Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 шілдеде № 7058 тіркелді
Ескерту. Бүкіл мәтін жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Р.Ө. Әдимолда) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Б. Камалиев
Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникация министрiнiң
2011 жылғы 13 маусымдағы
№ 362 бұйрығымен
Бекiтiлген
Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға
қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi – Бiлiктiлiк талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл), Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын iс-тәжiрибесiне сәйкес әзiрлендi. (1-қосымша «Авиациялық персоналға куәлiктер беру»).
2. Осы бiлiктiлiк талаптары мынадай авиация персоналына қойылатын талаптарды айқындайды:
әуесқой пилот (ұшақ, тiкұшақ);
коммерциялық пилот (ұшақ, тiкұшақ);
желiлiк пилот (ұшақ, тiкұшақ);
аса жеңiл авиация пилоты;
штурман;
бортрадист;
бортинженер (бортмеханик);
борт жолсерiк;
бортоператор;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маман (инженер/техник/механик);
ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер;
әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерi (бұдан әрi - ӘҚҚК диспетчерi);
аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi маман (техник/механик).
3. Әуе кемелерi экипажы мүшесiнiң, әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi маманның және ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi маманның, азаматтық авиация ӘҚҚ диспетчерiнiң функцияларын орындауды осы бiлiктiлiк талаптарының талаптарын қанағаттандыратын және бiлiктiлiк белгiлерiне сәйкес қолданыстағы куәлiгi бар адам жүзеге асырады. Құжаттар және жазбалар қамтылған, осы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын жеке iстерi пайдаланушыда және уәкiлеттi органда сақталады, және авиациялық персонал куәлiгiнiң қолданыс мерзiмi аяқталғаннан бастап 5 жыл өткен соң уәкiлеттi органның мұрағатына тапсырылады.
Терминдер мен анықтамалар
4. Осы Бiлiктiлiк талаптарында пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) адамның мүмкiндiктерi – авиациялық қызмет қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiне әсер ететiн адамның қабiлеттерi мен оның мүмкiндiктерiнiң шектерi;
2) әуе кемелерiнiң түрi – белгiленген негiзгi сипаттамаларының негiзiнде әуе кемелерiнiң сыныптамасы (ұшақ, планер, тiкұшақ, еркiн аэростат);
3) бақылаудағы әуе кемесiнiң командирi - әуе кемесi командирiнiң бақылауымен әуе кемесi командирiнiң мiндеттерi мен функцияларын орындайтын екiншi пилот;
4) борттағы электрондық жабдық - әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған оның электр бөлiгiн қоса алғанда, кез келген электрондық қондырғы, оның iшiнде радио жабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесi және аспапты жабдық;
5) бiлiктiлiк белгiсi – куәлiкте жасалған немесе оған қатысы бар және оның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiледi;
6) дербес ауаға көтерiлу – курсант пилот әуе кемесiнiң бортында жалғыз адам болып табылатын ұшу уақыты;
7) дирижабль – күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлетiн ауадан жеңiл ұшу аппараты;
8) қателердi бақылау – қателердi табу және оларға бақылап өлшегіштің көмегiмен ден қою процесi, олар қателердi азайтады немесе салдарын жояды және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетедi;
9) қауiп-қатер – пайдалану персоналы мүшесiнiң құзыретi саласынан тыс болатын оқиғалар немесе қателер, пайдалану күрделiлiгiн арттырады және оларды қауiпсiздiктiң шектi деңгейiн ұстап тұру үшiн басқару қажет;
10) қауiп-қатер факторларын бақылау – бақылап өлшегiш көмегiмен қауiп-қатерлердi анықтау және оларға ден қою процесi, олар қауiп-қатерлердi азайтады немесе салдарын жояды және қателердiң немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетедi;
11) медициналық қорытынды – оның иесiнiң денсаулығының жағдайы бойынша жарамдылыққа қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжат;
12) планердiң ұшу уақыты – әуелеп ұшу кезiнде және ұшу аяқталғаннан кейiн ол тоқтаған сәтке дейiн планердiң қозғалысы басталған сәттен бастап жетекте немесе жетексiз ұшудағы жалпы уақыт;
13) планер – күш қондырғысымен қозғалысқа келтiрiлмейтiн ауадан ауыр әуе кемесi, оның көтеру күшi негiзiнен ұшудың осы шарттарында қозғалыссыз қалатын үстiңгi қабаттардағы аэродинамикалық жанасу есебiнен құралады;
14) аспаптар бойынша жердегi жаттығу уақыты – куәлiктердi беру жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғысында ұшқыш жерде аспаптар бойынша ұшуды айнытпай көрсетуді пысықтайтын уақыт;
15) аспаптар бойынша ұшу уақыты (шабуыл) – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша әуе кемесiн басқаратын уақыт;
16) аспаптық уақыт – аспаптар бойынша ұшу уақыты немесе аспаптар бойынша жер үстiнде жаттығу уақыты;
17) тiкұшақ – ұшуда негiзiнен шамамен тiк қалыпта болатын бiлiктер айналасында күш қондырғысымен айналатын бiр немесе бiрнеше көтергiш бұрандалармен ауаның әрекеті есебiнен ұсталатын ауадан ауыр әуе кемесi;
18) ұшу шеберлiгi – ұшу мақсаттарын орындау үшiн бiлiмдi, дағдылар мен шеберлiктердi пайдалана отырып, үнемi дұрыс шешiм қабылдау;
19) ұшу экипажының мүшесi – авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар, ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқаруға байланысты мiндеттер жүктелген тұлға;
20) ұшуды айнытпай көрсететін тренажер қондырғы (тренажер) – қондырғылардың үш түрiнiң кез келгенi, оның көмегiмен жерде ұшу шарттары айнытпай көрсетіледі:
механикалық, электр, электронды және тағы басқа борттық басқару жүйелерiнің нақты функцияларын айнытпай көрсетуге мүмкіндік беретін әуе кемесінің белгілі бір түрінің экипажы кабинасын, осы типті әуе кемесінің ұшу экипажы мүшелері үшін әдеттегідей жағдайын және ұшу сипаттамаларын дәл келтіретін тренажер;
экипаж кабинасындағы ахуалды нақты iске қосуды қамтамасыз ететін және аспаптардың көрсеткiштерiн, механикалық, электр, электрондық және басқа борт жүйелерiнiң қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгiлi бiр сыныптағы әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларын айнытпай көрсететін техникалық елiктеудi пысықтауға арналған тренажер;
аспаптар бойынша ұшуға негiзгi дайындыққа арналған тренажер, ол тиiстi аспаптармен жабдықталған және ұшу уақытында аспаптар бойынша әуе кемесiнiң ұшуына ұқсас жағдайды экипаж кабинасында айнытпай көрсетеді.
3. Әуесқой пилотқа (ұшақ, тiкұшақ) қойылатын біліктілік талаптары
5. Әуесқой пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
1) жасы 17-ден асады;
2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
ұшуды орындауға қатысты бөлігінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
ұшу негiздерi;
әуе кемесiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерi конструкциясын жалпы бiлу;
күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс iстеу қағидаттары;
әуе кемелерiнiң және олардың күш қондырғыларының тиiстi түрiнiң пайдалану шектеулерi;
ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерi;
жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
даярлығы және шолып ұшу, ұшу жоспарларын дайындау және толтыру ережелерi бойынша ұшуларды орындау кезiнде маршрут бойынша ұшу алды дайындық және ұшуды жоспарлау;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулық» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, қарқынды әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкiндiктерi;
авиациялық метеорологиялық жиынтықтауларды, карталар мен болжамдарды, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбiн, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбiн түсiну және қолдану;
аэронавигацияның (ұшақты жүргiзу) iс жүзiндегi аспектiлерiн және және жолды есептеудiң әдiстерi, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
қауiптi метеожағдайларды, әуе кемесiнен шатасу iзiндегi турбуленттiктен және басқа да ұшу үшiн қауiптi құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын iс-әрекеттердi қоса алғанда, апатты жағдайдағы алдын алудың тиiстi шаралары мен iс-қимылдар;
тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақауы, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары;
шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс iстен шыққан кезде iс-қимылдар жүргiзу;
3) әуе кемесiнiң командирi ретiнде тиiстi ұшу және маневрлер түрлерiн орындау қабілеті, сондай-ақ:
қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
шектелген сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
ұшуда уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
аэронавигация (ұшақ жүргiзу) саласында бiлiмдi қолдануды;
ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білу;
4) екiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
6. Әуесқой пилот коммерциялық авиацияға қатыспайтын тиiстi түрдегi және үлгiдегi әуе кемесi командирiнiң немесе екiншi пилотының функцияларын жүзеге асырады. Әуесқой пилот ұшуды орындайтын әуе кемесiне жедел қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
7. Түнгi уақытта ұшуды жүзеге асыру үшiн куәлiк алуға үміткер ұшуды, қонуды және навигацияны (ұшақты жүргiзудi) қоса алғанда, түнгi уақытта ұшуды орындау бойынша нұсқаушы пилотпен қосарлы басқара отырып, тиiстi түрдегi әуе кемесiнде оқытудан өтеді.
8. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiн алуға үмiткердің:
1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында ұшақта кемiнде 40 сағат (бұдан әрi - с) ұшуы;
2) сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшу маршрут бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, бұл ретте екi әртүрлi әуеайлақта толық тоқтағанға дейiн қона отырып, ұзақтығы кемiнде 270 км маршрут бойынша бiр ұшуы;
3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда, 3 с ұшуы болуы тиіс.
Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептелуi мүмкiн.
9. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар әуесқой пилот куәлiгiне үмiткердің:
1) тренажерде 5 сағаттан астам ұшу ескерiлетiн тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында тiкұшақта кемiнде 40 с ұшуы;
2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұратылатын бiлiктiлiк белгiсiне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемiнде 10 с дербес ұшуы, оған екi түрлi пунктте қона отырып, ұзақтығы кемiнде 180 км бағыт бойынша кемiнде бiр ұшу кiредi;
3) аспаптар бойынша кемiнде 1 с ұшуы;
4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, ӘКК мiндеттерiн түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы болуы тиіс. Жалпы ұшуға дирижабльден басқа, әуе кемелерiндегi, бiрақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептеледi.
4. Коммерциялық пилот куәлiгiн алушыға қойылатын талаптар
10. Коммерциялық пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
1) жасы 18-ден асқан;
2) мынадай салаларда бiлiмi болуы тиіс:
ұшуды орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
ұшу негiздерi;
әуе кемелерiнiң тиiстi түрiне қолданылатын әуе кемелерiнiң конструкцияларын жалпы бiлу;
күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және олардың жұмыс iстеу қағидаттары;
әуе кемелерiнiң тиiстi түрiнiң және олардың күш қондырғыларының пайдалану шектеулерi;
ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе соған ұқсас құжаттан пайдалану деректерi;
жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерiн орындауға әсер етуi;
пайдалану құжаттамасында берiлген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды iс жүзiнде қолдану;
жабдықтың және әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiнiң жүйелерiн пайдалану және жарамдылығын тексеру;
планерге, әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiнiң жүйелерiне және күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
ұшу алды даярлығы және шолып ұшу ережелерi бойынша ұшуды орындау кезiндегі маршрут бойынша ұшуды жоспарлау, ұшу жоспарларын даярлау және толтыру;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген "Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық" (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), орналасқан орын туралы жеткiзiлiмдер тәртiбi, үдемелi әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуды орындау;
қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi;
авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртiбi, биiктiктi, қауiптi метеорологиялық жағдайларды, биiктiктi өлшегiштердi орнату тәртiбi;
авиациялық метрология, тиiстi аудандардың климатологиясы және оның авиацияға әсерi, төмен және жоғары қысым аумақтарын, атмосфералы ағындардың құрылымдарын араластыру, маршрут бойынша ұшу, көтерiлiп ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
мұз басуды себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
аэронавигациялық карталарды, аспаптар мен навигациялық құралдарды пайдалануды, тиiстi навигациялық жүйелердiң, борттық жабдық жұмыстарының қағидаттары мен сипаттамаларын түсiну;
пайдалану жағдайындағы қауiп-қатерлер мен қателердiң факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
аэронавигациялық ақпаратты пайдалану, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсiну;
авариялық жағдайдағы сақтық шаралары және iс-қимылдар;
жүктердi тасымалдаудың, қауiптi жүктердi тасымалдаудың әлеуеттi тәуекелдерiнiң пайдалану ережелерi;
әуе кемесiне отыру және одан түсу кезiндегі сақтық шараларын қоса алғанда, қауiпсiздiк мәселелерi бойынша жолаушыларға нұсқама беру талаптары мен iс-тәжiрибесi;
тiкұшақтар – жүктердiң сыртқы аспаға әсер етуi;
тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалақтағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып ұшу метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ережелерi;
байланыс iстен шыққан кезде шолып ұшу ережелерi бойынша ұшулар кезiнде байланыс және фразеология жүргiзу;
3) ӘКК ретiнде көрсетiлген схемалар мен маневрлердiң тиiстi түрiн орындау қабiлетi, сондай-ақ:
қауiп-қатерлер мен қателер факторларын танып-бiлу және бақылауды;
шектелген ұшу-техникалық сипаттамалар шегiнде әуе кемесiн басқаруды;
барлық маневрлердi бiртiндеп және дәл орындауды;
уақтылы шешiмдер қабылдай бiлу және ұшуда бақылау мен байқауды бiлiктi жүзеге асыруды;
аэронавигация саласында (ұшақ жүргiзу) бiлiмдi қолдануды;
ұшудың немесе маневр схемасын дәл орындауды қамтамасыз ететіндей әуе кемесiн басқаруды тұрақты жүзеге асыруды білуі;
4) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
11. Коммерциялық пилот куәлiкте тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде:
тиiстi түрдегi әуе кемесiнiң әуесқой пилот куәлiгiнiң иесiнің;
коммерциялық тасымалдауларға байланысты емес ұшулар кезiнде тиiстi түрдегi ӘКК-нің;
бiр пилотпен ұшуға арнап сертификатталған коммерциялық әуе тасымалдары кезiнде тиiстi түрдегi ӘКК-нің;
он пайдалану үшiн екiншi пилоттың болуы талап етiлетiн тиiстi түрдегi әуе кемесiндегi екiншi ұшқыштың функцияларын жүзеге асырады.
12. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар коммерциялық пилот куәлiгiн алуға үміткердің иесi ұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемiнде 150 с ұшуы болады, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерiлу есептеледi.
13. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар коммерциялық пилот куәлiгiн алуға үмiткердің тiкұшақтың пилоты ретiнде бекiтiлген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемiнде 100 с ұшуы болады, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерiлу есептеледi.
5. Желiлiк пилотқа қойылатын талаптар
14. Желiлiк пилот куәлiгiн алушы үмiткерге мынадай бiлiктiлiк талаптары қойылады:
1) жасы 21-ден асқан;
2) мынадай салаларда бiлiмi болуы:
ұшуды орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
әуе қозғалысына қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықтар;
ұшу негiздерi;
электр, гидравликалық жүйелердiң, үрлеу жүйесiнiң және әуе кемесiнiң басқа жүйелерiнiң, автоұшқышты қоса алғанда, ұшуды басқару жүйесiнiң жалпы сипаттамалары мен шектеулерi;
жұмыс қағидаттары, әуе кемелерiнiң күш қондырғыларын пайдалану және шектеу, атмосфералық жағдайлардың ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректерiне сәйкес келетiн қозғалтқыштар сипаттамасына әсер ету ережелерi;
әуе кемелерiнiң тиiстi түрлерiн пайдалану және шектеу, ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан тиiстi пайдалану деректерiне сәйкес атмосфералық жағдайлардың әуе кемелерiнiң ұшу-техникалық сипаттамаларына әсер етуi;
тиiстi әуе кемелерi жүйелерi жабдығын пайдалану және iстен шығуын тексеру;
пилотаждық аспаптар, компастар; гироскопиялық аспаптар, пайдалану шектеулерi мен және прецессияның әсер етуi, түрлi пилотажды аспаптар мен электронды индикаторлар iстен шыққан кезде iс-қимылдар тәртiбi;
планерлерге, жүйелерге және тиiстi әуе кемелерiнiң күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
жүктеменiң және салмақты бөлудiң ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесiн басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудiң орындалуына әсер етуi;
крейсерлiк ұшуда басқаруды қоса алғанда ұшу, қону және басқа сипаттамалардың өлшемдерiн пайдалану және iс жүзiнде қолдану;
маршрут бойынша ұшуды ұшуалды жоспарлау және жедел жоспарлау, ұшу жоспарларын дайындау және ұсыну;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекiтiлген «Әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықтар» (нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 7006 нөмiрiмен тiркелген), биiктiктi өлшеу қондырғысының тәртiбiн даярлау және беру;
қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкiндiктерi;
авиациялық метеорологиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсiну және қолдану; ұшу алдында және ұшу уақытында метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану; биiктiктi өлшеу;
авиациялық метрология, климатология,төмен және жоғары қысымды аудандарды, ағындардың құрылымдарын араластыру, көтерiлiп ұшу, маршрут бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететiн ауа райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
мұз басу себептерi, тану және салдарлары, фронтальды аймаққа кiру тәртiбi, қауiптi метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
ұшақтар үшiн – метеожиынтықтарды, карталар мен болжамдарды, ағысты ағындарды түсiну мен пайдалануды қоса алғанда, үлкен биiктiктердегi метеорология;
аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелердi, ұзақтығы үлкен маршруттар бойынша ұшуға қатысты ерекше навигациялық талаптарды пайдалануды қоса алғанда, ұшақты жүргiзу;
әуе кемесiн және навигацияны басқару үшiн қажет авиациялық электронды және аспапты жабдықтың шектеулерiн және пайдалану сенiмдiлiгiн пайдалану, есепке алу;
маршрут бойынша ұшып көтерiлу, ұшу, қонуға бет алу және қону сатыларында қолданылатын навигациялық жүйелердi пайдалану;
автономды навигациялық жүйелердiң және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердiң қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдық жұмыстары;
пайдалану жағдайында қауiп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдiстерiн қолдану;
аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсiну және пайдалану;
авариялық жағдайда, сақтық шараларын және іс-қимылдар, ұшу қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау;
жүк тасымалдарын және қауiптi жүктердiң тасымалдарын пайдалану ережелерi;
әуе кемесiне отыру және одан түсу кезiндегі сақтық шараларын қоса алғанда, қауiпсiздiк мәселелерi бойынша жолаушыларды үйрету талаптары мен iс-тәжiрибесi;
тiкұшақтар үшiн – құйынды шеңбер режимi, жер резонансы, шығып кеткен қалқандағы ақау, серпiндi лақтыру және басқа да қауiптi жағдайлар трансмиссиялары, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сыртқы iлiнудегi жүктердiң басқару сипаттамасына әсерi;
байланыс iстен шыққан кезде байланыс және фразеология, iс-қимыл жүргiзу ережесi;
3) бiрiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.
15. Желiлiк пилот куәлiгiне тиiстi бiлiктiлiк белгiлерi болған кезде:
рұқсат етiлген түрдегi әуе кемесiнiң әуесқой пилоты және коммерциялық пилоты куәлiгiнiң иесiнің;
коммерциялық әуе тасымалдарында рұқсат етiлген түрдегi әуе кемесiнiң және бiреуден артық пилоты бар ұшулар үшiн сертификатталған кез келген ӘКК-нің функцияларын жүзеге асырады.
16. «Ұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилот куәлiгiн алуға үмiткердің ұшақ пилоты ретiнде кемiнде 1 500 с ұшуы болуы тиіс, оған жаттығу орнында 100 с аспайтын ұшу есепке алынады.
17. «Тiкұшақ» әуе кемесiнiң түрi туралы бiлiктiлiк белгiсi бар желiлiк пилоты куәлiгiн алуға үмiткер, тiкұшақтардың пилоты ретiнде кемiнде 1000 с ұшуының болуы қажет, оған тренажерде 100 с аспайтын ұшу есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |