Ауылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған жұмыстарға анықтама. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша



Дата22.02.2016
өлшемі47.79 Kb.
#1586
Ауылдық округі бойынша 2009 жылы атқарылған

жұмыстарға анықтама.


1. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:

2009 жылы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары 1525 га егістік алқабына дәнді және майлы астық дақылдарын егіп, 245 га бидайдың әрбір гектарынан 22,5 ц/га өнім орып, жалпы 551 тонна бидай жиналса, 100 га арпадан 22 ц/га немесе 220 тн, 70 га картоптан 105 ц/га түсіммен 735 тн,

20 га көкөністен 143 ц/га өнімділікпен 286 тн және 10 га бақша дақылдарынан 131 ц/га түсіммен 131 тн егін өнімдері және 950 га күнбағыс алқабы орылып, әр гектардан 8,5 ц/га өнімділікпен 807 тонна майлы астық дақылы жиналды.

2010 жылғы көктемгі егісіне қажетті астық тұқымын қамтамасыз ету мақсатында 58,9 тонна дәнді және 9 тонна майлы астық дақылдары тұқвм тексеру зертханасында тексерілуден өткізілді.

Ауылдық округіне қарасты «Сарыешкі» егіс учаскесінен жалпы жиыны 298 га егістік алқабын жалға алып, ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған 6 шаруа қожалықтарының жетекшілеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, алған жерлерін пайдалануға мүмкіншіліктері жоқ болулары себепті аудан қорына алуға өтініштері аудандық жер қатынастары бөліміне тапсырылды.

2009 жылдың 1 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының санағы жүргізілді, онда

ірі-қара – 6240 бас, қой-ешкі – 17450 бас, жылқы – 1233 бас және құстар 1861 басты құрады.

Ал 2010 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округінде жүргізілген мал санағы бойынша жұртшылық пен шаруа қожалықтарында ірі-қара – 4897 бас,

қой-ешкі – 13285 бас, жылқы – 1036 бас, құстар 1170 басқа жетіп,

2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі-қара – 2 %, қой-ешкі – 4 %, жылқы – 4 %, ал құстар – 10 %-ға артты.

Округте малдардың жұқпалы ауруларының таралмауына, әсіресе сарып ауруының ошағын жою және таралып кетпеуіне байланысты барлық профилактикалық шаралар жүргізілді. Осы тұрғыда аудандық бюджеттен бөлінген 230 мың теңге қаржыға аудандық ауылшаруашылығы бөлімі арқылы Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында типтік үлгідегі мал өлексесін тастайтын орындар салынып, пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы №1754 қаулысы негізінде Біржан ауылындағы ескі монша ғимаратының бір бөлмесі уақытша мал сою алаңы есебінде жабдықталды.



2. Әлеуметтік салалар бойынша:
Округте 2009 жыл көлемінде 12 аз қамтылған отбасына 800 мың теңгенің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі, 78 жанұядағы 212 балаға 3000 мың теңгенің мемлекеттік жәрдемақысы төленді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 9 шаруа қожалығы жетекшілерімен 880 мың теңгенің демеушілік көмегін көрсетуге меморандумдарға қол қойылып, шаруашылықтар 1188 мың теңгеге қайырымдылық демеушіліктерін жасаса, 103 мың теңгеге аз қамтылған отбасылар мен қайырымдылық көмектерін көрсетті.


3. Салық төлемдері бойынша:
2009 жыл көлемінде бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері

542 000 теңгені құрады, оның ішінде:


- жеке тұлғалардың жер салығы 115 000 теңге

- мүлік салығы 37 000 теңге

- көлік салығы 320 000 теңге

- бірыңғай жер салығы 70 000 теңге


4. Спорт саласы бойынша:
Ауылдық округінде жастар ісі және спорт нұсқаушысы ұйымдастыруымен спорттық жарыстар барлық мерекелерде үнемі өткізіліп отырады.

2009 жылғы 30 мамырда өткен аудан әкімі жүлдесіне арналған XII халықтық спорт ойындарында округ спортшылары жарыстың барлық түрлеріне қатысып, қортынды есепте 4 орынды иелендік. Спорттық жарыстарда озық шыққан спортшылар Өскемен қаласында өткен облыс әкімінің жүлдесіне арналған спорттық ойындарда аудан намысын қорғады.

Округ спортшылары 17-18 қыркүйектегі Зайсан ауданының 140 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған спорттық жарыстарға зор дайындықпен қатысып, 15 шақырымдық бәйгеден II – ші орынды , 25 шақырымдық аламанда III – ші орынды, көкпарда алғашқы салымды салғаны үшін тағайындалған арнайы жүлдені және волейболдан III – ші орынды еншіледі.

26 қыркүйекте атап өтілген «Оралмандар күні» мерекесіне орай өткізілген арқан тарту жарысында оралман спортшылар арнайы жүлдемен марапатталды.

16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерексінде округте волейбол мен дойбыдан көшеаралық жарыстар өткізілді.

29 желтоқсанда стол теннисінен қыздар арасында округ ауылдарының біріншілігі ұйымдастырылады.


5. Мәдени көпшілік жұмыстар:
Зайсан шекара жасағының 85 жылдық мерейтойына байланысты арнайы шара жасалып, Ақжон шекара заставасына барып, әскери жауынгерлермен кездесу өткізіліп, сыйлықтар, көркем әдебиет кітаптар сыйға тартылды.

Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және

22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.

8 наурыз күні Біржан ауылында «Қайран біздің аналар, арды ойлаған» атты келіндер сайысы өткізілді. Көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.

22 наурыз мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Біржан ауылындағы мәдениет отауында «Әжелер сайысы» өткізілді. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

1 Мамыр «Ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 64 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.

1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен әкімшілік қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар, тәтті-дәмділер табыс етілді

Ауылдық округі 17-18 қыркүйек күндері өткен Зайсан қаласының

140 жылдық мерейтойына қатысып, мерекеге орай өткізілген мәдени және спорттық шаралардың барлық түрлерінде өнер көрсетті. Мерейтойда ауылдық округінің киіз үйі 17 қазанда облыс орталығы Өскемен қаласында өтетін «Зайсан ауданының күндері» мәдени шараларына тігілу құрметіне ие болды.

26 қыркүйекте атап өтілген «Оралмандар күні» мерекесіне округке қарасты елді мекендердегі оралмандар түгел тартылып, мәдени және спорттық шараларға қатысты. Қуаныш ауылында қоныстанған оралман Нұрқасен Айтқажының тіккен киіз үйі I-ші орынды еншілесе, ән айту байқауында Бүрдібай Серікбек жүлделі III-ші орынға ие болды.

1 қазан «Қарттар күні» ауылдық округінде атап өтілді. Округтегі елді мекендердегі қариялар мәдениет отауына жиналып, олар ауыл өнерпаздары ұйымдастырған концертті тамашалады және ауылдық округі әкімінің аппараты және демеушілер тарапынан дайындалған сый-тартуларға ие болды.

Еңсебаев Меңкеш, Сеитова Дәмеш және Мұстафин Зияда сынды қариялар аудан әкімі тарапынан ұйымдастырған мәдени шараларға қатысып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.



16 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерексінде ауылдық округі әкімінің тарапынан мәдени шаралар ұйымдастырылып, ауыл өнерпаздарының концерті қойылды. Желтоқсан оқиғасына қатысушы Бегельдинов Бекежанға арнайы сыйлық тарту етілді.

Округтегі Ақарал ауылында 28 желтоқсанда, Қуаныш ауылында 30 желтоқсан күні және 31 желтоқсанда Біржан ауылында жаңа жылдық «Жасыл шырша» мерекесі өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет