Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №17/119 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы



Дата29.02.2016
өлшемі44.39 Kb.
#29465

3

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазан № 25/173 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қараша № 2527 болып тіркелді



Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы

25 желтоқсандағы №17/119 «2014-2016

жылдарға арналған аудандық бюджет

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №17/119 «2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2331 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның «Шығындар» бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

«1 функционалдық топ 112 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 18 285 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 122 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 132 750 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – Форт-Шевченко қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 22 409 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы «Ақшұқыр ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 17 049 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – Баутин ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 16 627 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – Қызылөзен ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 13 833 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – Таушық ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 16 017 мың теңге»;

«1 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 001 бағдарламасы – Сайын Шапағатов ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 12 749 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 004 бағдарламасы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету – 42 159 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 041 бағдарламасы – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру – 61 928 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 464 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 009 бағдарламасы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету – 88 071 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 005 бағдарламасы – ауылдық жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру – 21 085 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 464 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 003 бағдарламасы – жалпы білім беру – 1 195 706 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 464 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 067 бағдарламасы – ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары – 48 496 мың теңге»;

«4 функционалдық топ 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 037 бағдарламасы – білім беру объектілерін салу және реконструкциялау – 492 202 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 003 бағдарламасы – мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек – 3 382 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 005 бағдарламасы – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 5 942 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 006 бағдарламасы – тұрғын үй көмегін көрсету – 950 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 007 бағдарламасы – жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек – 98 454 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 010 бағдарламасы – үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету – 817 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 014 бағдарламасы – мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету – 1 368 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 016 бағдарламасы – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 1 684 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 017 бағдарламасы – мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз ету – 1 754 мың теңге»;

«6 функционалдық топ 451 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 011 бағдарламасы – жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу – 1 077 мың теңге»;

«7 функционалдық топ 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 008 бағдарламасы – елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру – 34 308 мың теңге»;

«7 функционалдық топ 458 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 015 бағдарламасы – елдi мекендердегі көшелердi жарықтандыру – 92 749 мың теңге»;

«8 функционалдық топ 478 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 032 бағдарламасы – ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары – 2 685 мың теңге»;

«13 функционалдық топ 458 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі 067 бағдарламасы – ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары – 146 552 мың теңге».

2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

(А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалысын бақылау бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Шарипов) жүктелсін.

4. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
М.Шыракбай А.Досанова

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық экономика және

қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

басшысы:



Ж.Төлеген

27 қазан 2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет