Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2015 жылында атқарылған жұмыстар .
2015 жылы мәдениет саласына 109 млн 377 мың қаражат бөлінді. «Айнакөл» халықтық ән-би ансамбілінің 40- жылдық мерейтойына арналған есеп беру концерті атап өтілді. 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай «Қош келдің, Әз- наурыз» мерекелік іс шара өткізілді. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Ынтымақты елде бақ тұрар!» атты салтанатты шеруі ұйымдастырылды. 7- мамыр «Ал кәнеки, жігіттер» байқауы өткізілді. 9- мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Мәңгілік сапта» салтанатты митингі, шеру өткізілді. «Мәңгілік ел» атты мәдени керуеннің жайлауларды аралауына байланысты аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерт ұйымдастырды. «Қарттарым асыл қазынам» - атты мерекелік концерт қойылды. 30 – тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына күніне арналған салтанатты жиналыс және мерекелік концерт өткізілді. Қазақстан халқы Ассамблясының 20 жылдығына орай «Ұлттар дәстүрін ұшатастырған отбасы» атты интернационал отбасыларына арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Қала күніне орай «Тарихи белестер – Мәңгілік ел арқауы» атты дәстүрлі гүлдер мерекесі өткізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала елі» атты кешенді мерекелік шара атап өтілді. «Ән қанатында» атты эстрадалық коңцерт өткізілді. Аудандық «Қыз сыны» байқау өткізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Абай Құнанбаевтің ескерткіші-бюстін ашылуы, жергілікті жазушы Қ. Алтыбаевтің «Абай әлемі» атты кітабының тұсаукесері болды. Дайыр ауылында мәдениет үйі ашылды, ашылу салтанатына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз Қазақстан», «Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Орталық алаңда «Құтты болсын, жаңа жыл»- атты мерекелік концерт өткізіледі.
Тілдерді дамыту
Ауданда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс жүргізу мемлекеттік тілге көшірілген. Мемлекеттік органдарда іс жүргізу және мемлекеттік тілге көшірілген аудандармен ақпарат немесе іс қағаздарын алмасу, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, бірыңғай мемлекеттік тілде жүргізілуі жүзеге асырылған. 2008 жылдың шілде айынан бастап аудан әкімдігінің шығыс құжаттары 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіліп отыр.
Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік органдарды мемлекеттік тілді жетік меңгерген, іс-қағаздарын осы тілде емін-еркін жүзеге асыра алатын қызметкер кадрлармен толықтыру мәселесін үнемі назарда ұстап келеді.
2015 жылы аудандық бюджеттен тілдерді дамыту бағдарламасын іске асыруға 300 мың теңге қаржы бөлінді. Осы қаражат жоспарланған әр-түрлі шараларға, сайыстарға жұмсалынуда.
Тілдерді дамыту бағдарламасына сәйкес екі рет «Тілге құрмет – елге құрмет» және «Тілдер шеруі» айлықтары, жастар арасында әр түрлі тақырыпта 4 дөңгелек үстел, 1 семинар өткізілді. Аудандық білім бөлімімен бірлесіп, Абай оқулары, Шәкәрім оқулары, «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, жергілікті ақын-жазушыларымыз Хамит Балшабековтың, Нұрлан Мәукенұлының шығармаларына арналған байқаулар, жас ақындар айтысы, Асқар Егеубаев оқулары, сондай-ақ, тілдер күні мерекесіне байланысты «Тілдердің үш тұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Полиглоттар» сайысы ұйымшылдықпен өткізілді. Сайыс жүлдегерлері Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің және Абай және Шәкәрім оқуларының облыстық байқауына қатысып жүр. Сонымен қатар, 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 2017 әскери бөлімінде әскери қызметкерлер арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сайыс, Қарабұлақ ауылында «Мақал – сөздің мәйегі» сайысы өткізілді.
Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ауданның мемлекеттік органдарымен мекемелерінде, меншік нысандарында «Тіл туралы» Заңының 21 бабына сәйкестендіру мақсатымен барлық көрнекіліктер, атап айтқанда маңдайша жазулары, хабарландырулар, сауда үйлері мен дүкендердегі тауар атаулары, баға көрсеткіштері мұқият тексеріліп, анықтылған кемшіліктерді тез арада ретке келтіру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың нәтижелері «Достық» газетінде сын мақала болып жарияланып және нәтижесі туралы ақпарат алынды.
Спорт
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру мақсатында, аудандық дене шынықтыру және спорт саласы бойынша 2015 жылы жоспар бойынша 75 спорттық іс-шаралары атқарылды.
Атап айтқанда, «Денсаулық-фестивалі», «Спорт нашақорлыққа қарсы» акциялары ұйымдастырылса, «Зайсан барысы», «Қазақ қысы», «Наурыз» мерекесіне арналған спорттық ойындар ұйымдастырылды, Қазақ күресінен «Ауған соғысы ардагерлері құрметіне» арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир, «Мүмкіндігі шектеулі жандардың XV-ші спартакиядасы», «Мектеп оқушылырының I-ші спартакиядасы», Дзю-до күресінен КСРО спорт шебері Ә.Аубакировты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық турнир, волейболдан «Тәуелсіздік» күніне арналған ересектер, ардагер спортшылар арасындағы жарыс, «Мектеп оқушылырының II-ші спартакиядасы», қар қалашығы, мұз айдынының байқауы т.б. спорт ойындары ауданымызда ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні аудандағы спорт нысандарының саны – 104. Оның 67 ауылдық елді мекендерде орналасқан. 1 спорттық-сауықтыру кешені, 1 ашық жүзу бассейні, 1 стадион, 4 тир, 2 спорт ядро, 8 хоккей корты, 9 шағын футбол алаңы, 57 волейбол және баскетбол алаңдары, 26 спорт зал, жұмыс істеуде2015 жылы спорт саласына 131 млн тг қаражат жұмсалды. Сонымен қатар, өткен жылы Қаратал ауылдық округінде 27млн 062 тг жергілікті бюджет қаржысына спорт модулі ашылса, Зайсан қаласында жабық жүзу бассейнінің құрылысы 52 млн теңгеге салынды.
Жыл сайын спорттың 8 түрінен (волейбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ, дойбы, арқан тарту, баскетбол, арбамен жарыс, жеңіл атлетика) мүгедектер спартакиадасы ұйымдастырылды. Аудан спортшылары аудан құрамасының, облыс құрама командасының сапында облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жоғары жетістіктерге жетіп жүр.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің
басшысы м.а: З. Рахимбаев
Достарыңызбен бөлісу: |