Ауыл шаруашылық ғылымдары Агрономия ауыл шаруашылық Ғылымдары



бет21/21
Дата14.06.2016
өлшемі1.89 Mb.
#135547
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Беляева, А. Управление самостоятельной работой студентов / А. Беляева. // Высшее образование в России. – 2003. – №6.
2. Пегашкин, В. НИР студентов младших курсов: проблемы и решения / В. Пегашкин, Т. Гаврилова, К. Корнисик // Высшее образование в России. – 2008. – №7. 102-112 б.
3. Резник, С. Д. Управление кафедрой / С. Д. Резник – М. : Мысль. – 2006. – с. 345.

УДК 821. 512. 122.


АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКА
Г. Г. Қаржауова, А. Е. Ихласова
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым нақышы анық берілген. Әрбір үлкен суретші сияқты Абай да эстетиканы әлеуметтік өмірден бөліп алмайды. Абай – қазақтың шын мәніндегі тұңғыш халық ақыны және өмір шындығының теңдесі жоқ жыршысы. Мақалада ақын өзінің поэзиялық шығармаларында өмір көріністерін эстетикалық талғампаздықпен шебер жеткізе білгені туралы айтылған.
В статье дается понятие о выражении основного смысла эстетического мышления Абая, его восприятие красоты. Как всякий великий художник, Абай тоже не отделяет эстетику от социальной жизни. Абай является первым народным поэтом у казахов и все его творчество наполнено жизненной правдой. В статье затронут вопрос о том, как Абай в своих произведениях умело передает правду жизни с эстетисеской точки зрения.
The conception of expression of main sense of aesthetic thinking of Abai, his perception of beauty is given in the article. As every great artist, Abai also separates aesthetics from social life. Abai is the first Kazakh national poet and all his creative work is full of life truth. There is the description how Abai skillfully tells the truth of life with aesthetic point of view in his works.
Қай халық болсын өзінің елдік қасиетін, рухани қазынасын, тарихында өлмес із қалдырған ақыл-ой кеменгерлерін мақтан етеді. Қазақ әдебиетінің өткені мен бүгінгісі, тіпті болашағы жайында сөз еткенде Абай есімін атамай, Абай мұрасына соқпай өте алмаймыз. Абай дәуірінен бері талай буын алмасты, бірақ уақыт озған сайын шоқтығы көтеріліп, биіктей түсіп келе жатқан тұлғалар да аз емес. Кемеңгер Абай сондай ұлы тұлғалардың бірі. Абай – қазақтың шын мәніндегі тұңғыш халық ақыны және өмір шындығының теңдесі жоқ жыршысы. Сахара тіршілігін дәл Абайдай терең де мол қамтыған, әрі барынша көркем бейнелеген ақын жоқ.

Қазақтың байырғы жазба әдебиетін профессионалдық әдебиеттердің дәрежесіне көтерген Абай кейінгі ұрпақтардың үлесіне сан салалы сыбаға қалдырды. Олар дербес формада жазылған ойшыл, сыншыл, түсінікшіл проза, түп нұсқамен терезі тең аударма, парасатты дастандар, алуан өрнекті өлеңдер [1].

Эстетика дегеніміз – әлеуметтік қоғамдық ой өрісінен, философиядан, социологиядан, моральдық-этикалық қағидалардан құнарланған әлемдік ілім. Бұл ілім көркем шығармашылықтың тарауларын талдап, табиғатын жете танытуға қызмет етеді. Өрісті, үлгілі, озық әдебиеттерде әрқашан құнарлы да қажетті салаға айналған эстетика – қазақтың бергі замандары жазба әдебиетінде Абайдан туындаса, бұнда тарихи сыр, дәуірдің ділгерлігі жатыр.

Абай көркем шығармашылықты қырық жасында, былайша айтқанда, кемеліне келген шағында үдете бастайды. Бұл кезде ол қоғамдық күресті бастан кешкен, озық орыс әдебиетіне қаныққан санаткер санағында еді. Тарихтан, философиядан хабардар ол өзінен бұрынғыларға да, өз тұстастарына да сын көзімен қарарлық дәрежеде еді. Абайдың алдында – Абай құлап түсерлік мәдениетті ірі ақын болған жоқ. Сахара шындығы осындай болғандықтан ақын Абай, жаңашыл Абай өзінің озық эстетикасын “Бірі жамау, бірі құрау” өлеңдерді сынаудан бастайды да, “Әттеген-ай, сөз таныр кісі болса” деп, бармақ шайнаумен бітіреді. Пушкиннің, Лермонтовтың, Белинскийдің шығармаларымен жете танысқан ол әсемдіктің не екенін өлеңмен түсіндіруге мәжбүр болады. Бұнда елеулі екі түрлі себеп бар. Біріншіден, әлеуметтік-қоғамдық өмірге бойлаған қуатты да қарапайым өлең жазған Абай жаңашыл туындының табиғатын түсіндіруге тиісті болды. Екіншіден, ауызша таратып, елден елге ауысатын өлеңнің насихаттық рөлі қарасөзден анағұрлым өтімді еді. Әдебиеттің жас шағына тән өлеңдік эстетика қазақ топырағына осылайша тарады [2].

Абай эстетикасының бір құдіреті – салқын парасаттан туған түсіндірме, ақаусыз ақылгөйлік емес, әшекейленген меруеттей, еркеленген наздай, буырқанған қуаттай ғажайып қағидалар.

Сөз сырын былай қойып, тіпті музыкаға келсек, Абай эстетикасын “әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар” деп, әуеннің өзін әртүрлі адамға айналдыра жеткізеді. Екінші бір өлеңінде:

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, әннің жақсысын дәріптейді [3].

Көркем әдебиетке, толғауы тоқсан тіл өнеріне келгенде, Абайдың талғампаздығы тамаша. Оның эстетикасы сұлу да шымыр да. Сондықтан ол өз эстетикасында дөңгеленген дүние тудырады.

Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиынынан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол-ақынның білімсіз бейшарасы.

Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,

Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Осы шумақтарда Абайдың эстетикалық ойларының негізгі мәні, оның көркемдік туралы ұғым нақышы анық белгі береді.Осынау терең ойдың, тұрлаулы тұжырымның, әдемі түйіннің өзі – көз алдыңа елестерлік сиқырлы сурет секілді [4].

Әрбір үлкен суретші сияқты Абай да табиғат көрінісін әлеуметтік өмірден бөліп алмайды. Қайта, соның сырларын ашатын фонд ретінде суреттейді. Тіптен оның “Қансонарда бүркітші шығады аңға” деп аталатын аңшылық туралы өлеңінде саяси астар бар. Өмірде жауыздықты көп көрген, озбыр қауымнан соққы жеп қажыған ақын сергуді іздейді, аң аулауға шығады. Сол сапардағы ғажап суреттерден кейін ақын өлеңнің идеясын да аңғартады [2].

Көкіректе жамандық еш ниет жоқ,

Аң болады кеңесіңқұс салғанда,

Ешкімге зияны жоқ өзім көрген,

Бір қызық ілім екен сұм жалғанда, – дейді. Бұл психологиялық тамаша сурет.

Өлеңді әбден ұлғайған шағында жазған Абай қазақ сахарасын билеп төстеуші топтың рухани пәстігін анық көріп, соған ызаланды, жапа жалғыз күресті. Әрине оның арқа сүйер тірегі де, сүйенер қылқанаты да болды. Бұл өз халқы еді, соның жаңалыққа қарай талпынған талантты жастары еді, дұрыс жол сілтеген орыс достары, орыс мәдениеті еді. Бірақ соқталы жауыз көп болды да, рақымсыз соққысын аямады, Әлі санасы оянбаған жұрт ғасырлық қалпынан тез серпіле қоймайды. Сондықтан Абай:

“Қартайдың, қайғы ойладың, ұйқы сергек,

Ашуың ашынған у, ойың кермек.

Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық,

Кім көңілді көтеріп болады ермек” – дейді.

Поэзияны, көркемдікті дербес күйде, бөлектеп алып қарау Абай эстетикасына жат. Ол “көркемдік көркемдік үшін”, “көркемөнер көркемөнер үшін” деген принциптерінің әлеуметтік айқын бағдарымен тығыз байланысты. Мұны ақынның өзі тамаша аңғартқан.

Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілім ашпақ

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ, – деп өз мақсатын айтады.

Абай тек шығармашылық азабын кешуші шебер ғана емес, халықтың мұрат мүддесі мен қам-қасіретін өз жүрегіне жинаған күрескер ұстаз да. Осындай ақынның образы Абайдың бүкіл шығармашылығының ұзына бойына жүріп отырады. Сондай өлеңінің бірі – “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”. Барлай қарағанда бұл өлеңнен көп жанды аңғаруға болады.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ – барды, ертегіні термек үшін .

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға бермек үші.

Абайдың “көкірегі сезімді, тілі орамды” деп отырғаны – жастар. Абай оларды үлкен өнерге баулиды, тереңге бет қоюға үндейді, ұстаздық көрсетеді. Бұл Абай эстетикасында айырықша орын алады. Мұның ақиқаттығын “Адамның кейбір кездері” атты баршаға әйгілі, ғажабын өлеңінде анық байқатады. Бұл өлеңде Абай суреткердің лабораториясын, шабыты оянып, тебірене толқынған күйлерін аша келіп, мынандай ғажап суреттер жасайды [5].

Ызалы жүрек, долы қол

Улы сия, ащы тіл.

Не жазып кетсе жаны сол,

Жек көрсеңдер өзің біл.

Бұл – поэзия ма, музыка ма, жанды сурет пе? Бәрі де. Өйткені Абай жалпы шығармашылық қайраткерлері басында болатын күйлерді, шығармашылықтың азабы мен қуанышын тілмен сезінбек түгел, қолмен ұстағандай етіп елестене алған. Ол өлеңіндегі қаруы – “улы сия, ащы тілді” надандық пен зұлымдыққа аямай төгеді. Мұның біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін, бірақ ақын, күрескер ақын, қоғамды да, адамды да сауықтырушы, айықтырушы ақын, емші ақын. Нағыз халық ақыны осылай болуға тиісті деп білді.

Абай эстетикасында оның ән-күй жайында, өз халқының музыка мәдениеті жайында айтқан ой пікірлері де айырықша орын алады. Өзі де асқан композитор болған Абай туған халқының музыка өнерін, оның ерекшеліктерін мейілінше терең түсінген. Ол қазақтың шалқар даласындай кең тынысты, мол үнді, шырқап салынатын халық әнін былайша сипаттайды:

Шырқап, қалқып, сорғалап, тамылжиды,

Жүрек тербеп, оятар баста миды.

Бұл дүниенің ләззаты бәрі сонда,

Ойсыз құлақ ала алмас ондай сиды.

Көбінесе ән басы келеді ащы,

“Кел тыңда” деп өзгеге болар басшы.

Керім тоғап тауысар қаңғыр – күңгір,

Сол жерене ойыңмен араласып.

Абайдың ойынша ән-күй, яғни музыка ойлы адамға тіл жетпес ләззат беріп, рахатқа бөленді. Сонымен бірге Абай музыка адамды тәрбиелеудің, оның жүрегі мен ой санасын оятудың құралы деп білді [1].

Абай дәуренінде ән-күй өте-мөте қадірлі, қастерлі болды. Хормен ән шырқау шықты. Ат арытып, тон тоздырып, өнерлі елден ән–күй үйреніп қайтушылар көбейді. Осындай ынталы, ықыласты топтың ішінде өмір сүрген Абайдың композиторлыққа дендеуі заңды еді. Абай өзі ән шығарған ақын. Көп өлеңдері жұртқа ән арқылы тарады. “Сегіз аяқ”, “Көзімнің қарасы”, “Қор болды жаным”, “Бойы бұлғаң”, “Айттым сәлем Қаламқас” сияқты төл шығармалармен қатар, оның “Қараңғы түнде тау қалғып”, “Татьянаның хаты” тәрізді аудармаларыда халық арасына ән болып жайылған. Бір кезде жартастан жауап іздеген Абай әндері бұл күнде операдан шырқалады, радиодан саңқылдайды, отбасында айтылып, мәжіліс –сұхбаттың мәнін келтіреді. Өзі айтқандай көңіл құсын шартарапқа ұшырып, көкемді түсіндіреді.

Абайды зерттеуші М. Әуезов: “Абай – дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым” деген екен. Кішіпейілділікпен айтылған осы сөздің жаны бар. Абай өлеңі арқылы қазақ топырағында баянды эстетиканың үлгісін жасай білді. “Жігіттер, менің сырым оңай емес” деп жұмбақтаған Абай артына талғаулы сыбаға қалдырды, олар біз үшін өзінің тарихи да, эстетикалық та мән маңызын жоғалтқан жоқ, жоғалтпайды да.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. Салғараұлы, Қ. Таным баспалдақтары / Қ. Салғараұлы. – Алматы: Қазақстан. – 1993 – 102-бет
2. Досжан, Д. Абай айнасы / Д. Досжан. – Алматы: Мөр. – 1994 – 356-бет
3. Абай. Қалың елім, қазағым ... Өлеңдер / Абай. – Алматы : Атамұра. – 2002 – 18-125-б.
4. Әлімқұлов, Т. Жұмбақ жан / Т. Әлімқұлов – Алматы: Жазушы. – 1993 – 68-бет
5. Әуезов, М. Абайтану дәрістері / М.Әуезов. – Алматы: Рауан. – 1994 – 54-87-б.

Мазмұны – Содержание



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ

АГРОНОМИЯ

Нургалиева Г. К. Фотосинтетическая деятельность различных

по скороспелости сортов картофеля................................................................... 3

Салихов Т. К. Биологические и химические показатели

плодородия зональных почв................................................................................. 10

Сансызбай А. Р., Турлыбаева З. Ж. Технология получения масла

из семян амаранта............................................................................................... 14


ЗООТЕХНИЯ


Алиев Х. С. Повышение продуктивности акжаикских

мясо-шерстных овец методом разведения по линиям............................. 17

Бельков Г. И., Кутлуахметов А. Я., Панин В. А. Использование

лимузинского скота для повышения мясной продуктивности

симментальской породы..................................................................................... 21

Кажгалиев Н. Ж. Биохимические показатели крови у молодняка

казахской белоголовой породы............................................................................. 24

Косилов В. И., Шкилев П. Н., Никонова Е. А. Особенности весового

роста основных групп мышц молодняка овец цигайской породы................. 26

Кутлуахметов А. Я. Адаптационные качества лимузинского скота

и помесей с симментальской породой в условиях Южного Урала................. 30

Мироненко С. И., Косилов В. И., Артамонов А. Результаты

скрещивания красного степного скота ............................................................ 35

Мукашева Т. К. Морфологические показатели крови коров

черно пестрой и голштинской пород в зависимости от сезона года............. 38

Никонова Е. А. Морфология основных групп мышц осевого отдела

молодняка овец цигайской породы...................................................................... 42

Павленко Г. В., Галлиев Б. Х., Левахин Ю. И., Насамбаев Е. Г. Алюмосиликаты южноскворцовского местрождения в рационе

бычков мясных пород............................................................................................ 46

Тагиров Х. Х., Андриянова Э. М. Концентрация тяжелых металлов

в молоке и молочных продуктах.......................................................................... 50

Траисов Б. Б., Баяхов А. Н., Бозымова А. К., Алиев Х. С.

Совершенствование и создание племенных стад

акжаикских мясо-шерстных овец........................................................................ 54


ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ

Винников Н. Т., Султанов М. Г. Влияние молозива коров-матерей при полноценном и неполноценном кормлении на сычужное пищеварение новорожденных телят......................................................................................... 58

Есенгалиев Г. Г. Проявление поствакцинальной реакции на введение аттенуированного штамма Salmonella Dublin 12........................................... 62

Закирова Ф. Б., Жубантаев И. Н., Ермаханова А. Т. Рост и развитие молодняка верблюдов-бактрианов в ТОО «Ханская Орда» .......................... 65

Ибраев Б. К. Сроки проведения дегельминтизации

в табунном коневодстве ..................................................................................... 68

Канатбаев С., Каракбаева М., Дюсенов С., Адилов А.

Иммуноферментный анализ в серологической диагностике бруцеллеза животных.............................................................................................................. 71

Қырықбайұлы С., Тлеуова Л. Ж., Нұрғалиев Б. Е., Ермаханова А.Т Эхинококкозбен залалданған қой етіндегі радионуклидтер деңгейі............74

Сариев Н. Ж. Новое лекарственное средство против чесоточных клещей......................................................................................................................77

Сулейменов М. Ж. Современное состояние формирования

микстинвазий у овец ..............................................................................................80

Тарасовская Н. Е., Абдыбекова А. М. Экстраполяция взаимоотношений свободноживущих организмов в экосистемах в экологическую паразитологию........................................................................................................84



ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Жексембиева Н. С., Джапарова Д. А. Классификация устройстройств

защиты электродвигателей от аварийных режимов работы .......................91

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

Габдуалиева Р. С., Муханова Р. Г., Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары............................... 95

Есенова А. А. Батыс Қазақстан аймағындағы туризмнің жағдайы

және оны дамыту жолдары.................................................................................... 99

Хусаинов Б. М., Кваша С. Н. Влияние мирового продовольственного

кризиса на формирование государственной стратегии развития АПК........... 103



ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

БИОЛОГИЯ

Мурзашев Т. К., Ким А. И. Репродуктивное состояние популяции

леща в озере Шалкар.............................................................................................. 109


ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

ТАРИХ

Арозмагамбетова Д.Б. Культурные процессы на территории

Актюбинской области в годы освоения целинных и залежных земель...................................................………..…………...............................112

Надыргалиева М. К. Особенности развития учреждений образования

и культуры Казахстана в 80-е годы хх века..................................................116


ФИЛОСОФИЯ

Рысқалиев Т. Х. Шәкәрімнің философиялық ойлары.....................................119




ПЕДАГОГИКА

Ахметкереев С. Х. Углубление содержания понятия «масса»

при изучении элементов специальной теории относительности..............129

Браун Э. Э. Тайны интереса.........................................................................134

Джакупова А. Г. Педагогические технологии...........................................137

Үмбеталина З. Б. Филолог емес студенттердің тіл пәндері бойынша

ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелері....................................142

Қаржауова Г. Г., Ихласова А. Е. Абай поэзиясындағы эстетика..........146







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет