Шымкент қалалық білім бөлімінде 2015 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі



Дата23.02.2016
өлшемі131.54 Kb.
#6229
Шымкент қалалық білім бөлімінде 2015 жылдың  I  тоқсанында  атқарған жұмыстарының есебі

 

 



Білім бөліміне қарасты мекемелер. 2014 жылы  Шымкент қаласындағы мектептер саны - 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80,  мектептен тыс мекемелер саны - 9. 2015 жылы мектептер саны - 126 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны - 80,  мектептен тыс мекемелер саны – 9.



Жылдар

Мектептер

Балабақшалар

Мектептен тыс мекемелер

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

Мекеме саны

Оқушы саны

2014

128

148351

80

24377

9

15545

2015

I  тоқсан



126

147908

80

23781

9

15545

 

2014 жылы типтік мектеп – 98, ыңғайластырылған мектеп саны – 26. Түзету мекемесінде 2 мектеп орналасқан.



Қаржыландыру.  2015 жылға  білім саласын дамытуға 32 млд. 573 млн.   487  мың теңге қаралып, оның ішінде 6 млд. 149 млн. 900 мың теңгесі  2015 жылдың   3 айына қаралған. Қазіргі таңда қаралған қаржының 99,90%  игерілді.



Бюджет түрі

2014 жыл (мың теңге)

2015 жыл (мың теңге)

1

Жергілікті бюджет

22 941 967,0

22 237 767,0

2

Республикалық бюджет

6 205 76,0

10 213 740,0

3

Облыстық бюджет

627 995,0

85 980,0

 

Барлығы

30 190 438,0

32 573 487,0

Білім қорына бөлінген қаржы.

2015 жылы білім қорына 382 млн. 986 мың теңге қаралды, ол 2,2 %-ды  құрап отыр. Аталған қаржыға  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8080 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан  2046 бала  ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.



Педагог кадрлар






Ұстаздар саны

Жоғары санат

І-санат

ІІ-санат

Санатсыз

1

2014 жыл

15691

3981

25,4%

3628

23,1%

4427

28,2%

3655

23,3%

2

2015 жыл

15643

3975

25,4%

3616

23,1%

4406

28,2%

3646

23,3%

 

Шымкент қаласының 2015 жылы біліктілікті арттыруға облыстық бюджет есебінен  2510 мұғалімге 146 858 мың теңге қаржы қаралып. Оның ішінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  базасында үш  деңгейлік (3 ай) курстарға 761 мұғалім (оның ішінде 726 мұғалім,  35  мектеп басшылары), қысқа мерзімді курстарға (2 апта) 1749 мұғалімді жіберу жоспарланған.



Күрделі жөндеу. 2014 жылға 29 мектепке, 8 балабақшаға және 3 әкімшілік ғимаратына  күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 40 мекеменің – 2 мектебінде (№25, 38) ЖСҚ-да қаралған қаржы 2015 жылға өтпелі.

Ал, 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 375 млн. 791 мың теңге қаржы  бөлініп, ол қаржыға 5 мектепке (№№21,41,43,44,65) және 5 балабақшаға (№№24,69,70,97,118) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.



Жаңа құрылыс.  2014 жылдың желтоқсан айында 2 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) және 4 мектеп (Ворошиловка елді-мекеніндегі 1200, Жыланбұзған-300, Құрсай ш/а-900, №105 жом – 300 орындық) құрылысы  пайдалануға берілді.  

2014 жылдың маусым айында құрылыстары басталған  Көкбұлақ -300, Бозарық-1200, Қаражол-1200, Сайрам-1200 орындық мектеп және Гаражная-80, Нұртас-320, Қазығұрт-330, Жангелдин-320, Самал-2-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320 орындық балабақшалардың құрылысы  2015 жылға өтпелі.



Қосымша құрылыс. №15,58 мектептердің қосымша құрылыстары  және БЭСМ-3 мәжіліс залы 2014 жылы. 2014 жылы №12, 22, 36, 73, 94 мектептердің қосымша құрылыс жұмыстары басталып, 2015 жылға өтпелі.

Апатты жағдайдағы мектептер. 2014 жылы 6 (№№1, 12, 36, 105, 118, 124) мектептердің ғимараттары апатты жағдайда деп танылып, соның ішінде №1, 105, 124 мектептерінің қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 3 (№№12, 36, 118) мектептер апатты жағдайда деп танылып, аталған мектептерде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. 



Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2014 жылы    3 ауысымда оқитын 13 мектеп(№22, 49, 57, 59, 69, 76, 80, 83, 85, 82, 91, 103, 111).  Аталған мектептерде үш ауысымдылықты жою үшін төмендегі жұмыстар атқарылуда: №49 мектепте құрылыс жүргізілуде, №22 жалпы негізгі мектептің құрылысы басталып, жұмыстар жүргізілуде. №57, 85 мектептері құрылысының ЖСҚ дайын, құрылыс жұмыстары басталды, №59, 69, 83 мектептерге ЖСҚ дайындалуда. №76 мектепке асхана, шеберхана, спорт, мәжіліс залдарын салуға ЖСҚ дайындалуда. №91, 111 мектептердің жанынан қосымша құрылыс салуға ЖСҚ дайын, 2015 жылы құрылысы басталады. №82 мектепке қосымша құрылыс салуға 2015 жылға ЖСҚ дайындауға сұраныс берілді. №103 жалпы орта мектептің жанында орналасқан №115 мектепке 1200 орындық құрылыс салумен шешімі табылады.

2015 жылы 3 ауысымда 12 мектепте білім берілуде (№22, 57, 59, 69, 76, 80, 83, 85, 82, 91, 103, 111).



Тасымал. 2014 жылы 10 (№55,56,58,61,72,73,83,88,98,120) жалпы орта мектептерінің  оқушылары тасымалдануда.

2015 жылы 8 (№55,58,61,72,73,88,98,120) жалпы орта мектептерінің  оқушылары тасымалдануда.

Шешу жолдары: №55 мектеп Жаңа Тұрлан ш/а-600 және 900 орындық жаңа мектеп құрылысы, №58 мектеп Тұран ш/а-1200 орындық мектеп құрылысы, №61 мектеп жаңа қоныстанушылар есебінен шешіледі, №72 мектеп Қаражол ш/а-900 орындық мектеп құрылысы, №73 мектепке-200 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде, №88 мектеп Ақниет ш/а-900 орындық мектеп құрылысы, №98 мектеп Шаңырақ ш/а-900 орындық мектеп құрылысы.

Оқулық.  Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай  2011 жылы 4, 6, 11 сынып, 2012 жылы 1, 7, 8 сынып, 2013 жылы 2, 9 сынып  оқушыларының оқулығы және 1-ші сыныптың ағылшын тілі, 5-ші сыныптың информатика оқулықтарымен қамтылды. 2014 жылы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы,  3, 10-сынып оқушыларының оқулығы және 6-сынып информатика пәні оқулықтары мекемелерге толық жеткізілді.  2015 жылы  4, 5, 6,11-сынып  оқушыларының оқулығы, 3-сыныптың ағылшын тілі,  7-сыныптың информатика  оқулығы алынады деп жоспарлануда.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған, 2014 жылы 1 компьютерге 16 оқушыдан келіп отыр. 2015 жылға республикалық бюджеттен 10 000 дана компютерге сұраныс берілді. Сұраныс орындалған жағдайда міндеттемеге сәйкес 1 компьютерге 9 оқушыдан келетін болады.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

 2014 жылы 36 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықталған.



Жобаның негізгі мақсаттары:

1) үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

2) мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;

3) байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;

4) оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

Е-Learning-те оқушылар үшін оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модулдер және жүйелер бар.



Кабинет.  2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. 2015 жылға 43 интерактивті тақта мен 9 лингофон кабинетін алу жоспарлануда.

Жылдар

Лингафондық кабинеттер

Интерактивті тақталар

Физика кабинеттері

Химия кабинеттері

Биология кабинеттері

2013

126

356

52

31

34

2014

159

387

63

57

47

 

Спорт алаңшалары. Қала мектептеріне 2013 жылы облыстық бюджеттен  139 млн 539 мың теңгеге 12 мектептің (№3, 17, 23, 25, 39, 40, 45, 51, 62, 65, 66, 78), жергілікті бюджеттен 58 млн 635 мың теңгеге 5 мектептің (№13, 26, 34, 59, 83) аулаларына спорт алаңшалары орнатылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу.   2013-2014 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 6428 мектеп бітіруші, емтихан тапсырғаны  2480 оқушы, ҰБТ-ға өтініш бергені 3948 оқушы  (ол, 74,6 %-ды құрайды).

Шымкент қаласы бойынша орта балл 80,1 ( 2013 жылы  - 78,1 , + 2,0 балға жоғары).



Жыл

Мектеп саны

11- сынып бітірушілер саны

ҰБТ-ға қатыс-

Қаны

Орта балл

0-49 аралығында балл жинаған оқушы саны

100-125

аралығында балл жинаған оқушы саны

«Алтын белгі» иегерлер саны

2014

 125

 6428

 3928

80,1

350

635

100

 

2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы ҰБТ-тің орта балы 2 балға, алтын белгі иегерлерінің саны 44 оқушыға артты.



Білім сапасын көтеру мақсатында атқарылған жұмыстар.

1. Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты барлық мектептерде 11-сынып оқушыларын ҰБТ - ға дайындау бойынша жұмыс жоспары түзілді. 

2. Сабақтан тыс уақытта ақысыз  қосымша сабақтар жоспарланып, өткізілуде.     

3. Мектеп бітірушілерін тестілеуге алдын-ала дайындау, машықтандыру мақсатында Ustudy онлайн тест орталығымен бірлесе отырып, онлайн режімінде №№7, 10, 11, 15, 17, 20, 25 мектептерде байқау тест өткізілді.

Бұл байқау тест барасында әрбір тестіленуші ҰБТ-ға психологиялық тұрғыдан дайындалады. Сонымен қатар, тестілеуден кейін қатемен жұмыс жасауға, дұрыс жауаптың шешу жолдары мен түсіндірмесін, әр пән бойынша қиындық тудыратын тақырыптармен өзіндік жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Жоғарыда көрсетілген мектептерде эксперимент ретінде өткізілген онлайн тест жүйесі 2015 жылдың қаңтар, ақпан айларында қаланың барлық мектептерінде өткізілетін болады.

2013-2014 оқу жылы ҰБТ қорытындысы бойынша түлектері жақсы нәтиже көрсеткен мектеп ұжымдарының іс - тәжірибесі таратылды:      

1. №23 мектеп-лицей базасында «Болашаққа жол немесе барлығы ҰБТ туралы» тақырыбында;

2. №47 мектеп-гимназия базасында мектеп оқушыларын сапалы біліммен қамтамасыз етуде басқарушылық қызметтердің тиімді жолдарын айқындап, жүйелі түрде іске асыру мақсатында «Ұлттық бірыңғай тестілеу-білім беру сапасын жаңғырту кепілі» тақырыбында;

3. №107 мектеп-гимназия базасында мектеп оқушыларын ҰБТ және оқу материалдарын білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, қорытынды жасай білуге балу мақсатында «Мектеп оқушыларын ҰБТ-ға дайындауды диагностикалау жұмыстарын жүргізу арқылы фундаментал білім алуына қол жеткізу» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.

Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты балалардың  сабақтан бос уақыттарын тиімді  ұйымдастыру мақсатында 2014 жылы мектептен тыс мекеме саны 9, тартылған оқушы саны – 15545.  2014 жылы қаламызда жұмыс істейтін 15 аула клубында 23 түрлі үйірмелерге 4321 бала тартылған.   2015 жылы  қосымша 8 аула клубын ашу жоспарлануда.

2015 жылы 1285 үйірмелерге 43569 бала тартылып отыр.           



Үйірме жұмысы туралы. 2015 жылы 1285 үйірмеге 43569 бала тартылды. 415 спорттық секцияларға 33965 бала қамтылды.

Жасөспірімдерге  салауатты өмір салтын насихатттау  мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде.



Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. 2014 жылы  аудандық ішкі істер бөліміне жасаған қылмысы мен  тәртіп бұзушылық себептерімен   70 оқушы есепке тіркелген. (2013 жылы бұл көрсеткіш-56 болған).  

Білім мекемелерінде мектеп инспекторларымен психологтар бірлесіп алған сауалнаманың нәтижесі бойынша 2014-2015 оқу жылында құқық бұзуға бейім девиантты мінез-құлықты 275 оқушы мектепішілік есепке алынып, тәлімгерлер бекітілді.

2015 жылы ұрлық – 11, тонау – 4, бұзақылық – 4, жарақат салу – 2, құқық бұзуға бейім – 19, наркологиялық есепте – 5  тіркелген.

Инклюзивті оқыту бойынша. Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 7 жаспен 18 жас аралығындағы – 4662  бала есепке тіркелген, соның ішінде 1898-і, яғни 40,7%  инклюзивті оқытумен қамтылған. Міндеттеме бойынша 25%.

62 білім мекемелерінен кіріктірілген (интегрирлі) сыныптар ашылып 591 оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 1307 оқушы логопедтік топтарда білім алуда.

Балабақшадағы инклюзивті оқыту.  Шымкент қаласы бойынша 3-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 2198.  Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 11 шілдедегі  «Кемтар балаларды  әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына, 2014 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің №893 Жарлығына және Қазақстан    Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 20 желтоқсандағы  №1377 Қаулысымен   бекітілген   «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету» жөніндегі   2014-2020 жылдарға  арналған  «Балапан» бағдарламасына сәйкес   «2014 жылы инклюзивтік білім берумен қамтылған мектепке дейінгі жастағы балалардың үлесін  7%-ға жеткізу» бойынша Шымкент қаласы білім бөлімі  және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді.

Сараптамасының  нәтижесі бойынша 13 мектепке дейінгі мекемелеріне (№26,30,36,39,45,47,49,58,66,70,73,97,100) логопед штат бірлігі бөлу үшін мектепке дейінгі мекемелердің жарлығына өзгерістерді еңгізу бойынша 2014 жылғы   25 шілдедегі №1464  Шымкент қаласының әкімдігінің қаулысы бекітілді.

Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылғы 12 қарашадағы «Қосымша штат бірлігін ендіру туралы» №905  бұйрығына сәйкес  13 бөбекжай балабақша мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына 19,5 логопед штат бірлігі беріліп,  инклюзивті оқытуға 201 (9,1%) бала қамтылды.

Ыстық тамақ. 2015 жылы 123 мектептің  95-де асхана, 23 буфет бар. 5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Тұрмысы төмен отбасылардан 97229 бала ыстық тамақпен қамтылған.

09.01.2015 ж. Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімінің «Бірінші қажетті азық-түлік тауарларының» мәліметі бойынша 8184 бала тегін тамақтандырылады,  бір балаға күніне – 218,52 теңге қаралған, ал  туберкулез ауруына шылдыққан 2046 балаға күніне 165 теңгеден қаралған.



Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2015 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 15503, аз қамтылған отбасынан – 4879, мүмкіндігі шектеулі бала – 786, жартылай жетім бала - 4686, оралман отбасынан – 46.  Қорғаншылықтағы бала саны – 748, барлығы 26648 бала.

2015 жылы 748 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса,  39 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген



Мектепке дейінгі білім беру. 2015 жылы Шымкент қаласында мектепке  дейінгі мекемелер саны 295 (мемлекеттік балабақшалар - 80, жекеменшік  балабақшалар - 170, мектеп жанында шағын орталықтар - 45).

80 мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерінде 23781 бала, 170 жекеменшік балабақшаларда 19294 бала және 45 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарында 2706 бала қамтылған.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 45781 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша  44424 бала қамтылып, ол 76 %-ды   құрап отыр.




2014 жыл

2015 жыл

Мектепке дейінгі мекемелер

мекеме

саны

бала саны

мекеме

саны

бала саны

Мемлекеттік

80

24377

80

23781

Жекеменшік

170

19294

170

19294

Мектептер жанындағы шағын орталықтар

45

2706

45

2706

Барлығы:

295

46377

295

45781

Қамту пайызы

(«Балапан» бағдарламасы бойынша)



 

45020

77,1%


 

44424

76,0%


Білім саласындағы өзекті мәселелер

1. Сауле ш/а №76 мектепте оқитын балаларымыз дене шынықтыру сабақтарын далада өтуде, әр түрлі мәдени шаралар өтетін мәжіліс залы жоқ.                                            

Шешімі: №76 мектеп жанынан асхана, спорт, мәжіліс залдары және шеберхана құрылыстарын салуға ЖСҚ дайындалуда, 2015-2016 жылдарға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

3. Мектептердің  компьютерлері тозығы жетіп, ескірген.                                      

Шешімі: 2015 жылына мектептерге компьютер алуға облыстық білім басқармасы арқылы сұраныс берілді.

4. Қайнарбұлақ саяжайында 40 мыңға дейін  тұрғындар бар.  Аталған елді-мекендегі №83 мектеп үш ауысымда  білім беруде. Балабақша мәселесі шешілмеген.

Шешімі: Қайнарбұлақ саяжайында  мектеп және балабақша мәселесін шешу үшін, 1200 орындық мектеп, 320 орындық балабақша салуға мемлекеттік мұқтаждық үшін жер телімін қайтаруға жұмыстар жүргізілуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет