Ауыл шаруашылығында 2007 жылдың 1 тоқсанында жалпы өнім 520,5 млн теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға көп



Дата12.07.2016
өлшемі70.89 Kb.
#193604
Ауданның 2007 жылғы 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңдегі міндеттері туралы ақпарат

2007 жылдың 1 тоқсанында жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерінің көлемі 81,3 млн.теңге құрады, жоспар бойынша 76,7 млн.теңге, болжам 106 пайызға орындалды. (4,5 млн.теңгеге артық орындалды).

Өнеркәсіпте өндірілген өнім сомасы 235,9 млн.теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 39,1 млн.теңгеге немесе 5,8 пайызға артық. Жалпы индекс көлемі 105,8 пайызды құрады. Өндірісте электроқуаттылықты, газды және суды өндірудің жалпы көлемі -10 пайызға артты.

Ауыл шаруашылығында 2007 жылдың 1 тоқсанында жалпы өнім 520,5 млн.теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,8 пайызға көп.


Аудан бойынша ірі қара мал басы санының өсімі 2,3 пайыз, қой және қозы 3,8 пайыз, сонымен қатар шошқа басының саны 23,8 пайызға төмендеуде, құстар саны 12,6 пайызға төмендеді.

Келесі селолық округтар бойынша ірі қара мал басының төмендеуі байқалды: Үлкенбөкенде (14,3 пайыз), Көкпектіде (3,6 пайыз), Қарағандыкөлде (5,3 пайыз), Биғашта (3,0 пайыз), Новотимофеевкада (11,1 пайыз), Миролюбовкада (4,8 пайыз), Мариногорка селолық округтарында (22,8 пайызға) төмендеді.


Қой және ешкі сандары келесі селолық округтарында төмендеді: Үлкенбөкенде (15,5 пайыз), Аухадиев атындағы селолық округінде (2,1 пайыз), Теректіде (4,6 пайыз), Үлгілімалшыда (3,7 пайыз), Самарда (8,2 пайыз), Бастаушыда (9,6 пайыз), Палатцыда (27,5 пайыз), Мариногоркада (18,8 пайызға) төмендеді. Мына селолық округінде шошқа басының саны төмендеді: Үлкенбөкен селолық округінде (20,2 пайыз), Көкпектіде (16,8 пайыз), Аухадиев атындағы селолық округінде (13,1 пайыз), Көкжайықта (14,0 пайыз), Теректіде (29,2 пайыз), Самарда (63,0 пайыз), Белое селолық округінде (11,3 пайыз), Казнаковкада (9,9 пайыз), Миролюбовкада (41,5 пайыз), Мариногорка селолық округінде (32,0 пайызға) төмендеді.

Жылқы басы санының төмендеуі мына селолық округтерінде байқалды: Көкпектіде (8,4 пайыз), Аухадиев атындағы селолық округінде (24,6 пайыз), Теректіде (5,7 пайыз), Новотимофеевкада (8,3 пайыз), Бастаушыда (9,1 пайыз), Миролюбовкада (13,8 пайыз), Мариногорка селолық округінде (24,5 пайызға) төмендеді.


Құстар басы санының төмендеуі мына селолық округтерінде байқалды: Көкпектіде (37,8 пайыз), Аухадиев атындағы селолық округінде (14,0 пайыз),Көкжайықта (12,3 пайыз), Қарағандыкөлде (19,5 пайыз), Биғашта (15,8 пайыз), Теректіде (24,5 пайыз),Самарда (1,3 пайыз), Новотимофеевкада (11,5 пайыз), Бастаушыда (3,9 пайыз), Казнаковкада (15,9 пайыз), Миролюбовка селолық округінде (15,4 пайызға) төмендеді.

1 тоқсан бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өсімі байқалды: Ет 5,0 пайызға, сүт 5,3 пайызға артты, сондай-ақ жұмыртқа саны 9,6 пайызға төмендеді.


Келесі селолық округтерінде ет өндіру төмендеді: Тассайда (25 пайыз), Көкжайықта (30,3 пайыз), Теректіде (42,4 пайыз), Шұғылбайда (37,9 пайыз), Бастаушыда (8,7 пайыз), Белое селолық округінде (6,8 пайыз), Казнаковкада (22,3 пайыз), Палатцыды (26,2 пайыз), Миролюбовкада (67,6 пайызға) төмендеді.
Келесі селолық округтерінде сүт өндіру төмендеді: Тассайда (3,3 пайыз), Көкпетіде (12,4 пайыз), Биғашта (5,6 пайыз), Шұғылбайда (3,9 пайыз), Самарда (6,6 пайыз), Новотимофеевкада (6,2 пайыз), Мариногоркада (19,8 пайызға) төмендеді.

Келесі селолық округтерінде жұмыртқа саны төмендеді: Тассайда (13,3 пайыз), Үлкенбөкенде (24,6 пайыз) Көкпектіде (15,4 пайыз), Теректіде (15,0 пайыз), Шұғылбайда (16,7 пайыз), Самарда (21,0 пайыз), Новотимофеевкада (12,5 пайыз),Казнаковкада (24,6 пайыз), Миролюбовкада (9,8 пайызға) төмендеді.


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес 11 селолық округтерінде жасанды ұрықтандыру пункттері ашылды:Теректіде, Үлгілімалшыда, Көкпектіде, Тассайда, Миролюбовкада, Казнаковкада, Мариногоркада, Бастаушыда, Палатцыда, Самарда, Белое селолық округтерінде.

10 селолық округтерінде мал сою пункттері ашылды: Тассайда, Қарағандыкөлде, Көкжайықта, Биғашта, Шұғылбайда, Палатцыда, Миролюбовкада, Новотимофеевкада, Мариногркада, Бастаушы селолық округтерінде.

Барлығы аудан бойынша 26 мал қорымдары бар: Тассайда-2, Көкпектіде-1, Қарағандыкөлде -1, Аухадиев атындағы селолық округінде – 2, Көкжайықта – 2, Биғашта – 1, Теректіде – 1, Шұғылбайда -1, Үлгілімалшыда – 1, Палатцыда – 3, Миррлюбовкада- 2, Новотимофеевкада -1, Белое селолық округінде – 1, Мариногоркада- 3, Самарда – 1, Казнаковкада - 1, Бастаушыда- 2 ал Үлкенбөкен селолық округінде мал қорымы жоқ.
2007 жылдың 1 тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерінен өндірілген өнімдер және жұмыстар мен қызметтердің жалпы сомасы 2,6 млн.теңгеге орындалды, бұл өткен жылдың мезгілімен салыстырғанда 18 пайызға артық.

2007 жылдың 1 сәуіріне салық комитетінің мәліметтері бойынша ауданда 1461 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде әрекеттенуші 1332 немесе 91 пайыз. Ауданда 17 диірмен, 14 наубайхана, 18 шағын майсығу, 2 жарма өндіру, 6 кондитерлік цех, 3 макарон цехі, 1 сыра зауыты, 2 балық цехі, 1 май сығатын цех, 1 сүт блогы ойдағыдай жұмыстарын атқаруда.Өткен жылдың мезгілімен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу көлемі 5,8 пайызға өсті, балықты қайта өңдеу – 6,2 пайыз, жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру – 11,7 пайыз.


Кейбір селолық округтарында цехті қайта өңдеу жұмыс істемейді. Көкпекті селолық округінде шаруа қожалықтарында диірмендер қойылуда: нан зауытында шұжық цехі үшін бар құралдарды қолданбайды. Көкжайық селолық округінде «Жәрдем», «Диханшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде диірмендер жұмыс істемейді. Шұғылбай селолық округінде 3 диірмен, 3 май сығатын цехінің ішінен 2 диірмен,2 май сығатын цехі жұмыс істемейді. Үлкенбөкен селолық округінде 6 қайта өңдеу объектінің үшеуі жұмыс істемейді, соның ішінде 1 диірмен, 1 наубайхана, 1 май зауыты. Белое селолық округіндегі «Белое» шаруа қожалығының ішіндегі наубайханалар жұмыс істемейді. Биғаш, Тассай, Қарағандыкөл, Бастаушы, Казнаковка селолық округтерінда қайта өңдеу кәсіпорындары жоқ.
Өткен жылдың мезгілімен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу 5,8 % артты, балық өңдеу- 6,2 %, сүт өнімдерінің өндірісі 16,0 %, ұн-жарма өндіретін өнеркәсіптерінің өнімдері – 11,7 % артты.

2007 жылдың 1 тоқсаны бойынша жергілікті бюджетке шағын бизнес субъектілеріне 14,7 млн.теңге келіп түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Шаруа қожалықтарынан - 1,8 млн.теңге, жеке кәсіпкерлерден – 4,8 млн.теңге, заңды тұлғалардан- 8,1 млн.теңге келіп түсті.


2006 жылы 22 кәсіпкерлерге Бұқтарма су қоймасы жағалауында демалыс үйлерін салу үшін 68 га жер берілді. 2007 жылы туризмді дамыту бойынша Новотимофеевка селолық округінде жұмыстар жалғасуда. Міндетті түрде Көкпекті селолық округінде «Омск-Майқапшағай» Республикалық маңызы бар трастың (СТО , қонақ үй, кафе) жол бойындағы сервисті дамыту бойынша жұмыстарды күшейту.
2007 жылдың 1 сәуіріне тіркелген жұмыссыздардың саны 214 адамды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 141 адамға азайды. Жұмыстылық орталығына келгендердің саны өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 120 адамға азайды. Қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың саны 316 адамды құрады, өткен жылдың 1 тоқсанымн салыстырғанда 128 адамға қарсы тұрды. 1 тоқсан бойынша жұмысқа тұрғызылғандардың саны 124 адам, өткен жылдың мезгілімен салыстырғанда 2,4 есеге артық. 90 жұмыс орны құрылды, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.
2007 жылдың 1 сәуіріне кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасылардың саны 2871 адам (706 отбасы) бұл өткен жылмен салыстырғанда 562 адамға азайды.
Кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларымен арнайы жұмыстар жүргізіліп тұрады. 273 отбасына мекемелердің жетекшілері, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер бекітілді. Сондай-ақ селолық округтар бойынша кедейлік шегінентөмен тұратын отбасылар Қарағандыкөлде – 23 отбасы, Аухадиев атындағы селолық округінде – 30 отбасы, Тассайда – 43 отбасы, Көкжайықта – 31 отбасы, Үлкенбөкенде 73 отбасы бар.
2007 жылдың 1 тоқсанын өткен жылдың мезгілімен салыстырғанда мына селолық округтерінде тұрмысы нашар отбасылардың төмендеуі байқалды: Көкпектіде – 42 отбасы, Самарда – 9 отбасыға, Қарағандыкөлде – 9 отбасыға, Тассайда -21 отбасыға, Үлкенбөкенде – 33 отбасыға, Палатцыда 11 отбасыға, Миролюбовкада 15 отбасыға, Мариногоркада 9 отбасыға, Бастаушыда 9 отбасыға төмендеді.

Тұрмысы нашар отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 9250 млн теңге төленді, 17 отбасына тұрғын үй көмегі 165,0 мың.теңге сомасында төленді.


2007 жылдың 1 сәуіріне 2231 балаға балалар жәрдемақысы 7230 млн.теңге сомасында төленді.
2007 жылға білім беру бойынша: 2007 жылдың 1 тоқсанында Московка, Ұзын-Бұлақ, Қарағандыкөл селоларында 3 мини-орталықтар ашылды, барлығы 12 оқушы білім алады. Жылдың соңына дейін ауданның барлық мектептерінде 46 мини-орталықтар ашу жоспарланған.
Денсаулық сақтау бойынша: 2007 жылдың 1 сәуіріне ауданның емдеуді алдын-алу мекемелерін 3,2 млн.теңге сомасына қаржыландырылды, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі – 104,9 млн.теңге.

Тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бойынша:1 тоқсанның соңында ауылдарды көгалдандыру бойынша жұмыстар өткізілді: қоқыстарды тазалау, жарықтандыру, көгалдандыру сияқты.


2007 жылдың 25 сәуіріне селолық округтар бойынша 4441 дана көшеттер отырғызылды:
Бастаушыда- 270, Белое селолық округінде – 100, Биғашта – 150, Казнаковкада- 243, Қарағандыкөлде – 60, Көкжайықта – 100, Көкпектіде – 366, Аухадиев атындағы селолық округінде – 65, Мариногоркада – 340, Миролюбовкада- 250, Новотимофеевкада – 920, Палатцыда -400, Самарда – 383, Тассайда – 100, Теректіде – 260, Үлкенбөкенде -173, Үлгілімалшыда- 161, Шұғылбайда – 100 көшеттер отырғызылды. Селолық округтарында көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Құқық бұзушылық
2007 жылдың 3 айы ішінде аудан көлемінде барлық желістер бойынша 32 қылмыстар тіркелді (2006 жылы-22), қылмыстарды ашу жалпы пайызы 92,1 % (2006 жылы-83,3 %).
Ағымдағы жылы мына селолық округтерінде қылмыстар тіркелді: Көкпектіде -3, Самарда – 8, Казнаковкада- 2, Үлкенбөкенде- 2, Аухадиев атындағы селолық округінде -6, Палатцыда- 2, Миролюбовкада- 2, Тассайда- 1, Новотимофеевкада – 2, Белое селолық округінде – 1, Үлгілімалшыда- 2, Мариногоркада- 1. Мына селолық округтерінде қылмыстар тіркелен жоқ: Бастаушы, Биғаш, Көкжайық, Шұғылбай,Теректі, Қарағандыкөл селолық округтерінде.
Селолық округтар бойынша 2007 жылға жоспарланған:

Көкпекті ауылында 100 төсек орындары бар аудандық аурухананың және күніне 150 адам қабылдайтын емхана құрылысының жұмыстары. Аурухана құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд. 200,0 млн.теңге жоспарланған.

Білім беру бойынша 2007 жылы жоспарланған: аудан мектептерінде 46 мини-орталықтар ашылуда:Новотимофеевка орта мектебі, Биғаш ауылындағы «Маяковский» орта мектебінің шатырларын күрделі жөндеу, Самар ауылындағы «Теремок» бала-бақшасының шатырын күрделі жөндеу.
Селолық округ бойынша ауылдарды келешекте көгалдандыру жұмыстары жоспарланған: жарықтандыру, ауыл ішіндегі жолдардың жөндеу жұмыстары, шағын және орта бизнестің дамуы, жаңа жұмыс орнын құру, кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасылардың санын азайту.
Көкпекті-Биғаш, Преображенка-Шұғылбай, Көкпекті-Шегелек, Көкпекті-Шәріптоғай, Бастаушы-Қараөткел, Үлкенбөкен-Көкжайық, Палатцы-Қарақол автожолдарының жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Мамыр айынын бастап Самар ауылындағы «Мереке» шаруа қожалығының кірпіш зауытын пайдалануға беру жұмыстары басталады.


«Көкпекті-Несие» серіктестігінің несиелік портфелін 170 млн.теңге сомасына дейін арттыру жоспарланған. Шағын несие ұйымын құру жоспарланған.
Агроөнеркәсіп кешенінде келесі жобалардың іске асырылуы басталуда: «Мәмбет» шаруа қожалығы базасында тәулігіне 20 тонна қуаттылығымен түріктің диірменін орнату.
Жеке кәсіпкер Ә.Мұқашевамен сүтті қайта өңдеу бойынша цех ашу, Садықова А. шұжық цехін ашу жоспарланған.
«Рыбпром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде балық өнімдерін консервілеу бойынша цехтің құрылыс жұмыстары, негізгі өндірістен қалған қалдықтарды қайта өңдеу бойынша цехті іске қосу. Тассай ауылындағы жеке кәсіпкер Ж.Ибрагимов балық цехін пайдалануға беруде, жеке кәсіпкер А.Оразбаевтың балық цехін келешекте де дамыту.

Преображенка ауылындағы бұрынғы ауыл шаруашылық техникасының базасында «Талап» шаруа қожалығы машина тракторлық станциясын құру, жылдық қызмет көрсетудің көлемі 41 млн.теңгені құрайды.



Новотимофеевка селолық округінде демалыс үйлерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда.
Осының барлығы ауданға жергілікті бюджетке кірістердің өсімін арттыруға мүмкіншілік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет