Ауыз әдебиеті мен фольклор туралы ғылыми таным мен түсінік Ауыз әдебиеті


Беташардың екінші бөлімі «Айт келін»



бет10/13
Дата29.10.2022
өлшемі50.82 Kb.
#463590
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
ХАӘ (Автосохраненный)

Беташардың екінші бөлімі «Айт келін» деп басталып, жаңа түскен келінге тәрбие беру мақсаты көзделеді. Онда отбасы мүшелерін сыйлау, құрметтеу, еңбекке бейімділік, үй шаруасына икемділік, т.б. тәлім-тәрбие, өнеге айтылады.
Ұзатылатын қыздың ағайын-туыс, ел-жұрт, әке-шешесімен қоштасып айтатын өте ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырының бір түрі – сыңсу. Ұзатылып бара жатқан қыз:
Ата-анам еді – дәулетім,
Мен жұртыма жау ма едім.
Жатжұрттық болып кеткен соң,
Кетер-ау бастан сәулетім, – деп, ел-жұрт, ағайын-туыс, құрбы-құрдасқа көңіл шерін толғайды.



  1. Көңіл күйің білдіретін тұрмыс салт жырлары

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі – көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.
Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлардың бірі – қоштасуҚоштасу жақын адамынан айырылғанда айтылатын көңіл күй жыры болып табылады. Қоштасу өлеңдері сонымен бірге кір жуып, кіндік кескен атамекенмен, туған жермен қоштасу түрінде де айтылған. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында Ай мен Таңсық туған жерімен:
Балталы, Бағаналы ел аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл аман бол.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе жиде, алма ағаш, гүл аман бол, –
деген өлең арқылы қоштасқан. Қоштасу өлеңдерінде туған жерге, ғашық жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген қимастық сезім білдірілген.
Қазақ халқының ертеден келе жатқан көңіл күй өлеңінің бірі – естірту және көңіл айту. Естірту бір адамның немесе бүкіл елдің басына түскен ауыр халді, қайғылы қазаны өлеңмен, тұспал сөзбен не күймен жайлап естірткен. Мысалы:
Ақсұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан, –
деп, қазаны естіртуші адам айтайын деген ойын жұмбақтап, ишаратпен, тұспалмен бастап, әр түрлі салыстырулар арқылы тыңдаушыларды алдын ала даярлаған. Сондай-ақ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ
не болмаса «Жетпесті қума, келмеске жылама» деген сөздермен басу, жұбату айтқан. Мұндай өлең түрлері естірту деп аталған. Естірту өлең-жырмен де, қарасөзбен де, күймен де жеткізілген. Естіртудің қарасөз түріне «Жиренше шешенге Қарашаш сұлудың өлгенін естірту», «Шыңғыс төреге Шоқан өлімін естіру», «Қанжығалы қарт Бөгенбай өлімін естірту», т.б. жатады. Ауыз әдебиетінде естірту күй түрінде де кездеседі. Мысалы, Жошы ханның жалғыз ұлының өлімін күймен естірткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет