Аверроизм 13-16 ғ. Батыс Еуропадағы философиялық ағым. Ағартушылық 18-19 ғ. дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім



Дата24.02.2022
өлшемі430.62 Kb.
#455702
философия бук


Глоссарий
Аверроизм - 13-16 ғ. Батыс Еуропадағы философиялық ағым.
Ағартушылық - 18-19 ғ. дамыған идеялық ағым. Ғылым, білім
арқылы қоғам негізін өзгерту.
Аксиология - құндылықтар жүйесі туралы ұғым.
Афоризм - қысқа сөзбен түйінделген тиянақты ой.
Антропология – (грек. anthropos адам және logos – ілім, сөз) -
философиялық антропология – мәдениеттің, инабаттылықтың,
құқықтың және адам өмірінің негізін іздейтін философия.
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын
философиялық көзқарас.
Брахманизм -Үнді философиясындағы ағым.
Бихевиоризм - прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.
Веданта -Үнді философиясының объективті-идеологиялық, діни
ілімі,
Вайшешика - көне үнді философиясындағы жүйе.
Витализм - барлық өмірлік процестер материалдық емес факторлар
әсерінен болады деп түсіндіретін ілім.
Верификация– ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын
эмпириялық тексеру арқылы анықтайтын методологиялық ұғым.
Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.
Гуманизм - адам мүддесі үшін жасалатын ізгіліктердің топтамасы.
Адагершілікке баулу.
Гносеология-таным туралы ілім
Гностицизм (гр. gnostos-білім) -дүниені танып-танып білу
мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі
дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп
тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Даосизм - б.э.д. VI-V ғ. Қытайда дамыған «дао» ілімі. Негізін салушы
Лао-цзы.
Деизм - Англияда пайда болған ілім. Діннен бас тарту, атеизмнің
жасырын түрі.
Детерменизм - себептілікті жоққа шығару.
Дуализм – теңқұқылы бастаулардың рухани және материалдық
субстанциялары деп санайтын философиялық ілім.
Идеализм - философияның негізгі мәселелерін шешуде
материализмге қарсы бағыт.
5
Индетерменизм - дүниедегі құбылыстардың объективтік себепті
байланысын теріске шығаратын философиялық ілім.
Интуитивизм - қазіргі философияда кең өріс алған ілім.
Интенционализм (лат. intehs- талпыну)- сана интенционалды, яғни
бір затқа (нәрсеге) бағытталғанымен сипатталады
Иррационализм - адамзат танымының мүмкіндігін, ақыл-ой
танымдық қабілетін жоққа шығаратын философиялық ілім.
Интуиция (лат. intueru зер салу, қадалып қарау) – білімді немесе
құбылыстың мәнін дәлелсіз тұтас қабылдау, логикаға сүйенбей аңдау,
кенеттен аңғару.
Концептуализм-схолостикалық философияның бір бағыты.
Космологиялық ілімдер - аспан әлемінің және ондағы денелердің,
аспан жүйесінің дамуы туралы зерттейтін ғылым.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші
қолдана отырып, ой тұжырымдау.
Логикалық позитивизм – 20 ғ. 20-шы жылдарында пайда болған
неопозитивтік ағым.
Локаята -Үнді философиясындағы материалистік ілім.
Материализм - идеализмге қарсы бірден-бір ғылыми философиялық
бағыт.
Мифология - ерте дәуірдегі халық творчествосының бір түрі.
Менталитет (лат. mentos - ойға қабілеттілік, ақылдың құрамы) -
әртүрлі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын, тұрмыс салтын, көңілкүйін, дүние танымын анықтайтын, және соларға ықпал ететін рухани
өмірдің қалыптасқан жүйесі.
Наитивизм - ақиқатты іздніссіз, тылсым күш арқылы ашуға болады
деп сендіретін танымның діни түрі туралы идеалистік ілім.
Натурфилософия - табиғат философиясы, қоғам дамуының
қажеттіліктері натурфилософияның қозғаушы күші болып табылады.
Нигилизм (лат. nihi- ештене емес)- қоғамдағы, мәдениеттегі
құндылықтарды жоққа шығаратын принцип.
Неопозитивизм – 20 ғ. пайда болған субъективті-иделистік бағыт,
Онтология-болмыс туралы ілім
Позитивизм – батыс философиясындағы сценистік үрдіс.
Парадигма (гр. paradejgm – мысал, үлгі) - ғылыми қауымдастық
қабылдаған ғылыми дәстүрді қамтамасыз ететін ғылыми нәтижелер,
теориялар, әдістер т.б. Парадигманың ауысуы жаңа ғылымии
революцияның пайда болуын білдіреді.
6
Редукционизм (лат. redutio – кейін шегіну, бұрынғы күйге қайтып
оралу).- ғылыми білімнің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған
методологиялық бағдарлама.
Реализм – дүниедегі заттардың шынайылығы мен ақиқаттылығын
растайтын философиялық бағыт.
Рационализм – философиядағы нақтылық ұғымы.
Сенсуализм – сезімдік философиясы.
Структурализм – философиялық еңбектерді әдістемелік маңызда
және құрылымдық негізде түсіндіру.
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күшҚұдай арқылы түсіндіру.
Утопия – Т. Мор мен Т. Кампанелла бастаған әлемнің теңдігі туралы
реалсыз ойлар.
Үшінші позитивизм – неопозитвизм немесе сараптаушы философия.
Фальсификация (гр. felsif - жалған, жасаймын). Гипотеза және
теорияның жалғандығын классикалық логиканың ережелеріне
сүйеніп анықтайтын методологиялық ұстаным.
Феноменология – Гуссерль негізін салған ғылымның шуғу тегі
туралы ілім.
Эмперизм – ағылшындардың ағартушылық философияны дамыту
үшін негізге алып қолданған ілімі.
Эпистема– сөздер мен заттардың арасындағы байқауға түспейтін
мәдени дәуірге сай жасырын құрылым.
7
А модулі. Философия пәні және оның тарихи дамуы
Философия - дүние танымның теориялық негізі
Негізгі мақсаты:
Дүниетанымның тарихи типтері жөнінде жан-жақты түсінік
қалыптастыру.
Жоспары:
1.Мифологиялық дүниеге көзқарастың ерекшеліктері.
2.Діни дүниеге көзқарастың ерекшеліктері.
3.Философия дүниеге көзқарас ретінде.
Негізгі түсініктер: философия, мифология, агностицизм,
метафизика, диалектика.
Философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан
басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның
жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған
орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бейжай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер
философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады.
Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат
мағынасын білдіреді. Б.з.д. VII-VI ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек
жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек,
«философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты
философы және математигі Пифагор. Философия дүниеге
көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы
пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы.
Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен
тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Әрбір адам жастайынан танып біле бастайды, заттар мен
құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар
мен құбылыстар неге олай, дүниеге неге бұлай құрылған, адамның
тууы мен өлімінің, бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген
сияқты мың-сан сұрақтар қояды өз-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның
санасында біртіндеп, ол сұрақтар жайында түрліше ой-пікірлер,
көзқарастар қалыптаса бастады. Адамның дүниетанымы дамып,
8
тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден
қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік пен
әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты
әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастады.
Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс
ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас – ойпікір керек. Сондай-ақ адам өзінің іс-әрекетәнің мақсаты мен мәнін,
ол не себепті басқаша емес, дәл солай жасайтыны тсінуі, бұдан
қандай пайда түсетінін т.б ұғына білуі қажет. Дүние жіне адамның
ондағы орны жайындағы түсініктерінің жиынтығы дүниеге көзқарас
деп аталады.
Дүниеге көзқарастық – адамзат санасының, дүниетанымының
қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен
мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т.б түрлі жақтарының бірігуі
болып табылатын дүниеге көзқарас адамның дүние жіне өзі туралы
біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.
Сонымен, дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам
туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы
ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың
жиынтығы екен. Дүниеге көзқарастың өзегі білім болғандықтан,
білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелдігі мен
жүйелігіне қарай ол күнделікті практикалық және теориялық болып
бөлінеді.
1-сызба
Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниеге
көзқарастық ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және
бүгінгі таіда үлкен роль атқарып келеді. Кейде «өмір философиясы»
деп аталатын бұл дүниеге көзқарас стихиялы түрде қалыптасты және
9
қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл-ой байлығынын
жинақтайды. Күнделікті-практикалық дүниеге көзқарас біркелкі емес,
өйткені оның иесі болып табылатын адамдар ба білімді, ақыл-ойы
мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен дәни сенімдері
жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол «өмір философиясың» өрісі де
ерекше кең болады. Оның құрамында сананың аса қарапайым,
тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, өнер иелері
мен саяси қайраткерлердің т.б озат ой-пікірлерде болады. Мұндай
көзқараста қателесу, адасушылық пікірлерде жоқ емес. Тұрмыстық
көзқарастың формалары стихиялық сипатта қалыптасқандықтан,
олардың мазмұны терең ойластырылған, жан-жақты талданған және
дәлелденген болмайды. Дүниеге көзқарастың теориялық деңгейі
арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген болып
табылады. Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады.
Дүниеге көзқарастың барлық басқа формалары мен типтеріне
қарағанда, философиялық көзқарастар системасы теориялық,
жағынан негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған
білімдерді қорыту әдіс-тәсілдері де әбден тексеруден өткен болады.
Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынңы әлеуметтіктарихи типтеріне мифология мен дін жатады. Әрине, әрбір адамның
философиялық ой-пікірлерге келу жолы әртүрлі, бірақ сондай-ақ
бүкіл адамзаттың бір кездерде философияға келуінің бір ортақ жолы
болды. Ол – мифологиядан дінге, одан философияға өту жолы.
Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық
және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі.
Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам,
тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің
ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру,
фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы,
адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта
мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға
негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар:
Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті
туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі
істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам
баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп,
өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
10
Философия - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі.
Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан
айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып
логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму
барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм,
антропоцентризм.
2-сызба
Тақырып бойынша сұрақтар.
Философия дүниетаным ретінде.
Мифологиялық дүниеге көзқарастың ерекшеліктері.
Діни дүниеге көзқарастың ерекшеліктері.
Мифология және дін.
Философиялық білімдер жүйесі, олардың құндылығы.
11
Философия пәні және оның қоғамдағы орны
Негізгі мақсаты:
Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы
мен атқаратын қызметі жөнінде ашып көрсету.
Жоспары:
Философия пәні туралы түсінік
Философияның онтологиялық мәселесі.
Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Негізгі түсініктер: философия,, агностицизм, аксиология,
антропология, метафизика, диалектика.
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі
мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми
тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Сан қырлы табиғат
құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың
философиялық көзқарастары – философия ғылымының беташары
іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы
натурфилософиялық бағытта дамыды. Философия пәні қоғамның
дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық
қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім
ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д.
384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында
қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс
туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеологиятаным туралы ілім; Аксиология – рухани құндылықтар туралы ілім;
Праксиология – адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология
– адам туралы ілім; Логика – дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру
жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам,
оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орны, жан, адамның рухани
өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу,
қозғалыс, диалектика және оның заңдары. Ф. Энгельстің
тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың
(сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне,
12
осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі
алатын орны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен
обьектісі-адам және оның әлемдегі орны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың
арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін
ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не – идея, рух па әлде
материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле ала ма әлде
танып-біле алмай ма деген гносеологиялық (таным туралы ілім)
мәселе көтереді.
Онтологиялық сұрақ – дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі
не материя, сана, рух па деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал
гносеология – дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе
деген сұрақ қояды. Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген
сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда
болды, олар: материализм және идеализм. Материалистік бағыт
дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя өзіндік
заңдылықтармен санаға тәуелсіз реалды өмір сүреді, -дейді.
Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі
материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана
қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты
жақтайтын көзқарас. Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Обьективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
- Субьектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек
қана реалды идея ғана бар, идея-алғашқы, барлық қоршаған орта,
шындық- «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді.
«Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі -
өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән
құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі,
адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның,
дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізіо дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте
теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған
философиялық негізі болып табылады. Субьективті идеализм – бүкіл
дүние біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе
біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда
13
алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып
одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің
обьективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске
шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материяда, рухта жоқ»,-
деген пікірді ұстанды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты
философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың
қатарына: монизм, дуализм, деизм жатады. Монизм (гр. Monos -
біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқы негізі ретінде бір ғана бастаманы
мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама
– идея, сана. Материалистер үшін – материя алғашқы бастама болып
табылады. Дуализм (лат. Duo-екеу) – монизмге қарсы, дүниенің
негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады
деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р. Декарт. Деизм – (лат.
Dues – Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның ісәрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін
салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені таныпбілу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені
қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар
философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.
Агностицизм (гр. а-теріске шығару, ал gnostos-білім)-дүниені таныпбілу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын
жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді. Дүниеге философиялық
көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді
қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық
тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдісі
қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Философия
тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі –
диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.
Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің
түп негізі туралы ілім деген мағынаны білдірген. XVI ғасырдан
бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология»
термині де қолданылды. Метафизика – заттар мен құбылыстар бірбірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі
қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз
аударғанда «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).
14
Философия мен нақты ғылымдар арасында тығыз байланыс бар.
Себебі, философияның өзі жалпы теориялық ілім болып табылады.
Обьективті шындықтың жалпы заңдылықтарын зерттей отырып,
теориялық қорытынды жасайды. Сонымен, философия дегеніміз -
материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат
ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми
ой-пікірдің теориялық жиынтығы.
1-сызба
Тақырып бойынша сұрақтар.
Философия дүниеге көзқарас ретінде не айта аласыз ?
Философия дегеніміз не?
Философия методология ретінде.
Философияның функциялары.
Философия пәні.
Философия мәслелері.
Философия ғылымын зерттеу обьектілері
Философиялық пайымдаудың басты тақырыптары.
Философияның негізгі сұрақтары бар ма?
10.Менің пәнге, философияның мәні мен міндетіне көзқарасым
мынадан көрінеді (...)
Қазіргі кезеңдегі әлемдегі философияның құрылымы мен
қызметі.
15
Ежелгі Үнді философиясы
Негізгі мақсаты:
Үнді философиясының пайда болуы жөнінде түсінік
қалыптастыру, үнді философиялық мектептері ерекшелігін көрсету.
Жоспары:
1.Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануы.
2.Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші.
3.Ежелгі үнді философиялық мектептері.
4.Буддизм іліміндегі төрт түрлі ақиқат.
Негізгі түсініктер: варналар, брахмандар, кшатрийлер,
вайшьялар, шудралар, брахманизм, джайнизм, буддизм, даосизм.
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде,
арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың
елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі
Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге
келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін
шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық
абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік
стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар- Абыздық варна
Кшатрийлер- Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар- Егінші-варналар
Шудралар -Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді.
Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және
білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни
идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі
(варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен,
дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ойтолғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I
мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби
ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар
ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде
16
философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді.
Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан,
дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады.
Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным,
адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық
түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
1-сызба
Көне үнді философиясы
Ригведад – діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл
шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар
мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың
алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны
басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың
себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар – жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің
пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
Упанишадтар б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды.
Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың
аяғының қасында отыру мағынасында немесе «құпия тылсым білім».
Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы
мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат
құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі.
Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен
алғашқы негізі ретінде рухани бастауды қояды. Упанишадтар
мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют,
табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі.
Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі
түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім -
эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют
туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің
17
көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету
мүмкіндігін береді. Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған
барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған
философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда
ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын
«қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп
қарастырамыз:
Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп.
Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді.
Вайшешик мектебі б.з.д. VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл
дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге
көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай
тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың
мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты.
Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының
жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған.
Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяясутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану
туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай
ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның
жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл
мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы.
Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілі мен жағдайларын анықтауға
тигізер ықпалы мол.
18
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі.
Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына
береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті
тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене
арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ,
тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен
тартымды.
2--сызба
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен
практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен
мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету. Йоганың
мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру
арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда
болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған.
«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау
арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма
19
немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты -
ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса
философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен
қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған
философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья
терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья
дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта
философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы
мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі
нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес
тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп
негізбен бара-бар.
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын)
философиялық мектептер.
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда
болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
Азаптану.
Азаптанудың себебі.
Азаптанудан босану.
Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға
жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату
үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа
итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
Дұрыс істер. Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі
іске икемді болу;
Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық
өмір сүру;
Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті,
күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
20
Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен
жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру,
оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм –б.д.д. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін
қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның
жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның
басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның
бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы
өмірде жеңуге болады.
3-сызба
Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір
дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкелген жоқ,
сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық
қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне,
адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері
алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда
алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің
қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне
мүмкіндіктер туды. Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып,
дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың
орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың
көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға
21
сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп
жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды
шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса
философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі
Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ойпікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс
философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті
әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1.Ежелгі Үнді философиясы.
2.Веда кезеңінің философиясы. Упанишадтар.
3.Веданта философиясы.
Джайнизм. Буддизм.
Үндідегі философиялық мектептер. Ортодоксальдық және
бейортодоксальдық мектептер.
Үнді философиясының дүниежүзілік мәні.
Буддизм философиясы – адамгершілік-этикалық ілім ретінде.
Индуизм философиясы
М. Ганди, Р. Тагор, А. Гхош – қазіргі заманғы философиялық
ойдың көрнекті өкілдері.
22
Ежелгі Қытай философиясы
Негізгі мақсаты:
Қытай философиясының сипатты ерекшеліктері жайындағы
мәліметтерді толық меңгерту
Жоспары:
Қытай философиясының сипатты ерекшеліктері.
Инь және Ян мектебі
Конфуцийдің ілімі. Орта туралы ілім.
Сюнь-цзы философиясы.
Мао-Цзының таным теориясы.
Даосизм ілімі.
Негізгі түсініктер: ин, Ян, Моизм, Лунь Юий.
Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында
қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық
қалыптасқанды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань
династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д. 220 ж.). Зерттеушілер
бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы»
деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д.
110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық
бағыттарды атап көрсеткен:
Инь және Ян мектебі.
Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.
Моистер мектебі.
Атаулар мектебі.
Заңгерлер мектебі.
Күш пен жол мектебі (дао цзя).
Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын
«Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең
мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп,
философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын. Инь
және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім
дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің
23
біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар
диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян
қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы
қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды.
Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып
отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі.
Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай
өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар
үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.
1-сызба
Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты.
Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе
Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу
патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек
әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап
ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына
жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс
оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу
жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды.
Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл
бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай
мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484
24
жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы
оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен
пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің
ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған.
«Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени
ескерткіш. Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы
бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты
ғибадатханаға айналған. Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол
адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан
денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не
екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», —
деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне
құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп
түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да
осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы. Жоғарыда айтылып өткендей,
Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның
кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер
адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып,
дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам
тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын
өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген.
Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады,
құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы
мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық
өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді. Конфуцийдің қазасынан
кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең
негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік
бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің
шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы
Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана
айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.
Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген
қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.
Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген.
Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь
жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк
тәңірі - әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса
адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты,
25
бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу
адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды
жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес;
байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай
немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз
болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр. Тек тәрбиелеу жұмысы
арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге
болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну - адамдық парыз.
Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын
алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі
тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені,
бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек,
мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген
қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны
сөзсіз.
Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы
ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші
жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси
сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру
саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел
бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде
саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр
бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық
майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін
көрсетпей ме?
Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.)
баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып
табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін.
Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік
жататын. Теориялық іспен айналысу - бос уақыт өткізумен бірдей.
Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір
үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо
Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының
қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.
Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену
сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық
философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан
кейін ғана қарастырылған - автор).
26
Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу
төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға
алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің
көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне
сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі
Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса,
ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп
арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы,
ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні
жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ),
адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып,
дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін
белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды,
керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі
арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдағы тәртіп дегеніміз –
кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен
қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа)
немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең
қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен
жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған. Егер заң (фа) мен
өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман
талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк
тәңірінің қолдауымен белгіленген...
Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа
заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа
заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи
шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің
нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда,
осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны
қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тыйым салғанына
қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару
тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне
деректер. Конфуций іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы
философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның
қазақшасы «жол» деген сөз.
Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген
Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын
27
аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лаоцзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген
Қытай зерттеушілерінің өздері бұл мағлұматтың шындығына күмән
келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар.
Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет
атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп
сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш
қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй. Дао - әлемдегі заттар мен
құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі
болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол - даоға
кереғар қағида. Дао - өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао»
заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін
құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп
отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар
өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық
жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып
келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы.
Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан
ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға
шақырды. Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің
төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды.
Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен
дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын
дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған
еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке
бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші
халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы
ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға
бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдың өз басын қатты қадыр
тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап,
бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.
Тақырып бойынша сұрақтар.
Қытай философиясының сипатты ерекшеліктері.
Лао-Цзы ілімі (VI – V ғғ. б.з.д.). Даосизм.
Конфуцийдің ілімі. Орта туралы ілім.
Мо-Цзының таным теориясы.
Негізгі мектептері мен өкілдерінің ілімдері.
28
Конфуций іліміндегі ұжым және тұлға мәселесі.
Даосизмдегі адам мен ғарыш.
Даосизм мен конфуцийшылдық іліміндегі адам мәселесі.
Жетілген мемлекет туралы Конфукцийдің ілімі.
Легистердің саяси – этикалық ілімі.
29
Антик заманының философиясы
Негізгі мақсаты:
Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы
болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін
көрсету.
Жоспары:
Антиктік философияның даму кезеңдері.
Милет мектебі және оның өкілдері.
Элей мектебі. Гераклит.
Атомизм. Пифагор мектебі.
Классикалық кезең және оның өкілдері: Сократ, Платон,
Аристотель.
Эллинизм дәуірінің философиясы.
Негізгі түсініктер. милет, материализм мен диалектика,
атомизм, эллинизм.
Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына
құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді. Ертедегі
Грецияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты
ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап,
әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты.
Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар
философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра
отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда
«натурфилософия» деп атайды. Дүние қалай пайда болды, қалай
жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек
ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ерте грек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш
кезеңнен өтті:
Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. VII-VI ғ.ғ.). Бұл
кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей,
Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар
атомдық көзқарастың негізі қаланады.
Классикалық кезең (б.д.д. IVғ.). Платон мен Аристотель
философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.
30
Римдік-эллиндік кезең (б.д.д III ғ. соңы мен б.д. III ғ. басы).
Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық
танытқан кезең.
1-сызба
Милет мектебі - Грециядағы ең көне материалистік
философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің,
мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес,
Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ойөрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай
жасады. олар математика, география, астраномия салаларында
ғылыми жаңалықтар ашты.
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек
философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі
жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және
астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің
тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ
пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың
биіктігін анықтайды. Фалес бір жылда 365 күнге, 365 күнді 12 айға
бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын
көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің
негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан
бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді.
Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамасы – су деген
31
пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан
суға айналады дейді.
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің
материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті.
Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың
авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің
негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің
негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен
суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге
әкеледі; ыстық от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге
айналады. Анаксимандр материяның сақталу және айналу заңын
тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық
теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның
ортасында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және
аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет
эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек
материалист – философы, стихиялы-диалектик, Анаксимандрдың
шәкірті. Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материядан –
ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі,
қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен
тастарға сейіліп, отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы
көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз
заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ
оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн
қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.
Материализм мен диалектика идеяларын әрі қарай дамытқан
Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философматериалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің
бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол
заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің
пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі
қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан
жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдай да, адам да,
жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі
жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың
өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады,
оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы
32
қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі
қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі – толассыз қозғалыс
процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарамақарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі
өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты
тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе
алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл
сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп
есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің
қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады, -деді. Данышпан
болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу жеткіліксіз, табиғаттың сырын
ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау
қабілеті болуы керек.
Пифагоршылар - б.д.д. VI ғасырдың екінші жартысында пайда
болған философиялық ағым, негізін қалаған көне грек философы,
математик және астраном - Пифагор. Пифагордың философиялық
теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылар бастапқы
негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; санзаттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен
қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген
процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін
жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды.
Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық
алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған. Сандардың қасиеттерін
зеттей отырып, Пифагоршылар жұп және тақ сандарды ашуымен
бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың
қалану геометриясы - нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге
негізделген. Демек, Пифагоршылар жүйесіндегі сандар болмыстың
жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы.
Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың
музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан
механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылар
философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
Элей мектебі - б.д.д. VI-V ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік
Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері:
Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі
мәселесі - болмыс болды. Ксенофан (б.д.д. VI-V ғ.ғ.)- Элей
мектебінің негізін салушы. Бүкіл мифологияны алғаш
33
сынаушылардың бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып
жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, олар да Құдайды
өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер
мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. Болмыс – барлық
жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады. Парменид -
«болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енгізген ежелгі грек
философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын,
тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді –
от, жарық және қараңғылық. Пайымдық, білімді жоғары бағалау -
Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендігін аңғартады.
«Болмыс - бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен
бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады», -дейді. Зенон (б.д.д. 490-
430 ж.ж.) Элей мектебінің өкілі. Философияға тұңғыш рет диалог
формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық
табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін
болмыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс - жалған
(елес) болмыс. «Ахил және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен
белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)- ежелгі грек
философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория
заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың
негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі
туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының
мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп
өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп
өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды:
қозғалыстың басталуы мүмкін емес.
Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.) ежелгі грек материалистфилософы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист
ойшылы. Демокрит - атомдық көзқарастың негізін салушылардың
бірі. Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді - атом мен бос
кеңістікті алға қояды. Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші
жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде
олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны құрайды: отты, суды,
жерді тудырады. Атомдар - болмыс, ал бос кеңістік - болмыс емес.
Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп,
адамның санасы - обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне
жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі
түрін көрсетеді:
34
Сезім арқылы танып-білу,
Ақылмен танып-білу.
Демокрит біздің сезім мүшелеріміз - көру, есту, иіс сезу, дәм
білу, тән сезімдеріміз - заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей
қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды
ақыл-ойы арқылы ғана тани алады. Демокриттің атомдық теориясы
көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның
материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы
философиялық көзқарасы ғылым мен философияның тарихында
орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен
Лукреций Кар әрі қарай дамытты.
Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана) - «даналықтың»
«шешендіктің» кәсіби ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек
философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға,
философияға үйретудегі атқарған еңбектері зор. Діннен бас тарту,
табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік
релятивизм - олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер
екі топқа бөлінді: «Аға софистер» - табиғатты материалистік тұрғыда
түсіндірді. Бұл топтың өкілдері Протагор, Гиппий, Продик,
Антифондар - алғашқы ағартушылар. Екінші тобы - «Кіші софистер»
(ақсүйектер тобы) - Гипподам, Критий-философиялық идеализмге
ден қойғандар. Софистер дау– дау кезіндегі кейіпке байланысты
пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика –
дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді,
яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде
қолдану. Сондықтан да Аристотель оларды «жалған даналық»
ұстаздары деп атады. Антикалық философияның екінші, классикалық
кезеңі - ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі
болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны
біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.
Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) – ежелгі грек философы,
оның ілімі материалистік натурализмнен идеализмге ауысу кезеңін
бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешті, одан Платон, Евклид, Антисфен,
Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон
мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. Сократ әлем
құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін
емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай
түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді.
35
Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре
білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық,
әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды
анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында
бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі
қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу
өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ
әрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым
болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ.
Сократқа жүгінсек, «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім»
қағидасының мәні ашыла түспек.
Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347) - ежелгі грек философы,
Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан
астам философиялық диалогтар ретінде жазылған еңбектердің
авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге
идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік
ілімдеріне қарсы белсенді күресті. Платон объективті идеализмнің
жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне»
«идеялар дүниесін» қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде
табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін»
Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз -
идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз -
заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана
көреді. Адамның жаны, рухы тәнге тәуелсіз о дүниеге идеяларда өмір
сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша
ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта
оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп
аталады. Сезімдік дүние «идеялар» мен «материяның» туындысы,
арасында, екеуінің ортасын, да тұрады. «Идеялар» мәңгілік, аспаннан
да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы
емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді емес. Платон ілімі философияның
кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы,
логика және басқа да көптеген ілімдердің негізін қалаған
энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына ие.
Фракциядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде
тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі»
пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында
36
екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған
жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән
өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп
аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп
қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері
мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың
іс-әрекеті жөнінде; 3) Поэтикалық бөлім – (творчество)
шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі –
адамның ақыл-ой өресі жететін дүние. Аристотель табиғатты
«материяның» «формаға», «форманың» «материяға» біртіндеп
ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс
бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні
мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар
аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын,
қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.
Адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы
қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай,
яғни «өзін ойлайтын ой» - нағыз кемелденген философ. Антикалық
философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең (б.д.д. III ғ –
б.д. VI ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан
зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай
беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік
дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің
барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен
қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап,
сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды. Бір жағынан грек
ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая
өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға
деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай
өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған
орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады.
Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі
әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше
сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер,
эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз,
философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін
шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде
қолданатын болғандықтан.
37
Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол
кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа
жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады
деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген
стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап
беруге тырысты. Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы
не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға
салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай
болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық
құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша
өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз
жүрмегендіктен де, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.
Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған
Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий.
Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен
құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен
бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз
әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек,
жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтан да одан құтылуға асығудың
қажеті жоқ.
Эпикуршылдар мектебі – негізін салған Эпикур. Ірі өкіл
Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы деп те атайды. Ол Эпикур
үйінің артында орналасқан бақшамен байланысты. Осы бақшада
шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр.
«ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана
қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған.
Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх
басқарады. «Өмірдің мәні – бақытты болуда» дейді Эпикур. Өмір
сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына жету.
Эпикуршылдар – жан тыныштығына жетудің, саналы түрде қайғы –
қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер. Танымның мақсатыадамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан
қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың
ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы
ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке
сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы
күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін
ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты
38
деген сұраққа жауап іздеу барысында «Дүние – атомнан құралған»,-
деп санаған Демокритпен танысады.
2-сызба
Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі – скептиктер болды.
Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты таныпбілудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция.
Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик
Пиррон (б.д.д. 360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық
скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді
болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді.
Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз
заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай
да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн:
мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді.
Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда
болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ойтұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін
(Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі).
Өкілі Секст Эмпирик.
Тақырып бойынша сұрақтар.
Антиктік философиясының даму кезеңдері мен ерекше
сипаттамалары.
Милет мектебі және оның өкілдері.
Элей мектебі. Гераклит.
Атомизм. Пифагор мектебі.
Классикалық кезең және оның өкілдері: Сократ, Платон,
Аристотель.
Демокрит атомизмі.
Пифогордың сан туралы ілімі.
39
Софистика философиялық құбылыс ретінде.
Сократтың моралдық философиясы.
Платонның мемлекет туралы ілімі.
Аристотель метафизикасы, логикасы, психологиясы.
Эмпедокл және төрт «негіз». Дүниенің қозғаушы күштері:
Махаббат және Өштесу.
Элей мектебі: Парменид және Зенон. Болмыстың ойлауға
қатынасы.
40
Ортағасырлық Батыс Еуропалық философия
Негізгі мақсаты:
Батыстық христиан философиясына түсінік қалыптастыру,
ерекшелігін көрсету.
Жоспары:
Орта ғасыр философиясының ерекшеліктері, мәні.
Христиандық Орта ғасыр философиясы.
Номинализм және реализм проблемалары.
Негізгі түсініктер: католицизм, протестанцизм,, номенализм,
реализм, универсалий, аверроизм.
Ортағасырлық батысеуропалық философия — дүниетаным
дамуындағы өзіндік ерекшелігі бар кезеңдердің бірі. Бұл ерекшелік
философиялық ой дамуының тікелей діни-теологиялық шеңбері
ішінде, христиандық діни ілімнің апологетикасы төңірегінде
өрбуімен сипатталады. Ортағасырлық батысеуропалық
философияның қалыптасуы мен дамуына Муций Феликс,
Тертуллиан, Ориген сияқты апологеттер, неоплатонистер және
Аврелий Августин өздерінің интеллектуалдық ықпалдарын тигізді.
Рим шіркеуі Әулие Августинді (375—383) сенім мен ақылдың
үйлесімділігі тұрғысынан христиандық діни ілімді негіздеудегі
орасан зор сіңірген еңбегі үшін «әкей» ретінде мойындаса, көптеген
батыстық зерттеушілер оны «батыстық ортағасырлық мәдениеттің
ұлы сәулетшісі» дейді. Аврелий Августин өзінің «Құдай қаласы
туралы» еңбегінде атақты — «ұғыну үшін сенемін, сену үшін
ұғынамын» формуласын негіздейді. Бұл «ақыл мен сенімнің өзара
бірін-бірі толықтыру принципі» V— XV ғасырлар аралығын
қамтитын Батыс Еуропаның бүкіл ортағасырлық философиялық
ойының ең негізгі дүниетанымдық кредосына айналды.
Аврелий Августин Рим шіркеуінің «әкейі» болса, онда Боэций
(480—526) М. Грабманның дәл сипаттамасы бойынша «соңғы римдік
және бірінші схоласт» болып табылды. Боэций антик дәуірінің
рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мәдениетпен
байланыстырушы, антиктік интеллектуалдық-философиялық
дәстүрдің ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы
41
қуатты транслятор болып табылады. Боэций аристотельдік ілімнің
үғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай,
ортағасырлық философиялық ойлау мәдениетіне теологиялық
проблематиканың негізгі қаңқасын да енгізді: универсалийлер
мәселесі, тринитарни (Құдіретті Құдай, оның Ұлы және Қасиетгі Рух
арақатынастары), субстанция мәселесі және акциденция. Боэцийдің
айтуынша субстанция — бүл барша атрибуттар мен акциденцияларды
айқындайтын барлық мәнділіктер негізі. Егер субстанция – заттардың
жалпы негізі болса, универсалийлер –бұл жалпы атаудың мәні. Олар
ақыл-оймен абстракциялаудың нәтижесі болғанымен, әлемде бар
және нақты өмір сүретіндерді бейнелейді.
И.С. Эриугена схоластикалық философияның негізін
салушылардың бірі (810-877). Эриугена өзінің «Табиғаттың бөлінісі
туралы» деген жұмысында әлемдік үйлесімділік туралы идеясын
негіздейді. Онда құдай барлық бастаудың түп-негізі бола отырып,
болмыс үдерісін өзі аяқтайды: «Құдай өзі танылмағанымен өзі
жаратқан нәрселерінде біршама ашылады, ал Құдайға иланудың өзі -
таңғажайып жаратылыс».
Ортағасырлық философиясының тағы бір өкілі Ф. Аквинский
(1225-1274) өзіне дейінгі ойшылдардың универсалийлер туралы
барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық
ойлауда өзінің радикалды қадамымен ерекшеленді. Бүл қайта
пайымдаудың мәні табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын
зерттеуге негізделді. «Тән туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой
жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой Құдай туралы ойға
жетелейді», — деген Ф. Аквинскийдің кредосы аристотелизмді
христиандық түрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын
схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді. Ол
сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф. Аквинскийдің ілімі -
христиандық діни ілім мен перипатетизм философиясының,
христиандық теология мен пайда болып келе жатқан
жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушілік.
Фомамен салыстырғанда сол кезеңдегі философ У. Оккам
концептуалды номиналист болып табылады. Әлемде санаға
бағынышты емес заттар да өмір сүреді. Ұғымдар - бұл ментальды
феномендер. Осы жағдайларды теориялық тұрғыда дамыта отырып,
У. Оккам теологиялық спекуляция жасауға негіз жоқ деген шешімге
келеді, өйткені олар универсалийлер туралы ойға сүйенеді.
42
Универсалийлерді сынай отырып Оккам философия мен теологияның
ара жігін ажыратады. Философияның міндеті тәжірибе арқылы
табиғи әлемді зерттеу.
1-сызба
Тақырып бойынша сұрақтар.
Отағасырдағы Еуропадағы философиялық ойлар. Даму
ерекшеліктері.
Ертехристиандық философия: Августин және оның
«Құдайлар қаласы туралы» шығармасы.
Ортағасырдағы батысеуропалық философия: П. Абеляр, Ф.
Аквинский.
Ортағасыр философиясының ерекшелікері. Схоластика
анықтамасы.
Ертехристиандық философия. Трансценденция туралы ілім.
Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы.
«Универсалийлер» туралы айтыс.
Ортағасырлық христиандық философиядағы тұлға мәселесі.
Ортағасырлық христиан ойшылдарының тарих және адам
өмірінің мәні туралы ойлары.
Ф. Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.
43
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы
Негізгі мақсаты:
Ортағасырлық діни философия шырмауынан құтылған ғылым,
білім, өнер салаларының дамуын зерттеп, қайта өрлеу
философиясының мәнін түсіндіру.
Жоспары:
Қайта өрлеу философиясының ерекшелігі.
Философиядағы адам проблемасы және космологиялық
ілімдер.
Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Николай Кузанскийдің идеалистік философияның негізгі
мәселесі.
Г. Галилейдің ғылыми-философиялық қызметі
Негізгі түсініктер: утопия, эстетика, ренессанс, гуманизм,
антропоцентризм, пантеизм, концептуализм
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы 15 – 18 ғасырлар
аралықтарын қамтиды бұл дәуір фиодализмнің құлдырау
буржуазиялық қатынастардың қалыптасу кезеңі қайта өрлеу термині,
мағынасы антикалық құндылықтарды идеалдарды қалпына келтіру
деген ұғым білдіреді.
Қайта өрлеу дәуірінің дамуы үш кезеңнен тұрады:
Гуманистік – XIX ғасырдың ортасынан XV ғасырдың
ортасына дейін
2 Онтологиялық мәселелер шешілген неоплатонизм XV
ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың басына дейін.
Натурафилософиялық кезең XVI ғасырдың II жартысынан
XVII ғасырдың басына дейін.
Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары : Дж. Бруно (1548-
1600), Н. Кузанский (1401-1464), Н. Коперник (1473-1543), Г.
Галилей (1564-1642) және т.б жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет –
гуманизм пайда болды.
XV ғасырда басталған бұл дәуір философиясы қалыптасуына
Шыңғыс хан басқыншыларының Орта Азия, Таяу Шығыс, Шығыс
Еуропа елдерін жаулап алған соң, Шығыс пен Батысты сауда
44
жолымен байланыстырып келген Жібек жолының өз маңызын жоюы,
Батыстың Шығысқа жол іздестіру мұқтаждығы, жаңа жағрапиялық
жаңалықтар, су жолдарының дамуы себепкер болды. Сол іздестіру
нәтижесінде Америка ашылды, оңтүстік Африка арқылы Үндістанға,
Қытай су жолы айқындалып, ірі теңіз саяхатшылары қайтадан Батыс
пен Шығыс арасындағы сауда жолын жандандырды. Соған сәйкес
енді сауда жолдары өшкен Орта Азия мен Таяу Шығысқа қарағанда
орнына Португалия, Испания, кейін Нидерланды мен Англия
дамыған ірі елдерге айналды. Шығыс пен Батыс байланысы
мәдениеттің, ғылымның дамуына жеткізді. Жан – жақты білімді
адамдар дүниеге келді.
1–сызба
Осы дәуірде олар орта ғасырлық діни ұғымдар мен схоластикаға
негізделген идеология шеңберін бүзып, ертедегі грек, Рим
мәдениетіне бет бұрды. Соған сәйкес ғылым өкілдері инквизиция
жасаған сұмдық азаптарға қарамастан, табандылық пен ерлік
көрсетіп, жаңалықтар ашты. Мәселен, протестантизм дінінің
бастаушысы Кальвин испандылық дәрігер Серветті адам денесінде
қан айналымы болатынын ашқаны үшін тірідей екі сағат шыжғырып
өлтіртті. Сондай – ақ, инквизиция Джордано Бруноны (1548 – 1600)
Рим алаңында тірідей өртеп өлтірді. Ол: “Не табиғаттың өзі – Құдай,
не Құдай – заттардың өз ішінен ашылған құдіретті күш”, деді. Олай
болса, Джордано Бруно табиғаттан тыс, одан жоғары тұрған Құдай
жоқ. Жаратушының өзі – сол табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге
түсірді. Бұл өте қауіпті тұжырым болатын-ды. Өлер алдында
Джордано былай деп өсиет қалдырды: “Мейлі, мені өртеп өлтірсін,
45
бірақ менің өлімім адам баласын жарқын болашаққа апаратын
жолдарға тосқауыл бола алмайды”. Қайта өрлеу дәуірінің қажеті
тудырған алыптарының аса бір көрнектісі Дж. Бруно. Ол
философиялық танымның мақсаты құдай емес, табиғатты танып-білу
деп есептеледі, мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және
әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты. Таным
теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде
қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп
есептеді. Бірақ ол сезім мен ақыл-ойды бір-біріне қарама-қарсы
қойды: сезімдік қабылдау – танымның сенімсіз негізі, тек ақыл-ой
ғана нағыз білімнің көзі деп есептеледі.
Николай Коперник (1473- 1543) өлім табытына жатар алдында:
“Бәрібір жер айналып тұр” деген екен. Ол кезінде ғылымда Жер
Күнді айналып қозғалатынын дәлелдеп, гелиоцентрлік жаңалық
ашты. Пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін
Коперниктің теориясы дүниеге материалиастік көзқарастың
айтарлықтай тереңдей түсуіне көмектесті. Әлемнің қозғалмайтын
орталығы Жер, ал жұлдыздар мен Ай, Күннің бәрі Жерді айналып
жүреді деген Аристотель – Птоломейдің геоцентрлік теориясының,
оны жақтаған діни көзқарастың жалғандығын дәлелдеп берген
поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің гелиоценрлік теориясы
ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болды.
Николай Кузанский (1401- 14665) - философияның негізгі
мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниенің бәрін, адамды да
Құдай жаратты, деді, бірақ пантеистік пікірді дамыта отырып, сайып
келгенде, ол Жаратушының рөлін жоққа шығарды. өйткені, пантеизм
Құдайды табиғатпен алмастырды. Ол кеңістіктің шегі бар, дүниенің
жаратылған уақыты бар деген схоластикалық діни пікірге күмән
келтірді, дүниенің шексіздігін уағыздады. Таным алдымен сезімнен
басталады, одан соң оны ойлаумен толықтырады. Бұл екі процесс
ұдайы бірлікте, сана (интеллект) бәрінен жоғары тұрады деп
есептеледі. Қайта өрлеу іс жүзінде ескіні рестоврациялау емес жаңа
ізденіске ұмтылуды білдіреді.
Қайта өрлеу философиясының дүниетанымдық ориентациясында басты ерекшелік - адамға деген бет бұрыс. Егер антикалық
философияда басты проблема – табиғат, космологиялық өмір болса,
ал қайта өрлеу дәуірінде - қайырлы қоғам, дүниедегі адам қызметі,
46
адам бақыты проблемалары көтеріледі. Философия ғылым ретінде
түсіндіріледі және оның мақсаты адамның өмірде орнын табу.
Осы дәуірдің философиялық ойлау бағыты антропоцинтристік
боды. Яғни басты тұлға құдай емес, адам. Құдай барлық заттардың
бастауы, ал адам дүниенің ортасы, негізі.
Қайта өрлеу дәуірінің ортасы, негізі, дүние танымы – гуманистік
бағытта, адам - қайта өрлеу дәуірінің ерікті, өзінің болашағын
жасаушы тұлға ретінде қарастырылады. Дүниетанымдағы тағы бір
ерекшелік - шығармашылық қызметіне табыну, әсемдік, сұлулық
символына деген құлшыныс.
Николай Кузанский өзінің “шындықты алдын ала болжау”,
“Білетін білместік туралы” деген еңбектерінде әлемде бәрі
қайшылықтардан тұратынын дәлелдейді. Мәселен, Николай
Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті,
адамды өз ақыл-ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға
ұқсатты.
Классикалық механиканың негізі болған эксперименттіктеориялық жаратылыстанудың бастамасын салған Г. Галилейдің
ғылыми-философиялық қызметі Еуропада философиялық ойдың
дамуының жаңа кезеңінің бастамасын – механистік және
метафизикалық материализмнің іргетасын қалады. Галилей ашқан
астрономиялық жаңалықтар, ең алдымен Юпитердің спутниктерін
ашуы, Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ақиқаттығын көрнекі
түрде дәлелдеді. Таным процесінде ол екі тәсілді: анализді (талдау)
және одан кейін жүретін синтезді (біріктіру) пайдалану қажет деп
есептеді. Ақиқат – білім, синтездеу мен анализдеудің, сезімдік пен
абстрактылықтың бірлігінің нәтижесі. Сондықтан табиғатты таныпбілуде адам тек өзінің ақыл-ойын ғана басшылыққа алуы тиіс, оған
дін араласпауы керек, өйткені ғылымның объектісі – табиғат пен
адам, ал діннің қарастыратыны – «дінге бой ұсыну мен тіл
алғыштық», діни адамгершілік нормалары.
Жаңа дәуір қоғамның мәні, адамның табиғаты туралы да жаңа
түсініктер тудырды. Түрліше қияли теориялар мен ілімдер пайда
болды. Солардың бірі – утопиялық социализм теориясы. Оның негізін
салушылар: ағылшынның қоғамдық қайраткері, гуманист Томас Мор
өзінің «Утопия» деген еңбегінде итальяндық философ, әрі социолог
Томмазо Кампонелла «Күн қаласы» деген кітабында болашақ
бақытты қоғамдық құрылыс жайындағы армандарын қияли баяндап
47
берді: ол: «қоғамда жеке меншік пен қанау жоқ, адамдар ынтымақты
қауым болып өмір сүреді, еңбек ету барлық қауым мүшелерінің
міндеті, әркім өз еркімен еңбек етеді, оқып білім алады, дене еңбегі
мен ой еңбегі дұрыс ұштастырылып ұйымдастырылады, т.с.с.», -
дейді.
Қайта өрлеу дәуірінде ғылым, әдебиет, сурет, мүсіншілік өнері
керемет дамып, оның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль,
Сервантес, Данте сияқты атақты өкілдері дүниеге келді.
Қысқасы, қайта өрлеу дәуірі жаңа гуманистік қоғамдық
идеяларды тудырды. Бұл дәуірде болған экономикалық-әлеуметтік
өзгерістер мен ғылыми-техникалық жаңалықтар адамдардың дүниеге
көзқарасын, адамның дүниеде алатын орны жайындағы түсініктерін
өзгертіп, бүкіл бұдан кейінгі ғылым мен философияның дамуына
ықпал етті.
2–сызба
Тақырып бойынша сұрақтар.
Қайта Өрлеу дәуірі философиясының негізгі белгілері –
антропоцентризм, гуманизм.
Қайта Өрлеу дәуірінің натурфилософиясы.
Итальяндық гуманистер Данте мен Петрарканың әлем
құрылымы мен адам туралы жаңаша түсіну.
Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі.
М. Монтеннің философиялық идеялары.
Қайта Өрлеу дәуіріндегі утопиялық идеялар.
Қайта Өрлеу дәуіріндегі эстетика.
Қайта өрлеу философиясының көрнекті өкілдері.
Николай Кузанскийдің идеалистік философияның негізгі
мәселесі.
10.Г. Галилейдің ғылыми-философиялық қызметі
48
Жаңа заман философиясы
Жоспары:
Жаңа заман философиясының жаратылыстану-ғылыми
алғышарттары.
Негізгі проблемалар (онтология және гносеология)
Фр. Бэкон, Р. Декарттың философиялық көзқарастары.
Дж. Локк пен Дж. Берклидің философиялық ілімдері.
Негізгі түсініктер: диалектикалық материализм,
натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм,
субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық,
саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын, өйткені, Батыс
Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни
идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы
шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі
болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды
талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі
құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын
түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды
қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын
тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға
болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол
қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс
арқылы дүниеге келеді.
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс - нарық
тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі
ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен
қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа
философия қалыптасты. Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде
тануға, дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға әрекет етті.
Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа
заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі
еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ,
ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың
49
нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені
тануға және игеруге ұмтылды.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан
босанып шығысымен ендігі жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің
еркіндігін және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік пен
зерделілікті көрді. Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен
дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым
мен техниканың өркендеуі бірте-бірте жаңа философиялық және
ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары
таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми
танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның
жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы
әдістер пайда бола бастады.
Жаратылыстану саласының дамуы қоғам алдына қойылған
мақсатқа сәйкес келді. Өйткені, бұл көзқарас философияны
жаратылыстану ғылымының жетегіне іліктірді.
Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа
дәуірдегі ғылымның, яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол
кездегі философияның өркендеуіне ішкі мазмұны жағынан өзара
сәйкес келді. Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс —
метафизикалық, механикалық әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол
кездегі ғылымның дамуына байланысты шықты. Ғылым бұрынғы
шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған жүйеге
айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды.
Сонымен қатар ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері
философияға да тән әрі ортақ болып шықты. Таным теориясында бірбіріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда
ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты.
Олардың бірі эмпирикалық (эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал
екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) болып
бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа
айналды. Таным теориясындағы бұл екі бағыт философия
тарихындағы, таным процесіндегі көптеген қайшылықтардың бетін
ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы
осы екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына,
оларды бір-бірінен алшақтатып жіберді. Бұл әдіс - ақыл мен зердені
табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде қарастырды.
50
Айталық, ағылшын ғалымы Ф. Бэкон «Жаңа Органон» атты
шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып,
одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар
аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және
индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің
бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның
тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты
философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын
түсінуіне мүмкіндік бермеді. Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай
отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады.
Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі
кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді.
Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен
суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады.
Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.
Бэконның жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай
отырып, оған тән тар өрістілік оның ғылыми әдісінде, әсіресе
пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік.
Мұндай тар өрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын
ақылдан, зердеден іздеген француздың атақты ғалымы, әрі философы
Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде
дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада),
яғни материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл
екі субстанцияның мәнісі - басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір
сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп
шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан
пайда болмайды. Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып
саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. Бұл екеуінің өзіне тән
ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның
атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты -
ойлау.
Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер
сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады.
Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты
принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі
болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің
күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам,
51
онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда
менің өмір сүргенім».
Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен философияның ескі
көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды.
Өз принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген
қиюы қашқан қағидаларды теріске шығарды.
Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам
өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның
барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс
сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір
сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық
көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма
қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға
әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы
дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең
қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл
тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа,
бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып
кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр»
принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау
менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады.
Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке
меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни
мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты,
яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп,
Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен
мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік,
мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше,
заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды.
Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.
Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саясиәлеуметтік өзгерістер ғылым мен техника саласында да, сондай-ақ,
ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар әкелді. Бұл
жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен
ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен
тығыз байланысты еді. Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді
52
басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы
қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын
көрсетіп берді. Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген
еңбегінде философия тарихында бірінші рет таным теориясының
жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі - зерттеудің
негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін
зерттей отырып, оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім
қандай жолмен пайда болады? Ақыл білімге қалай келді? Локк осы
мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген
Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен
Декарттың білім «туа пайда болады» деген идеясын сынай отырып,
сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп, эмпирикалық
таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған
белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім
мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім береді. Білімнің негізі
тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның
философиясынан басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара
жолы болатын.
Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын
XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753)
жалғастырды, бірақ бұл Ф. Бэкон, Гоббс пен Локктың
ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға
негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі
қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де
бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен
бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің
айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл
«Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті
ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді
қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе
сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола
алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы,
Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір
сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді
адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше,
материализм мен атеизмді сынау болып табылады. Ол материяның
болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты. «Біз
53
тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың
материя немесе денелік субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа
шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен олар ешқашан
да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға
құқылымын. Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек
болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан айырылып, ал философтар,
бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын
түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли
созылымдылық, кеңістік және т.б. дерексіз идеясы секілді, жалпы
материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп
тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра
алмайды, тек жалпы зат идеясын құра алатындығын дәлелдеуге
тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін ұстанғанмен, өз
позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік
позицияларға ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап
айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді: егер тіпті барлық
қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің
айтуынша, тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат
жоғалып кетпейді. Олардың барлығы Құдайдың ойында
«идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни
онымен қабылданады.
1-сызба
54
Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм (1711-
1776) оның көзқарастарының ықпалында болды, бірақ олардан
скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер Берклидің
көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы
әлемнің тіршілік етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді.
Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз және тануға
жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдапсезінулеріміз сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты
тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді. Сезінулер не олардың
комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым
мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің
сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді
мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын
жалғыз шындық деп есептеді.
Тақырып бойынша сұрақтар.
Жаңа заман философиясының жаратылыстану-ғылыми
алғышарттары.
Негізгі проблемалар (онтология және гносеология).
Әлеуметтік-философиялық көзқарастар.
ХVІІ–ХVІІІ ғғ. ағартушыларының философиялық
көзқарастары. Патеизм, эмпиризм және рационализм.
Субстанция туралы ілім. Детерминизм проблемасы (Р.
Декарт, Б. Спиноза, Г. Лейбниц, Д. Юм).
Жаңа заман философиясы. Таным және әдіс проблемасы (Фр.
Бэкон, Р. Декарт, Дж. Беркли, Дж. Локк).
Адам, қоғам, мемлекет проблемалары (Т. Гоббс, Б. Спиноза,
Ж. Ж. Руссо).
Ф. Бэкон эмпиризмі. «Жаңа Органон».
Д. Берклидің философиясы
Д. Юм философиясындағы мораль концепциясы.
Ренессанс дәуіріндегі философия мен өнер байланысы
Спиноза және оның этикасы.
55
Ағартушылық философиясы және француз материализмі
Негізгі мақсаты:
Француз материализмінің ағартушылық саласындағы істелген
еңбектерін талдау, жалпы ағартушылық философиясына ден қою.
Жоспары:
ХVІІІ Француз ағартушылары мен материалистері.
Француз материалистерінің философиялық көзқарастарына
қысқаша сипаттама.
Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.
Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы
Негізгі түсініктер. диалектикалық материализм,
натурфилософия, қоғамдық келісім, рационализм, эмперизм,
субстанция, сенсуализм, интуиция, идол.
ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философматериалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі
жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы
қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалистфилософтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және
қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені
тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі
көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың “ішкі
тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің
адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді. Француз
материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам
ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық
сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан
түсіндірді. Материалистер философтардың табиғатқа көзқарастары
дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға
мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік
шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық
тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың
надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және
ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. “ХVІІІ
ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам
56
дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХVІІІ ғ. барлық
ағартушылар сияқты олардың айтуынша, “дүниені көзқарас билейді”
деген болатын-ды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені
өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту
арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.
Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси
көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо,
материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық
ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына,
діни фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының
көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше
роль атқарды.
1–сызба
Француз ағартушылық философиясының негізгі бағыттары
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы
ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап
өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды
және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын
“Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі”
кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа
қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін
жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан
кейін 1773 жылы жарық көрді. Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш
рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды
толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен
ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты
және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді. Адамды
қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары
бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп
тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың
57
құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен
тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына
отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады. Феодалдық
мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып,
Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай
баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның
айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен
бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды. Гельвецийдің айтуынша,
барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей
қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді. Гельвеций қоғамдық
тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе
қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар - қоғамдық
орта мен тәрбиенің нәтижесі. Гельвецийдің ілімі тарихи прогрессивті
сипатта болды және утопистік социализмнің идеялық қайнар
көздерінің бірі болып табылады.
Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және
философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында
дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол
Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды,
қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа
жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен
айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың,
Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың
шығармаларын оқып үйренді. 1741 жылы ол Парижге келіп,
Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің
қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.
Руссо бірнеше еңбектер жазды: “Ғылымдар мен өнерлер туралы”
(1750), “Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және
себептері туралы” (1754), “Жаңа Элоиза” (1761), “Қоғамдық шарт”
(1762), педагогикалық роман “Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762),
бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты. Өзінің қоғамдық-саяси
көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды,
ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың
арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады. Руссо,
Плехановтың айтуынша, “тырнағының аяғына дейін демократ”,
қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға
58
ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың
еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан
да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық
дайындауда ерекше роль атқарды. Жан-Жак Руссоның
шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо
адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін,
еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты
орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ
жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы
болды. Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі
өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін
пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы
түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл
шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде
Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың
прогрессивтік мәнін түсінбеді. “Эмиль, және тәрбие туралы” деп
аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның
шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп
беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше
қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап
айтқанда чиновниктер мен діниелері – жеккөрушілікпен қарады. 1762
жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге
қамауға шешім шығарды. Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр
болды. Бірақ онда да осындай жағдайға душар болды. Оның “Эмиль,
және Тәрбие туралы”, “Қоғамдық шарт” еңбектерін өртеп жіберді.
Швейцариядан кетуге мәжбүр болған Руссо іздеушілерден
жасырынуға тура келді. Тек ғана 1770 жылы Парижге қайта оралуға
мүмкіншілік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 жылы
Париждің қасында қайтыс болды.
Г. Ф. Лейбниц (1646-1716) немістің атақты ғалымы, көрнекті
философ болды. Ол Германиядағы жаңа қалыптасып келе жатқан
капиталистік қатынастардың негізінен туған ғылыми теорияларды
айқын көре білді. Жаңа дәуірдегі таным теориясында эмпиризм мен
рационализмнің арасындағы күрестің шиеленіскен жағдайы
Лейбницке де өз әсерін тигізді. Ол өзінің «Адам зердесінің жаңа
тәжірибелері», «Монадология» деген еңбектерінде таным
теориясындағы рационалистік әдістің әрі қарай дамуына кеңінен жол
ашуға тырысты. Г. Лейбництің рационалистік көзқарасы оның
59
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты ұштасты. Ол өзі әрі
физик, әрі математик, әрі механик, тағы басқа ғылымдардың негізін
қалаушы болды. Оның осы ғылыми білімдер саласындағы пайымдық
қызметі философиялық жүйені зерделік негізде толығынан жасап
шығуға бөгет болмады. Философ әрбір субстанция болмыстың
«біреу», яғни жалғыз екендігін, монада (дара, қарапайым деген сөз)
екендігін анықтады. Монада материалдық емес, ол рухани атом. Кез
келген монада әрі жан, әрі дене, сол екеуінің бірлігі. Монадалар
арқылы материя мәңгі қозғалыс қабілетіне ие болды. Сөйтіп, ол
материя мен қозғалыстың бір-бірінен ажыраспайтынын және өзара
бірлікте екендігін анықтап берді.
Тақырып бойынша сұрақтар.
ХVІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философматериалистері.
Француз ағартушыларының өзіндік философиялық және саяси
көзқарастары
Готфрид монодалар туралы ілімі.
П. Гольбах пен Ж. Ламетридің натурфилософиясы.
К.А. Гельвецийдің әлеуметтік – философиялық және этикалық
көзқарастары.
Ж. Ж. Руссоның «қоғамдық келісім» теориясы.
Лейбництің рационалистік көзқарасы
Лейбництің монадологиясы.
60
Классикалық неміс философиясы
Негізгі мақсаты:
Неміс классикалық философиясының классикалық биік
дәрежесін таразылап, Кант, Гегель, Фейербах сынды классик
философтардың философиялық негізгі ой-пікірлерін жетік меңгеру.
Жоспары:
Неміс классикалық философиясының тарихи тамыры.
Метафизика және натурфилосфия.
Неміс философтарының өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг,
Гегель көзқарастары.
Л. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
Негізгі түсініктер: гносеология, антиномия, априори, кеңістік
пен уақыт, диалектикалық категориялар, космология, философиялық
жүйе, феноменология.
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік
қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс
Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді.
Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия
сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму
процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте
бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен
көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең
алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі
Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы
болашақтың ісі сияқты еді. Өйткені неміс жерінде бытыраңқы, ұсақ
(үш жүзге тарта) мемлекеттер пайда болып, олардың арасында
шиеленіскен соғыстар жүріп жатқандықтан, жалпы елдің
экономикасы мен саяси дамуы кенжелеп қалды. Алайда, Германияда
осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы
салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды.
Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды
басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени,
рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа
классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс
61
философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы
қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды
терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным
теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс
философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша
отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ,
ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті
мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық
ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық
категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным
теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі
жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше
назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы,
әрі оның атасы И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын
ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика,
таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты
талдаудан бастады. Ол «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты
шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген
зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан
бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың бетін аша отырып,
логикаға, таным теориясына және диалектикаға тән мәселелердің де
шет жағасын шығарды. И. Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм
мен рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін
көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық
ашты. Ол бұл жаңалықты философиядағы коперниктік төңкеріс деп
атады. Бұл төңкерістің мәні мынада еді: егер Кантқа дейінгі
ойшылдар табиғатты зерттей отырып, болмысты, материяны
философияның негізгі нысанына айналдырса, немістің ұлы ойшылы,
керісінше, біздің философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға, ақылзердеге, субъектіге бағытталуға тиіс деді. Ал болмыс, материя,
объекті осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағынады және
солардан келіп шығады деп білді. Мұның өзі Канттың сол уақытқа
дейін кеңінен орын алып келген таным теориясындағы және
философиядағы көзқарасты толығынан қайта қарап, жаңа ілімнің,
ағымның іргетасын қалағанын көрсетеді. Канттың
философиясындағы, таным теориясындағы коперниктік төңкерістің
мәні таным процесіндегі субъектінің белсенді рөлін айқындап,
62
негіздеп беру еді. Кант жоғарыдағы еңбегінде таным процесіндегі
қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті.
Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және
зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен
рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара
ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын
тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық
пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету
үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен
математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы
(философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай
келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту
жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке,
жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге
қатысты екені анықталды. Кант осылайша белгілеген адамның таным
қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше роль атқарады.
Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа
толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны
жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет
еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің
үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
1–сызба
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін
ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан
классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-
1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның
саяси-әлеуметтік жағ-дайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі
ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне
дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХVII-ХVIII ғасырлардағы
63
ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде
кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің
жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға
кеңінен пайдаланды. Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек
пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің
сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің
алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін
мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы
алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық,
зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – «Кім
абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек
болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін
көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным
процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы
ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым -
нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму
процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып
келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы
шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас
адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын
мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан
соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным
процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы
ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге
терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз.
Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға
ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін
көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады.
Нақтылық дегеніміз - көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни, нақтылық қандай да мәселеге болмасын,
объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды
талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып,
нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип.
Бұл принципті К. Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер
пайдалана білді. Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше
назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын
тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух
64
феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма
Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын
сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух,
абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді. Гегель
«Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын
қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі
қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып,
сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға
дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық
өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз
байланысты.
2–сызба
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің
ұлы ойшылы Л. Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы
жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия
тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол
өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан
философиялық жүйе жасады. Ол өзінің философиясын «болашақтың
философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен
рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни
адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы
тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің
ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің
«Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде
құдай туралы, яғни, теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді
тудыру керек дейді. Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол
классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге
қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның»,
яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл
философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе,
оны сынаумен байланысты болды.
65
Сөйтіп, Л. Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып,
алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған
қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты
ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға
тырысты. Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі.
Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен
адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді.
Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах
материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның
болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл
классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным
болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса,
Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді.
Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана
анықтай алмаймыз. Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы
диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа
анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін,
шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз
заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды
нақтылады. Егер ХVІІ-ХVIII ғасырлардағы философ-материалистер
материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах
оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның
ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке,
белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән
қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа
шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру
формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол
«Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар -
болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде
формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен
кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Неміс философиясына жалпы сипаттама. және оның
ерекшеліктері.
2. Канттың этикасы.
3. И. Канттың практикалық философиясы.
66
4. Адам және адамзаттың бостандыққа жету мүмкіндігі (И.
Фихте).
5.И. Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі.
6. Гегельдің философиясы. Гегельдің логикасы мен
диалектикасы.
7. Л. Фейербахтың бақыт туралы ілімі.
8. Фейербахтың антропологиялық материализмі
9. Ф. Шеллингтің натурфилософиясындағы адам, табиғат және
«әлемдік жан».
67
Марксизм философиясының қалыптасуы
Негізгі мақсаты:
Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының
негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.
Жоспары:
1. Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.
2. Маркстік философияның заңдылығы, орны, оның негізгі
кемшіліктері.
3. Дүниеге ғылыми-философиялық көзқарасты қалыптастыруы.
4. Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктерінің маңызы.
Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм
эволюциясы, формация, философиялық жатсыну, материалдық бірлік.
Диалектикалық және тарихи материализм деп аталатын
марксизм философиясының тууы философиядағы революция болып
табылды, өйткені табиғатты, қоғамды және ойлау дүниесін қамтитын
ғылыми-философиялық көзқарас жасалды. Ол ХІХ ғасырдың 40-
жылдарында Германияда туды. Марксизмнің тууын әзірлеген
адамзаттың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани дамуының
бүкіл барысы, әсіресе капиталисттік құрылыстың дамуы, оның ішкі
қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың буржуазияға қарсы
күресі болды. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар еуропалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік
сияқты болып келген феодалдық қоғамдық құрылысты қиратқаны
белгілі. Бірақ капитализм дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігінің
артуы және қоғамдық байлықтың өсуі еңбекшілердің тұрмысын
жақсартпады. Керісінше, қоғамның бір бөлігінде, буржуазияның
қолында мол байлық жиналып жатса, екінші бөлігінде еңбекшілердің,
әсіресе пролетариаттың қайыршылығы арта түсті. Жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын К. Маркс пен Ф. Энгельс
жасады. Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат
етуі қажеттігін, ал бұл үшін адамды адамның қанауын тудыратын
экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік
бостандыққа жеткізуге болатыны жайында қорытынды жасады.
Маркс пен Энгельс бұл қорытындыны бүкіл қоғам өмірін, ең алдымен
капитализмнің дамуын өздері жасаған ғылыми-философиялық
68
көзқарас – диалектикалық және тарихи материализмді басшылыққа
ала отырып зерттеудің нәтижесінде жасады. Марксизмнің теориялық
негізі немесе бастауы классикалық неміс философиясы, ағылшынның
саяси экономикасы және француздың утопиялық социализмі болады.
Марксизмге дейінгі материализм көбінше механистік және
метафизикалық сипатта болды, яғни табиғат пен қоғам өмірін
өзгеріссіз, дамусыз деп, дамуды мойындағандарды оны тек сан
өзгерісі - үлкею не кішірею, көбею не азаю – деп түсінді. Сөйтіп,
жалпы алғанда, бұрынғы материализм даму ең алдымен сапалық
өзгеріс, жалпы заңдылық екенін түсінбеді.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай жаратылыстану ғылымында іріірі жаңалықтар ашылды. Олардың ішінде әсіресе 3 жаңалық
диалектикалық материализмнің тууына ғылыми негіз болды. ХІХ
ғасырдың 40-жылдарының басында неміс дәрігері Р. Майер
энергиясының сақталу және айналу заңын ашты. Бұл заң бойынша
қозғалыстың бір формасының белгілі бір мөлшері басқа бір қозғалыс
формасының дәл сондай мөлшеріне айналады. Бұл заңды теориялық
және тәжірибелік жағынан Г. Гельмгольц пен М. Фарадей дәлелдеді,
ал Дж. Джоуль мен Э. Ленц жылудың механикалық эквивалентін
анықтады. Яғни механикалық энергияның қанша мөлшері жылу
энергиясының бірлігін беретінін есептеп шығарды. Бұдан
материяның қозғалысы оның уақыт пен кеңістікте жай орын
ауыстыруы, яғни механикалық қозғалысы ғана емес, материя
қозғалысының заңды түрде бір-біріне өтіп отырады деген қорытынды
шығады. Ал бұл - материяның сапалық өзгерісі болып табылады.
Егер марксизмге дейінгі материализмнің өкілдері табиғатқа қозғалыс
сырттан енгізілмейді, ол материяның өмір сүру тәсілі деп пайымдаған
болса, енді бұл философиялық қағиданы жаратылыстану
ғылымдарының дәлелдеуіне және материя мен қозғалыстың бірлігін
диалектикалық тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік туды.
Жаратылыстанудың тағы бір аса маңызды жаңалығы – тірі
организмдердің клеткалық құрылысының ашылуы болды. Ол бүкіл
органикалық дүниенің бірлігінің диалектикалық-материалистік
ұғымын тұжырымдауға алып келді. Клеткалық теориядан туатын
диалектикалық-материалисттік қорытындыларды Ф. Энгельс өзінің
«Анти-Дюринг» және «Табиғат диалектикасы» деген еңбектерінде
тұжырымдады. К. Маркс пен Ф. Энгельстің өткеннен қалған
философиялық мұраны сын көзбен қайта өңдеуі мен өздері жүзеге
69
асырған философиядағы революциялық төңкерісі өзара байланысты
біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны – дүниеге ғылымифилософиялық көзқарасты қалыптастыру және одан әрі дамыту
болды. Өткен замандардың философтары көтерген, бірақ шеше
алмаған сұрақтпрға жауап табу үшін Маркс пен Энгельс ең алдымен
теориялық және саяси қызметтің бастапқы дұрыс тірекпунктін табуы
қажет болды. Олар үшін ондай бастапқы пункт адамды адамның
қанауының барлығына қарсы, әлеуметтік езгі мен теңсізділтің
экономикалық және саяси негіздеріне қарсы күрес болды. Еңбекші
адамды құлдыққа түсірудің қандайын болсын дәйекті революциялық
тұрғыдан терістеудің нәтижесінде ғана материалистік диалектиканы
жасауға болатын еді. Кейбір философтар Маркс пен Энгельстің
диалектикалық материализмін Гегельдің диалектикалық (идеалистік)
әдісі мен Фейербахтың метафизикалық материалистік теориясының
жай қосындысының нәтижесі түрінде түсіндіреді. Бұл марксизм
классиктерінің философияда жасаған реолюциясының мәнін
түсіндірушілік, одан қалды, ашықтан-ашық түрпайыландыру болып
табылады, өйткені материализм ойлау әдістерін бір-бірімен қосу
мүлдем мүмкін емес- олар бірін-бірі терістейтін қарама-қарсы
ағымдар.
Шынында, марксизмнің философияда жасаған революциялық
төнкерісінің мәні неде, ол неден көрінеді?
Марксизмнің негізін салушылар жаңа заманның материалистік
ілімін, Фейербахтың философиясын қоса, диалектикалық тұрғыдан
жан-жақты талдап, оны механистік және метафизикалық сипаттардан
тазартты. Олар сондай-ақ Гегельдің диалектикалық әдісін
материалистік тұрғыдан өңдеп, табиғат пен қоғам құбылыстарын
ғылыми зерттеуге кедергі болатын идеалистік мазмұнынан тазартты,
сөйтіп «басы төмен қарап тұрған диалектиканы аяғына қойып»
дұрыстады, яғни ғылыми материалистік теорияны ғылыми
диалектикалық әдіспен табиғи біріктірді. Осы тұрғыдан алғанда
материалистік диалектиканы тек әдіс деп, ал философиялық
материализмді тек теория деп қана түсіну үстірттік болар еді.
Материалист диалектика шындығында тек әдіс емес, ол сондай-ақ
даму жайындағы теория-табиғаттың, қогамның және танымның ең
жалпы даму заңдары жайындагы ілім, ғылыми теория.
Философиялық материализм теория ғана емес, сондай-ақ болмысты
белгілі бір тұрғыдан түсіндіретін материалистік әдіс. Қорыта
70
айтқанда, марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай-ақ
материалистік, ал марксистік теория - материалистік қана емес,
сондай-ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм философиясында
материализм мен диалектика біріне-бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек
емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық - дүниенің
өзі-бір мезгілде әрі материалистік, әрі диалектикалық дүние. Маркс
пен Энгельс философияда жасаған революциялық төнкерісінің ең
айқын көрінісі тарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды,
өйткені Маркстен бұрынғы материалистердің бәрі тек табиғат
құбылыстарын түсіндіруге ғана материалист еді, ал қоғам өміріне
келгенде олардың бәрі идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам
өміріндегі шешуші күш - сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені,
адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын - идеялық мотифтер,
адамдардың мақсат-мүдделері, -деді, бірақ бұл идеялық мотифтерді
тудыратын түпті себептерді ашып бере алмады. Маркс пен Энгель
диалектикалық материализмді дәйекті түрде қоғам өміріне, тарихқа
қолдана отырып, тарихи материализмді жасады, қоғамдық
болмыстың біріншілігі, қогамдық сананың екіншілігі жайындағы
оның негізгі мәселесін тұжырымдады: адамдардың материалдық
тұрмыс жағдайы қандай болса, жалпы алғанда олардың ой-санасы
соған сәйкес болатынын т.б. негіздеп берді. Марксистік
философияның принциптері мен қағидалары қоғамдық дамудың
практикасымен, ғылымның, тәжірибенің жаңалықтарымен әрдайым
толығып, байып отырады.
1 –сызба
71
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. ХІХ ғ. 30 – 40 жж. марксизм философиясының қалыптасуы
2. Практиканың марксистік концепциясы.
3. Марксистік диалектиканың жасалынуы.
4. Марксизм мен позитивизмдегі неміс классикасына сын.
5. К. Маркс еңбектеріндегі диалектикалық және тарихи
материализм принциптері.
6. Ф. Энгельс еңбектеріндегі диалектикалық және тарихи
материализм принциптері.
72
Орыс философиясының ерекшеліктері
Негізгі мақсаты:
Славян философиясының бастауы болып табылатын орыс
философиясының қалыптасуымен дамуына түсінік беру.
Жоспар:
1. Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және
дамуы.
2. Л. Толстойдың өмірдің мәні туралы ілімі.
3. В. Соловевтың орыс идеясы.
4. Н. Бердиявтың персионалистік философиясы.
Негізгі түсініктер: славянофилшілдік, батысшылдық, космизм,
христиандық экзистенциализм, діни-идеализм, мистикалық
философия.
Философия тек адамның таза ақыл-ойы әрекетінің өнімі ғана
емес, мамандардың шағын ғана тобының нәтижесі ғана емес, ол
ұлттың рухани тәжірибесінің көрінісі, әр алуан мәдениет
туындылыларынан көрінетін оның интеллектикалық әлеуетінің
көрінісі. Орыс философиясының негізгі идеясы адамзат тағдырымен
жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және
іздестіру болды. Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі
- ХІ-ХVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік
философиямен байланыстығымен сипатталады. Ол Киев Русінде
пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған
Христиандыру үдерісімен байланысты болды, өзінің пайда болуында
ол бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық, дүние танымның бір
қатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан,
христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс
орнатып, сол арқылы антик-философиясының көптеген идеяларын
бойына сіңірді. Орыс философиясы философиялық ой дамуының
негізгі бағытына сай дами отырып, христиандырылған күйінде болса
да антиктік, византиялық, ертеболгар дүние танымы идеяларын
бойына сіңірді. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит
Илларион (XІ ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «Орыс
жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпы әлемдік үдерісіне енуін
73
дін танулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің
тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен
мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.
Орыс философиясындағы ой «Орыс идеясы» ағымында
қалыптасты. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл
кезеңдегі оның негізін салушылар П. Я. Чадаев, Ф. М. Достаевский,
Н. И. Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей
біртұтастыққа біріктіретін жалпы адамзаттық идеяның терең көрінісі
болды. Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер ХVI-XVIII
ғасырлар бойында жалғасын тапты. Алғашқысы орын ойының
төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты
орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырды. Екінші үрдіс
Ресейге Еуропалық мәдениетінің даму үрдісін тануға тырысты. Бұл
екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық саяси тұрғыда
қалыптасуы ХІХ ғасырдың 40-60 жылдары болды.
1-сызба
Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі -
Ф.М. Достоевский. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы
жолы» - бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру.
Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып
табылады. Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе – бір нәрестенің болса
да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жақын
болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Бұл жолмен
Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің
ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясын, халықтарды
христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады.
Мистикалық бағытта ең алдымен В. С. Соловьевті бөліп атауға
болады. В. С. Соловьев (1853-1900) діни орыс философиясының,
білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы,
орыстың көрнекті христиандық философы. В. С. Соловьев адамның
діни және әлеуметтік өмірін, сұраныстарын біртұтастыққа
74
байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты.
Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық
болып табылады.
Соловьев философиясының негізгі идеясы – жалпы тұтастық
идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық
идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына
береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара
байланыста, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал
әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық,
«Құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның
ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымнан
көрінеді. Соловьев жүйесіндегі мәңгілік идеясы София – даналық
атауын алды. София – Соловьев жүйесіндегі негізгі ұғым. Сондықтан
оның ілімі софиология деп аталады.
Құдіретті әлем туралы Соловьевтің ойы мынадай: Киелі
құдіретті әлем – бұл ең нағыз шындық әлем, бұл әлем бүкіл дүниенің
ұмтылатын идеалды тұтастығы. Құдаймен сәйкес келетін ақиқаттың
өзі шынайы болмысқа заттай болмыс қарсы келеді. Әлемдік үдерістің
міндеті табиғи болмысты идеялардың жалпы тұтастығына және
шынайы, құдіретті болмысқа сәйкес келтірумен сипатталады.
Қарастырылып отырған кезеңде, яғни XІX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың бірінші жартысында Н. Ф. Федоровтың (1828 -1903)
философиялық көзқарастарына тоқтала кеткен жөн. Ойшылдың
өзіндік көзқарастары мен негізгі ілімі «Жалпы іс философиясы» деген
еңбегінде жарияланған. Федоровтың ойынша, жеңу үшін ең алдымен
зұлымдық күші ретіндегі өлімді жеңу керек. Әрбір адамның ісі осы
өлімді игерумен сипатталады.
Ресей есімі әлемге танымал болған, орыстың діни философиясы
дамуына өлшеусіз үлес қосқан Н. А. Бердяев. Бердяевтің ойы
бойынша қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін техникалық қайта құру
емес, рухани жаңғырту қажет. Еркіндік, рух, тұлға,
шығармашылықты ол зұлымдық, қасірет, құлдық үстемдік ететін
объектілер әлеміне, қажеттілікке қарсы қояды. Бердяев дінге сене
отырып, сонымен қатар заттанған діни формулаларға - догматтарға,
шіркеу ұйымдарына, тарихи христиандыққа сын көзбен қарады: оны
шығармашылық тұрғыда игеру Құдай мен адам туралы бұлжымайтын
аяндық түріндегі «эсхатологиялық христиандықтың» рухани мәнін
айқындауы тиіс.
75
2-сызба
Чадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал
екінші жағынан Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше
«Ғаламдық миссиясында» деп айтты. Чаадаев өз позициясының екі
жақтылығын түсінді және осыған байланысты: «орыс халқы өзіне
тиесілі идеяны іздестіру үстінде» - деді. Ұлттық идея сипатының
белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы
өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі
бағыт та орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте
түсіндіреді. Ресейдің дамуы еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын
бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына
А.И. Герцен, Н.П. Огарев, Н.Г. Черничевский, Т.Н. Грановский
сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г. Белинский, И.С. Тургенев
іске тығыз қатынас орнатты.
Славянофилдік болса орыстың ерекше философиялықидеялогиялық ағымы болып табылады. Славянофилдік Ресейдің
ерекше мессияндық (құтқарушылық) идеясын негіздейді. Еркіндік
пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін слафянофильдер
өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип
соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді.
Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы
«Философиядағы антропологиялық қағидасында» үстем тап арасында
кең таралған идеалистік теорияларды және орыстың зиялылары
арасында қанат жая бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.
Чернышевкий өз заманының жаратылыстану ғылымдарының
табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің
76
философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы
негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты
агностицизм және адамзат білімін «өзіндік заттан» шығара
алмағандығы үшін сынайды. Чернышевский материалистік таным
теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі
ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол
басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде
емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде
қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен
қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегін бейнелейді.
XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван
Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің
аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша
түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына
философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз
екендігін әспеттеу мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани
өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді
ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ,
Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып,
арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық
қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды.
Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты
насихаттаудағы қолы жеткен табысы болды.
Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен
қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде.
Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей
қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр. Философия
әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір
орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі
күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып
дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға
мүмкін емес.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Орыс философиясы. Негізгі бағыттары және даму
ерекшеліктері.
2. Л. Толстойдың өмірдің мәні туралы ілімі.
3. В. Соловьевтің «орыс идеясы».
77
4. Н. Бердяевтің персоналистік философиясы.
5. Ресейдегі мистикалық философия өкілдері.
6. П. Чаадаевтің «Философиялық хаты» және қазіргі заман.
7. Орыс космизмі философиясындағы адам және әлем.
8. В. Соловьевтің жалпы тұтастық идеясы.
78
XX ғасыр философиясы
Негізгі мақсаты: ХХ ғасыр философиясының тұтастығын
құрайтын философиялық бағыттардың мән-мағынасын терең талдау.
Жоспары:
1. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және
неопозитивизм.
2. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм
постпозитизм.
3. Білім мен тіл мәселелері.
4. XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым,
танымы, көзқарастарының маңызы.
Негізгі түсініктер: позитивизм, постпозитивизм, прагматизм,
структурализм, постструктализм, экзистенциализм, герменевтика.
XX ғасыр – ғылыми–техникалық революция дәуірі.
Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық
прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп
атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді.
Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады.
Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған
көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық
әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі
антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми –
техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді,
қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың
санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жүйесінде шектеу саласы деп
есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа
сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған
сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.
79
1-сызба
XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары
үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.
Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – “дұрыс пікір” деп
аталатын ұғым болып дүниеге келді. Оның бастамасын салған Огюст
Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл
философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың
мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан,
былайша айтқанда, философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір
ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет.
Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын
материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып,
идеализмге біржолата ден қойды.
Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші
кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокритицизм, үшінші
кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.
XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа
дәуірі туды. Ол кезеңде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны
жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол
біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық.
Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықтан әлдеқайда
алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды
зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімден тыс еш нәрсе
жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды
жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.
Позитивизмнің үшінші түрлі – неопозитивизм немесе логикалық
позитивизм. Ол XX ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді.
Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Канап, Отто Нейрат, Филип Франк,
т.б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға дүниеге келді.
Сондай – ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі,
80
ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б.
категориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір
айтудың екі түрлі – эмпирикалық және логикалық – математикалық
жолы бар деді. Мәселен, “менде төрт қалам бар” делік немесе “мына
жылқы ауру не сау”, оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен
көру қажет. Бүл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең
қолданылады. Ал егер көзбен көруге болмаса, онда логикалықматематикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол
үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды
қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру керек. Біріншісі -
сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп
атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны
фальсификация деп атайды. Неопозитивтер ғылымдардың объективті
зандылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары абсолют
емес дейді олар. “Ғылым заңдары, - Белфаст университетінің
профессоры Дэвид Гуничтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы
оқымыстылардың пайымдауы немесе, дәлірек айтсақ, дүниенің олар
үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі”. Сөйтіп,
неопозитивистер ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы
деп тұжырымдады.
Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін
салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома
Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В.
Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның
мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу.
Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды, бірақ оны дінге
қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір
жағымсыз ықпалын сынайды. “Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды
ұмытқан. Барлық қатер содан” дейді олар. Неотомизм философиясы
екі жүп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт
(нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру).
Неотомизмнің басты мәселесі үшеу: Құдай, адам, адамгершілік. Бірақ
Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай – ақ
болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті,
ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл
сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі
қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар
81
бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады
неотомистер.
Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы
тағдырды жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм
де сол бағытқа жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды
мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам
туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды арнайы
зерттейтін кез туды. Адамға, оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.
Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады. Бірақ бұл да
субъективті идеализмге жатады. Н. Бердяев айтқандай,“бәлкім
антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол, бірден – бір
өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған
антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан
бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы –
құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт
экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсаты - классиктік
мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру
болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер,
Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.
2-сызба
М. Хайдеггер (1889-1976) ХХ ғасырдың аса ірі
филлософтарының бірі. Филлософия дамуының күрделі жолын сыни
тұрғыдан пайымдай отырып, техникалық өркениет адам мен әллемді
бір-біріне қарсы қояды, ал субъект пен объект бөліндісінің
философиялық негізделуі, сонымен қатар субъектің объектіге
белсенді ықпалы мен бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Адам
өмірі көбіне мәнсіздікті сезінумен, жалғыздықпен, азап шегумен
байланысты. Олай болса, не нәрсе мәнді болып табылады? Мәнді
болып табылатын нәрсе – адамның нақты болмысы, уақыттағы
82
болмыс. Адамның өмір сүруі бүкіл бүтінді, әлемді өзіне қамтитын
«осы» мүмкіндігін жүзеге асыруымен сипатталады.
А. Камю (1913-1960) өзінің «Сизиф туалы аңыз», «Бунт
көтеруші адам» еңбектерінде экзисттенциалдық шарасыздық
позициясын бөліседі. Ол құдайға сенім жоғалған, барлық сүйеніштен
айырылған бұл әлемдегі құндылықтар қақтығысына өмір сүріп
отырған адамның санасын таңдайды.
Ж. П. Сартр (1905-1980) адам өмірінің шектелулілігін,
жалғыздығы мен өткіншілігін, сонымен қатар оның еркіндігін атап
көрсетеді, өйткені оны шектейтін ешқандай объективті нормалары
мен қағидалар жоқ. Сарттардың ойынша, адамның және қандай тұлға
болуы оның шешіміне, таңдануына байланысты.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. XX ғасыр аяғы – XXI ғасыр басындағы рухани мәдениеттің
ерекшеліктері.
2. Неогегельянство, неопозитивизм, неотомизм.
3. Иррационализм бағыттары.
4. А. Камюдің «Сизиф туалы аңыз», «Бунт көтеруші адам»
еңбектері.
5. Ж. П. Сартдың адам өмірінің шектеулілігі, жалғыздығы мен
өткіншілігі турасында.
6. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және
неопозитивизм.
7. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм
постпозитизм.
8. Білім мен тіл мәселелері.
9. XX ғасыр философиясындағы болмыс проблемасы.
83
Б-модулі. Қазақ философиясы
Мұсылман әлемінің философиясы
Негізгі мақсаты:
Мұсылман әлемінің философиясындағы негізгі ағымдар туралы
түсінік қалыптастыра отырып, ерекшелігін көрсету.
Жоспары:
1. Мұсылман философиясының ерекшелігі.
2. Мұсылман философиясындағы негізгі ағымдар.
3. Перипатетизм және оның өкілдері: Әл-Фараби, Ибн Сина,
Ибн Рушд.
4. Ж. Баласағұни және М. Қашқаридің шығармалары.
Негізгі түсініктер: суфизм, эманация, перипатетизм,
мутакалимдер, мутазилиттер, рисалалар, шариат, мағрифат, тариқат.
Мұсылман әлемінің философтары мен ғылымдары Батыстың
ғылымы мен философиясы қалыптасуына дүниетанымдық және
теориялық зор ықпалын тигізді. Батыс мұсылмандық Шығыс арқылы
алғаш рет антик мәдени мұрасымен, сонымен бірге Шығыс
мәдениетінің озық жетістіктерімен танысты. Бұл ғылыми, теориялық
жетістіктер мен философиялық жаңашылдықтарды, прогресшіл
рационалистік философия мен ғылыми шығармаларды мұсылман
әлемінің ойшылдары араб тілінде жазғанымен, олардың біразы
этикалық шығу тегі жағынан араб емес, түркі және парсылар болды.
Осылай, Батыс әлемі Шығыспен рухани диалогы нәтижесінде ерте
грек дүниесімен қатар, шығармашылдық және жаңашылдық идеялар
мен концепцияларға толы шығыстық мәдениеттің есігін ашты. Шығу
тегі түркі философтар мен ғылымдар әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари,
тағы басқалармен қатар әл-Хорезми, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Кинди,
әл-Газали сияқты ойшылар мен философтардың есімдерімен
танысты.
84
1-сызба
Даму кезеңі
Шығу кезеңі (VII-IX ғ.ғ) Гүлдену кезеңі (IX-XV ғ.ғ)_
Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарына
әл-Кинди және әл-Фараби жатады. Әл-Киндиді ортағасырлық
дәуірде «арабтардың философы» деп жиі атайтын. Бұл бекер
айтылмаған сөз, себебі әл-Кинди мұсылман әлемінің көптеген
философтары ішінде шығу тегі жөнінен араб. Әбу-Жүсіп Якуб ибн
Исхақ әл-Кинди (800-879) Басра қаласынан шыққан, жетік білім
алған, тек философ ретінде ғана емес, дәрігер, математик, астроном
ретінде де белгілі, геометрия, оптика, метерология, психология,
музыка салалары бойынша трактаттар жазды. Әл-Кинди еңбектерінен
біздің заманымызға дейін азғана бөлігі жетті. Әл-Кинди
жұмыстарының қалған бөліктері туралы оның замандастары мен
ізбасарларының жекелеген сілтемелерінен, әр түрлі тақырыптар мен
үзінділер арқылы білеміз. Оның мұрасының осы үлкен бөлігі Х-ХI
ғасырлардағы діни реакция тұсында жойылған. Әл-Кинди мынадай
мәселелерге зор көңіл қояды: Құдай мәселесі, ақыл -ой мәселесі мен
Философияның мәнін анықтау, ғылымдарды класификациялау. Өзінің
шығармаларында әл-Кинди Құдайдың мынадай түсіндірмелерін
береді:
1. Құдай түп негіз, барлық нәрсенің абсалюттік бастау ретінде;
2. Құдай мақсатты себеп ретінде;
3. Құдай - кеңістіктегі абсолюттік шексіздік және уақыттағы
мәңгілік ретінде.
Философтың пікірінше, Құдай материяны, қозғалысты,
кеңістікті және уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыс
нәтижесінде өзгереді және ақыры соңында жойылады, ол нәрсе
мәңгілік емес, оның соңы бар. Адамға ақыл-ой берілгендіктен ол өзінөзі танып қана қоймай, өзін қоршаған дүниені таниды. Ақылдың
көмегімен адам заттар мен құбылыстардың себептік байланысын,
олардың мәнін ұға алады. Адамның әлемді танудағы ақыл ролін
анықтай отырып, әл-Кинди ақыл-ойдың 4 түрін және танымның 3
сатысы туралы идеяны айтты.
Әл-Кинди ақыл-ойдың мынадай 4 түрін ерекшелейді: активті,
пассивті, жинақтаушы, жарғылаушы.
85
Егер әл-Кинди неоплатонизмге жақындау болса, ал әл-Фараби Х
ғасырда Аристотельдің ізбасары болып саналды. Әбу Насыр
Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби-атТүрки 870 жылы Сырдария бойындағы Фараб қаласында түрік
отбасында дүниеге келді. Фараби жоғары білімді оқыған адам еді, ол
медицинаны, музыканы, математиканы, этиканы, саясатты,
психологияны зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Фараби Аристотельдің «Категориялар», «Герменевтика», «Аналитика. Софистика. Поэтика» сияқты шығармаларына түсініктеме берді. Бірақ әлФарабидің дара философ ретіндегі даңқы басым болды. Ол философия мен жаратылыстану ғылымдары тарихы бойынша 100 -ден астам жұмыстар жазды. Оның көбісі қазақ тіліне әлі аударыла қойған
жоқ. Фараби ғылыми болжамға, әлемді ғылыми танып білу
мүмкіндігіне сеніп қоғамдағы зорлық зомбылыққа қарсы шықты. Ол
зұлымдықтың жойылып, жер бетінде қайырымдылық бастаудың салтанат құратынын жазып, зорлық-зомбылықсыз, қанаусыз және соғыссыз қоғам идеясын, жер бетіндегі халықтардың бейбіт және достық
қатынастарын идеялық, теориялық тұрғыда негіздеді. Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Адамдық саясат»
еңбектерінде саясат пен мораль мәселелерін қарастырды.
Философия мен ғылымның дамуына түркістандық Бұхарадан
шыққан энцилопедист-ойшыл Әбу-Әли ибн Сина (980-1037) өзінің
үлкен үлесін қосты. Ибн Сина әл-Фарабидің кейбір идеяларын
шығармашылық тұрғыда одан әрі жалғастырды: эманация идеясы,
ақыл-ой туралы идея және т.б. Шығыста ибн Синаны аш-Шейх ар
Райс деп атаған, ал батыста атақты «Медицина ғылымы
канондарының авторы» Авиценна деген атпен белгілі болды. Ибн
Синаның философиялық көзқарастарына әл-Фараби үлкен ықпалын
тигізді. Ибн Сина надандыққа қарсы шығып ақыл-ой үстемдігі үшін
күрескен жан-жақты ғалым адам болды. Әр түрлі білім
салаларындағы қажырлы еңбегі және орасан зор шығармашылық
әдеби ғылми философиялық мұрасына орай Ибн Синаны
энциклопедист ғұлама деп орынды атайды.
Орталық Азия әлемінің келесі бір інжу-маржаны «Құдатғу
білік» деп аталатын атақты шығарманың авторы Жүсіп Баласағұн.
Өлең түрінде жазылған бұл шығарма 6520 бәиттен тұрады. Оның
негізгі тақырыбы моральдық – этикалық мәселе. Баласағұн әлФарабидің ізгі қала-мемлекет туралы идеяларын қолдай отырып,
86
мемлекеттің формасы - билеушінің адамгершілік тазалығы мен
асқақтығына, билеуші мен бағыныштылар арасында ізгілікті қарымқатынастарға байланыстарға қатысты деп есептеді. Өз еңбегінде
философ саяси дағдарыстар тұсындағы Қарахандар мемлекеті үшін
қажетті билеушілердің идеалды портертін беруге тырысты. Баласағұн
билеушіге мынандай ақыл-кеңестер береді: «Біліп ал: адамдар
алдында сенің үш парызың бар. Соны орында, күшпен ұзаққа
бармассың. Ең алдымен күмістей тазалықты сақта... Екіншіден,
адамдарға әділ заң бер... Және үшіншіден, – күзетіңді мықта ұста».
Баласағұнның түрік тілінде жазылған бұл еңбегі сол заман
энциклопедиясын білдіреді. Бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне
арналып қана қоймай, философиялық, эстетикалық ертедегі
түріктердің діни наным-сенімдеріне байланысты материалдарға толы.
Қарахан қағанатының гүлденген дәуірінде өмір сүрген тағы бір
философ Махмұт Қашқари. Ол өзінің 1072-1083 жылдары жазылған
«Дивани лұғат ат-тюрк» еңбегінде түрік рулары мен тайпаларының
тілі, әдет-ғұрпымен қатар, олардың тарихы мен саяси өмірінен де мол
мағлұмат береді. Қоғамдық өмір мен мемлекетті нығайтуда түрік
философының айтуынша ер мінезділік, адалдық, патриотизм және т.б
адамгершілік қадір-қасиеттер маңызды орын алады. Сонымен қатар,
түрік халықтарының бір-бірімен жақындасуы мен қатынасуының
негізгі құралы ретінде Қашқари ана тілінің маңызды рөлін баса
көрсетеді Ол адамдардың қоғамдық өмірдегі адамгершіліктің,
тәрбиенің, білімнің маңызына назар аударып қана қоймай, рулар
арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен бекітудегі қуатты тетік
ретінде тілдің роліне де үлкен көңіл қояды. Философия дамуындағы
рационалистік бағыт әл-Фараби, Ибн Сина, Баласағұн есімдерімен
қатар, мұсылмандық шығыстың танымал ғылымдары мен
философтары арқылы сипатталады.
Ибн Абдаллах (724-760) және ибн ар Раванди Әбу-л-Хусеин
Ахмед ибн Яхия (827-864) ежелгі грек тілін білген білімпаздар еді.
Сонымен қатар олар ерте грек, ерте үнді, ерте иран және еврей
философияларын меңгеріп, антик және шығыс философтарының
шығармаларын араб тіліне аударды.
Ибн Абдаллахтың қаламынан мынадай шығармалар туды: «ӘлАдаб әл-Кабир» әл-Разидің еңбектері біршама көп мөлшерде
сақталған және біздің заманымызға дейін жеткен. Абу-Бекр
Мұхаммед ибн Закария әл-Рази Тегеран маңындағы Рея қаласынан
87
шыққан. Оның замандастары ғалым-энциклопедист ретінде
бағалайды. Жалпы көлемі 184 жұмыс жазды, біздің заманымызға
дейін жеткені 61. Әл –Разидің шығармашылық мұрасы философия,
этика, теология, логика, астроноимя, физика, алхимия, медицина
мәселелеріне қатысты туындылармен айқындалады.
2-сызба
Негізгі бағыттары
Қожа Ахмет Ясауи ХІІ ғасырда өмір сүрген, жалпы түркілік
мәдениет кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, ойлау жүйеміз бен
дүниетанымымызды исламдық құндылықтарға бағыттаған,
ғылымның моральдық-этикалық негізі мен үлгісін көрсетіп кеткен
тарихи тұлға. Ясауидің төл дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің
тарихындағы маңызын, оның мұрасының іздерін хатқа түсірген
рисалалар (трактаттар) арқылы да пайымдауға болады. Алдымен,
Ясауи ілімінің айнасы ретінде танылатын “Диуани Хикмет”,
“Фақрнама” және “Мират-ул Қулуб” (Көңілдің айнасы) рисаласын
атап өтуіміз керек. Бұлар – Ясауидің хикмет, хәл ілімдерінің айнасы,
Ясауи тариқатының этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік
ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын
негізгі дереккөздері.
Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының
желісін моральдық-этикалық және сопылық хикмет деп жіктеуге
болады. Ясауи ілімінің парасат бөлімі адамның адамгершілік ахлақи
мәртебесіне және "инсани камил" дәрежесіне жету мәселесін
88
қарастырады. Ясауидің дүниетанымдық тұжырымдамасының
теориялық негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік
негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет Ясауи негізін салған дінисопылық мектеп тариқат деп аталады. Ясауи тариқаты түркі сопылық
дүниетанымының негізгі ерекшеліктерін бойына сіңірген жалпы
ислам сопылығының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Араб философиясындағы негізгі ағымдар (мутакалимдер,
мутазилиттер).
2. Перипатетизм және оның өкілдері: Әл-Фараби, Ибн Сина, ибн
Рушд.
3. Шығыс перипететизмі: Әл-Фараби, Ибн Сина, Әл-Бируни.
4. Батыс перипатетизмі: Ибн Рушд.
5. Ислам және оның негізгі бағыттары.
6. Құранның философиялық және этикалық идеялары.
7. Ортағасырлық мұсылман философиясындағы жетілген адам
мәселесі.
8. Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселесі.
9. М. Қашқаридың философиялық ойлары.
10. А. Ясауидің трактаттары.
89
Қазақ философиясының ерекшеліктері
Негізгі мақсаты: Өзіміздің төл философиямыздың басқа
философиялардан ерекшелігін баса көрсету, оның ішінде ақынжыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай
философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары
дәрежеде дәріптеу.
Жоспары:
1) Қазақтың ертедегі философиялық ой пікірлері
2) Қазақ фольклорындағы философиялық ойлар
3) Мифология –адамзат ойлауының универсалды кезеңі
4) Қазақ философиясында қоғамдық ой.
Негізгі түсініктер: заман, зар-заман, сенім және парасат,
адамшылық, тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік
философиясы, дін философиясы, жеті жарғы.
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің
бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат
тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы
жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана.
Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз
сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары
негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар
бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай
рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін
бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге
толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе
жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың
бірі қазақатар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша
әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет
пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып,
әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық
элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық
теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол
90
орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық
ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа
да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы
ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына
қарсы бағыттарды насихаттауы, тағы басқа мәселелері болды.
Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен
қолбасшылар, айтыскерлер мен ертекшілер, билер мен серілер – бәрі
де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек,
ойға өрнек етіп, әр түрлі деңгейде, бірақ жалпы алғанда жартылай
даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси,
мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын
жасады. Олар шынайы реализм, бітімнің негізгі жақтары еркін ойлау,
деистік және пантеистік көзқарастар, адамгершілік, ізгілік,
имандылық, зорлық-зомбылықққа қарсы күресу, құқықтық саяси
және философиялық жақтары, мемлекет, қоғам, жеке адам мәні, тағы
басқалар еді. Қазақ философиясының ойының тағы бір ерекшелігі деп
оның шынайы патриотизмі, халқына сүйіспеншілігін, оның бағыты,
мүддесі және болашағы үшін күресуге дайын және оған жету
жолдарын өз қадірінше анық, жан-жақты көрсете білуі дер едік.
Бұл айтқандардан қазақ философиясы басынан-аяқ тік тұрған,
бірден қалыптасып жеткен жүйе деген пікір тумаса керек. Біртұтас
көзқарас, дүниені жан-жақты танып білу, оның заңдылықтарын,
таным процесін, әлеуметтік мәселелерді дұрыс түсіну, ойлау
түрлерінің жүйесін анықтау – ол соңғы ғасырлардың үлесіне тиеді.
Дегенмен, халықтың жыраулық, ақындық шығармашылығынада
қоршап тұрған табиғат пен әлеуметтік орта туралы ойлаудың біршама
жиынтығы болды. Негізінен кездейсоқтық, жүйесіздік сипатына
қарамастан онда адамдардың бай практикалық өмірін, халық
даналығын көрсететін философиялық мән бар еді. Ойлау тәсілі
ерекше, шығармашылық жолы мен шығармалардың сақталуы ауыз
мәдениетіне сай, оны есінде сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа өзгертпей,
жоғалтпай, «ұрламай» жеткізу – бұл философия тарихындағы ғажап
құбылыс.
Халқымыздың өмірін бейнелеген, адамдардың түйсігін,
ойларын, өскелең талабын көрсете білген фольклорда объективті
шындықтың элементтері бар. Халық эпостары, ертегілер, аңыздар,
лирикалық-тұрмыстық поэмалар, мақалдар мен мәтелдер –
адамдарды табиғи және әлеуметтік құбылыстарды, саяси-
91
экономикалық жағдайларды, ізгілік мақсаттарды өз уақытына сәйкес
танып-білуінің куәгерлері. Ауызша халық мәдени ескерткіштерімізді
зерттеу халқымыздың танымдық, әлеуметтік-саяси, адамгершіліктәрбие және дүниеге көзқарас ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
1-сызба
Табиғи және әлеуметтік өмірді тікелей бейнелеу, дүниенің
құрылымы, оның жасырын күштері туралы тұрпайы түсінік – бұл
қазақ философиясының бастапқы кездегі деңгейі еді. Ол кезде жүйелі
және негізделген көзқарас болған жоқ., сондықтан ол философияның
басты бағыттары да айқындалмаған еді. Қазақ философиясының
тарихы – халық тарихының ең маңызды құрамдас бөліктерінің ірі.
Онда ғылыми таным процесі мен халықтың идеялық ізденістері, бай
тарихы мен ұлттық ойлау айшықтары көрініс тапқан. Қазақ
философиясы – халқымыздың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен
негіз және әдістемелік құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да
түрлерімен тығыз байланыста. Сондықтан оны зерттеп үйренбейінше
қазақ ғылымының тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін,
адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы басқа пайымдау
мүмкін емес. Халықтың ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоянқолтықтасқан қазақ философиясы ғылыми құндылығымен қатар,
жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттілікке жету
жолдарын тікелей іздеуге ат салысқандығымен, өзінің жемісті
жетістіктерімен ерекшеленеді. VI ғасырдан бастап Қазақстанның
қазіргі аумағында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап оның орнына
феодалдық әлеуметтік-экономикалық формация орныға бастады.
Философияның пайда болуының тарихи алғышарты - миф. Бірақ оны
философия эпос арқылы өзгерген және жүйелеген кезінде ғана
Қазақ философиясының қалыптасу
және даму кезеңдері
Түркі кезеңі, ақынжыраулар, «Зар-заман»
ағартушылық философиясы (XIV-XXғ.)басы
Қазіргі заман
философиясы (XXғ.
30-жылдарынан бері)
92
пайдаланды. Әрбір заманға байланысты эпос мифтің түрін өзгертіп
отырды және сонымен қатар өнер мен бастапқы ғылым
элементтерінің әсерімен философияның шығу процесін, оның
қоғамдық сананың шығу және жаңа бір түрі ретінде қалыптасуын
жеделдетті.
Мифологиялық көзқарас пен табиғат және қоғам туралы жаңа
дамып келе жатқан ғылым элементтерінің арасындағы
қайшылықтарды шешу философияның пайда болуының жолы деген
де қалыптасқан тұжырымдар бар. Философия мифке тән, дүниеге
тұтас көзқарастың бағытын сақтауға тырысады. Соның негізінде
мифологиялық не аллегориялық – көркем, не символикалық – діни,
не нақты – ғылыми ойлау, бірақ олардың әрқайсысынан қабылданған
түрлеріне сыймайтын, жаңа түсініктегі ойлау нысандарын құрайды.
Белгілі дүниені түсіндіруге тырысудан одан да белгісіздігі мол
дүниені танып-білуге ұмтылу, егер де ол дүние, тіпті, танып- білуге
мүмкіндік бермесе, тәңірге немесе құпия ғаламат күшке сілтеме
жасау – мифтің өзіне тән ерекшелігі. Адамға әлеуметтік басқару
жүйесін танып, оны түсініксіздеу әлдебір күштің әсерімен түсіндіру
ғылым мен дамудың барысында оған сенбеушілік пайда болған
жағдайда жеке адамға өзінің дүниеге көзқарасын өзгертіп,
мүмкіндігін жетілдіру – бұл миф пен философияның салмағын
ажыратудың бір жолы. Ақылмен ой қозғау, табиғаттың өзіне бет
бұру, дұрыс көзқарастың қалыптасуы философияның пайда
болуындағы диалектикалық синтез, бастапқы қайшылықтардың
шешілу процесі. Қазақ философиясының пайда болуы туралы тек
ойшылдардың дүниеге көзқарасы жалпылықты, көзқарастың
әмбебеап принциптерін немесе «бастауларды» анықтаудағы заңды
бағыттары болған кезде ғана айтуға болады. Діни – мифологиялық
тұжырымдар әдет-ғұрып пен беделге бой ұрса, философия заттар мен
құбылыстардың, оқиғалардың мәнін ашуға, пікір-сайыс ретінде
қолданылатын рациональды ойлауға, дүниені танып-білудегі
қайшылықтарды аңғару мен шешуге тырысады. Бұл әрекет адамның
жан-жақты ойлауы және оның интеллектуалды интуициясымен
бірегей қабысқан нәтижесінде туады. Қазақ тарихында көп кездесетін
«рулық» генетизм осы қоғамның әлеуметтік, таптық бөлінуі және
«ақсүйекті рулар пайда болған кезінде күшейеді. Соңғылардың
қоғамдағы «заңды» орындары олардың төркіні құдайдан немесе
батыр бабаларынан басталады деп түсіндірілді. Сөйтіп, олардың
93
әлеуметтік дүниенің қажетті және заңдастырылған бөлшегі ретінде
қоғамдағы белсенді ролі бекітілді. Осы рулардан шыққан
ойшылдардың әлеуметтік идеялары қоғамның даму үрдісін біршама
дұрыс бейнеледі. Осыдан келіп олардың көзқарасы, қоғамның тарихи
дамуының мүддесіне сай келгендіктен, қоғамдық пікір ретінде
қалыптасты. Мәселен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы
басқа ой жүйесі, олардың ақыл кеңесі, айтқан тұжырымдары осыған
дәлел. Жалпы дүниежүзілік тарихтан белгілі болғандай, қоғам
дамуының көп сатыларында экономикалық мүдделер мен саяси
қызметке қарағанда философиялық, этикалық, діни және тағы басқа
мәселелер алдыңғы орынға шығады. Олар – азаттық және адам
еркіндігі, діни сенім және ақыл-ой, өмір сүру және адамгершілік
қасиеті, бостандық пен құлдық керек болса «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған», «алтын ғасыр» және «ақыр заман» туралы және
басқа мәселелер. Қоғамдық ойдың көптеген мәселелері өзінің ауқымы
жағынан ұлттық шеңберден асып жатады. Мәселен, ағартушылық
бағыты таза ұлттық қасиетке ғана ие емес. Оның түрлі ұлттық
ерекшеліктері әлемдік жалпылықпен астарланып жатады. Қазақ
ағартушылығының ерекшелігі – ұлттық мәселені басты проблема етіп
қоюы, қоғамдық практикамен тығыз байланысы. Соңғысы жалпы
ағартушылықтың әлеуметтік табиғатына сай. Жаңадан қалыптасып
келе жатқан қазақ буржуазиясының ой-өрісін көрсете отырып, бұл
ағартушылық халықтың ұлттық сана-сезімін оятуға, оның
бостандыққа, рухани азаттыққа жетуіне жәрдемдесті.
Оның Қазақстанда қалыптасып, дамуына негіз болған демократиялық
элементері, халықтың ауыз әдебиеті мен фольклоры феодализмнен
капитализмге өту барысында шыққан. Қазақ философиясында
қоғамдық ой үш кезеңнен өтті. Олар – қоғам, қоғамдастық және
қоғамдық пікір. Қазақ тарихының белгілі бір кеңістік – уақыт,
философиялық құбылыстарды үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1) Алғы философия: объективтілік пен субъективтілікті өте
нашар ажырататын сана. Оның негізінде ойлау іштей қайшылығы
кем, қажетті дәлелденген теория құрай алмайды. Осы құбылыс қазақ
философиясы тарихының ертеден бастап ХІІ ғасырға дейінгі
кезеңдеріне тән.
2) Объективтілік пен субъективтілікті жоғары деңгейде
ажырататын сана. Оның негізінде түсініктерді логикалық қолдану
арқылы теория мен тұжырымдамалар жасау. Яғни ойлау дәрежесі
94
ұлғайып, қоршап тұрған дүниені, қоғамды және адамның өзін дұрыс
бейнелеу белгісіне жету. Осы құбылыс қазақ философиясы
тарихының XIV ғасыр XX ғасыр басына дейінгі кезеңді қамтиды.
3) Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,
классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен
ұштастырылған.
Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін
маңызы аса зор. Өйткені өзінің жеке философиясы болмаған елдің
дербес рухани тұрмыс пен өркендеуге мүмкіндігі болмай, бөгде
тектік факторларға тәуелділігі күшейе түседі. Ұлттық философия
тарихы – жүйелілік ілім, ол философияның бір бөлігіне дәлірек
айтқанда, тарих философиясына жатады.
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында
руханият саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын,
оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан
қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және
саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз,
Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер
ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп
бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей
қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да
олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән
келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Ерте түріктердің мифологиясы.
2. Ауыз әдебиетіндегі философиялық мәселелер.
3. Қазақ философиясының ерекшеліктері
4. Қазақ философиясындағы патриотизм мәселесі.
5. Қазақ тарихындағы философиялық құбылыстардың үш кезеңі.
6. Халық философиясы тарихының тәуелсіз мемлекет үшін
алатын орны.
95
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық
Негізгі мақсаты: Қазақ философиясындағы дәстүр мен
жаңашылдықтың арақатынасы мәселесінің ерекшелігін көрсете
отырып, ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.
Жоспары:
1) Мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасы.
2) Этномәдениет туралы түсінік.
3) Ақын жыраулар шығармашылығы.
4) Қазақ философиясындағы адамгершілік этикалық идеялары
Негізгі түсініктер: көшпелі өмір салты, намыс, парыз, кісілік,
тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік философиясы,
дін философиясы, жеті жарғы.
Этномәдениетті диахронды және синхронды талдау дәстүр мен
жаңашылдықтың (инновациялық) арақатынасы мәселесін алдыңғы
орныға шығарады. Мәдениет өзінің кең мағынасында әлемдегі адам
болмысының тәсілін білдіреді және ол болмыс ұрпақтар
сабақтастығымен, шындықты игерудің әлеуметтік–мәдени
тәжірибесін тасымалдаумен бірге анықталады.
Дәстүр позициясы әсіресе алғашқы қауымдық мәдениетте
мықты (сондықтан да ол кезеңді дәстүрлі деп те атайды). Жазу
болмаған жағдай да мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді.
Біздің ойымызша қазақтардың дәстүрлі мәдениеті түркі
тайпаларының этникалық бірігуі тұсында қалыптасқан. Қазақ
мәдениетінің дәстүрлі кезеңі номадизм мәнін өз бойына неғұрлым
толық сіңірген, өйткені ол XX ғасырдың басына дейін көшпелі мал
шаруашылығын сақтап келді.
Дәстүрлі мәдениет уақыттың түп-түзу желілік емес, циклдік
өлшем пайдаланады және оның негізіне кәдуілгі табиғи ритмдер
жатады. Мысалы, қазақтың ай атауларын алайық «көк» - құстардың
оралу уақыты «мамыр»- жаңару кезеңі, «отамалы»- мал барынша
тойынады «қазан»- шөптің таусылуы «қаңтар» - күннің қысқарылуы,
қаңтарылуы және т.б. Минут, сағат, секунд сияқты уақыттың тура
өлшемдері орнына қазақтар «ат шаптырым», «ет асым», «сүт пісірім»,
«бие сауым»т.б қолданады.
96
Дәстүрлі мәдениетте уақыт басымдылығын жоғалтып,
жаңашылдықтарға бейімделе бастайды. Мысалы, көшпенділердің
дәстүрлі құдайы – Тәңірі уақыт өте келе Алла денесімен бірігіп
кетеді.
1-сызба
Этномәдениет уақытын бағыттарына қарай шартты түрде
реликтілік және футуристік деп бөлуге болады. Қазақтың дәстүрлі
мәдениеті утопиядан бас тартып, антиутопияға бағдар ұстанғанын
тарихи талдаулар дәлелдейді. Қаһармандық ғасырларға қарамастан
«Гүлістан» және «Жерұйық» идеяларын «Зар заман» идеясы
алмастырды.
Дәстүрлі мәдениетке қатысты Ресей мәдениетінің аккультуралық, жаңашылдық ролі туралы ұзақ жылдар бойы мынандай
схемалар–пайымдаулар үстемдік етті:
1) Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқын жоңғарлар
қырғынынан аман сақтап қалды (бірақ XVIII ғасырдың ортасына
қарай Абылай хан жоңғарларды толығымен жеңіп, Ресей және
Қытаймен қалыпты қатынас орнатты).
2) қазақтар Ресей арқылы Еуропаның озық мәдениетімен
танысты (бұл «таныстық» үндістердің американдықтармен
таныстығына ұқсас)
3) Қазақстанда артта қалған феодализмнің орнына озық
капитализм элементтері енді (бұл «жетістік» те үндістердің
тағдырына ұқсас).
Қазақ философиясындағы дәстүр мен
жаңашылдық
Түркі тайпаларының
этникалық бірігуі
Түркі
номадизімі
Номадтың дәстүрлі
мәдениеті
97
2-сызба
Қазақ халқы қалыптастырған рухани құндылықтар арасында
ақын-жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Біз бұл
жерде белгілі философ О. А. Сегізбаев ұсынған қазақтардың ақындық
шығармашылығы дамуы барысындағы 3 кезеңге бөлінген жіктемені
келтіреміз :
А) шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең (XV–XVIII
ғасырдың 1ші жартысы ):
Ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші
жартысы – XIX ғасырдың 1ші жартысы ):
Б) ақындардың өзіндік сайысы айтыстың пайда болуымен
байланысты кезең (XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың
басы).
Асан қайғы (XV ғ), Қазтуған жырау XV ғ, Доспанбет жырау
XVI. Шалкиіз 1465-1560, Ақтамберді 1675-1768, Бұқар жырау 1668-
1781, Шал ақын 1748-1819 және т.б -өз дәуірінің философиялық
идеалдарын бәлдәрген ойшылдардың бүтіндей 1 шоғыры. Жыраулар
мен ақындар өздерін толғандырған мәңгі философиялық мәселелрді
өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш-жігерді
қорытты.
Ақын-жырау көзқарастары қалыптасуының маңызды қайнар
бұлақтарының бірі ертетүркі жазбасы болып табылады. Бастапқы
ескерткіштердің тас тақташалар мен балбал тастарда, жар тастар мен
тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгілі.
Бұл жазбаларға талдау жасау ертедегі түркілердің әлемге деген
көзқарасын, олардың идеалды өткен шағының толық картинасын
түсінуге және оны жоғары азаматтық қасиеттермен байланыстыруға
мүмкіндік береді.
Дәстүр
мәдениетіндегі
уақыт ұғымы
Цикілдік
өлшем,
Реликтілік
Динамикалық,
Архаикалық
Актуальды,
Футуристік
98
Ақындардың рухани ойы қалыптасуының келесі бір маңызы
идеялық бастау шаманизмнің діни этникалық концепциясы болып
табылады. Шаманизм діннің атауы ретінде ғылыми қолданыста да,
тұрмыстық қолданыста да әр түрлі мағынаға ие онда адамның
қоршаған табиғатқа, оның тылсым күштеріне деген қатынасымен
байланысты ерте діни жіне мифологиялық көзқарастарда ерекше
орын алады. Қазақтар айға, күнге, отқа, суға, аспанға, жерге табынды.
Соның нәтижесінде анттар пайда болды, адамды тәрбиелеуде оны
қайырымды істерге ұмтылдырып, жаман қылықтардан бойды аулақ
ұстауда батаның рөлі зор болды. Адамдар қазіргі күнде қайғықасіреттен құтылу, қайырымды қылықтармен игілікті істер арқасында
деп пайымдайды. Сондықтан да бата орындалды деп түсінеді.
3-сызба
Бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған, біздің заманымызға
дейңн жеткен қазақтың мақал- мәтелдері, ертегілер бүгінде өз
мағынасын жоғалтпай халықтың адамгершілік – психологиялық
дамуының тарихи жолын нұрға бөлеп тұр. Қазақ мақалдарының
тақырыбы күнделікті тұрмыстан тарихқа, өмірге дейін, халықтық
этика нормаларының кең кодексін қамтиды. Қазақ мақалдарында
қайырымдылықтың зұлымдықпен күресу мәселесі үлкен орын алады.
Қайырымдылық ақылмен және біліммен байланыстырылады,
адамгершілік өмірде үлкен мәнге ие болып, зұлымдылыққа қарсы
күресте маңызды құрал ретінде бағаланады. Қазақтың ақын –
жыраулары ойдың асыл інжу-маржандарын осы мақал-мәтелдерден
алып отырды. Көп ғасырлық халық даналығы адамгершілік этикалық
идеяларға толы. Тарихтың бүкіл өн бойындағы өзара қатынастарды
Ақын-жырау
көзқарастарының
қайнар көздері
Ертетүрік
жазбасы
Шамонизмнің діни
этикалық
концепциясы
Исламның діниэтикалық
концепциясы
99
реттеп отыратын адамгершіліктің қарапайым нормалары бұкіл халық
жинақтаған тәжірибиенің нәтижесімен қорытындысы болып
табылады.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Көне түркі жазбаларындағы алғы философиялық ойлар.
2. Ақын-жыраулар философиясы және зар заман.
3. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі антиутопия.
4. Қазақ философиясындағы шаманизмнің діни этникалық
концепциясы.
5. Қазақ философиясындағы мақал- мәтелдердің алатын орны.
100
ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниеге көзқарасы
Негізгі мақсаты: Ағартушылар философиясының дүниеге
көзқарасы, өзіндік ерекшелігі жайында түсінік қалыптастыра отырып,
ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.
Жоспары:
1. XІX ғасырдың басындағы ағартушылық демоктратиялық
ойлар
2. Ш. Уалихановтың ағартушылық ой-пікірлері
3. Ы. Алтынсаринның ағартушылық көзқарастары.
4 Абайдың философиялық және қоғамдық-саяси ойлары.
Негізгі түсініктері: ағартушылық, демократтық, шаманизм,
этика, эстетика, материализм, идеализм
Ресейге қосылу нәтижесінде белгілі бір дәрежеде Қазақстанда
өндіргіш күштер халық ағарту ісін ұйымдастыру және басқаруда осы
бетбұрысты байыптап ұғынуға деген қоғамдық қажеттілік туды. Ол
қажеттілік ХІХ ғасырдың екіншің жартысында пайда болған және
қоғамдық сана дамуында жетекші роль атқарған ағартушылықдемократиялық ой түрінде көрініс береді.
1 -сызба
101
Қазақстанда ағартушылық-демократиялық ойдың мәнін түсіну
үшін мынадай методикалық және теориялық қағидаларды ескеруіміз
қажет: біріншіден, қарастырылып отырған ағартушылық идеология
нақты тарихи шындық болып табылады. Ресейге қосылу, оның
мәдениетімен кең танысу және сол арқылы еуропалық өркениеттен
сусындау – Ресейге бодан кезеңінің нәтижесі болып табылғанмен,
қазақ ағартушылығы дүниежүзілік ағартушылық ойдың оқшауланбай,
керісінше, онымен ортақтастықта – ХІХ ғасырдың екінші жартысы
мен ХХ ғасырдың басындағы жалпыресейлік қозғалыстың ықпалы
тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. Сондықтан, Қазақстан
ағартушылық идеологиясын оқып үйренуде жалпы ағартушылық
құбылысқа тән белгілермен қатар оны тудырған мәдени-әлеуметтік
орта ерекшілігіне де баса назар аудару қажет.
Қазақ ағартушылығының негізін салушы Ш. Уәлиханов. (1835-
1865ж). Демократтық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі.
Уәлихановтың азамат, ғалым және ойшылдық қалыптасуында
орыстың озық мәдениеті мен ғылым қайраткерлерінің маңызды роль
атқарғанын атап өтуіміз қажет. Уәлиханов шығармашылығын:
1. Қалыптасу кезеңі (1855-1859ж)
2. Кемелдену кезеңі (1859-1865ж) деп екіге бөлуге болады.
Ш. Уәлиханов тікелей философиялық мәселелер жөнінде
еңбектер жазбаған, алайда, барша шығармаларына философиялық
пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Ол «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы», «Сахарадағы мұсылмандық жөнінде» деген
еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер
айтады. Ең алдымен сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір
сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек. Қазақ жеріндегі
шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние - күн,
ай, жұлдыздар және жер - алғашқы құдірет болып табылады» деп
көрсетеді.
Шоқан сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін, оның
обьективтік заңдылықтарға бағынатындығын мойындайтын
философиялық көзқараста болғанын көреміз. «Қазақтардағы
шамандықтың қалдығы» деген еңбегінде табиғат пен адам, өмір мен
өлім әрқашан түпсіз сырға толы ғажайып таңдану болды деп
көрсетілген. Ғажайып әлемді, өмір мен өлім мәселесін, адамның
табиғатқа қатынасын танып білу қажеттілігін шамандықтан туды деп
тұжырымдайды.
102
Ерекше назар аударарлық нәрсе – Шоқанның демократтық
көзқарастары. «Сот реформасы жөніндегі жазбалар» атты еңбегінде
патша үкіметі тағайындаған соттан қазақ даласында әзірше табиғи
түрде сұрыпталатын билер артық деген қорытындыға келді. Себебі би
болу үшін ол адам әділдігімен, шешендігімен көзге түсуі керек. Егер
әділ болмаса, оған ешкім билік айтқызуға келмей қояды, ал патша
үкіметі сайлаған сот билігі шектелер уақытқа шейін сот міндетін
атқаратын болады, оның іс-әрекетінде немкетерлік пен мансапқорлық
жайлап, әділетсіз, парақор болатынын дәлелдейді. Уәлиханов
мәңгілік, шексіздік идеяларын негіздеді, дамытты. Жалпы алғанда,
Уәлиханов дүниетанымы оның шығармашылық мұрасы мен
практикалық іс-әрекеті Орта Азия мен Қазақстанның рухани
қалыптасуы жолындағы биік белес болып табылады.
Қазақ ағартушыларының көрнекті өкілі – Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889). Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел, халық
ауыз әдебиеті, озық орыс әдебиеті мен Еуропа ойшылдарының
еңбектері елеулі әсерін тигізді. Ыбырай Алтынсарин арнайы
философиялық тақырыпта еңбек жазбаған, дегенмен, ағарту және
қоғам мәселелерін талдауға арналған шығармаларында
дүниетанымдық ерекше пікірлер қалыптастырылған. «Жаз», «Өзен»
сияқты өлеңдері табиғатты өзінше тамашалау ғана емес, сонымен
бірге оның адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі. Бұл –
ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы. Екінші,
Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп біледі. Бұл ойды ол көптеген
шығармаларында қайталап отырады. Ыбырай қоршаған дүниенің
обьективті өмір сүретіндігін мойындайды, сонымен бірге дүниені
жаратушы құдай деп біледі. Бұдан Алтынсариннің дүниеге көзқарасы
деизмге жақын екенін көреміз. Алтынсариннің этикалық және
эстетикалық көзқарастары құндылығы және маңызы жағынан ерекше
орын алады. Ыбырай әлеуметтік мәселелерді көптеген еңбектерінде
талқылайды.
Алтынсариннің қоғамдық-саяси көзқарастарына шынайы да
терең демократизм, өз халқының мүддесін қорғауға деген ұмтылыс
тән. «Қырғыз қайғысы» деген жазбаларында ол 1868 жылғы
отаршылдық қанауды күшейту мақсатында жасалған әкімшілік
реформасына наразылығын білдіреді.
103
Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағаты
мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ,
сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды.
Абайдың философиялық дүниетанымына «таза» материалистік
немесе идеалистік деген түсінікпен қарау сыңаржақтылыққа әкеліп
соқтырады. Ол Шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі данышпандық
тұрғыдан сарапталуына, қазақты іштей жеп жатқан ала ауыздық
тамырына балта шабу керектігіне шақырған ұлы тұлға.
Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі,
халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың
дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны бір жақты
бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне
келсек, деизмге жақын дедік.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық
тұжырымдар бейнесін көруге болады. «Қартайдық, қайға ойладық,
ұйқы сергек» деген өлеңінде:
«Жас қартаймақ, жол тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ, өткен өмір қайта келмек.»,– деп, отыз екінші қара
сөзінде:
«Дүние – үлкен көл,
Заман – соққан жел.
Алдыңғы толқын-ағалар,
Артқы толқын - інілер», – деп, дүние өзгерісте, дамуда екенін
болжайды.
Ақынның эстетикалық және этикалық мәселелер жөніндегі ойпікірлері сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белгісі болып табылады.
Оның «Құлақтан кіріп бойды алар», «Құр ағай бақырған құлаққа ән
бе екен?» деген өлеңдерінде әннің, күйдің адам сезіміне әсер етер
қуатты құдіреті, шипалы шапағаты көркем суреттеледі. Абай
шығармашылығындағы негізгі тақырып моральдық проблемалар
десек, келіспейміз. Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай, ауыл арасында
бос қыдырумен күн өткізген пысықсымақтар жөнінде, өмірін бос
өткізіп жүрген жастарды қатты сынайды. Қоғам өмірін түсінуде
Абайдың көзқарасы, әрине, идеалистік тұрғыда болды. Ол кездегі
қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуы себебінен
қоғамның обьективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.
Орыстың алдыңғы қатарлы демократтарымен таныс болып,
пікірлескен Абай реформалық талпыныстарының жүзеге
104
аспайтынына бірте-бірте көзі жетеді. Қазақ елінде бай, кедей болып
бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді.
Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп, Абай әр адамның
өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді. Адамның
өз орнын, өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру – ағартушының,
бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан
келіп «Адам бол!» деген Абай этикасының негізгі принципінің
мағынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық
мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.

Абайдың қара сөздері


Негізгі мақсаты: Абайдың қара сөздері жайында білімгерлерге
түсінік бере отырып, олардың өзіндік дүниетаным
қалыптастыруларына бағыт беру.
Жоспары:
1. Абайдың қара сөздеріне түсінік
2. Абайдың қырық екінші қара сөзі.
3. Абайдың қара сөзіндегі таным сана.
4. Абайдың қара сөзіндегі прогресшіл ой-пікірлер.
5. Абайдың қара сөзіндегі адам проблемасы.
Негізгі түсініктер: хикмет, өсиет, ғақиялар, прогрес, гуманист,
абстракт, метофизика.
Абай өз заманының қоғам қайраткері, ойшыл-философы болды.
Ең алдымен, ол өз халқына өлендері, қара сөздері арқылы ұдайы ой
салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан
сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Абай ХIХ ғасырдың 90- жылдары өзінің ой толғаныстарын қара
создермен жазған. Өз шығармасын қара сөзбен жазудың
публистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қара
сөз қазақтың көркем жазба әдибеті тарихында Ы. Алтынсариннен
басталады. Одан әрі дамушы Абай болды.
Абайдың қара сөздерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сөйлемдері
қысқа мағынасы терең, оқушыға сай саларлық, ғибрат беруді көздей
құрылған. Көпшілік қара сөздерінде философиялық сұрау беріп, сол
сұрауға өзі жауап беруге тырысады немесе өзімен-өзі кездесу, ойпікір білдіру үлгісінде құрылады. Бұл- Батыс, орыс аймақтарының
кең қолданған әдісі. Ғылыми көркем - өнер мәселелері туралы өз
көзқарастарын білдіруде олар осы әдісті кеңінен пайдаланған.
Абай өзінің қара сөздерін жазудағы мақсаты бойынша
баяндайды. «Ақыры ойладым! Осы ойыма келген нәрселерді қағазға
жаза берейін ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім
ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе өз
сөзім өзімдікі дедім де ақыры, осыған бел байладым. Енді мұнан
басқа- ешбір жұбаныш жоқ». Бұл ел қамын ойлаған ұлы ойшыл -
106
ғалымның өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым-қатынас
жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы
еді.
Қара сөздерінің жалпы саны- 46. Олардың әрқайсысы әлеуметтік
өмірдегі белгілі бір мәселені сөз етіп, ой- пікір білдіреді.
1-сызба
Дүниенің тылсым сырын танып білу мәселесіне «жетінші», «он
оғызыншы», «отыз бірінші», «отыз сегізінші», «қырық үшінші» қара
сөздерінде тоқталып ой қорытады. Ол өзінің «Нарық үшінші қара
сөзінде», «Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап,
тілмен татып, мұрнымен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады да
содан білгені, көргені көп адам есті, білімді болады» дейді - «жетінші
қара сөзінде». «Бала анадан туғанда екі мінезбен туады: Біреуіішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар - тәннің құмарлығы.
Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі
көрген құлағы естігеннің бәрін сұрап тану, бұл - жанның құмарлығы»
- деп жан мен тәннің байланысын ашуға талпыныс жасайды да,
қырық үшінші сөзінде: «Адам бойына жан құмарлығы арқылы
жинақталатын нәрсенің атағын, ғылым... Ол талаптылықпен ерінбей
еңбек еткен адамның қолына түседі» деген қорытынды жасайды.
Абай естіген, білген нәрселерді еске сақтаудың, есті тәрбиелеп
жетілдірудің жолдарында сөз етеді. Ол өзінің «Отыз бірінші» сөзінде
«естіген нәрсені ұмытпастыққа 4 түрлі себеп бар: 1) әуелі - көкірегі
байлаулы берік болмақ керек, 2) сол нәрсені естігенде, я көргенде
ғибраттану керек, көңілдетіп, тұншынып ынтамен ұғу керек, 3) сол
107
нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге бекіту керек,
4) ой кеселді нәрселерден қашық болу керек, егер ой кез болып қалса,
салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу
секілді. Бұл 4 нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын
нәрселер»- деп, ынта қоя тыңдау, естігенді ойда қайталап бекіту,
көңіл-күйдің әр түрлі әсерлеріне үнемі салынып, беріліп кетпеу, ерікжігерді тізгіндеп ұстау жөнінде педагогикалық тұрғыда ақыл-кеңес
береді.
Абай қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін
білуге шақырды. «Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлан, мал
тап» дейді. Қазақ елінде ойын сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір
үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз
әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы
тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын»,-деп түйіндейді.
Қырық екінші сөзде. Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып
жүруге құмар деп сынады.
Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып, тілін үйренуге,
өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі
ашылатынын айтты. «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де,
ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына
ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін олар
дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкіреккөзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен
бірдейлік дағуасына кіреді... Орыстың ғалымы, өнері – дүниенің кілті,
оны білгенге дүние арзанырақ түседі, - дейді Абай «Жиырма бесінші
сөзінде. Таным тұрғысынан Абай сананың, ақылдың рөлін жоғары
бағалады. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды меңгеру, Абайдың
пікірінше, адамға тән қасиет болуға тиіс.
«Дүниенің көрінген хәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса
денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол
жан адам жаны болмай, хайуанның жаны болады», -деп жазды. Абай
шығармаларында оның дүниеге көзқарасында стихиялық диалектиканың да орын алғанын байқауға болады. Айналадағы дүниенің мәңгі
қозғалыста, дамуда екенін былай түсіндіреді: «Дүние бір қалыпта
тұрмайды, адамның қуаты, өмірі бір қалыпта тұрмайды. Әрбір
мақұлыққа Құдай тағала бір қалыпта тұрмақты берген жоқ» немесе
«Дүние - үлкен көл, Замана - соққа жел», -дейді Абай «Отыз жетінші
108
сөзінде». Оның ойынша, дүниеде өзгермейтін, құбылмайтын мәңгілік
ешнәрсе жоқ. Табиғатқа да, адамға да осы заң ортақ екенін айтады.
«Отыз жетінші сөзінде» Абай адамның жаман, не жақсы болуы
Құдайдан емес, тәрбиеден екенін мойындайды. Олай болса, адамдыадам етіп тәрбиелейтін оның ортасы, достары болмақ. «Мен егер
закон қуатты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім», -дейді Абай. «Қырық төртінші
сөзінде» Абай: адам баласының ең жаманы – талапсыздық» деп атап
көрсетті. Ол әр нәрсенің, әрбір істің өлшемі болады деп білді. Егер
өлшем сақталмаса, шектен шықса, сапалық өзгеріс болатынын айтты.
«Қырық үшінші сөзінде» Абай: «Әр бір жақсы нәрсенің өлшеуі бар,
өлшеуінен асса – жарамайды, өлшеуін білмек - бір үлкен керек іс»,-
дейді.
Абайдың қырық бес қара сөзден тұратын ғақлияларында талай
философиялық ойлар, толғаулар айтылған. Абай - халқымыздың
ұлттық мақтанышы. Оның ой-пікірі - прогресшіл адамзаттың
тұжырымы. Өйткені, ол мистикалық ойдан аулақ болды, ақылпарасатты дәріптерді. «Отыз сегізінші сөзінде», Абай: «Күллі адам
баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелінадандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық»,- дейді.
Отыз сегізінші сөзінде: «жан-жануарларды, адамды, тіпті,
машина, фабрикаларды Алла жаратты» деген тұжырым жасайды.
«Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып,
өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша «мен»- ақын, жан,
«менікі»- адам денесі, «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«менікі» өлсе өлсін, оған беку» деп, дене өлгенімен жан өлмейді
деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер
қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда,
залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді. Қара сөздеріне зер
салып қарасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарастырып,
өзіндік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз. Шығармаларының
басым көпшілігінде өмір, өмірдегі адамның орны, оның мақсаты,
мұң-мұқтажы туралы ой шертіледі. Ендеше, философияның негізгі
мәселесі Абай шығармаларында кеңінен талқыланады деуге болады.
Абай адам мәселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық
болмысы аясында қарастырады. Осыдан келіп адамның әлеуметтік
белсенділігі, шығармашылық мүмкінділігінің шексіздігін туралы идея
туады. Ал, Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы. Адам
109
тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігі құндылығы, әр адам
жанының қайталанбас сонылығы идеялары Абай тұжырымдамасындағы - негізгі идеялар. Өз шығармаларында ол адамға
мейірбандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу - жоғары имандылық
қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды. Абай әредік
«мен» және «менікі» деп метафизикалық түрде адамның рухани
дүниесіне тән тіршілігін, биологиялық болмысын қарама-қарсы
қойды. Әйтсе де бұл қарама-қарсылықты жан мен тән дуализміне
дейін өрбіте қоймайды. Осылайша Абай адам мәселесін этикалық,
қоғамдық –саяси, т.б аспектілерде ғана қарастырып қоймай, толық
философиялық дәрежеде ұғынуға ұмтылғанын атап өтуіміз қажет.
Өз халқын шын пейілімін сүйген Абайға ұлтшылдық, шовинизм,
діни төзімсіздік жат. Ол өз халқын бір орында тұрып қалмауға,
тұйықталмауға, рухани байлықтарын әр халықтың жетістіктерімен
байытуға шақырды. Абайдың өмірі, шығармалары терең
адамгершілік мағынаға ие және ағартушылық-тәрбиелік мәні
жағынан баға жетпес құнды дүние.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Абайдың қара сөздеріндегі адам проблемасы.
2. Абайдың қара сөздеріндегі мораль проблемасы.
3. Абайдың қара сөздеріндегі өнер білім турасында.
4. Абайдың қара сөздеріндегі таным мәселесі.
5. Абайдың қара сөздеріндегі мәңгілік, шексіздік идеялары.
110
XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ой пікір
Негізгі мақсаты: XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының
қоғамдық ой-пікірлері жайында түсінік қалыптастыру.
Жоспары:
1. Қазақ зиялыларының философиясы
2 А. Байтұрсыновтың қоғамдық саяси ой-пікірлері
3. Ә. Бөкейхановтың қоғамдық саяси ой-пікірлері
4 М. Жұмабаевтың қоғамдық саяси ой-пікірлері
5. Қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен қоғамдық саяси ойпікірлері.
XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты
ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине оларды
дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен ол
1861 жылдан бастап басыбайлылық құқық жойылғаннан кейін Ресей
құлаш жайып, дами бастады. Капитализм XX ғасырдың басында Батыс Европа елдерінде империализмге ұласты, отаршылдық езгі
күшейді. Соған сәйкес Ресейдің орталық аудандарында революциялық қозғалыс, ал шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыс пайда болып, күшейе түсті. Ұлт аймақтарында өсіп шыға бастаған зиялылар
өкілдерінің ұлттық сана-сезімі оянып, олар ұлттық теңсіздікке, езгіге
наразылығын білдірді, бостандықтың жолын іздестірді. Сол кездегі
қазақтың алдыңғы қатарлы ойшыл азаматтарын ойландырған қандай
мәселелер? Ең алдымен оларды ел тағдыры, отаршылдық бұғаудан
құтылу, дербес тәуелсіздік мемлекет құру жайы толғандырды.
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен XX ғасыр тарихтың қойнауына
кіріп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына тигізген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен
бүгінгі таңның өзінде біз оған көз жіберіп, оның адамзат тарихына
тигізген орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын,
жетістіктері мен кемшіліктерін т.с.с. талдауымызға әбден болады.
Сонда ғана біз осы ғасыр тудырған философиялық ой-пікірлерді жете
түсіне аламыз.
XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты
ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды
дүниеге келтірген обьективті қоғамдық жағдайлар. XX ғасырдың
111
басында Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ж.
Аймауытов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, Халел, Жаһанша
Досмұхамедовтар, М. Дулатов, Н. Төреқұлов сияқты озық ойлы бір
топ қоғам қайраткерлері саяси сахнаға шықты. Бұлар ең алдымен
"Зар заман" атанған дәуір өкілдерінің ой-пікірін ілгері дамытты.
Оларды ойландырып, толғандырған ежелгі проблема-отаршылдық
бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету, қолдан кеткен
мүмкіндіктер мен айырылған жерлеге өкініш білдіру, халықтың
санасын ояту болатын. М. Дулатов тың "Оян, қазақ!" дастаны.
Дастан:"Көзіңді аш, оян қазақ, Көтер басты, Өткізбей қараңғыда
бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді
жату жарамасты",-деп ұран тастаған жалынды сөздермен басталады.
Поэманың атына ішкі мағынасы сай, халыққа көзіңді аш, байқа,
айналанды жайлап, кеулеп барады, енді намыстанып, егемендік
алмасаң, бәрінен айырыласың деп, халық санасына ащы шындық
сәулесін ұялатты. М. Дулатов "Қазақ жеріне" деген өлеңінде
патшалық Ресейдің Қазақстан жерінде жүргізген отаршылдық
саясатын әшкерелей келіп, былай деп жазды:"Қазағым, жерің қайда
атамекен, қазақ қазақ болғалы мекен еткен. Қазірде бәріңізді қуып
шығып, орнына қала салып хохол жеткен. Шығуға жер өлшеуге
землемерлер, бұл үшін кеткен бізден жақсы жерлер. Тәтті шөп, тұшы
судың бәрі сонда, табатын бұған хайла, қайда ерлер?"
1-сызба
XX ғасырдың басында сана-сезімі оянған ұлт-азаттық қозғалысы
өкілдерінің екінші бар арманы надандықтан арылу, қазақ халқының
санасын ояту, әйел теңдігін жақтау, керенаулықтан құтылу болды.
Мұны С. Көбеевтің "Қалың мал" романы, М. Дулатовтың "Бақытсыз
112
жамал" романы, С. Торайғыровтың "Қамар сұлу","Кім жазықты"
романдары, М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" әңгімесі, т.б. терең
күрсініспен қозғады. Олардың мақсаты үлкендерді жас балалар
секілді мектептерде оқыту, сауатын ашу, білім беру, қызметке тарту,
әйел- қыздарды өз теңдеріне қосу болды, жас кезінен айттырып қою,
қалың мал төлеу, әмеңгерлік сияқты бұрынғы патриархалдықрушылдық әрекеттерді жоюды көздеді. Сондай-ақ, XX ғасырдағы
қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ
халқының қарапайым ой-пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге
дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев
болды. Ол Абайдың "Қырық бес қара сөзіндегі" ой толғау дәстүрін
дамыта отырып,1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс
жасап,"Үш анық"философиялық еңбегін жазып шықты. Ол
шығармада Шәкәрім түрлі философиялық мәселелерге арнайы
тоқталады. Бұлар-дүние, таным, тән мен жан, жану мен шіру, арождан, т.б. мәселелер."Ождан,-дейді Шәкәрім,-адамдағы нысап,
әділет, мейірім, осы үшеуінің қосындысы". Оны тілейтін жан деп
түсінеді Шәкәрім. Бұл еңбегінде ол бірде материяны мойындаса,
бірде идеяны алғашқы санап, идеализмге бас иеді, бірде спиритизмді
қуаттайды. Бұл Шәкәрімнің ізденісі қиын-қайшылықты болғандығын,
қазақ арасында бұған дейін қалыптасқан, жүйеленген философия
мектептерінің болмағандығын көрсетсе керек. Көлемі шағын
кітапшаны-ұзақ жыл зерттеп жазғаны да соны дәлелдейді. "Мен
жанды былай түсінемін:-дейді ол,-біз дененің түп негізін
тексергендей жанның да түбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан
бар болып табылады". Сөйтіп, адамның адамгершілік, ар-ожданның
негізі жан өлмейтін, өшпейтін, мәңгі құбылыс болып шығады. Одан
әрі Шәкәрім былай дейді: Ғылым жолында әлденеше түрленіп,
өзгерсе де дененің еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның еш нәрсесі
жоғалмайды". Бірақ мұндай қайшылықтарына қарамастан, жалпы
алғанда Шәкәрім прогреске, ғылымға адамдыққа сенеді.
Одан соң ұлт-азаттық қозғалысы өкілдерінің аңсаған
армандарының бірі-дербес тәуелсіздік мемлекет болу, өнеркәсіп
орындарын, қалалар салу, мәдени ошақтар ашу, түрлі оқу орындарын
жасап, олардың жұмысын жолға қою, елдің сауатын ашу, ұлттық
зиялыларды өсіріп, жетілдіру болды. Солардың бірі А. Байтұрсынов
Қазан революциясы қарсаңында араб алфавитіне реформа жасап, 29
әріптен тұратын қазақ әліппесін құрастырып тезірек хат танытудың
113
төте жолын салды."Тіл ашар","Тіл-құрал","Сауап ашқыш","Тіл
жұмсатар"деген кітаптар жазып, грамматика жасап, үлкен ғылыми
жаңалық ендірді. Қазақ халқының болашақ тағдырын ойлаған С.
Торайғыров 1893-1920) қазақтарды жапондармен салыстырды. Ол
XIX ғасырдың екінші жартысында (яғни 1868 ж. Мэйдзи
революциясынан кейін)аз уақытта феодалдық шырмаудың бұғауын
бұзып, дереу прогреске ұмтылған жапондарды қазақтарға өнеге етпек
болды. 1918 жылы жарық көрген "Социализм"деген мақаласында С.
Торайғыров былай деп жазды: "Егер қазақ Еуропаның даяр
жолдарына түспей өз беттері, алдарына жол жасауын тосып отырса,
Еуропа қатарына кірудің алыстығы сонда болар еді". Міне бұл 70
жылдан бұрын жазылса да, дәл бүгін айтылғандай, бүгінгі күн
тақырыбына жазылғандай мән-мағынасын сақтап қалған.
XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары өз халқын
көшпеліліктен отырықшылыққа, жер өндеу, егін егумен,
өнеркәсіппен айналысуға шақырғанды. Бұл мәселе әсіресе "Айқап"
журналы беттерінен кең орын алды. Сондықтан болар,30-жылдары Ә.
Бөкейхановтың күйеу баласы С. Садуақасов индустриаландыру
кезінде Қазақстан отаршылдықтың зардабынан тезірек құтылу үшін
республика жерінде өнеркәсіптің көптеген саласын ашу керек деп,
елімізді дамытудың жолын көрсетті. XX ғасыр басындағы қазақ
ойшылдары мен қоғам қайраткерлерінің көтерген мәселесі орынды
екендігін көрсетеді.
Тақырып бойынша сұрақтар:
Қазақ зиялылары мен олардың философиялық ұстанымдары.
1. Ә. Бөкейхановтың философиялық идеялары.
2. А. Байтұрсыновтың қоғамдық саяси ой-пікірлері
3. М. Жұмабаевтың қоғамдық саяси ой-пікірлері
4. М. Шоқайдың әлеуметтік – философиялық көзқарастары.
5. Қазақ баспасөзінің қалыптасуы мен қоғамдық саяси ойпікірлері
6. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандық философия.
114
Қазақ этикасының ерекшеліктері
Негізгі мақсаты: Қазақ этикасының ерекшеліктеріне тоқтала
отырып, ұлттық философияның өзіндік ерекшелігін түсіндіру.
Жоспары:
1. Қазақ этикасы жайында түсінік.
2 Қазақ этикасының ежелгі қайнар көздері
3. XX ғ. басында қазақтың әдептік мәдениетінде жаңа
нышандар.
4. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақтың дәстүрлі әдеп
жүйесін жаңғырту мәселесі
Негізгі түсініктер, этика, әдеп, ақылақ, мораль, адамгершілік,
диахрондық, синхрондық.
Қазақ этикасы-қазақ халқының әдеп жүйесін, моральды,
адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. "Этика" термині
ежелгі грек тілінде "бірлесе өмір сүруші адамдар тобының мекенжайы" дегенді білдіреді, кейін әдеп туралы ілім мағынасына ие
болды. "Әдеп" термині түрік халықтарының тіліне орта
ғасырлардағы араб-мұсылман мәдениетінің ықпалымен енген.
Көптеген мамандар этиканы әдептану деп аударып жүр. Қазақ
этикасы туралы басылымдарда "әдеп" "ақылақ" "мораль"
"адамгершілік" сияқты ұғымдар қолданыла береді және оларға әр
түрлі анықтамалар беріледі. Кейде бұл терминдер бірге өмір сүру
барысында қалыптасқан мінез-құлық, іс-әрекет ұқсастықтарын
білдіретін әдет-ғұрып деген мағынаға ие болған. Басты
ұғымдарымызды зерделеп өткең соң, қазақ әдеп жүйесінің
ерекшеліктеріне назар аударайық. Біріншіден, назарға ілінетіні қазақ
тіліндегі әдептік бастаулардың басымдылығы. Екіншіден, қазақы
бірегейленуде синкретизм анық байқалады. Екеуі де күнделікті
әдеттің реттеу тетіктері деп түсіндіріледі.
1-кесте
Этикалық аспект
Имандылық Ізгілік Адамгершілік
115
Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, әдет-ғұрып құрастырады.
Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениеті дүниенің екі бөлігі табиғат пен
адамның етене тығыз байланыста болғандығымен олардың еншісі
бөлінбеген күйде өмір сүргенін куәлайды. Мұның басты негізіне
көшпелілік өмір салты жатады. Көшпелілер өздерін табиғаттың
тікелей жалғасы, соның төл баласы ретінде сезінді. Қазақ халқының
ұлтжандылық дәстүрлері, отансүйгіштік қасиеті сонау көшпелілік
заманнан бастау алған. Көшпелі қазақтар қоршаған ортаны,
табиғатты өздеріне қарсы қоймаған. Табиғатты қастерлеу адамдық
парыздан пайда болады. Этика ұлттық сипаты айқындалған ілімдер
қатарына жатады. Өйткені әр халықтың орналасу аймағына, тіршілік
салтына, өмір сүру дағдыларына байланысты ортақ мінез-құлық
ережелері, жүріс-тұрысы, тыныс-тіршілігі қалыптасады. Қазақ
этикасы өзінің көл-көсір молдығымен де, адамгершілік
қуаттегеурінімен де, тарихи айқындылығымен де халықтың рухани
өмірінде ерекше орын алды
Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай
Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы
мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Кіндік
Азиядан табылған түріктердің атақты Күлтегін, Тоңыкөк
жазуларында татулық, бақыт, дәулет секілді әдеп ұғымдары жиі
кездеседі. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес
қосты. Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптық және әдептік жүйесі қазақ
хандығы Ресейдің құрамына енген кезден бастап түбегейлі
өзгерістерге ұшырады. Отырлық әдеп мәдениетінің төмендегідей
ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына енуіне
байланысты қазақтың дәстүрлі әдет құқығы мен көшпелілік әдебі
оның табиғатынан мүлдем бөлек отарлық құқық пен
христиандықморальдық экспансияға ұшырай бастады. Жалпы
маргиналдану тек әдептік мәдениетке емес, сонымен бірге
инновацияға ұшырап отырған бүкіл руханилық пен тұлғалық
қылыққа сай нәрсе. Алайда, Қазақстан жағдайында дәстүрлі
мәдениеттен батыстық (ресейлік арқылы) құрылымдарға өту табиғи
жолмен емес, үстем мәдениеттің үлгілерін әкімшілік жолмен тану
арқылы жүргізілді. Отарлық жағдайдағы дәстүрлі әдептегі өзгерістер
жөнінде Абай шығармашылығында көптеген құнды пікірлер
айтылған.
116
Абай дәстүрлі әдептің басты тұлғасы-билер қызметіне жаңаша
баға береді. Оның пікірінше, көшпелілер үшін сыртқы сот-билер соты
қоғамдық қажеттіліктен туындайтын құбылыс. Олар оны әлеуметтік
қажеттілік есебінде ғана мойындайды. Бірақ сыртқы сотты (сот
процесін) онша "жақтыра, құптай" бермейді. Оның қоғамдағы орнын
амалсыз мойындайды, бірақ асыра бағаламайды. Керісінше, егер
мүмкіндік болып жатса, әр адам өз ісін өзі сотсыз-ақ тікелей
шешкенді қалайды. Сот тек басқа жол болмағанда (талас-дауды
шешудің, бітімге келудің) ғана қолданылатын шара деп
қарастырылады.
Абай қазақтың әдептік мәдениетіндегі теріс қылықтарды тек
айыптап қана қоймай, оның себептерін де ашып көрсетеді. Абайдың
түсінігі бойынша, ешбір адам туған күннен бастап қылмыскер
болмайды. Олай тұжырым жасаудың ешқандай да негізі жоқ, яғни
жалған. Қылмыстық әрекеттерді тұқым қуалау арқылы қалыптасады
деген теорияны Абай мына шумақтармен ("Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін") жоққа шығарады. Мәдениетті елдер қатарына қосылу
үшін, дейді Абай, ең алдымен қазақ халқы төмендегідей кеселді
қылықтардан құтылу керек:Күллі адам баласын қор қылатын үш
нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі-надандық, екінші-еріншектік,
үшінші-залымдық деп білесің.
XX ғ.басында қазақтың әдептік мәдениетінде жаңа нышандар
пайда бола бастады. Біріншіден Ресей Қазақстанды толық отарлау
саясатына көшті. Бұрынғы дәстүрлі басқару мен реттеу тетіктерінің
орнына империялық заңдар енгізілді.
2-сызба
117
Билер соты өз функциясынан айырылып қалды. Оны әлсірету
мақсатында Ресей әкімшілігі билер сотының шешіміне аппеляция
(шағым) беруді ресми бекітті, яғни барлық мәселені түбінде болыстар
мен ояз әкімшілігі шешіп отырды. Алайда, кейінгі Кеңес өкіметіндей
Ресей дәстүрлік мәдени реттеу тетіктерін толық жоймады.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі түбегейлі өзгерістер,
сонымен, табиғи жолмен емес, күштеу принципі арқылы жүргізілді.
XIX ғ.ортасы мен XX ғ. басы –қазақ халқының отаршылдыққа қарсы
толассыз көтерілістер кезеңі. Қазақтың дәстүрлі әдептік реттеу
тетіктерінің біртіндеп істен шығуы далада тек мінез-құлықтық
ретсіздік ғана емес, сонымен бірге ұлттық сананың оянуына әкелді.
Қазақ қайраткері М. Дулатов XX ғасырдың басында өзінің атақты
"Оян қазақ!" деген мәдени бағдарламасын жариялады.
Ресей патшалығы отарланған қазақ халқын қанды шеңгелінен
шығармау мақсатымен үш түрлі қанды қақпанға құрылған түбірлі
саясат ұстанған. Олар: Қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру
тәсілімен тартып алып түпкілікті меңгеру: өздерінің рухани сағын
сындыру үшін, христиан дініне шоқындыру арқылы орыстандыру :ең
қәуіпті нәрсе-қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтық сезімін
өшіріп рухани құлдыққа танудың таптырмас құралы территориялық
принципке негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнықтыру
арқылы рушылдықтың отына май құйып, өздерімен өздерін
жауластырып қоюдан басқа ешнәрсе де емес.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың дәстүрлі әдеп
жүйесін жаңғырту мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Қазақ
этикасының басты мәселелері ретінде ұлттық әдеп жүйесін
диахрондық және синхрондық талдау, ондағы дәстүр мен
жаңашылдықтың арасалмағын айқындау, өтпелі қоғам мен ғаламдану
жағдайындағы әдептік реттеу тетіктерін айқындау, нарық пен
моральдың, табыс пен ізгіліктің арақатынасын айқындау, діни әдеп
жүйесінің ерекшеліктерін сараптау, т.т.белгіленді. Қ. Ш. Нұрланова
қазақ этикасына тән әсемдік пен ізгіліктің синкретті бірлігіне назар
аударып, қазақтың ұлттық идеясы ретінде Жарық дүниедегі адами
іштесуді атап өтеді. Ғ.Ғ. Ақмамбетов қазіргі өркениеттегі
индивидуалистік ұстанымдардың маңыздылығына назар аударады.
Т. Ғабитов этиканың жақсылық пен жамандық, әділеттік, ар, бақыт
сияқты категорияларына философиялық талдау береді және әдептікмәдени типтерге назар аударады. Қазақ этикасы мен эстетикасының
118
мәтіндерінде поэтикалық жанрда берілген ақын-жыраулар
шығармашылығына үлкен орын берілген. Қорқыт атадан ХХ ғ.ақынжазушыларына дейін, қазақ сөз шеберлері заманның аумағы-төкпелі
болғанын, саналы ой емес, санасыздықтың бел алып бара
жатқандығын, адам болмысының азып, танымның таусылып бара
жатқанын қынжылып наразылықпен жырлайды, кейде өткенге өксіп
қарамай, ескіні аңсамай, болашаққа да назар салмай, өз тұсындағы
заманның мән-мағынасын түсінуге ғана тырысып, өзіндік танымы
жеткен құбылыс шындықтарын халыққа жақын жеткізу бар. Жеке
адамның қалыптасуында сыпайлық пен адамгершілік, әдептілік пен
әдемілік ұстындарының маңызды роль атқаратындығын олар ерекше
атап өтеді. Сонымен қатар, олар білім мен білімділіктің
маңыздылығын терең түсіне білді, қазақ жастарын ізгілік пен
шындылық, әдептілік пен ақыл-ойды, адамгершлік пен білімді
өмірлерінің ең негізгі ұстындары деп қарауға шақырады. Олардың
пікірі бойынша, адамгершілік нормалары мен ұстындарын күнделікті
өмір сүру тәсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге
болады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Қазақ этикасы-қазақ халқының әдеп жүйесі жайында.
2. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері
3. Қазақтың салт-дәстүрлері.
4. Қазақ хандығының Ресей империясы құрамына енуіне
байланысты қазақтың дәстүрлі әдет құқығының өзгеруі.
5. Әдептің басты тұлғасы - билер қызметі жайында не айта
аласыз...
6. XX ғ.басында қазақтың әдептік мәдениетінде жаңа нышандар.
7 Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақтың дәстүрлі әдеп
жүйесін жаңғырту мәселесі
119
В-модулі. Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері
Болмыстың философиялық ұғымы
Негізгі мақсаты: Философияның бірінші ұғымы болмыстың
философиялық мәнін талдау, дүниенің көптүрлілігі мен бірлігін
айқындау.
Жоспары:
1.Болмыс ұғымы туралы түсінік.
2.Болмыстың философиялық ұғымы жайындағы көзқарастар.
3.Болмыстың философиялық мәні.
Негізгі түсініктер: дуализм, монизм, философиялық
плюрализм, онотология, болмыс, агностицизм.
Әлемнің сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін,
айнала қоршаған ортадағы заттардың, құбылыстар мен процестердің
өзара байланысын, олардың дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының
сан түрлі құпияларын танып білу қажеттігін - “болмыс” деп аталатын
кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғымның тарихи
тұрғыдан қалыптасуының басты себебі әрі алғышарты болып
табылады. Тарихи дамудың әр дәуірінде өмір сүрген ғұламалар мен
ойшылдарды бұл ұғымды философиялық ой – толғаныстардың түп
қызығы, бастапқы негізі деп қараған.
Болмыс философиядағы негізгі түсінік болмыс туралы ілім,
антология философия күні бүгінге дейін әртүрлі көзқарастар
дискуциялар болып түрады себебі болмыс проблемасы күнделікті
уақытта адам адамзатқа күрделі сұрақтар қояды.
Адамдар белгілі бір табиғи және әлеуметтік ортада өмірге
келеді, тіршілік - әрекетке араласады. Олар қоршаған ортаның, тұтас
дүниенің бар екендігіне еш шүбә келтірмейді, бір қарағанда бұл
өзінен - өзі түсінікті сияқты көрінеді. Сонымен бірге адамдар табиғат
пен қоғамда үнемі өзгерістер болып, оның толысып жататына
қарамастан, дүние біршама тұрақты нәрсе ретінде сақталатынын да
анық аңғарады.
Болмыс ұғымы – философияның ең ежелгі әрі маңызды
категорияларының бірі. Ол жалпылай алғанда “бар болу”‚ “өмір
120
сүру” проблемасын қамтиды. “Болмыс түсінігінің арғы түбінде
“болу”, “бар болу” деген мағынаның барын аңғару қиын емес. Бүл
түсінік адамның айнала қоршаған ортаны біртұтас әлем есебінде
танып білуге ұмтылуынан туындаған.
Осы заманғы философиялық әдебиеттен болмыс сөзінің екі
түрлі мағынасын аңғаруға болады. Тар мағынада болмыс – адамның
санасынан тәуелсіз, тысқары өмір сұретін объективті, материалдық
дүниені білдіреді. Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш
пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған көне грек ойшылы
Парменид (б.э. дейінгі V – VII ғ.ғ.) еді. Оның пікірі бойынша, болмыс
дегеніміз – бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу –
болмыссыздық. Парменид әлемнің болмыс есебінде тұтастығына,
тұрақтылығына, мәңгілігіне, ең бастысы бар болуына, өмір
сүретіндігіне көңіл бөледі.
Парменидтің замандасы атақты көне грек философы Гераклит
үшің ең маңызды нәрсе дүниенің мәңгі қозғалыста екендігі. Оның
пікірінше, болмысқа қарама қайшылықтар мен олардың өзара
әрекеттесуі тән. Сондықтан болмыс өзгермелі. Болмыс пен
болмысыздық ажырамас бірлікте.
Кқне грек философтары Левкипп пен оның шәкірті Демокрит
болса әлемдегі барлық заттардың түп негізі ең ұсақ бөлінбейтін
бөлшек атом деп көрсетті.
Антикалық дәуірдің атақты философы Платонның пікірінше,
болмыс мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани
идеялар дүниесі.
Неміс философы Гегель шынайы болмыс «абсолютты идея» деп
тұжырымдады. К. Маркс пен Ф. Энгельс болса материалистік
дүниетаным мен диалектиканы ұштастыра отырып, қоғам мен оның
тарихын танп білудің жаңа сипаттағы ғылыми методологиясын
ұсынды. Олар философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа
түсінік енгізді. ХХ ғасырда пайда болған экзистенциализм өмір сүру
философиясында болмыс мәселесіне ереше көңіл бөлінді.
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара
байланысты болатын сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар мен
процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің,
адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды.
121
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Болмыстың философиялық концепциясы.
2. Болмыс ұғымының тарихи сипаттамасы
3. Болмыс сөзінің қазіргі әдебиетте кездесетін мағынасы.
4. Марксизм философиясындағы болмыс ұғымы.
5. ХХ ғасырдағы экзистенциализм философиясындағы болмыс
ұғымы.
6. Болмыстың философиялық проблема ретіндегі қырлары.
122
Болмыстың негізгі түрлері
Негізгі мақсаты: Болмыстың түрлері мен деңгейлері жайында
мәліметтер беру
Жоспары:
1.Болмыстың түрлері мен деңгейлері және олардың
диалектикалық өзара байланысы.
2.Табиғат болмысы немесе заттар және процестер болмысы.
3.Адам болмысы.
4. Рухани болмыс.
Негізгі түсініктер: болмыс, агностицизм, метафизика,
диалектика.
Тұтас дүние өзіндік ерекшеліктерімен дараланатын, бірақ өзара
байланысты болатын сансыз көп заттардың, құбылыстар мен
процестердің, құрылымдар мен жүйелердің, тіршілік иелерінің,
адамдардың жалпы бірлігін, өмір сүруін қамтиды. Аталған әрбір
құбылыстың өзіндік даралық мәні бар дейтін болсақ, онда тұтас
дүниені мәндердің мәндісі деп қарау орынды. Дүниені құрайтын
әрбір даралықтың, құбылыстың тек өзіне тән, өзін басқа емес, дәл
осының өзі етіп тұрғанын анықтаушы ерекшелігі бар. Осы
анықтаушы ол құбылыстың дара болмысының мәні болып табылады.
Дара болмысты мойындай отырып, оларды жинақтап қарау, ортақ
белгілерімен қасиеттерін іздеу арқылы болмысы түрлерге топтастыру
таным мен өмірлік практика үшін мейлінше қажет.
Болмыстың түрлері туралы проблема философия үшін де өте
маңызды. Себебі философияның негізгі мәселесін – түбегейлі шешу
үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.
Осы тұрғыдан алғанда болмыстың бір-бірінен айырма тұрған
мынадай негізгі түрлерін ажыратуға болады:
1) табиғат болмысы немесе заттар (денелер) және процестер
болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары мен процестері және
адамдар жасаған заттар, процестер болмысына бөлінеді;
2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және
адамның өзіндік болмысына жіктеледі;
3) рухани (идеялық) болмыс;
123
4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және
процестегі жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына
бөлінеді.
Басқаша айтқанда, тарихи тұрғыдан бағдарласа, адамның өмір
тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі - табиғат заттарымен табиғи
процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам
санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған табиғи ортаны
танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және
ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналды.
Табиғат адам атаулы пайда болғанға дейін болды, өмір сүрді.
Адам мен оның санасы пайда болғаннан кейін де ол өз болмысының
тәуелсіздігін сақтайды.
Табиғат тұтас алғанда кеңістік пен уақыт тұрғысынан шексіз-ол
әрқашан және қайда болса да болған, бар және бола береді. Төл
табиғат сонымен бірге ерекше тұрпатты ақиқат болып табылады.
Табиғат үшін өмір сүру, болу-адам санасымен қабылданатын
құбылыс дегенді әсте білдірмейді. Әлем дүниесінің шексіз зор
кеңістіктері адам пайда болғанға дейін ешкімнің санасымен ешқашан
қабылданған емес.
Табиғат - объективті шындық, ол алғашқы, онсыз адамзаттың
өмірі мен қызметі де мүмкін емес. Табиғатсыз адам жасап шығарған
заттар мен процестер, яғни екінші табиғат та пайда бола алмас еді.
Енді жекелеген адам және тұтасымен адамзат болмысының
елеулі принципті өзгешелігі, өзіндік сапалық мәні неде деген
мәселеге келейік. Әрине, бұл болмыстың да табиғаттың көшпелі
заттармен ортақ болып келетін маңызды өмір сүру белгілері бар.
Болмыс туралы жалпы философиялық ілім үшін ең алдымен
адам қалай өмір сүреді деген сұрақ төңірегінде ойлану әлдеқайда
маңызды. Оның тәні, денесі - табиғаттың бөлшегі. Адам өмірі
шектеулі, ол, өйткені, болмыс иесі. Оған тамақтану, киім-кешек жайкүйі үшін өзіне жағдай жасау, ыстық-суықтан қорғану, табиғаттың
түрлі өмірге қауіпті күштерінен сақтану, т.б., қысқасы, тіршілігін
қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, ол табиғи түрде тұқым
қуалаушылық заңдарына бағына отырып, жаңа ұрпақтың, өсіпөрлеуіне себепкер болуға тиіс.
Адам болмысының алғышарттары – оның денесінің табиғат
бөлшегі ретінде, организм ретінде өмір сүруі.
124
Адам болмысының басты ерекшелігі-ақыл-ой иесі, санасы бар,
яғни тек тәннің ғана емес, жанның, рухани дүниенің иесі екендігінде.
Адамдар дүниеде тек өмір сүріп қана қоймайды, сондай-ақ дүниеге,
қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға және өздері өздеріне әсер
етуге, өзгеріп, түрлендіруге қабілетті.
Адамдар болмысы жекелеген адамдар санасы тұрғысынан
алғанда нақтылы, объективті. Адам болмысы - заттың, табиғилық пен
руханилықтың, дербестік пен қауымдастықтың, жеке кісі мен
қоғамның өзара қайшылықта тұратын ажырамас бірлігі.
Енді рухани болмысқа тоқталайық. Руханилық - өзінің өмір
сүруі мен көрінісінің нақты түрлері жөнінен сан алуан болып келетін
сана мен санасыздық процестерін қамтитын көптүрліліктің
біртұтастығы. Оның құрамына табиғи тіл мен таңбалық жүйелер
түрінде іс жүзіне асырылған, материалдандырылған білім кіреді.
Рухани болмысты шартты түрде үлкен топқа - жеке адамдардың
тіршілігінен ажыратып қарауға болмайтын дербестенген
руханилыққа және дара адамнан тысқары өмір сүре алатын
объективтендірілген руханилыққа бөлуге болады. Біріншісі - басқаша
айтқанда, дараланған адамның санасы. Ол нақты адаммен бірге пайда
болып, бірге өмір сүреді, сыртқы дүниені бейнелейді. Сана арқылы
адам табиғи және әлеуметтік ортадағы өз орнын, басқа адамдармен
қарым-қатынасын анықтап, өз ойлары мен сезімдерін аңғарып,
бағдарлайды.
Объективтендірілген рухани болмыс жеке адамдардың
санасынан тысқары өмір сүреді және міндетті түрде материалдық
құбылыстардан көрініс табады. Материалданған рухани өнімдер мен
процестер, сөздер, дыбыстар, табиғи және жасанды тілдер арқылы
жүзеге асады. Мәселен, тіл - дербес және объективтендірілген рухани
болмыстардың бірлігі болып табылады.
Рухани болмыстың объективтендірілуі қалай жүзеге асады
дейтін болсақ, ең әуелі белгілі бір ой, идея, пікір жеке адамның
санасында дербес пайда болады. Одан кейін адам өмір өмір
тәжірибесіне, біліміне, қабілетіне, мүмкіндіктеріне сүйене отырып,
ой-пікіріне, идеясына материалдық сипат береді: тіл арқылы
өрнектейді, жоба жасайды, нотаға түсіреді, сурет салады, материалды
бұйым жасайды, т.б.пайдаланды, келе-келе есеп-шот дүниеге келді.
Болмыстың жоғарыда қарастырылған негізгі өмір сүру, көрініс
табу түрлерінің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары бар – олар
125
физика, биология, антропология, социология, т.б. сияқты сан алуан
ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондай – ақ, олар
белсенді түрде өзара қарым – қатынасқа түсіп, тұтас байланыс
құрайды, бір – біріне өтіп отырады. Ең бастысы, дүние болмысы
тұтас, тұрақты, үйлесімді, сөйте түра, үнемі қозғалыста, өзгермелі,
құбылмалы. Оның ашылмаған құпиясы, атқарылмаған сыры әлі де
көп. Адам оны игеру жолында, игілікке пайдалану ниетінде іздене
бермек.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Болмыстың түрлері мен деңгейлері және олардың
диалектикалық өзара байланысы.
2. Табиғат болмысы немесе заттар, процестер болмысы жайында
түсінік.
3. Адам болмысы жайында түсінік.
4. Рухани болмыстың философиялық ұғымы.
5. Обьективтендірілген рухани болмыс жайында түсінік.
126
Материя ұғымының философиялық мәні
Негізгі мақсаты: Материяның ғылыми-философиялық
ұғымының қалыптасуы жайында мәліметтер беру.
Жоспары:
1. Материя ұғымы туралы түсінік.
2. Ежелгі грек философиясындағы материя туралы ой пікірлер.
3. Жаңа заман философиясындағы материя туралы ой пікірлер.
4. XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басы физика саласында
ашылған жаңалықтардың материя туралы ой пікірлерге әсері.
Негізгі түсініктер: материя, субстанция, метафизика,
диалектика.
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз
объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп
қазығы, мән – мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым
материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи
түрде қалыптасқан. Өзінің практикалық қызетінде қоршаған ортамен
қарым –қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар
мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне
мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды : шетсіз де шексіз көп заттармен
құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын
нәрсе бар ма ? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі
адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен
тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді
деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар
қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы
елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде
ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын
ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір
бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция
«латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан»деп атады.
Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің
өмір сүруінің, олардың ішкі бірлгінің негізі деп қаралды. Түрлі
заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір
уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда
127
болмайды, жоғалып та кетіп жатады, ол бар болғаны өзінің өмір сүру
әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Дүниенің бірлігін, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп
ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция
туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни идеалистік
көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда
болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі
қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нарсе жоқ,
сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы
материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты
түрлерімен, яғни, затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек
философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір
бастапқы затт деген көзқарас орын алады. Мәсенлен, Фалес үшін оол
– су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт
заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз
– осы деген ұғымда кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі
барлық құбылыстардың бастама негізі анық емес, шетсіз де шексіз,
таусылмайтын, үнемі өзгеріп отыратын материя - апейрон деп
аталыады. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом
туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой – пікірлерін
кейіннен Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытты. Бұл ілім мынаған
келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан тұрады.
Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік
қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек. Денелер мен
заттар және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы
атомдардың санына және де және ол атомдардың өзара орналасуына
байланысты.
Қысқасы, ежелгі грек материалистерінің көзқарасы бойынша,
күрделі заттардың бәрі қарапайым заттардан шыққан, солардың
қосындысы, құрамасы. Күрделі заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере
береді. Олар ыдырағанда алғашқы қарапайым заттардан ажырайды.
Ал қарапайым заттар біртекті, тұрақты болады. Материя міне, осы
кезеңнен бастап ақ материалистік бағытта бүкіл ғарыштың түпкі
негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығы шығатын тек ретінде қаралады.
Сөйтіп, ежелгі материалистердің көзқарасында, тұтас алғанда,
дүниенің материалдығы, оның мәңгілігі мен үздіксіз өзгермелі болуы,
материяның санадан тәуелсіздігі сияқты бірыспыра өте маңызды, әлі
128
күнге мәні жоғалмайтын құнды пікірлер бар. Олар үшін әлем түрлі
заттардың кездейсоқ қосындысы емес, ол біртұтас құбылыс. Алайда
олардың философиялық ойтолғамы өз дәуірлерінің даму деңгейіне
сәйкес қарапайым шектеулі еді. Солай бола тұрса да, олар жасаған
ілімнің кейбір негіздері XIX ғасырдың аяғына дейін материалист
философтар мен жаратылыстанушы ғалымдардың ой жүйесінде
үстем орын алып келді.
Жаңа дәуір философиясында қоғамдық өндіріс пен жаратылыс
ғалымдарының, әсіресе, математикамен механиканың дамуы,
қоғамдық еңбек бөлінісінің төмендеуі материяны механикалық
заттармен механикалы қасиеттерімен теңгеруге жол ашты.
Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес,
олардың бәріне де тән ортақ қасиеттерімен байланыстыруға
бейімделді. Мәселен, И. Ньютонның механикасында тұрақты шама
болып табылатын масса маңызды роль атқарады, массаны ол
материяның сандық өлшемі деп атады. Кейіннен филосовтар мен
жаратылыстану ғылымдары материя мен массаны пара – пар деген
пікірге ауытқып кетті. Д. И. Менделеев 1889 жылы Санкт –
Петербургте жарыққа шыққан «Химия негіздері» деген былай деп
жазған болатын : «Зат немесе марерия дегеніміз кеңстікте орны мен
салмағы бар масса...» Материя ұғымының мәнін түсінуге біршама
жақындап келген француз материалистері болды. «Жалпы алғанда
материя дегеніміз, - деп жазды П. Гольбах, - біздің сезімімізге әсер
ете алатынның бәрі...» Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғына дейінгі
материалистік дүниетанымда материя ұғымын түсінуде
метафизикалық, механикалық көзқарас үстем болды. Оның өкілдері
материямен нақты материялдық объектілердің арасындағы
айырмашылықты біле алмады, материя ұғымын өздерінің
материялдық дүниенің құрылымы туралы түсініктерімен теңгерді,
материяны санамен емес, түр, қасиет, қозғалыс ұғымдарымен
салыстыра қарастырды.
Қысқасы, материя туралы қалыптасқан мұндай біржақты,
шектеулі көзқарас ғылымның танымның, қоғамдық практиканың,
жалпы мәдениеттің, сондай ақ, философиялық ой жүйенің даму
деңгейімен байланысты еді.
Жоғарыда атап өткендей, тарихи тұрғыдан материалистік
көзқарастармен қатар субстанцияның идеалистік теориялары да пайда
болып, қалыптасты. Оъбективті идеалистердің тұжырымы бойынша,
129
материалдық дүние дегеніміз – бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән
сипаты бар ақыл-ойдың, абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы, іс
жүзіне асуы. Аристотельдің пікірінше, материя дегеніміз – барлық
заттар құралып, жасалып шығатын материал, ол түр арқылы ғана
мәнге ие болады. Бұл жерде түр тегі жағынан рухани, идеалдық
сипатқа ие бола отырып, белсенді, шешуіші роль атқаратын негіз
болып табылады.
Алайда XIX ғасырдың аяғына қарай жаратылыстану
ғылымдарының шарықтап дамуы, дүниеге диалектикалық
материализм тұрғысынан қарайтын дүниетанымның қалыптасуы
материя туралы механикалық, метафизикалық және идеалистік
қөзқарастардың дәйексіздігін ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды.
XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физика саласында
ашылған радиактивтілік құбылысы, рентген сәулесі, электронның
нақты өмір сүретінінің дәлелденуі, электромагнит өрісі
құбылысының табиғатын тану, арнаулы свлыстырмалық теорияның
жасалуы сияқты аса маңызды жаңалықтар ескі дүниетанымның
іргесін сөгіп, төңкеріс жасағаны мәлім. Бөлінбейтін ең кішкене
бөлшек, әлемді ұстап тұрған кірпіш деп келген атомның күрделі
құрамы бар болып шықты, оның өзі зарядталған ядро мен оның
төңірегінде белгілі энергетикалық деңгейлердегі траекторияда
қохғалыста, тербелісте болатын теріс зарядтағы электрондардан
құралады екен. Ядроның құрылымы да өз алдына бір күрделі әлем,
протон, позитрон және нейтрин олардың күрделі қатынасымен
сипатталады. Үнемі қозғалыста болатын электронның массасы да
тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгереді. Микробөлшектердің
табиғаты екі жақты, олардың әрі заттық, әрі өрістік қасиеттері бар.
Жарықтың бөлшегі - фотонды тіпті де затқа жатқызуға болмайды.
Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең.
Лениннің «Материализи және эмпириократизм» атты еңбегінде
материяға берген анықтамадан оның негізгі екі белгісі айқын
көрсетілді, біріншіден, материя адамның санасынан тыс тәуелсіз өмір
сүреді, екіншіден, ол адамның санасында бейнеленеді. Бірінші белгі
материяның санаға қарағанда бірінші, бастапқы екендігін білдірсе,
екінші – материалдық дүниені танып – білуге болатындығын
көрсетеді. Сөйтіп, материяның бұл анықтамасы философияның
негізгі мәселесін тұтасымен материалистік ағымның нақты пайдасына
шешеді. Сонымен бірге бұл анықтамада материаның нақты түрлері
130
мен қалыптары, белгілі бір қасиеттері көрсетілмейді. Мұның өзі
диалектикалық ойлау әдісінің метафизикадан айырмашылығын
көрсетеді. Материяның басты қасиеті – санадан тыс объективті
нақтылық ретінде өмір сүруі.
Сөйтіп, материя, біріншіден, санаға дейін өмір сүреді;
екіншіден, тысқары өмір сүреді; үшіншінден, бейнесі жасалатын
құбылыс есебінде санадан тәуелсіз өмір сүреді; төртіншіден, құралы
есебінде санадан тыс өмір сүреді.
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын материядан
басқа ештеңе де жоқ. Қозғалыс – материяның ажырамас, мәнді
қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар
болмайды, жоғалып кетпейді.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Субстанция туралы түсінік.
2. Ежелгі материалистік ілімдердегі материя туралы түсінік.
3. Демокриттің атом туралы ілімі.
4. Жаңа заман философиясындағы материя туралы түсінік.
5. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғғ. басындағы жаратылыстану
ғылымындағы ашылған жаңалықтардың материя туралы түсініктерге
тигізген әсері.
6. В. И. Лениннің материяға берген анықтамасы.
131
Материяның өмір суру тәсілдері мен формалары
Мақсаты: Қозғалыс, кеңістік және уақыт жайында мәліметтер
беру
1.Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі.
2.Энгельстің материя қозғалысының түрлері.
3.Материя өмір сүруінің негізгі формалары.
Негізгі түсініктер: материя, қозғалыс, энергетизм, кеңістік,
уақыт.
Объективтік дүниеде үнемі қозғалыста болатын матерядан басқа
ештеңе де жоқ. Қозғалыс –материяның ажырамас, мәнді қасиеті,
атрибуты, өмір сүру тәсәлі. Ол да материя сияқты жоқтан бар
болмайды, жоғалып кетпейді.
Сонда қозғалыс дегеніміз не ? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын
мысалға жүгінейік : атомның құрамында ядро мен электрондар өзара
байланысы болатыны белгілі. Оң зарядты ядроның төңірегінде түрлі
энергетикалық деңгейлерде теріс зарядты электрондар қозғалыста
болады. Атомдардан молекулалар, олардан түрлі органдардың
байланысты нәтижесінде өмір сүреді. Адамдар арасындағы өзара
қатынастар, олардың іс-әрекеттері мен қызметі негізінде қоғамға тән
процестер жүріп жатады. Сансыз көп түрлі заттардың, құбылыстар
мен процестердің құрамында үнемі өзгерістер жүріп жатады.
Құрамдас бір бөлшектер дәл сол күйіндегі өмір сүруін тоқтатып,
басқа сипаттағы объектіге айналады, екінші біреулері жаңадан пайда
болып жатады, т.б. Байқап отырғанымыздай, қозғалыс жай ғана
заттар мен денелердің кеңістігіндегі орын ауыстырумен
шектелмейтін кең ұғым. Қозғалыс дегеніміз –кез келген өзара әсер,
өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс
арқылы білдіріп, бздің санамызға, түйсік сезімдерімізге әсер ете
алады.
Қозғалыстың ішкі өзіне қарама- қарсы бір сәті - тыныштық.
Тыныштық қозғалыстан бөлек те, брге де емес, ол бар болғаны
қозғалыстың бр сәттік тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір
түрінен екіншісіне ауысып отырады. Дамудың нәтижесінде жансыз
материядан пайда болады. Жанды материя жансыз материяға
айналады. Осының бәрінде тыныштық сәті бар. Жер шары Күнді
132
өзінің орбитасымен айналуда. Жердегі денелер, құбылыстар мен
процестер, әрине, онымен бірге қозғалып отырады. Бірақ олар Жерге
қатынасында тыныштық қалпында. Адам қозғалмай, тыныш отыр
дегеннің өзінде оның ой жүйесі жұмыс істеп тұрады, тыныс алуы, қан
айналымы, жүрек соғуы тынымсыз. Сондықтан да қозғалыс
обсолютті, ал тыныштық өзі де- өзі де қозғалыс, оның бір сәті, бір
сәттік тепе - теңдігі. Ендеше тыныштық - салыстырмалы, өткінші.
Тыныштық – бір жағдайда, бір қатынаста ғана тыныштық, басқа
қатынастардың бәрінде ол да қозғалыс.
Қозғалыс туралы, оның материяның ажырамас қасиеті екені
жөнінде ерте заманнан бергі көптеген материалистер құнды пікрлер
қалдырған болатын. Алайда олардың бәрі дерлік қозғалысты
кеңістіктегі механикалық орын аыстыру деп тсінді. Олар материяның
өздігінен қозғалуының ішкі қайнар көзін ашып, түсіндіріп бере
алмады. Қозғалыстың материяға мырттан берілетін, әсер туғызатын
белсенді күш ретінде қаралды. Мұндай көзқарас дүниені о баста
қозғалысқа келтірген алғашқы бір күштің болғаны рас деген
тұжырымға тоқтайтыны сөзсіз еді. Ал шын мәнісінде, материя бар
жерде қозғалыс та болады, оның себебі, бастау көзі материяның
өзінде. Ол жөнінде кейінгі тарауларда айтылады.
Қозғалыстың табиғатын диалектикалық-материалистік тұрғыдан
түсіну түрлі идеалистік ағымдармен қарама қайшы. Мәселен, сондай
идеалистік ағымның бірі – немістің белгілі жаратылыстанушы
ғалымы Освальд негізін қалаған энергетизм философиясы қозғалысты
материядан бөліп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетеді,
ал энергия болса материя емес, ендеше материя ғайып болады дегенді
дәлелдеуге тырысқан болатын. Осы заманғы кейбір энергетизм
философиясын қуаттағысы келетін ғалымдар да Е = мс формуласын
өзднрінше түсіндіргісі келді. Олардың пікірінше, жарықтың
жылдамдығы тұрақты коэфициент болғандықтан, бұл формула
материя мен энергияның өзара баламалылыгымен білдіреді. Немесе
олар электрон мен протонның фотонға айналуын да материяның
жойылып, ғайып болуы деп есептейді. Бұл жерде энергетизм өкілдері
методологиялық қате жіберіп отыр. Біріншіден, энергия материядан
бөлек, одан тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиеті,
қозғалыстың сан өлшемін білдіреді. Материя бар жерде қозғалыс та
бар, ендеше энергия да бар. Екіншіден, бөлшектердің фотонға
133
ауысуы бар болғаны материяның бір қалпынан, яғни заттық қалпынан
- екінші, өрістік қалпына өзгеруін көрсетеді.
Материяның өмір сүруінің көптеген қалыптары мен түрлері,
оның жүйе есебінде ұйымдасуының әр түрлі материялдық
деңгейлеріне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрі болады. Бұл
мәселені тереңірек зерттеп, бір арнаға түсірген Ф. Энгельс болатын.
Ол материя қозғалысының негізгі бес түрін жіктеіді : механикалық,
физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыстар.
Бұл жіктеу өз маңызын әлі сақтап келеді, сақтай да бермек. Сондай
ақ, ғылымның дамуы, адам практикасының жемісі материяның
ұйымдасып, жүйеленуінің жаңа сапалық түрін аша беретіні сөзсіз.
Олар жоғарыдағы жіктеуді толықтырып, тереңдетіп отырмақ.
Жалпы алғанда қозғалыстың түрлерін ғылым салалары
зерттейді. Сондықтан оларға тоқталып жатпай, айта кететін бір нәрсе:
философия тарихында жасалған ең терең әрі мәнді төңкеріс –
материяның әлеуметтік, қоғамдық түрінің ашылуы, басқаша
айтқанда, адамзат тарихын материалисік тұрғыдан түсіндіру.
Қоғамның материалдық негізінің неде екенін ашу – материяны затпен
пара пар деп ойлаудан үзілді кесілді бас тарту, оны материя туралы
ғылыми көзқарастың пайда боуы деуге болады. Қоғамдық өмірдің
негізі – адамдардың материалдық өндірісі, табиғатты, қоғамдық, яғни
адамдардың өздерін өзгерту қызметі. Сондай ақ, адамның санасы да
оның болмысын бейнелеп, оның болашақ жобаларын идеалды түрде
жасай отырып, адамдардың материалдық өмір процестерінде белсенді
әрекет жасайды. Осы тұрғыдан алғанда адамның ақыл ойы да
қозғалыстың ерекше түріне жатады.
Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрі күрделі байланыста
болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты,
химиялық қозғалыс - механикалық және физикалық қозғалысты
қамтиды, т.б. Ең жоғары әлеуметтік қозғалыстың қрамында алдыңғы
формалардың бәрі өз бейнесін табады. Басқаша айтқанда,
материяның тарихи дамуы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткен
сайын қозғалыстың түрлері де бір сападан екінші, жоғары да күрделі
сапаға ауысып отырады. Сондықтан да қозғалыстың неғұрлым
жоғары түрлерін оның төменгі түрлерінен әсте де бөліп алып
қарастыруға болмайды. Оның үстіне жоғары түрлерін төменгі
түрлерімен тепе-тең етіп қарастыру да қате. Мәселе, электронды
есептеу машиналарында механикалық, физикалық-химиялық
134
процестер жүріп жатады, ал адам миының қызметі ең жоғары
қоғамдық қозғалыс түріне қатысты.
Кеңістік пен уақыт та қозғалыс сияқты материяның ішкі
ажырамас қасиеттері, өмір сүру формалары болып табылады. Әлемде
тек қозғалыстағы материя ғана бар дедік, ендеше ол қозғалыс
кеңістікте және уақытта ғана іске асады, өзін айқындайды, мәнге ие
болады. «Кеңістік» және «уақыт» ұғымдары тек бір қарағанда ғана
өзінен өзі түсінікті, қарапайым сияқты көрінеді, ал шын мәнінде олар
күрделі, мағынасы терең ұғымдар. Сондықтанда бұл ұғымға
байланысты материализм мен идеализмнің диалектика мен
метафизиканың арасында ымырасыз күрес жүріп келді.
Дүниенің құрылымдық қасиеттерін, материалдық объектілерінің
және жүйелердің, оларды құрайтын бөлшектердің аумағы, басқа
заттардың, денелердің, құбылыстар мен процестердің арасындағы
алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын кеңістік
ұғымы сипаттайды. Қозғалыстағы материя бір қалыпта тұрамйтынын,
үнемі өзгеріп, дамып, бір күйден екінші күйге, бір жағдайдан келесі
жағдайға ауысып жататынын білеміз. Осы процесті уақыт ұғымы
сипаттайды. Басқаша айтқанда, уақыт материалдық объектілердің
өмір сүруінің, ұзақтығын, олардың күй жағдайларының өзгеру ретін
білдіреді. Кеңістік пен уақытты санадан тыс, объективті өмір сүреді.
Диалектикалық материализм кеңістік пен уақыт туралы тек қана
идеалистік көзқарасты жоққа шығарып қоймай, сонымен бірге
кеңістік пен уақытты қозғалыстағы материядан бөліп алып қарайтын
метафизикалық түсініктердің де сыңар жақтылығын әшкереледі.
Мәселен, И. Нютон кеңістікті ішінде заттар қозғалыста болатын,
бірақ ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма ретінде
қарастырады.
А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы микробөлшектердің
кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына жақындаған сайын
оның кеңістік және уақыт сипаттары өзгереді. Яғни кеңістік пен
уақыттың өзгеруі қозғалыстағы материяға байланысты. Кеңістік үш
өлшемнен: ұзындық, ен және биіктіктен тұрады.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі ретінде.
2. Тыныштықтың қозғалыста алатын орны.
3. Энергетизм философиясындағы қозғалыс жайындағы түсінік.
135
4. Ф. Энгельстің материя қозғалысының бес түрі.
5. Кеңістік пен уақыттың материяның ажырамас бөлігі ретінде.
6. И. Канттың кеңістік пен уақыт жайындағы ой пікірі.
7. Диалектикалық материализмнің кеңістік пен уақыт
жайындағы түсініктері.
8. А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы.
9. Кеңістіктің өлшемдері.
136
Сананың философиялық проблемалары
Негізгі мақсаты: Тек қана адамзатқа тән сана мәселесінің адам
үшін маңызы және оның ерекшелігін таразылау.
1.Сана туралы түсінік.
2.Сана проблемасы туралы тұжырымдар.
3.Сана адам миының қызметі
4.Сана объективті дүниенің бейнесі
Негізгі түсініктер: сана генезисі, өзіндік сана, тіл, ойлау,
архетип, бейсана, көпшілік сана.
Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани
жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін,
әдебиет, философия, ғылым – осылардың бәрі сол сананың құдіреті.
Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән.
Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып,
оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.
Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін,
ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Идеалистік
философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс,
дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін,
оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді.
Сана деген не, ол қалай пайда болды, мәні неде деген сияқты
сұрауларға жауап іздейтін болсақ, ғалымдар сана барлық материяның
жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының
функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы – аса күрделі әрі өте нәзік
миллиардтаған жүйке клеткалардан (нейрондардан) тұратын аппарат.
Ол нейрондардың (клеткалардың) жалпы саны 14 – 15 миллиардтай.
Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез,
сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі ісқимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады.
Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы
іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз
(инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті
қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емінеркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға
тікелей бағынышты, оны сана билейді.
137
Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық
жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой
тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа
жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты
бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп
нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Сана мисыз өмір сүре алмайды,
ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер
орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды
қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ
оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен
объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс
бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да
мейлінше дәлме-дәл болмайды.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті.
Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір
дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп
бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен,
желден, ыстық пен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып,
үгетіліп қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар
қашанда жылтыр, теп-тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын
су толқыны. Сана да- дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя
мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді.
Бұдан ең жоғары бейнелеу - сананың өзі де бірден пайда болмай,
бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда
бейнелеудің екі түрі кездеседі: бірі – изоморфизм, екіншісі –
гомоморфизм. Изоморфизмді бейнеленетін объект пен оның бейнесі
арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолет
пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық, немесе түрлі
қатардың бетінде сақталып қалған ертедегі болған өсімдіктер мен
жәндіктердің бейнесі. Ал гомофорфизм дегеніміз бейнеленетін
объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде
болатыны. Мәселен, жер бедерінің картадағы көрінісі.
Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес
бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғары түрі - тіршілікке, өмірге
байланысты биологиялық түрі. Өмір дегеніміз - тіршіліктің ең басты
негізгі белгісі – зат алмасу, ассимиляция мен диссимиляция. Ол бар
жерде, тіршілік бар. Зат алмасу тоқтаған кезде, өмір бітеді. Ал
тіршіліктің өмірдегі бейнелеу нормалары қандай? Ол да әр түрлі. Ең
138
алғашқы қарапайым бейнеленуге - тітіркену жатады. Ол бірақ тірі
организмдерде тән құбылыс. Орталық жүйке жүйесі бар
организмдерде ол рефлекс туғызады. Рефлекс дегеніміз - организмнің
түрлі тітіркендіргіш әсерлерге жауап қайтару реакциясы. Осыған
сәйкес организм реакциясы да саналы және инистинктивті болып
бөлінеді.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Сана туралы түсінік.
2. Дін иелерінің сана жайындағы түсінігі.
3. Д. Скоттың сана жайындағы ой пікірі. Гилозоизм.
4. Нуклеин қышқылдарының тіршілікте алатын орны.
5. Адам миының құрылымы.
6. Адам миының санаға әсері.
7. Сана обьективті дүниенің бейнесі ретінде.
8. Бейнелеудің сезімдік түрі.
139
Сана және тіл, олардың шығуы және өзара байланысы
Негізгі мақсаты: сана мен тілдің өзара байланысы жайында
мәліметтер беру
Жоспары:
1.Сананың пайда болуындағы факторлар.
2.Еңбектің сананың дамуындағы қызметі.
3.Тіл – сананың көрінісі.
Негізгі түсініктер: философия, агностицизм, аксиология,
антропология, метафизика, диалектика.
Тағы адам өзін табиғаттан бөліп қарай алмайды. Саналы адам
бөліп алады. Сана өзінің шығуы жағынан екінші. Бірақ сана енжар
емес, белсенді, пәрменді рөлі бар құбылыс. Оның белсенділігі –
бейнелеуді таңдай алады, келешекті болжай біледі. Сана дүниені
бейнелеп қана қоймайды сонымен, қатар оны өзгертеді, қолдан
жасайды. Құрылыстар мен машиналарды табиғат дайын күйнде бізге
сыйламайды, адам жасайды. Сол арқылы сана затқа айналады,
заттандырылады.
Сана ең жоғары ұйымдасқан материя – мидың функциясы
ретінде бірден пайда болған жоқ. Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда
болуы екі факторға байланысты: бірі - енбек, екіншісі – тіл. Еңбек –
құрал-саймандарды жасаудан, басқаша айтқанда, белгілі мақсатқа
жетуге алғашқы адамдардың тасты қашап, одан кесуге болатын, не
соғуға болатын аспаптарды жасаудан басталады. Ондай құралда
табиғат жасамайды, табиғат заттарын өңдеп, адам жасайды. Бұл – бір.
Екіншіден, сол еңбек ететін адамдардың бірімен – бірі түсінісу үшін
тіл керек болды. Тіл де бірден пайда болған жоқ. Оның алдында
алғашқы адамдар бірімен – бірі түрлі дыбыс, қимыл – әрекеттер
арқылы ұғысқан. Оның кейбір түрлері әлі күнге дейін ұшырасады.
Қазір де кейбір сөздер құс, хайуандардың дыбысына, қимылына ұқсас
болып келеді. «Алдымен еңбек, одан соң бөліп – бөліп айтылатын тіл,
- дейді Ф, Энгельс, - маймылдың миын адам миына айналдырады».
Қандай да тіл болса да, ол жалпыға жатады, көптеген нақты
құбылыстарды қорытып жалпылау арқылы пайда болады.
Миллиондаған жылдар бұрын алғашқы адамға ұқсас гоминид
140
хайуанаттар секілді ағаштан ағашқа секіріп, соның жемісін қорек
еткен. Ол кезде оларда сана болмаған. Мәселен, мұндай тәжірибе
жасалған. Шимпанзе адамдарға еліктеп, жанып тұрған шырақтарды
су құйып сөндіріп, ортасында тұрған бананды алып жейтін болған.
Сол шимпанзе адамдарға еліктеп су қоймасындағы салға мініп,
сырықпен итеріп, суда жүзеде білген. Бір күні сол шимпанзені
жаңағы су қоймасына (көлшікке) алып келген. Көлшік ортасында сал
жүзіп жүр екен. Сал үстінде банан жатады, ал айналасында жанып
тұрған шырақтар, қасында тостаған, ал көл жағасында сырығы бар
екінші сал тұрады. Мұны көрген шиипанзе дереу жағадағы салға
мініп, сырықпен итеріп жүзеді де, көл ортасындағы салға жетіп, әлгі
тостағанды алып, тездетіп жағаға жетеді, үйдегі үйреншікті су
құбырының тұтқасын ашып, су алып шығады, сөйтіп, жағада тұрған
әлгі салмен қайтадан көл ортасындағы салға барып, тостағандағы
сумен жанып тұрған шырақтарды сөндіреді де, әлгі бананды алып
жейді. Сонда біз шимпанзенің іс – әрекетінен не көрдік? Оның жас
баланың ақылындай болмағанын көрдік. Әйтпесе, су мен құбырдағы
су бірдей деп есептемей ме? Олай болса, шимпанзеде еліктеу бар да,
сана жоқ. Алғашқы адамдар да сондай болған. Кейін олар ағаш
басынан түсіп алдыңғы аяғының жүру қызметінен босатып, тік жүре
бастаған кезден бастап еңбектеніп, сонымен бірге тіл, ал тілмен қатар
сана пайда бола бастаған. Алғашқы қауымда адамдар бірімен – бірі
өмір сүру үшін (өйткені, ол кезде адамдар жеке – дара өмір сүре
алмайтын) оларға түсінісетін ортақ тіл керек болды. Жануарлар
өмірінде еңбек жоқ, олай болса, олардың өзінің тұрқын байқайтын
сана жоқ.
Еңбек әсерімен мидың дамуына сәйкес адамның сезім мүшелері:
көзі, сезімі, қолы еңбек етуге бейімделіп дамиды. Тілге байланысты
сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, қоғамдық рухани жеміске
айналды. Тіл – сананың (ойдың), материяның көрінісі, негізі. Тілсіз
сана жоқ, ал санасыз (ойсыз) адам да болмайды. Тіл мен ой ажырамас
бірлікте.
Сана ардайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге
дамиды. Әрине, тіл – дыбыс түрінде де, үнсіз жазба түрінде де,
нышан (символ) түрінде де (түрлі белгілер, қимылдармен) берілетін
хабар. Кейбір нышандар бүгінгі дамыған тілдерде де сақталған.
Мәселен, көше қиылысындағы бағдаршам, көк, жасыл, қызыл тулар,
аспанға атылған түрлі – түсті ракета, т.б. сондай – ақ, саусақ – пен,
141
ыммен өз ойын түсіндіру әлі кездеседі. «Ымға түсінбейтін дымға
түсінбейді», - дейді халық. Бір кезде осындай түрлі әрекеттерден тіл
қалыптаса бастады. Сананың толық дамуы тек ана тілі негізіне
болады. Тіл – тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге ол әр
халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен
мәдениеті.
«Тіл, – делінген Қазақстан республикасының «Тіл туралы»
заңында, – ұлттық аса ұлы игілікті, әрі оның өзіне тән ажырағысыз
белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи
қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттық өзінің болашағы
тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз
байланысты»
Тарихы бай халықтың тілі де бай, материалдық және рухани
мәдениеті жоғары. Ана тілін бала ананың сүтімен, үнімен үйренеді,
бойына сіңіреді. Тілмен бірге баланың санасы оянады. Адамның
рухани дамуы ана тілі негізінде жүргізіледі. Басқа тілдерді адам жүре
келе үйренеді. Бірақ ана тілін ұлттық қасиетпен шатастыруға
болмайды.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Сана проблемасының философияда қойылысы.
2. Дін иелерінің сана туралы түсінігі.
3. Идеалистік философиядағы сана туралы түсінігі.
4. Сана адам миының функциясы ретінде.
5. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы
142
Қоғамдық сана және оның формалары
Жоспары:
1. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі.
2. Саяси және құқылық сана қоғамдық сананың формасы
ретінде.
3. Моральдық және эстетикалық сана қоғамдық сананың
формасы ретінде.
Негізгі түсініктер: ғылым, саясат, құқық, мораль, эстетика.
Қоғамдық сананың түрлеріне тоқталмас бұрын ғылым мен
мәдениетті өз алдына алып қараған жөн. Өйткені, олар, бір жағынан,
қоғамдық санаға тікелей қатысы бар, екінші жағынан, одан ерекше.
Мәселен, ғылым өндіріске жақын, барлық күрделі машиналар, қазіргі
құрал-жабдықтар-материалдандырылған ғылыми идеялар. Ғылым
тікелей өндіргіш күштерге айналған. Олай болса, ғылым, бір
жағынан, рухани құбылыс, екінші жағынан, материалдық құбылыс.
Мәдениет те рухани және материалдық мәдениет болып екіге
бөлінеді. Материалдық мәдениет қоғамдық мәдениетке жатпайды.
Одан соң ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне
өз әсерін тигізеді, қздері де олардың әсерін қабылдай отырып
дамиды. Өйткені, қоғамдық сана түрлерінің бір-біріне әсер етуі, бірбіріне ықпал жасауы-заңды құбылыс.
Ғылым дамыған сайын адамдардың танымы, дүниеге көзқарасы
тереңдеп кеңиді.
Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып қоғамдық сананың қай
түрі болса да өзінің теориялық деңгейін көтереді. Одан соң
философия объективті дүниенің жалпы заңдылықтарын зерттейтін
болғандықтан, қоғамдық сананың қай түріне болса да
методологиялық негіз болып табылады. Ғылым мен философия
адамдардың дүниеге материалистік-диалектикалық көзқарасын
қалыптастырады. Саясат пен құқық та қоғам санасының барлық
түрлеріне идеологиялық бағыт құрастырады. Мораль қоғам
санасының барлық түрлеріне әдептілікті, адамгершілікті сіңдіреді.
Қоғамдық сананың формалары
Ғылым дамыған сайын адамдардың танымы, дүниеге көзқарасы
тереңдеп кеңейді. Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып қоғамдық
сананың қай түрі болса да өзінің теориялық деңгейін көтереді.
143
а) Саяси сана. Бұл-таптардың, ұлттардың, мемлекеттің түбегейлі
мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы.
Сондықтан саяси көзқарастар әртүрлі болды. Олар прогресшіл не
кертартпа, ғылыми не ғылымға жат болып бөлінеді. Саяси идеялар
қоғамдық сананың барлық түрлерін қамтып, оларға ықпалын
жасайды. Қоғамдық сананың қай түрінде де болсын мұрындық
болатын сана - саяси сана.
б) Құқылық сана. Құқылық сананың негізгі мақсатыдемократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен
бостандығын қорғау. Біздің елімізде құқылық мемлекет орнатудың
күн тәртібіне қойылуына байланысты құқылық сананың маңызы
орасан зор артып отыр. Қандай жұмыс жасалса да, ол құқылық
принциптерге негізделген болуы қажет. Осыған орай айта кететін
мәселе: адамдарымыздың көбі өздерінің құқықтарын білгенмен,
міндеттерін біле бермейді. Көптеген қылмыстарға себеп - халық
аасындағы құқылық сананың әлі де болса төмен болуы. Оған
жататындар: түрлі қоғамдық тәртіп бұзушылық, тонау, кісі
өлтірущілік, т.б. Заң диктатурасы дегеніміз де - осы құқық.
в) Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын моральадамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп
отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі
жиынтығы. Мораль адамдардың, өз табына және басқа халықтарға,
адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль принциптері мен
ережелерін орындау қоғамдық пікірге негізделген. Оның ережелері
мен принциптерін бұзғаны үшін ешкім оны заң бойынша қылмысқа
тартпайды. Әрбір қоғамда таптық моральмен бірге адамзаттың
ғасырлар бойы арман-мұңы болып келген жалпы адамгершілік
мораль бар. Оған жататындар: өтірік айтпа, ұрлық жасама, біреудің
ақысые жеме, мемлекет пен халықты алдама, нәпсінің құлы болма,
жамандық жолға түспе деген сияқты моральдық принциптер.
г) Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір көне
формасы - өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Өнер
қоғамдық өмірдің қай саласына болса да ықпал етеді. Ең алдымен ол
сұлулыққа, мәдениеттілікке баулиды. А. П. Чехов айтқандай,
адамның бет пішіні де, ішкі дүниесі де, киімі де ойы да сұлу болуы
тиіс. Ғылыми-техникалық революция кезінде өнерді талдау үшін
жаңа әдістер олданылуда. Кибернетика, информация теориясы
көркем әдебиетті талдауға қатыстырылуда. Бірақ бұл салада істелетін
144
іс әлі көп. Өнер-күрделі сала, шығармашылықпен байланысты рухани
өндіріс саласы. Ол, бір жағынан, өндіріске қолданылуда. Соған
сәйкес техникалық эстетика шықты. Екінші жағынан, ғылымитехникалық революция өнерге де ықпал етеді. Бұл да диалектикалық
процесс. Өнерде мазмұн мен түр диалектикасын ұдайы сақтап
отырудың маңызы ерекше. Қоғам дамуында ол екеуінің бір жағына
баса мән беріліп, екінші жағы көмескі қалдырса, өнердің эстетикалық
әсері әлсірейді.
д) Діни және атеистік сана. Дін объективті ақиқатты адам
ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылдық түрде бейнелейді. Діни
қағидаларға қарағанда, дүниелегі кез-келген құбылыстың тікелей
тірегі, қозғаушысы - ол - өмірден тыс тұрған және оны жаратушы күш
(құдірет).
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Қоғамдық сана дегеніміз не?
2. Қоғамдық сананың құрылымы.
3. Қоғамдық сана мен жеке сана арақатынасы.
4. Қарапайым және теориялық сана арақатынасы.
5. Қоғамдық сананың формалары.
6. Саяси және құқықтық сана.
145
Дамудың философиялық теориясы
Негізгі мақсаты: Дамудың философиялық ерекшелігіне негізгі
назарын аудару, табиғаттың, әлеуметтік дүниенің және рухани
құбылыстардың дамуы жайында жан-жақты мәліметтер беру.
Жоспары:
1. Диалектика даму мен әмбебап байланыстың ғылым.
2. Диалектиканың тарихи формалары мен альтернативасы.
3. Диалектиканың заңдары мен категориялары туралы
түсініктің қалыптасуы.
Негізгі түсініктер: даму, диалектика, стихиялық форма,
материалистік диалектика, метафизика, софистика, догматизм,
эклектика.
Дүние-табиғат, заттар дүниесі болсын, рухани дүние болсынүздіксіз өзгерісте, қозғалыста, дамуда бола ма, жоқ онда тыныштық,
тепе-теңдік, өзгермеушілік басым ба деген сұрақ философияның
көкейтесті, оның сананың материяға қатынасын қарастыратын негізгі
проблемаларымен қатар қойлатын дүниетанымдық, методологиялық
маңызы зор мәселелердің бірі болып табылады. Диалектикатабиғаттың, әлеуметтік дүниенің, рухани құбылыстардың дамуы
туралы терең де жан-жақты ілім, ол тұтас философиялық
дүниетанымның түп қазығы, алтын өзегі.
Диалектиканың түсінігі грек тілінен аударғанда – ойлау, әңгіме
жүргізу өнері. Диалектиканың қағидасы әр тақырыпты дамыту
пікірталас өнері. Диалектика болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды
табиғатты, қоғамды және адамның ой-санасын өзгерісте, қозғалыста,
дамуда және өзара байланыста қарастыратын философиялық ілім. Ол
бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебеп
заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге диалектика адамды және
оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелілігін басшылыққа
алатын ойлау тәсілі де болып табылады. Көне грек философиясында
диалектиканың алғашқы стихиялық формасы дүниеге келіп,
қалыптасты. Қозғалысты түп табиғатын аңғаруға ұмтылу Элат
мектебінің өкілдерінен – ақ байқалған болатын. Сократ қарама –
қарсы пікірлерді қарастыра отырып ақиқатқа жетуді, яғни айтыса
білуді, дәлелді, дәйекті сөз жүйесімен қарсыласты жеңуді диалектика
146
деп ұғынды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінде философия
мен жаратылыстану ғылымдарында диалектиканың дамуына Д.
Бруно, Н. Коперник, Н. Кузанский, Р. Декарт, Б. Спиноза сияқты
ойшылдар үлес қосты.
Диалектиканың екінші тарихи формасы неміс классикалық
философиясында идеалистік негізде қалыптасты. Бұл ағымның аса
көрнекті өкілдері Кант, Фихте, Шеллинг, Гегель дүниеге деген
метафизикалық көзқарасқа жалпы даму идеясын қарама – қарсы
қойды. Диалектиканы дамытуға, әсіресе, Г. Гегельдің қосқан үлесі
мол болды. Ол бүкіл дүниеде бардың дамуының қайнар көзі
абсолюттік идея деп білді. Абсолюттік идея үнемі өзіндік қозғалыста
болады, ол дамуының әр кезінде табиғат, адам болмысы түрінде
нақты көрініс табады.
Маркс пен Энгельс Гегельдік диалектиканың “мәнді дәнін”, -
даму идеясын ғана сақтап қала отырып, нақты, шынайы материалдық
және рухани дүниенің біртұтас даму диалектикасын қалыптастырды.
Диалектиканың ең жалпы заңдары объективті дүниеге де, рухани
салаға, адам ақыл – ойы мен санасына да ортақ, тұрақты әрі мәнді
байланыстарды қамтиды.
Диалектикаға қарама – қарсы қалыптасқан даму концепциясы,
танымдық және ойлау тәсілі ретінде метафизикаға көне Грецияда
Элаттардың мектебінде пайда болды. Диалектикаға қарама – қарсы
даму концепциясы және ойлау тәсілі есебінде метафизиканың негізгі
белгілері мыналар: біріншіден, метафизика тұрғысынан алғанда
объект бөлшектердің механикалық жай қосындысы ретінде қаралады.
XX ғасырдың басында орыс философы В. И. Ленин
“Философиялық дәптерлер” деген конспектілерінде диалектика мен
метафизиканы дамудың екі түрлі концепциясы, әрі философиялық
ойлау жүйесінің екі түрлі концепциясы әрі философиялық ойлау
жүесінің екі түрлі тәсілі ретінде салыстырмалы түрде қарастыра
отырып, мынандай тұжырымға келген болатын. Диалектика
“өміршең”‚ себебі, ол қозғалыстың, дамудың өздігінен іске асуын
түсіндіре біледі. Диалектиканың негізгі емес деп аталатын заңдары
дамудың және өзіндік дамудың жеке жақтарын ашып көрсетеді.
Оларға мән мен құбылыс, жеке мен жалпы, мазмұн мен түр, себеп
пен салдар, мүмкіндік пен шындық, қажеттілік пен кездейсоқтық
арасындағы диалектикалық өзара байланыстар жатады.
147
Диалектика – сыртқы дүние мен рухани жан дүниенің
байланыстары мен даму заңдылықтары туралы теориялық білімдер
жүйесі, дүниеге шынайы, нақты көзқарастың түп негізі, ой - өріс
әдісі. Диалектиканың заңдары мен категориялары үнемі өзара тығыз
байланыста болады. Олар басқа ғылымдардың ұғымдарымен
салыстырғанда анағұрлым нақтылық жайлы ұғымдар. Мысалы, сан
категориясы математикадағы сан, шама, жиын, құрылым, т.б.
ұғымдарына қарағанда нақтылы жалпы ұғым. Диалектиканың
заңдары және категориялар жүйесі қоғамдық практиканың,
мәдениеттің, ғылымның және техниканың өскелең талабына сәйкес
үнемі жетілдіріліп, дамытылып, байытылып отырады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Диалектиканың алғашқы стихиялық формасы.
2. Диалектиканың тарихи формасы.
3. Диалектиканың материалистік формасы.
4. Обьективті және субьективті диалектика туралы түсінік.
5. Метафизика туралы түсінік.
6. Заң туралы түсінік.
7. Категория туралы түсінік.
Диалектиканың заңдары
Негізгі мақсаты: Диалектика заңдарының философиялық
ерекшелігіне негізгі назарын аудару.
Жоспары:
1. Қарама қарсылықтың бірлігімен күрес заңы.
2. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы.
3. Терістеуді терістеу заңы.
Негізгі түсініктер: заң, сапа, мөлшер, қайшылық, антогонстік
қайшылық, үйлестік, өлшем.
Қарама–қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы
Қарама – қарсылықтың бірлік жәнем күрес заңы даму
процестерінің ішкі қайнар көзін ашады, ескінің жойылып, жаңаның
пайда болу себептерін көрсетеді. Қарама – қарсылық пен бірлік заңы
148
– жалпы диалектикалық үш заңның ең күрделісі. Бұл заңды талдамас
бұрын оның ұғымдарына, категорияларына тоқталайық. Олар
мынадай: сәйкестік (үйлестік), айырмашылық, қарама-қарсылық,
қайшылық, бірлік.
Қайшылық түрлері көп. Олардың ең бастылары: ішкі және
сыртқы қайшылықтар, негізгі және негізгі емес қайшылықтар,
антагонистік және антагонистік емес қайшылықтар. Ішкі
қайшылықтар дегеніміз бір процестің, бір жүйенің, бір заттың, бір
құбылыстың ішіндегі қарама-қарсылықтардың күресі. Даму үшін ішкі
қайшылықтар шешуші роль атқарды. Мәселен, адам денсаулығы –
алдымен адам организміндегі құбылыстар – жүрек, өкпе, бауыр,
бүйрек, асқазан, ішек, қан айналымы, т.б. жұмысы мен олардың
жұмысына кедергі болатын құбылыстардың күресі. Осы күресте
қайсысы жеңеді, адамның хал-жағдайы соған байланысты. Сыртқы
қайшылықтар дегеніміз – әр-түрлі құбылыстар, заттар, процестер
арасындағы қайшылықтар, мәселен, организм мен табиғат, қоғам мен
экологиялық жағдай арасындағы қайшылықтар.
Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы қозғалыстың
көзі неде, қозғаушы күш қандай деген сұрақтарға жауап береді.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы
Егер қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы дамудың
және өзіндік дамудың қайнар көзін, қозғаушы күшін ашып берсе,
мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы даму
процесінің ішкі және жалпы механизмін анықтап береді. Мөлшер,
сапа және өлшем.
Сапа дегеніміз – объектіні анықтаушы, заттың, құбылыстың,
процестің тұтастығын, өз-өзімен тепе-теңдігін білдіреді.
Мөлшер – заттардың, құбылыстардың қасиеттерінің, құрамдас
бөлшектерінің санын, даму ауқымын, т.б. білдіреді. Сапа мен мөлшер
– болмыстың жалпы, объективті сипаттамасы.
Заттың сапасы мен мөлшері диалектикалық бірлікте болады.
Затты тану оның сапасын танудан басталады, сонан кейін бірте-бірте
оның мөлшері тану сатысына көтеріледі. Философия тарихында сапа
мен мөлшерге тұңғыш рет Аристотель айрықша көңіл бөлді. «Мен
сапа мен заттың ненің арқасында осындай бола алатынын айтамын»,
«мөлшер дегеніміз – құрамдас бөліктерге бөлініп, оның әрқайсысы
екі немесе одан да көп бола ма, әйтеуір, өзінің табиғаты жағынан бір
149
және анықталған нәрсе. Кез келген мөлшер есептелетін болса джәне
өлшенетін болса, шама делінеді», - деп көрсетті ол. Аристотель сапа
мен мөлшер ұғымдарын «Категориялар» және «Метафизика» атты
еңбектерінде зерттеді.
Сапа мен мөлшер категориялары жаңа дәуір философиясы мен
ғылымында одан әрі дамытылды. Тауарлық-капиталистік
қатынастардың қалыптасуы мен дамуы ғылым мен философияның да
дамуына күшті ықпал жасады. Сондықтан жаңа дәуірде мөлшер
категориясы көзқарастың өзекті категориясына айналды. Оны
Декарттың, Локктың, т.б. философиялық жүйелерінен анық көруге
болады. Мөлшер категориясы қалыптасып келе жатқан жаңа
ғылымның, механикалық-математикалық жаратылыстанудаң, логикалық көзқарасының негізгі бола бастады. Осының арқасында Р. Декарт
таолғампаздық аналитакалық геометрияны, жаңа ғылым мен
философияны жасады. Д. Локк алғашқы (бірінші) және соңғы
(екінші) сапалар туралы ілімді ашып, сапа категориясын одан әрі
қарай дамытты. Бірінші сапаларға – қозғалыс, тыныштық, тұлға, ал
екінші сапаларға – түс, жарық, иіс, дәм жатады. Алғашқы сапалар
объективті, өйткені, олар – бізден тыс өмір сүріп тұрған кеңістіктің,
қозғалыстың, тыныштықтың, тұлғаның бейнелері, денеден
ажырамайтын сапалар. Сыртқы дүние заттарына, Локктың пікірі
бойынша, қозғалыс, тұлға тән.
Жаңа дәуірдегі табиғатты механикалық, мөлшерлік тұрғыдан
түсіну метафизикалық ойлау әдісін дүниеге келтіреді. Сапа мен
мөлшер категориялары бір-бірімен оқшау қарастырылып, сапа
категориясының өзі мөлшерлік тұрғыдан түсінідірілді. XIX ғасырда
философия тарихында дамудың диалектикалық концепциясы
қалыптасты. Даму дегеніміз – мөлшерлік өзгерістердің сапалық
ауысуы. Гегель осындай тұжырымдама ұсынды. Өлшем дегеніміз –
сапа мен мөлшердің диалектикалық бірлігі. Гегель өзінің «Логика
ғылымы» атты еңбегінің бірінші бөлімінде, яғни «Болмыс туралы
ілімінде» талдап көрсетеді.
Материалистік негізгі диалектикалық әдістерді қолдана отырып,
К. Маркс пен Ф. Энгельс сапа, мөлшер және өлшем категориялары
табиғаттың, қоғамның және ойлаудың, яғни болмыс пен ойлаудың
жалпы түрлері, логикалық сипаттамалары екенін анықтады. Олар
сапаға, мөлшер мен өлшемге Гегель берген диалектикалқ түсінікті
материалистік тұрғыда қайта өңдеп, ғылым, мәдениет, практика
150
талабына сай одан әрі дамыта отырып, оларға дәйекті материалистік
сипат берді.
Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу заңы –
болмыс пен ойлаудың жалпы түрі, адамның практикалық және
танымдық қызметінің жалпы шарты.
Терістеуді терістеу заңы
Даму процесі барысындағы оның әр түрлі кезеңдері, ескі мен
жаңа өзара қалай байланысқан, дамудың тенденциялары мен бағыты
және далпы сипаты қандай деген сұрақтарға жауап бермей тұрып
даму туралы түсінікті терең, әрі жан-жақты деп айтуға болмайды.
Аталған сұрақтарға диалектиканың үшінші заңы – терістеуді терістеу
заңы жауап береді. Терістеуді терістеу заңының мәнін түсіну үшін ең
алдымен оның категорияларын анықтап, олардың арасындағы
байланысты тереңірек зерттеу керек. Бұл заңның негізгі категориясы
– терістеу.
Дүниеге байыппен көз салып қарасақ, ешқандай құбылыс, зат
емес процесс өзінен-өзі, «тақыр» жерде пайда болмайтынын
байқаймыз. Әр нәрсе өзінің алдындағы басқа бір нәрсе негізінде
пайда болады. Ол материяның із-түссіз жоғалып кетпей, бір қалыптан
екінші қалыпқа ауысып отыру заңынан белгілі. Сонымен сонғы
құбылысты жаңа деуге болады. Яғни жаңа ескінің негізінде пайда
болады. Жаңа мен ескі - қарама-қарсы. Олардың күресі барысында
жаңа ескіні жеңеді, басқаша айтқанда, жаңа ескіні терістейді. Ескінің
негізінде және онымен күрес барысында жеңе отырып, жаңаның
пайда болуын терістеу деп атайды. Сөйтіп, объектінің өздігінен
дамуы барысында ескі сапаның жаңа сапамен ауысуы заңды процесс,
диалектикалық терістеу дегеніміз, міне, осы. Диалектикалық терістеу
– дамудың шарты, әрбір сәті, сондай-ақ, ескі мен жаңаның
арасындағы дәнекері.
Терістеу дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылыстың
қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, жаңа
сапаның пайда болуына мүмкіндік туғызу. Былайша айтқанда, ескі
сападан сан өзгерістері арқылы жаңаға өту - терістеудің негізгі мәні.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Ежелгі грек философтары қарама қарсылықтың бірлігі мен
күрес заңы туралы.
151
2. Материалистік диалектикадағы қарама қарсылықтың бірлігі
мен күрес заңы туралы.
3. Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңының
категориялары.
4. Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңындағы
қайшылықтың түрлері туралы.
5. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу
заңындағы сапа категориясы туралы түсінік.
6. Мөлшерлік және сапалық өзгерістердің өзара ауысу
заңындағы мөлшер мен өлшем категориялары туралы түсінік.
7. Терістеуді терістеу заңының мәні.
8. Терістеуді терістеу заңының категориялары.
9. Терістеуді терістеу заңының қазіргі ғылым үшін
методологиялық маңызы.
Диалектиканың категориялары туралы түсінік
Негізгі мақсаты: Диалектика категорияларының философиялық
ерекшелігіне негізгі назарын аудару.
Жоспары:
1. Жекеше, өзгеше және жалпы категориясы
2. Себеп пен салдар
3. Мүмкіндік-дамудың объективті тенденциясиясы
4. Қажеттілік пен кездейсоқтықтың мәнін ашу
5. Мазмұн, түр, мән, құбылыс
Негізгі түсініктер: категория, реализм, өзгеше, детерменистер,
индетерминистер, фатализм.
Жекеше, өзгеше және жалпы категориясы
Материалдық дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен
процестер түрінде өмір сүретіні белгілі. Дара затты құбылысты,
процесті бөлек деп қарастыруға болады. Әрбір бөлектің тек өзіне ғана
тән, қайталанбайтын белгілері, байланыстары мен қасиеттері болады.
Заттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән, қайталанбайтын
ерекшеліктері жекеше деген ұғымды білдіреді. Әрине әрбір бөлек
құбылыс (зат, процесс) жеке қасиеттерімен, байланыстарымен
152
белгілерімен даралана отырып, материалдық дүниенің құрамдас
бөлігі, оның өмір сүру әдісінің белгілі бір түрі болып табылады.
Көпше дегеніміз - белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызы ұқсас
белгілері жиынтығы. Көпшенің ауқымы мен қарымы әр деңгейде
болып келеді. Қамту ауқымы өте кең көлемді көпшені жалпы деп
атайды. Сонда бөлек дегеніміз - тұтас зат, құбылыс, процесс есебінде
жекеше мен көпшенің бірлігі, оған жекеше және өзгелерімен ортақ,
ұқсас көпше белгілері де тән. Өзгеше деген категория жекеше мен
көпшенің арасындағы диалектикалық байланысты білдіре отырып,
осы екеуінің арасындағы дәнекерлік қызметті атқарады. Өзгешенің
мәні мынада: ол жекешеге қарағанда көпше, ал одан әрі кең
көпшемен салыстырғанда жекешенің міндетін атқарады. Әлемдегі
барлық заттарда, құбылыстарда жекешелік те көпшелік те бар екені
белгілі. Сөйтіп, жоғарыда көрсетілгендей, бөлек дегеніміз - жекеше
мен көпшенің, жалпының бірлігі. Бөлек көпшеден бай, себебі оның
бойында өзгелермен ортақ, ұқсас белгілері мен қасиеттерден басқа,
тек өзіне тән дара ерекшеліктер бар. Бірақ көпше, жалпы мазмұны
жағынан бөлектен терең. Өйткені көпше бөлектің мәнді, маңызды
қасиеттерін қамтиды. Даму процесі барысында жекеше көпшеге, одан
жалпыға айналады. Жекеше, өзгеше, жалпы категориялар таным
процесінде де үлкен роль атқарады. Дүниені танып білу жекешеден
көпшеге, одан жалпыға өрлеу арқылы жүріп отырады.
Себеп пен салдар категориясы.
Бұл дүниеде себепсіз және одан туындайтын салдарсыз ештене
де жоқ. Себептілік әлемдегі сан-алуан байланыстардың бір өткінші
кезеңі. Басқаша айтқанда, себептілік деп құбылыстардың,
процестердің немесе олардың жақтарының ішкі байланысын,
олардың өзара бір-біріне әсер ету негізінде тиісті өзгеріс туғызуын
айтамыз. Мәселен, суды қыздыра берсек, ол ақырында буға айналады.
Бір-бірімен ымырасыз күреске түсетін топтардың пайда болуы
мемлекеттің өмірге келуіне себеп болды, т.б. Ал енді себеп деген не,
салдар деген не? Себеп дегеніміз - екі немесе бірнеше құбылыстың,
заттың олардың ішкі жақтарының өзара байланысқа түсіп, бір-біріне
әсер етуі барысында ол құбылыстар мен заттарда, олардың
жақтарында тиісті өзгерістер туғызуы. Ал салдар дегеніміз - өзара
әсер етуі нәтижесінде құбылыстарда, заттар мен олардың ішкі
жақтарында пайда болған өзгерістер. Жоғарыдағы мысалдарда суды
қыздырып қайнатуға жеткізу барысында молекулалардың қозғалысқа
153
түсуі - салдар немесе тап күресі - себеп, ал мемлекеттің пайда болуы
салдар. Себепсіз еш нәрсе болмайды. Себептілік – бүкіл ғалам
құбылыстарына тән жалпылама қасиет. Себеп пен салдар бір-бірінен
аулақ тұрмайды, олардың айқындылықтары ғана қарама-қарсы, яғни
осы қатынас шеңберінде олардың біреуі – себеп те, екіншісі салдар
болады. Сондықтан себеп болып тұрған құбылыстардың өзін
түсіндіру үшін оны себеп емес, тағы бір құбылыстың салдары деп
қарау керек. Бір қатынастың шеңберінде ол әрі себеп, әрі салдар бала
алмайды. Оны салдар деп қарау үшін басқа қатынасқа ауысу керек.
Яғни, басқа бір қатынаста себеп болса, ол енді салдар болмақ.
Сонымен осындай себептер іздеудің аяқталатын шегі болмайды. Сол
сияқты, әрбір салдардың өзі де басқа бір құбылыстың себебі болады.
Себептілік, немесе себеп-салдарлық байланыстарға тән мынадай
ерекшеліктерді бөліп көрсеткен жөн. Біріншіден, себептілік жалпы
объективті сипатқа ие байланыс. Әлемдегі, кез келген құбылыстың
өзіндік табиғи себебі бар және ол қозғалу, өзгеру және даму
барысында белгілі бір салдарларды туғызады. Бұл адамның
санасынан тәуелсіз, тысқары тұрған процесс. Әлемде себепсіз
салдарсыз еш нәрсе жоқ. Мысалы, Тәуелсіздік алуымыз ұлттық
рухымыздың өркендеуіне, жоғалтқан салт-дәстүріміздің қалпына
оралуына себепкер болды. Өз кезегінде ұлттық сана-сезімінің, рухтың
шарықтауы тәуелсіздігімізді нығайтудың негізгі факторларының
біріне айналады.
Мүмкіндік пен шындық категориясы
Табиғат пен қоғам құбылыстарының, бүкіл әлемнің дамуын
олардың мүмкіндіктен шындыққа айналуы деп қарауға болар еді.
Бұрын айтылғандай, жаңа нарсенің пайда болуы үшін белгілі бір
жағдайлар мен алғы шарттарды мүмкіндік деген ұғыммен айтуға
болады. Мүмкіндік - дамудың объективті тенденциясы. Ол белгілі бір
даму заңдылығының негізінде пайда болады. Шындық дегеніміз
мүмкіндіктің заңы, объективті, қажетті тұрғыда жүзеге асқан түрі,
нақты, бар құбылыс. Мүмкіндік әлі жүзеге аспаған, бірақ жүзеге асуы
ықтимал құбылыс.
Мүмкіндік пен шындықты даму процесінің қайнар көзі дей
отырып, олардың арасындағы байланысқа сыңар жақ қарауға
болмайды. Егер біз мүмкіндіктің шындыққа айналуында дамудың
нәтижесі, оның белгілі бір қорытындыға келуі маңызды роль
154
атқарады десек, онда метафизикалық ұшқырлыққа ұрынамыз. Себебі,
даму процесіндегі мүмкіндік пен шындықты өзара байланысты өте
бай ішкі және сыртқы көптеген қатынастарды туғызады. Өмір
шындығы болмысқа, тіршілікке, мәнге, мүмкіндікке қарағанда әлде
қайда нақтылы. Ал мүмкіндік боса, объективті өмір сүріп, шындыққа
ұласатын процесс. Шындық дегеніміз ең әуелі бір зат, құбылыс,
процесс дамуының бір сатысы, кезеңі, бөлігі ғана. Ал әрбір зат,
процесс басқа заттармен, процесстермен органикалық жагынан іштей
етене байланысты. Олай болса дамудың тенденциялары мен
мүмкіндіктері жан-жақты, сансыз болады. Олардың арасында өзара
тығыз бірлікпен қатар үнемі күрес те жүріп жатады. Осы күрес
үстінде белгілі бір тенденция, мүмкіндік өзінің заңды, объективті
қажетті дамуы нәтижесінле жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен
мүмкіндік басқа мүмкіндіктердің, жайлардың, тенденциялардың
бәрін жойып жібермейді. Олар абстрактілі, жетілмеген түрде де қала
береді. Белгілі бір тарихи, саяси-экономикалық жағдайда жүзеге
аспай қалған мүмкіндіктерде шындыққа айналуына жол ашады. Олай
болса, мүмкіндік пен шындықтың диалектикалық байланысы
олардың бір-бірімен алшақтығында, жат болуында емес, керісінше
ішкі және сыртқы байланыстылығында жатыр. Олардың бір-біріне
ауысуы, алмасуы әрі диалектикалық, әрі заңды процесс. Ендеше
мүмкіндіктер де нақтылы және формалды, нақтылы және абстрактілі
болып бөлінеді. Іске асатын шындықты туғызатын мүмкіндіктер
қоғам мен табиғаттың заңды және объективті дамуынан келіп
шығады және нақтылы болады. Даму процесінің өзі негізінен осыған
сүйенеді. Өмір шындығының ең негізгі белгісі, оның өзіндік
ерекшелігі оның қажеттілігіне, заңдылығында болып табылады. Оның
өзгешелігінің өзі осы қажеттіліктің нәтижесінде ішкі объективті даму
мүмкіншіліктерінің әрі қарай өсіп-жетілуіне жол ашуымен тығыз
байланысты. Ендеше, диалектиканың заңы бойынша, өмір
шындығының ілгері басуы оның өз бойындағы мүмкіндіктердің пісіпжетіліп бірте бірте жаңа шындыққа айнала бастауынан туындайды.
Әйтпесе мүмкіндік пен шындықтың арасында қайшылық пайда
болып, олар әлемдік саяси революциялық қозғалыстарға әкеліп
соғады. Қазіргі біздің еліміздегі экономикалық-саяси қиыншылықтардан туған дамудың өзгерістері ішкі мүмкіндіктерді толық
пайдалануды талап етіп отыр. Егер ол мүмкіндіктер пайдаланылмаса,
онда қиыншылықтар әлеуметтік төңкерістерге ұрынуы мүмкін.
155
Мүмкіндіктің ақиқатқа айналуы жаңа сапаның, жаңа процесс
пен құбылыстың тууына әкеп соғады. Олай болса, мүмкіндік белгілі
бір өмір шыңдағы ішінде пайда болып, жаңа жағдайда қалыптасып
өсіп жетіледі.
Қажеттілік пен кездейсоқтық категориясы
Мүмкіндік пен шындықтың өзара диалектикалық байланысы
арқылы қажеттілік пен кездейсоқтықтың мәнін ашуға болады.
Өйткені, дамудың өзі ең алдымен шындықтың сыртқы, «жалаң
болмыс» жағы болатын кездейсоқтықтан басталады. Одан соң біз
қажеттілік дегеніміз - мүмкіндік пен шындықтың бірлігі екенін
білеміз. Қажеттілік мүмкіндіктің шындыққа өтуінің әрі заңды, әрі
объективті негізі. Қажеттілік пен кездейсоқтық философия тарихында
диалектиканың басқа категорияларына қарағанда ерекше роль
атқарады. Өткен заман философиясында бұл категориялар бір –
бірінен бөлініп, көп жағдайда жеке – жеке қаралып, тіпті кейде кейбір
ойшылдар қажеттілікті заңды объекті деп қарап, кездейсоқтық дамуға
ешқандай қатысы жоқ, тек сырттан таңылған құбылыс деп көрсетуге
тырысты. Сондықтан да бұлардың арасындағы байланыс үзіліп,
олардың мәндері ашылмай қалды.
Айталық, сонау көне грек дәуіріндегі философиядан бастап, XXI
ғасырға дейінгі материализм тарихында кездейсоқтықты жоққа
шығарған фатализм ағымы айрықша орын алады. Ешқандай
кездейсоқтық жоқ, болуы да мүмкін емес деген ұғым ғылымға да,
теорияға да, практикалық өмірге де тым жақын сияқты болып көрінді.
Ұзақ жылдар бойы орын алып, адамдардың практикалық өмірінің тар
өрістілігі тұрғысынан пайымдайтын ойлаудың жеткен жері осы еді.
Диалектикалық арақатынаста қажеттіліктің негізі, шешуші роль
атқаратыны түсінікті. Өйткені ол заңдылық, даму процесінің
нәтижесі. Сонымен қатар қажеттілік әрбір заттың, құбылыстың,
процестің өзіне тән мәнінің мазмұны. Қажеттіліктің тағы бір
ерекшелігі – ол көпшеге, жалпыға жатады. Заттың, процесстің
жалпылығын анықтау, оны жеке, дарадан бөліп алып қарауқажеттілікті танудың бірден-бір жолы. Мұндай жалпылық заттар мен
құбылыстарға тән жекеше мен ерекшеліктерді біріктіреді, біртұтас
жүйе жасайды, сол арқылы даму процессі мазмұнының өте бай екенін
көрсетеді. Мұның өзі қажеттіліктің жалаң ойдан ғана келіп шықпай,
керісінше объективті шындықтың негізінде пайда болатынын толық
156
дәлелдейді. Ал кездейсоқтық алғашқы кезде үнемі сыртқы,
қажеттілікке байланысы жоқ процесс сияқты болып көрінеді.
Шынында да, пайымдап ойлау кезеңінде заттың дамуы не кездейсоқ,
не қажетті болып табылады. Ал оның дамуын бір мезгілде осының
екеуі бірдей болып табылады деу қарапайым ой түйініне қайшы
келетін сияқты еді. Оның үстіне табиғатты, қоғам өмірі мен
адамдардың арасындағы қатынастарды зерттеуге біздің
ұғымымызбен анықталмайтын түсініксіз жайлар өте көп. Ендеше,
оларды кездейсоқтық саласына жатқызу пайымдап ойлау процесі
үшін өте қолайлы. Дамудағы процестің бірде кездейсоқ, бірде
қажеттілік болуы белгілі бір жағдайларда адамдардың әлеуметтік,
қоғамдық қызметіне байланысты. Өйткені кездейсоқтық міндетті
түрде болады, әрі қажетті процесс. Сол сияқты кездейсоқтыққажеттіліктің өз жолында әрдайым кездестіретін объективті
байланыстары мен кейбір сәттері. Сондықтан да ол әрбір пайда
болатын жаңаның алғашқы, бастапқы сатысы болып есептеледі.
Ендеше, ол таным процесінің белгілі бір кезеңі болғандықтан, оны
басқа да байланыстардан айыра білу ғылым мен практика үшін өте
маңызды.
Мазмұн және түр категориясы
Мазмұн дегеніміз – заттың немесе құбылыстың ішкі құрамы,
оларды құрастырып тұрған элементтердің өзара байланысы. Түр –
мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы оны құрайтын қарапайым
бөлшектер. Мәселен атомның мазмұны – оң зарядталған ядро мен
оның төңірегінде оң белгілі энергетикалық деңгейде қозғалатын теріс
зарядтағы электрондар. Ал түрі дегеніміз - осы бөлшектердің өзара
орналасуы, құрылымдық тәртібі. Көркем шығарманың мазмұны -
оның негізгі айтпақ ойы, идеясы, ал түрі – оның сюжеті, тілі,
композициясы, жанры т.б. Тірі организімнің мазмұны оның
бойындағы зат алмасу процесі, оны құрайтын түрлі органдар, ал түрі
– зат алмасу процесінің іске асу тәсілі, органдардың өзара байланысы.
Байқап отырғанымыздай мазмұн мен түр категориялары да
жалпылама сипатқа ие. Дүниедегі барлық заттардың, құбылыстар мен
процестердің өзіндік мазмұны мен түрі бар. Түр мағынасы мен
сипаты жағынан ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі түр
мазмұнмен етене қабысқан, оның ажырамас бөлігі, мазмұнды
құрайтын элементердің байланысуы, ұйымдасу әдісі. Ал сыртқы түр
157
болса осы мазмұнның басқа обьектілердің мазмұнымен байланысын
сипаттайды. Атомды құрайтын қарапайым бөлшектердің өзара
байланысы оның ішкі түрі, ал осы атомның молекула құрамына басқа
атомдармен байланысы сыртқы түр арқылы көрініс табады.
Аристотель материя мен түрдің арақатынасын қарастыра
отырып, материя инертті, белсенділігі жоқ, дербестікке қабілетсіз,
оның белгілі бір затқа, расқа, болмасқа, мазмұнға айналуы тек түрге
ғана байланысты деп тұжырымдады. Материя тек түрдің арқасында
ғана мазмұны бар затқа, құбылысқа айналады, түрсіз ол ештеңе де
емес, түр шешуші, анықтаушы, белсенді деп бағалады. Мәселен,
балшық – материя, оның қалыпқа құйғанда ғана кірпішке айналады,
мазмұнға ие болады. Әрине, бұл жерге Аристотель түрдің маңызын
сынар жақты асқақтатып отыр.
Мазмұн өзгермелі үнемі қозғалыста болады. Түр біршама
тұрақты. Мазмұнның дамуы барысынды түр белгілі бір шамаға дейін
оған сәйкес болады да, содан соң ілесе алмай қалады. Мұндай
жағдайда ескіре бастаған түр жаңарып, өзгеріп бара жатқан
мазмұнның ілгері дамуына кедергі келтіріп «етегінен тартады».
Екеуінің арасындығы сәйкессіздік бірте – бірте қайшылыққа
айналып, шиеленісе түседі. Қайшылықтың шешілуі ескі түрдің
мазмұннан мүлде ажырауына, жаңа мазмұнға сәйкес келетін жаңа
түрдің пайда болуына әкеледі. Жаңа түр мазмұнның ілгері дамуына,
кемелденуіне қолайлы жағдай жасайды. Белгілі мерзімінен соң ол түр
де ескіре бастайды, қайтадан алшақтық, сәйкессіздік, қайшылық
туады.
Мән және құбылыс категориясы
Болмыстық сан қилы, өте күрделі қайшылыққа толы екені, оның
тұрақты, ауыспалы, әрі өзгермелі екені, құрамындағы заттардың,
құбылыстар мен процестердің өзара байланысы өте шым-щытырық
болып келетіні белгілі. Ендеше, олардың ішкі табиғатын ұғыну, мәнін
анықтау, даму заңдылықтарын ажыратып білу әрқашанда адамзаттың
тыныс-тіршілігі, іс-әрекеті үшін мейлінше маңызды. Осы тұрғыдан
алғанда диалектиканың мән және құбылыс категориялары үлкен роль
атқарады.
Мән заттардың құбылыстар мен процестердің, тұтас дүниенің,
ішкі жағын, терең де біршама тұрақты байланыстармен сипаттайды.
Құбылыс – мәннің сыртқы көрініс табуы, ол мәнге қарағанда
158
қозғалмалы әрі өзгеріш. Әрине, мәнді ішкі, құбылысты сыртқы
дегенде жұмыртқаның ішкі сарысы мән, ал оны қоршаған ағы
құбылыс деп бөле қарауға болмайды. Философияда ішкі деп іште
тұрғанды айтпайды, анықтаушыны, шешушіні айтады. Мән заттың,
процестің болмысын, өмір сүру және даму заңдылығын білдіреді.
Мән мен құбылыс – материяның ішкі жіктелу қатынасы, жіктелу
жолы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастығы әрі бір –
біріне қайшылығы, қарама – қарсылығы. Ол қатынасты материялдық
процестердің ішкі және сыртқы жақтарының арақатынасы деуге
болады. И. Кант «өзіндік заттың» мәні обьективті өмір сүреді, бірақ
оны еш уақытта танып білуге болмайды, біздің білетініміз заттардың
құбылысы, яғни «біздің зат» қана, ол субьективті дей отырып, мән
мен құбылысты ажыратып қарастырады. Д. Юм үшін мән де,
құбылыс та субьективті, олар тепе – тең. Мән мен құбылыстың
мағынасын, өзара байланысын субьективті идеализм өкілдері
осылайша түсіндіреді.
Мән мен құбылысты ажырату - оларды бір – бірінен толық
тәуелсіз алып қарауға, түсінуге болады деген сөз емес. Мән қандай
болса да дербес материялдық процестің негізгі жағы. Яғни, белгілі бір
дербес, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін біз олардың тек
ішкі мәнін анықтау арқылы біле аламыз. Мән мен құбылыс
тұтастықтың тең жақтары емес. Оның анықтаушы жағы мән. Бірақ
мән өзін тек құбылыстары арқылы анықтай алады. Құбылыстар сан
алуан. Бір мәннің өзі көптеген құбылыстар, яғни көріну түрлері
арқылы қалыптасып дамиды. Өйткені мән о бастан дайын,
өзгермейтін нәрсе емес, оның өзі де белгілі қалыптау, жетісу және
жоғалу, өшу жолынан өтетін нәрсе. Олай болса, мәнді тек тұрақты, ал
құбылыстарды айнымалы десек, ол шын диалектикалық көзқарас
болмас еді. Мәннің барлық көріну түрлерін өзгермейтін бір сәттегі
белгілі бір өзгерген түрі, оның басқаша даму не өзгеру сипаты.
Мәннің өзі өзгермесе, оның құбылыстық түрлері де болмас еді. Яғни
мәнді тек құбылыстар арқылы, ал құбылыс түрлерін мән арқылы ғана
түсінуге болады. Материялық дүниенің әрбір саласының дамуында
мәннің алғашқы құбылыс түрі кейін жетілген, толысқан құбылыс
шеңберінде сақталады, бірақ олардың мазмұны, атқаратын қызметі
түбірінен өзгереді. Жетілген құбылыс барлық уақытта да күрделі,
себебі бұрынғы, өзіне дейінгі даму сатыларын ол өз құрамында
159
сақтайды, бірақ оларды өз ерекшеліктеріне сай құрап, оларды өзінің
өмір сүруінің өзгеше бір әдісіне айналдырады
Құбылмалы, өзгермелі болатын да сол құбылыс. Ол сан алуан
түрлерге бөлінеді. Соның негізгі бір түрі – көрініс немесе елестеу.
Көрініс ескірген құбылыстың жаңа мәнді бүркемелеуі ғана емес, жаңа
мәннің өзіне етене тән құбылыстық түрлері болып табылады.
Обьективті мән мен оның көрінісі бір-біріне қарама-қайшы болып
тұрған жағдайда көрініс көпшілік адамдардың санасында мән туралы
жалған пікірлер мен көзқарастар тууына негіз болады. Яғни, жалған
көзқарастар тек ойлаудағы қателіктердің, тек дұрыс ойлай алмаудың
ғана нәтижесі емес, олар ең алдымен шын өмірдің сыртқы
қабыршағынан оның ішкі мәніне өте алмаса, ол міндетті түрде
адасушылыққа душар болады. Сондықтан да обьектінің мәнін білу –
оның шығу тегін, даму заңдылығын, оған тән қайшылықтар жүйесін
білуге жетектейді. Ол оңай болса ғылыми таным да қажет емес еді.
Мән тереңде, құбылыс бай, ол обьектіні жан-жақты, әр қырынан
көрсетеді. Таным процесі ылғи да құбылыстан мәнге қарай, бір
мәннен екінші, одан тереңдеу мәнге қарай қозғалып отырады.
Заттардың, процестердің, алуан түрлі жүйелердің мәнін ашу –
ғылымның басты мақсаты.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жекеше, өзгеше және жалпы категориясы туралы түсінік.
2. Себеп пен салдар категориясы туралы түсінік.
3. Мүмкіндік пен шындық категориясы туралы түсінік.
4. Қажеттілік пен кездейсоқтық категориясы туралы түсінік.
5. Мазмұн және түр категориясы туралы түсінік.
6. Мән және құбылыс категориясы туралы түсінік.
160
Таным процесінің диалектикасы
Негізгі мақсаты:
Дүниені танып білудің мәні, ақиқаттың таным процесінде
алатын орны жайында түсініктер қалыптастыру.
Жоспары:
1. Таным, қоғамдық процесс.
2. Таным процесінің диалектикасы.
3. Ақиқат теориясы.
Негізгі түсініктер: әдіс, методология, агностицизм, эмперика,
эксперимент, фальсификация, синтез, анализ, индукция, дедукция,
идеализация.
Ақыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты
қасиеттерінің бірі - өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген
ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи
әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді,
қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын,
басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.
Басқаша айтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны
игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар
мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып,
жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа
әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.
Философиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда
дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.
Диалектикалық материализмнің таным теориясының
метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі
айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика
жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына
диалектиканың қолданылуы.
Танымның субъектісі мен объектісі.
Диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу
принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның
бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да
161
қарауға болмайды. Бейнелеу танып-білуге тиіс объекті мен танушы
субъектінің арасындағы күрделі қарым-қатынас процесі.
Метафизикалық материализм таным процесін сыңаржақты,
қарадүрсін, енжар құбылыс ретінде қарастырған болатын. Оның мәні
мынада: айналаны қоршаған табиғат құбылыстары мен қоғамда
болып жатқан түрлі оқиғалар мен өзгерістер дүниені сырттай
бақылаушы енжар адамның сезімі мен санасына әсер етіп, өз іздері
мен белгілерін қалдырады, таным деген осы, адам санасында сыртқы
дүниенің бейнеленуі деген, міне, осы, деп түсіндіреді метафизикалық
материализм. Оның үстін дүниені самарқау қабылдаушы енжар адам
абстрактілі түрде, нақты тарихи ортадан тыс, тек биологиялық
дамудың жетістігі болып табылатын тіршілік иесі ретінде алынады.
Міне, осындай адам танымның субъектісі болып есептеледі. Сөйтіп,
адамның әлеуметтік мәні, оның дүниені белсенді түрде өзгерте
алатын қабілеті таным процесінде есепке алынбайды.
Идеалистік философияда бұдан керісінше таным процесіндегі
белсенділік, объект пен субъект арасындағы белсенді қарымқатынастың рөлі баса көрсетіледі. Бірақ идеализм субъект ретінде
адамды емес, сананы, бірінші анықтаушы болып табылатын рухани
құбылысты алады.
Шын мәніне келгенде, субъект ұғымы адамның биологиялық
емес, әлеуметтік мәнін білдіреді. Қоғамнан тысқары адам жоқ,
ендеше таным субъектісі де болмайды. Жеке адамдар қоғам мүшесі
ретінде басқалармен белгілі бір қарым-қатынасқа түсетін
болғандықтан, мәдениеттің, ғылым мен техниканың жетістіктерін
иеленуіне байланысты танымның субъектісі бола алады.
Сөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен
әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы
қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі
дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық
қатынастарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар
субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы
таным объектісіне айналады. Басқаша айтқанда, таным объектісі
дегеніміз – материалдық және рухани дүниенің қоғаммен
практикалық және теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін
нақты, тарихи іс-әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз
байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің
162
негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері
жатады. Адамдарды заттық-материалдық, нысаналы өзгертушілік
қызметін практика деп атайды. Практика дегеніміз – адамдардың
табиғатты және қоғамдық құбылыстарды нысаналы түрде өзгертуге
бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Практика адамның
өмір сүру әдісі, қоғамдық қызмет жүйесі ретінде материалдық заттар
өндірісі ғана емес, керісінше, қоғамдық қатынастар өндірісі,
әлеуметтік институттар жиынтығы сыншыл өзгертушілік қызмет
болып табылады. Практика таным процесінің қозғаушы күші, негізі
ғана емес, оның ең басты мақсаты.
Қорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект
– субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы практикалық
қызмет арқылы байланысқан.
Таным теориясы адамзаттың философия тарихын, мәдениет пен
ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық
жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылымитехникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес
одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы
ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта
түскенін көріп-біліп отырмыз.
Ақиқат теориясы
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным
процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан
жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес
келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат
проблемасы алға тартылады.
Сонымен
Ақиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің “Метафизикасында”
ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам
санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен, ол ақиқаттың дәйекті
материалистік ұғымын бере алмады.
Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз - біздің біліміміздің бізден
тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс
тауып, бейнеленуі. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы
өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.
Егер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын
адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан
163
абсолютті түрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде
ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен абсолютті
ақиқаттың ара қатынасын көреміз.
Сонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1)
ақиқат - әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау –
объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда
нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану –
қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Таным туралы түсінік.
2. Бейнелеу теориясының мәні.
3. Диалектикалық материализмінің таным теориясы.
4. Канттың танымдық көзқарасы.
5. Лениннің танымға анықтамасы.
6. Танымның субьектісі.
7. Танымның обьектісі.
8. Ақиқат танымның негізгі мақсаты ретінде.
9. Ақиқат теориясының қағидалары.
Практика - танымның негізі және мақсаты
Негізгі мақсаты: Практиканың маңыздылығын дәлелдей
отырып, ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық
сипатын түсіндіру,
Жоспары:
1. Практика туралы түсінік.
2. Қоғамдық практика мен таным теориясының диалектикалық
бірлігі.
3. Танымның практика тәуелділігі.
4. Ғылыми танымның әдістері туралы түсінік.
Негізгі түсініктер: практика, таным, субьект, обьект, критерий,
ғылыми таным, теория, әдіс, эксперимент, модельдеу, анализ, синтез,
индукция, дедукция.
164
Табиғат нәрселері мен қоғамдық- әлеуметтік құбылыстардың
адамға әсер етуі - танымның ең бірінші шарты, алайда таным
процесінің негізгі - адамнің объективтік шындыққа тигізетін әрекеті.
Танымды субъекті мен объектінің практикадағы осындай өзара
әрекеттесуінің нәтижесі арқылы түсіндіру жолымен ғана адам
танымының мәнін дұрыс ұғуға болады. Таным обьектілері адамның
практикалық қызметімен тығыз байланысты. Адамзат пен табиғат –
сапасы түрліше екі материалдық система. Адам – әрі әлеуметтік, әрі
заттық тіршілік иесі – заттық құрал саймандар әдісімен әрекет етеді.
Оның санасы мен еркіннің болуы әлгі айтқан қарым-қатынасқа
шешуші әсерін тигізеді. Адам өзінің барлық құрал саймандарымен,
табиғи мен жасанды құрал-саймандармен, әрекет ете отырып, табиғат
заттары мен құбылыстарын өзгертеді, ал олармен бірге өзін де
өзгертеді. Адамдардың табиғи және әлеуметтік объектілерді мақсатқа
сай өзгертуге бағытталған бұл іс-әрекеті практика деп аталады.
Әрине, практика ұғымын материалдық өндіріспен ғана шектеуге
болмайды. Қоғамдық-материалдық өндіріс-адамдардың практикалық
қызметінің ең басты, ең негізгі түрі. Практиканың негізгі түрлеріне
қоғамдық-материалдық өндіріспен қатар халықтың әлеуметтікқоғамдық іс-әрекеттері (қоғам өмірінің саяси-әлеуметтік және рухани
салаларындағы іс-әректтер), жаратылыстану-ғылыми және әлеуметтік
эксперименттер т.б жатады. Практикаға, ең кең мағынада алғанда,
адам қызметінің заттық-материалдық формаларының бүкіл
жиынтығы енеді-ол қоғамдық болмыстың барлық жақтарын, яғни
бүкіл қоғам өмірін қамтиды.
Қоғамдық практика таным теориясымен диалектикалық
бірлікте іске асады. Ол бірлік практиканың таным теориясына
қатысты үш түрлі функциясынан айқын коринеді. Практика
біріншіден, танымның негізгі, білімнің қайнар козі болып табылады.
Ол теориялық тұрғыдан талдап, жалпылау үшін қажетті факті
материалдарын береді, сөйтіп топырақ ағашты қалай қоректандірсе,
ол да танымды нақты материалдармен «қоректендіріп», теорияның
шындықтан қол үзбеуіне көмектеседі. Екіншіден, практика
білімдердің іске асуының тәсілі болып табылады.
Адамның іс-әрекетінің барлық формалары оның ішінде заттар
мен құбылыстарды танып білуге бағытталған әрекеттері де еңбектің
өндірістің негізінде жүзеге асады. Теориялық қызмет пен
практиканың қарым-қатынасына талдау жасай келе материалистік
165
диалектика теориясының практикаға тәуелділігін және сонымен бірге
теориясының салыстырмалы дербестігін анықтап берді. Гносеология
үшін мұның екеуі де маңызды. Танымның практикаға тәуелділігі
бізге танымның қоғамдық-тарихи табиғатын түсіндіріп береді.
Танымның барлық жақтары, формалары қоғаммен тығыз байланысты
және сол арқылы анықталады.
Танымның практикадан бұрын жүруі, бір жағынан, қоғамдық
практиканың дамуынан болса, екінші жағынан, танымның өзіндік
өзгеше заңдылықтарына байланысты болады. Бұл жағдайда
танымның адам мен адамзаттың өз алдына қоятын практикалық
міндеттерімен байланысты көбінесе күрделі, жанама сипатта болады.
Сонымен теориямен практиканың бірлігі - ғылыми таным
теориясының ең басты принципі. Таным - адамдардың теориялық
қызметі. Теория өздігінше шындықты өзгерте алмайды ол
адамдардың дүниені бейнелендіруін, практикалық тәжірибені
жинақтап жалпылайды. Алайда практиканы жалпылай отырып,
теория практикаға кері әсер тигізіп, оның дамуына көмектеседі.
Практика адамның өмір сүру әдісі, қоғамдық қызмет жүйесі
ретіндематериалдық заттар өндірісі ғана емес, қоғамдық қатынастар
өндірісі. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші.
Медицина саласында практиканың орны өте жоғары.
Медициналық оқу орындарында науқастармен ерте байланыс жасау
практикасы енгізілген. Канада мен Америка Құрама Штаттарының
барлық медициналық оқу орындарында медициналық білім беру
орталықтары бар. Бұл орталықтар медициналық ғылыми зерттеулер
жүргізуге, медициналық білімнің барлық саласында дамуға,
оқытушылардың кәсіби тұрғыдан дамуына, қарым-қатынас
машықтарына, бағалау мен талдауға, медициналық информатика мен
медициналық білім беру зерттеулеріне баса көңіл бөлуде қолдау
көрсетеді. Қазіргі таңда, медициналық және фармацевтикалық білімді
одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау саласында ғылым, білім және
практикалық қызметті күшейту жөнінде шаралар қабылдануда.
Ғылыми жобаларды, республикалық және салалық ғылымитехникалық бағдарламаларды іске асыру үшін медициналық оқу
орындарының белсенділігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына
тартуда практиканың алатын орны зор. Алдыңғы қатарлы елдердің
сапаны басқару мақсатында, ең жаңа виртуальдық роботтармен –
тренажерлермен жабдықталған практикадан өтетін симуляциялық
166
орталықтар құрылуда. Практика медицина қызметкерлерінің қызмет
сапасын басқаруға, дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік
беретін бірден бір қажеттілік.
Ғылыми танымның әдістері мен түрлері.
Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс
болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдістер мен тәсілдер
қолданыланына өзінен - өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз
белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын
айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың
басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Ғылыми
танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің
объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі
көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық
әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама
диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және
таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы
ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда
пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла
бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір
ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Ғылыми танымның
жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық
және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің
өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным
объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан
қабылданады. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды
байланыстарымен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған
біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын
қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу
объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде
жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс –
эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі –
зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп,
ондағы процестерге арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу.
Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің
өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі. Ғылыми
167
теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор.
Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген
теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Таным обьектілерінің адамның практикалық қызметімен
тығыз байланыстылығы.
2. Қоғамдық практика таным теориясымен диалектикалық
бірлігі.
3. Теория мен практиканың бірлігі. Практиканың біліммен
байланысы.
4. Практиканың медицина алатын орны.
5. Ғылыми танымның әдістерін топтау.
6. Жалпылама диалектикалық әдіс.
7. Жалпы ғылыми әдістер.
8. Медициналық танымның ерекшеліктері.
Философия тарихындағы адам проблемасы
Негізгі мақсаты:
Философияның негізгі әрі жауабы табылмаған мәселелерінің
бірі адам мен табиғаттың философиялық мәнін терең талдау.
Жоспары
1. Адам проблемасы философия ғылымының ең маңызды
мәселесі.
2. Антик философиясындағы адам проблемасы.
3. Адам өмір сүруінің табиғи – биологиялық алғы шарты.
4. Адамның әлеуметтік мәні.
Негізгі түсініктер: адамшылық, адамгершілік, еркіндік,
бостандық, құндылық, экзистенциализм.
Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де
болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы
ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен
алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дәлел болады. Бір
168
нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе
білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің
білуімізше, философияның мәселесі – бұл сананың, рухтың
табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның) ішкі дүниесінің
объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын
қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен
дүниетанымының және оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға
қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани
дүниесіне тигізетін әсері қандай – оның бәрі философияның ең
түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылыды. Материяны,
табиғатты - алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі
болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух
пен сананы – алғашқы материямен табиғат бұлардың сыртында өмір
сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер
үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ.
Этикалық ілім ретінде дүниеге келген Үндістанның буддизм
философиясы өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды
мақсат етіп қойды. Егер бұған дейінгі брахманизм деп аталатын діни
– философиялық ілім адамның азап шегуін бұрынғы күнәсі үшін
тартатын жазасы, одан құтылудың жалғыз жолы – құдайға құлшылық
етіп, табына білу деп білсе, буддизм, керісінше, өмірдің өзі тек азап
шегуден тұрады, бұл дүниеде (сансарда) одан адамды азат ету
құдайлардың қолынан келмейді, азаптан құтылудың бір ғана жолы
бар, ол адамның өзіне байланысты: сансардан кету, безіну деп
санады.
Платон философиясының өте маңызды бөлімі – адамның
арманынан шығатын “Мемлекет” туралы ілім. Дүниедегі бірден – бір
әділетті мемлекет қандай болуы керек – философ осыны кескіндеп,
бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті
ең ақылды, білімді адам, яғни, Платонның ойлауынша, философ
басқаруға тиіс. Адам проблемаларына Арестотель де ерекше көңіл
бөлген. Әсіресе ол философияның “Этика” бөлімінде түгелдей сол
проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады.
Арестотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының
міндеті – азаматтарды жақсы қылықтарға, ізгі ниеттілікке үйретіп
оларды тек игілікті істерден ғана дәрежеге жеткізу. Оның “Алтын
аралық” деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан
дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғары мінез-құлық
169
қасиеттерінің әрқайсысы біріне—бірі қарсы екі түрлі ұшқары
қылықтың аралығы болып табылады. Бұлақтың екеуі де теріс
қылықтар.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы
оны бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін
тікелей арналған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің
әйгілі жерлесіміз Әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақытәр адамның көздейтін максаты, үлкен игілік. Сол мақсатқа жетуге
мүмкіндік беретін адамда үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады:
а) ерекше жасаған дене құрылысы; ә) жан құмарлықтары; б) ойпарасаты.
Неміс философы Канттың адам проблемасына арналған негізгі
принципті - әрбір жеке адамның өз алдында мақсатты нысана ретінде
қарау қажеттігі. Бұл оның адам мұддесі жөніндегі ілімінің басты
мәселесі болды. Адам деген жүрек жылылығын ол теорияға сүйенген
салқын ақылдың бұйрықтарына қарсы қойып отырады. Табиғатта
мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады.
Демек, ол тек адамға ғана тән, бір – бірімен қарым – қатынастағы
адамдардан қүралатын қоғамға тән құбылыс. Мақсат жәй ғана ермек
үшін немесе сол мақсаттың өзі үшін ойдан шығара салған жасанды
бір нәрсе емес.
Сонымен, ғылыми философияның түсінуінде дүниедегі ең
бағалы, асыл байлық – адам. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстармен
қыймыл әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты. Жер шарындағы
небір ғаламат табыстардың қайнар көзі, ақыл – ой туындыларының
құдіретті иесі. Бұл арада адамның қоғамда алатын орны мен рөлінің
сипаттамасын айтып отырмыз. Ал адам дегеніміз өзі кім? Күнделікті
өмір көзімен қарағанда бұндай оңай сұрақ жоқ тәрізді.
Философия тарихында берілген анықтамалар көп. Арестотельдің
анықтамасы бойынша, адам – қоғамдық хайуан. Басқа хайуандардан
адамның айырмашылық – ол қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Орта
ғасырдағы катализмнің діншіл философы Фома Аквинский адамды
дене мен жанның бірлігі, хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе
деп санаған. Жан оның ұғымдарында мәңгілік өлмейтін жақсылық
сәулесі болса, дене – ынтымақтық аренасы, жанның ұясы. Сондықтан
адамдар өмір бойы сайтандар тұзағынан босануға және құдайдың
жарық дүниесіне шығуға ұмтылады. Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша,
170
жеке – дара, жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін
емес. “Менің” болуымның міндетті шарты - “сенің” болуың,
басқалардың болуы. Адамның жануарлар дүниесінен бөлініп
шығуының негізгі өмір сүру ортасын өз еңбегімен өзгерту, қайта
жасау әдісін, ол үшін еңбек құралын оның ең жабайы түрінен бастап,
бірте – бірте жетілдіру жолын меңгеру қабілеті болған. Тек еңбек
процесінде ғана адамдар қатысу, байланыс жасаудың қабілеттігін
үйренеді. Бара-бара адам еңбегі бүкіл материалдық еңбегі
марериалдық және рухани мәдениет дүниесінің жасаушы болып
шықты.
Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым – қатынастың мән –
мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен
қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай,
қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген
сияқты сұрақтардың философиялық ой – толғамдар жүйесінде ерекше
дүниетанымдық маңызы бар. Адамзат тарихында даму заңдылығын
ашып көрсету барысында мынадай әрі бұлтартпайтын өмірлік
мысалға жүгінуге болады: адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен,
дінмен, т.б. шұғылданбас бұрын ең әуелі тармақтануы керек, үстіне
киім, басына пана қажет, ол үшін адамдар еңбектенуі, әрекет жасап,
тер төгуі, сол арқылы қажетті материалдық игіліктерді өндіруі қажет
Ал енді өмірге қажетті материалдық игіліктерді адамдар қалай
өндіреді, неден жасайды, тиісті бұйымдарды қайдан алады ден заңды
сұрақ туады. Әрине, олар дайын күйінде түспейді. Адамдар оны
табиғаттан өндіреді, яғни табиғатпен байланыссыз ешқашан өмір
сүре алмайды. Адам да, қоғам да – табиғаттың төл баласы, жалғасы.
Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа
мен судың өзі – жан – жануар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен
ғажайып сыйы.
Қоғам табиғаттың ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі,
басқаша айтқанда, қоғамның пайда болуы – материя қозғалысының
жоғары, әлеуметтік түріне көшуі деген сөз. Бұл жерде мынандай бір
заңды сұрақ тууы мүмкін. Табиғатқа, оның өзгеруіне адам ғана емес,
жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл ретте адам әрекетінің сапалық
өзгешелігі неде? Біріншіден, жануарлар да ықпал етеді. Ендеше, бұл
ретте адам болса табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны өоғам
игілігіне қызмет істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар
табиғатпен қарым – қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін,
171
яғни тісін, мүйізін, тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын
қолданады. Ең бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден,
жануарлардың әрекені таза биологиялық қажеттерден туындайды,
хайуандық сипат алады, ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық,
ұжымдық сипатқа ие, мақсатқа сай жүзеге асырылады. Адам
табиғатты нысаналы түрде өзгертеді, оны қоғам игілігіне қызмет
істеуге бағындырады. Екіншіден, жануарлар табиғатпен қарым –
қатынас барысында өздерінің дене мүшелерін, яғни тісін, мүйізін,
тұяғын, т.б. пайдаланады. Ал адам еңбек құралын қолданады. Ең
бастысы – ол оны өзі жасайды. Үшіншіден, жануарлардың әрекені
таза биологиялық қажеттерден туындайды, хайуандық сипат алады,
ал адам еңбегі әуел бастан – ақ қоғамдық, ұжымдық сипатқа ие,
мақсатқа сай жүзеге асырылады. Адамның ақыл – есі, ой – санасы,
өзін өзге дүниеден бөліп қарай алатын, өзінің ішкі дүниесін танып
білуге қабілетті, қоғамнан, ұжымнан жарық өмір сүре алмайтын
әлеуметтік құбылыс екенін айырамыз. Алдыңғы ұрпақтан қалған
мәдени мұраға ие болып, оларды жетілдіріп отыратын қасиеттек
адамға ғана тән. Басқаша айтқанда, табиғат барлық уақытта да
адамзаттың өмір сүретін ортасы, тіршіліктің қайнар көзі болған және
солай болып қала бермек.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Философия тарихындағы адам проблемасы.
2. Адамның пайда болуы туралы әртүрлі көзқарастар.(діни,
маркстік және т.б)
3. Адамның дамуындағы тіл мен сананың рөлі.
4. Еңбек, сана ұжым – адамның әлеуметтік дамуының сипаты.
5. Адам қоғамдық қатынастың объектісі мен субъектісі ретінде.
6. Тарихи процессте адамдардың қатынасы: таптар, ұлттар,
халықтық масса.
172
Г модулі. Әлеуметтік философия
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы
Негізгі мақсаты:
Табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас пен қазіргі
таңдағы экология мәселелерін талдау.
Жоспар
1. Табиғат пен қоғамның өзара байланысы.
2. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы орны.
3. Биосфера, ноосфера және экология мәселелері.
4. Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар және адам
денсаулығына әсері.
Негізгі түсініктер: табиғат, географиялық орта, биосфера,
ноосфера, экология.
Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нақты әрі
терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік
қолданылады. Бұл ұғымды XIX ғасырдың ортасында француз
географы әрі социологы, Париж Каммунасына қатысушы Элизе
Реклю кіргізген болатын, одан әрі бұл ұғым Г. В. Плеханов еңбектері
арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті. Географиялық орта өндіріс
арқылы халықтардың тарихи дамуының қарқынына әсер етеді.
Қолайлы географиялық ортада өндірістің дамына жақсы жағдай
болады да, қолайсыз ортада даму процесі көптеген қиыншылдықтар
арқылы өтеді.
Алайда географиялық орта өндірістің, жалпы шаруашылықтың
дамуына қажетті кейбір мүмкіндіктерді ғана дайындайды, ал ол
мүмкіндіктерді пайдалану қоғамның өзіне байланысты, оның
сұранымдарына, өндіріс құрал – жабдықтарының деңгейіне тәуелді.
Бұл айтылғандардан туындайтын тағы бір маңызды мәселе –
географиялық ортаны ұқыпты да мақсатқа сай пайдалануда қоғамдық
құрылыс сипатты роль атқарады. Мысалы, антагонистік қайшылығы
бар таптық қоғамда географиялық ортаның байлығы қалай болса
солай, стихиялы түрде пайданылады дедік. Табиғат қорғау ғаламдық
мәселеге айналған соңғы кезде ғана “жау кеткен соң‚ қылышыңды
тасқа шап” деп, сан соғып, өкініп жатқан жай барлық елдерге де тән
болып отыр. Географиялық ортаның қоғам дамуындағы рөлін асыра
173
бағалауға болмайды. Жоғарыда айтылғандай, ол өндіріс арқылы даму
қарқынына ғана әсер етеді. Бұл ретте социологияда бағыт
(географиялық детерминизм) деп аталатын ағымның кең таралғанын
айта кеткен жөн. Бір сөзбен айтқанда, географиялық детерминизм
қоғамдық дамудағы, әр халықтың тарихындағы өзгешеліктерді
географиялық ортаның әсерімен түсіндіруге тырысады, яғни бұл
ағым қоғам дамуының басты себебін қоғамның өз ішінен емес,
сыртынан іздейді.
Табиғат пен қоғамның өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы
туралы айтқанда, тек географиялық орта туралы түсінікпен ғана
шектелу қате болар еді. Адамның, бүкіл қоғамның өмір сүретін
табиғи ортасы, әрине, көп. Ол биосфера деп аталады. Биосфера – жер
шарының тіршілік тараған аймағы. Оған тірі организмдер
мекендейтін, жер қыртысының жоғарғы қабаты, өзендер мен көлдер,
теңіздер мен мұхиттар, сондай - ақ атмосфераның төменгі қабаты
жатады. Басқаша айтқанда, биосфера – адамдардың тыныс-тіршілігін,
өмір сүруін қамтамасыз ететін орта. Оны күн энергиясын жасыл
желектер мен өсимдіктер арқылы түрлендіріп отыратын
биофизикалык жане биохимиялык лаборатория десе де болар еді. Бұл
– өздігінен үнемі өзгеріп, өзін өзі ұйымдастырып әрі тұрақтылық пен
тепе-тендік сақтап отырған ғажайып жүйе. Биосферадағы алғашқы
тұрактылыктың, зат алмасудың бүлінуі қоғамның өмір суру
ортасының бұзылуына, табиғаттың күйзелуіне әкеліп соғады.
Биосфераның кұрамына өсімдіктерден, тірі организмдер мен
жануарлардан басқа адамның өзі де кіреді, яғни адамзат –
биосфераның бір бөлігі. Адамның іс-әрекеті, ғылым мен техника
дамыған сайын биосфераның өзгеруі жылдамдай түседі.
Адамзат пайда болуымен бірге биосфера өзінің келесі сапалық
сатысына – ноосфераға (гректын ноос – ақыл, ой деген сөзінен
шыққан) өтеді. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаушы орыс
ғалымы В. И. Вернадскийдің (1863-1945) пікірінше, ноосфера –
адамның акыл ой өрісі, ойланып істеген әрі дәйекті түрде басқарып
отыратын әрекетінің көрінісі, табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі саналы
түрде пайдалануының, өзгертіп, түрлендіруінің жемісі. Басқаша
айтқанда, ақыл ойдың құдіреті дүниеге келтірген ғажайып
техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей қайта оны сақтауға,
өркендете түсуге тиіс. Алайда нақты өмірде олай болмай отыр. Қогам
алгаш аяғынан қаз тура бастаған кезде адам бар табғат күштеріне
174
толық тәуелді болды, оның байлғгынан күн көріс таба жүріп,
біртіндеп күш қуат ала бастады. Өндіріс құрал жабдықтарын
жетілдіре берді. Табиғаттың байлығын әбден игерді. Сөйте келіп, оны
тоздырып, жүдетіп жібергенін де байкамай қалды. Қазір атмосфера
кірленген, топырақ тоғган, өзендердің суы тартылған, табиғаттың өңі
солып, жүдеген кезге келдік.
«Табиғатты бас игіздік, жеңдік» деп даурығып жүріп, өзімізге
өзіміз кастык жасадык, өз қолымызды өзіміз кесуге шақ қалдык.
Сонын бір куәсі – Арал апаты, былайша айтқанда, теңіздің тартылуы.
Аралдын алтын өзегі Амудария мен Сырдарияның суын жырымдап,
«мақта суарамыз, күріш суарамыз» деп жүріп, ертеңімізді
ойламаппыз. Жауапсыздық, жаны ашымастықтың неге әкеліп
соққанын қараңыз: теңіздің деңгейі ондаған метрге төмендеп, суы
тартылған тіршілікке жарамсыз болып қалды. Суы кепкен теніз
түбінен тұзды кұйын көтеріліп, ол тек Арал өңіріне ғана емес, сонау
батыс – шығысындағы барлық облыстардың егістік жерлеріне тұз
жаудырады. Арал аймағында соңғы жиырма жыл ішінде ауру сырқау
көбеюде. Жаңа туған нәрестелердңн 90 % дімкәс болып туатын
болды. Бұл өңірде сүзекпен ауыратындар 30 есе, сар ы ауруға
ұшырағандар 7 есеге көбейіп кеткен. Сондықтан да Аралды кұткару,
оның орнын сақтап қалу, тазарту ғаламдык мәселеге айналып отыр.
Аралды сактап калу жөніндегі қоғамдық қозғалыстың күн санап
өрістей түсуі де соның айғағы. Тағы бір экологиялық проблема,
Семей өңіріндегі ядролық полигонның қоғамдық өмірге,
адамдарымыздың денсаулығына тигізген зардабы. Бұл айтылған
мәселелер бүгінде экологиялық проблемалар деп аталып әлемдік
сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі танда табиғат қорғау мәселесі,
қоршаған ортаның тазалығы үшін күрес дүние жүзі елдерін,
халыктарын қамтып отырған ғаламдық мәселеге айналды.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Табиғат пен қоғамның бірлігі туралы.
2. Географиялық орта туралы түсінік.
3. Э. Реклю және Г. Плехановтың географиялық орта туралы
еңбектері.
4. Биосфера туралы түсінік.
5. Ноосфера туралы В. Вернадскидің ой-пікірі.
6. Қазіргі таңдағы ғаламдық экология мәселелері.
175
Қоғам туралы философиялық түсінік
Негізгі мақсаты:
Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру,
қоғамдық сананы тағы да нақтылау.
Жоспар
1. Қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ой пікірлер.
2. Қоғамдық формациялардың сыр- сипаты.
3. Қоғамның тарихи тұрпаты жайында түсінік
4. Қоғамның қозғаушы күштері
Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы,
ашық қоғам, құндылықтық аспект, объект, объективті, формация.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер,
идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ
қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай
пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы
күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы
қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма
деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар
туады. Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге,
өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің
арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.
Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой
еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың
күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта,
тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз
қараста бұрын идеализм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері
бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы
объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның
рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа
практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену
арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика
жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса
бастады.
Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы
қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы
176
мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың
қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми –
философиялық дүниетанымдық негіз болды. Қоғамды ғылыми
принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын
ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол
ғылымдар адамзат тарихын түсіндірудің кілтін, көзін қоғамның
материалдық-экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны
жан-жақты терең талдап дәлелдеді. Қоғам заңдары бадырайып
көрініп тұрмайды, оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы
қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып – білу
арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап, зерттеуді керек
етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады. Қоғамды
ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі
қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын –
материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.
Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда
марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді.
Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ
қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам
арқылы өңдеу деп айтады.
Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық
қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси,
құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар
болып бөлінеді.
Қоғамның тарихи тұрпаты
Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан
өзгермейтін, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді.
Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларда ешқандай заңдылық жоқ
деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған
реттер де кездесті. Батыстың кейбір идеологтарының пікірінше, өмір
мен қоғам дамуында туа біткен сезімдік-қасиеттер: басбұзарлық,
әуесқойлық, жеккөрушілік, өзін-өзі сақтау, жыныстық, туыстық, т.б.
түйсіктер анықтаушы роль атқарады-мыс. Ғылыми диалектика
осындай идеалистік метафизикалық көзқарастарға тойтарыс берді,
сөйтіп, ол ғылымдардың нақты деректеріне және әлеуметтік
практикаға сүйене отырып, социологияны тұңғыш рет ғылыми негізге
қойды және адам қоғамының абстрактілі болмағанын, оның нақтылы
177
тарихи қоғам түрінде, яғни белгілі бір қоғамдық-экономикалық
формация түрінде әрқашан да өмір сүргенін және өмір сүре беретінін
көрсетеді. Қоғамдық-экономикалық формация дегеніміз ерекше
«әлеуметтік организм», өзінің даму, әрекет жасау заңдары мен
нақтылы құрылымы бар қоғамдық қатынастар жүйесі болып
табылады. Қоғамның тарихи үлгілері бір-бірінен материалдық
игілікті өндіру тәсілдері арқылы ажыратылады. Ал қоғамның,
формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға
байланысты болады. Сонымен, әрбір қоғам, яғни қоғамдықэкономикалық формация өзіне тән ерекше даму дәрежесімен және
өндіргіш күштердің сипатымен, экономикалық базисімен, белгілі бір
әлеуметтік құрылымымен, қондырмасымен, сондай-ақ мәдениет,
адамдардың этикалық тұтастығы, отбасы, тұрмыс жағдайлары
әлеуметтік құбылыстардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады.
Әрбір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі
болады. Өндіріс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына
бастайды. Қоғамдық-экономикалық формация туралы ұғым бүкіл
адамзат тарихын дәуірлерге бөлу үшін теориялық негіз болды.
Тарихтың нақтылы барысында талдау методологиясы негізінде бүкіл
дүниежүзілік тарихта формациялардың заңды түрде алмасу себептері
ашылды. Ол алмасу, яғни бір формациядан екіншіге өту – өндіргіш
күштердің қарқында дамуымен дайындалады да, қалыптасқан жаңа
өндіргіш күштер күні өткен өндірістік қатынастармен сәйкес
келмейді, шиеленіске түседі. Бұл шиеленіс әлеуметтік революция
арқылы шешіледі. Ал әлеуметтік революциялар «тарихтың
локомотивтері» болып табылады, олар бір қоғамның екінші бір
қоғаммен ауысуының нақты белгісі және көрсеткіші. Бір қоғамдық
экономикалық формациядан келесіге ауысу үшін оның материалдық
жағдайы пісп жетілуге тиіс. Бұл тұжырым тек қана жалпы қоғамға
ғана емес, сонымен қатар бір қоғам шеңберінде болатын әлеуметтік
өзгерістерге де қатысты.
Қоғам өмірінің экономикалық саласы
Көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік
философия материялдық, экономикалық қатынастарды негізгі,
шешуші қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп
көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардын жиынтығы
қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда
178
өндірістік қатынастардың жиынтығын құратындар:меншіктін
формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі
қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну
керек. Әрбір қоғамның өз базисі бар. Базис өндірістік қатынас тардын
жиынтығын құратындықтан, оның типі өндіргіш күштердің дамуы
деңгейіне қарай анықталады. Сондықтан ол қоғам өмірінде зор роль
атқарады. Ол өндірісті ұйымдастырып, өнімді бөлу формасын табуға
көмектеседі.
Базистің айрықша бір рөлі сол, ол өзіне (базиске)орнатылатын
қондырма үшін, яғни қоғамның саяси, құқықтық, философиялық,
этикалық көркемдік және діни көзқарастары мен соларға сәйкес
саяси-идиологиялық мекемелер және үйымдар үшін реалды негіз
болып табылады. Сондықтан базис өндіріс тәсілінің қоғамдық өмір
кейіпін, оның идеяалары мен мекемелерін тікелей айқындап беретін
жағын құрады. Қондырманың қоғам дамуындағы рөлі ерекше зор.
Белгілі бір экономикалық базистің негізінде туған қондырма, сайып
келгенде, адамдардың осы базиске деген қатынасын білдіреді.
Түрліше идеялары базисті нығайтудың немесе қиратудың қажеттігін
адамдардың түсінуі үшін қызмет етеді, ал мекемелер мен ұйымдар
(мемлекет, саяси партиялар, т.б.)ол идеяларды іске асыруға
көмектеседі. Базис пен кондырманың арақатынасында базис біршілік,
ал қондырма екіншілік, өйткені қондырманы тудыратын базис. Базис
қандай болса, қондырма да сондай. Мысалға алғашқы қоғамды
алайық. Онда жеке меншіктің, таптардың, олай болса, таптық
қайшылықтардың болмауы алғашқы қауымдық қоғамда мемлекеттің,
саяси және құқықтық идеялардың т.б болмауына себепші болды.
Базистің қондырмаға қарағандағы айқындаушы рөлі базистің
қондырманы тудыратындығын ғана емес, сондай-ақ қоғамның
экономикалық құрылысында болатын елеулі өзгерістер мінднтті
түрде қондырмада да сондай өзгерістер тудыратындығынан да
көрінеді. Базистен туған қондырманың дамуында сонымен қатар
салыстырмалы дербестикте бар. Бұл дербестіктің бірінші көрінісі*
оның дамуындағы сабақтастық байланыс. Ескі базистің орнына жаңа
базис келгенде қондырмада болатын төңкеріс бұрынғы қондырманың
барлық элементтерін автоматты түрде жояды деген сөз емес. Ескі
қондырманың кейбір жеке элементтері жаңа қоғамның
қондырмасының құрамында қалады. Екіншіден, әрбір қоғамның
қондырмасында жалпы адамдық идеялар мен түсініктер болады.
179
Мысалы, жалпы адамдық моральды нормаларда әдебиет пен өнердің
таңдамалы жетістіктері қалып отырады. Сойтіп, әрбір қоғамның
қондырмасында ескі қоғамнан қалған идеялар болады. Үшіншіден,
қондырманың салыстырмалы дербестігі оның өзін тудырған
экономикалық базистің дамуына тигізетін пәрменді кері әсерінен
көрінеді.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Қоғамның тарихи үлгілері.
2. Қоғамдық қатынастар түрлері.
3. А. Тойнбидің өркениеттілік теориясы.
4. У. Ростоу «экономикалық даму сатылары» шығармасы.
5. Адам баласы тарихының 5 кезеңі.
6. Қоғамның экономикалық базисі
7. Қоғамның экономикалық қондырмасы
8. Нарықтық экономиканың қоғамның дамуына өзіндік әсері.
Прогресс және қоғамдық прогрестің тарихи типтері
Негізгі мақсаты:
Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып
табылатын прогрестің жастар үшін маңыздылығын анық көрсету.
Жоспар
1. Прогресс идеясының қалыптасуы
2. Қоғамдық прогрестің алғы шарттары, тарихи типтері.
3. Дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктері.
4. Прогресс идеясы, ғылыми техникалық прогресс ұғымы
Негізгі түсініктер: прогресс, регресс, қоғам, даму, ақпараттық
қоғам.
Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын
ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс
деген сөзден аланған).
Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның
қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты
180
жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы
төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.
Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе –
адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.
Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның
ақыл–ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам
парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың
барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін
қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі.
Парасат пен ғылым жетістіктерін қалын көпшілік арасына кең тарату
арқылы қоғамды адам табиғатына лайықсыз жағдайлардан арылтып,
шексіз прогреске жол ашу мүмкін болып көрінеді. Қоғамдық
прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында
қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының
мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп
орыратынын да көрсетеді.
Қоғам туралы диалектикалық – материалистикалық ілім
тұрғысынан алғанда, прогресс идеясын ғылыми жолмен негіздеу
үшін:
1) қоғамдық прогрестің тарихи қажеттілігін дәлелдеу, яғни
қоғам дамуы нысаналығының себебін табу керек;
2) прогрестік объективті өлшемін анықтау қажет;
3) нақтылы тарихи кезеңге сәйкес прогрестің сипаттамасын
беру, яғни прогрестің тарихи үлгілерін ажырата білу керек.
Даму қашанда қалыптасқан дағдыны бұзуымен, өзгертумен
байланысты ол әдетте көпшілікке ұнамайды. Үйреншікті жағдайды
өзгерту қашанда ауыр. Бірақ онсыз даму жоқ. Қоғамды зерттеу
принциптерінің ең негізгі – қоғамдық болмыстың алғашқы қоғамдық
сананың кейінгі болу яғни қоғам өмірінің негізгі материалдық өндіріс
екендігі. Сондықтан қоғамдық прогресс туралы ілім нақтылы бір
тарихи кезеңдегі материалдық өндіріске талдау жасаудан басталады.
Ғылым тұрғысынан материалдық өндірістін екі жағының - өндіргіш
күштері мен өндірістік қатынастардың арасындығы объективті
диалектикалық қатынастардың сипаты, мысалы, өндіріс құрал –
жабдықтарына жекеменшіктің немесе қоғамдық меншіктік болуы
өндіргіш күштердің даму дәрежесіне тәуелді.
Қоғамның дамуы қоғамдық-экономикалық формациялардың бір
– біріне ауысу түрінде жүзеге асатын прогресс болғандықтан,
181
қоғамдық прогресстің өлшемі бір қоғамдық экономикалық
формацияны екіншісімен тұтастай салыстыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми әдіс қоғамы өндіргіш күштерінің дамуын осындай
таланттарға сай келетін өлшем ретінде қарастырады. Қоғам өндіргіш
күштерінің дамуы жалпы адамзат тарихының арқауы болып
табылады, өйткені, тарихы дамудың қай сатысында тұрса да,
қоғамның негізгі міндеті - өз қмірінің материалдық жағдайларын
қамтамасыз ету, ал оның алғы шарты - өндіргіш күштер болып,
олардың жетілдіріліп отырылуы.
Дүниеге бірімен – бірі байланыссыз, өзінен өзі болатын жеке –
дара ешбір құбылыс жоқ. Қандай бір зат болсын, ол айналадағы басқа
заттармен міндетті түрде қатынаста болады. Ал өмір сүріп, бірақ
ешқандай қатынаста болмайтын, басқа заттардың әсерінен
ұшырамайтын не өзі әсер етпейтін зат, құбылыс әлемінде болмайды,
болуы да мүмкін емес.
Сонымен, қоғамның өндіргіш күштерінің даму қоғамдық
прогресті қоғамның барлық салалары тұрғысынанда, адамның жеке
басының даму тұрғысынанда көріне алатын объективті өлшем болып
табылады. Бұл өлшем прогрестің қоғам өмірінің барлық салаларын
тұтас қамтитын заңды прогресс екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық
формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау
жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға
прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін
қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы – алғашқы
қауымдық қоғам. Өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең
қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған
балталар, пышақтар, тас сүңгісі бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с. Білім
жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам – адам
дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік
байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің
қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты
болады. Таптық қоғамның алғашқы түрі – құл иеленушілік формация.
Бұл қоғамның негізгі өндіргіш күші – құл, негізгі өндірістік қатынас -
өндіріс құрал жабдықтары да, құл да, өндірілген өнім де құл
иеленушінің жекеменшігінде, алайда құл иеленушілік қоғамның бұл
табыстарының көзі ең тұрпайы, аяусыз зорлыққа негізделген құлдық
еңбек. Ертектегі Грецияның қоғамдық өмірін бір жағынан ұлы
182
ғалымдардың ғажайып өнер иелерінің талантты мемлекет
қайраткерлерінің, белсенді азаматтардың әрекеттері көрсетсе, екінші
жағынан, мал ретінде еңбек етуге мәжбүр болған құлдардың жағдайы
сипаттайды. Құл иеленушілік қоғамдағы прогрестің мұндай
қайшылықтары кездейсоқтық емес, қажетті құбылыс. Феодалдық
қоғам нақты тарихи жағдайларға байланысты құл иеленушілік
қоғамның ыдырауы салдарынан пайда болады немесе тікелей
алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы арқасында қалыптасады.
Адамға тән қажеттердің үздіксіз өсіп отыруы капитализммен бастап
қана қоғам дамуының заңдылықтарына айналды. Алайда капитализм
туғызған қоғам, адам дамуының мүкіндіктері шынайы өмірде қарым
қатынас сипатта жүзеге асады. Қоғам дамуы белгілі бір
заңдылықтарға бағынатын процесс болғандықтан, қоғамдық процесс
те заңды құбылысқа жатады. Әрбір қоғамдық экономикалық
формация даму барысында өзінен гөрі жоғары келесі қоғамдық
экономикалық формацияның қалыптасу мүмкіндіктерін туғызады.
Қоғамдық прогрестің заңдылығына күмән келтірудің екінші бар
бағыты социализмнің теориясы мен практикасы арасындағы орын
алған терең алшақтықты тілге тиек етеді. Капитализмге қарағанда социолизм объективті түрде тарихи дамудың жоғарырақ сатысы еді.
Ғылыми техникалық прогрес
Ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп
дамуы. Ол XVI-XVIII ғасырдағы мануфактуралық өндірістен,
ғылыми теориялық және технологиялық қызметтер өзара
жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін
материалдық өндіріс, негізінен, империялық тәжірибені, кәсіби
кұпияны қорландырып, машық тәсілдерді жинақтау есебінен баяу
дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғылыми теориялық
таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялықсхоластикалық қасаңдықта қамалып, өндірістік амал-шараларға
ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады. XVI ғасырда адамзат баласының
сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі
мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теориялық
және тәжірибелік тұрғыдан шешу, қажеттігін алға тартты. Нақ осы
кезде ғылым қайта өрлеу дәуірі идеяларының әсерімен
схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады.
Шығыс жұртының компасты, оқ дәріні ойлап табуы және кітап
183
шығару тәсілін меңгеруі ғылыми және техникалық кызметтердің
берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл
— ғылыми техникалық прогрестің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі
кезендерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су
диірменін пайдалану әрекеті кейбір механикалық процестерді
теориялық тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер
қозғалысының теориясы, науа теориясы, су қысымы туралы,
қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни,
мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғылыми және
техникалық нышандарын дамытып, Г. Галилей, И. Ньютон, Э.
Торричелли, кейін Ц. Бернулли, Э. Ма-риотт, Ж. Л. Д'Аламбер, Р. А.
Реомюр, П. Эйлер, т.б. ғалымдар тарихка "өндіріс қызметшілері"
деген атпен енді. XVIII ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда
болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің,
өнертапкыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех.
жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін
машинасы конструкторлық тех. ізденістің ғана емес, "ғылымның
жемісі" саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол.
түрғыдан қолда-ну үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді
ашты. Осының өзі ғылыми техникалық прогрестің жаңа, екінші
кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қаркынды дамуға
ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғылыми зерттеу
қызметінің теориялық шешімдерді тех. нұсқаға жеткізуге құзырлы
арнаулы салалар: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелікконструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі
қалыптасты. Ғылыми техникалық. іс-әрекет адам еңбегінің ең
ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды. Ғылыми техникалық
прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғылыми-техникалык
революция жетістіктерімен байланысты. Оның ыкпалымен
техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех.
мін-деттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен
компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ, биологтар,
физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене
қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революция-ландырушы күшке
айналды. Ал техника болса, ғьлымның алдына тың талап, тосын
міндет қою, әрі оны күрделі, эксперименталды жабдықтармен
жарақтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы Ғылыми
техникалық прогресстің ерекше қыры — тек өнеркәсіпті ғана емес,
184
сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл
шаруашылық., көлік катынасын, байланыс аясын, медицина мен білім
беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми
техникалық прогресстің әлеуметтік прогресстің негізі болып
табылады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Прогресс туралы түсінік.
2. Қоғамдық прогрес туралы түсінік.
3. Қоғамдық прогресстің алғышарттары.
4. Қоғамдық прогрестің тарихи типтері.
5. Ғылыми техникалық прогрестің даму кезеңдері.
185
Мәдениет және өркениеттілік
Негізгі мақсаты: Мәдениет тарихы мен өркениет тарихының
бірін-бір толықтырушы ұғымдар екенін, өркениеттің бүгінгі күннің
өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау жасау.
Жоспары:
1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар.
2. Мәдениет адам дамуының өлшемі
3. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы,
зандылықтары.
4. Қоғамдағы мәдениеттің қызметтері.
Негізгі түсініктер: мәдениет, өркениет, өркениет құрылымы,
трансформация, механизм, диалог, коммуникация, футурология.
Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең
теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің
түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады, сонымен қатар
адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша
дұрыс пайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани,
көркемдік саласармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде,
мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса
оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады. Материалдық
өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді, өндіріс қажеті
оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі.
Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық
қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны
мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан,
мәдениеттегі қазіргі бардың, болашақтың сабақтастық байланысын
тани білу қажет. Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі
болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек
бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс
мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз
жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара
тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында,
адам өмірінде алатын орын түсінуге болады. Мәдениет тарихи
186
процестермен ұштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей
туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір
ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде.
Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік
қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі
қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек. Өткен
уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы,
болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын
қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына
сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді. Мәдениет қандай
тұр алса да адамдық мазмұнда болады. Мәдениеттегі адам қызметі
өзінің субъективті мазмұны мен анықталады. Мәдениеттің ерекшелігі
сол – ол тек объективті шындық тұрі ғана емес, шығу тегі жағынан
алғандағы оның объективті мазмұнынан. Мәдениеттің материалдылығының өзі оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның
өмір сүру әдісімен объективтік қызмет негізінде ғана мәдениет
материалдық сипат алады. Кең мағынада алғанда, мәдениет
адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды,
өйткені, еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар
мағынада алғанда, мәдениет кәсібтік мамандығы бар адамдардың
немесе кәсібтік одақтардың қызметі арқылы баянды болады бұл екі
тұжырым да орынды. Адам қызметінің қажетті шартты ретінде
табиғатпен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып
табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің
күрделі қасиетінің білдіре алады. Табиғат пен мәдениет барлық
уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі
айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне,
санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің
жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген. Мәдениет субъектісі
бола отырып адам әр дайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол
белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп,
гүлденуіне демеуші болады. Табиғат пен мәдениеттің – адамның
табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі.
Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне
негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек.
Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді,
өйткені адам санасының мәдени – тарихи түрінің негізі
философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениетпен
187
өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш
неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта
түседі. Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес,
өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар
жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды
қамтиды Мәдениет - адам баласының ақылымен, қолымен жабайы
табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі түрі бар: бірі
– материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние. Біріншісіне –
үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр,
діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады. Өркениеттілік деген термин үш
түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемді алғанда – алғашқы
қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау
мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық,
Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б. Жоғары дамыған күрделі
техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы
мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет
еккізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел.
Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму
сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет
қоғам жағдайына тәуелді. Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір
тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде – сипаттау да кездеседі.
Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар. Дүниежүзілік мәдениеттің даму –
мәдениетінің бәр сатыда екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық
экономикалық формациялар ауысуымен анықталатын процесс, яғни
мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелді болады.
Мәдениет пен өркениетМәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған
мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын
қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін
ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан
алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.
Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа
халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері
бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген
басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі ұғымның мағыналарын
төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар:
188
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.
Б. Тайлор).
2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы,
руханилықтың антиподы (Ж. Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер).
3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі,
қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл).
4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени
саты (Л. Морган).
5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің
оқшау түрі (А. Тойнби, Н. Я. Данилевский және т.б.).
6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның
материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен
байланысты ұғымдар екен. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің
коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты.
Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен
ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника
мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі,
адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау
және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар,
клубтар және тағы басқалар) жатады.
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық.
Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық,
үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық,
айырмашылықты естен шығармаған жөн. Қоғам – әлемнің бір бөлігі,
белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан
субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың,
мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы
негізгі мәселе – адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте
қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал
мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі,
сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған
ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей
қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар:
Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы
басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі
мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай,
әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл
189
көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына
көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның
туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және
мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли — көркем бейне.
Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден
жұрдай болады. Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негізгі
шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен
жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық
пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның
нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет
үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы
дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен
өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің
өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық)
беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан
өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени
мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту
арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып,
рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың
белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің
өзіндік санасының жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызмет
міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне
аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан
қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі,
әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің
«пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі
«интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей
туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар
(интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет
атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату —
интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз
жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени
диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек»
(Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993,
№ 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты
190
болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі
алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы,
шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі
мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен
техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.
Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке
ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен
жамандықты айырамыз.
Реттеу қызметі. Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда
«мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек
алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде
түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды
тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін
көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам
басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ.
Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің
қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі., Алайда солай екен-ау деп
мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара
алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі
реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте
күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл
бөлінеді. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар
басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жанжақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын
көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған
сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай
адам.
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі. Бұл
мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың
қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы – әлеуметтік шындықтың
басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте – қарым-қатынас өрісінде
болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі
адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар
ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік
тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес.
Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди
жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді
бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп
191
аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени
қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп
мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды
жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде
алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол
рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол
мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос
тұрады, отарба жүрмейтін темір жол – жай темір мен ағаштың
үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап – шаң басып жатқан қағаз. Мәдени
болмыстың тірегі деп - қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің
қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер
оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б.
түрлерін атайды.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Мәдениеттің адамзаттық өлшемі.
2. Мәдениеттің қырлары.
3. Мәдениет пен өркениеттің байланысы.
4. Аристотельдің, Гегельдің, Хайдеггердің техникалық
өркениет туралы ой- пікірлері.
5. Қоғамдағы мәдениеттің қзіндік қызметтері.
6. Танымдық қызметі.
7. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі
8. Жалғастық, мұрагерлік қызметі
192
Құндылықтар философиясы
Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі,
олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші
туралы талдау жасау.
Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр,
адам, тұлға, мән, тарихи формалар.
Жоспары
1. Құндылықтар жүйесі туралы түсінік.
2. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар,
заңдылықтар логикасы мәні болу шарт.
3. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі,
принциптерінің қалануы тиіс.
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі
рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен
қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым –
қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі
бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени
мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті
құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың
тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке
адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік
құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер)
және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады.
Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда
да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының
екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің
құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып
көрінеді.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке
тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты;
құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының,
түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен
танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады. Диалектикалық
193
материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен
нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен,
оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай
прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың
мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық –
практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді.
Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген
жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері
сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды
етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің
құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның
әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар
мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге
көмектеседі. Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның
саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері,
терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының
құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген
қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің
мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады. Құндылық
құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және
қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі
өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы)
әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді.
Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны
туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де
жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден
алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық
мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да
белгілі. Диалектикалық материалистік философия оларды қарастыра
отырып, әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие
болғандарын ғана талқыға салады.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының
белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің
санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал
ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің
мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық
нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке
194
тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір
принциптер мен мұраттарға (идеяларға) берілгендік, сол мұраттармен
құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір
позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты
сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары
бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған
байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым,
искуства және басқа бақтарға бөлуге болады. Құндылық нысаналары
оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп
есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті
сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде
ғана іске аспақ. Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім
аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол –
құндылықтар теориясы болып табылады. Аксиология құндылықтар
табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің
құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және
мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы
туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы
мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің
құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының
дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам
қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар
болып екі элементке бөлінгенде пайда болады... Құндылық
объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар
үшін, отбасы, ұлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір
объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса
жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.
Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи
параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін
құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Әлеуметтік құндылықтар туралы түсінік.
2. Құндылық және құндылық бағдарлары.
3. Құндылықтық эмоция және оның формасы катарсис.
4. Аристотельдің «поэтика» еңбегі.
195
5. Антиктік және орта ғасырлық философиядағы құндылық
сипаттамалары.
6. Аксиология туралы Э. Гартман.
7. Натуралистік психологизм өкілдерінің А. Мейнок, Р.
Перидің құндылық тұжырымдамалары.
8. Әдебиеттегі құндылықтардың жіктелуі.
9. Қазіргі нарықтық бағдар кезеңіндегі құндылық.
Жеке адам және еркіндік
Негізгі мақсаты: Жеке адамның рухани жетілгендігі, бағытбағдары және еркіндік жайында түсініктер қалыптастыру.
Жоспары:
1. Еркіндік жайындағы философиялық көзқарастар
2. Жаңа қоғам адамдарын тәрбиелеуде моральдік еркіндіктің
атқаратын рөлі.
3. Еркіндік – танылған қажеттілік ретінде..
Негізгі түсініктер: мотив, құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу,
көзқарас, еркіндік, атрибут.
Еркіндік хақында философия тарихында сан алуан көзқарастар
айтылған. Осы мәселеге сондай, ол туралы ой толғамай өткен ешбір
белгілі ойшыл жоқ, ешбір философиялық жүйе жоқ десе де болады.
Басқа мәселелерде соншалықты сабырлы, салқын күйде ой кешетін
даналардың өздері де еркіндікке келгенде айырықша жан
толқынысын сездіріп тұрады. Осы принципті логикалық шегіне
жеткізе өрбіткендер – механикалық материализм бағытындағы кейбір
ойшылдар деуге болады. Олар (әсіресе Т. Гоббс, Б. Спиноза,
Ламетри, т.б.) адам, қоғам тіршілігін де табиғи механикалық
заңдармен түсіндіруге ұмтылған. Олар жалпы алғанда механика,
геометриялық принциптердің тұрғысынан еркіндік туралы
адамдардың ойы жалған елес қана, ал шын нәрсе қажеттілік деуге
ойысады. Ал ол себептілік түбінде тек құдайдан. Гоббс былай дейді:
«Еркінділік пен қажеттілік үйлесе алады... ерікті әрекеттер
адамдардың ырқынан туатын әрбір акт, тілек және талпыныс белгілі
бір себебтен, себебтердің тізбегінен (ал тізбектің соңғы тізгіні, ең
ақырғы себеп құдайдың қолында) болғандықтан оның барі
196
қежеттіліктен туындайды. Осы байланысты көре алатын адамға
адамдардың еркінсіген әрекеттерінің қажеттілігі айқын болар еді.
Бәрін көліп, барін реттеп отырған құдай, әрине, адамдар қалаған
нәрсесін істеп жатқанда да содан қажеттілікті, құдайдың өз
қалағанының болып та көреді... адамдарда ешнәрсеге құштарлық та,
ешнәрсеге құмарлықта құдайдың ырқынсыз болмас еді...»
Спинозаның ойынша табиғаттың өзі құдіретті күш, құдай деп
сол табиғаттың өзін түсінуіміз керек, құдай да, табиғатта бір нәрсе,
бір субстанция. Субстанция деп тек өзі арқылы өмір сүретін, тек өзі
арқылы түсінуге, тануға болатын нәрсені айту керек. Табиғатты
немесе құдайды тек тұтас алғанда ғана ол осындай қасиетке ие. Әрбір
жеке зат, құбылыстар (модустар) солардан туындайды, солрдың
көрінісі. Құдай әрбір заттың ішкі мәні, қажеттігі, себебі. Ол сыртқы
себептілік емес, ішкі себептілік. Спинозаның айтуынша ырықтың
еркіндігі ғана емес, зерденің де еркіндігі жоқ. Адамдар өз
әрекеттерінің себебін сол әрекеттердің өзін ғана білетіндіктен өздерін
еріктіміз деп ойлайды. Адамдардың ойлары мен аффективтілері
шығды, оны біз білмейтін болсақ, бізде еркіндік жоқ, ал қажеттілікті
айқын түсінетін болсақ, онда бізде еркіндік бар. Еркіндік дегеніміз
біздің іс-әрекетіміздің қажеттіліктеріміздің анықталғандығын анық
білу, соған саналы түрде мойынсұна білу, сеның жолымен ғана жүру.
Осындай көзқарастар діннің айырықша үстемдік еткен
дәуірінде, бірақ екінші жағынан ғылымның, бәрін табиғаттың
бұлжымас қатаң заңмен түсіну меңдеп келе жатқан жағдайда соның
екеуінде ұштастырып, біріктірудің жолы еді. Олар адамды құдайдың
да, әсіресе табиғаттың да шеңберінен тыс нәрсе емес, сол табиғаттың
бір бөлігі етіп көрсетуге тырысқан. Бұл шын мәнінде адамды заттар
дүниесіндегі қатардағы бір зат ретінде қарау, себебі ойлау кеңістікпен
қатар субстацияның екінші атрибуты. Атрибут – оның табиғатынан
шығатын ажырамас қасиеті. Яғни, Спиноза еркіндікті сөз жүзінде
мойындағаны болмаса, шынында еркіндік жалпы табиғатқа,
болмысқа сиыспайтын, болуы мүмкін емес құбылыс деген
қорытындыға алып келеді. Осы дәстүр кейінгі ғасырда нығая түсті.
Оны негізінде Гегельдің философисы айырықша орын алады. Гегель
объективтік дүние деп енді табиғатты емес, жалпы адамнан, әлемнен
тыс абсолюттік рух деп түсінеді. Абсолюттік рух және оның
дамуының жоғарғы сатысы – абсолюттік идея – табиғатты да, адамды
да жаратушы күш, табиғат та, адамзат та оның сыртқы іске асу
197
формалары, сатылары. Сондықтан ол адам үшін сыртқы қажеттілік.
Адам сол абсолюттік рухты, оның дамуының қажеттілігін қаншалық
таныған болса, ол соншалық еркін. Яғни, басқаша бір негізде болса
да, Гегельдің беретін анықтамасы Спинозаның анықтауымен бірдей
делік: еркіндік, ол – танылған қажеттілік. Танылмаған қажеттілік
адамға соқыр, мылқау әр дүлей күштей ықпал етеді. Гегель
философиясының обьективтік идеалистік негізін теріске шығарса да,
оны өздеріне ұзтаз тұтқан К. Маркс пен Ф. Энгельс те еркіндікке осы
көзқараста болған. Бірақ олар практикалық іс-әрекетті философияның
негізгі принципі еткендіктен, еркіндікті түсінуге бір шама өзгеріс
кіргізді. Еркіндік олар үшін, әсіресе Энгельстің анықтауы бойынша,
танылған қажеттілік және өзінің тәнінің табиғатына да үстемді. Адам
болмыстың зыңдылықтарын қаншалықты меңгерсе әрі өз ісінде
пайдалана алса, еркін іс-әрекет деп соны түсінуіміз қажет.
Еркіндік адам зат тарихының алғашқы кезеңдерінде болмаған,
тек кейінгі жоғары дамыған шақтарында пайда болатын ерекшелік
десек (алғашқы анықтамадан осындай қорытынды шығады), онда, ол
адамның дүниедегі болуының түпкі, алғашқы негізі бола алмайды, ол
тек откінші қасиеттердің бірі болып шығады. Еркіндік адамдар
әрекетінің салдары емес, керісінше, ол өзі адамдар өмірінің басқа
барлық құбылыстарын туғызатын себеп деуге болады.
Сонда еркіндік дегеніміз не? Еркіндік – адамның о бастан ешбір
сыртқы себептілікпен, жағдайлармен, ешбір сыртқы күштермен әрі
өзін қоршаған орта мен алдын ала анықталмағаны. Яғне, адамның
кім, не және қандай болатындығын, оның омірде қандай орын
алатындығын, қандай нарсені өзіне мән ететіндігін, нені құнды және
нені құнсыздыққа балайтындығын өзінен басқа ешбір күш анықтай
алмайды, оны алдын ала ешбір күш бойына сіңіріп қоя алмайды.
Басқаша айтқанда, адамды адам ететін негізгі қасиеттер, адамның
организмдік тәнімен бірге келетін дайын қасиеттер емес. Жаңа туған
нәресте, әрине, адамға тән денесімен, дене ерекшеліктерімен туады.
Адам тәні, әрине оның адамдық болмысына оңтайланған. Бірақ ол
(тән) хайуанаттардың тіршілік ету жолынада белгілі дережеде игере
алады. Оны нәресте кезінен хайуанаттармен бірге өскен адам
перзенттері (ондай фактілер ғылымда белгілі) көрсетіп отыр.
Бірақ жоғарыда айтылған анықтама адам еркіндігінің не емес
еркіндігі туралы аитып тұр. Ал, еркіндіктің не нәрсеге екендігін
айтсақ, ол – адамның кім, не және қандай болатындығын қалыптасу,
198
даму жолында, өз өмірінде түбінде тек өзі анықтайтындығы немесе
анықталмайтындығы. Адамның болмысы, яғни, өз талғамы, өз
қалауы. Адамның жалпы болмысы оны қалаудан емес, өзінің өзгеше
болмысының қалау мүмкіндігінде. Яғне оның хайуанаттардан өзгеше
болмысын іске асқан қалау емес, сондай қалауға немесе қаламауға
мүмкіндігінде деу керек. Адам өзін өзі жасайды, немесе жасамайды.
Мәнділік те қалайды немесе қаламайды. Адам өз өмірінің белгілі бір
мәнді деп есептеген жолын бір рет таңдап алып, сонымен одан кейін
таңдаудан құтылады деп те ойлауға блмайды. Оның өмірінің әрбір
сәті, әрбір үлкенді-кішілі уақиғасымен шешімі сол мәселені алдына
тартып отырады. Сырт қарағанда адамдар көбіне өзінен тыс
нәрселерді таңдайтын сияқты: заттарды, азаматтықты, саяси ағымды,
мамандықты т.т. Бірақ, көп жағдайда сыртқы жағдайдың ар жағында,
адам өзі сезе де, түсіне де бермейтін басқа таңдау жатады: Ол өзін өзі
таңдау. Не нәрсеге ыңғай берсең, не нәрсеге көңілің еуеды екен, оның
астарлы жағы – сенің өзіңнің кім екеніңді, қандай болуға
жақындағаныңды аңғартады. Айтылғанның бәрінен шығатын
қорытынды: Еркіндік адамның тек субъективтік күйі ғана емес, оның
дүниедегі ерекше болмысы. Олай дейтініміз, еркіндік - адамның іс
жүзінде еркін болуында ғана емес, оның белгілі дәрежеде өзіне де
тәуелсіз объективтік еркіндігінде.
Әрине, адамдар көп нәрселерге тәуелді: табиғатқа да, қоғамға
да, басқа адамдарға да т.т. ол адамдар өмірінің алдыңғы бет пердесі.
Ең алдымен біз осы тәуелділікті көреміз. Бірақ біз: еркіндік дегеніміз
адамның ешнәрседен тәуелсіздігі деп отырған жоқпыз. Біз сол
тәуелділікті мойындау немесе мойындамау, оған қарсы әрекет ету
немесе оның алдында тізе бүгу адамның өзінің шешетін нәрсесі
дейміз. Алайда, әрбір адам өмірінде оның барлық жеке, нақты
талпыныс, қызметтерін түпкі негізінде үнемі еркіндікке талпыныс
жасауы тиіс.
Неліктен еркіндікті біз адамның дүниеде болуының ең алғашқы
негізігісі дейміз: сондай негіз деп адамның практикалық қызметін, ісәрекетті айтуға болмаспа еді? Дүниені және өзін өзгертуден
болмыстың барлық формалары басталмай ма? Еркіндік соның
нәтижесінде келмей ме? Ең алдымен ешқандай айырмашылығы жоқ
бір қызметтің әр түрлі жағдайда адам үшін мәнділігі басқаша бола
беруі болып отырады. Ал бірдей қызметтің әр түрлі адамдар үшін
алуан түрлі мәні болатынын айтпаса да түсінікті.
199
Дүниеге көзқарастың әлеуметтік – психологиялық сипаттың ең
прогресшіл, бай түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп,
шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік – жігермен
қосылмаса жансыз пайдасыз бейне болып қала береді.
Психологтар адамдарды жігерлілер, жігерсіздер деп екі топқа
бөлінеді. Жігерлі адам әр қашанда өзінің түрақты қалпын сақтайды,
өз алдына емін еркін қызмет жасайды, ұстаған жолынан, қабылдаған
шешімімен қайтпауға тырысады. Ал жігерсіз адамның әдетте
тұрақтылығы батылдығы жетіспейді. Кімнің болса да жігерін теріс,
қоғамның, халықтың мүддесіне қарсы келетін іске емес, адам
игілігіне арналған қызметке жұмсағаны маңызды.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Жеке адамның бағыт-бағдары
2. Адамгершілік – адамның рухани арқауы ретінде.
3. Механикалық материализм бағытындағы ойшылдардың
еркіндік жайындағы түсініктері.
4. Гегельдің философисындағы еркіндік.
5. Еркіндік адамның тек субъективтік күйі ғана емес, оның
дүниедегі ерекше болмысы ретінде.
200
Медицина этикасы
Негізгі мақсаты: Медициналық этика және деонтология
жайында мәліметтер беру
Жоспары:
1) Этика мен деонтология туралы түсінік
2) Ақиқаттылық медициналық деонтологияның қағидасы
3) Мейірбике ісінің жарғысы
Негізгі түсініктер: медицина, этика, деонтология, биоэтика,
эвтаназия.
Этика мен деонтология туралы түсінік
Этика терминін тұңғыш философияға енгізген Аристотель. Ол
этика деп этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды атады.
Аристотелдің ізгіліктер туралы ілімінің негізгі қағидалары адам
бойындағы ізгіліктерді этикалық және дианоэтикалық деп
қарастырған. Этика үш бөліктен тұрады: а)теориялық этика этиканың
негізгі ұғымдарын оның зерттеу пәнін, ғылым ретінде даму тарихын
зерттейді; б) нормативті этика негізгі этикалық категорияларды
(мейірімділік, қатігездік, т.б) зерттейді;в)эмпириялық этика белгілі
бір кезеңдердегі адамзат ұйымдарының нақты адамгершілік келбеті
туралы түсінік береді. Медициналық деонтология дамудың үлкен
және қиын жолынан өтті.
Деонтология бастамалары ертеден келе жатыр. Медициналық
көмекті алғаш рет көрсеткен адам оны жаны ашығандықтан,
бақытсыздыққа көмектесу үшін, ауру сезімін жеңілдету үшін, яғни
адамгершілік сезіммен жасаған. Осы адамгершілік әрқашан
медицинаның және оның басты өкілі – дәрігердің ерекшелігі болған.
Дәрігерлерді барлық уақытта дәрігердің кім екендігі, оның мінез –
құлқы қандай болу керек екендігі, науқастармен, оның туыстарымен
қатынасы, дәрігердің өзара қатынасы туралы сұрақтар қызықтырды.
Көптеген елдер мен халықтар дәрігерлерінің ізденістері мен
ойларында шынайы дәрігерге қажет қасиеттер туралы маңызды ойлар
мен сөздер бар. Ойшыл және дәрігер Гиппократ өзінің атақты,
«Антында» дәрігер кәсібінің моральдік-этикалық және рухани
201
нормаларын жазды. Гиппократтың ұлылығы оның адамгершілік
қасиетінде, «Гиппократ Антында» уақыт өзгере алмайтын мәңгілік
ақиқаттар жазылған. Деонтология терминің жиырмасыншы ғасырдын
басында ағылшын философы И. Бентам - адамның кәсіби мінезқұлқы туралы ғылым ретінде енгізген. Медициналық
қызметкерлердің деонтологиясы - оның тек науқас алдында ғана
емес, сонымен қатар халық алдындағы жоғары адамгершілік парызы
ретінде түсіндіріледі. Деонтология - өзін адам денсаулығын қорғау
ісіне арнаған адамның моральдік, эстетикалық және интеллектуалды
жағын медиктер, науқастар және олардың туыстарының арасындағы,
адам денсаулығын қорғаушы ұжымдағы әріптестер арасындағы
қарым қатынас туралы ұғым.
Деонтология мен этика арасындағы белгілі бір байланыс бар.
Этика деонтологиямен, оның мақсаттарымен тығыз байланысқан
тәрбиенің бір бағыты болып табылады. Кез келген медициналық
деонтологияның негізгі міндеті - медициналық қызметкерлерге
науқастар медицинаға емес, медицина науқастарға пайдасын тигізу
керек екендігін әрқашан түсіндіру. Дәрігерді науқаспен қарым
қатынасы алғашқы кездесуден, ал кейде одан да бұрын дәрігер
пциенттің медициналық құжаттарымен танысқанда басталады. Осы
сәттен бастап деонтологиялық талаптар күшіне енеді. Олардың
ішіндегі бастысы - келген науқаспен қарым-қатынас орнату үшін оны
барлық жағынан танып білу.
Адам – дүниедегі барлық құндылықтардың ең жоғарғы
құндысы, бұл гуманизмнің, медициналық деонтологияның маңызды
принципі. 100 жыл бұрын М. Я. Мудров: «Дәрігерге науқасқа деген
адамгершілік қатынас, мәдениеттілік, коллегиалдылық, өз білімін
әрқашан жетілдіру және Отанға деген сүйіспеншілік қажет» - деді.
Деонтологияның ары қарай дамуы, оларды жетілдіру және
медициналық қызметкерлердің қалыптасуы денсаулық сақтаудың
ұйымдастыру міндеттерімен, ғылым мен техника прогрессімен елдің
әлеуметтік дамуының жаңа деңгейімен тығыз байланысты.
Медицинадағы «Науқасты емес, ауруды емдеу» қағидасын сақтай
отырып, дәрігерді дайындауды, көрсетілген медициналық қызметтің
сапасын жақсарту міндеттерін алға қою керек. Деонтологияда бұл
қағида науқасты және оның барлық: жастық, кәсіби, тұрмыстық және
басқа да ерекшеліктерін танып білумен айқындалады.
202
Медицина қызметкерінің парызы – науқастың қызығушылықтарын өз қызығушылығынан жоғары қою білу міндетті. Науқас келіп
медицина қызметкеріне ешкімге айтпаған сырлары мен ойларын
айтып, сенім білдіреді. Мұны әрқашан есте сақтап түсініп, бағалау
қажет. Медицина қызметкерінің ең алдымен науқас алдында беделді
болу керек. Оның беделі өз саласынан терең кәсіби біліммен,
науқастың жеке басының ерекшеліктерін түсіне білумен, науқаспен
ұқыпты қатынаста болып, оның жылдам және толық жазылуына
жағдай жасауымен көрінеді. Қазіргі жағдайда дәрігердің қоғамдық
өмірдегі рөлі өсуде.
Медицина қызметкерінің міндеттерінің бірі - оған деген сенім
мен сыйластықтың негізі болатын өзінің кәсіби ар – намысын
жоғарғы дәрежеде ұстау. Медицина қызметкері үшін науқас жақын
адам болу керек, науқас үшін дәрігер - сүйеніш болатын, өзінің өмірін
сеніп тапсыратын жақын адам яғни, науқас дәрігерге сенеді және
сыйлайды, себебі дәрігер мен науқастың және оның туыстарының
өзара қатынасы науқастың емханаға алғаш рет баруынан басталады.
Бұл кезде науқас пен оның туыстарының ауру диагнозы да, оның
болжамы да қызықтырады. Сондықтан медицина қызметкерінің
науқас туыстарымен әнгімелесуі үлкен өнерді, сыпайылықты,
шеберлікті талап етеді. Туыстарына науқасқа бар жағдай
жасалынатындығын, ол назарсыз және көмексіз қалмайтындығын
барынша түсіндіру қажет. Кейде науқасқа туыстары олардың ойынша
қажетті қосымша зерттеулерді өткізуді, консультантарды шақыруды
сұранады. Сондай уақыттарда шыдамдылық қажет және де дұрыс
түсіндіру керек. Медицина қызметкерінің әрқашан науқас туралы
сенімді және нақты мәліметтер оның жоғарғы және деонтологиялық
денгейін көрсететінін, оның өзіне және ұжымына деген сенімді
тудыратынын түсінуі қажет. Әрбір медицина қызметкері күнделікті іс
- әрекетін науқас алдындағы жеке және ұжымдық жауапкершілігімен
жасауы қажет.
Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі немесе дәрігердің оң
қолы болып саналады. Сондықтан да дәрігер мен мейірбике тығыз
қарым қатынаста болуы тиіс. Мейірбике аса кішіпейіл, тәртіпті,
мәдениетті болуымен қатар, өзіне тапсырылған істі дер кезінде
орындайтын тындырымды болуы, сондай ақ ол жинақы, байыпты,
сабырлы жүруге тиіс, халаты, бас киімі таза, үтіктелген, өзіңе шақ
болуы да қажет. Мейірбике науқас адамдар мен өз коллективі
203
арасында абыройлы болуы үшін ол өз ісінің шебері, білімді, жан
жақты, әмбебап адам болуғ тиіс. Бұл үшін үнемі өз білімін көтеріп
отыруы керек. Әрбір мейірбике науқасты күткенде оған қызмет
көрсеткенде үнемі жақсы жағымен көзге түсіп отырса, мінез
құлқымен, жақсы қарым - қатынасымен, жылы сөзімен сырқат
адамды көңілдендіріп отырса, оның ойын ауруына аудармай бөле
білсе, онда сырқат қабылдап жатқан дәрілері бойына сіңіп, шипалы
болары сөзсіз. Бұл жағдайлардың бәрі науқастың ауруынан тез арада
айығуына, отбасына, қызметіне аман - есен оралуына көмектеседі,
ауруханадағы төсек - күнінің қысқаруына, дәрі - дәрмектің, тамақтың
үнемделуіне жәрдемін тигізері сөзсіз. Бұл арада Семашконның
"дәрігер науқасты тексеремін деп жүргенде науқас адам дәрігерді
одан бұрынырақ тексеріп үлгереді" деген сөзін келтіре кеткен жөн
сияқты. Немесе Бехтеревтің :"егер дәрігер науқас адаммен
әңгімелескеннен кейін науқас адам бір жеңілдік сезінбесе, онда
дәрігердің дәрігер болмағаны" деген сөзін де есте ұстаған жөн. Бұл
сөздердің мейірбикеге де қатысы бар. Медицина мейірбикесі науқас
адам мен оның туыстарына ауруы жайлы артық сөз айтпауы керек.
Сонымен бірге ол науқастарды іздегенде, шақырғанда аты-жөндерін
атап шақыруы тиіс. Бұл да мейірбике мәдениеттілігінің бір көрінісі
болып табылады. Сырқаттардың асқынулары жайлы жақсы білуге
тиіс." Ауру асқынған кезде қайтіп көмек көрсетемін, не істеуім
керек?" деген ой мейірбикенің көкейінен әрдайым шықпауы қажет.
Медициналық деонтологияның маңызды қағидалардың бірі -
ақиқаттылық. Ақиқаттылық ешқашан дәрігерлік құпияны сақтауға
қайшылық келтірмейді.
Медицина қызметкерінің факторлар мен жағдайларды
обьективті, ғылыми, негізделген, терең түрде бағалауы, бірінші
себебін және мақсатын анықтап, сосын ғана талдау жасап, өз
көзқарасын қалыптастыру - дұрыс және шынайы шешім қабылдауға
көмектесудің логикалық жолы. Бұл - клиникалық ойлау деп аталады.
Шынында да дәрігердің ақылмен айтылған беделді және жұмсақ,
белгілі бір интонациямен, уақытында айтылған сөзі науқастын
операцияға келісімін шешеді, оның қорқынышты жеңуіне
көмектеседі, жауапты шешім кезінде сабырға келтіріп, жазылып
кетуге үміт арттырады. Дәрігердің орынсыз қолданған созі - науқасты
қатты жаралайы, ал кейде ауыр, қайғылы нәтижелерге алып келеді.
204
В. М. Бехтерев жазды: «Дәрігердің жұбанышы бір сөзінің өзі
қандай сиқырлы сауықтырушы әсер етуі мүмкін екендігін, керісінше,
кейде сендіруді білмейтін дәрігердің суық та, қатаң сөзі науқасқа
өліммен тең әсер ететінін барлығы біледі». Егер науқасқа дәрігермен
әнгімелескеннен кейін жеңіл болмаса - онда ол дәрігер емес. Міне
сондықтан сөзді дұрыс меңгеру дәрігер бүкіл өмірінде оқуға тиіс ұлы
өнер болып саналады. Деонтологиялық нормаларды бұзу –
янтрогения дамуының маңызды себебі.
Медицина қызметкерінің парызы - кәсіби міндеттерін
медициналық іс әрекеттің моральді этикалық және құқықтық
нормаларымен қарастырылған, білікті орындауы. Бұл Қазақстан
Республикасы Конституциясының, денсаулық сақтау туралы
заңдылықтарда, ведомстволық нұсқаулар, қаулылар және ережелерде
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабында
айтылған: «ҚР азаматтары денсаулығын қорғауға құқығы бар". Бұл
құқық тұрғындар денсаулығын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
факторларына жатқызу, Қазақстан Республикасы азаматтарының
әлеуметтік және мүліктік жағдайына қарамастан тегін медициналық
көмектің кепілденген көлемімен қамтамасыз ету арқылы сақталады».
Дәрігер жауапкершілігі - дәрігер іс - әрекетінің ерекшеліктеріне
науқас пен дәрігердің өзара сеніміне негізделген. Дәрігер мен
науқастар арасындағы келіспеушіліктер жиі емнің нәтижесіз
болуынан пайда болады. Емнің нәтижесіз болуының себептері өте
көп.
Дәрігерлік құпия екі мың жылдан аса белгілі. Гиппократ
«Антында» дәрігер кәсіби құпияны сақтауға ант береді. Дәрігерлік
құпия үш түрлі мәліметтерден тұрады; науқастың ауруы, интимді
және жанұялық өмірі туралы. Кәсіби құпияны тек дәрігерлер мен
орта буынды медициналық қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар
санитарлар, лаборанттар, медициналық тіркеушілер және
фармациялық қызметкерлер де сақтауы керек. Әдетте, дәрігерлік
құпияны тарату медициналық қызметкерлердің абайсыздығынан, өзін
өзі жоғары бағалауынан болады.
205
Мейірбике ісінің жарғысы
1. Мейірбике дәрігердің бірінші көмекшісі. Дәрігердің науқасқа
тағайындаған дәрілерін дер кезінде беру, оның нұсқауларын
уақытында орындау - мейірбикенің міндеті.
2. Мейірбике науқасқа жаны ашып, оның қайғысына ортақтаса
отырып, ойын бөлісуге тырысу керек. Ол науқас айтқан әрбір
шағымға құлақ асып, оның организмінде, көңіл күйінде болған
аздаған өзгерісті ерте сезуге тырысуы керек.
3. Егер науқастың жағдайы болмай, тынышсызданса, онда дереу
дәрігер шақырт.
4. Сөз емдейді, сөз жанды жаралайды. Сол себептен науқаспен
әңгімелескенде мәдениеттілікті, ұстамдылықты, сыпайылықты естен
шығарма. Егерде науқас адам өзінің ауруы жайлы саған сұрақ қойса,
онда науқастың көңіліне қаяу түспейтіндей етіп, ойланып жауап бер.
5. Тыныштық. Науқас адамды емдеудің бұл да бір түрі.
Мейірбике бөлімшеде тыныштық сақтауға атсалысуы қажет.
6. Дәрігердің абыройын және өз абыройынды сақтай біл. Егер
баыройың жоғары болса, онда саған деген науқастың да сенімі
жоғары болады.
7. Өз басынның тазалығын сақта, киген киімің ережеге сай
болсын. Әдемі де таза мейірбиенің қолынан ем алғанның өзі бір
ғанибет екенін ұмытпа.
8. Аурудың алдын алу (профилактика) - ауырмаудың кепілі.
Сондықтан науқастар арасында тазалық жайында, тамақтану режімі
жөнінде, темекінің, арақтың зияны туралы т.б жөнінде әңгіме өткізіп
отыр.
9. Науқастың туған - туыстарымен әңгімелескенде олармен тіл
таба біл. Олардың орынсыз талаптарына, науқасты емдеу жайына
араласуына жол берме, қателіктерін сыпайы ғана дәлелдеп түсіндір,
сендіре біл.
10. Науқасты емдеуге араласу үшін тиісті арнайы білім керек.
Сондықтан үнемі ізденіп, өз білімінді көтеріп отыр.
11. Өз мамандығыңды жетілдір, өз ісіңнің шебері бол. Науқасты
емдегенде ептілік, шеберлік қажет екенің естен шығарма. Сонымен
бірге аппараттармен жұмыс істеуді де үйрен.
12. Үнемі саяси біліміңді көтеріп отыр.
13. Қоғам мүлкін сақтай біл.
206
14. Жақсы сөз - жарым ырыс екенін, жылы сөз де емнің бір түрі
екенің ұмытпа.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Этика және оның негізгі категориялары
2. Деонтология тарихы
3. Гипократ антындағы деонтология мәселесі
4. Медициналық деонтология туралы түсінік.
5. Деонтология мен этика арасындағы байланыс.
6. Медициналық деонтологияның маңызды қағидалардың бірі –
ақиқаттылық жайында.
7. Мейірбике ісінің жарғысы медицина этикасының бір саласы.
8. Қазіргі медицина этикасының мәселері
207
Құқық философиясы
Негізгі мақсаты: Құқықтың мәні мен мағынасы, оның әлемдегі
алатын орны жайында талдау.
Жоспары:
1. Құқық философиясы пәні
2. Құқық философиясы тарихы
3. Адам құқықтары
4. Қазақ қоғамындағы адам құқықтары
Негізгі түсініктер: құқық, заң, бап, Конституция, адам
құқықтары, кодекс.
Құқық философиясы пәні. Құқық философиясы құқықтың мәні,
мағынасы мен ұғымы, оның әлемдегі орны, құндылықтары мен
маңызы, адам, қоғам және мемлекет өміріндегі және халық пен
азамат тағдырындағы рөлін зерттеумен айналысады. Өзінің саналы
жаратылысы бойынша адам белгілі дәрежеде пайымдалған және
зерделенген әлемде өмір сүреді әрі әрекет етеді және бұл адам
болмысының фундаменталды (іргелі) қасиеттерінің әлемдегі бағдары
мен әрекетінің қатарына жатады. Болмыстың адамзаттық тәсіліөз
құрамына зерделеуді, пайымдауды бұл болмысты өзіңді және бүкіл
әлемді, әлемдегі, өзіңді, өзіңдегі, әлемді түсінуді енгізеді. Мұндай
принціп адамның құқық әлемімен өзара қатынастарында да орын
алады. Ол құқықтың мәліметтерді өз ақыл-ойының – теориялық,
кәдуілгі, философиялық ақыл-ойының тұрғысында бағалайды,
сынайды, тексереді, күмән келтіреді. Бұл позитивті құқықты
ақылдылық, әділеттілік, шынайылық, ақиқаттылық және т.б
тұрғысынан сынауды білдіреді. Және де ол позитивті құқыққа
қатынасында өзге өлшемге де ие болады. Бұл өлшем биліктің немесе
оның өкімдерімен емес, адамның қоғамдық болмысының іргелі
қасиеттері мен мәселелері, табиғат пен құқықтың мәнін тану
қажеттілігі, оның адамның бірлескен өмірдегі алатын орны мен
маңызы сияқты нәрселер арқылы анықталады.
Құқық философиясы тарихы. Құқық философиясының пәндік
аймағы - құқық пен заңның айырмашылығы және арақатынасы
мәселесі. Құқық философиясының тарихы ертеден басталғаны мен,
208
«Құқық философиясы» терминінің өзі ХVIII ғасырдың соңында пайда
болды. Бұған дейін ерте заманнан бастап, философиялық – құқықтың
сала проблематикасы бастапқыда жалпы тақырыптың бір үзіндісі
және қыры ретінде қойылып, ал кейінірек зерттеудің жеке дербес пән
ретінде дамыды. Бакстапқыда «Құқық философиясы» термині
(сонымен құқық философиясының концепциясы да) заңгерлік
ғылымда пайда болды. Оның авторы, құқықтық тарихи мектептің
негізін қалаушы, неміс заңгері Г. Гуго болып табылады. Гугоның
пайымдауынша юриспруденция (заңгерлік) үш бөліктен тұрады:
заңгерлік догматика, құқық философиясы және тарихы. Бұл жағдайда
құқық тарихы құқықтың заң шығарушылық нәтижесінде емес,
тарихилық нәтижесінде қалыптасуды туралы тұжырымды ұсынады.
«Құқық философиясы» терминінің кеңінен таралуы Гегельдің
«құқық философиясымен» байланыстырылады. Гугомен салыстырғанда Гегелдің ойынша құқық философиясы заңгерлік емес,
философиялық пән. Құқық философиясы пәні мен міндетінің
Гегелдің түсіндірмесі құқық пен заңның бұрынғы табиғи-құқықтық
концепцияларында да, табиғи құқықтың антирационалистік сынына
да (Гуго және құқықтық тарихи мектебінің өкілдері) және құқықтық
рационалистік тәртібіне де қарсы шықты. Құқық философиясының
пәндік сипатын заңгерлік және философиялық ғылымдарда анықтау
мәселелерін қойған Гуго мен Гегельдің көзқарастары ХIХ– ХХ
ғасырдың философиялық құқықтық зерттеулерінде онан әрі дамиды.
Философиялық ілімдердің өздерімен қатар, құқықтың философиялық
түсіндірмелері де бүкіл заң ғылымында, ондағы философиялыққұқықтық тәсілдер мен коцепцияларға әлі күнге дейін ықпалын
тигізіп келеді. Сонымен қатар, юриспруденцияның өзі құқық туралы
оның қалыптасуы, жетілуі және дамуы мәселелері туралызаңгерлік –
теориялық концепциялар да құқықтық тақырыптың философиялық
зерттелуіне айрықша әсерін тигізеді. Философия немесе заң
ғылымдары жүйесінде болсын, құқыққа деген барлық философиялық
тәсілдерде осындай өзара ықпал және өзара әрекет байқалады. ХIХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап және ХХ ғасырда құқық
философиясы заңгерлік пән ретінде негізінен заң факультеттерінде
оқытылғанымен, оның дамуы үнемі философиялық оймен байланыста
болып қала береді.
Ерекше философиялық пән ретінде құқық философиясында
(табиғи философиясы, мораль философиясы және т.б сияқты)
209
танымдық мүдде мен зерттеушілік назар құқық саласындағы белгілі
бір философиялық концепцияның танымдық мүмкіндіктері мен
әлеуметтік міндеттерін ашып көрсетуге бағытталады. Мұнда белгілі
бір обьектіні ерекшеліктеріне қарай, соған сәйкес концепцияны
методологиялық және аксиологиялық тұрғыда, сол концепцияны
тілінде обьектіні пайымдауға, түсіндіруге және игеруге қолдана
отырып, оның мазмұндық нақтылауына көп көңіл бөлінеді. Ал
заңгерлік тұрғыда дайындалған құқық философиясы
концепцияларында жоғарыдағы саламен салыстырғанда әдетте
зерттеудің құқықтық сарындары, бағыттары мен бағдарлары басым
болады. Және бұл жағдайда философиялық талдау аймағына көбіне
дәстүрлі юриспруденцияның нақты сұрақтары кіреді. Алайда ең
бастысы, әрине, тақырыптар мен мәселелердің қайсысын таңдау емес,
қазіргі философиялық және құқықтық ойдың жалпы контекстінде
нақтыландыру ағымында оларды құқық философиясы тұрғысынан
түсіндіру мен пайымдау болып табылады.
Адам құқықтары. Адам құқықтары –туылу кезінен пайда
болатын тұлғаның ажырағысыз құқықтары мен бостандықтары. Адам
құқықтары жаратылыс пен кезгелген өзге құқықтың негізгі түсінігі
болып табылады. Олар азаматтық құқықтар мен саяси
бостандықтары, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды,
сондай-ақ, қауымдар құқықтарын (балалар, әйелдер, ұлттық
азшылықтар, халықтар және т.б ) қамтиды. Адам құқықтары дегеніміз
индивиттің өз қалауы бойынша әрекет ету мүмкіндігі (адам
құқықтарының бұл бөлігін бостандықтар деп атайды.) немесе белгілі
бір игіліктерді иемдену мүмкіндігін (бұл адам құқықтарының өзі
болып табылады) қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет қарым –
қатынастардың нормалары, қағидалары. Адам құқтары ең жоғарғы
мәдени құндылықтардың бірі, өйткені олар барлық қоғамдық даму
өдерістері ортасына тұлғаны қояды, оның еркіндігі мен тең
құқықтығын белгілейді.
Алғаш рет адам құқықтарының либералды концепциясы
құқықтық бекітілуі 1789 жылы американдық құқық жөніндегі Билгеге
негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік декларациясында көрініс тапты.
Сәл кешірек, адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам
мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді.
Қазақ қоғамындағы адам құқықтары. Қазақ хандығы билігі
ешқашанда қатал жауызды (деспоттық) болмаған, ал көшпенді
210
тайпалар жүз немесе ру басшылармен келіспеушілік болған жағдайда
әрдайым басқа жерлерге қоныс аудару мүмкіндігіне ие болған. Адам
құқықтары Тәуке ханның «Жеті жарғы» деп аталған заңдарында
реттелген, онда индивидтің жеке (азаматтық) және экономикалық
құрылыстары көрініс тапқан. Қоғамның кейбір мүшелеріне берілген
саяси құқықтар ханды сайлау институттардан көрініс табады. Билер
институтының маңызы зор болған, олар жеке және ұжымдық
жауларды шешу бойынша сот – әкімшілік қызметі атқарған еді және
бұл институттың демократиялық сипатын би атағы тұлғаның тек
халық арасында беделі негізінде берілетіндігінен көруге болады.
Қазақ жерін патшалық режим отарлағаннан кейін адам құқықтары
мен бостандықтарын қорғаудың дәстүрлі құрылымдары бірте – бірте
жойылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы құжаттары мен құқықтары. БҰҰ
құрылғаннан кейін адам құқықтары осы ұйым қызметінің негізгі
бағыттарының біріне айналады. БҰҰ Жарғысында адам құқықтарына
біраз көңіл бөлінген. Адам құқықтарының негіз қалаушы сипаты
Жарғының 55- бабымен де расталады, ол жерде былай делінген –
«халықтарды» өзін-өзі билеу және тең құқықтағы қағидасын
құрметтеуге негізделген ұлттар арасындағы бейбітшілік пен достық
қарым- қатынастар үшін қажетті тұрақтылық және тыныштық
жағдайын қалыптастыру мақсатында, Біріккен Ұлттар Ұйымы:
А) Халықтың өмір сүру деңгейін, толық еңбек бастылығын
көтеруге және экономикалық пән әлеуметтіек өрлек мен даму
шарттарына;
Ә) Экономикалық, әлеуметтік, денсаулық сақтау және осы
сияқты салалардағы халықаралық мәселелерді шешуге; мәдениет пен
білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа;
Б) Нәсіл, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін
адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жалпылай құрметтеуге
және сақтауға көмектеседі.
55-бапта орнатылған БҰҰ мақсаттары қалай алсақ та адам
құқықтарын қамтамасыз ету ісімен байланысты. Оларды ажырататын
жалғыз белгі - адам құқықтарын әр түрлі салаларда, әр түрлі деңгейде
және әр түрлі бағыттар бойынша қамтамасыз етуге арналуы. Алайда,
бұл мақсаттардың негізгі екпіні – ол - адам, оның құқықтары мен
бостандықтары.
211
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Құқық туралы түсінік.
2. Құқық философиясының мақсаты.
3. Гегельдің құқық философиясы туралы.
4. Гугоның құқық философиясы туралы көзқарасы.
5. Адам құқықтары.
6. Монтескье, А. Смит т.б. адам құқықтары туралы ой-пікірлері.
7. Тәуке ханның «жеті жарғы» заңдар нормасындағы адам
құқықтары жайында.
8. БҰҰ адам құқықтары жайында.
9. Адам құқықтарын құрметтеу қағидалары.
212
Қазіргі таңдағы глобалдық проблемалар мен әлеуметтік
болжамдар
Негізгі мақсаты:
Болашақты бағамдау, глобалды мәселелердің шығу жолдарын
айқындау - әрбір азаматтың парызы, әлемдік тұтастықты сақтау -
әрбір ұлттың борышы екендігін негіздеу.
Жоспары:
1. Болашақ жайындағы түсініктер.
2. Ғылыми техникалық революция және болашақ роблемалары.
3. Адам және адамзат алдындағы ауқымды проблемалар.
4. Жаңаша ойлау түсінігі.
Негізгі түсініктер: футурология, экстрополяция, тарихи
анология, атом қаруы, вирустық қару, нашақорлық, прогностика,
ғылыми техникалық революция, жаңаша ойлау.
Біздің заманымызда ғылыми-техникалық революция жүріп
жатыр. Оның басталған кезі – ХХ ғасырдың ортасы. Ғылым қазір
дүние жүзіндегі мемлекеттердің ұлттық саясатына айналды,
сондықтан ғылыми таным әлеуметтік тіршіліктің маңызды бөлігі
болып табылады. Өндірістің әуелден келе жатқан салалалры өзгеріп,
Ғылыми-техникалық революция жаңа салалар туғызады, мысалы:
атом өнеркәсібі, радиоэлектроника, ғарыш өнеркәсібі, полиметрлер
шығару, биотехнология, компьютерлер және т.б.
Ғылыми-техникалық революция алдындағы тауарларда
айтылғандай, қысқа мерзімде табиғаттың көптеген сырларын ашып,
солардың іс жүзінде қолданылуына жағдай туғызады. Ол
иғылымдардың ішінде айрықша атауға тұрарлық сала - қатыстылық
(салыстырмалылық) теориясы, квантты механика, ядролықфизика,
полиметрлер химиясы, кибернетика, малекулярлық биология және
т.б. Осы ғылымдардың бәрі біздің ғасырымызда қалыптасып, дамып,
іс-жүзіне асырылып келеді. Кейінгі кезде осы қозғалысқа қоғамдық
ғылымдар да қатысуда, себебі, ғылыми-техникалық революция ашқан
табиғи танымның қорытындылары неғұрлым ауқымды салаға
қатыстырылған сайын әлеуметті нәтижелер соғұрлым еселене түсіп,
оларды зерттеу ісіне қоғамдық ғылымдарда араласуда. Ядролық
213
қуатты игергенде, шөл даланы өзгерткенде, ғарышқа ұшқанда,
өндірісті кешенді түрде автоматтандырғанда олардың әлеуметтік
жағдайы мен шарттарына қарай қоғамдық ғылымдарджың қатысуы
зор маңызға ие болады. Ғылыми жобалар жасауға экономистер,
социологтар, психологтар, эстетика өкілдері, т.б. қатысады.
Осыған орай ғылыми еңбектің өзі де үлкен өзгерістерге
кенелуде Ол технологиялық процеске жақындады, Еңбектің түріде
мазмұны да өндіріс саласымен тікелей ұштасты. Маңызы жағынан
ғылыми еңбектер ақыл парасатқа негізделгенмен, түрі жағынан
өндіріске енуге бейім, сөйтіп, ғылымның өзіде ғылыми еңбек те
өнеркәсіптен сипат алды. ХХ ғасыр ғалымдары ашқан революциялық
табыстар техникалык даму дәрежесіне өте зор әсер етіп, атом
реакторларын, атом үдеткіштерін, ғарыш зымырандарын,
электрондық-есептеу машиналарын, аэрогидродинамикалық
құрылғыларды, нәзік регистратор аппаратурасын, ғарыштық
байланыс жүйелерін жасауға жол ашты.
Өнеркәсіпке жақындауымен бірге ғылыми еңбектің орныда
өзгереді. Бұрынғы жеке адамдар шұғылданып келген еңбек
бұқараның тікелей жұмысы дәрежесіне көтерілді де, еңбек
көпшіліктің ішінен дербес сипатқа ие бола бастады. Ғылыми
ұжымдар енді жекешелерден, ғылыми қызметкерлерден,
инжинерлерден, лаборантттардан, біліктілігі жоғары
жұмысшылардан тұрады. Кейінгі ғылымның алдында маңызы зор
мәселелер тұрғандықтан, осы мәселерді шешу үшін үлкен ұжымдар
ұйымдастырылып, қоғам оларды материалдық жағынан жабдықтап,
кадрлармен қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін ауқымды әлеуметтік
бағдаламалар мен қорлар жасалып, мемлкет қаржы бөлуде.
Қорыта айтқанда, философияда ғылыми-техникалық
революцияның өзіндік теориясы бар. Әрине, ғылым дегеніміз өзінше
қоғамнан тыс бөлек феномен емес, ол керісінше, осы қоғамның
ерекше әлеуметтік институты, сол арқылы қазіргі ғылымитехникалық прогрестің мәнін түсінуге болады. Ғылыми-техникалық
революция адамға өте көп күш дарытқанымен, адамзат алдында
үлкен таңдау-баламалар қойып отыр. Олар ең алдымен қаружарақтың көбею, дүние жүзін аз уақытта қырып-жою мүмкіндігі,
адамзаттың өмір сүруіне қатер туғызуы, соғыс пен бебітшілік
мәселесі. Ел мен елдік ара-қатынасы байланыстары күшейгенімен
жойқын соғыс қауіпі күн тәртібінен алынып тасталған жоқ. Ғылыми-
214
техникалық прогресс қару-жарақты жетілдіріп, әсіресе, термоядролық қару жасап, оларды көбейткен үстіне көбейте түсіп, сол
арқылы адамды, жалпы адамзатты жер бетінен жіберу қорқынышын
әкелді. Екіншіден, осы прогресс жер бәтіндегі табиғи қорларды
бұзып-жойып, экологиялық проблемалар туғызды. Қазақстанның кең
байтақ жерінда сарқылмас қорлар бар деген сенім сөне бастады, ол
ресерстар мүлдем қысқа мерзім ішінде күрт азая түсті. Үшіншіден,
ғылыми-техникалық революция дамыған және даму жолында келе
жатқан мемлекеттердің аражігінажыратты, осыдан барып энергетика,
азық-түлік, табиғи қорлар, денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту т.б.
мәселелер көтерілді. Осы арада бай және кедей мемлекеттердің
арасында наразылың туады, себебі кедей мемлекет ғылымитехникалық революция әкелген жаңалықтарды пайдала алмай артта
қалуда. Жалпы айтқанда, ғылыми-техникалық революция
өркениеттілік, сондай-ақ, жалпы адамзат әлемі алдында бірсыпыра
күрделі мәселелер қойды. Оларға сыңаржақ қарайға болмайды.
Қазір бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, Бүкіл
дүниежүзілік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік
пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекет
пен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық жағынан
алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық
санының өсуі, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық,
әлеуметтік жағдайларға үйренуі, материалдық қор мен энергетика,
азық-түлік пен табиғат және т.б. сияқты күрделі мәселелер бар. Осы
проблемалардың бәрі адамзаттың қазіргі жағдайна, оның болашағына
зор әсер етуде. Ең басты мәселе- бейбітшілік пен қарусыздану
проблемалары болып отыр, себебі, дүние жүзілік термо-ядролық
соғыс адамзаттың бәрін, тіршілігін мүлде жоқ етеді. Сондықтан да
дам болашағы деген проблема философияның өзекті мәселесі болып
қала береді, ал оны қарастыру, зерттеу өзгеде ауқымды ғаламдық
проблемалардың шешілуімен тығыз байланысты. Адамзат ХХІ
ғасырға аяқ басуда. Бұл кезде ғылыми-техниканың өріс алуымен
бірге, кең ауқымды проблемалардың қалыптасуына сәйкес адамның
жаңа әлеуметтік, рухани ортасы пайда юолды, Адамзат өмір сүретін
табиғат аясы да азып-тозып барады, ендігі жас ұрпақтың қандай
табиғи жағдайда өмір сүретіні күрделі мәселеге айналуда. Адамзат
болашағының аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты
екені сөзсіз, сондықтан болашақ туралы айтқанда, ол ең алодымен
215
қазіргі күрделі мәселелердің шешілуіне келіп тіреледі. ХХІ ғасыр
қарсаңындағы негізгі қайшылықтар ғаламдық проблемалармен
тікелей байланысты және де олар бүкіл адамзатқа, барлық елдер мен
халықтарға ортақ. Сондықтан, осы мәселелерді шешу үстінде
адамзаттың материалдық және мәдени өмірін жақындастыру,
интернацияландыруды еске алу керек. Бұл процестердің зор маңызы
бар, себебі бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан ойлар жүйесінің
сипатына өзгерістер енгізіп, жаңаша саяси ойлаудың пайда болуына
жеткізді, соны қажет етті. Бұл ойлаудың негізгі қағидасы қазіргі
адамзаттың бірлігі мен тұтамстығын, дүниежүзінің бүтігдігі мен
жинақтылығын көрсетті. Қазіргі таңда ол рухани революцияның
жаңару дәіріндегі ең жоғарғы байлығы болып табылады. Жаңаша
саяси ойлауда адамзаттың ізгілікті мүмкіншілігінің өсуі, жаңаруы мен
тереңдеуі ескеріледі және қамтылады. Осы рухани байлықтың өсуі
арқылы бүкіл адамзаттың топтасқандығы, дүниежүзінің бір-біріне
өзара тәуелді болғандығы, оның бүтіндігі мен тұтастығы принципі әр
тұста қолданылуы қажет. Бұл жағдай біріңғай өркениеттілік пен
мәдениет болуы барлық адамдар үшін жалғыз-ақ жол екенін
дәлелдейді. Сондықтан әр адамның, әр таптың, әр ұлттың, әр
мемлекеттің, әр қоғамдық жүйенің мақсаты орнына жалпы
адамзаттық, дүниежүзілік мүдделер келеді. Жаңа ойлаудың нақты
нәтижесінің бір көрінісі-ол зорлықшыл мемлекеттің мысын басу,
біріккен елдер күші мен зәбір көрген әлсіз елдің құқын қорғау.
Ядролық ғасырда жаңаша ойлау адамзатты адамгершілікті дамытуға,
өркендетуге шақырады, ол бұрынғы озбырбырлыққа, өткемдікке,
дүлей күшке салуға мейлінше қарсы. Жаңаша ойлаудың негізгі
принциптері Б. Рассел, А. Эйнштейннің манифестерінде жарияланған
еді. Жаңаша саяси ойлау философия құрамында ең алдымен осы
ойлаудың өзіндік жаңаруынан басталады. Адамдардың ойлауы
ешқашан, еш уақытта бірджей болмайды, ойлаудың өзі әр түрлі
болатындықтан, әр жағдайда әр қилы баламалар туады, бірнеше
тұжырымдар пайда болады. Сондықтан, алуан түрлі айқындамалар,
талдау-баламалар интелекктуалдық, зерделік-өріс байлығы болып
есептелінеді.
Жаңаша ойлау процесінде этикаға, адамгершілікке тән қағидаға
мән беріледі.
Жаңаша ойлау этикасының ең басты қағидасы-ақиқат
алдындағы теңдік, яғни әмбебаптық мақсат. Осыған сәйкес ойлау
216
әрекетінің қорытындылары ғалымдардың ұлдынан, жынысынан,
жасынан және әлеуметтік жағдаынан тыс қаралуға тиіс.
Жаңаша ойлаудың сондайлық, адамдардың еңбеке деген
ықыласын арттыру деген сөз.
Болашақ - ауқымды ұғым. Оған жалпы алғанда адамзат тағдыры
жатады. Бірақ біз болашаққа сеніммен қараймыз. Өйткені ол болашақ
адамзаттың қолында. Біз қоғамдық даму заңдары бар екендігін,
оларды ұдайы зерттеп, қолданып отыру қажет екенін білеміз. Ол
заңдармен қаруланған адамзат өзін апатқа апарып тіремеуі тиіс. Даму
заңдылықтарын уағыздау, болашаққа сенімді ұғындыру философия
сияқт дүние танымдық ғылымның қоғам алдвндағы қасиетті де
қастерлі міндеті.
Тақырып бойынша сұрақтар
1. Глобалдық проблемалар аясы.
2. Әлеуметтік болжамдардың алғы шарттары және факторлары.
3. Әлеуметтік болжам және болашақ.
4. Ғылыми техникалық революция және болашақ
проблемалары.
5. Жаңаша ойлаудың қазіргі таңдағы маңызы.
217
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ РЕФЕРАТ ЖӘНЕ
ПІКІРСАЙЫС ЖҰМЫСЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Білімгердің реферат, пікірсайыс және оқытушымен бірге
өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мақсаты - оқытушының
квмегімен білімгердің бойында өз бетімен жұмыс жасай алу,
ғылыми, творчестволық, еркін, философиялық пайымдау,
қорытынды-түйін жасау, қарастырылып отырған тақырыптың
мәніне тереңірек үңілу, логикалық ойлау дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ету. Сабақ барысында білімгерге реферат
және пікірсайыс тақырыптары беріледі және аудиторияда қысқаша
тесттерге, бақылау сұрақтарына жауап береді.
Пікірсайыс, реферат - зерттеліп отырған тақырыптардың
оқытушы ұсынған өзекті сұрақтары бойынша және оқытушының
кеңес-консультациясына сүйене отырып білімгердің шығармашылық
түрде, түпнұсқаларды міндетті түрде зерттеп, қысқа және өз бетімен,
үйде орындайтьш жазбаша материалы. Пікірсайыс реферат
тақырыптары мен оны орындауға қажетті материалдарды
кітаптардан, интернеттен алуға болады.
Бағалау тәртібі:
1. Ұсынылған тақырыптар бойынша түпнұсқаларды кеңінен
зерттеп, тақырып мазмұнын өз бетінше қорытып, аша білу, белгілі бір
түсінікке ие болу жоғары - 5 деген баға.
2. Тақырыпты өз бетінше қорыту, түсіну бар, бірақ
түпнұсқаларды зерттеу жеткіліксіз - 4>3 деген баға.
3. Тақырып үстіртін ашылған, өзіндік түсінік нашар,
түпнұсқалар қолданылмаған - 3 деген баға.
Белгіленген уақыттан кеш тапсырылған жұмыстар
қабылданбайды және мұндай құбылыс жүйелі түрде қайталанған
жағдайда баға төмендетіледі.
Пікірсайыс реферат тақырыптары
Оқытушының көмегімен өз бетінше орындауға тақырып
ұсынылады. Мысалы:
1. Буддизмнің Үнді философиясының басқа ағымдарынан
ерекшелігі неде?
218
2. Конфуций философиясының ХХ-ғасырдың ортасына дейін
Қытай мемлекетінің негізгі идеологиясы қызметін атқаруының себебі
неде деп ойлайсыз?
Методикалық ұсыныстар
1. Ұсынылған түпнүсқаны - «Дхамма да» еңбегінен үзінділерді
міндетті түрде оқып шығып, белгілі бір тақырыптарын талдаңыз.
Буддизмнің қазіргі заманға дейін маңызын жоймауының себебі неде
деп ойлайсыз? "Дхаммапада" еңбегіндегі негізгі ұғымдарын
сараптаңыз.
2. Конфуций еңбектерінен ұсынылған үзінділерді міндетті түрде
оқып шығыңыз. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Конфуций
философиясын қандай философия деп атауға болады? Оның ілімінің
қоғамдық маңызы қандай болды? Конфуций ілімі неліктен Қытай
қоғамының ресми идеологиясы болды деп ойлайсыз?
4. А. Шопенгауэр мен М. Хайдеггер философиясыныц ортақ
жақтары мсн айырмашылықтары неде?
Методикалық үсыныстар. А. Шопенгауэр мен М.
Хайдеггердің ұсынылып отырған екі еңбегін оқып шығыңыз. Мына
сұрақтарды талдаңыз: А. Шопенгауэр өмір мен өлімді қалай түсінеді?
М. Хайдеггердің пікірінше, гуманизм дегеніміз не? Олардың
пікірлерімен келісетін-келіспейтін жақтарыңыз бар ма? Өз ойыңызды
білдіріңіз?
5. Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың түңғыш кәсіби
философы аталуының себебі неде?
Методикалық үсыныстар. Шәкөрімның ұсынылып отырған
«Үш анық» еңбегін оқып шығыңыз. Еңбекте зерттелетін негізгі
мәселелер қандай? Оның философиялық көзқарасын қай бағытқа
жатқызар едіңіз?
«Үш анық» деп Шәкәрім нені атайды? "Шәкәрім - қазақтың
түңғыш кәсіби философы" деген пікірмен келісесіз бе?
Методикалық ұсыныстар. Болмыстың және материяның
философиялық ерекшелігіне, қалыптасуына назар аудара отырып,
төмендегі сұрақтарға жауап іздеңіз: Философия тарихындағы болмыс
мәселесінің негізі? Адам болмысының ерекшелгі қандай?
Методикалық ұсыныстар. Дамудың философиялық
теориясына, оның заңдылықтары мен категориясына назар аудара
отырып, сұрақтарды талдаңыз.
219
Методикалық ұсыныстар. Танымның философиялық
ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарды адару, сол арқылы
төмендегі сұрақтарға жауап іздеу: Танымның объектісі мен
субъектісіне не жатады? Ғылыми таным дамуындағы әлеуметтік
факторлардың алатын орны қандай? Қазіргі кезеңдегі ғылыми
танымдағы дағдарыстар мен революциялар?
Методикалық ұсыныстар. Адамның әлеуметтік мәні мен орың
бойындағы табиғи және қоғамдық сипаттың үйлесімдігіне назар
аударып, төмендегі сұрақтарға жауап іздеңіз: Философия
тарихындағы адам мәселесі. Адамның рухани әлемі.
Методикалық ұсыныстар. Табиғат пен қоғамның бірлігі мен
байланысын пайымдай отырып, төмендегі сұрақтарды талдаңыз:
Жаһандану заманындағы экологиялық проблемалардың шешілу
жолдары қандай? Қазақстандағы экологиялық проблемалар және
олардың шешілуі.
Методикалық ұсыныстар. Қоғам және прогресс идеясының
қалыптасуына назар аудара отырып, төмендегі сұрақтарды талдаңыз:
Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі неде? Ғылыми –
техникалық прогресстің даму жағдайы? Әлеуметтік прогрестің алғы
шарты және факторларына не жатады?
Методикалық ұсыныстар. Мәдениет философиясының
ерекшелігіне, қалыптасуына назар аудара отырып, төмендегі
сұрақтарды талдаңыз: Мәдениет пен өркениеттің мән неде? Қазіргі
мәдениеттегі құндылықтар жүйелерінің құрылымы (регионалдық,
ұлттық, діни). Медицина этикасының мәні неде? Еркіндік пен
жауапкершіліктің ара қатынасы қандай?
Методикалық ұсыныстар. Глобалдық проблемалар, оның
ауқымдылығына назар аудара отырып, төмендегі сұрақтарды
талдаңыз: Әлеуметтік болжам және болашақ. Біз қай жерде тұрмыз,
қайда бағытталып барамыз?
220
Тақырып бойынша сұрақтардың жоспары
І. Топ бойынша тапсырмалар:
Бірінші топ
а). Ежелгі Шығыс философиясындағы адам проблемасы;
ә) Неміс философиясындағы адам туралы;
б) Адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде;
в) Тұлғаның типтері.
г) Болмыстың философиялық концепциясы.
д) Сананың дамуына әсер ететін факторлар.
е) Танымның обьектісі мен субьектісі.
ж) Диалектика даму жөніндегі ілім ретінде.
з) Қоғам өмірінің экономикалық саласы.
и) Мәдениет және өркениет ұғымдары.
к) Құндылық ұғымы.
л) Қазіргі таңдағы экологиялық проблемалар.
Екінші топ.
а) Ежелгі Греция философиясындағы адам проблемасы;
ә) Батыс Еуропа философиясындағы адам туралы;
б) Адамның табиғилығы мен әлеуметтенуі;
в) Жеке тұлға ұғымы. Жеке адам, даралық.
г) Болмыстың түрлері мен деңгейлері және олардың
диалектикалық өзара байланысы.
д) Сананың дамуына әсер ететін факторлар.
е) Практика танымның негізі.
ж) Диалектиканың заңдары.
з) Қоғамдық қатынастар.
и) Адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде.
к) Медицина этикасы.
л) Қазіргі заманғы дүниежүзілік проблемалар.
Үшінші топ.
а) Жаңа заман философиясындағы адам проблемасы;
ә) Орыс философиясындағы антропологиялық проблема;
б) Адам құндылығы;
в) Субстанция ұғымы.
221
г) Кеңістік және уақыт.
д) Сана адам миының функциясы.
е) Ақиқат өлшеуіші.
ж) Диалектиканың негізгі категориялары.
з) Қоғам және табиғат.
и) Еркіндік және жауапкершілік ұғымы.
к) Құқық философиясы.
л) Қазіргі таңдағы жаңаша ойлау.
ІІ. Реферат тақырыптары:
1. Философияның дүниетанымдық, теориялық және
методологиялық маңызы.
2. Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
3. Қытай философиясындағы ілімдер
4. Сократтың философиялық көзқарастары
5. Платонның философиялық ілімдері
6. Аристотельдің философиялық мәселелері
7. Элинизм дәуіріндегі сократтық мектептер
8. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа философиясы
9. Араб философиясындағы негізгі ағымдар
10. Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары
11. Ибн Синаның «Медицина канондары» еңбегі
12. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.
13. Жаңа заман философиясыныің негізгі проблемалары.
14. Ағартушылар философиясы
15. Жан Жакк Руссоның қоғамдық келісім теориясы
16. Кант философиясының ерекшелігі
17. Гегельдің логикасы мен диалектикасы
18. Марксизм философиясының қалыптасуы
19. Орыс философиясының ерекшеліктері
20. Л. Толстойдың өмірдің мәні туралы ілімі
21. Қазақ философиясының қалыптасуының ерекшеліктері
22. Қазақ ағартушылығы
23. Абайдың қара сөздері
24. Қазақтың әдет-ғұрыптары
25. Болмыс – философиялық ұғым.
26. Болмыстың негізгі түрлері: заттар процестер болмысы,
адам болмысы, рухани болмыс, әлеуметтік болмыс.
222
27. Материя түсінігінің тарихи қалыптасуы.
28. Таным – қоғамдық тарихи процесс.
29. Сезімдік және логикалық таным. Ақиқат теориясы.
30. Ғылыми таным ерекшеліктері, заңдылықтары.
31. Сана проблемасының философияда қойылысы
32. Бейнелеу формаларының эволюциясы
33. Қоғамдық сананың формалары
34. Мәдениет және өркениет арақатынасы, байланысы,
заңдылықтар, ерекшеліктері.
35. Жеке адамның, әлеуметтік топтың, қауымдастықтың,
жалпы қоғамның мәдениеті
36. Философиядағы адам мәселесінің өзектілігі.
37. Қазіргі кезеңдегі экологиялық проблемалар
38. Қазіргі замандағы қоғамның қозғаушы күштері
39. Қазіргі таңдағы дүниежүзілік дамудың бірлігі мен
өзгешеліктері
40. Қазіргі медицинананың қоғамдық орны
41. Жастар бойындағы еркіндік пен жауапкершіліктің
арқатынасы.
42.Қазіргі кезеңдегі жаңаша ойлау.
ІІІ. Пікір–сайыс тақырыбы:
1. Буддизмнің Үнді философиясының басқа ағымдарынан
ерекшелігі неде?
2. Конфуций философиясының ХХ-ғасырдың ортасына дейін
Қытай мемлекетінің негізгі идеологиясы қызметін атқаруының
себебі неде деп ойлайсыз?
3. А. Шопенгауэр мен М. Хайдеггер философиясыныц ортақ
жақтары мсн айырмашылықтары неде?
4. Шәкәрім Қүдайбердіүлының қазақтың түңғыш кәсіби
философы аталуының себебі неде?
5. Марксизмдегі диалектикалық және тарихи материализм
принциптері
6. В. Соловьевтіің «Орыс идеясы» мәні.
7. Ұлттық философияның қалыптасуы туралы.
8. Қазақтың әдеп философиясы жайында не білесіз?
9. Қоғам мен табиғаттың байланысы
10. Қазіргі кездегі қоғамдық қатынастардағы жастардың ролі.
223
11. Жастардың мәдениет пен өркениет жайындағы
пайымдары.
12. Философия тарихындағы адам проблемасының орны.
13. Адам жек тұлға ретіндегі орны.
14. Адам өмірінің мәні мен мақсаты.
15. Жастар бойындағы жауапкершілік пен еркіндік.
16. Қазіргі таңдағы жеке тұлғаның құндылығы.
17. Қазіргі таңдағы ғаламдық проблемалар және оларды шешу
жолдары.
224
ІV. Білімгерлердің білімін тексеруіне арналған тест
тапсырмалары
І. Философияның қайнар көздері.
1. Аристотель бойынша философия неден басталады?
а) жаңалық ашудан
б) таң қалудан
в) қорқыныштан
г) Үйренуден
д) пiкiр таластан
2. Буддизм дiн бе әлде философия ма?
а) философия
б) дiн
в) философия да, дiн де
г) бұл ғылым
д) сұрақ дұрыс емес
3. Тарихи тұрғыдан философияның алдында келесiлердiң қайсысы болған жөн?
а) тарихи бiлiм
б) социология
в) мифология
г) дiн
д) геометрия
4. Философия қай елде пайда болды?
а) Еуропада
б) Ежелгі Қытайда
в) ежелгi Үндiстанда
г) Бiр уақытта ежелгi Үндi, Қытай және Грекия жерлерiнде
д) Ежелгi Грекияда
5. Сократ құрмет тұтқан iзгi iстердiң бiрi:
а) тыныштық
б) әдiлеттiк
в) бақыт
г) өкiнiш
д) құрмет көрсету
6. Будданың "iзгi ақиқаттарының"iшiндегi жоғы
а) азаптану
б) азаптанудың себебi
225
в) азаптанудан босану
г) азаптанудан босануға апаратын жол
д) азаптанудан құтылуға болмайды
7. Будда бойынша адам өмiрiнiң мәнi неде?
а) азаптануда
б) ақиқатты тануда
в) еңбекте
г) қарым қатынаста
д) қоғамдағы өмiрде
8. Буддизмдегi азаптан босатылу, барлық адамзат күшiнiң соңғы
мақсатын бiлдiретiн термин?
а) нирвана
б) карма
в) сенiм
г) таным
д) арман
9. Конфуцийдiң этикалық-саяси көзқарастарының мәнi неде?
а) қайырымдылық арқылы басқару теориясында
б) жаңа мемлекеттi құру жолында
в) шындықтың әлеуметтiк мәселелерiнде
г) билеушiнiң идеалды образын жасауда
д) қоғамның әлеуметтiк строификациясын құруда
10. Конфуций философиясындағы "есiмдердi өзгерту" дегенiмiз
не?
а) атын ауыстыруды
б) шындықты түзеудi
в) жеке адамдарды тәрбиелеудi
г) мұндай ұғым Конфуцийде жоқ
д) дiни текстердi аударуды
11. "Өзіңді-өзің таны" деген философиялық көзқарас:
а) Гераклиттiкi
б) Демокриттiкi
в) Сократтiкi
г) Платондiкi
д) Аристотельдiкi
12. Адамның өзiнiң шегiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани
форма?
а) философия
226
б) социология
в) диалектика
г) материя
д) сана
13. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына көмек беретiн?
а) ғылым
б) таным
в) сана
г) тiл
д) болмыс
14. Логосқа қарай батыл қадам жасаған "Үндi ескерткiшi"
а) Упанишад
б) Будда
в) Арха
г) Астра
д) Санкья
15. Адамның жаны оттан тұрады деген:
а) Гераклит
б) Демокрит
в) Сократ
г) Парменид
д) Платон
16. "Янь" және "Инь" көзқарастарды қандай ұғыммен толықтырған?
а) "ци"
б) "Дао"
в) "У-син"
г) "Жэнь"
д) "Ли"
17. "Ли" ұғымы ненi бiлдiредi?
а) бiлiм
б) махаббат
в) жүрек
г) сезiм
д) құрмет
18. Объективтi идеолизмнiң негiзiн қалаушы?
а) Лур
б) Кар
227
в) Юм
г) Платон
д) Бэкон
19. Шешендiктiң кәсiби ұстаздары ретiнде саналған ежелгi грек
философтары.
а) философтар
б) материалистер
в) идеолистер
г) скептиктер
д) софистер
20. 335 жылы Афинада Ликей мектебiн кiм ашты?
а) Мэн-Цзы
б) Сюн-Цзы
в) Махавира
г) Конфуций
д) Аристотель
21. Аристотель философияны қандай салаға бөлiп қарастырды?
а) реалистiк, теориялық, практикалық
б) регресстiк, поэтикалық, теориялық
в) реалистiк, поэтикалық, теориялық
г) ренессанстық поэтикалық
д) теориялық, практикалық, поэтикалық
22. Легизмнiң негiзгi ұғымы
а) ли (рұсқм)
б) жэнь (адам сүйгiштiк)
в) фа (заң)
г) Дао (жол)
д) ци(энергия)
23. Үндiстанда құрбандықты қабылдаған от құдайы:
а) Иога
б) Санкья
в) Веда
г) Агни
д) Миманса
24. "Күш" деген ұғымды бiлдiретiн термин?
а) дэ
б) дао
в) жэнь
228
г) ци
д) ли
ІІ. Орта ғасыр философиясы.
1. Антик философиясының неше кезеңiн бiлесiз?
а) 2
б) 3
в) 6
г) 4
д) 5
2. Демокрит қандай көзқарастың негiзiн салды?
а) атомдық
б) ядролық
в) материалистiк
г) идиалистiк
д) поэтикалық
3. Фаома Аквинскидiң айтуы бойынша философия қызмет етуi
тиiс:
а) мәдениетке
б) сенiмге
в) ақыл-ойға
г) санаға
д) мемлекетке
4. "Құдай қаласы туралы" еңбегiнiң авторы?
а) Августин
б) Кар
в) Юм
г) Боеци
д) Кант
5. "Ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын " формуласының
авторы?
а) Августин
б) Ницше
в) Юм
г) Кант
д) Боеци
229
6. "Табиғаттың бөлiнiсi туралы " еңбегiнiң авторы?
а) Эриугенна
б) Скотт
в) Бекон
г) Юм
д) Кант
7. "Ойлау арқылы өмiр сүремiн" тезисiнiң авторы?
а) Декарт
б) Бэкон
в) Юм
г) Кант
д) Кар
8. "Соңғы римдiк және бiрiншi схоласт " атағына ие болған ойшыл?
а) Кар
б) Куп
в) Юм
г) Эпикур
д) Боэций
ІІІ. Жаңа заман философиясы.
1. Бэкон жаңа философия методологиясыныµ неше принципiн
ұсынады?
а) 4
б) 5
в) 7
г) 3
д)2
2. Гоббс барлық мәндiлiктiң себебi ретiнде ненi мойындайды?
а) материя
б) ес
в) ой
г) сана
д) ақыл
3. "Бiлiм-күш" сөзiнiң авторы?
а) Бэкон
б) Юм
в) Кар
230
г) Кант
д) Локк
4. Жаңа заман философиясы мен мәдениетiнiң дамуына үлкен
ықпалын тигiзген:
а) Ренессанс
б) Антик
в) үндi
г) қытай
д) Орта ғасыр
5. Классикалық немiс философиясының басты өкiлдерi:
а) Кант, Фихте, Гегель
б) Сократ, Платон, Аристотель
в) Бэкон, Юм, Кар
г) Августин, Аквинский
д) Платон, Гераклит
6. Аналитикалық, синтетикалық, априорлы танымның типтерiн
айқындаған:
а) Кант
б) Юм
в) Кар
г) Лур
д) Дао
7. Гегельдiң еңбегiн көрсетiңiз?
а) "Логика ғылымы"
б) "Логика"
в) "ғылым"
г) "Аналитика"
д) "Софистика"
8. МЕН=МЕН принципiнiң авторы?
а) Фихте
б) Юм
в) Кар
г) Локк
д) Лур
9. Фейербах материализмi?
а) диалектикалық материализм
б) тарихи
в) қалыпты
231
г) дiни
д) құбылмалы
10. "Үрей метафизикасын" пайымдауға тырысқан алғашқы философтардың бiрi?
а) Маркс
б) Энгельс
в) Шопенгауер
г) Кант
д) Юм
11. "Адамның пайда болуындағы еңбектiң рөлi" шығармасының
авторы?
а) Дарвин
б) Маркс
в) Юм
г) Локк
д) Кар
12. Қайта өрлеу дәуiрi деп Батыс Еуропада қай ғасырларды атады?
а) ХI-ХII
б) ХIV-XV
в) XIII-XIV
г) XV-XVI
д) XV-XVIII
13. Қайта өрлеу дәуiрiнiң дамуы неше кезеңнен тұрады?
а) үш
б) төрт
в) бес
г) екi
д) алты
14. Н. Кузанский өзiнiң еңбектерiнде әлемде бәрi неден тұрады
деп дәлелдедi?
а) дамудан
б) өзгерiстен
в) қайшылықтан
г) тұрақтылықтан
д) тұрақсыздықтан
232
15. Қай жаңа заман философы "Монодология "еңбегiнiң авторы
болып табылды?
а) Беркли
б) Юм
в) Лур
г) Локк
д) Гоббс
16. Социология терминiн ғылымға енгiзген ХIХ ғ. Батыс Еуропа
философы?
а) Милль
б) Юм
в) Спенсер
г) Шлик
д) Конт
17. Схоластика мен дiн қағидаларын сынаған шығыс философы:
а) Закария Рази
б) Омар Хаиям
в) Әл-Хорезми
г) Газалли
д) Авиценна
18. Француз материалистерiнiң материалистiк таным теориясына ұсынған тұжырымдары қандай сипатта болды?
а) метафизикалық
б) философиялық
в) физикалық
г) экологиялық
д) идеолистiк
19. Қайта өрлеу философтарындағы басты проблема...
а) Адам қызметi, адам бақыты
б) адам өмiрi
в) адам еркiндiгi
г) адам санасы
д) адам болмысы
ІV. Орыс философиясы.
1. Дiни философияның өкiлдерi?
а) Бердяев, Булгаков
б) Лосский, Козлов
233
в) Карсавин, Ильин
г) Левицкий, Трубецкой
д) Бабунин, Флоренский
2. Славянофильдердiң негiзгi идеясы?
а) Қасиеттi Русь
б) Қасиеттi Европа
в) қасиеттi рух
г) рух, сана
д) болмыс, сана
3. Славянофильдердiң iлiмiн жалғастырушы түбiршiлдердiң
идеясы?
а) ұлттық түбiр
б) ұлттық руханилық
в) ұлттық сана
г) ұлттық сенiм
д) ұлттық болмыс
4. Достоевский бойынша еркiндiктiң шынайы жолы не болып
табылады?
а) Құдайдыµ жолымен жүру
б) Сенiм арқылы жүру
в) адамгершiлiк
г) сана-сезiм
д) ақыл-ой
5. Бiлiмнiң бiртұтастығы мен бүтiндiгi туралы идеяның негiзiн
қалаушы?
а) Соловьев
б) Бердяев
в) Булгаков
г) Бабунин
д) Бережков
6. Бердяевтiң еңбегi:
а) "Шығармашылық мәнi"
б) "Философияға кiрiспе"
в) "Жалпы философия"
г) "Категория"
д) "Аналитика"
234
7. Орыс идеалист-философтарының әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi қарастырудағы негiзгi методологиялық принципi:
а) Идеализм
б) Материализм
в) Имандылықты паш ету
г) Гуманизм
д) Антропологизм
8. Ресейдегi ХХ І. славонофильдiк бағытының өкiлдерiн
көрсетiңiз?
а) Конфуций, Мо-Цзы
б) Аристотель, Платон
в) Кант, Гегель
г) Хомяков, Киреевский
д) Достоевский, Соловьев
9. "Философиядағы антропологиялық принцип"кiмнiң еңбегi?
а) Ф. Достоевский
б) А. Майков
в) Н. Чернышевский
г) Г. Потанин
д) К. Гутковский
10. Н Г Чернышевский бойынша интеллтгенцияның өмiрлiк
сұрағы:
а) "Бiз қайда бара жатырмыз?"
б) "Оқуға қайда баруға болады?"
в) "Не iстеу керек?"
г) "Халық достары деген кiмдер?"
д) "Менiң мақсатым не?"
V. Қазақ философиясы.
1. Ислам философиясының бастапқы негiзiн қалаушылар?
а) Әл- Кинди, Әл- Фараби
б) Әл-Кинди, Қашқари
в) Әл-Фараби, Қашқари
г) Әл-Кинди, Баласағұн
д) Баласағұн, Қашқари
2. Ақыл-ойды төрт ерекшелiгiн көрсеткен:
а) Әл-Кинди
б) Баласағұн
235
в) Қашқари
г) Ибн Абдоллах
д) Ибн Яхия
3. Ұлы философ әрi дәрiгер:
а) Әл-Фараби
б) Ибн Рушид
в) Ибн Сина
г) Әл Газали
д) Ибн Баджа
4. "Категориялар" еңбегінің авторы?
а) Әл-Фараби
б) Ибн Сина
в) Ибн Яхия
г) Баласағұн
д) Қашқари
5. Әл-Фарабидiң пiкiрiнше бақытқа жетудiң жолдары?
а) жан құмарлығы, саналығы
б) ықыластылығы, тұн құмарлығы
в) ерекше жаралған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой парасаты
г) ерекше жаралған дене құрылысы
д) рухани байлығы
6. Төменде келтiрiлген ойшылдардың қайсысы Отырардан?
а) Дулати
б) Қашқари
в) Баласағұн
г) Әл-Фараби
д) Яссауи
7. Әл-Фараби қалай аталды?
а) Аристотельден кейiнгi екiншi ұстаз
б) Түркiлердiң философы
в) Араб философы
г) Ибн Синаныµ ұстазы
д) Мұсылман философиясының атасы
8. Ислам дiнiнiң заңдары:
а) канон
б) геас
в) шариғат
236
г) тариғат
д) мағрипат
9. "Құтты бiлiк " шығармасының авторы?
а) Баласағұн
б) Ибн Сина
в) Әл-Фараби
г) Ибн Абдоллах
д) Әл-Кинди
10. "Диуани лугат ат-Тюрк" шығармасының авторы?
а) Қашқари
б) Әл-Кинди
в) Әл-Фараби
г) Ибн Сина
д) Ибн Яхия
11. "Диуани хикмет" шығармасының авторы?
а) Иассауи
б) Қашқари
в) Баласағұн
г) Ибн Сина
д) Ибн Яхия
12. Шоқанның шығармашылығын неше кезеңге бөлiп
қарастырамыз
а) үш
б) төрт
в) екi
г) бiр
д) бес
13. Шоқанның еңбегi
а) Сот реформасы жөнiндегi жазбалар
б) сот реформасы
в) Билер соты
г) Сот iсi
д) Сот жайында
14. Шоқан қандай идеяларды дамытты
а) шексiздiк, мәңгiлiк
б) тұрақтылық, мәңгiлiк
в) тұрақтылық, шексiздiк
г) тұрақсыздық, мәңгiлiк
237
д) тұрақсыздық, шексiздiк
15. Ыбырай өзiнiң еңбектерiнде қандай мәселелердi талқылады
а) әлеуметтiк мәселе
б) болмыс мәселесi
в) таным мәселесi
г) материя мәселесi
д) сана мәселесi
16. "Адам бол" деген принциптi алғаш жариялаңан кiм?
а) Абай
б) Байтұрсынов
в) Уәлиханов
г) Бөкейханов
д) Шәкәрiм
17. Қазақ дәстүрлi философиясының негiзгi ерекшелiгi:
а) космоцентризм
б) суфизм
в) материализм
г) дуализм
д) идеализм
18. Дәстүр, әдет–ғұрып, ереже қандай құндылықтарды құрайды?
а) эстетика
б) дiни
в) саяси
г) этикалық
д) Ғылыми
19. Дәстүрлi қазақ мәдениетiндегi уақыт:
а) циклды
б) айналмалы
в) жолақты
г) қалыпты
д) күрделi
20. Қазақ мәдениетi қай өркениеттiк болмысқа жатады?
а) батыстық
б) шығыстық
в) көшпелiлiк
г) Орта Азиялық
д) Кiндiк Азиялық
238
21. Қазақ мәдениетiнiң Еуроазиялық бастауы туралы пiкiрдi кiм
бiрiншi болып айтты?
а) Ш. Уәлиханов
б) Алтынсарин
в) А. Гумилев
г) Қ. Марғұлан
д) Қастеев
22. Қазақ мәдениетiнiң "архетипiне" не жатады?
а) Көшпендiлер мәдениетi
б) Ислам дiнi
в) Зороастризм
г) Еуроазиялық дала мәдениетi, тәңiрлiк дiн және түрiк өркениетi
д) халық ауыз әдебиетi
23. Сопылық бағытты жан-жақты дамытқан ғұлама кiм?
а) Қожа Ахмет Иассауи
б) Әл-Фараби
в) Ибн-Сина
г) Әл-Газали
д) Ибн-Рушид
24. Әл-Фарабидiң "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы
атты шығармасындағы "қала" ұғымы төмендегiлердiң қайсысына сай
келедi?
а) мемлекеттегi шаруашылық және мәдени орталықтар
б) тап және әлеуметтiк топтар
в) мәдени-әлеуметтiк топтар
г) iрi тұрғын қоныстары
д) қала-мемлекет, полис
25. Тұңғыш араб философы, шығыс перипатетизмнiң бастаушысы:
а) Әл-Кинди
б) Әл-Бируни
в) Әл -Фараби
г) Әл-Газали
д) Ибн-Сина
26. "Кодекс Куманикус" - қыпшақ тiлiнiң сөздiгi қай кезеңде жазылған?
а) VI-IX
239
б) V-VII
в) XIII-XIV
г) VI-VIII
д) VII-VIII
27. Көрнектi ғалым, лингвист, ағартушы "Қазақ"газетiнiң
редакторы:
а) М. Жұмабаев
б) М. Дулатов
в) А. Байтұрсынов
г) Ж. Аймауытов
д) С. Асфендияров
28. Қазақтардың наным-сенiмдерiн, әдет-ғұрпын, аңыздарын,
эпостарын тұңғыш зерттеген ғалым кiм?
а) С. Сейфуллин
б) М. Әуезов
в) Ш. Уәлиханов
г) Қ. Марғұлан
д) С. Қасқабасов
29. Жаугершiлiк пен бостандық үшiн күрес заманында
қайсарлыққа шақырған рәмiздiң рөлiн не атқарды?
а) Көкбөрi
б) Төрт түлiк мал
в) Күн құдайы
г) Көк Тәңiрi
д) Жер құдайы
30. "Миф" дегенiмiз не?
а) Ойдан шығарылған қиял
б) Ғылыми қағида
в) символдық таңба
г) дiни сенiм
д) сөз құдiретiне ие болған тұлғаның тарихы
31. "Оян, Қазақ" кiмнiң еңбегi?
а) А. Байтұрсынов
б) Ж. Аймауытов
в) Ә. Бөкейханов
г) А. Жұбанов
д) М. Дулатов
240
32. Қазақстанда ағартушылық ой қай ғасырда қалыптасты?
а) XIXІ
б) XVІ
в) ХI
г) XIII
д) XII
33. Қазақ ағартушылығының негiзiн салушы кiм?
а) Ш. Уәлиханов
б) Ә. Бөкейханов
в) М Дулатов
г) А. Жұбанов
д) А. Байтұрсынов
34. "Сот реформасы туралы жазба"кiмнiң еңбегi?
а) А. Н. Майков
б) Ш. Уәлиханов
в) М. Дулатов
г) Г. Н. Потанин
д) Н. М Ядринский
35. Ы. Алтынсариннiң адамгершiлiк туралы әңгiмесiн көрсет:
а) "Таза бұлақ"
б) "Өзен"
в) "Жаз"
г) "Манас"
д) "Тұрғын"
36. Шәкәрiм Құдайбердiұлының "Түрiк, қырғыз, қазақ һәм
хаңлар шежiресi" қай жылы жарық көрдi?
а) 1990
б) 1991
в) 1989
г) 1988
д) 1987
VІ. Болмыс, материя және сана.
1. "Материя" ұғымының негiзгi түп қазығы?
а) объективтiк дүниетаным
б) материалистiк дүниетаным
в) идеалистiк дүниетаным
г) субъективтiк дүниетаным
241
д) қоғамдық дүниетаным
2. Фалес үшiн заттардың түпкi тегi не болып табылады?
а) су
б) ауа
в) топырақ
г) ағаш
д) от
3. Гераклит үшiн заттардың түпкi тегi не болып табылады?
а) су
б) ауа
в) топырақ
г) ағаш
д) от
4. Анаксимен үшiн заттардың түпкi тегi не болып табылады?
а) су
б) ауа
в) топырақ
г) ағаш
д) от
5. Материализмнiң негiзгi принциптерi қай ғалымның атом туралы iлiмiнде қарастырылған?
а) Гераклит
б) Фалес
в) Дидро
г) Сократ
д) Демокрит
6. Ежелгi грек материалистерiнiң көзқарастары бойынша күрделi
заттардың бәрi неден пайда болған?
а) қарапайым заттардан
б) ұсақ заттардан
в) iрi заттардан
г) ерекше заттардан
д) бос заттардан
7. Материя қалай өмiр сүредi?
а) санаға дейiн өмiр сүредi
б) тысқары өмiр сүредi
в) бейнесi жасалатын құбылыс есебiнде санадан тәуелсiз өмiр
сүредi
242
г) құралы есебiнде санадан тыс өмiр сүредi
д) барлық жауабы дұрыс
8. Материяның ажырамас бөлiгi?
а) болмыс пен уақыт
б) кеңiстiк пен уақыт
в) биiктiк пен уақыт
г) болмыс пен кеңiстiк
д) биiктiк пен болмыс
9. Кеңiстiк өлшемдерi?
а) енi, ұзындығы, биiктiгi
б) уақыт, енi, биiктiгi
в) биiктiк, ұзындық, уақыт
г) ұзындық пен ен
д) биiктiк пен ұзындық
10. Өмiр сүру проблемасын қамтитын философияның ең ежелгi
категориясы
а) болмыс
б) ауа
в) су
г) қоршаған орта
д) жер
11. Жалпы алғанда философиядағы болмыс ұғымы ненi бiлдiредi
а) өмiр
б) өмiр сүру, бар болу
в) құдай
г) еш нәрсенi
д) өлiм шекарасы
12. Маркс пен Энгельс философияға болмыс жайында қандай
жаңа түсiнiк енгiздi
а) табиғат болмысы
б) адам болмысы
в) рухани болмыс
г) әлеуметтiк болмыс
д) қоғамдық болмыс
13. Болмыстың негiзгi түрлерiн атаңыз
а) табиғат болмысы және заттар болмысы
б) адам болмысы
в) рухани болмыс
243
г) әлеуметтiк болмыс
д) жоғарыдағылардың бәрi
14. Дүние негiзгi неше заттан тұрады
а) төрт
б) үш
в) бес
г) жетi
д) екi
15. Дүние негiзгi төрт заттан тұрады, олар
а) су, ауа, от, ағаш
б) табиғат, су, топырақ, от
в) су, от, адам, жануар
г) су, ауа, от, топырақ
д) табиғат, топырақ, су, ауа
16. Адамның рухани дүниесiне не жатады
а) сана
б) ақыл
в) ой
г) сезу
д) барлыңы дұрыс
17. Дiн иелерi сананы ненiң құбылысы деп қарастырған
а) материядан тыс құбылыс
б) дербес өмiр сүретiн
в) мәңгi өмiр сүретiн
г) ешқашан өлмейтiн құбылыс
д) барлығы дұрыс
18. Сана ненiң жемiсi
а) ми қызметiнiң жемiсi
б) адам сезiмiнiң жемiсi
в) адам ойының жемiсi
г) адам бiлiмiнiң жемiсi
д) адам күшiнiң жемiсi
19. Сананы тудыратын
а) шындық
б) субьективтi шындық
в) обьективтi ақиқат
г) субьективтi ақиқат
д) жай ақиқат
244
20. Сананың шығуы, қалыптасуы мен дамуының түпкi негiзi не
а) еңбек пен қызмет
б) қызмет
в) бiлiм
г) практикалық iс әрекет, еңбек, қызмет
д) сана мен еңбек
21. Сана ненiң бейнесi?
а) обьективтi дүниенiң бейнесi
б) субьективтi дүниенiң бейнесi
в) қоршаған ортаның бейнесi
г) субьективтi қоршаған ортаның бейнесi
д) табиғаттың бейнесi
22. Өлi материяда бейнелеудiң неше түрi кездеседi?
а) үш
б) төрт
в) екi
г) бiр
д) бес
23. Рефлекс нешеге бөлiнедi?
а) екiге
б) үшке
в) беске
г) төртке
д) алтыға
24. Маркс пен Энгельс қандай еңбектерiнде "сана қоғамдық
жемiс" деп айтқан?
а) Немiс идеологиясы
б) Жалпы идеология
в) Идеология
г) Француз идеологиясы
д) ағылшын идеологиясы
25. Сана белгiлi бiр дәрежеде неге айналады?
а) сана сезiм
б) түйсiк
в) таным
г) ақиқат
д) сезiм
245
26. Сананың пайда болуына әсер ететiн факторлар
а) еңбек және тіл
б) еңбек және түйсік
в) таным мен тiл
г) еңбек пен таным
д) түйсiк пен таным
27. Сананың түрлерi:
а) өзіндік және қоғамдық
б) қарапайым және теориялық
в) ғылыми және ғылыми емес
г) прогресшiл және керiтартпа
д) барлығы дұрыс
28. Қоғамдық санаға жататындар:
а) қанатты сөздер
б) мақалдар
в) мәтелдер
г) афоризмдер
д) барлығы дұрыс
29. Қоғамдық сана:
а) Қоғамдық болмыстың бейнесi
б) обьективтi дүниенің бейнесi
в) обьективтi болмыс бейнесi
г) субьективтi болмыстың бейнесi
д) субьективтi дүниенің бейнесi
30. Қоғамдық сананың құрылымы:
а) танымдық
б) социологиялық
в) ғылыми
г) тарихи
д) барлығы дұрыс
31. Қоғамдық сананың формалары:
а) саяси сана
б) құқықтық сана
в) моральдық сана
г) эстетикалық сана
д) барлығы дұрыс
32. Бейнеленудiң ең жоғарғы түрi:
а) тiршiлiк
246
б) сана мен тiршiлiк
в) сана
г) тiршiлiк, өмiрге байланысты биологияның түрi
д) биологиялық
33. У. Гостоу өзінің "экономикалық даму сатылары" деген
кiтабында адам баласы тарихын неше кезеңге бөледi?
а) 4
б) 3
в) 5
г) 2
д) 6
VII. Диалектика –логика және таным териясы ретінде.
1. Көне грек философтардың қайсысы қозғалыстың түпкi
табиғатын аңғаруға ұмтылды?
а) Парменид
б) Зенон
в) Сократ
г) Плотон
д) Барлығы дұрыс
2. Жаңа заман дәуiрiнде диалектиканың дамуына қандай ойшылдар үлес қосты?
а) Коперник
б) Кузанский
в) Декарт
г) Спиноза
д) барлығы дұрыс
3. Диалектиканың екiншi тарихи формасын идеалистiк негiзде
қалыптастырғандар?
а) Кант
б) Фихте
в) Шеллинг
г) Гегель
д) барлығы дұрыс
4. Материалисттiк диалектиканы өмiрге келтiргендер:
а) Маркс, Энгельс
б) Маркс, Кант
в) Энгельс, Кант
247
г) Маркс, Гегель
д) Энгельс, Гегель
5. Диалектикаға қарама қарсы қалыптасқан даму концепциясы
қалай аталады?
а) метафизика
б) догматизм
в) релятивизм
г) софистика
д) эклектика
6. Диалектикалық логика iлiмiнiң принциптерi:
а) даму
б) жалпы байланыс
в) практикалы
г) нақтылық
д) барлығы дұрыс
7. Заң дегенiмiз құбылыстардың арасындағы қандай байланыс?
а) жалпы
б) тұрақты
в) маңызды
г) қайталанып отыратын
д) барлығы дұрыс
8. Диалектиканың неше заңы бар?
а) 3
б) 4
в) 2
г) 6
д) 5
9. Диалектиканың неше категориясы бар?
а) 6
б) 4
в) 2
г) 3
д) 9
10. Диалектика ненi философиялық iлiм ретiнде дамуда және
өзара байланыста қарастырады:
а) болмысты
б) табиғатты
в) қоғамды
248
г) адамның ой санасын
д) барлығы дұрыс
11. Сапа мен мөлшердiң диалектика бiрлiгiн бiлдiретiн:
а) сапа
б) өлшем
в) бiрлiк
г) күрес
д) мөлшер
12. "Логика"және"Болмыс" атты еңбектердiң авторы:
а) Гегель
б) Локк
в) Юм
г) Кар
д) Кант
13. Сапа, мөлшер, өлшемге материалистiк сипат берген:
а) Маркс, Энгельс
б) Юм, Гегель
в) Кант, Энгельс
г) Маркс, Кант
д) Кант, Маркс
14. Даму процесi барысында ескi мен жаңаны өзара түсiндiрген:
а) терiстеудi терiстеу заңы
б) мөлшерлiк және бiрлiк заңы
в) сапалы өзгерiстер заңы
г) терiстеу заңы
д) мөлшерлiк және өзара сапалық ауысу заңы
15. Терiстеудi терiстеу заңын тұңғыш рет кiмнiң заңында тұжырымдалды?
а) Юм
б) Локк
в) Гегель
г) Сократ
д) Кант
16. Терiстеудi терiстеу заңының мәнiн түсiну үшiн ең алдымен
ненi анықтау керек?
а) Болмыс
б) Заң
в) таным
249
г) сана
д) категорияны
17. Терiстеудi терiстеу заңының негiзгi категориясы:
а) мөлшерлеу
б) терiстеу
в) сапалау
г) өзара ауысу
д) өлшемдеу
18. Терiстеу дегенiмiз?
а) белгiлi зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу
б) қайшылықтарды шешудiң жолдарын ашу
в) жаңа сапаның пайда болуына мүмкiндiк туғызу
г) ескi сападан жаңаға көшу
д) барлығы дұрыс
19. Қамту ауқымы өте кең көлемдi көпшенi:
а) өзгеше
б) жекеше
в) жалпы
г) тұлға
д) басқаша
20. Жекеше мен көпше арасындағы диалектикалық байланысты
бiлдiретiн:
а) өзгеше
б) жекеше
в) жалпы
г) тұлға
д) басқаша
21. Заттардыµ iшкi жақтарының өзара байланысқа түсiп, бiр
бiрiне әсер етуi:
а) салдар
б) мүмкiндiк
в) шындық
г) себеп
д) қажеттiлiк
22. Заттардыµ өзара әсер етуi нәтижесiнде iшкi жақтарында
пайда болатын өзгерiстер:
а) мүмкiндiк
б) салдар
250
в) қажеттiлiк
г) құбылыс
д) кездейсоқтық
23. Себеп пен салдарға тән ерекшелiктер:
а) жалпы обьективтi сипатқа ие
б) оқиғалар мен құбылыстардың пайда болуын түсіндіреді
в) бiр құбылыстан екiншiсiнiң тууы
г) себеп салдарды туғызады
д) барлығы дұрыс
24. Дамудың обьективтi тенденциясы:
а) мүмкiндiк
б) жалпы
в) жекеше
г) себеп
д) мән
25. Мүмкiндiк пен шындықтың өзара диалектикалық байланысы
арқылы ненi түсiндiредi?
а) жекеше және өзгеше
б) себеп салдар
в) Мән және құбылыс
г) қажеттiлiк пен кездейсоқтық
д) мазмұн және түр
26. Заттың немесе құбылыстың iшкi құрамы, оларды
құрастырып тұрған элементтердiң өзара байланысы:
а) мазмұн
б) мүмкiндiк
в) қажеттiлiк
г) кездейсоқтық
д) құбылыс
27. Мазмұнның ұйымдасуы, құрылымы, оны құрайтын қарапайым бөлшектер:
а) түр
б) құбылыс
в) мүмкiндiк
г) шындық
д) қажеттiлiк
251
28. Заттардың, құбылыстардың және процестердiң тұрақты байланыстарын сипаттайтын:
а) құбылыс
б) мән
в) мүмкiндiк
г) шындық
д) қажеттiлiк
29. Мәннiң сыртқы көрiнiс табуы:
а) құбылыс
б) қажеттiлiк
в) кездесоқтық
г) мүмкiндiк
д) қайшылық
30. Философия тарихында категориялар туралы алғашқы еңбектi
кiм жазған?
а) Аристотель
б) Платон
в) Сократ
г) Спиноза
д) Бруно
31. Мына көрсетiлген диалектикалық категориялардың қай
жұбы қоғамның тұтас тарихи дамуының көп түрлiлiгiн талдау мәселесiне мейлiнше сәйкес келедi?
а) мән және құбылыс
б) мазмұн және форма
в) сапа және сан
г) жекелiк және жалпылық
д) материя ж±не сана
32. Ескiнiң жойып жаңаның пайда болу себептерiн көрсететiн
заң:
а) қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңы
б) мөлшерлiк және бiрлiк заңы
в) сапалы өзгерiстер заңы
г) терiстеу заңы
д) мөлшерлiк және сапалық өзара ауысу заңы
33. "Бәрiде ағысты бәрiде өзгерiсте" дегендi кiм айтқан?
а) Гераклит
б) Беркли
252
в) Гоббс
г) Юм
д) Бэкон
34. Қарама-қарсылық заңының категориялары:
а) сәйкестiк
б) айырмашылық
в) қарама-қайшылық
г) бiрлiк
д) бәрi дұрыс
35. "Үйлестiк айырмашылыққа ал айырмашылық қарама
қарсылыққа өтедi" дегендi кiм айтқан?
а) Гегель
б) Маркс
в) Кант
г) Юм
д) Сократ
36. Қайшылықтардың түрлерi:
а) iшкi және сыртқы
б) негiзгi және негiзгi емес
в) антогонистiк, антоганистiк емес
г) ғылыми, ғылыми емес
д) барлығы дұрыс
37. Даму процесiнiң iшкi және жалпы механизiмiн анықтайтын
заң:
а) мөлшерлiк әне бiрлiк заңы
б) сапалы өзгерiстер заңы
в) мөлшерлiк және сапалық өзгерiстердiң өзара ауысу заңы
г) терiстеу заңы
д) қарама қарсылықтың күрес заңы
38. Заттың, құбылыстың, процестiң тұтастығын өз өзiмен тепе
теңдiгiн бiлдiретiн:
а) сапа
б) мөлшер
в) өлшем
г) бiрлiк
д) күрес
253
39. Заттардың, құбылыстардың қасиеттерiн даму ауқымын
блдiретiн:
а) өлшем
б) мөлшер
в) сан
г) сапа
д) күрес
40. Философия тарихында сапа мен мөлшерге тұңғыш рет айрықша көңiл бөлген
а) Сократ
б) Энгельс
в) Аристотель
г) Маркс
д) Бэкон
41. Алғашқы және соңғы сапалар туралы iлiмдi ашып, сапа категориясын одан әрi дамытқан:
а) Юм
б) Дао
в) Лао
г) Кар
д) Локк
42. Таным теориясы басқаша қалай аталады?
а) психология
б) рационалистiк
в) метафизикалық
г) онтологиялық
д) гнесеология
43. Танымның ақиқаттылығының iргелi өлшемi:
а) сөздiктер
б) энциклопедия
в) математика
г) практика
д) адамның зейiнi
44. Танымның субьектiсi:
а) жеке адамдар
б) таптар
в) әлеуметтiк топтар
г) тұтас тарихи қоғам
254
д) барлығы дұрыс
45. Аталған философтардың қайсысы гнесеология мәселелерiмен айналыспаған?
а) Кант
б) Фихте
в) Плеханов
г) Бердяев
д) Ешіайсысы да
46. Ғылыми танымның барлық әдiстерiн шартты түрде неше
топтарға бөлуге болады?
а) 6
б) 7
в) 1
г) 5
д) 3
47. Ғылыми танымның әдістері:
а) бақылау және тарихи
б) эксперимент
в) модельдеу индукция және дедукция
г) анализ және синтез
д) барлығы дұрыс
VIII. Әлеуметтік философия.
1. Қоғам және қоғамдық қатынастар туралы ой пiкiрлер қай
кезеңде қалыптасты?
а) орта ғасыр
б) Алғашіы қауымдық құрылыс
в) жаңа заман дәуiрi
г) қайта өрлеу дәуiрi
д) қазiргi кезең
2. Әлеуметтiк философия ненi қарастырады?
а) қоғамды
б) табиғатты
в) болмысты
г) сананы
д) материяны
3. қоғамдық қатынастар қалай бөлiнедi?
а) материалдық, материалдық емес
255
б) идеологиялық, идеологиялық емес
в) материалдық және идеологиялық
г) материалдық, идеологиялық емес
д) материалдық емес идеологиялық
4. Эпикур негiзiн салған мектеп?
а) Эпикуршылдар (стойктер)
б) Платоншылдық
в) Ликейлiк
г) Поэтикалық
д) Софистiк
5. Ноосфера туралы түсiнiктi енгiзген кiм?
а) Вернадский
б) Соловьев
в) Ивановский
г) Бердяев
д) Бедеров
6. Прогресс ұғымы ненi бiлдiредi?
а) ілгерi қозғалу
б) артқа шегiну
в) тоқтау
г) тұйықтық
д) шексiздiк
7. Прогресс дегенiмiз?
а) қоғамның материалдық күш қуатының артуы
б) қоғам мүшелерiнiң жан жақты жетiлуi
в) қоғам мүшелерiнiң мүмкiндiктерiнiң молаюы
г) қоғамның жоғары қарай дамуы
д) Барлығы дұрыс
8. Ғылым дегенiмiз:
а) Заттардың, құбылыстардың iшкi болмысы
б) iшкi болмысын ашып көрсететiн
в) табиғатын ашып көрсететiн
г) ақиқатты бiлiм
д) барлығы дұрыс
9. Материалдық мәдениетке жататындар:
а) өндiрiс құрал-жабдықтары, сәулет өнерi
б) кiтаптар, қолжазба
в) шығармалар, әңгiмелер
256
г) өлеңдер, жырлар
д) жұмбақтар, жаңылтпаштар
10. Рухани мәдениетке жататындар:
а) кiтаптар, қол жазба
б) кiтаптар, әңгiмелер
в) шығармалар, өлеңдер, жырлар
г) жұмбақтар, жаңылтпаштар
д) барлығы дұрыс
11. Қоғамның рухани өмiрiне не әсер етедi?
а) әлеуметтiк көзқарастар
б) сана
в) болмыс
г) таным
д) қоғам
12. Қоғамдық болмыс бұл:
а) қоғам
б) қоғамның материалдық жағдайы
в) қоғамның рухани өмiрi
г) ұжымдық қоғам
д) таптар
13. "Қоғамдық экономикалық формация"түсiнiгiн енгiзген
а) Маркс
б) Юм
в) Локк
г) Кар
д) Кант
14. Ашық және жабық қоғам түсiнiгiн енгiзген:
а) Поппер
б) Локк
в) Маркс
г) Кант
д) Юм
15. Қоғамның қозғаушы күшi кiмдер?
а) халық бұқарасы
б) адамдар
в) таптар
г) топтар
д) қауымдар
257
16. Қоғамдық топтардың классикалық анытамасын айтқан кiм?
а) Маркс
б) Энгельс
в) Ленин
г) Плеханов
д) Бжезинский
17. Әлеуметтiк уақытты жылдамдату тақырыбы
көбiне......теориясымен байланысты
а) тарихтың формациялық дамуы
б) өндiрiстiң революциясы
в) әлеуметтiк прогресс
г) Эйнштеиндiк салыстырмалылық
д) әлемдiк тарихтың аппокалипсисi
18. Маркс өзiнiң қоғамдық формациялар теориясында ненi
абсолюттедi?
а) жұмысшы тобының рөлiн
б) қондырманың үстiндегi базистiң басымдылығын
в) билiк капиталының басымдылығын
г) еңбектiң рөлiн
д) саясаттың рөлiн
19. Кiмдер әлеуметтiк дамудың субъектiсi болып табылмайды?
а) бұқара
б) таптар
в) тобыр
г) ұлттар
д) тұлғалар
20. Этика категориясына жатпайтын:
а) Борыш
б) ұят
в) ар
г) ақыл
д) жауапкершiлiк
21. Медицина этикасының мақсатына жатпайды:
а) ауру адамға қалтқысыз қызмет ету
б) медициналық қызмет көрсетуге үнемi дайын болу
в) өз кәсiбiнiң биiк шыңына шығу
г) медициналық қызметкер атағына лайық болу
д) өзiнiң бас пайдасын ойлау
258
22. Медициналық деонтология ғылымы:
а) медицина аспектiлерiнiң моралi туралы
б) медицина аспектiлерiнiң адамгершiлiгi туралы
в) денсаулық туралы
г) медициналық бiлiм туралы
д) медицина қызметкерлерiнiң кәсiби жүрiс тұрысы туралы
23. Медициналық деонтология мақсатына жатпайтын:
а) медицина қызметкерлерiнiң жүрiс тұрысын қарастырады
б) медицина қызметiне әсер ететiн қолайсыз факторларды болдырмау
в) медицина қызметкерлерi мен науқас арасындағы қарым қатынасты қарастырады
г) медициналық жұмысы барысындағы кездесетiн зиянды әрекеттердi болдырмау
д) медицина қызметкерi мен науқас арасындағы қаржылық
қатынасты реттеу
24. Орта медицина қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiне жатпайтын:
а) қылмыстық
б) материалдық
в) әкiмшiлiк
г) тәртiптiк
д) әлеуметтiк
25. Мораль, адамгершiлiк - адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтiн норма
а) бiр - бiрiне
б) мәдениетке
в) отанға
г) отбасына
д) қоғамға
26. Жалпы медициналық психологияның оқытатын тұлғасы:
а) Науқасты
б) дәрiгердi
в) орта медицина қызметкерiн
г) кiшi медицина қызметкерiн
д) науқастың туыстарын
259
27. Науқастың медицина қызметкерлерiмен қарым-қатынасында
берiлетiн:
а) идея
б) сезiм
в) ой
г) уайым қайғы
д) хабар, мағлұмат
28. Табиғат пен қоғам арасындағы қарым қатынасты түсiну үшiн
қандай ұғым қолданылады?
а) Тарихи орта
б) Географиялық орта
в) Социологиялық орта
г) әлеуметтiк орта
д) қоғамдыіқ орта
29. Географиялық ортаға жататындар:
а) Жер қыртысы
б) Атмосфера
в) өсiмдiктер мен жануарлар
г) Пайдалы қазбалар
д) Барлығы дұрыс
30. Қоғамдық құрылыстарды процестердi бiлудi философия тарихында қандай көзіарастардың арасында қарама-қарсы күрес болып
келедi?
а) материлизм мен идеализм
б) материализм мен софизм
в) идеализм софизм
г) идеализм және реализм
д) реализм және софизм
31. Қоғам дегенiмiз не, оның "табиғаты" қандай? Сұрақтар
әлеуметтiк философияның қай бөлiмi айналысады?
а) әлеуметтiк философия тарихы
б) философиялық антропология
в) формациялар мен өркениеттер
г) әлеуметтiк антропология
д) әлеуметтiк философияның әдiстерi
260
ІХ. Философия тарихындағы адам проблемасы.
1. Психоанализдi жасаған:
а) Фрейд
б) Юнг
в) Юм
г) Фромм
д) Кант
2. Адамның қартаюы кезеңiндегi белсендi өмiр сүру мәселелерiмен қандай сала айналысады?
а) танотология
б) антропология
в) геронтология
г) онтология
д) социология
3. Адам қоғамдық хайуан деген анықтаманы кiм берген?
а) Аристотель
б) Ницше
в) Юм
г) Кар
д) Локк
4. Психологтар адамдарды қандай екi топқа бөлдi?
а) жiгерлi, жiгерсiз
б) жiгерлi, санасыз
в) жiгерсiз, саналы
г) жiгерлi, саналы
д) жiгерсiз, санасыз
5. Ницше бойынша өмiрге деген ерiк жiгермен қоса адамға не
түрткi болады?
а) болмыс
б) билiкке деген ерiк
в) таза ерiк
г) еркiндiк
д) қабiлет
6. "Шындықтың бәрi ақылға сыймайды, ақылға сыйымдының
бәрi шындық" деп айтқан кiм?
а) Юм
б) Гегель
в) Локк
261
г) Им
д) Кар
7. Адам проблемасы философиялық тұрғыда:
а) бойы мен көлемiн анықтау
б) аурудан сақтау
в) мiнез-құлқын талдау
г) сыртқы көрiнiсiн суреттеу
д) адамның мәнiн анықтау
8. Философиялы антропологияның негiзгi проблемасы:
а) соғыс проблемасы
б) адам проблемасы
в) техника проблемасы
г) бизнес проблемасы
д) денсаулық проблемасы
9. Адамға табиғи әсер ететiн өзгерiске жатпайтын:
а) күннiң белсенділiгi
б) әлеуметтiк белсендiлiк
в) магниттiк құйын
г) жер сiлкiнiсi
д) су тасқыны
10. Адам жалғыз обьект болып табылатын философиялық бағыт:
а) Экзистенциализм
б) Позитивизм
в) материализм
г) дуализм
д) идеализм
11. "Ойланамын, яғни өмiр сүремiн" тезисiнiң авторы:
а) Декарт
б) Юм
в) Кар
г) Локк
д) кант
12. Ницшенiң ойынша, "Адам бойында өмiрге деген құлшыныспен өатар не тұрады?":
а) таза ерiк
б) билiкке деген ұмтылыс
в) еркiндiк
г) зейiнге деген ұмтылыс
262
д) қабiлеттiлiк
13. қоғам адам қоғамдық қатынастар туралы ой-пiкiрлер қай
кезеңде қалыптасқан?
а) Орта ғасыр
б) Алғашқы қауымдық құрылыс
в) құл иеленушiлiк құрылыс
г) феодалдық құрылыс
д) капиталистiк құрылыс
14. "Еркiндiк пен қажеттiлiк үйлесе алады " деген кiмнiң ойы?
а) Гоббс
б) Юм
в) Кант
г) Локк
д) Кар
15. "Ырықтың ғана емес зерденiң де еркiндiгi жоқ" кiмнің сөзi?
а) Спиноза
б) Гоббс
в) Юм
г) Кант
д) Локк
16. Адамның кiм және қандай болатындығын қалыптастырып,
даму жолында, өз өмiрiнде түбiнде тек өзi аныітайтындығы немесе
анықтамайтындығы:
а) Еркiндiк
б) таным
в) болмыс
г) сана
д) зейiн
17. Еркiндiк дегенiмiз– құндылық, сонымен бiрге оның....... екенi
даусыз:
а) қоғамдық дамудың критерийi
б) билеушi элитаның иллюзиясы
в) құдайдың адамға сыйы туралы философиялық жорамал
г) мен қалай қаласам, солай әрекет жасайтын әдет
д) бiздiң өмiрiмiздiң онша ұғымды емес принципi
18. Бақыт дегенiмiз:
а) сәттілiк
б) қуаныш
263
в) жоғары игiлiкке ие болу
г) өмiрден қанағат алу
д) барлық жауап дұрыс
19. Адамгершiлiк құндылықтары:
а) еркiндiк
б) қайырымдылық
в) зүлымдық
г) әдiлеттiлiк
д) барлық жауап дұрыс
20. Адам деген абыройлы болып естiледi- дегендi айтқан кiм?
а) Юн
б) М. Горький
в) Энгельс
г) Сократ
д) Декард
21. Адамның еркiндiгi жөнiндегi ұғымды атеистiк iлiммен байланыстырған...
а) Эпикур
б) Юн
в) Кар
г) Локк
д) Бэкон
22. Тұлға мәсерлесiн ашқан христиандық кезеңге дейiнгi философтардың ұлысы...
а) Сократ
б) Кар
в) Юн
г) Маркс
д) Локк
23. Платон... идеолизмнiң негiзiн қалады:
а) объективтiк
б) субъективтiк
в) сыни
г) еркiн
д) дiни
264
ХХ. Қазіргі философиялық өзекті мәселелер.
1. Қазiргi ғылымда болашақты болжаудың қандай әдiстерi бар?
а) экстраполяция
б) тарихи, аналогия, эксперттiк баға
в) комьютерлiк модельдеу
г) болашақты сценарийге салу
д) барлығы дұрыс
2. Экстраполяция әдiсi қай кезде қолданылады?
а) талдауда, диагноз жасауда
б) жалпы ұқсастықты пайымдауда
в) әлеуметтiк құбылыстарды зерттеуде
г) жобаларды зерттеуде
д) сапа мен мөлшердi зерттеуде
3. Күмәндану принципiн жаңа жаман философтарының қайсысы
ұсынды?
а) Декарт
б) Юн
в) Локк
г) Кар
д) Бэкон
4. "Құқық философиясы" терминiнiң өзi қай ғасырдың соңында
пайда болды?
а) XVIII
б) XVII
в) XVI
г) XV
д) XIV
5. Өнерге жатпайды:
а) сурет
б) тiл
в) архитектура
г) театр
д) музыка
6. Мәдениеттi оқытатын философиялық пән:
а) Саясат философиясы
б) Ғылым философиясы
в) тарих философиясы
г) өмiр философиясы
265
д) мәдениет Философиясы
7. Шпенглер бойынша өркениет:
а) көптiң көтерiлуi
б) тұрақтылық
в) қаланың өсi
г) қаланың көркеюi
д) мәдениеттiң батуы
8. О. Шпенглер неше тарихи типтердi санап өтедi?
а) 1
б) 8
в) 3
г) 5
д) 7
9. Жаратылыстан тыс қасиетi бар деп танылған жансыз затқа табыну қалай аталады?
а) анимизм
б) тотем
в) магия
г) фетишизм
д) шаман
10. Бүкiл әлем жаратылыстан тыс өмiр сүрушi рух пен жанға толы болады деген көне ұғым:
а) Анинизм
б) Тотемизм
в) Магия
г) Фетишизм
д) Шаманизм
11. С. Хантингтонның "өркениеттер қақтығысы" концепциясындағы қазiргi замандағы өркениеттер арасындағы көшбасшы өркениет қайсы?
а) Батыс
б) ШыІыс
в) Жапон
г) Православиелiк
д) Исламдыі
12. Гуманизм дегенiмiз:
а) Адамсүйгiштiк
б) танымал
266
в) мәдениеттiк
г) адамгершiлiк
д) әдептiлiк
13. "Қайырымды қала" идеясын кiм ұсынды?
а) Әл-Фараби
б) Ибн-Рушид
в) Ибн-Сина
г) Әл-Бируни
д) Ахмет Яссауи
14. Объективтi шындықты танып бiлудiң мүмкiндiгiне шүбә
келтiретiн философиялық концепция?
а) Скептизм
б) материалистiк
в) метафизикалыі
г) идеолистiк
д) поэтикалық
15. Н. Хейзинг мәдениеттiң пайда болуын немен
байланыстырды?
а) Еңбек
б) Ойын
в) құрылыс
г) сұхбат
д) таным
16. Алғаш рет миф философиясын кiм ұсынды?
а) З. Фрейд
б) Дж. Вико
в) Дж. Фрезер
г) Г. Спенсер
д) В. Вунд
17. Мифтердi жiктеген ғалымды атаңыз:
а) К. Юнг
б) В. Пропп
в) В. Вунд
г) Леви-Брюль
д) Э. В. Тэйлор
18. Қауымдағы ең бiрiншi бөлiнiс қандай бөлiнiс?
а) туыстық
б) руластық
267
в) ұлттық
г) жыныстық
д) тайпалық
19. Гуманистердiң ойынша адамды барығынан айырып
өзгешелейтiн:
а) сезiмталдық
б) ақыл
в) адамгершiлiк
г) сана
д) ерiк
20. Идеолигиялық қатынастарға қандай қатынастар жатады?
а) саяси
б) құқылық
в) моральдық
г) философиялық
д) барлығы дұрыс
21. Материалдық қатынастарға қандай қатынастар жатады?
а) ұлттық
б) отбасылық
в) жыныстық
г) рулық
д) барлығы дұрыс
22. Ақиқат теориясының қағидалары:
а) ақиқат әлеуметтiк процесс
б) ақиқат барлық жағдайда нақты
в) практика ақиқаттың өлшемi
г) ақиқатты тану - қайшылықты процесс
д) барлығы дұрыс
23. Ғылыми танымның кең қолданылатын әдiс
а) бақылау
б) анализ
в) модельдеу
г) эксперимент
д) синтез
24. Зерттелiп жатқан объектiге адамның тiкелей әсер етуi арқылы жүргiзiлетiн әдiс:
а) модельдеу
б) эксперимент
268
в) бақылау
г) анализ
д) синтез
25. Географиялық ортаның ұқыпты, мақсатқа сай пайдалануға...
сипатты роль атқарады
а) қоғамдық құрылыс
б) тарихи құрылыс
в) социологиялық құрылыс
г) базистiк құрылыс
д) экологилық құрылыс
26. Жер шарының тiршлiк тараған аймағы
а) биосфера
б) ноосфера
в) табиғат
г) қоғам
д) атмосфера
27. Биосфераға жататындар:
а) жер қыртысының жоғарғы қабаты
б) өзендер мен көлдер
в) теңiздер мен көлдер
г) атмосфераның төменгi қабаты
д) барлығы дұрыс
28. Табиғат пен қоғамның байланысы туралы ғылым не деп аталады?
а) экология
б) психология
в) валеология
г) қоғамтану
д) социология
29. Объектiнi белгiлi үлгiге түсiрiп сол үлгiнi зерттеу арқылы
болар iстi болжау әдiсi
а) Компьютерлiк модельдеу
б) тарихи аналогия
в) эксперттiк баға
г) экстраполяция
д) бақылау
30. Барлық ғылыми әдiстердiң басын бiрiктiретiн жаңа ғылым:
а) прогностика
269
б) психология
в) валеология
г) социология
д) экология
31. Жаңаша ойлау процесiнде қандай қағидаға мән берiледi?
а) этика, адамгершiлiк
б) еркiндiк
в) этика, еркiндiк
г) ақыл, адамгершiлiк
д) адамгершiлiк, сана
32. Жаңаша ойлау этикасының ең басты қағидасы?
а) ақиқат алдындағы теңдiк
б) болмыс туралы
в) сана сезiм туралы
г) ақыл ой
д) еркiндiк мәселесi
270
Қысқаша тест тапсырмалары
Тест тапсырмалары аудиторияда орындалады. Семестр
барысында екі рет өткізіледі. Қысқаша тестерге жауап беру
барысында көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс.
Қысқаша тестерді бағалау тәртібі:
Қатесіз, тест тапсыру талаптарына сай орындалғаны дұрыс. 15-
12 дұрыс жауап 5 баллга дейін бағаланады.
11 және 9 тест тапсырмасына дұрыс жауапқа 4 балл беріледі.
8 және 6 тест тапсырмасына дұрыс жауап 3 баллга бағаланады.
5 және 4 тест тапсырмасына 2 балл беріледі.
3 және 2 тест тапсырмасына дұрыс жауап / баллга бағаланады.
1 дұрыс жауап жоне бір де бір дұрыс жауабы жоқ жұмысқа 0
бага беріледі.
VІ. Бақылау сұрақтары:
1. Философия ғылымының алғышарттары.
2. Дүниеге көзқарас және дүниетаным.
3. Ежелгі Үнді философиясының қайнар бастаулары.
4. Ежелгі үнді философиясындағы философиялық ағымдар
және олардың өзіндік ерекшеліктері.
5. Ежелгі Қытай философиясындағы тәлімдік-тәрбиелік
ұстанымдар.
6. Конфуций және конфуцийшылдық.
7. Ежелгі үнді философиясы мен ежелгі қытай
философияның өзіндік айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
8. Антика философиясы.
9. Сократқа дейінгі филосфия, антикалық мектептер.
10. Грек классикалық философиясы. Сократ, Платон және
Аристотель.
11. Ортағасырлық мұсылман философиясы: Әль-Фрарби, АльКинди, Ибн-Халдун, М. Х. Дулати, Яссауи, т.б.
12. Ортағасырлық христиан философиясы: Абеляр, Августин,
Аквинский т.б.
13. Қайта өрлеу философиясы.
14. Француз материализмі және ағылшын эмперизмі.
15. Жаңа дәуір философиясы. Ф. Бэкон методы.
271
16. Неміс классикалық философиясы: Кант, Гегель, Фейербах,
Фихте, Шеллинг. т.б.
17. ХІХ және ХХ ғасырлардағы философиялық ағымдар:
экзистенциализм, феноменлогия, геменевтика, структурализм,
философиялық антропология және т.б.
18. Орыс философиясы: славияновильшілдіктер және
батысшылдықтар.
19. Орыс философиясындағы ғарыштық ойлар.
20. Қазақ философиясының қайнар бастаулары: Асан-Қайғы,
Қорқыт ата.
21. Ақын-жыраулар философиясы және зар-заман.
22. Қазақ зиялылары мен олардың философиялық
ұстанымдары
23. Болмыс және оның түрлері.
24. Материя оның өмір сүру тәсілдері мен формалары.
25. Сана обьективті дүниенің бейнесі ретінде.
26. Даму. Диалектикалық заңдар мен категориялар.
27. Таным. Таным теориясы.
28. Адам. Философиядағы адам мәселесінің өзектілігі.
29. Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы
30. Қоғам. Қоғамдағы философиялық ойлар.
31. Мәдениет және өркениет.
32. Жеке тұлға және жауапкершілік
33. Медицина этикасы
34. Адамгершілік бастаулары
35. Құқық философиясы
36. Қазіргі таңдағы жаһандану процесі
272
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Қорқыт іліміндегі адам мәселесі
Дәстүрлі түркілік дүниетанымның түркі қауымының тыныстіршілігіне тән рәсімдерді басқаратын “қам, бақсы, озан” сияқты
көшпелі мәдениет қоғамының ұстазы Қорқыт Атаның да әрі
мемлекеттік қайраткер, әрі құрметке бөленген данышпан. Қорқыт Ата
дүниетанымында Тәңірі өкпелейді, ашуланады, яғни Тәңір
антропоморфоздық сипатымен танылады. Оның белгілі мекені бар —
Көк. Көшпелілер Тәңірге жалбарынып, мінәжат етерде жүзін көкке
қаратып, екі қолын көкке көтеретін болған. Өйткені Тәңір Ұлы
болғандықтан да тек заңғар көкте ғана өмір сүреді. Қорқыт
дүниетанымында Тәңірді-патша, сұлтан, сүйікті, дос сияқты сипаттар
арқылы оны антроморфты түсініктермен ұғымдармен ұсынады.
көрсеткіштер.
Көшпелі мәдениет адамының дүниетанымы мен тұрмыстіршілігін қалыптастырған табиғат (тау, тас, орман, жайлау, су, өзен,
көл, теңіз, көк аспан, ай, жұлдыз, күн) элементтері оның ойлау
жүйесінің негізгі ұстындары іспетті. Ол ойласа да, сөйлесе де,
тілдессе де, мұңдасса да, қуанса да табиғатпен үндестік және
үйлесімділік ішінде. Көшпелі қоғам адамы абстрактілі ойлаудан көрі
күнделікті тұрмыс үшін осы нақтылықты таңдаған болуы керек.
Өйткені Қорқыт Ата мирасында бейнелеу, жеткізу стилінде
космологиялық элементтер көп қолданылады. Бұл табиғат
элементтері көбінесе тура мағынадағы өз қасиеттерімен беріледі
Қорқыт Ата дүниетанымында табиғат, ұлылық пен сұлулықтың өзі
деп бағаланған. Қорқыт Ата кітабында табиғат элементтерінің
антропоморфтық сипат арқылы берілгендігін де көруге болады.
Көшпелі табиғатпен тілдеседі, мұндасады, сырласады, одан жөн
сұрайды, кейде өкпелеп ұрсып та алады. Қорқыт Ата
дүниетанымындағы адам материалдық әлеммен, табиғатпен біте
қайнасқан, одан айрылуды ойына да алмайды. Өйткені материалды
дүниені тәрк ету ол үшін өлім деген сөз. Қорқыт Ата өмірдің
шектеулі, өте қысқа екендігін ойлап, артына өлместей іс қалдыру өз
алдына, мәңгілік өмірді іздейді. Бірақ мәңгілік өмірдің кілті немесе
көзін үздіксіз табиғат тылсымынан табылады деп үміттенетін.
Өйткені түркілік дүниетанымда табиғат–мәңгілік. Мәңгілік өмірді де
273
мәңгілік болмыстан іздеу керек. Кезінде аталарымыздың “табиғатпен
бірге мәңгі аманат болып қалсын деген мақсатпен өсиетнамаларын
Енесай бойындағы “Мәңгі тасқа” қашап, ойып жазып кетулерінің
негізінде де табиғаттың мәңгілігі түсінігі жатыр. Неге десеңіз, ол
кездерде түріктердің қолдарында қағаз бен терінің түр-түрі болатын.
Оған қоса іс-қағаздары дипломатиялық келісімдер қағаз, көбінесе
теріге жазылатын. Соған қарамастан жазу үшін тасты таңдауында
дүниетанымдық сакральдық түсініктің ықпалы болуы мүмкін.
Көшпелінің өлімнен қорқуы өлімнің өзінен емес, материалдық
түсінікке негізделген. Дүниетанымы мен тұрмыс-тіршілігі үздіксіз
қозғалыс пен толассыз күрес үстінде өткен аталарымыз өмірдің
қысқалығын сезініп, осы қысқа ғұмырда келешек ұрпағына нұсқа
құндылықтарды мирас етіп қалдыруды көздеген.
Қорқыт Ата — көшпелі тұрмыстың әлеуметтік жүйесін
реттеуші, ақылгөй, дана тұлға. Қоғамның әлеуметтік мәселелерін
шешуде шариғат сияқты діни қағидалар емес, төре мен жарғылар,
салт-дәстүр үстемдік етеді. Төре, дәстүр-салттық және моральдық
құндылықтар жүйесі мен қоғамдағы Қорқыт атаның орны біртұтас
сияқты көрінетін. Кейіннен бұл құбылыс исламдық ұстанымдар мен
Құранға негізделген шариғат қағидаларымен біте қайнасты. Көшпелі
мәдениетте жеке адамдар арасында байланыс ортақ өмір салты
негізіндегі біртұтас қоғам болатын. Өркениеттік түлеу
(трансформация) негізінде көшпелі қоғамның бір бөлігі сауда мен
егіншілік негізінде отырықшы бола бастаса, қалған бөлігі де көшпелі
өмірінен айнымай мал шаруашылығын жалғастырды. Яғни көшпелі
біртұтас жабық қоғам ыдырап, араларында бұрынғы мәдениеттік
негізге сүйенген туыстық, кәсіптік және т.с.с. байланыстар әлсірей
бастады. Әрбір топ өзінің тұрмыстық қажеттіліктерінен туған жаңа
құндылық өлшемдерін қабылдап, түсінігі мен дүниетанымы да басқа
пішін, басқа мазмұн ала бастады. Бұл құбылыс қазір айтуға оңай
болғанмен сол кездегі уақыт пен кеңістікте үлкен психологиялық
үрей, дүниетанымдық мұхитта дүлей қорқыныш туғызды. Қорқыт
Ата жаңа құндылықтар ұсынбайды. Сондықтан дүниетанымдық
қабаттар тұрғысынан Қорқыт Атаны өз қоғамының көріністері мен
құндылықтарын толық көрсететін тегіс айна деуге болады.
274
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870–950)
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлаѓ єлФараби ат-Түрки 870 жылы Фараб ќаласына жаќын Весиж атты елді
мекенде дүниеге келген. Әкесі Мұхаммед Тархан (ќолбасы)
Саманидтер сарайында ќолбасылыќ ќызмет атќарѓан. Әл-Фараби 20
жасќа дейін Фарабта білім алып, кейіннен араб халифатындаѓы
көптеген елдерді аралап, ѓылым-білім жолына түсті. Ол ең алѓашќы
саяхатын халифаттыњ орталыѓы Баѓдатќа жасаѓан. Кейін Сирия мен
Египетке барѓан. Баѓдатта Әбу Бәкір ас-Сараждан (928 ж.қ.б.) араб
тілін, Әбу Бишр Матта ибн Юнустан логиканы үйренген. Мұнан
кейін Харранѓа барып, Иуханна ибн Хайланнан Аристотельдіњ
логикасын, екінші Аналитикалар атты кітапты соњына дейін үйренген
[5, 70; 6, 103–150]. Осы сапарларынан кейін әл-Фараби Баѓдатќа
ќайта оралып, метафизика, музыка жєне математика секілді
философиялыќ ѓылымдарды үйренген. Әл-Фараби Иран ќалалары
Исфаћан, Хамадан, Рай жєне басќа жерлерде де болады. Халебке,
сосын Дамаск ќаласына барады. Халебте бір жылдай тұраќтаѓан
кезінде Буайхилардыњ сұлтаны Сайф-уд-Даула әл-Хамадани ќолдау
көрсетеді. Осы сҒлтан 946 жылы Дамаск ќаласын өзіне қаратқаннан
кейін әл-Фараби Дамаскіде өмір сүреді. Біршама уаќыт Египетке
саяхатќа шығып келеді, қалған ғұмырын Дамаскіде өткізеді.
Әл-Фараби білім нєрімен терењ сусындаѓан жан-жақты ғалым.
Тіл білімі, философия, музыка, математика, астрономия, дін жєне сол
кездегі басќа да ѓылымдарды үйренген. Философиядағы ќабілеті мен
біліктігіне байланысты Аристотельден кейінгі екінші Ғстаз (муаллимус сани) деген атаќќа ие болѓан.
Әл-Фараби көне грек ойшылдары – Платон, Аристотель,
Эвклид, Птолемей еңбектерін таратып, оларға жаңаша түсініктеме
жазған, 72 тілді меңгерген және Ұз еңбектерінде кењінен
пайдаланѓан. Әл-Фараби сексен жасқа келген шағында 950-жылы
Шам (Дамаск) ќаласында ќайтыс болѓан және «Баб-ас-саѓирң
мазарына жерленген.
Әл-Фараби логика, музыка, саясат және этикаѓа байланысты
көптеген шыѓармалар жазѓан. Бұѓан ќоса медицина мен математика
салаларына ќатысты ењбектері де бар. Әл-Фараби дін, философия
және саясат арқылы адамдар арасында бірлік пен бақыттың үстемдік
етуін мұрат еткендіктен, түркілік дүниетанымдық элементтер мен
275
құбылыстарды ислам философиясы ішінде қорытып, пайдалана білді.
Өйткені оның негізгі әдісі жалпы болмысты тұтастық тұрғысынан
қарастыру болғандықтан, исламдық платформаға басқа дүниетанымдық пікірлер мен жүйелерді үйлестіру үшін көбінесе еркін комментарий әдісін, яғни бүгінгі герменевтикалық әдістен терең әрі кең
“тауил” әдісін қолданады.
Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,
«Адамдық саясат» еңбектерінде саясат пен мораль мәселелерін және
қоғам мен мемлекет арасындағы қатынастарды қарастырады. ӘлФарабидің пікірінше, кез келген адам қайырымды елдің басшысы
бола алмайды. Себебі басшылық екі нәрседен тұрады: а) адамның
бойында туа біткен қабілеті болуы керек, ә) басшылыққа байланысты
ерікті дағдылары болуы керек.
Басшыны әл-Фараби бірінші және екінші басшы деп бөледі.
Бірінші басшының бойында жаратылысынан болуы керек 12 табиғи
қасиет мыналар: 1) дені сау, 2) айтылғанды жақсы қабылдау, 3)
жақсы есте сақтау, 4) көкірек көзі ояу, 5) шешендік, 6) ізденімпаз
болу, 7) турашыл, 8) нәпсісін тию керек, 9) кемел адам, 10) байлыққа
қызықпау, 11) әділетті, 12) жігерлі, батыл болуы керек.
Екінші басшының, яѓни бірінші басшыныњ орынбасарыныњ
бойында болуы керек қасиеттер мыналар: 1) философ болу, 2) бірінші
басшының өсиеті бойынша жүруі керек, 3) кейбір жаңа мәселелерде
жаңа заң шығару, атқару жұмыстарын жүргізу, 4) ақылды, тәжірибелі
болу, 5) халыққа жол көрсете алатын, 6) қызметте болсын, соғыста
болсын білікті болып, дені сау болуы керек.
Егер осы шарттардың барлығын бойына жинаған адам
табылмай, бірі философ, екіншісі де қалған шарттарды бойына
жинаған адам ретінде танылса, онда екеуі де бірдей басшы болуға
лайықты. Әр қасиет әр адамда болса, онда олардың барлығы да ең
жоғарғы басқарушылар болады. Егер философия басшылыққа керекті
қасиеттердің бірі болудан қалса, қалған шарттар болған күннің өзінде
ел басшысы басшы бола алмайды, қауым жойылып кету қаупіне
ұшырайды. Елбасының қарамағында философ болмаса, бұл ел
жойылып кетуі мүмкін.
Әл-Фараби қоғамды немесе мемлекетті «қайырымды және «оған
қарама-қарсы залым қоғам» деп екіге бөледі. Қайырымды елге
қарама-қарсы елді пасық, надан, адасқан деп үшке бөледі.
Қайырымды ел белсенді сана арќылы білім алған кісілер басқаратын
ел. Мұндай елдердің басшылары өте білімді кісілер. Саясаты да дүние
276
мен ақырет туралы білімге негізделген. Пасық ел – қайырымды ел
мен адасқан елдің арасындағы ел. Бұл ел теориялық жағынан дұрыс
мағлұматтары бар, бірақ іс жүзінде дұрыс емес, сезімдік көњіл-к‰йлер
арқылы басқарылатын ел. Надан елді материалдық және
потенциалдық санадағы адамдар басқарады. Адамдар мен мемлекет
басшылары кейбір нәрселерді білгенімен шын мәнінде надан. Білген
нәрселері тек қана осы дүниедегі істер туралы мағлұматтар ғана.
Надан елдердің көптеген түрлері бар. Адасқан ел толығымен түйсік
пен сезім арқылы басқарылады. Оларды рационалдыќ және діни
сауаты жоқ басшылар басқарады [7, 185].
Әл-Фараби «Ғылым мен өнердің артықшылығы» рисаласында
табиғатты білудің шексіздігін, білім білмеуден білуге, себепті білуден
салдарды білуге, сипаттардан акциоденцияѓа субстанция - мєнге
(жауһарға) қарай ғылымның барған сайын артып, тереңдеуін
қолдайды. Оның ілімін кейінірек Әбу Райхан Бируни, Ибн Сина,
Жүсіп Баласағұни, Ибн Рушд, Низами, Сади, Әбдірахман Жәми,
Әлішер Науаи, Бедил, Иқбал, Ахмад Даниш, Ахмет Ясауи және
басқалар өз шығармашылығында әрі қарай жалғастырды. Әл-Фараби
шығармашылығын зерттеп үйренуге Еуропа ғалымдарынан Б. М.
Штреншнейдер, Карра де Во, Т. У. Бойер, Р. Хаммон, Р.де Эрланже,
Ф. Детерици, Г. Фармер, Н. Ришар, Г. Лей, Шығыс ғалымдарынан
Насифи Умар Фарух, Мубахат Түркер, М. Махди, А. Хайрани, М.
Байраќтар, А. Арслан, А. КҰбесов, Ж. Әбділдин, А.Ќасымжанов, А.
Машанов, Ә. Нысанбаев, Ѓ.Ќұрманѓалиева және басқалар елеулі үлес
қосты. Соңғы жылдарда оның шығармашылығы мен тағылымына
арналған арнайы зерттеу еңбектер жарық көре бастады.
ӘБУ ӘЛИ ИБН СИНА
(980–1037)
Ибн Синаның медицинадағы қызметі өте зор болған. Еуропа
университеттерінде оның бұл салаға арналған кітаптары 600 жылдан
көбірек уақыт аралығында медицинадан негізгі дәрістік оқулық
қызметін атқарып келген. Тіпті “медицина” сөзін “Мадади Сина”-дан
(түркілерде “Медеды Сина”) шыққан деген пікір бар. Әкесі Абдуллах
Балх қаласынан болған. Самани билеушісі Нух ибн Мансур
заманында Бұқара өлкесіне келген. Рамитанда қолөнершілік кәсібін
меңгерген. Афшона қышлағындағы Ситарабану есімді қызға
үйленген. Ибн Сина солардан туған перзент. Ол туылған қышлақ
277
қазір Исфана деп аталады, Пешку аймағында орта ғасырларда өз
есімін туылған, енді туылатын перзенттерінің бірінің атасы деп
таныту рәсімі болған. “Әбу Әли дегені Әлидің әкесі деген мағынаны
білдіреді. Оның Әли есімді ұлы болғандығы туралы еш мәлімет жоқ.
Оның ғалымдығын құрметтеп, “Шайх ар – Раис” деп атаған. Бұл көп
жағдайда данышпандар басшысы, ғалымдардың ғалымы
мағыналарын білдіреді. Батыста Авиценна (Әбу Әли Сина) есімімен
танымал болды.
Ибн Синаның отбасы ол 5 жасқа толар-толмаста Бұқараға көшіп
келеді. Болашақ ғалымның мектеп-медресе оқуы Бұқарада болды. Ол
9-10 жастарында Құран Кәрімді түгелдей жатқа білді. 16 жасында
билеуші Нух ибн Мансурды емдеп, есімі елге әйгілі болды. 18
жасында өзгеше жаратылған барлық білімдерді меңгеріп алды. 20
жасында заманының ең биік ғалымы Бирунимен хат алысты.
Хорезмдегі Маъмун академиясына барып, атақты ғалым және емші
Әбу Сахл әл-Масихи, тарихшы Ибн Мискавейх, ұлы Бируни және
оның ұстазы Әбу Насыр ибн Ирақ және т.б. үлкен пікірталастар
өткізді. 7 жыл (1005–1012) Хорезмде болып, тағдыр қысымымен
алыстағы шығыс мемлекеттеріне кетуге мәжбүр болды. Каспий
бойындағы Журжан қаласына, одан Иранға өтті. Өмірінің соңын
қиыншылықта өткізді.
Ибн Сина өмір бойына 280-нен артық еңбек жазған. Оның 160
шақтысы бізге жетті. Олар түрлі салаларды қамтиды: философия,
емшілік, табиғат, музыка, алгебра, геометрия, аһлақ және т.б. Ибн
Сина қалдырған ғылыми мұраның салмақты бөлімін оның емшілікке
арналған еңбектері құрайды. Мысалы, бізге мәлім еңбектерінің 40
шақтысы осы салаға бағытталған. Олардың ең белгілісі – “Ал-Қанун
и фи-т-тибб” (“Емшілік заңдары”) кітабы. 6 ғасыр дәрістік атқарып
келген бұл еңбек орта ғасыр емшілік пәнінің негізі болды. 5 кітаптан
құрастырылған бұл еңбекте емшіліктің бірқатар қолданбалы және
теориялық мәселелері қорытындыланған және қалыптастырылған.
Мысалы, Пастерден 800 жыл бұрын жұқпалы аурулардың көзге
көрінбейтін жәндіктер (микробтар) арқылы жұғатыны айтылған. Грек
емшілік іліміндегі көру көз жанарының нұр шашуы арқылы бейне
көрсетеді деген пікірін анықтап, бұл амалдың нәрселердің суреті
көздің тор пердесінде бейнеленуі арқылы іске асатынын дәлелдеп,
анықтап берді. Диагностика және фармокологияда жасаған оның
елеулі үлестері мол. Қызығы сонда, оның онға жақын емшілікке
278
арнаған еңбектері өлең жолдарымен жазылған. Ол осы жағынан
алғанда, ауруға дәріні балға қосып берген емшіге ұқсайды. Негізінде
мұндай әдет көне заманда болған. Мысалы, ежелгі үнділер ғылыми
еңбектерінің көпшілігін өлеңмен жазған. Өлеңнің ұйқасы, көркемдік
күші, айқын мазмұны айтылған пікірдің нақты жеткізілуіне жәрдем
берген. Ибн Синаның емшілікке арнаған “Қанунынан” кейінгі орында
тұрған көрнекті еңбегі – “Ал-Манзума фит-тибб” (“Емшіліктегі
көркем еңбек”). Оны “Тиббий достон” (“Емшілік дастаны”),
“Уржуза” деп те атайды. “Уржуза” дегені еңбектің аруз үлгісінде,
ражаз өлшемінде жазылғандығын аңғартады.
Ғалымның жаратылыстану ғылымы туралы белгілі еңбегі
“Китоб уш-шифо” (“Шипагерлік кітабы”). Кітап 21 тараудан тұрады.
Әрбірінде бір мәселе қарастырылған. Мысалы, “Китоб ан-нафс”
(“Нафс – жан туралы кітап”), “Китоб ан-набот” (“Өсімдіктерботаника кітабы”), “Китоб әл-хайвон” (“Зоология кітабы”), “Китоб
ал-маодин” (“Маъдан-минералдар туралы кітап”), “Китоб ус-сама ва
ал-алам” (“Аспан және әлем кітабы”) және т.б. Еңбектегі бірнеше
тараулар – атақты грек ғалымдары кітаптарына жазылған
анықтамалар. Еңбекте математикаға қатысты тараулар өте көп.
Ұлы ғалым әдеби-шығармашылықпен де шұғылданған.
Әдебиеттану сипатында “Фанн аш-шеър” (“Өлең өнері”) деген еңбек
жазып қалдырған. Онда Аристотельдің “Поэтикасы” және Әбу Насыр
әл-Фарабидің “Шайырлар өнерінің канондары” және “Жыр кітабы”
еңбектерінің әсері сезіледі. Сондай-ақ оның “Китоб уш-Шифоға”
енген еңбектерінде музыка және өлеңнің бір-біріне әсері, сөйлем түрі
және ырғақ мәселелері, өлең жанрлары тілге алынады. Аруз үлгісі
кеңінен талқыланды.
“Шеър саньати” (“Өлең өнері”) еңбегі сегіз баптан тұрады,
алғашқы кіріспесінде өлең туралы көлемді анықтамалық түсініктеме
беріледі. Грек және араб өлеңі салыстырылады. Олардағы мавзумундарижа, ырғақ және әуез, жанрлар мәселесі кеңінен талқыға
түседі. Риторикадан грек әдебиетіндегі трагедия жанрына кеңірек
тоқталады.
Ибн Сина мұрасы әлем мәдениетіне қосылған үлкен қазына
болып табылады.
Халқымыздың ұлы ғалымы бір ғана Түркістан емес, әлемдік
ғылымға жол көрсетіп, адамзат тарихының көп ғасырлық даму жолын
белгілеп кетті.
279
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ
(ХІІ ғ.)
Қожа Ахмет Ясауи ХІІ ғасырда өмір сүрген, жалпы түркілік
мәдениет кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, ойлау жүйеміз бен
дүниетанымымызды исламдық құндылықтарға бағыттаған,
ғылымның моральдық-этикалық негізі мен үлгісін көрсетіп кеткен
тарихи тұлға.
Исфиджаб қаласы Ясауи дүниеге келмей тұрып, 100–150 ж.
бұрын ислам дінін қабылдаған. Бұл жерлер халифа Муғтасим (833–
842) дәуірінде исламмен танысып, самани әулеті (819–1005) тұсында
осы дінді қабылдады. Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран,
Сығынақ, Шаш, Сүткент, Женд, Весиж, Кудур, Шилжи, Отлук,
Өзкент, т.б. Мауереннахр қалаларында Х ғасырдан бастап ислам ілімі
жолындағы тәлім-тәрбиелік орталықтар – медресе-теккелер түбегейлі
орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) принциптерге
негізделген жаңа мемлекеттік жүйелер қалыптаса бастады.
Исфиджабта исламдық фикх (құқық) мектебі ханафи мәзхабының
ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімінің қалыптасуы осы саясиәлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты өтті. Исфиджаб Қарахан
мемлекеті тұсында маңызды сауда және діни білім беру орталығына
айналған. Ясауи осы жерде дін әліппесін ашып алғашқы ұстазы
(Арыстан бабтан бұрын) Баһа-уд-дин Исфиджаби деген кісіден тәлім
алады
Кашифи "Рашахат-ул айн-ил хайат" атты еңбегінде Қожа
Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және
батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, он алты жыл оған
қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Қожа Ахмет Ясауидің азан
шақырып қойған аты Ахмет бин Ибрахим бин Махмұт бин Ифтихар.
Қожа – ныспысы (Хважа – парсы тілінде діни мұғалім, ұстаз деген
мағынада қолданылады. Қазіргі таңда Түркияда барлық мұғалімдерге
пәніне қарамастан қожа делінеді).
Ясауи деген лақап ат оның шайхы тарапынан Ясы-Шауғар
жазығына барып «ислам ашып, өзіндік мектеп қалыптастырғандығың
көрсететін анықтауыш. Сондықтан түркілер арасында Ясы мен Ахмет
бин Ибрахимнің аты тұтас аталады. Ясауидің хәл ілімін
қалыптастыру арқылы осы кеңістікте Ясы қаласы діни орталыққа
280
айналды. Осы жерде жерленгендіктен Ясы қаласын түркілер
«аситана-и саадатң яғни, бақыттың есігі деп атады.
Ясауидің төл дүниетанымымыз бен мәдениетіміздің
тарихындағы маңызын, оның мұрасының іздерін хатқа түсірген
рисалалар (трактаттар) арқылы да пайымдауға болады. Алдымен,
Ясауи ілімінің айнасы ретінде танылатын “Диуани Хикмет”,
“Фақрнама” және “Мират-ул Қулуб” (Көңілдің айнасы) рисаласын
атап өтуіміз керек. Бұлар – Ясауидің хикмет, хәл ілімдерінің айнасы,
Ясауийа тариқатының этикалық-моральдық және рухани тәжірибелік
ерекшелігін көрсететін, оның жалпы дүниетанымының мәнін ашатын
негізгі дереккөздері. Ясауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен
философиясының желісін моральдық-этикалық және сопылық хикмет
деп жіктеуге болады. Ясауи ілімінің парасат бөлімі адамның
адамгершілік ахлақи мәртебесіне және "инсани камил" дәрежесіне
жету мәселесін қарастырады. Ясауидің дүниетанымдық
тұжырымдамасының теориялық негізін шариат пен мағрифат
құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет
дүниетанымының мәні – "адамның өзін-өзі тануы" арқылы "Хақты
тануы". Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – "тәуба", соңғысы
"құлдық" (убудийат, абд) мақамы. Бұл жолда адам "жаратылған –
мен" екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көз жеткенде өзінің
адамдық парызының "Алла мен адамның және адам мен қоғамның"
арасында "көпір – жол" болу екендігін ұғынады. Ясауи хикметтерінің
мәні, философиясының өзегі – адам. Адам "кемелдікке" жетуі үшін
қажетті білімді игеріп, мәліметтермен қарулануы керек. Бұл білімнің
қайнары – хикмет. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің
негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам
баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран
деп таниды. Сонымен қатар Алланы табудың негізгі сыры адамның
өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос, рух, бүкіл әлем,
жаратылған болмыстар – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни
белгілері. Рух – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай
үнемі еске сақтау, "зикр (зікір) теориясы" арқылы онымен мәңгілікке
қауыша алады.
Қожа Ахмет Ясауи негізін салған діни-сопылық мектеп тариқат
деп аталады. Ясауи тариқаты түркі сопылық дүниетанымының негізгі
ерекшеліктерін бойына сіңірген жалпы ислам сопылығының
281
ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тариқаттың қалыптасу
кезеңінің алғашқы діни, саяси, тарихи алғышарттары ХІ ғасырларға
дейінгі түркі мұсылман кеңістігі ішіндегі әр түрлі секталардың пайда
болуымен қатар өмір сүрген Аббаси халифатынан бөлінген тәуелсіз,
жекелеген саяси биліктердің (хандықтардың) қалыптасу дәуіріне сай
келеді. Екінші кезең Ясауидің өмір сүрген дәуірі мен Алтын Орданың
құрылуы арасындағы Түркістандағы сопылық дүниетаным мен
тариқаттардың даму дәуірі.
Ясауи тариқатының негізгі ерекшеліктері, Ясауидің кемелдікке
жету жолында шәкірттерге қойған талаптары туралы Хазини өзінің
"Жауаһир ул Абрар мин Амуаж-ил Биһар" ("Теңіз толқындарындағы
ізгі жандардың гауһарлары" немесе "Хақ жолындағы әулиелердің
сырлары") деген еңбегінде мол дерек қалдырған. Онда Ясауидің
тариқатының он негізгі этикалық (адаб) ұстанымдары қамтылған:
1) Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас;
2) Түпкілікті алты үкім;
4) Тариқаттың алты міндеті (уажиб) ;
5)Тариқаттың алты түрлі дәстүрлі жолы (сунна):,
6) Тариқаттың алты ерекше қасиеті (мустаһаб);
8) Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің төрт
шарты;
9) Ясауи тариқатында зікір;
10) Ясауи тариқатында қылует.
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ
(ХІ ғ.)
Түркі тілдерін дүние жүзінде ең алғаш зерттеген –
энциклопедист, ғұлама ғалым Махмұт. Ол – Хұсайын ибн
Мұхамметтің баласы. Әкесі Барысқанда туған, кейін қызмет бабымен
Қашқарға барып тұрған (әскери басшы қызметте істеген сияқты,
баласы Махмұт, мүмкін сол қалада туған болуы керек, осыдан барып
ныспысы «Қашқариң атанған). Шамалап айтқанда, ол 1029-1038
жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны
билеген қаған тұқымдарынан, ақсүйек әулетінен шыққан.
Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық
және қоғамдық-әкімгершілік үлкен орталыққа айналған Қашқарда
оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы
282
Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде –
Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Мерв, т.б. тұрып) білім алған Махмұт
өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Классикалық араб тілі
мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу
дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран,
Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен
әдебиетін түбегейлі еңгерген. Махмұттың ана тілі – Қарахан
мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі
(ғалым оны «таза тілң деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын
яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген.
«Диуану луғат-ит-түркң» деп аталатын еңбегі (1070–1074 ж.
Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі
тілдеріне де) «Түркі тілдерінің жинағы» тағы басқа аттармен әр қилы
аударылып жүр. Махмұт ибн әл-Хұсайын сол кездегі (кейін өзі әңгіме
ететін) түркі тілдерін жалпы бағдарлап шығу үшін оларды Румнан
бастап шығысқа қарай санап өтеді: печенег, қыпшақ, оғыз, йемек,
башқұрт, басмыл, қай, йабғу, татар, қырғыз. Орналасу тәртібі
жағынан қырғыздар Шын мемлекетімен көрші отырған. Одан әрі
(күншығысқа қарай) чығыл, тухси, яғма, танут, қытай елдері
орналасқан. Одан әрі табғаштар тұрады – олар Машын елі болып
есептеледі. М. Қашқари еңбегінде сөз болатын тілдер, әрине, осы
айтылған жиырма тілмен ғана шектелмейді, басқа түрлі халықтардың
аты аталып, олардың тілдерінен мысалдар келтіріліп отырады.
Кітапты Махмұт классикалық араб филологиясының үлгісімен араб
тілінде жазған.
В. В. Бартольд М. Қашқари жөнінде «Орта Азия туралы жазба
материалдар арқылы емес, сол елмен қолма-қол араласып, тікелей
байланысу жолымен еңбек жазған жалғыз араб авторы едің деп
көрсеткен. Бұл – аса орынды айтылған сөз, бірақ оның «араб авторы
едің дегені – жаңсақ, ол – арабша жазғанмен, қайталап айтқанда,
түркі тайпаларынан шыққан, Іле бойын жайлаған елдің перзенті. В. В.
Радлов М. Қашқариды «түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен
зерттеушілердің алғашқысы болды деп көрсеткен еді.
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
ІХ ғасырдың бірінші жартысында (840 ж.) Шығыс Түркістан мен
Батыс Түркістан (Жетісу – Сырдария) аймағында әлемге әйгілі
түріктердің Қарахан әулеттері билеген ұлы империясы болған.
283
Өркениетті елден ерен өрендер шығады. ХІ ғасырда осы елдің
Қашқар аймағында туып, Баласағұнда өмір кешкен, Бағдад қаласында
отырып кітап жазған (1086 ж.) Махмұт ибн-ул-Хұсайын ибн
Мұхаммед әл-Қашқари деген ғұлама – энциклопедист бүкіл түркі
халықтары мен ру-ұлыстарының тілдері жайында, классикалық араб
тілінде, түсіндірме үш томдық сөздік түзген, дүние жүзіндегі
түркологияда бірінші болып тілдерді салыстырмалы-тарихи әдіс
бойынша зерттеу ісінің негізін салған.
Шығыс Түркістан өлкесінің мәдени-өркениетті орталықтарының
бірі болған, мұсылман әлемінің Шығыс өңірдегі әйгілі «форпостың
(«алдыңғы шебің) болған (А. Н. Кононов) Баласағұн қаласында Ұлық
Хас-Хажиб Жүсіп Баласағұни туып, өмір сүрген, «Құтадғу білікң
(«Құт дарыған білімң) деген көркем әдебиет шығармасын жазған
(1069–1070 ж. аяқталған). Қазіргі жоба бойынша, бұл қала Шу өзені
бойындағы Тоқмақ қаласының маңында (Жетісуда) орналасқан
сияқты. Бұл еңбекті академик А. Н. Кононов, бір сөзбен айтқанда,
«величественный памятник тюркской литературы и культурың деп
бағалайды [4, 5]. 18 ай қадалып отырып, автор 6645 бәйт (13290 жол
өлең) жазып бітірген (Наманған нұсқасында 6407 бәйт бар). Өз
еңбегінің өмірлік мақсатын автор былай деп түсіндіреді:
Бұл – «Құтадғу білікң дедім жол басын, -
Бағын ашсын оқушының, қолдасын!ң [5, 43].
Бұл – шынында, кісінің бағын ашатын, оның қолдауына
жүгінетін еңбек. Мұнда қарапайым қатардағы халық пен оны
басқарып-билеп отыратын әкімдер, бектер, ұлықтар, уәзірлер мен
патшалар туралы, олардың адамгершілік қасиеттері жайында, ел
билеудің тиімді әдістері мен жөн-жобасы жөнінде айтылады. «Қайтсе
жеңіл болады жұрт билемекң (Абай) деген ертеден бері дүние жүзін
толғандырып жүрген күрделі де терең, шым-шытырман мәселені жанжақты терең талқылайды. Діннің пайдасын, оқу-білім, ақылдың
қасиеттері мен құпия сырын айтады, ашып береді, жайып салады.
Әрбір адамның, бір Алла өзі жаратқан жалпы пендесінің өмірі мен
оның өзіндік менталитетіне етене жақын шығарма. «Қалай адам
боламын? Қандай адам боламын? Қалайша халық қатарына қосылып,
ер-азамат санатына жетемін?ң деген сияқты толып жатқан сан салалы
сұрақтарға осы дастан мүдірмей жауап бере алады. Айқын да
айшықты жауап. Адал да адамгершілік жауаптың қайнар көзі – қанып
ішсең таусылмас зәру ақылдың бастау-бұлағы. Менің (аудармашы
284
ретіндегі) ойым бойынша, бұл кітапты оқыған да арманда, оқымаған
да арманда, өйткені оқыған кісінің сусындап ішіп құмары қанбайды,
оқымаған кісінің осыны оқып көрейін деп ойлаған талабы талмайды.
Бұл кітаптың бар болмысы адамгершілік-моральдық әуенде
жазылғанымен, кейбір авторлар айтып жүргендей, ол – құр үгіт пен
насихат айтатын этикалық-дидактикалық трактат емес,
философиялық шығарма. Онда адам өмірінің мәні мен мағынасы
талданады, адам баласының белгілі бір қоғамдағы атқаратын міндеті
мен мінез-құлқының нормалары айқындалады. Автор өзі өмір сүріп
отырған қоғамын мінеп, сынап отырудан қорықпайды, бірақ біздің
Абай сияқты ел билеуші қуларды жер-жебіріне жеткізе сынап, жан
түршігерлік уытты сөздердің қуатымен келекелемейді. Шығарманың
негізгі кейіпкерлерін таңдап алу әдісі де түркі халықтарының
эпикалық салты бойынша берілген: Күнтоғды («Күнтудың),
Айтолды («Айтолдың), Өгдүлміш («Мақтаулың), Одғұрмыш
(«Сергекң, [«Ояуң]). Оның ең басты идеясы төрт нәрсеге (принципке)
негізделген:
1. Тура заң. Оның бейнесі – Күнтоғды, патша.
2. Құт (Бақыт). Оның бейнесі – Айтолды, уәзір.
3. Ақыл. Оның бейнесі – Өгдүлміш, Айтолдының баласы.
4. Қанағат. Оның бейнесі – Одғұрмыш, уәзірдің туысқаны,
тақуа (дүниеден безіп, ел-жұрттан бөлек тұратын діншіл сопы,
бәрінен биік ақыл-білім иесі).
Дастанның ұзын-ырғасы осы төртеуінің бір-бірімен әңгімесұхбат құруы арқылы ұлан-ғайыр бай мемлекет пен өркениетті,
өскелең мәдениет деңгейіндегі тақырыптарға байланысты мәселелер
жайында пікір алысу болып табылады. Кітап сол кездегі әлеуметтікмәдени, этикалық әдет бойынша, ислам дінінің жалпы айтылған
қағидаларына шолу жасап, оларды түсіндіріп, уағыздап беруден
басталады. Алла тағаланың адам баласына әдейі арнап сыйлаған
тамаша тартуы есебінде Білім, Тіл және Жақсылық істер жайында
жеке-жеке тараулар жазады. Барлық адам баласының жетістігі
ретінде Білім деген қасиетті сөзді ол өз еңбегінің ұзақ-сонар өн
бойында ылғи өріп отырады:
«Құтадғу біліктіңң қазіргі дүниежүзілік түркологияда айналымға
түсіп жүрген үш түрлі қолжазбасы бар. Олардың бірі – Вена (Герат)
қолжазбасы. 1439 ж. ұйғыр жазуымен жазылған. Хасан Қара Са’ил
деген кісі жазған, оның қандай қолжазбадан көшіріп алғаны белгісіз.
285
Бұл дастанның толық түрі емес, көп бәйттер қосылмай түсіп қалған.
Автордың өз қолымен жазған түпнұсқасы (факсимилиесі) жоғалып
кеткен.
Екінші түрі – Каир жазбасы. Араб жазуымен берілген. Бұл да
толық емес, көп бәйттер түсіп қалған. Оның түпнұсқасы
(факсимилиесі) 1943 ж. Түркияда басылып шыққан.
Үшінші қолжазба «Наманған нұсқасың деп аталады, араб
жазуымен жазылған, 1943 ж. Түркияда басылған.
Каир нұсқасы мен Наманған нұсқасы өзара өте жақын, бір-біріне
ұқсас болып келеді, бірақ Наманған варианты барынша толық
дайындалған [5, 3–491]. Оны қазақ тіліне аударып бастырған – проф.
Ә. Құрышжанұлы.
Жүсіп Баласағұни дәуірінде, Қараханидтер заманында ұйғыр
жазуы мен араб жазуы қатар қолданылған. Ол уақыттың озық ойлы
ғұламасы, аса сауатты болған Жүсіптің қай жазуды қолданғаны
белгісіз, бірақ ол осы жазудың қай-қайсысы болса да, тіпті олардың
екеуімен де жаза беретін ақын болса керек. Дастанның екі түрлі
жазумен берілуі оның ел арасында көп тараған беделін көрсетеді.
ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИН
(1841–1889)
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушы
педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. 1841
жылы Қостанай облысының Қостанай ауданында туып өскен.
Жас кезінде әкесі қайтыс болып, Ыбырай атасы Балғожа бидің
тәрбиесінде жетіледі. 1850 жылы атасы Балғожа Ыбырайды Орынбор
қаласындағы қазақ балалары үшін арнайы ашылған жеті жылдық
мектепке оқуға береді. Бұл мектепте оқушылар үшін киім кию
үлгісінен бастап барлық жағдайлар дала өміріне бейімделген еді. Көп
уақыттарын таза ауада өткізіп гимнастикамен айналысқан. Оқу
бағдарламасында ана тілі, орыс тілі, татар тілі, арифметика,
геометрия, география секілді пәндер жүрді. 7 жыл бойы мектептің
берген білімімен шектеліп қалмаған зерек бала өз бетінше дүние жүзі
әдебиеті мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен
танысып, нәр алады. 1857 жылы мектепті бітірген Ыбырай 2 жыл
атасы Балғожа бидің хатшысы болады. Кейін Орынборға жұмыс
бабымен ауысқан Ыбырай 1860 жылы Орынбор бекінісінде
286
(Торғайда) қазақ балалары үшін мектеп ашу бұйрығын алып, сол
мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істейді.
Осылай Ыбырайдың ағартушылық-педагогикалық қиын да
қызық өмір жолы басталады. Қазақстанның бір түкпірінде мектеп
ашу оңай іс емес екенін түсінген Ыбырай жаңа жұмысына өте қызу
кірісті. Халықтан жинаған қаржыға мектеп салып, оқуға қазақ
балаларын үгіттеді. Ақыры мақсаты орындалып 1864 жылы 8
қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады,
мектепке 14 бала жазылады. Мектеп жанынан интернат та ашылады.
Оқушылардың барлығы интернатта тұрады. Сабақ кестесінде қазақ
тілі, орыс тілі, татар тілі, көркем жазу, арифметика, география
пәндері болды. Мектепте білім берумен қатар тәрбие мәселесі де
бірінші орында тұрды. Балаларға келешекте гуманист болып
қалыптассын деген ниетпен оларға адамгершілік, имандылық жайлы
көп айтылатын.
Ұстаздық-ағартушылық қызметімен қоса Ыбырайға басқа да
жұмыстарды атқаруға тура келді. Орынбор генерал-губернаторының
тікелей тапсыруы бойынша Торғайда 4 рет уездік судья (1868-1874),
Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876-1879) қызметтерін
атқарады. Ол сот бола жүріп қорғансыз, қарапайым қазақ халқына
көптеп көмек көрсетті. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң
оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып Елек, Қостанай,
Торғай, Ырғыз уездерінде екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады.
Сол жылдары Ы. Алтынсариннің тікелей ұйымдастыруымен жеті елді
мекенде қазақтың ер балалары мен қыз балалары бірге оқитын
мектеп-медреселер ашылды. Торғай, Жетіқара, Обаған, Қарабалық,
Жетікөл, Қостанай қалаларында 15 мектеп салдырды. Ол
мектептердің кітаптармен қамтамасыз етілуін қадағалайды. Елдің
көшпелі өмір салтын ескеріп, жаңа жүйеде білім беру тәсілін, жаңа
мектеп түрін ашуды ұсынады және қалыптастырады.
1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ
жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды.
Ыбырай Алтынсарин мектеп ашу және оны оқытушылармен
қамтамасыз ету ісіне үлкен мән берумен бірге, сол мұғалімдердің халжағдайына, тұрмысына да көп көңіл бөліп отырған. Себебі
«мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш
уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның
оқушылары да, оқытушылары да істен күдер үзіп кетедің деп
287
есептеді. Бұл училищелерде оқытушылармен қатар экономика, ауыл
шаруашылығы, қолөнер мамандары даярланды. Осы кездегі тарихи
мән-маңызы зор оқиға – қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда,
Қарабұтақта, Ақтөбеде ашылған мектеп-интернаттар болатын.
Бұрынғы білім беру тәсіліне, оқулықтарға көңілі толмай, мұның
бәрін уақыт талаптарына сай толыққанды білім беру емес, мағынасыз
уақыт өткізу деп түсінген Ыбырай жаңа оқулық жазуға кіріседі. Ескі
діни мектептердегі жаттатып оқыту әдісіне қарсы тұрып, оның
орнына пәндік оқытуды қолдады. Осылай 1879 ж. «Қазақ
хрестоматиясың атты оқулығы және «Қазақтарға орыс тілін
үйретудің бастауыш құралың атты дидактикалық оқу құралдары
жарық көреді. Бұл оқулықтарды қазақ балаларына түсінікті тілде
жазды және сабақтарын да ана тілінде жүргізді. Бұл кириллицамен
жазылған алғашқы еңбек болып есептеледі. Айта кететін жәйт,
«Қазақ хрестоматиясың 1896 ж. екінші рет араб әрпімен Қазан
қаласында «Мәктубатң деген атпен жарық көрді.
Ыбырай балаларға Еуропа үлгісінде білім берумен қатар, ғылым
мен техниканың әр саласынан, қолы бос уақыттарда дін тарихынан да
мағлұмат берді, сол кезде Ресейдегі тәртіп бойынша дін сабағы
оқытылатын. Ы. Алтынсарин де өз мектептеріне молдаларды
шақырған. Бірақ олардың біліміне көңілі толмай, «Шариятул-исламң
атты өз оқулығын жазады. Оқулықта Құран сөзін қазақшалап
түсіндіре алмайтын дүмше молдалардың сауатсыздығы сыналады.
Оқулық араб әрпімен Қазан қаласында 1884 жылы басылып шығады.
Ы. Алтынсарин поэзиялық шығармалары арқылы қазақ
жастарын өнер-білімге, техниканы игеруге шақырады, сөйтіп
өркениетті елдердің қатарына тезірек қосылуды армандады. Бұл
ойлары сол тұстағы Шығыс пен Батыстың ағартушылық, гуманистік
ой-пікірлерімен ұштасып жатқан еді. Ыбырай көшпелі қазақ елін
отырықшылыққа шақырды, егін егіп, бау-бақша өсіруге, қолөнер
үйренуге үндеді, орыс халқымен араласып, дос болып, орыстың тілін,
мәдениеті мен ғылымын үйренуге үгіттеді.«Өз елімізге қолдан
келгенше қызмет ету – біздің әрқайсысымыздың борышымызң, –
деген қағиданы жоғары ұстанған Ы. Алтынсарин ХІХ ғасырда
Қазақстан территориясында тұңғыш рет қазақ мектебін ашып, халық
болашағы үшін теңдесі жоқ елеулі еңбек етті. Қазіргі қазақ
этнопедагогикасының іргетасын қалыптастырды.
288
Демократ-ғалым, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин 1889
жылы 17 шілде күні Қостанай қаласынан үш шақырым жерде, Тобыл
өзенінің иіні, көл жағасындағы өз үйінде 48 жасында қайтыс болды.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845–1904)
Абай (Ибраһим) Құнанбаев қазіргі Семей облысы Абай
ауданында 1845 жылы туған. Ол – қазақтың реалистік бағыттағы
жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақын, ағартушы,
философ, композитор. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы
атасы Ырғызбай, түп бабасы Олжай батыр – бәрі де Арғын ішіндегі
Тобықты руының ел билеп, қол бастаған, билік айтқан атақты
адамдары болған. Әкесі Құнанбай төрт әйел алған, бәйбішесі
Күнкеден Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан),
Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла,
Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі
Нұрғанымнан ұрпақ қалмаған. Болашақ ақын ақыл мен мінезге бай
қазыналы аналары – әжесі Зере мен өз шешесі Ұлжанның тәрбиесімен
өсіп жетіледі.
Абай ең алғашқы білімді ауыл молдасы Ғабитханнан алады. Он
жасқа толған Абай Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл
оқиды. Медреседегі сабақ негізінен діни бағытта араб, парсы
тілдерінде жүргізілген. Талабы зор бала оқуға бар ықыласымен
беріліп, бірыңғай дін оқуына қанағаттанбай өз бетінше көп ізденіп,
білімін жетілдіре береді. Араб, парсы, шағатай тілдеріндегі көптеген
ертегі, дастан, қиссалармен танысып, шығыстың Низами, Науаи,
Сағди, Хафиз, Фузули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарын өзіне
ерекше жақын ұстаз тұтады. Абай медреседегі үшінші жылы
Семейдегі орыс мектебінен үш ай дәріс алады. Медреседегі үш жыл
мен “Приходская школадағы” үш айлық дәріспен Абайдың
мектептегі оқуы аяқталады. Сөйтіп, он үш-он төрт жастағы жас Абай
құлшына кіріскен оқуын әрі қарай жалғастыра алмай, әке талабымен
ел ісіне араласып кетеді. Ел ішінің әр түрлі ісіне араласа жүріп Абай
өмір шындығын жан-жақты әрі терең түсіне бастайды, өзіне өмірлік
тәжірибе жинайды. Ізгілікті оймен 1876–1878 жылдары Қоңыр-Көкше
еліне болыс та болып көреді. Ел ішіндегі етектен кейін тартқан
289
келеңсіз жайларды жиі көріп, өмірлік мұраты – әділет жолында
күресіп бағады.
Абайдан қалған мол рухани мұраны өлеңдері мен поэмалары,
аудармалары және ақынның өзіне ғана тән өзгеше жанрда жазылған
қарасөздері құрайды. Абайдың ақындықты зор өнер көріп, өлеңде
шынайы шығармалар жазуы 1882 жылдан басталады. Осы жылы
жазылған “Қансонарда бүркітші шығады аңға” өлеңі мен
Лермонтовтың “Бородино” өлеңінен жасалған аударма үзіндісінде
Абай көркемдік деңгейі мен шеберлік қабілеті біршама жетіліп,
қалыптасып қалған ақын ретінде танылады. Абай ендігі “ақындыққа
үлкен өрісті, әлеуметтік еңбек” деп қараған әдеби өмірінде реалистік
бағытты анық жол етіп алады. 1885 жылы жазылған “Жасымда
ғылым бар деп ескермедім” өлеңін ақындық жолындағы Абайдың
биік бір белесі деуге болады. Бұл шығармадан халық қамын ойлаған,
ағартушылықты жол етіп адамгершілікті насихаттаған ақынды
танимыз. Әлеуметтік сарын ақынның кейінгі жылдары жазылған
өлеңдерінде күшейе береді. Ақын әсіресе қоғам өміріндегі ілгері
басуға кері әсерін тигізетін түрлі сорақы мінездерге қатты шүйлігеді.
Ақын сынына бай, болыс, би, ел ішіндегі түрлі қу, пысық, старшын,
жалпы қанаушылар тобы ғана емес, көп ішіндегі еңбексіз күй кешкен
жалқаулар да аяусыз ұшырап, осы саладағы өлеңдерінен Абай адам
мінезі мен оның ішкі сырын шебер суреттеген психолог ақын ретінде
танылады.
Абай табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінде де үлкен
жетістікке жетіп, озық елдер әдебиеті деңгейіндегі мәдениетті ақын
биігінен көрінеді. Оның табиғат тақырыбындағы ең алғаш жазылған
“Жаз” өлеңі мен “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”, “Көлеңке
басын ұзартып” өлеңдері аралығында табиғаттың қалыпты көркі мен
қозғалыстағы жанды көрінісін адам көңіл-күйі, әрекетімен әдемі
ұштастырған эволюциялы өсу үстіндегі ақындық шеберлігі
байқалады. Абай табиғатты өз күйінде жалаң суреттемей, оған үлкен
әлеуметтік мазмұн мен өзіндік терең танымын қосып жырлайды.
Ақынның әлеуметтік әділетсіздік пен алалықты тануы өте астарлы
күйде келеді. Ақын танымы орта ғасырдағы әділетті әкімдер
бейнесімен қабысып, табысып жатады. Осы таным бойынша әділетті
әкім құт-береке, ізгіліктің басы болған. Қарапайым халықтың
адамдық қалыбын әкімдердің құлқы мен қылығы қалыптастырған.
Сонда халықты ізгі ету де, қиянатшыл қылмақ та әкімдерден екен.
290
Абай сырт қарағанда “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”
өлеңінде жалшыны қызмет етуге пейілсіз деп кінәлағандай көрінеді.
Ал шындығында мейірімсіз, қатігез байға қызметшісінің шын пейіл
көрсетпеуі әбден табиғи, қалыпты жағдай. Абай бұл өлеңінде бай мен
жалшыға таптық көзқараспен емес, адамгершілік тұрғысынан
қарайды. Байларды жанашыр, қамқор, мейірімді болуға
шақырады.“Жазғытұры” өлеңі де табиғат туралы айта келіп, терең
танымдар төркініне тарта береді. Ақын табиғаттың таңғажайып
суретін тәңірі ісі деп санайды да, иесінің шеберлігі мен шешіміне
тәнті болады.
Абай ендігі бір топ өлеңін жастарға арнап, өсер буынды оқу,
білім нәрінен сусындауға шақырады. Ақын өзінің әрбір ойын түпкі
мақсаты – адам болу, толық адам атты өзіндік танымымен
байланыстырады. “Ғылым таппай мақтанба” өлеңінде ақынның бұған
дейін айтылып келген адам болу жайындағы ойлары біршама
жүйеленіп, тиянақтала түседі. Абай жастарды өзі армандаған
адамгершілік қалыпта көргісі келеді. Ол адамдағы қиянатшылдық
қауіпті көп айтады. Ақын “әуелі көкіректі тазалау керек” дегенде,
адам ең алдымен осы қиянатшылдықтан аман болса екен дейді.
Абай бір топ өлеңдерінде ақындық өнер, оның әлеуметтік
тартыстың үлкен құралы болған зор мәні мен өлеңге қояр талабы
туралы сөз етеді. Абайдың жалпы поэзиясымен бірге “Өлең – сөздің
патшасы, сөз сарасы”, “Біреудің кісісі өлсе қаралы – ол”, “Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін”, “Адамның кейбір кездері” атты
ақындық пен ақындықтың міндеті туралы шығармалары қазақ
ұғымындағы өлеңнің қадір-қасиетін тым аспандатып, қадірлі,
тұғырлы күйге жеткізді. Ақынның “Көңіл құсы құйқылжыр”,
“Құлақтан кіріп бойды алар” өлеңдері қазақтың әні мен күйіне
арналған. Абай туған халқының әні мен күйін өзгеше ықыласпен
сүйеді. Сүйген көңілмен ән мен күйдің терең табиғатын танытады.
Абайдың поэма жанрында жазылған үш шығармасы бар, олар –
“Масғұт”, “Ескендір”, “Әзім”. Үшеуінің де негізгі мазмұны
шығыстық дастан, аңыздарының оқиғасына құрылған. Ақын бұл
поэмаларын да өзінің адамгершілік мұраттарын насихаттауға
пайдаланған. Мәселен, Масғұт Қыдыр шал ұсынатын үш жемістің
қызыл түсін таңдауы арқылы ақын танымындағы жүрек культінің
басым болған жағдайын ойға оралтады. Көбіне басқыншылық
әрекетімен батыр кейпінде көрінетін Ескендір де поэма соңында
291
кісілікпен ұштасқан өмір мәнін танығандай болады. “Әзім”– ақынның
аяқталмай қалған поэмасы.
Абай – орыс ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударуда
өнімді еңбек еткен ақын. Ақын аудармаларының жалпы саны
қырыққа жуық. Абай Лермонтовтың өз шығармалары мен оның
Байрон, Гете секілді Еуропа елдері классиктерінен алып аударған
өлеңдерін көбірек тәржімалаған. Абай Лермонтовтың жалпы саны
отызға жуық шығармасын қазақ тілінде еркін сөйлеткен. Абай
Пушкиннің “Евгений Онегин” романының махаббат сезімін
суреттеген тұстарын ғана жеті бөлек тақырыппен аударған. Абай
орыс өмірінің шындығы мен кісілік қасиет, мінез машықтары, сезім
тебіреністерін қазақ тұрмысы мен түсінігіне мейлінше жақын,
жанасымды етіп жырлаған. Ақын қазақ жасы мен жасамысына
өнегелі тәрбие беруді көздеген. М. Әуезов Абайдың Крыловтан
жасаған аудармалары ретінде бес мысалды атайды, олар: “Есек пен
бұлбұл ”, “Бүркіт пен қарға”, “Шегіртке мен құмырсқа”, “Түлкі мен
қарға”, “Піл мен қанден”.
Абай мұрасының қомақты бөлігін оның 1890–1898 жылдары
жазылған “Қара сөздері” құрайды. “Қара сөздердің” жалпы саны –
қырық алты. Өзге қара сөздерінен мазмұн, тақырып жөнінен қырық
алтыншы сөзі бөлектеніп тұрады. Мұнда қазақ халқының қайдан
шыққаны жөнінде ақынның зерттеушілік ой-пікірі айтылады. Абай
қара сөздерінің жалпы мазмұны оның адамгершілік мұраты мен
ұстаздық міндетінен туындаған бай поэзиясымен етене сабақтасып
жатады. Ақын қара сөздерінің негізгі мазмұны туған халқының
тұрмыс-тіршілігі мен рухани болмысынан бастау алып, көбіне
қауымын, елін түзеу, тәрбиелеу бағытындағы адамгершілік, мораль
мәселелеріне арналады.
Абай – қазақ әдебиеті мен поэзиясын жан-жақты жетілдіріп,
жаңа сапаға көтерген, ой-санада зор серпіліс жасаған жасампаз тұлға.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
(1858–1931)
Шәкәрім Құдайбердіұлы – жан-жақты дарын иесі, өз талантын
сан-салада таныта білген көрнекті қаламгер. Ол – лирик әрі эпик
ақын, шебер прозашы, орыс және шығыстың небір сөз зергерлерін
қазақ қауымына танытқан мықты аудармашы, қарапайым көп
292
ақынның бірі деуге келмейтін ойшыл, терең танымды суреткер, өз
тарапынан ән шығарған композитор. Құнанбайдың Күңке дейтін
бәйбішесінен жалғыз ұл Құдайберді туады. Шәкәрім – Құдайбердінің
бәйбішесі Дәметкеннен туған төрт ұлдың ең кенжесі, Құдайберді –
Абайдың ағасы, ал Шәкәрім – Абайдың немере інісі.
Шәкәрім 1858 жылы жаз мезгілінде (11 шілдеде) дүниеге келген.
Бес жасынан жетіге дейін ауыл оқуында болады. Шәкәрімнің оқуы
мен ізденісі көбіне өз бетінше жалғасқан. Ол ауылдан алыс кетіп,
арнайы оқу орнында оқымаған. Оның адамдық, азаматтық, хакімдік
болмысы Абай алдын көрген, ақыл-кеңесін алған мектебінен
қалыптасқан. Шәкәрім өлеңді жеті жасында жаза бастаған. Жас
шағында Шәкәрім өнердің әр түрінен хабары бар өнерпаз болғанға
ұқсайды. Домбыра, гармонь тартқан, мылтық алып аңшылық құрған,
сурет салуға да бейім болып, ғылымға да қызығушылығы ерте оянған.
Ақын қырық жасқа дейінгі өз өміріне көңілі толмайды. Надан
ортаның ықпалы басым болып, жуан шыққан тегіне сеніп, мансап
қуып, жеңіл оймен желігіп жүріп қалғанына өкінеді. Кейінгі өмірінде
ғылым ісіне бел шешіп белсене кіріседі. Шығыс тілдері мен орыс
тілін өз тіліндей еркін меңгеруге бар күшін салады. Ақын қырық
жасына әр нәрсеге де сынай қарайтын өзіндік көзқарасымен келеді.
Алғашқыда жастық, махаббат туралы өлеңдер жазса, ендігі ересек
тартқан жасында көбіне күйінішті күй кешкен халқының тағдырына
сарындас шығармалар бере бастайды. Шәкәрімнің жиырма жасынан
бастап 1904 жылға дейін жазған өлеңдері «Қазақ айнасың деген
тақырыппен 1912 жылы Семейде жеке кітап болып шығады.
Шәкәрім поэзиясында реалистік мазмұн басым. Ол шығыстың
классикалық поэзиясын еркін меңгеріп, оны қазақ өмірі мен ұғымына
мейлінше жақын етеді. Ақын поэзиясында мазмұндық салмағы әлсіз
әсіре сұлу сөз, шындыққа жанаса бермейтін жасанды теңеулер, көрер
көзге күңгірт ұғымдар жоқтың қасы. Шәкәрімді көп ақынның бірі
ретінде қабылдау мүмкін емес. Ол қай тақырыпты қозғаса да оның
терең мәнін танып, адам өмірі мен ішкі жан дүниесі, қазақ тұрмысы
мен әлем болмысына соншалық терең таным, талғаммен үңіліп, өз
обьектісіне адамзаттық ауқымдағы ойшылдық биігінен қарайды.
Шәкәрім таланты сан қырлы. Ол классикалық шығыс
поэзиясымен, орыс және Еуропа әдебиетінің озық үлгілерімен терең
таныс болған. Мұнымен қатар оның философия мен дін тарихына
қатысты еңбектерді де қадағалай оқығаны байқалады. Шәкәрімнің
293
дінге деген көзқарасы көпшілік ұғымымен қабыса бермейді. Ол
қашанғы әдетімен дінді де қатаң сын, ақыл көзімен өзінше ұғады.
Шәкәрім ортодоксальді дін ауқымындағы адам емес, ол ұстазы Абай
секілді бүкіл өмірі мен үздіксіз ізденісі барысында дінді адамгершілік
жағынан жетілу мен ар іліміне пайдаланған. Толстойшылдық
идеясына біржола берілген ақын өмірден баз кешіп, өз өмірінде 1910–
1911 және отызыншы жылдары екі рет елден аулақ кетіп,
Шыңғыстаудың күнгей сыртындағы Шақпақ дейтін жерде таза әдеби
қызметпен ғана айналысып, қысы-жазы жападан-жалғыз өмір сүрген.
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» – Шәкәрімнің
жарық көрген тұңғыш еңбегі. Ол 1911 жылы Орынборда жарық
көрген. Шәкәрім бұл шежіресін жазу үшін он тоғыз жасынан дерек
жинай бастаған. Шежірені жазуды Шәкәрімге Абай кеңес еткен.
Ақын өзіне қажетті мәліметтерді шығыс елдері мен Еуропа
оқымыстылары жєне жазушыларыныњ сөзінен ұзақ жылдар іздейді.
1898 жылдан бастап, отыз жылдай ізденіп, жиған-терген ойқазынасын әбден қорытып, нәтижесінде терең танымды шығармасын
«Үш анықты» 1928 жылы ғана аяќтаѓан. Шәкәрім ыждаһатты
еңбегінің арқасынды түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік білген.
Осы тілдердегі классикалық шығармаларды түпнұсқасы бойынша
қазақ тіліне емін-еркін аударған. Ол 1907 жылы Єзірбайжанның ұлы
ақыны Фузулидің әлемге әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» (1537) поэмасын
қазақ тіліне еркін аударып, онысы М. Әуезовтің тапсыруымен
тұңғыш рет «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы сандарында
жарық көреді. «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын С. Сейфуллин 1935 жылы
жеке кітап етіп бастырып шығарады. Ақынның А. С. Пушкиннен
1908 жылы өлеңмен аударған «Дубровский әңгімесі» атты
шығармасы 1924 жылы жарық көреді. Шәкәрім А. С. Пушкиннің
«Метель» атты әңгімесін де «Боран» деген атпен өлең түрінде
аударған. Ол 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналында
жарияланады. Ақын Қожа Хафиздің парсы тіліндегі терең сырлы
лирикасынан 300 жолдайын қазақ тілінде сөйлеткен. Аударма ісіне
өте жауапты қараған Шәкәрім осы салада өмір бойы үзбей еңбек
еткен.
Шәкәрім Құдайбердіұлының осындай сан-салалы мол мұрасы
бүгінде еліміздің рухани азығына айналып отыр. Ол ХІХ ғасыр мен
ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиеті тарихынан үлкен
орын алады.
294
М.Ж. Көпеев дүниетанымы
Мәшһүр-Жүсіп еңбегі ұзақ жылдар бойы қалтарыста келді.
Кеңес үкіметінің қатаң қадағалау астына алуының өзіндік
дәйектемесі де жоқ емес еді. Себебі сол уақыттағы пралитариаттық
қоғам құру жолындағы үкіметке қандай да бір халықтық
құндылықтың қажеті шамалы болатын. Ал, Мәшһүр бала жастан ұлт
құндылықтарын асқан зеректікпен бойына дарытқан, нағыз құйма
құлақтың өзітін. Мәшһүр өз балалық шағы жайындағы естелік
өлеңдерінде шар кітабын, (арабша шарх-түсіндірме) наху кітабын,
(арап тілінің граматикасы) фиқх – құқықтану, мұхтасар сияқты т.б.
кітаптарды мән мағынасымен өзгелерден бұрын меңгеретіндігін
өзіндік хиқаятпен жеткізсе, «Ер Тарғынң, «Қозы Көрпешң жырларын
Мұса Шорманұлы алдында жырлауын «Мәшһүр» атын қосақтауға
байланысты өлеңдерінде айтып өтеді. Бала жасынан қазақ
мәдениетіне деген ықыластығын аңғару қиын емес. Бұдан
байқағанымыз Мәшһүр еңбектерінің бүгінгі күнге дейінгі мекені
архив сөрелері болғандығына үш бірдей себеп бар деп тұжырым
жасаймыз: біріншісі, жоғарыдағы кітаптар негізіндегі ислам діні.
Ислами түсініктегі Мәшһүрдің атына, жаңа қоғамдық қатынаста
(кеңестік) керітартпа, панисламист, мракабест деген «таңбалы мөрң
басылуы еді. Екіншісі, ұлт діңгегі – тарихи жады. Мәшһүр қағазға
түсірген әдебиет, тарих, мәдениет жауһарлары. Яғни, кеңестік
үкіметтің өресі бойынша, Мәшһүрмен бірге небір ұлт саңылақтары
бірге көмілу керек еді. Өйткені олар туралы, олардың кайраткерлігін,
ескірмес даналық нақыл сөздерін алғашқылардың бірі болып,
Мәшһүр қағазға түсірген болатын. Үшіншісі, 1907 жылы шыққан
антиотарлық үш бірдей кітап. Бұл кітаптардың жарыққа шығу тарихы
өз алдына бөлек мақаланың өзегі. Біздің айтпағымыз осы жағдайдан
кейінгі Мәшһүрдің жай-күйі.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев (1858-1931) бес жасында сауатын ауыл
молласынан дәріс тыңдау арқылы ашады. Оның өмірлік
көзқарасының қалыптасуына мұрындық болған алғашқы
ұстаздарының ішінде Камарадин атты қазіреттің есімі ерекше
аталады
Мәшһүр дүниетанымының қалыптасу бастауында рухани
ұстаздарының үлесі орасан. Жастайынан алған білім нәрі МәшһүрЖүсіп Көпеевті қазақ даласына кең тараған Қ. А. Ясауи жолы мен
оның шәкірті, кейін өзіндік сопылық жолы мен белгілі болған.
295
Ғасырлармен өлшенетін ислам ғылымының нәрін шашқан Көкілташ
медіресесі. Кейін бұл медреседе Мәшһүр бабамыз да білім алған. Бұл
медіресенің қазақ даласындағы сауаттылықты насихаттауындағы
үлес-салмағы айтарлықтай болғанын мына бір деректерден байқауға
болады. Халел Досмұхамедұлының «Аламанң атты еңбегінде
«Бұхарадағы Көкілташ медресесінің салынуы туралы әпсана» деп
атап, Көкілташ медресесін салдырған қазақ азаматы екен деп, ел
аузындағы әңгімені талдайды [4]. Бұл әпсанаға баланған әңгіменің
басты кейіпкері Көге деген адам. Ол уақытта өзбек хандығына
бағынған қазақ жұртын кәпір атап, құлдыққа сатуға шешім қабылдар
алдында қалың қазақтың арасынан Бұхараға барып, көшпелі қазақ
жұрты кәпір еместігін, оларды құлдыққа сатуға болмайтындығын хан
алдында дәлдеуге барды делінеді. Осы сапарда қазақ халықының
мұсылмандығымен қоса, мешіт тұрғызып, өзінің тақуалығына дүйім
жұртты тәнті етті дейді. «Шаһар халқы жаңа мешітті көріп таң
қалысады, бүкіл Бұхарада нағыз тақуа адам Көге болғандықтан, бұл
мешітті оның атымен Көгетас, яки Көгенің құрылысы деп атай
бастайды, бұл атау бірте-бірте қазіргі Көкілташ қалпына ауысады»-
деп келеді аңызда[4, 46]. Ал Мәшһүр-Жүсіп вариантында Көкілташ
ұғымын орта жүз руларының біріне атау болған Арғын атымен
сабақтастырады: «Бұрыннан құлақта бар сөз еді: «Бұхарай-Шәріпте
Көкілташ медресесін Ғабдолла ханның оң қол уәзірі салдырғаны,
түбі-тегі Арғын екені - деуші еді... Сол оң қол уәзірі Арғын
бабамыздың өзі болып шықты. «Көкілташ» атанғаны Ғабдолла хан
мен екеуі бір күнде туып, екеуін Арғынды тапқан қатын емізіп, оң
емшегін аузына салып отырып:
- Бірінің аты - «Ханбабаң, бірінің аты- «Құлбабаң болсын!-депті.
Ханбаба хан болған соң: «Насыралдин Әбузахар Ғабдолла хан»-
деп, теңге соқтырып, таңба бастырыпты. Құлбабаны «Көкілташ»
атапты. Ол сөздің мәнісі: «екеуміз бір емшектен сүт еміскен едік»,-
дегені екен [5]. Көкілташ атауының «сүттес», «емшектес» туысқан
дегенді Қондыбай Серікбол «Арғықазақ мифологиясы» деген
еңбегінде де қуаттап, М. Х. Дулаттың «Тарихи-и-Рашиди» еңбегіне
сілтеме жасайды.
Мәшһүр дәуірі басқаша көзқарасты талап етті. Бұл көзқарас,
заман - «білекті бірді, білімді мыңды жығады» принципіне
негізделген болатын. Ендігі таңда орыс бодандығынан білім арқылы
шығудың амалдары қарастырыла бастағандай. Бұған себеп,
296
Қарқаралыда Құнанбай қажының, (1851) Баянауылда Мұса мырзаның
(1861) мешіт-медіресе салуы көп сырды аңғартатынға ұқсайды.
Өйткені, дүркін-дүркін бой көтерген ұлт азаттық көтерілістердің тас
қамалдай болып қаруланған патша әскеріне айбалта, шоқпар арқылы
қарсылық көрсетуі заманның прогриссивті алға жылжуын
мойындағысы келмесе де мойындатарлықтай көріністер еді. 1916
жылы 18 бен 31 ді әскерге шақыру саясатына наразы, бір топ
Баянаула жастары көтерілсе керек. Оның ішінде Мәшһүрдің ортаншы
ұлы Мұхамед Әменде бар, Мәшһүрден бата алмақшы болғанда, оң
қабақ танытпауы заманның өзге қырынан келгендігін ескеретінін
аңғару қиын емес. Айта кететін жайт, ел ішінде Мәшһүр-Жүсіп
Абайға әлде қандай саясатқа байланысты құпия хат жазыпты-мыс
деген әңгіме кездеседі. Тіпті бұл жайында Р. Тоқтаров «Абайдың
жұмбағың деген тарихи-көркем шығармасында Көкшетаудың қазағы
дін туралы жазғанын, сол себепті Абай үйінде тінту жүргенін айтады.
Сөйте отыра, автор Қосшығүл есімді кейіпкерін «Нұрсипат» атты
Мәшһүр-Жүсіп, Әлихан Бөкейхан, Мағауияға арнаған тарауында
бейнелейді. Бұл ақиқатында осылай ма, әлде кездейсоқтық па?
Мәшһүр-Жүсіптің нақышбандия тарихатымен байланысын жоғарыда
айтық. Ал, нақышбандишылар әу бастан орыстың отарлау саясатына
тікелей қарсы іс-әрекеттер жасаған дейді теолог ғалым Д. Кенжетай.
Сондықтан да отарлаушы тарапынан «бандит» деген ұғым «бандия»
сөз тіркесінен пайда болған дейді. Бұл тұжырымның негізі барға
ұқсайды. 1918-жылдары орыс экспедициясы Бұхараға қарай шығады
дегенді естіген жұрт Көкелташ медресесін өртеп, барлық әдебиет
атаулысын орыстың қолы жетпес мұсылман елдерінің тереңіне алып
кеткен деген де сөз бар. Бұдан шығатын қорытынды Мәшһүрдің
«Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Хал-ахуал», «Тірлікте көп
жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітаптарының 1907
жылы шығуының мәнін және жарияланған өлеңдерінің мазмұнынан
әділетсіздікке қарсылықтың негізін көреміз. Сондай-ақ бұл еңбектер
«қамауға алынғандығынң, Ақынның ел ішінде өзін «Мүсәпір» атап
қара тізімге іліккендігін айтуға болады. Бұдан шығатын қортынды
жалаң қол, көзсіз ерлікке баруды заман талабы көтермейтінін
Мәшһүр жан-дүниесімен ұққандай. Қалай болғанда да Мәшһүр,
ғылым-білім мәселесінде батыстық материалдық құндылықтарға
бағытталған білімнен гөрі, адамшылық нормаларға негізделген
ғылым білімінің жолын ұсынады.
297
Әдебиеттер тізімі
1. Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы.
2010.
2. Тұрғанбаев Т. Философия. А, 2008.
3. Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және
мәдениеттану. А, 2010.
4. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының белестері. –
Алматы, 1994.
5. Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.
6. Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәріскер курсы. –
Алматы, 1992.
7. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.
8. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. А., 1996.
9. Аль-Фараби. Философские трактаты. А.,1970 10. Абай Кунанбаев. Қара сөздері. А.,2003
11. Акатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов.
А.,1993
12. Бельгер Г. К. Гете и Абай. А. 1989
13. Введение в философию. Под ред. Фролова И. Т. М.,2005
14. Гумилев Л. Н. Из истории Евразии. М.,1993.
15. Кишибеков Д. К. Философия истории и история философии.
А., 2003.
16. Сергейчик Е. М. Философия истории. С.-П.,2002.
17. Сегизбаев О.А. Казахская философия ХV- начала ХХ века.
А.,1996.
18. Назарбаев Н. Қазақстан – 2050. Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А.,2012.
19. Нысанбаев А. Казахстан. Демократия. Духовное обновление.
А.,1999.
Қосымша әдебиеттер
1.Ұмытылмас есімдер. Ұлы ғалымдар өмірінен (ХV–ХХ
ғасырлар). А., Қазақстанң, 1994.
2.Қазақ халқының философиялық мұрасы: жиырма томдық. –
Астана: Аударма. - 2006
3.Бес арыс. Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар.
Құрастырған Әшімханов Д. А., 1992, 10–126-б.
298
4. Кенжетай Д. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы.-Түркістан,
2004. (Монография) 341 бет.
5.Абу Али Ибн Сино. Канон врачебной науки. Т. І, Ташкент,
1996.
6.Әбу Әли ибн Сина // Сөнбес жұлдыздар. А., 1989. 161–172-б.
7. Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. А., 1988.
8. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясың. А.,
Білім, 2003.
9. Ыбырай Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары. А., Ғылым,
1994.
10. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі
томдық толық жинағы. – Алматы. Жазушы. 2005.-296б.
299
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................... 3
Глоссарий ..................................................................................................................... 4
А модулі. Философия пәні және оның тарихи дамуы. ............................................ 7
Философия- дүние танымның теориялық негізі. ..................................................... 7
Философия пәні және оның қоғамдағы орны......................................................... 11
Ежелгі Үнді философиясы........................................................................................ 15
Ежелгі Қытай философиясы..................................................................................... 22
Антик заманының философиясы............................................................................. 29
Ортағасырлық Батыс Еуропалық философия......................................................... 40
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы....................................................................... 43
Жаңа заман философиясы ........................................................................................ 48
Ағартушылық философиясы және француз материализмі................................... 55
Классикалық неміс философиясы............................................................................ 60
Марксизм философиясының туылуы және дамуы ................................................ 67
Орыс философиясының ерекшеліктері................................................................... 72
XX – ғасыр философиясы......................................................................................... 78
Б-модулі. Қазақ философиясы. ................................................................................ 83
Мұсылман әлемінің философиясы .......................................................................... 83
Қазақ философиясындағы дәстүр мен жаңашылдық. ........................................... 95
ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниеге көзқарасы.............................. 100
Абайдың қара сөздері.............................................................................................. 105
XX ғасыр басындағы қоғамдық-саяси ой пікір.................................................... 110
Қазақ этикасының ерекшеліктері .......................................................................... 114
В-модулі. Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері. ................................ 119
Болмыстың философиялық ұғымы........................................................................ 119
Болмыстың негізгі түрлері. .................................................................................... 122
Материя ұғымының философиялық мәні. ............................................................ 126
Материяның өмір суру тәсілдері мен формалары. .............................................. 131
Сананың философиялық проблемалары. .............................................................. 136
Сана және тіл, олардың шығуы және өзара байланысы...................................... 139
Қоғамдық сана және оның формалары ................................................................. 142
Дамудың философиялық теориясы. ...................................................................... 145
Диалектиканың заңдары. ........................................................................................ 147
Диалектиканың категориялары туралы түсінік. .................................................. 151
Таным процесінің диалектикасы. .......................................................................... 160
Практика - танымның негізі және мақсаты. ......................................................... 163
Философия тарихындағы адам проблемасы......................................................... 167
Г модулі. Әлеуметтік философия .......................................................................... 172
Табиғат пен қоғамның бірлігі мен байланысы..................................................... 172
Қоғам туралы философиялық түсінік. .................................................................. 175
Прогресс және қоғамдық прогрестің тарихи типтері. ......................................... 179
Мәдениет және өркениеттілік. ............................................................................... 185
Құндылықтар философиясы................................................................................... 192
300
Жеке адам және еркіндік ........................................................................................ 195
Медицина этикасы................................................................................................... 200
Құқық философиясы. .............................................................................................. 207
Қазіргі таңдағы глобалдық проблемалар мен әлеуметтік болжамдар ............... 212
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ РЕФЕРАТ ЖӘНЕ ПІКІРСАЙЫС
ЖҰМЫСЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР. ..... 217
Қысқаша тест тапсырмалары ................................................................................. 270
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР.............................................................................. 272
Әдебиеттер тізімі..................................................................................................... 297
301
Қазақбаева Ж. Р.
ФИЛОСОФИЯ НЕГІЗДЕРІ
Пішімі 60х80/16. Қағазы офсеттік.
Шартты баспа табағы 18,88. Көлемі 302бет.
Таралымы 500 дана.
ЖК «АҚНҰР баспасы», 100017
ҚР, Қарағанды қаласы, Мұстафин к-сі 1/2

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет