Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (ұсақ мүйізді малға арналған құлақ жапсырмалары) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың хаттамасы



Дата17.07.2016
өлшемі20.42 Kb.
#205196
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (ұсақ мүйізді малға арналған құлақ жапсырмалары) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың

ХАТТАМАСЫ
Ақтөбе қаласы № 8 2013 жыл 22 маусым
1.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (одан әрі- Тапсырыс беруші), Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хана даңғылы, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (ұсақ мүйізді малға арналған құлақ жапсырмалары) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізді.
2.Сатып алуға бөлінген қаражат (сома көрсетіледі) – 40 978 500 теңге, ҚҚС қоспағанда.
3.Осы әдісті қолданудың негізі – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 32 бабының 2 тармағына және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесін 124 тармағы 2 тармақшасы бойынша екіден кем өтінім берілгеніне байланысты, ҚР-ның 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 28 бабы 1 тармағының 3 тармақшасын, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 58 бұйрығын басшылыққа ала отырып, комиссия кұру туралы және ұсақ мүйізді малға арналған құлақ жапсырмалары мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізуге шешім қабылдады.
4.Келісім шартқа отыратын өнім берушінің аты, орналасқан мекен-жайы – Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 82 үйде орналасқан «АктөбеАгроПродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Келісім шарт жалпы сомасы 45895920 теңге, ҚҚС қосқанда.
5. Өнім берушінің квалификациялық талаптарға сәйкес келуі – квалификациялық талаптарға сай келеді.
6.Эксперттер қатыспаған.
7. Комиссия осы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша келесідей

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру құралдарын (ұсақ малдарға арналған құлақ жапсырмалары) - «АктобеАгроПродукт» ЖШС өнім берушісінен сатып алынсын.

  2. Тапсырыс беруші:

«АктобеАгроПродукт» ЖШС мемлекеттік сатып алу туралы ҚР Заңнамалығына сәйкес жалпы соммасы 45895920 теңгеге, ҚҚС қосқанда, келісім шарт жасалсын.

  1. Тапсырыс берушінің веб-сайтына аталып отырған хаттаманың мәтіні жолдансын.


Комиссия:


Комиссия төрағасы:

  1. Маханов А.

________________

Комиссия төрағасының орынбасары:

  1. Жұмаш А.

________________

Комиссия мүшелері:

  1. Нурмухамедова Г.

________________

  1. Кушекбаева Л.

________________

  1. Куттымуратова Б.

________________

Комиссия хатшысы:

  1. Бекетаева Э.

________________


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет