«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата17.07.2016
өлшемі165.29 Kb.
#205292



Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2013 жылғы « »

№ қаулысымен



бекітілген

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандарты



    1. Жалпы ережелер




  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің атауы: «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

  2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік қызметті мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беруді мекен-жайлары мен байланыс телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген ЖАО Дін істері басқармалары (бұдан әрі – басқармалар) жүзеге асырады.




    1. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

  1. мемлекеттiк қызметтi алушыға осы стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтiзбелiк 30 күн;

  2. тұтынушы ұсынған материалдар бойынша қорытынды алу үшін діни сараптама жүргізу кезінде тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі тоқтатыла тұрады. Сараптама басқармаға сараптама объектісі келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Сараптама жүргiзу үшiн сарапшының (сарапшылардың) қосымша материалдар мен ақпаратты зерделеуі қажет болған жағдайда, сараптама жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк отыз күнге ұзартылуы мүмкiн;

  3. мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар пакетін тапсыруға тілек білдірген мемлекеттік қызметті алушының мүмкін болатын ең ұзақ күту уақыты 30 минуттан аспайды.

  4. мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берілген күні қабылдау орнында қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;

  1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: қағаз түрінде.

  2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіліне) төлқұжатты немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатты көрсеткен кезде осы стандартқа 3-қосымшада берілген үлгіге сәйкес миссионерді тіркеу және қайта тіркеу туралы куәлігі (бұдан әрі – куәлік) беру немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы ЖАО-ның хаты қолма-қол беріледі немесе мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жолданады.

  3. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

  4. ЖАО мен басқармалардың жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы заңында белгілеген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі;

  3. діни бірлестік берген діни бірлестіктің атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаты;

  4. миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестіктің Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің және оның жарғысының көшірмелері;

  5. миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттары;

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар миссионер ретінде тіркелу үшін қосымша мынадай құжаттарды:

  1. миссионер өкілдік етіп отырған діни бірлестіктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тіркелгенін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаты;

  2. Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыру құжаты;

Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған және аударманы жүзеге асырған аудармашының қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариалды куәландырылған түрінде табыс етіледі.

Тұтынушы көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде паспортын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты көрсетеді.

Құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген құжаттарды қабылдау күні мен уақыты қамтылған Басқарма мөртаңбасы басылған мемлекеттік қызметті алушының өтінішінің көшірмесі осы тармақта атап көрсетілген құжаттар мен заттардың тапсырылуын растайтын құжат болып табылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттарды алған кезде Басқарма тарапынан олардың толықтығы мен дұрыстығы тексеріледі.



  1. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

  1. дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

  2. конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін миссионерлік қызмет.

Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда басқарма өтінішті қабылдаудан бас тартып, осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Құжаттардың анық еместігі туралы деректер анықталған жағдайда, басқарма құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырудан бас тарту туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша хабарлайды.





    1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдардың, сонымен қатар лауазымды адамдардың немесе қызметкерлердiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi




  1. ЖАО, Басқарманың және оның лауазымдық тұлғаларының және қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауда және оны қарастыру барысы туралы жәрдем көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар бойынша жүзеге асырылады.

  2. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген немесе мемлекеттiк қызметтi ұсыну кезiнде мемлекеттiк қызметтi алушыларға дөрекi қызмет көрсетiлген жағдайда шағым ЖАО басшысының атына жазбаша түрде берiледi.

  3. Шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекен-жай бойынша пошта арқылы немесе қолма-қол берiледi.

  4. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.

  5. Мемлекеттiк қызметтi алушының шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, ұйымның атауы, пошталық мекен-жайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.

  6. Шағымды ЖАО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметi тiркейдi. Шағым берушi тұлғаға мөртаңба басылған, кіріс нөмірі көрсетілген, өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi, шағымға жауап алу күні мен уақыты көрсетiлген шағымның көшірмесі берiледi.

Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.



    1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін

қоса алғандағы басқа да талаптар


  1. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат электрондық Үкіметтің порталында: www.e.gov.kz, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің интернет-ресурсында: www.din.gov.kz, осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген ЖАО мен Басқармалардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

____________________________________

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша        
Мемлекеттік қызметті көрсететін облыстардағы жергілікті атқарушы органдардың мекен-жайлары мен телефондары


Р/с №

Атауы

Мекен-жайы

Телефон нөмiрлерi

Интернет-ресурсі

1

2

3

4

5

1.

Акмола облысы әкімшілігі

Көкшетау қаласы, Абай көш.,83

8 (7162)

29-72-71


www.akmo.gov.kz


2.

Актөбе облысы әкімшілігі

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8 (7132)

54-36-30


www.akto.kz

3.

Алматы облысы әкімшілігі

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

8 (7282)

27-19-75


www.zhetysu.gov.kz

4.

Атырау облысы әкімшілігі

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

8 (7122)

35-45-30


www.atyrau.gov.kz

5.

Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі

Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40

8(7232) 26-42-42

chancellery@akimvko.gov.kz


6.

Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі

Орал қаласы,
Достық данғылы, 179

8 (7112)

51-06-26


www.bko.gov.kz

7.

Жамбыл облысы әкімшілігі

Тараз қаласы ,

Абай көш, 125



8 (7262)

43-18-22


www.zhambyl.kz

8.

Қарағанды облысы әкімшілігі

Қарағанды қаласы,
Алиханов қөш., 13
 

8 (7212)

42-10-45


www.karaganda-region.kz

9.

Қостанай облысы әкімшілігі

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

8 (7142)

57-50-02


www.kostanay.gov.kz

10.

Қызылорда облысы әкімшілігі

Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесi, 76

8 (7242)

26 16 44


www.e-kyzylorda.gov.kz

11.

Маңғыстау облысы әкімшілігі

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй

8 (7292)

31-42-15


www.mangystau.gov.kz

12.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімшілігі

Шымкент қаласы,
Тәуке хан данғылы, 6



8 (7252)

53-26-43


www.ontustik.gov.kz

13.

Павлодар облысы әкімшілігі

Павлодар қаласы, Ак. Сатпаев көш., 49

8 (7182)

32-34-22


www.pavlodar.gov.kz

14.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкімшілігі

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58

8 (7152)

46-36-35


www.sko.gov.kz

15.

Алматы қаласы әкімшілігі

Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4

8 (7272) 71 65 57

www.almaty.kz

16.

Астана қаласы әкімшілігі

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11

8 (7172) 55-66-55

www.astana.kz

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша        
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының Дін істері басқармасының мекен-жайы мен байданыс телефондары


Р/с №

Атауы

Мекен-жайы

Телефон нөмірлері

1

2

3

4

1.

Ақмола облысы Дін істері басқармасы

Көкшетау қаласы, Абай көш.,83

8-7162-257842

8-7162-401603



2.

Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы

Ақтөбе қаласы, Әбiлқайыр хан даңғылы, 40

8-7132-52343,
8-7132-46006

3.

Алматы облысы Дін істері басқармасы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 38

8-7282-270638

4.

Атырау облысы Дін істері басқармасы

Атырау қаласы, Әйтеке би көшесi, 77

8-7122-354541

8-7122-321640



5.

Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы

Орал қаласы,
Достық данғылы, 179

8-7112-506395

6.

Жамбыл облысы Дін істері басқармасы

Тараз қаласы ,

Абай көш, 125



8-7262-579201

8-7262-579200



7.

Қарағанды облысы Дін істері басқармасы

Қарағанды қаласы,
Алиханов қөш., 13
 

8-7212-420752,
8-7212-413410

8.

Қостанай облысы Дін істері басқармасы

Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66

8-7142-500633

9.

Қызылорда облысы Дін істері басқармасы

Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесi, 76

8-7242-263874

10.

Маңғыстау облысы Дін істері басқармасы

Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй

8-7292-430332

11.

Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы

Шымкент қаласы,
Тәуке хан данғылы, 6



8-7252-231640

12.

Павлодар облысы Дін істері басқармасы

Павлодар қаласы, Ак. Сатпаев көш., 49

8-7182-327325

13.

Солтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасы

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 58

8-7152-463025

14.

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасы

Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40

8-7232-552868

15.

Алматы қаласы Дін істері басқармасы

Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4

8-7272-68603,
8-7272-672366




Астана қаласы Дін істері басқармасы

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 11

8-7172-327421

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша        
Куәлік нысаны


___________________________________________ Әкімшілігі

(облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың)


Миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы

КУӘЛІК ________________________


(тіркеу нөмірі)
_______қаласы                                « » 20 жылы
Осы куәлік Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес_______________________________________________________ берілген
(куәлік алушының тегі, аты, болса әкесінің аты)
және миссионер ретінде 20___ж. «___» __________ тіркелгенін растайды.
Өз қызметін жүзеге асыратын аумақ шегі: _______________________________.
алғашқы тіркелген күні 20___ж. «___» __________ (қайта тіркеу кезде көрсетіледі)
Паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге құжат: ____________________________________________________________________.

(берілген күні, нөмер, құжатты берген орган)

Азаматтығы:________________________________________________________.

_______________________________________________________________________________.

(дiни бiрлестiктiң ұстанатын діні)
Осы куәлік 20___ ж.«___» ________ дейін жарамды.
Орган басшысы Қолы

(немесе міндетін атқаратын тулға)


Мөр

Бланк сериясы


«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша        


өтініш нысаны
______________________________әкімі

(облыс, республикалық маңызы бар қала, астана) ________________________________________


      (тегi, аты-жөні)

өтiнiш берушi ___________________________

(жеке тұлғалар үшiн тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), мекен-жайы және телефоны)

Миссионерді тіркеуге (қайта тіркеуге) өтініш


Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________
Орналасқан (тұратын) мекенжайы:______________________________________
Паспорт немесе басқа жеке басын куәландыратын құжат (күні, нөмірі, құжатты берген орган)________________________________________________________.
Азаматтығы:_____________________________________________________.
_________________________________________________________________.
(діни сенімі, діни бірлестікке тиесілілігі)

Миссионерлік қызмет мерзімі:__________________________________________

Визаның қолданылу мерзімі ____________________________________________

Қызметті жүзеге асыру аумағы: _______________________________________


Мен, ___________________________________________________ миссионерлер қызметін реттеуге қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысқанымды растаймын __________________(қолы).
Қосымша:
Өтініш берушінің қолы ____________
Өтініш берілген күн ____________

«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша        

Қолхат нысаны


(көрсетілетін қызметті алушының

тегі, аты, болса әкесінің аты

немесе қызмет алушы ұйымның атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекен-жайы)
Құжаттарды қабылдаудан

бас тарту туралы

ҚОЛХАТ
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, ______________________________Дін істері басқармасы (мекен-жайы көрсетілсін) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________;

2) _______________________________;

3) ....

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.



Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.
Аты-жөні (басқарма қызметкерінің) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________

Телефон __________________



Алдым: аты-жөні/ көрсетілетін қызмет алушының қолы
«__» _________ 20__ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет