Сөйлемнің түрлері
Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:
(Типы предложений по цели высказывания)
1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).
2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).
3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).
4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).
Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды екінші біреуге жай хабарлап айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Төле би ақылды, әділ, шешен, әрі халық қамын ойлайтын қайраткер бейнесінде суреттеледі.
1. Хабарлы сөйлем (Повествовательные предложение) – хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында
айтылады. Сөйлем соңында нүкте қойылады.(Целью повествовательного предложения является сообщение о событиях или явлениях действительности. Показатель – интонация повествования, в конце предложения ставится точка). Мысалы: Бүгін мен ерте ояндым. Білім –биліктің басында.
2. Сұраулы сөйлем (Вопросительные предложения) – бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.Ерекшелігі – сұрақ интонациясы, сұраулы есімдіктер, сұраулы демеуліктер, кейбір модаль сөздер.Сөйлем соңына сұрау (?) белгісі қойылады. (Целью вопросительного предложения является стремление узнать что-либо от собеседника, получить информацию. Показатель – вопросительная интонация, вопросительные местоимения, вопросительные частицы, некоторые модальные слова. В конце предложения ставится вопросительный знак).
Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:
1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?
2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?
Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?
Достарыңызбен бөлісу: |