р/с №
|
Түсiндiрме жазбада көрсетiлуі тиiс мәлiметтердiң тiзбесi
|
Әзірлеуші мемлекеттiк
органның ақпараты
|
1.
|
Жобаны әзірлеуші
мемлекеттiк орган
|
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация министрлігі
|
2.
|
Жобаны қабылдау қажеттiлігiнің негiздемесі
|
1414 және 88000807777 нөмірлермен тегін қосылуды қамтамасыз ету маңызды және әлеуметтік маңызды болып табылады. 1414 және 88000807777 нөмірлермен берілетін ақпарат күнделікті өмірде аса талап етілетіндердің қатарына жатады, уақытты үнемдеуге және азаматтардың өмірін және ұйымдардың жұмысын біршама жеңілдетуге, сондай-ақ қызметті берушілердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
|
3.
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар
|
Жобаның қабылдануы теріс әлеуметтiк-экономикалық және-немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды
|
4.
|
Жобаны iске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Жобаның iске асыру мемлекеттiк бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейдi
|
5.
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердiң мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi
|
Жобаны қабылдау аса талап етілетін ақпаратты алу үшін 1414 және 88000807777 нөмірлермен ақысыз қосылуды орнатудың мақсатын көздейді
|
6.
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілері және олардың iске асырылу нәтижелерi туралы мәлiметтер
| «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы N 1068 Қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 929 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 1436 Қаулысы |
7.
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі
|
Қажетiлігі жоқ
|
8.
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізлген жағдайда оның нәтижелері
|
Талап етілмейді
|
9.
|
Өзге де мәлiметтер
|
Жоқ
|
10.
|
Материалдарды (үзінді өшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11.
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы)
| -
Қаулы жобасы – 19 456 байт;
2. Түсіндірме жазба – 47 104 байт; 3. Салыстырмалы кесте – 26 624 байт;
4. Келісу парағы – 39 936 байт.
www.mtc.gov.kz
|