Аудандық мәслихаттың бесінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата04.07.2016
өлшемі284.78 Kb.
#178533
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 1 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Аудандық мәслихаттың бесінші сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 10-баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Қоса беріліп отырған бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 маусымдағы №5-1 шешіміне қосымша

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық

мәслихатының кезекті 5-сессиясының


КҮН ТӘРТІБІ:


1.

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы.

Есеп беруші: М.Елеубеков-Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары.

2.

«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: А.Тойшыбекова-Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы.

3.

Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидаларын бекiту туралы.

Енгізген: Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

4.

2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

5.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы.

Есеп беруші: А.Тлемісов-Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы.

6.

Байқадам ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: Ш.Мусабеков – Байқадам ауылдық округі әкімі.

7.

Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі.

Есеп беруші: М.Мизенбаев – Жайылма ауылдық округі әкімі.

8.

«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Енгізген: аудан әкімі.

9.

Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-8 шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Енгізген: аудандық мәслихат.

10.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 1-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Енгізген: аудандық мәслихат.

11.

Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

Енгізген: аудандық мәслихат.

12.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының алтыншы сессиясының төрағасы туралы.

Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының

кезекті бесінші сессиясының
Регламенті мен тәртібі
Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы 2012 жылдың 21 маусым күні сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.
Сессияның регламенті
Сессияға мынадай жұмыс регламентi ұсынылады:

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге – 5 минут, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша есеп берушіге 15 минут, жарыс сөзге 10 минут, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарламашыға 10 минут, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша хабарламашыға 10 минут, қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін – 15 минутқа дейін, анықтама беру үшiн 3 минут.

Сессия жұмысы бір күн ішінде аяқталады.
Сессия жұмысының тәртібі


1.

Сессияны ашу, күн тәртiбiн бекiтуге

10.00 - 10.05

2.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарламашыға

10.05 - 10.20

3.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша жарыс сөзге

10.20 - 10.30

4.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша хабарламашыға

10.30 - 10.50

5.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша хабарламашыға

10.50 – 11.00

6.

Күн тәртібіндегі қалған мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін

11.00-11.15

7.

Анықтамалар беру үшін

11.15-11.18

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 2 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Кезекті бесінші сессияның редакциялық комиссиясының құрамы туралы

Сарысу аудандық мәслихаты регламентінің 20-тармағына сәйкес кезекті бесінші сессияның қарауына ұсынылған мәселелерді талқылау барысында депутаттардың айтылған ұсыныс-пікірлерін есепке алу мақсатында және шешімдердің нақты мәтінін жасау үшін аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

Редакциялық комиссия мына құрамда сайлансын:

Әбішев

Мыңбай Мүшбайұлы



-

№7 Орталық сайлау округінің депутаты, комиссия төрағасы

Оразбаев

Темірхан Жаппарұлы



-

№1 Жаңатас сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі

Тайжанов

Қуаныш Өмірбекұлы



-

№10 Өндіріс сайлау округінің депутаты, комиссия мүшесі


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы


Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 3 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 16-бабының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары Елеубеков Мейрамбек Елеубекұлының Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы есебі назарға алынсын.

2. Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне (С.Тоқаев) ұсынылсын:

1) ауданда шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнінде бағдарлама әзiрлеп, аудандық мәслихатқа енгізу;

2) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандарды оқыту, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмыстарын жалғастыру;

3) ауданда кәсіпкерлердің конкурсын ұйымдастыру, кәсіпкерлерді керекті мәліметпен қамтамасыз ету. Атқарған жұмыстарына мониторинг жүргізіп отыру және жыл қорытындысының нәтижесі бойынша марапаттау формасын енгізу;

4) аудандағы шаруа қожалықтарына көктемгі және күзгі егіс науқанына жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағар майды Қазақстан Республикасының үдемелі-индустриалды инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған «Жарас» ЖШС-нің мұнай өнімдерін өңдеу және сақтау зауытымен келісім шартқа отыру жұмыстарын ұйымдастыру.

4. Сарысу ауданы бойынша салық басқармасына (Б.Асанбеков) аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында аудан көлемінде жеңіл автокөліктерімен жолаушыларды тасымалдайтын жеке тұлғаларды кәсіпкер ретінде тіркеуге алу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

5. Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (Д.Искаков) Сарысу ауданы кәсіпкерлері ассоциациясының төрағасымен (М.Тоқтарбаев) бірлесе отырып, аудан көлемінде жеңіл автокөліктермен жолаушыларды тасымалдайтын кәсіпкерлердің жұмыстарын ұйымдастыру (тұрағын белгілеу, жол белгілерін орнату) ұсынылсын.

6. Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына, жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақтылы жолдап отыру ұсынылсын.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 4 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)

2011 жылға арналған аудандық

бюджеттің атқарылуы жөніндегі

есепті бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2011 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Сарысу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бастығы Имашев Ерлан Оспанбекұлының есебі, Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Тұрлыбеков Нұржан Шалғымбайұлының және аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлының баяндамалары назарға алынсын.

2. 2011 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі бекітілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған Жоба

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 5 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)

«2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат Шешім етЕДі:



1. «2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-128 болып тіркелген, 2012 жылдың 6 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Аталған шешімнің 1 және 5 - қосымшалары осы шешімнің 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ С. Бегеев ________ Б. Дондаұлы

Бесінші шақырылған Жоба

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 6 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету қағидасын бекiту туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97- бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:

1. Қоса берiлiп отырған Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесi бекiтiлсiн.

2. « Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)

тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2010жылғы 24 желтоқсандағы № 46-15 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-9-112 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 ақпандағы № 12 аудандық «Сарысу» газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Көкебаев Бахыт Керімбайұлына жүктелсін.

4. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________ С. Бегеев ________ Б. Дондаұлы

Сарысу аудандық мәслихатының

2012 жылғы 21 маусымдағы № 5-6 шешiмiмен бекiтiлген

Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға)

тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сарысу ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесi (әрi қарай - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына сәйкес әзiрленген.

2. Осы Ережеде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;

өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;

уәкiлеттi орган – «Сарысу ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Сарысу ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

3) байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;

4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.

Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.

4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Отбасының шекті ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 7 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіннің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады.

6. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін, тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен тағайындалады.

7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

Мүгедектердi, магистратураны қоса алғандағы күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi
      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекiтілген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.

10. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.

11. Тұрғын үй көмегiнің заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:

1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бірақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

екi және одан да көп адамды отбасына – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

2) электр қуатын тұтыну нормалары ( айына):

бірден үш адамға дейінгі отбасына – отбасының әрбір мүшесіне 80 киловатт;

төрт және одан да көп мүшелі отбасына – 200 киловатт;     

Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополиттік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіткен кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.


3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi
13. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы, алушылардың өтініштері бойынша тиісті қызмет көрсетушілердің есеп шотына, ал телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысын абоненттердің жеке есеп шотына аударылуы мүмкін.
4. Қорытынды ережелер
14. Осы Ережемен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 7 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1.Сарысу ауданында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын ауданда іске асыру барысы туралы Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Асан Тлемісовтың хабарламасы назарға алынсын.

2. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясына, аудандық ішкі істер бөлімімен (келісім бойынша) бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде кешендік іс-шаралар жинағын ұйымдастыру ұсынылсын.

3. Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Д.Ақділда), аудандық, ауылдық округтердегі мәдениет үйлерінің директорлары және ауылдық клуб үйлерінің жетекшілері жедел түрде жастармен жүргізілетін жұмысты жандандыру, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру әдістерін жаңартып, жүйелі әрі сапалы түрде өткізу ұсынылсын.

4. Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі (А.Бердібаев) 2012 жылға арналған іс-шара жоспарын жасап, аудан жастарының спортпен шұғылдануына жағдай жасау ұсынылсын.

5. Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне (А.Тлемісов) ұсынылсын:

1) аудан жастарына арналған бағдарлама әзірлеп, аудандық мәслихатқа енгізу;

2) Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Сарысу жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің материалдық-техникалық жабдықталуына (кеңселік жиһаз, кеңсе тауарлары) қаражат көздерін қарастыру және қосымша 2 штаттық бірлік (Түркістан ауылдық округ бойынша – 1 нұсқаушы, Қамқалы ауылдық округі бойынша – 1 нұсқаушы) енгізу жөнінде тиісті органдарға ұсыныс беру;

3) аудандық «Сарысу» газетіне (Ж.Өзбеков) жастардың күрделі мәселелері бойынша айдарлар ұйымдастыруды жандандыру;

4) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөнiндегі аудан әкімдігі жанындағы Кеңестің жұмысы туралы аудандық «Сарысу» газеті арқылы халықты тұрақты хабардар етіп отыру.

5. Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімдеріне кешкі мерзімде мектеп оқушыларының қоғамдық орындарда ата-анасыз жүруіне шектеу қою жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.

6. Аудан әкімі аппараты, аудан әкімдігінің бөлімдері осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жылына бір рет 25 қарашасынан кешіктірмей аудандық мәслихатқа жолдап отыру ұсынылсын.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бiлiм, мәдениет, жастар iсi, отбасы мен әйелдер, ұлттық және азаматтық келiсiм, тілдерді дамыту жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсін.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 8 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Байқадам ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Байқадам ауылдық округінің әкімі Мұсабеков Шаттық Бапашұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

2. Байқадам ауылдық округі әкіміне (Ш.Мұсабеков) ұсынылсын:

1) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру;

2) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;

3) шаруа қожалықтарын ірілендіруді ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстарына жәрдемдесу;

4) ауылдық округке қарасты қосымша жасөспірімдер істері жөніндегі инспектор штатын қарастыру жөнінде тиісті органдарға ұсыныс енгізу;

5) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.

3. Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне (І.Баймағамбетов):

1) «Ақбота» балабақшасына шайынды су жүйесін жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, қаржы көздерін қарастыруға ұсыныс енгізу;

2) Байқадам орта мектебі ғимаратының шатырына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көздерін қарастыруға ұсыныс енгізу;

3) Байқадам орта мектебі жанында орналасқан мектеп интернатына кеңсе жиһаздарын ауыстыруға қаржы қарастыруға сұраныс енгізу ұсынылсын.

4. Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратына, Сарысу ауданы әкімдігінің білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдеріне осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақтылы жолдап отыру ұсынылсын.

5. Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы №47-5 «Байқадам ауылдық аймақ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» шешімі жойылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы

___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 9 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)

Жайылма ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Жайылма ауылдық округі әкімі Мизенбаев Марқаш Мойынбайұлының өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі назарға алынсын және осы бағытта атқарған жұмысы жетілдіруді қажет ететіні атап көрсетілсін.

2. Жайылма ауылдық округі әкіміне ұсынылсын:

1) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жалғастыру;

2) көше атауларын (аншлагтарды) және үй нөмірлерін жаңа ұлттық нақыштағы үлгіге сай біріздендіру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;

3) шаруа қожалықтарын ірілендіруді ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметін дамыту жұмыстарына жәрдемдесу;

4) аудандық мәслихаттан түскен шешімдердің орындалуына баса назар аударып, бақылауды күшейту.

3. Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Д.Ақділда) Қызылдихан клуб үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көздерін қарастыру жөнінде тиісті органдарға сұраныс беру ұсынылсын.

4. Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміне (І.Баймағамбетов) Жайылма ауылындағы балалар өнер мектебі ғимаратына орталықтандырылған жылу жүйесін орнату ұсынылсын.

5. Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратына, Сарысу ауданы әкімдігінің білім, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне осы шешімнің орындалуы туралы мәліметті жартыжылдықтың қорытындысы бойынша әр жылдың 15 маусымына және жылдық қорытынды бойынша 15 желтоқсанына аудандық мәслихат аппаратына уақытылы жолдап отыру ұсынылсын.

6. Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 25 ақпандағы «Жайылма ауылдық аймақ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы есебі» №47-4 шешімі жойылсын.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев _______Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 10 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


«Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы №57-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Аудан әкімдігінің дербес құрамымен келісу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 57-3 шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

1) аталған шешіммен бекітілген аудан әкімдігінің дербес құрамына енгізілсін:



«Алпысбаев

Марат Көмешбайұлы



-

аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы

Бердібаев

Айбол Абжапбарұлы



-

аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

Аукенов

Қайрат Қостанайұлы



-

аудан әкімі аппаратының басшысы»

мына:

«Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы»

деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Баймағамбетов

Ілияс Алшынбайұлы



-

аудан әкімдігінің білім беру бөлімінің бастығы»

2) дербес құрамнан Ж.Бапанов шығарылсын.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 11 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Төртінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №58-8 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының талабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Аудандық мәслихаттың 2012 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 58-8 шешімімен бекітілген қосымшасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

ІІІ тоқсан

4.

5.


Ауданның әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.



IV тоқсан

4.

5.


Білім, мәдениет, жастар ісі, отбасы мен әйелдер, ұлттық және азаматтық келісім, тілдерді дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының есепті мерзім ішінде атқарған жұмысы туралы есебі.

Сайлаушылардан түскен өтініштер бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихат хатшысының хабарламасы.



2. Аудандық мәслихат аппараты тұрақты комиссиялармен бірлесе отырып, сессияның талқылауына енгізілген мәселелерді дер кезінде және сапалы дайындауды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.




Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 12 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қаңтардағы №1-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8, 12-баптарының талаптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Сарысу аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және төрағаларын сайлау туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 1-5 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

мына:


«Ауданның әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы» деген жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

«Ауданның әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 13 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Сарысу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сарысу аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Жаңатас қаласы мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы № 34-11 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6-9-93 болып тіркелген, 2010 жылдың 15 мамырдағы №42 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған);

2) «Сарысу ауданындағы Жаңатас қаласы мен елдi мекендерiнiң аумақтарында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау Ережесiн бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6-9-113 болып тіркелген, 2011 жылдың 5 ақпандағы №13 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған);

3) «Сарысу ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесiн бекiту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 46-14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6-9-108 болып тіркелген, 2011 жылдың 22 қаңтардағы №8 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған).

2. Осы шешімнің көшірмесі белгіленген тәртіппен әділет органдарына жіберілсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Төлебаев Талғат Великанұлына жүктелсін.



Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы
Бесінші шақырылған

Сарысу аудандық мәслихатының



ШЕШІМІ

Жаңатас қаласы № 5 - 14 21 маусым 2012 жыл

(кезекті бесінші сессия)


Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының алтыншы сессиясының төрағасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:



Бесінші шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының алтыншы сессиясының төрағасы болып №2 Уәлихан сайлау округінің депутаты Мұханов Рәт Қырғызбайұлы сайлансын.


Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат

сессиясының төрағасы хатшысы


___________С.Бегеев ________Б.Дондаұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет