Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін
пәндер бойынша республикалық олимпиаданың
бірінші (
бастапқы) кезеңі
(Орыс тіліндегі тапсырмалар төменде ұсынылған)
Первый (стартовый) этап республиканской олимпиады по
общеобразовательным предметам для учащихся сельских школ
(Задания на русском языке представлены ниже)
11-сынып тестері
1-15 сұрақтар [1 ұпай]
1. Өміршеңдікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың негізі
A) адамдардың бірігуі мен қауымдасуы тұр
B) табиғи-географиялық фактор тұр
C) құрылыс ресурстары тұр
D) еңбек құралдардың дамуы тұр
2. Экологиялық тауашалар (ниша) дегеніміз
A) тірі және жансыз табиғат жағдайларының жиынтығы
В) табиғаттың адам қолы
тимеген бөлігі
C) тірі организмдер мен гоминидтер бірге тіршілік ететін табиғат бөлігі
D) тірі ағзалардың қазіргі қызметінің құрылымы мен энергиясы
3. ЖЭС кезеңінде өнеркәсіпті мемлекетсіздендіру деген мынаны білдіреді:
A) өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекет меншігінен жеке меншікке немесе жалға беру
В) өнеркәсіпт орындардың жеке меншіктен мемлекет меншігіне өтуі
C) экономикалық және қаржылық дербестікке ие болған
кәсіпорындар
D) ұлттық компаниялар мен тресттерге сенім артқан кәсіпорындар
4. XVI ғасырда өз шығармасында қазақтың киіз басуы мен ондағы ою-өрнектерді
сүреттеген парсы авторы кім?
A) Ибн-Рузбихан
B) Ибн Халдун
C)
Жамал әл-Қарши
D) Ибн-Фундук
5. Орыс саяхатшылары XIII-XIX ғ. Басында қазақтардың этнографиялық ерекшеліктері
мен тұрмыс-тіршілігін сипаттауға көп көңіл бөлгенімен, олардың назарынан
A) көшпелі шаруашылық және көшпелілердің тіршілік қамы тыс қалды
В) киіз үйді орналастыруы мен безендіруі және зергерлік бұйымдар жасау тыс қалды
C) діни ғұрыптар мен дәстүрлер тыс қалды
D) ұсталық өнертыс қалды
6. XV-XVI ғ. Қазақ хандығының тарихына қатысты еңбек жазған ірі ғалымды
атаңыз
A) В.В. Радлов
B) В.В. Вельяминов-Зернов
C) А.И. Добромыслов
D) В.О.
Ключевский
7. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қазақстанды ядролық қарудан азат
аумақ екенін жариялап Лиссабон хаттамасына қашан қол қойып,?
A) 1990 ж.
В) 1991 ж.
C) 1993 ж.
D) 1992 ж.
8. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы қай ортағасырлық мемлекеттің
аумағында өтті?
A) Көк Орда
B) Ақ Орда
C) Мауреннахр
D) Ноғай Ордасы
9. Қазақ өмірінің барлық тұстарынан хабар беретін
A) Шабандоздардың жарысы
B) Халық ауыз әдебиеті
C) Салт-дәстүрлер
D) Аң аулау әдістері
10. Ә.Бөкейхановтың саяси көзқарасының қалыптасуына
A) либералдық идеялар әсер етті
B) анархистік идеялар әсер етті
C) Марксистік идеялар әсер етті
D) діни идеялар әсер етті
11. Тың және тыңайған жерлерді игеру идеясын кім ұсынды?
A) КСРО
Ғылым академиясының ғалымы
B) Жоғарғы мемлекеттік билік өкілдері
C) Жергілікті ауыл шаруашылығы мамандары
D) Комсомол мүшелері
12. 1870-жылдардың басына дейін Қазақстанға қоныс аударғандардың басым бөлігін
A) орыс казачествосы
құрады
В) орыс шаруалары құрады
C) бургерлер
D) орыс дворяндары құрады
13. Елде ГУЛАГ лагерьлерін құрудың бір себебі
A) индустрияландыру үшін жұмыс күшінің тапшылығы
B) директивтік жоспарлардың қажеттілігінен
С) қылмыстың шектен тыс өсуіне байланысты
D) еңбек өнімділігінің төмендігі
14. ҚазКСР КСРО-ның әскери-қорғаныс кешенінің басты буындарының бірі болды, соның
нәтижесінде республикада шамамен неше әскери зауыттар орналасқан?
A) 30
B) 40
C) 50
D) 60
15. Ел экономикасындағы экстенсивті шаралар мынаны білдіреді:
А) еңбек өнімділігінің артуының есебінен өндірістің өсуі
B) өндірістің еңбек өнімділігін арттыру
есебінен емес, жаңа ресурстар есебінен дамуы
C) еркін кәсіпкерлік пен бәсекелестік принциптеріне негізделген жүйе
D) Батыс елдерімен ынтымақтастықты кеңейту