Қаулысымен бекітілген «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»



Дата13.06.2016
өлшемі84.48 Kb.
#131916
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2014 15:09:01
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 24 ақпандағы

136 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі



 

4. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады;

2) комиссия тексеріп қарау жүргізу үшін куәландырушы орталыққа қайта барған жағдайда, өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күнге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы көрсетілетін қызметті алушыға қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Көрсетілетін қызметті беруші мерзімді ұзарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді хат жібереді;

3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде, жеке және заңды тұлғаларға.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлікті беру журналына қолын қойғызып береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жеткізу пошталық немесе курьерлік қызмет арқылы жүзеге асырылады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлік беруге өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі;

3) еркін таратылмайтын пайдаланылатын бағдарламалық құралдарға лицензиялардың және/немесе сертификаттардың көшірмелері, сондай-ақ өзі әзірлеген жағдайда авторлық құқықты растайтын құжаттар;

4) аккредиттелетін куәландырушы орталық мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған жағдайда, куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігі туралы аттестат;

5) көрсетілетін қызметті алушы бекіткен куәландырушы орталықтың модульдерінің (құрауыш) өзара іс-қимылы схемасы және пайдаланылатын криптографиялық түрлендіру алгоритмдері туралы деректер берілген электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру процесін іске асыруға және жекелеген параметрлер мен куәландырушы орталыққа қойылатын талаптардың өзге де бастапқы деректерінің (негізгі талаптар) схемалары;

6) мыналарды:

куәландырушы орталықтың ақпараттық қауіпсіздік саясатын;

куәландырушы орталықтың қызметінің регламентін немесе қағидаларын;

тіркеу куәліктерін пайдалану саясатын;

куәландырушы орталық туралы ережені;

жұмыстарды көрсетілетін қызметті алушының атынан жүзеге асыратын, штаттан тыс, дағдарысты жағдайларда куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін сүйемелдеу, әкімшілендіру шығару, бойынша жұмыстарға тікелей қатысатын қызметкерлердің іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулықты;

куәландырушы орталықтың ақпараттық ресурстарының резервтік көшірмесін жасау туралы нұқсаулықты;

куәландырушы орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуін орнату және күйге келтіру бойынша нұсқаулықты реттейтін бекітілген нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі;

7) осы куәландырушы орталықта және оның пайдаланушылары пайдаланылатын ҚР СТ 1073-2007 бойынша ақпаратты криптографиялық қорғаудың пайдаланылатын құралдарына сәйкестік сертификаты.



Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаған кезде мыналарды:

1) сұрау салудың нөмірі мен қабылдау күнін;

2) сұрау салынған отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауларын;

4) құжаттар берілетін күнін (уақытын) және орнын;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



 

10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.



Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



 

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



 

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға болады.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген.

 

«Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

 

 

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік беруге

өтініш

 

______________________________________________________________________________________________________

(өтініш берушінің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)

______________________________________________________________________________________________________

(куәландырушы орталықтың атауы)

 

аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды

 

Мерзімі 20__ жылғы «___» ___________________

Басшы _______________ ______________________

(қолы)              (аты, тегі)

 

МО

 

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет