р/ с №
|
Түсiндiрме жазбада
көрсетiлуге тиiс
мәлiметтердiң тiзбесi
|
Әзiрлеушi мемлекеттiк
органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзiрлеушi
мемлекеттiк орган
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
|
2
|
Жобаны қабылдау
қажеттiгiнiң негiздемесi
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 733 Жарлығымен бекітілген, Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 2-тармағына сәйкес
|
3
|
Жоба қабылданған
жағдайда болжанатын
әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық
салдары
|
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеліп соқпайды
|
4
|
Жобаны iске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар
|
Жобаны іске асыру республикалық бюджет есебінен қаржы талап етпейді.
Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыру, өз қаражаты және мекеменің қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылады (2015 жылы
– 2 792 759* млн. теңге; 2016 жылы – 14 114* млн. теңге; 2017 жылы – 5 128* млн. теңге; 2018 жылы – 5 068* млн. теңге; 2019 жылы – 5 068* млн. теңге.
Барлығы: 2 822 137* млн. теңге.
*Іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін қаржыландыру көлемі жыл сайын нақтыланатын болады).
|
5
|
Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтiлетiн нәтижелердiң
мерзiмi мен болжанатын
тиiмдiлiгi
|
Мақсаты: геологиялық қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін геологиялық барлау жұмыстарына озық техника мен технологияларды енгізу,
Қазақстанда бәсекеге қабілетті, сирек металды саланы құру.
2020 жылы күтілетін нәтижелер:
қайта өңдеуші кәсіпорындарды минералдық ресурстармен қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау жұмыстарын дамыту, геологиялық барлау жұмыстар жасауға инвестициялық жағдайды жақсарту күтіледі.
|
6
|
Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттiң және/немесе
Үкiметтiң бұрын
қабылданған актiлерi
және олардың iске
асырылу нәтижелерi
туралы мәлiметтер
|
Жоқ
|
7
|
Заңнаманы кейiн жобаға
сәйкес келтiру қажеттiгi
|
Талап етілмейді
|
8
|
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқалары) сараптама жүргiзiлген жағдайда оның нәтижелерi.
|
Талап етілмейді
|
9
|
Өзге де мәлiметтер
|
Жоқ
|
10
|
Материалдарды (үзiндi көшiрмелердi) Үкiмет мүшелерiнiң мобильдiк құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мобильдiк кеңсесi" ақпараттық жүйесi арқылы беруге рұқсат етiледi
|
Рұқсат етіледі
|
11
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайты, интранет порталы немесе басқа ақпарат жүйесі) қаулы жобасын орналастыру туралы рұқсат (күні және нөмірі) және ақпарат (әрқайсысының байт көлемін көрсете отырып шығарылған файлдардың атауы)
|
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
(көлемі: 207 кВ)
|
12
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік маңызды қаулы жобасына баспасөз хабарламасының орналастырылуы туралы ақпарат (баспасөз хабарламасының атауы, күні)
|
Орналастырылмаған
|