын кіші зауыты» - құны 51,0 млн.теңге, «Мир-2001» ЖШС-нің «Заманауи технология ендіру арқылы бетон бұйымдары цехы» - құны 64,0 млн.теңге. Жобалардың іске асыру мерзімдері 2014 жыл.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік аймаққа Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімінің 17.06.2013 жылғы №471 шешімімен 15,0 гектар жер телімі белгіленген.

Қазіргі уақытта аудандық бюджеттен аймаққа инфрақұрылым тартуға жобалық сметалық құжат дайындау үшін 9 646,6 мың. теңге қаржы бөлінді.

Аталған индустриялық аймақтарда кірпіш шығаратын шағын цех, қаңылтырдан профлист шығару цехы, шеге шығару цехы, жем шығару цехы, брусчатка, бордюр, ауасы бос блок шығаратын цех, жылыжай, темір жол тұйығы арқылы басқа облыстардан келетін құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары және т.б. орналастырылатын қойма орналасады деп жоспарлануда.

«Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша облыс әкімідігі және «Лукойл Оверсиз» компаниясының ұйымдастыруымен Қызылорда облысының Жалағаш, Сырдарья және Қармақшы аудандарында ауылдың тұрмыстық инфрақұрылмын жақсарту, әлеуметтік әлсіз топтарды еңбекпен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Ақниет» бағдарламасы іске асырылды.

Осыған орай, «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы бойынша барлық кент, ауылдық округтеріне 2013 жылдың 18-20 сәуір аралығында «Лукойл» компаниясының өкілдері, және аудандық кәсіпкерлік бөлімі, Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерімен түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 211 азамат жалпы соммасы 184 240 мың теңгеге тиісті құжаттарын бағдарламаға қатысу үшін өткізді. Нәтижесінде бағдарлама бойынша Қармақшы ауданынан 19 адам жалпы соммасы 9 564 мың теңге құрайтын грантқа ие болды.



Сауда. 2013 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 2 261,6 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 110,5 пайызға өсті.

Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 295 сауда дүкені, 4 сауда базары, 5 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 14 шағын және орташа наубайхана қамтамасыз етеді. /тәуліктік қуаттылығы 3,75 тонна, қажетті ұн көлемі тәулігіне 3,4 тонна/

Қармақшы ауданындағы 4 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр», «Мақсат», және «Әмбебап» базарлары. Аталған базарлардың 3-еуі Жосалы кентінде орналасқан 1-еуі Төретам кентінде.

Ауданда сауда саласында құрылыс салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде атап айтқанда жыл басынан бері жеке кәсіпкер Е.Ешмұратовтың бастауымен аудан орталығында заманауи технологияларды қолдана отырып «Сұлтан» сауда үйі ашылды аталған сауда үйде тұтынушыларға жағдайлар жасалаған келген тұтынушыға өзі тауарды таңдауға мүмкіндік берілген және сауда үйінде «Қазақстан халық банкінің» банкоматы орналастырылған.

Осыған ұқсас сауда дүкендерді аудан көлемінде ашуға жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар Төретам кентіндегі «Мақсат» базары заман талабына сай жаңадан сауда базарын салу жұмыстарын қолға алуда, аталған базардың құрылысында 20-дан астам адам жұмыспен қамтылған. Базар 3 қабаттан тұрады оның бірінші екінші қабаты азық-түлік саласы бойынша болса, үшінші қабаты киім кешек сатумен айналысатын болады қазіргі уақытта базар құрылысы аяқталып жұмыс жасауда.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 43 763 млн. теңге болып, 2012 жылмен салыстырғанда 6,3 есеге артты. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: республикалық бюджет 9,8 пайыз (4285,0 млн теңге), жергілікті бюджет 2,1 пайыз (912,0 млн теңге), жеке қаражат 18,6 пайыз (8120,0 млн теңге), шетел қаражаты 0,04 пайыз (20,0 млн теңге), қарыз қаржылары 69,5 пайыз (30426 млн теңге).


Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және инженерлік инфрақұрылым

2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 16 206,1 млн теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 154,7 пайызға артты. 2013 жылы аудан бойынша әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді.

Атап айтқанда: «Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылындағы 300 орындық мектеп» құрылыс объектісі 3 жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап қалған нысанына 2012 жылы жергілікті бюджет есебінен бар жоғы 26,0 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыға «Дарын-Ж» ЖШС-і мектептің қалған жұмыстарын аяқтап, үстіміздегі жылдың мамыр айында пайдалануға берілді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет