Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы хабарлама ҚР «Мәдениет туралы»



Дата24.02.2016
өлшемі71.98 Kb.
#14700
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2014 жылда атқарылған жұмыстары туралы хабарлама
ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, ҚР «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес аудан көлемінде халық шығармашылығын дамыту мен мәдени қызмет көрсетуде, жас таланттарды қолдау мен шыңдауда, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда шығармашылық жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып отыр.

Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 3 млн 979 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалды.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2014 жылы 8 млн 626 мың 000 теңге бөлініп, оның ішінде 2 млн 500 мың теңгеге Кіндікті, Құмкөл, Қарасу, Ойшілік және Сәтпаев клуб үйлеріне аппаратура, 200 мың теңгеге Тұғыл мәдениет үйі жанындағы әжелер тобына киім, 300 мың теңгеге Ақсуат мәдениет үйі жанындағы «Көктем» эстрадалық ансамбліне киім тігіліп, Ақжар мәдениет үйіне 2 млн 540 мың теңгеге ұлттық-аспаптар, стол орындық 500 мың теңгеге Құмкөл клуб үйіне сахна шымылдығы, 176 мың теңгеге кітапханаларға стол, орындықтар алынса, 150 мың теңгеге кітап, 1 млн 200 мың теңгеге газет-журналға жазылып, 1 млн 060 мың теңгеге кітап шығарылды.

2014 жылы аудан бойынша мәдениет және клуб үйлерінде 1596 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 248471 адам қамтылса, кітапханаларға 16983 оқырман 199025 рет қатысып, оларға 395544 кітап беріліп, ақпараттық-танымдық жұмыстар көрсетілді.

Мәдениет мекемелерінде жыл басында 86,75 штаттық бірліктен 2014 жылы 32,5 штаттық бірлік қосылып, 119,25 штаттық бірлік болды.

Ақпан айында қазақ поэзиясы алыптарының бірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Жүрекке нәзік тіл бітті» атты поэзия кеші, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Ұлттық идеямыз - Мәңгілік ел» деген атпен мәдениет үйінің өнер ұжымының ауылдық округтерге мәдени гастролдік сапары ұйымдастырылса, аудандық кітапханада «Ұлттық идеямыз – мәңгілік ел» атты кітап көрмесі өтті.

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай патриоттық концерт /19 ақпан/, «Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау кешенді жоспарды» іске асыру аясында өтетін «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында концерттік бағдарлама, КТК командаларының кездесуі «Маусымашар-2014» оқушылар арасында /21 ақпан/ және жастар арасында /27 ақпан/ болды.

8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай, 7 наурыз күні «Киелі кимешек» аудандық сайысы, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай, аудан мекемелерінің арасында театрландырылған көріністер мен киіз үйлер байқауы ұйымдастырылды. Соңы халықтық серуенге ұласып, Ақсуат мәдениет үйі әртістерінің концертіне жалғасты.

26 - 28 наурыз күндері аралығында Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндерінде аудан көркемөнерпаздары қала халқына өз өнерлерін көрсетіп қайтты.

Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Ұлттық идеямыз - Мәңгілік ел» тұжырымдамасы аясында «Тарбағатай өңіріндегі фольклорлық мұралардың өзіндік ерекшелігі және даму бағыты» тақырыбы бойынша Шығыс Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің іс тәжірибе алаңы аясындағы облыстық семинар, ауылдық округ көркемөнерпаздары арасында ауыл өнерпаздарының ұйымдастырушылық қарымын көрсету, көркемөнерпаздар өнерінің сапалық деңгейін көтеру, әр ауылда жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздарды әйгілеу, Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында «Ұлттық идеямыз-мәңгілік ел» және 2015 жылы аталып өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Қайран ерлер қаһарман ардагерлер» атты ауылдық көркемөнерпаздар байқауы, ауылдық округ өнерпаздарының қатысумен «Сағындырғын әндер – ай» ретро ән фестивалі, аудан орталығында қазақ күресінен Ырғызбай Досханаұлы атындағы халықаралық турнирдің, аудан әкімінің жүлдесіне арналған XVIII - ші Халықтық ойындар спартакиадасының ашылу салтанатына арналған мәдени шаралар өткізілді.

Ақын, белгілі жыр жүйрігі марқұм Сембай Жансақовты еске алуға арналған облыстық ақындар айтысы өтіп, аудандардан 18 ақын қатысты.

«Туған ел-алтын бесігім» акциясы аясында ауданның мәдени күндері өткізілді. Концертке Қазақстанға танымал өнер иелері М.Әбуғазы, Т.Мұқышев, А.Кәкеновтар қатысты. Қытай Халық республикасының Шәуешек қаласында Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндерінде аудан көркемөнерпаздары қала халқына өз өнерлерін көрсетсе, Алматы қаласындағы «Шығыс Қазақстан облысы күндері» барысында өткен концертке облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының шақыруымен аудандық мәдениет үйінің әншілері Б.Исаева мен Т.Шакаримов қатысып қайтты.

1 қазан - Қарттар күніне арналған мерекелік шаралар өткізілді, сонымен қатар қазан айында Семей қаласында өткен «Театрлар» фестиваліне Ақсуат халық театрының әртістері драматург Е.Төлеубайдың «Боздаған бойдақтар» комедиясымен қатысып, ІІ орын иеленді.

22 қазан күні барлық мәдениет қызметкерлері кезекті аттестациядан өтті.

Қараша айының басында Өскемен қаласында өткен Әсет Найманбайұлы атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылардың конкурсына Тарбағатай ауданынан Ақсуат мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Т.Шакаримов қатысып, жүлде қоры 150 мың болатын ІІ орынға ие болды.

20 қараша күні Ақжар мәдениет үйінде Ақжар халық театрының Москваға барған сапарына 50 жыл толу мерейтойы аталып өтті. Ақжар халық театрының шаңырағын көтеріп, уығын кеңейткен халық таланттарының жарқын бейнелері жаңартылып жасалған естелік көрме, Қазақфильм киностудиясы түсірген «Ақжардан Москваға дейін» атты деректі фильм, Ақжар халық театры әртістерінің ойнауымен Ш.Айтматовтың «Жәмилә» лирикалы драмасы халыққа ұсынылды.

28 қараша күні Аягөз қаласында өткен «Туған ел-алтын бесігім» акциясының қорытынды Гала концертіне Тарбағатай ауданы қатысып, диплом алды.

Қараша айының басында Өскемен қаласында өткен Әсет Найманбайұлы атындағы республикалық дәстүрлі орындаушылардың конкурсына Тарбағатай ауданынан Ақсуат мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Т.Шакаримов қатысып, жүлде қоры 150 мың болатын ІІ орынға ие болды.

13 желтоқсан күні аудан әкімінің қолдауымен дарынды жастарды анықтау мақсатында облыстық «Тарбағатай жұлдыздары» эстрадалық ән байқауы Ақжар ауылында өтті. Байқауға Өскемен қаласынан 2, Зайсан ауданынан 2 үміткер, 17 ауылдық округтерден жиыны 38 өнерпаз қатысты.

Жаңа жылды мерекелеуге арналған мекемелер арасында эстафеталық ойындар, балаларға арналған ертегілік қойылымдар, Жаңа жылдық маскарадтар балы мен отшашу өз деңгейінде өтті.

Кітапханада М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты мүшәйра, белгілі ақын С.Жұматовтың «Елім деген Еркінбек» атты кітабының беташары, «Тарбағатай тұғыры биік, тағылымы мол, тарихи өлке» атты көп циклды кітап көрмесі, «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші, «Әйелдер әлемі» атты танымдық кеш, «Қазағымның дәстүрлері-ай» атты салт-дәстүрді насихаттауға арналған танымдық кеш, «Көркемсөз зергері» атты кітап көрмесі, «Тілдер шеруі» айлығы аясында «Елдің тарихы-тілінде» тақырыбында дөңгелек үстел, «Туған тілім-тірлігімнің тірегі» атты тақырыптық кеш, 2015 жылы аталып өтетін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Жеңіс» атты тарихи танымдық кеш, «Ерлік ел есінде», «Біз Сіздерді ұмытпаймыз!» атты естелік көрмелер ұйымдастырылды.

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 8 мәдениет және клуб үйлерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 69 млн 946 мың 737,43 теңге бөлінді.

Кіндікті мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 20 млн 320 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млн 258 мың 400,32 теңге, жиыны 22 млн 578 мың 400,32 теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын «Сарман - 7» ЖШС жүргізді.

Құмкөл клуб үйіне құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 7 млн 199 мың 252 теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын «НС-Ертал» ЖШС жүргізді.

Сәтпаев клуб үйін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 6 млн 929 мың 092 теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын «НС-Ертал» ЖШС жүргізді.

Қабанбай мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 9 млн 766 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млн 071 мың 174 теңге, жиыны 10 млн 837 мың 174 теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Айзат-Құрылыс» ЖШС жүргізді.

Жетіарал мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 4 млн 41 мың теңге, жергілікті бюджеттен 440 мың 914 теңге, жиыны 4 млн 481 мың 914 теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Айзат-Құрылыс» ЖШС жүргізді.

Маңырақ мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге республикалық бюджеттен 5 млн 737 мың теңге, жергілікті бюджеттен 627 мың 911,84 теңге, жиыны 6 млн 364 мың 911,84 теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Айзат-Құрылыс» ЖШС жүргізді.

Қызыл кесік мәдениет үйін ағымдағы жөндеуге Республикалық бюджеттен 6 млн 47 мың теңге, жергілікті бюджеттен 661 мың 695,84 теңге, жиыны 6 млн 708 мың 695,84 теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Сарман-7» ЖШС жүргізді.

Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңатілеу клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге Республикалық бюджеттен 4 млн 359 мың 821,43теңге, жергілікті бюджеттен 487 мың 476 теңге, жиыны 4 млн 847 мың 297,43 теңге бөлініп, жеке кәсіпкер М.Малгажинов жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Екпін клуб үйіне жергілікті бюджеттен 1 млн 500 мың теңге бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Құмкөл клуб үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына қосымша жергілікті бюджеттен 2 млн теңге, Сәтпаев клуб үйіне жергілікті бюджеттен қосымша 1 млн 500 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Ақжар мәдениет үйінің алдына брущатка жаюға 1 млн 400 мың теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында ауданда 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген. Жоспар аясында «Тіл шебері» байқауы, «Тіл-барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің байқауы, «Туған тілім сарқылмайтын қазынам» атты жазба ақындар мүшәйрасы, «Тілдарын 2014» олимпиадасы өткізілді.

25 ақпан күні аудан көлеміндегі мемлекеттік қызметшілер арасында «Әдемі сөйле, сауатты жаз!» өңірлік сауаттылық акциясы өткізілді. Акцияға 138 мемлекеттік қызметші қатысып, жаппай диктант жазды.

Үстіміздегі жылдың 3 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында аудан бойынша «Көркем тіл-көрікті жарнама», 10 наурыздан 10 сәуір аралығында «Тілімізді құрметтеп, тектілікті ту етсек» атты айлықтар өткізілді. Айлық барысында 10 дөңгелек үстел, 2 семинар, 13 кеш, 5 рейдтер ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ байқау сынағы негізінде (1 апталық) дайындық курсынан өткізіліп, 26 тамызда 22 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтіп, 14-і ҚАЗТЕСТ сертификатына ие болды.



Аудандық орталық кітапханада ағылшын тілін оқыту орталығы ашылып, бүгінгі күнге 45 адам ағылшын тілін үйренді.

Ономастика саласы бойынша 2014 жылы 3 мектептің атауын өзгертуге, Ақсуат, Екпін, Ырғызбай, Маңырақ ауылдық округтеріндегі ауылдардағы атаусыз көшелерге атау беруге құжаттары жинақталып, облыстық ономастикалық комиссияға ұсынылып, қолдау тапты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет