Ауылшаруашылық жануарларының паразитологиясы және инвазиялық аурулары



Дата01.07.2016
өлшемі126.03 Kb.
#170700


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университеті


Биология-химиялық факультет
Жалпы биология кафедрасы

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ ПАРАЗИТОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ

Студенттердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулары

Павлодар

Кіріспе
Қазіргі уақытта барлық табиғи аймақтарда паразитологияның негізгі бағыттарымен адам мен жануарлардың трансмиссивтік ауруларының табиғи ошақтығын зерттеу (туляремия, сібір жарасы, энцефалиттер, гемоспоридиоз аурулары, описторхоз, дифиллоботриоз т.б.) өзекті проблема. Адамға өте қауіпті инфекциялық және инвазиялық ауруларды жою өте күрделі мәселе. Ол үшін паразиттермен ауру қоздырушыларын тасымалдаушылардың түр құрамын, экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін, паразит – ие арақатынасын, олардың таралуы мен ландшафтық қалыптасу заңдылығын жете білу қажет.

Паразитология пәнінен мамандарды дайындаудың негізгі мақсаты, қазіргі заманның ғылыми жетістіктеріне сай кең таралған паразитоздарды анықтау және жою әдістерін толық меңгерген биологтар мен зоотехниктерді дайындау. Мамандар мемлекетіміздің ауыл шаруашылығының даму деңгейіне сәйкес ғылыми-өндірістік мәселелерін әрдайым іскерлікпен сапалы орындау деңгейінде болуға тиіс.

Студенттердің творчествалық жұмысқа дағдылануын жетілдіруде, басқадай оқыту түрлерімен қатар, өзіндік жұмысты орындаудың маңызы өте зор, үйткені ол оларға ғылыми әдебиеттерімен жұмыс істеу әдістерін игеруге, ғылыми ізденіске бейімделуге, өзінің теориялық білімін толықтыруға, жиналған мәліметтерді дұрыс талдап, тұжырымдауға, творчествалық жұмысқа қызығушылығын аттыруға мүмкіндік туғызады.

Осыны ескере отырып, адам және жануарлар инвазиялық аурулары және паразитологиядан студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқауларын дайындауды қажет деп есептедік.

Әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты студенттерді паразитология ғылымының кейбір мәселелерін (эпизотологиясы, паразиттердің экологиясы мен биологиясы, паразит- ие ара қатнасы, паразиттердің таралуы және олардың жұғу жолдары т.б.) жеке дұрыс шешуге икемдеу, үйткені паразиттермен байланысты организмде туындайтын өзгерістерді жете білмей олармен нәтижелі күрес шараларын ұйымдастыру мүмкін емес.

Әдістемелік нұсқауды жасау барысында паразиттердің жүйелеуімен олардың морфологиялық ерекшеліктері еске алынды.

050607-Биология және 050802-Зоотехния мамандарын дайындау ерекшеліктерін ескере отырып, алғаш рет паразитология пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқаулары дайындалды.

Биология ғылымдарының паразитология саласы негізінен үш ірі бөлімге жіктеледі: гельминтология, протозоология және арахноэнтомология.

Әрбір бөлім әртүрлі типке жататын паразиттерді біріктіреді. Әр тип паразиттері систематикалық, экологиялық, эпизоотологиялық ерекшеліктерімен жекеленеді. Осыған байланысты паразитологияның бөлімдерінен өзіндік жұмысты орындау барысында әдістемелік шешімдерде әртүрлі болуға тиісті.

Гельминтология және протозоологиядан өзіндік жұмысты орындауда төменде берілген жүйені пайдалану керек.



1 Жануарлар мен құстардың гельминтоздары мен протозооздарының қысқаша сипаттамасы
Жануарлар мен құстардың гельминтоздары мен протозооздары төмендегідей сипатталады:

- қоздырушының жүйелеудегі орны;

- инвазия қоздырушысының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері;

- аурудың эпизоотологиясы: әртүрлі табиғи-климаттық зоналарда таралуы, маусымдық қасиеттері, залалдану жолдары мен қоздырғышттың организмнен бөлініп шығуы, аурудың көзі мен резеруары;

- инвазияның патогенезі және клиникалық көрністері;

- патоморфологиялық көрністері;

- ауруды анықтаудың әдістемелері (клиникалық, эпизоотологиялық, аллергиялық, серологиялық, копрологиялық және патоморфологиялық);

- емдеу және алдын алу шаралары (емдеудің әдістері мен заттары, химиопрофилактика, жүргізу мерзімдері мен олардың нәтижесін бағалау);

- өзіндік жұмысты қортындылап, тұжырымдау;

- қолданылған әдебиет.

Қоздырушысының жіктелуінде, ең соңғы таксономиялық деректерге сәйкес, оның жануарлар әлеміндегі орны белгіленіп, тегі, тек тармағы, класы, катары (отряды), тұқымдасы, туысы, түрі (түрлері) көрсетіледі.

Олардың морфологиясы жақын туыс және түрлерде салыстырмалы тұрғыда беріледі. Паразиттердің әрбір мүше және мүше бөлімшелерінің құрылысы, олардың сыртқы және ішкі атқаратын функционалді қызметіне сәйкес қарастырылады. Паразиттердің ішкі және сыртқы дене құрылысында (ішек, тыныс жолдары, ми, бұлшық ет, тері, қан жүйесі, т.б.) орналасуына, олардың қоректену және көбейуі ерекшеліктеріне байланысты морфологиялық бейімделуіне көңіл бөлінеді.

Биологиялық циклын көрсеткенде, қоздырушының типіне назар аударып, олардың преимагиналды сатыларының сыртқы ортада және аралық иеде даму ерекшеліктерін, иеден тыс сыртқы мерзімімен ұзақтығын, организмге ену жолдары мен нағыз иесіндегі даму ерекшеліктерін ашу қажет.

Эпизоотология бөлімінде аурудың жалпы және Қазақстанда таралу ерекшеліктерін ашып, оның маусымдық өзгерістері, қоздырушының негізгі көздерімен жануарлар және құстарда таралуына мүмкіндік беретін факторларды толық көрсету керек.

Инвазияның патогенезінде ауру қоздырушысының даму және көбейуі (қарапайымдылар) барысында жануар организміне тигізетін әсерін ашу қажет. Ішкі құрылыстар және жүйелер (қан) зақымдануының негізін ашып, оның салдарының әсерін көрсету керек.

Аурудың клиникалық белгілерін толық және жан-жақты ашып, оған тән және жалпы ауру белгілерін, әсіресе жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға, ерекше көңіл бөліп, ажырату қажет.

Паразиттердің тіршілік ортасына, орналасуына байланысты ішкі мүшелерімен ағзалардағы өзгерістерді патоморфологиялық зерттеу әдістерімен толық ашу қажет.

Әрбір ауру түрін тақтылы және дұрыс анықтау ең басты міндет. Көптеген аурулардың, әсіресе ас қорыту жүйесінің көрнісін ажырату өте қиын, үйткені олардың табиғатына қарамай, жұқпалыма, жұқпалы емеспе, инвазиялықпа, белгісі бірдей. Сондықтанда бұндай жағдайда арнайы зертханалық зерттеу жүргізу керек, яғни ауру жануарлардың қанын, нәжісін, зәрін арнайы әдістермен паразит қоздырғыштарына жүргізеді, ал өлекселер – патоморфологиялық зерттеуден өтеді. Қажет болған жағдайда жайылым, суат, қора-жайда зерттеледі.

Қазіргі уақытта жануарлар эхинококкозын аллергиялық әдіспен зертханада анықтауға болады.

Паразитологиялық ауруларды анықтауда серологиялық әдістерге көңіл бөлген жөн. Қазіргі уақытта жұқпалы ауруларды анықтауға арнайы жасалған барлық зертханалық серологиялық реакциялар көптеген паразиттер туғызатын ауруларды, әсіресе қарапайымдыларды (ірі қара гиподерматозы, токсоплазмоз, ірі қара тейлериозы т.б.) анықтауда кең қолданылады. Олар жалпы белгілі комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) , кері гемагглютинация реакциясы (КГАР), комплементтерді ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), иммуннофлюресценция реакциясы (ИФР) т.б.

Паразиттердің морфологиялық, биологиялық қасиеттеріне байланысты, олардың тіршілік ортасын ескере отырып көптеген дәрі-дәрмектер (антгельминттер, интесекцидтер т.б.) шығарылған. Олардың әсері тек паразиттердің бір тобын ғана құртуға бағытталған. Қазіргі уақытта, заман талабына сай іш құрттарын өлтіретін дәрілердің әсер ету құлашы кеңейтілген, яғни бір дәрімен ішектегі барлық әртүрлі тұқымдас құрттарын жоюға болады. Соңғы кезде ғылым жетістігі әлемде жануарлар организмінде топталған, ішкі, сыртқы, барлық паразиттерді бірден құртатын дәрілер тобын шығарады. Олардың негізгі микроорганизмдер. Бұл дәрілер биологиялық белсенді заттарға жатады да, жануарлар организміндегі барлық іш және сырт (денесі) мүшелеріндегі паразиттерді толық жояды.

Сондықтанда аурулардың емі мен алдын алу шараларын жазғанда, барлық талапқа сай келетін дәрілерді дайындап пайдалану керек.

Дәрілердің әсер ету қасиетін ескере отырып, оларды қолдану мерзімімен неше рет дәрілеу қажеттілігін көрсеткен жөн.

Өзіндік жұмыс берілген тақырып бойынша барлық ғылыми деректерді оқып, сараптауды қажет етеді. Сондықтанда соңғы ғылыми жетістіктерге көңіл бөліп, олардың арасында ауруды анықтаудың емдеудің, алдын алудың жаңа тәсілдеріне көңіл аудару қажет.

Студенттердің өзіндік жұмысы қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.

Студенттердің арахноздар (жануарлар қышыма қотырлары) және энтомоздар (сифункцулятоздар, жануарлар және құстар маллофагоздары, жануарлардың бөгелектер туғызатын құруларына арналған жұмыстары жоғарыда көрсетілген схема бойынша орындалады.



2 Паразитиформдық кенелер және қос қанатты қан сорғыш насекомдар
Паразитиформдық кенелер және қос қанатты қан сорғыш насекомдар тіршілігімен және иелерімен тоғышарлық ара-қатынасында ішкі стационарлық паразиттерден көп айырмашылығы бар жануарлар. Олар қысқа мерзімде қан сорғыштар және эктопаразиттер ретінде байқалады.

Бұл бағытта өзіндік жұмысты орындағанда келесі жоспарды ұстанған жөн:

- эктопаразиттердің даму сатыларының морфологиялық және систематикалық сипаттамасы;

- кенелермен насекомдардың даму ортасын сараптап, іріктеп, бағалау;

- даму сатыларының биологиялық және экологиялық ерекшеліктері;

- зияндылығы: қансорғыштығы, улану, кенелермен насекомдардың ауру қоздырушыларын тарату қасиеті;

- зиянды буынаяқтылардан жануарларды қорғау шаралар жүйесі және күресу жолдары;

- қорытынды;

- қолданылған әдебиеттер.

Кенелер мен насекомдар, әртүрлі табиғи жағдайда, әр даму сатысында өсіп жетіліп, өмір сүретін гетерогенді жануарлар тобы. Олар әртүрлі экологиялық ортада емін-еркін тіршілік жасай олады. Қос қанатты қан сорғыштармен (маса, сона, шіркей, құмыты) зоофильді шыбындар ересек сатысында табиғатта еркін қозғалып өмір сүретін жәндіктер, ал олардың дернәсілдері, қуыршақтары суда, топырақта, көңде, шіріген заттарда, жануар өлексінде тіршілік жасайды. Даму сатысына байланысты олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері молшылық. Сондықтанда өзіндік жұмысты орындағанда бұл мәселелерге көңіл бөлу қажет.

Кенелер мен насекомдардың морфологиясын бергенде, олардың даму сатыларына көңіл аударып, ересегімен преимагиналды сатыларын бөлектеп беру керек. Сол сияқты ересегімен дернәсілдерінің биологиялық ерекшеліктерін көрсеткен жөн.

Эктопаразиттердің экологиясын ашып, білу өте қажет. Сондықтанда оны ең бірінші климаттық ерекшеліктерімен байланыстыру керек. Олардың тіршілік ортасы, паналау орны, абиотикалық факторлар әсері, олардың тіршілік және белсенділік мерзімі. Бұл мәселелерді толық ашу керек. Эктопаразиттердің дернәсілдерін зерттеуде, олардың тіршілік ортасының ерекшелігіне көңіл аударған жөн.

Маңызды мәселердің бірі әртүрлі табиғи жағдайда қос қанатты қан сорғыш насекомдардың зиянкестігін анықтау. Олар өте белсенді қан сорғыштар. Сондықтан олырдың жаппай ұшу мерзімінде жануарлар көп қан жоғалтады. Насекомдар мен кенелер сілекейі өте улы, сондықтанда олардың саны неғұрлым көп болса, солғұрлым ұлану көрнісі айқын байқалады. Мысалға, шірекейлердің өте қалың жерлерінде жануарлар арасында симулидиотоксикоз туындап, әсіресе төлдерде бірталай шығын болады. Сонымен қатар, кенелер мен насекомдар адам мен жануарлар арасында аса қауыпті аурулар эпидемиясымен (індетімен) эпизоотияларының таралуына мүмкіндік туғызады.

Бұл сұрақты жазғанда соңғы кезде осы мәселеге байланысты шыққан ғылыми деректерді пайдалану керек.

Қазіргі таңда өте маңызды проблемалардың бірі адамдар мен жануарларды зиянды кенелер мен насекомдар қорғау, жаңа экологиялық қауыпсіз әдістер мен дәрі-дәрмектерді шығару. Бұл бағытта ғылымда көп жұмыстар жүргізіліп, жақсы нәтижелер алынған. Ғылыми деректер күн сайын жарық көріп жатыр. Бұл сұрақты ашқанда, кенелер және қос қанатты қан сорғыш насекомдармен күрес жолдарын төменгі көрсетілген бағыттарда беру кажет:


  • экологиялық әдістер;

  • химиялық әдістер;

  • биологиялық күрес әдістері.

Бұл әдістердің әрқайсысын жеке күрес шаралары ретінде кенелергеде насекомдарға да қолдануға болады. Кешенді түрде зиянкестердің аса қалың аймақтары мен мерзімдерінде қолданылады.

Экологиялық әдістер – зиянды жәндіктердің барлық даму сатыларының өсіп-өніп, жетіліп, көбейіп, таралуына мүмкіндік бермейтін жағдай туғызу. Мысалға, сазды-батпақты аймақтарда мелиорация жұмыстарын жүргізіп, сазды құрғатып, қос қанатты қан сорғыш насекомдардың көбейіп, өсіп-өну ортасын жою, олардың тұқымын құрту.

Химиялық әдіс ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады. Бұның екі бағыты бар: зиянды кенелер мен насекомдарды сыртқы ортада құрту және жануарларды зиянкестердің жаппай жабылуынан қорғау. Ол үшін қазіргі уақытта көптеген экологиялық қауіпсіз дәрі-дәрмектер шығарылған.

Биологиялық әдіс кеңінен өндіріске енгізілуде. Зиянкестердің патогендері мен табиғи жаулары пайдалануда. Бұл салада көп жетістіктер бар.

Көрсетілген жоспар бойынша жасалған өзіндік жұмыс талқыланып, қортындалады. Жиналған деректердің жергілікті жерде пайдалану мүмкіндігі бағаланады.

Өзіндік жұмыс қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталады.

Өзіндік жұмыс стандартқа сай орындалуы тиіс (СО ПГУ 7.02.1-05; МИ ПГУ 4.01.1-05).

Компьютермен терілген жұмыс көлемі 10 беттен аспауға тиіс. Жұмысты орындау бір аптадан аспауға тиіс, көрсетілген мерзімде тапсырылады. Кеміктіріліп тапсырылған жағдайда, өзіндік жұмыс бағасы төмендетіледі.



Таблица 1 – Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары


Тақырып

Мазмұны

Сағат саны

Бақылау формасы

1

2

3

4

1 Протозойлық, аурулардың арнайы емдеу мен алдын алуының жалпы принциптері

Қауыпті гельминттермен гельминтоздар. Адам және шошқа аскаридасының морфологиясымен биологиясы.

2

Реферат

2 Хастелиоз және парамфистомоздар

Паразитиформдық кенелердің акариформдық кенелерден морфологиялық айырмашылығы.

2

Реферат

3 Жылқы және күйіс қайыратын малдар аноплоцефалидозы

Қоздырғыштың биологиясы мен патагенезі. Аноплоцефалидозды анықтау, емдеу және алдын алуы.

3

Реферат

4 Күйіс қайыратын малдар стронгилятозы (гемонхоз, хабертиоз, нематодиоз)

Гемонхоз, хабертиоз, нематодиоз инвазиялық ауру қоздырғыштарының биологиясы, экологиясы, емдеу тәсілдері мен алдын алу.

2

Реферат

1

2

3

4

5 Жануарлардың бөгелектер туғызатын аурулар

Жылқы гастрофиллез ауруының қоздырғыштарының биологиясы мен морфологиясы. Патагенезі, емдеу тәсілдері мен алдын алуы.

4

Реферат

6 Зоофильді шыбындар және зиян кельтітуші маңызы

Шыбындардың таксономиялық және экологиялық жіктелуі, эпизоотологиялық маңызы, мал шаруашылықта зияны және күресі жолдары.

4

Реферат


Әдебиеттер


  1. Балашов Ю.С. Кровососущие клещи – переносчики болезней человека и животных. Ленинград: Изд-во «Наука», 1967. – 296с.

  2. Балашов Ю.С. Паразито-хозяинные отношения членистоногих с наземными позвоночными. Л.: Наука, 1982. – 320с.

  3. Балашов Ю.С., Дайтер А.Б. Кровососущие членистоногие и риккетсии. Л.: Наука, 1973. – 251с.

  4. Беклемишев В.Н. Биоценологические основы сравнительной паразитологии. М.: Наука, 1970. – 489с.

  5. Вейзер Я. Микробиологические методы борьбы с вредными насекомыми (болезни насекомых). М.: Клос, 1972. – 621с.

  6. Глухова В.М. Кровососущие мокрецы родов Culicoides и Forcipomyia (Ceratopogonidae) // серия Фауна СССР. - №139. – Насекомые двукрылые. – Т. 3. – вып. 5а. / Л.: Наука, 1989. – 408с.

  7. Гуцевич А.В. Фауна СССР. Кровососущие мокрецы (Ceratopogonidae). Л.: Наука, 1973. – Т. 3. – вып. 5. – 267с.

  8. Гуцевич А.В., Мончадский А.С., Штакельберг А.А. Комары семейства Culicidae. Фауна СССР. Л.: Наука, 1970. – 384с.

  9. Давыдова М.С. Гамазовые клещи семейства Parasitidae Западной Сибири. Новосибирск, 1976. – 117с.

  10. Дубицкий А.М. Биологические методы борьбы с гнусом. Алма-Ата, 1978. – 260с.

  11. Закамырдин И.А. Защита животных от гнуса. М.: ВО Агропромиздат, 1987. – 155с.

  12. Ивашкин В.М., Хромова Л.А. Нематоды сельскохозяйственных животных и их переносчики – двукрылые. М.: Наука, 1983. – 234с.

  13. Исимбеков Ж.М. Диагностика кровососущих двукрылых насекомых. Павлодар, 2005. – 130с.

  14. Исимбеков Ж.М. Арахноэнтомология. Павлодар, 2006. – 150с.

  15. Исси И.В., Кадырова М.К., Пушкарь Е.Н., Ходжаева Л.Ф., Крылова С.В. Микроспоридии мошек (определение и краткое описание микроспоридий мировой фауны). Ташкент: ФАН, 1991. – 124с.

  16. Кадыров Н.Т. Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. Астана, 2000. – 536с.

  17. Олсуфьев Н.Г. Слепни (сем. Tabanidae). Л.: Наука, 1977. – 435с.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет