Аудандық олимпиада
2014-2015 оқу жылы
География пәні бойынша практикалық тур (8 сынып)
Тапсырма 1.
Географиялық нысандар жұбын құрудың қағидасын анықтаңыз және үлгі бойынша бос орындарды толтырыңыз:
Үлгі: Дунай – Қара теңіз, Нигер – Гвинея шығанағы
1. Колорадо – _____________; 6. _____________ – Балхаш көлі
2. Дарлинг - ______________.; 7. ______________- Виктория көлі
3. ___________ - Миссисипи өзені; 8. Десна – ________________;
4. Мараньон - ________; 9. Амударья – ________;
5. Оранжевая - ________; 10. Волга - _________.
Бағалау шарттары:
Әрбір дұрыс жауап үшін - 1 ұпай. Барлығы 10 ұпай
Тапсырма 2.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
-
Азимут 360° __________бағытталған
-
Егер сіздің қозғалыс бағытыңыз 90° азимут бойынша болса, онда сізге ______________азимут бойынша қайту керек.
-
Масштаб көлемі 1: 1000, жергілікті жер жоспарындағы (пландағы) ұзындығы 10см. Жергілікті жердегі нысанның ұзындығын анықтаңыз: _________
-
Жергілікті жер жоспарындағы нысан ұзындығы 6см, ал жергілікті жердің өзінде ол 60м. Масштабтың көлемін анықтаңыз?
Бағалау шарттары:
Әрбір дұрыс жауап үшін 3 ұпай. Барлығы 12 ұпай.
Тапсырма 3.
Топографиялық картадағы сызықтардың өлшенуі мен бөлінуі.
Сандық масштаб 1:5000; атаулы масштаб – «1 см мәні 50м»; масштаб көлемі – 50м. Масштабтың дәлдігі неге тең?
Бағалау шарттары:
Дұрыс жауап үшін – 10 ұпай.
Тапсырма 4.
Оңтүстік Американың өсімдік формацияларының төменде берілген сипаттамалары бойынша көрсетілген тізімнен (тізімде 12 атау, оның ішінде 6 таңдау керек) анықтамаларға сәйкес келетін атауды және карта бойынша оның пайда болу аймағын көрсететін нөмірді анықтаңыз.
Өсімдік формацияларының атауы: Гран-Чако, Каатинга, Тераи, Джунгли, Льянос, Маквис, Пампа, Пантанал, Парамо, Пуна, Чапараль, Сельва.
-
Оңтүстік Америкадағы кең батпақты тектоникалық ойыс, тірі табиғаттың алғашқы қорығы болып табылады. Ауданы шамамен 230 мың шаршы шақырым, жабайы және табиғи өмір әсер етпеген табиғи қалпында сақталған. Көп жері теңіз деңгейінен 50-70 м биіктікте. Бұл ауданның табиғи жағдайы өте әркелкі. Ылғалды жаз мезгіліндегі су тасқындары қысқы қуаңшылықпен ауысып отырады.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
-
Негізнен қалың қабатты (2 м дейін) қызыл топырақтарда дәнді биік шөптесіндер кездеседі, олардан дара және шағын топтасқан ағаштар ( маврикиев пальмасына ұқсас) бой көтеріп тұрады. .Өзен аңғарларында галереялық ормандар тараған. Ландшафтардың кезеңдік дамуы күрт айқындалған: жаңбырлы мезгілдегі жайылып өсетін өсімдіктер жылдың құрғақ мезгілінде тез күйіп кетеді және 4 ай бойында органикалық тіршілік өлі күйінде тынып тұрады. Солтүстік-шығыс бөлігінде жағдай одан да құрғақ болып келеді, жазықтықта теңіз деңгейінен 300 м. дейінгі биіктікте мамыргүл, мимоз, кактус және агавтардан тұратын ағаш-бұта тектес өсімдіктер өседі.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
-
Аласа (биіктігі 8—10 м-дей) ксерофитті тропиктік селдір тоғай өскен шөлейт ландшафтысы. Ұсақ жапырақты ағаштар, көп тікенді бұталар, шырынжапырақты өсімдіктер, көбінесе кактустар мен агавалар өседі. Ұзақ құрғақшылық кезінде (8-9 ай) көптеген ағаштар жапырағын тастайды. Құрғақшылық қысқа жауындармен алмасып отрады, соның өзі жұқа қабатты латеритті топырақтардан суға ерігіш тұздарды шайып кетуге жеткілікті. Бұл аймақ қазіргі кезде мал жаюға және дәнді дақылдар мен мақта өсіру үшін пайдаланылады.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
-
Бойлық зоналық жақсы айқындалған. Шығыс аудандарында ылғалдану жеткілікті- жылына 800-1000 мм, батысқа қарай олар 300-500 мм дейін азаяды, ол ландшафтардың құрғақшылығына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде аумақ бидай және жүгері егістігі үшін жыртылған және интенсивті мал шаруашылығы дамыған. Бұл Аргентинаның негізгі егістік және мал шаруашылығы ауданы.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
-
Оңтүстік Америкадағы экваторлық белдеудің ылғалды, көп жағдайда су басып отыратын ормандары. Өсімдік жамылғысы өте алуан түрлі. Мұнда пальманың 200 жуық түрі, гевея таусағызы, какао, қауын ағашы, лиан и эпифиттердің (орхидей) алуан түрі, бамбук, фикустар кездеседі. Ормандары көп қабатты және қиын өтпелі. Сәйкесінше жануарлар әлеміне бай және әркелкі. Мұнда жалпақ мұрынды маймылдар, салпыерін, жарғанат, ағаш бақалар, алып жылан, ірі өрмекші, үлкен көбелектер, қоңыздар және тағы басқалар кездеседі.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
-
Оңтүстік Америкадағы биік таулы шөлдер мен шөлейтті құрғақ далалар. Әлсіз толқынды үстірттерде жаз салқын, күшті желдері мен қар басу жиі байқалатын қысы суық және құрғақ. Өсімдіктері селдір ксерофитті шымды дәнді өсімдіктерден (бетегелілер түрлері, бозот, айрауық), жастық тәріздес бұталардан және жеке кактустардан тұрады. Жауын-шашын мөлшерінің 1000 мм-ден 100 мм дейін азаюымен бірге оңтүстік және батыс бағытта биік таулы сортаң тұзды шөлдерге дейін ландшафтың құрғақтануы жүреді.
Өсімдік топтануының атауы: _____________, пайда болу аймағы: ____
Бағалау шарттары:
Әрбір дұрыс аталған өсімдік формациясы үшін – 2 ұпай (максимум – 12 ұпай);
Дұрыс көрсетілген сан үшін – 1 ұпайдан беріледі (максимум – 6 ұпай);
Барлығы – 18 ұпай.
ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ
Достарыңызбен бөлісу: |