Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесiн бекiту туралы



бет1/3
Дата01.07.2016
өлшемі406.09 Kb.
#171285
  1   2   3
Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 28 ақпандағы N 203 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 11, 112-құжат


      "Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2008 жылғы 28 ақпандағы
N 203 қаулысымен
бекiтiлген   

Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесi

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) автокөлiк құралдарын қауiпсiз пайдалануды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер ету (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), iс-шаралар кешенiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ереженiң қағидалары Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


      1) жарамды жай-күй - автокөлiк құралдарының құрастырмасына, параметрлерiне, функционалдық мақсатына және агрегаттарының, тораптарының, бөлшектерiнiң қасиеттерiне қойылатын нормативтiк кесiмдер мен конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетiн техникалық жай-күй;
      2) сенiмдiлiк - жұмыстың берiлген режимдерi және пайдаланудың, техникалық қызмет көрсетудiң, жөндеудiң және сақтаудың берiлген шарттары кезiнде белгiленген шектерде берiлген функциялардың орындалуын, пайдалану көрсеткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн автокөлiк құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң техникалық жай-күйi;
      3) жарамсыз жай-күй - автокөлiк құралдары агрегаттарының, тораптары мен бөлшектерiнiң құрастырмасына, параметрлерiне, функционалдық мақсатына және қасиеттерiне қойылатын нормативтiк кесiмдер мен конструкторлық құжаттама талаптарының бiреуiне болса да сәйкес келмейтiн техникалық жай-күй;
      4) техникалық қызмет көрсетудiң мiндеттi жұмыстары (бұдан әрi - мiндеттi жұмыстар) - орындалуы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және автокөлiк құралдарының қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған операциялар кешенi;
      5) автокөлiк құралының толық массасы - дайындаушы кәсiпорын белгiлеген жолаушылардың немесе жүктiң барынша рұқсат етiлген саны бар, толығымен жағармай (отын, май, салқындататын сұйықтық) құйылған, жинақталған (қосалқы доңғалақпен және сайманмен) автокөлiк құралының массасы;
      6) ұсынылатын техникалық қызмет көрсету жұмыстары (бұдан әрi - ұсынылатын жұмыстар) - орындалуы негiзiнен бөлшектердiң тозуын, агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердiң техникалық жай-күйi параметрлерiнiң нашарлауы жағына қарай өзгеру қарқынын азайтуға, автокөлiк құралдарының үнемдiлiгiн қамтамасыз етуге, iстен шығулар мен ақаулықтар туындауының алдын алуға бағытталған техникалық қызмет көрсету операцияларының кешенi;
      7) техникалық жай-күй - автокөлiк құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң пайдалану процесiнде өзгеруге бейiм қасиеттерi мен нормативтiк және конструкторлық құжаттамада белгiленген олардың өз функцияларын орындау немесе оларды мақсаты бойынша қолдану мүмкiндiгiн анықтайтын параметрлерiнiң жиынтығы;
      8) техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ) - автокөлiк құралдарын жарамды күйде ұстауға, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оларды пайдалану және сақтау процесiнде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған операциялардың (техникалық әсер етудiң) кешенi;
      9) автокөлiк құралдарын техникалық пайдалану - автокөлiк құралдарын пайдалануды ұйымдастыруға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық әсер етудiң (диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу), iс-шаралардың кешенi.

      4. Автокөлiк құралдарының сенiмдiлiгiн, олардың жолдарда қоршаған ортаға ең аз терiс әсермен қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз етуге техникалық қызмет көрсетудiң және жөндеудiң жоспарлау-алдын алу жүйесiн (бұдан әрi - Жүйе) iске асыру арқылы қол жеткiзiледi.


      Жүйе нормативтiк құжаттаманың, автокөлiк құралдарын пайдалану және сақтау процесiнде олардың жарамды күйiн қамтамасыз етуге қажеттi орындаушылардың және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құралдарының жиынтығын бiлдiредi.

      5. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi нормативтiк құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттарды, анықтамаларды, ұсынымдарды, технологияны, нормативтердi және оларды түзету әдiстерiн белгiлейдi және осы Ережеден, ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтiк актiлерден, оның iшiнде конструкторлық құжаттама мен автокөлiк құралының нақты маркасын (моделiн) пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтан тұрады.


      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

      6. Автокөлiк кәсiпорындарында, автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi мамандандырылған кәсiпорындарда орналасқан автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құралдары ғимараттар мен құрылыстарды, технологиялық жабдықпен жарақты қамтиды.

      7. Автокөлiк құралдарын техникалық пайдаланудың белгiленген талаптарға сәйкессiздiгi бөлiгiнде осы Ереженiң қағидаларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, көлiктiк бақылау жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды.

      8. Жүйенi iске асыру процесiнде техникалық әсер ету кешенi мыналарға:


      1) автокөлiк құралын пайдалануға енгiзуге, пайдаланудан уақытша алуға және сақтауға дайындауға;
      2) автокөлiк құралдарын пайдалану және сақтау процесiнде олардың қажеттi сенiмдiлiк деңгейiн ұстап тұруға және жарамды күйiн қамтамасыз етуге бағытталған автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөнiндегi жұмыстарды қамтиды.

      9. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу мынадай түрлерге бөлiнедi:


      1) сату алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ са );
      2) сыннан өткiзу кезеңiндегi техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ сө );
      3) күн сайынғы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - КҚ);
      4) кезеңдiк техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ к );
      5) консервациялау алдындағы техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ к );
      6) жөндеу (бұдан әрi - Ж).

      10. ТҚ операцияларының барлық көлемi екi топқа бөлiнедi:


      1) мiндеттi жұмыстардың тiзбесiне кiретiн операциялар. Операциялардың бұл тобы меншiк нысанына қарамастан автокөлiк құралдары иелерiнiң барлығының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады;
      2) автокөлiк құралдары иелерiнiң қалауы бойынша орындалатын, ұсынылып отырған операциялар.

      11. Өндiрiстiк бағдарламаға байланысты автокөлiк құралдарын диагностикалау және ТҚ бойынша жұмыстар ағынды желiлерде немесе тұйықталған постыларда, ал Ж - әмбебап және мамандандырылған постыларда орындалады.

      12. Орындалатын жұмыстардың мақсатына, сипатына және көлемiне сәйкес жөндеу ағымдағы (бұдан әрi - АЖ) және күрделi жөндеу (бұдан әрi - КЖ) болып бөлiнедi.

2-тарау. Автокөлiк құралдарының техникалық жай-күйiн диагностикалау

2.1. Автокөлiк құралдарының, агрегаттардың, тораптардың
және бөлшектердiң техникалық жай-күйiн диагностикалау

      13. Диагностикалау автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиялық процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және автокөлiк құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң техникалық жай-күйi параметрлерiн анықтауға бағытталған.

      14. Диагностикалау iстен шығулар мен жарамсыз жай-күйдiң туындауы мүмкiн уақытты болжауды, iстен шығу мен ақаулылықтардың болуын анықтауды, сондай-ақ агрегаттың, тораптың немесе бөлшектiң қалдық ресурсы мен тоқтаусыз қызмет ету мерзiмiн параметрлердiң нақты мәндерiн рұқсат етiлген шектi мәндерiмен салыстыру арқылы анықтауды қамтиды.

2.2. Автокөлiк құралдарын диагностикалау түрлерi

      15. Диагностикалау орындалатын жұмыстардың мақсаты, кезеңдiлiгi, көлемi, технологиялық процестегi орны бойынша жедел диагностикалауға (жалпы) (бұдан әрi - Д-1) және элемент бойынша диагностикалауға (тереңдетiлген) (бұдан әрi - Д-2) бөлiнедi.

      16. Д-1 қажеттiлiк бойынша ТҚ және АЖ жүргiзу алдында немесе оны орындау кезеңiнде, орындалған жұмыстарды жедел не қорытынды бақылауды қамтамасыз ету үшiн тiкелей ТҚ посттарында орындалады. Ол агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердiң, жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, олардың анықтауға арналған. Д-1 нәтижелерi бойынша реттеу және жөндеу жұмыстарының көлемдерi нақтыланады.

      17. Д-2 мамандандырылған посттарда (желiлерде), ТҚ-1 және ТҚ-2 орындау алдында автокөлiк құралдарының, олардың агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң, оларды жою үшiн жөндеу жұмыстары талап етiлетiн iстен шығулары мен ақаулылықтарын анықтау мақсатында, мезгiл-мезгiл орындалады. Д-2 нәтижелерi бойынша автокөлiк құралдарын жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн күйде ұстау үшiн қажеттi реттеу мен жөндеу жұмыстарының көлемдерi белгiленедi, сондай-ақ автокөлiк құралдары жарамды жұмысының ресурсы анықталады.



2.3. Автокөлiк құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы)
техникалық тексеру

      18. Жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексерудi тасымалдаушылар ТҚ посттарында (өндiрiстiк-техникалық база болған кезде), не техникалық қызмет көрсету станцияларында күн сайын оларды желiге шығару (рейске жөнелту) алдында дербес жүзеге асырады.

      19. Тасымалдаушы ТҚ посттарында дербес жүзеге асыратын автокөлiк құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру автокөлiк құралдарына КҚ бойынша жұмыстарды жүргiзуi кезiнде орындалады.

      20. Жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдарын рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру операцияларының тiзбесi 1-қосымшаға сәйкес келедi.

      21. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеру нәтижелерi бойынша тасымалдаушының техникалық жағынан жарамды автокөлiк құралдарын жолға шығару үшiн жауапты тұлға жолдама параққа, не автокөлiк құралындағы борт журналына тексеруден өткенi туралы белгi қояды.

      22. Рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруден өтпеген және жарамсыз күйдегi автокөлiк құралдарын жолға шығаруға (рейске жөнелтуге) рұқсат етiлмейдi.



3-тарау. Автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету

3.1. Автокөлiк құралдарын сату алдындағы техникалық қызмет
көрсету

      23. ТҚ са автокөлiк құралдарын сату алдында, олардың пайдалануға енгiзу кезiндегi толық жұмыс iстеу қабiлеттiгiн қамтамасыз ету мақсатында орындалады.

      24. Сауда желiсi арқылы сатылатын пайдалануда болған автокөлiк құралдарына ТҚ са -ны сауда ұйымы техникалық қызмет көрсету станцияларында немесе өз күштерiмен өндiрiстiк үй-жайлар мен қажеттi жабдық болған кезде орындайды.

      25. ТҚ са орындау кезiндегi жұмыстардың тiзбесi:


      1) КҚ бойынша жұмыстардың толық көлемiн;
      2) автокөлiк құралын консервациядан алу жөнiндегi операцияларды, жинақталуын және жарамды күйiн тексерудi қамтиды.
      Бұдан басқа, ТҚ са операцияларының тiзбесi нақтыланады және автокөлiк құралының нақты маркасына (моделiне) арналған сервистiк кiтапша бойынша өңделедi.

3.2. Автокөлiк құралдарына сыннан өткiзу кезеңiнде
техникалық қызмет көрсету

      26. Жаңа автокөлiк құралдарын сыннан өткiзу кезеңi бөлшектердiң, тораптардың, тетiктердiң қарқынды қосымша жұмысымен, бекiткiш қосылыстардың босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.

      27. ТҚ сө бойынша жұмыстарды орындау автокөлiк құралы агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң ең аз тозуымен қосымша жұмыс iстеуiн, босаған бекiткiштер мен қосылған жерлердi бақылауды және қатайтып тартуды қамтамасыз етудiң қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.

      28. Сыннан өткiзу кезеңiн жасаушы кәсiпорын автокөлiк құралының нақты маркасы (моделi) үшiн белгiлейдi және ол құрылымы мен пайдалану шарттарына байланысты 1-ден 5 мың км дейiн құрауы мүмкiн.

      29. Автокөлiк құралын сыннан өткiзу кезеңiнiң соңында орындалатын негiзгi жұмыстарға:
      1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгiсiн ауыстыру;
      2) майлау, қоректендiру және салқындату жүйелерiнiң герметиктiгiн тексеру;
      3) агрегаттардың бекiткiштерi мен трансмиссияның тораптарын тексеру;
      4) газ болу тетiгi мен қоректендiру жүйесi бойынша реттеу жұмыстары;
      5) басқару тетiктерi мен тежегiш жүйесi бойынша бақылау-диагностикалық жұмыстар;
      6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтiндiлiгiне қатысты тексеру жатады.
      Автокөлiк құралының нақты маркасына (моделiне) арналған ТҚ сө операцияларының толық тiзбесiн жасаушы кәсiпорын белгiлейдi және пайдалану жөнiндегi басшылықта (сервистiк кiтапшада) келтiрiледi.

3.3. Автокөлiк құралдарына күн сайынғы техникалық
қызмет көрсету

      30. КҚ күн сайын жұмыстың басталуы алдында автокөлiк құралының техникалық жай-күйiн бақылау мен оны пайдалануға дайындау мақсатымен орындалады.

      31. Автокөлiк құралына КҚ операциялары:
      1) тиiстi сыртқы түрiн сақтау бойынша жұмыстарды орындауды;
      2) техникалық жай-күйiн тексерудi;
      3) пайдалану сұйықтықтарының деңгейiн тексерудi;
      4) санитарлық өңдеудi көздейдi.
      Автокөлiк құралына КҚ жөнiндегi жұмыстардың толық тiзбесi
1-қосымшада келтiрiледi.

      32. Техникалық күйдi тексерудi күн сайын арнайы постта немесе автокөлiк құралы тұрақты тұратын (сақталатын) орында жауапты техникалық қызметкер (бақылаушы механик) және (немесе) жүргiзушi жүзеге асырады.

      33. Автокөлiк құралының кәсiпорын тұрақты орналасқан орыннан тыс жұмысы кезiнде жүргiзушi КҚ бақылау операцияларын күн сайын орындайды. Бақылау операциялары сондай-ақ күнi бойы жүргiзушiлер ауысымы кезiнде орындалады.

      34. Жуу-жинау жұмыстары қажеттi жуатын жабдықпен жабдықталған және қоршаған ортаның автокөлiк құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң тозу өнiмдерiмен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкiндiгiн болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады. Жуу-жинау жұмыстары, сондай-ақ автокөлiк құралдары диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу посттарына келер алдында орындалады.

      35. Автокөлiк құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш ерiтiндiлермен өңдеу Автомобиль көлiгiмен жүктердi тасымалдау ережесiнiң, жүктiң нақты түрiн тасымалдауға қойылатын талаптарына, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустардың салондары, орындықтарын, тұтқаларын, терезе шыныларын және едендерiн қоса алғанда, жолға шығу алдында жуғыш және дезинфекциялағыш заттарды пайдалана отырып күн сайын мiндеттi түрде жуылуға тиiс.



3.4. Автокөлiк құралдарына мерзiмдiк техникалық қызмет көрсету

      37. ТҚ м жұмыстардың көлемi, олардың орындалу мерзiмдiлiгi мен еңбектi қажет етуi бойынша шартты түрде үш сатыға бөлiнедi: бiрiншi техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ-1), екiншi техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - ТҚ-2) және маусымдық техникалық қызмет көрсету (бұдан әрi - МҚ) операциялары.

      38. ТҚ к сатыларын қамтитын негiзгi операциялар мiндеттi жұмыстардың тiзбесiне кiредi және 2-қосымшада аталып өткен.
      Негiзгi операциялар пайдалану жөнiндегi басшылыққа немесе автокөлiк құралының сервистiк кiтапшасына сәйкес орындалуы және 2-қосымшаның деректерiн ескере отырып өңделуi мүмкiн.

      39. Автокөлiк құралын жасаушы кәсiпорын жүрiс аралықтарының нормалары мен ТҚ к операцияларының тiзбесiн белгiлемеген немесе олар толық болмаған жағдайда, 2, 3-қосымшалар басшылыққа алынады.

      40. Жол жамылғысының үлгiсiмен және жер рельефiмен сипатталатын автокөлiк құралдарын пайдалану шарттарын сыныптау 4-қосымшаға сәйкес санаттарға бөлiнедi.

      41. МҚ автокөлiк құралын көктемгi-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа дайындау жөнiндегi жұмыстарды орындай отырып жылына екi рет (көктемде және күзде) жүргiзiледi.

      42. МҚ кезiнде орындалатын жұмыстардың жалпы көлемiне ТҚ-2 мiндеттi жұмыстары және МҚ тiкелей операциялары (2-қосымша) кiредi.

      43. Төменгi температуралар кезiнде қозғалтқыштың iске қосылуын, автокөлiк құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктiгiн және қыздырылуын қамтамасыз етумен байланысты МҚ қосымша жұмыстары күзгi кезеңде орындалады.

      44. МҚ негiзгi жұмыстарына:
      1) қоректендiру жүйесiнiң герметиктiгiн, қозғалтқыштың майлануы мен салқындатылуы;
      2) от алдыру жүйесiн (жоғарғы вольттi сымдардың, бөлгiштiң және тұтандыру оттықтарының жай-күйiн) тексеру;
      3) электролит тығыздығының деңгейiн бақылау мен пайдалану шарттарымен сәйкестiкке келтiру және аккумулятор батареясының бақылау-жаттығу циклiн жүргiзу;
      4) қозғалтқыштағы майды және салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру (қажет болғанда) жатады.

      45. СО жұмыстары қажеттi жабдықпен жабдықталған, қоршаған ортаның автокөлiк құралдары агрегаттарының, тораптарының және бөлшектерiнiң тозу өнiмдерiмен, пайдалану материалдарымен және техникалық сұйықтықтармен ластану мүмкiндiгiн болдырмайтын мамандандырылған посттарда орындалады.



3.5. Автокөлiк құралдарына консервациялау алдында техникалық
қызмет көрсету және оларды сақтау

      46. Жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автокөлiк құралдары ауысымаралық уақытта, сондай-ақ ТҚ және Ж посттарына қойылуы алдында жабық үй-жайларда, қалқаның астында немесе ашық алаңшаларда сақталады (көлiк жайсыз сақталу).

      47. Ауысымаралық уақытта жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар мен таксилер, сондай-ақ жұмыс сипаты тұрақты дайындықты қажет ететiн автокөлiк құралдары жылытылатын жабық үй-жайларда сақталуы тиiс.

      48. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға арналған және пайдаланылатын мамандандырылған автокөлiк құралдары басқа автокөлiк құралдарынан бөлек, олар үшiн арнайы бөлiнген алаңшаларда сақталады.

      49. Автокөлiк құралдарын сақтау орындарына қою, автокөлiк құралдарының және ғимараттар мен құрылыстардың элементтерi арасындағы қашықтық белгiленген талаптарға сәйкес келетiндей және олардың еркiн шығуын қамтамасыз ететiндей жүзеге асырылуы тиiс. Сақтау аймағында жөндеу жұмыстары мен автокөлiк құралдарына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге, сондай-ақ сүрткiш және пайдаланымдық материалдарды сақтауға рұқсат етiлмейдi.

      50. Ұзақ сақтауға (үш айдан артық) қойылған кезде автокөлiк құралдары консервациялаудан өтуi тиiс.

      51. Консервациялау алдында жуу-жинау жұмыстары, және қажет болған жағдайда, автокөлiк құралдарын жарамды күйге келтiру үшiн ТҚ және ТЖ жұмыстары орындалады.

      52. Консервациялау деп автокөлiк құралдарының ұзақ уақыт кезеңi iшiнде сақталуын және қысқа мерзiмде көлiктiк күйге келтiрiлу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн арнайы дайындалған жағдайларда және осы мақсаттарға бөлiнген алаңшаларда ұзақ сақтауға дайындау жөнiндегi операциялар түсiнiледi.

      53. Алты айға дейiнгi мерзiмге сақтауға қойылатын автокөлiк құралдарына ТҚ к бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде мынадай операцияларды орындау қажет:
      1) салқындату жүйесiне төменгi температурада қататын сұйықтықты құю (күзгi-қысқы уақыт кезеңiнде сақтауға қою кезiнде);
      2) желдеткiш, генератор және сығымдағыш жетегi белдiктерiнiң тартылуын босату;
      3) тұтандыру оттықтарын бұрап алу және қозғалтқыштың цилиндрлерiне 50-70 см 3 -ден май құю, содан кейiн иiндi бiлiктi 5-6 айналымға бұру және тұтандыру оттықтарын қайта бұрап жабу;
      4) сығымдағыштың цилиндрлерiне 20 см 3 -ден май құю;
      5) электролиттiң тығыздығын тексеру және сақтау температурасына сәйкес келетiн қажеттi деңгейге дейiн жеткiзу және аккумулятор батареясын толығымен зарядтау. Аккумулятор батареясының минустық клеммасын шанақпен (массамен) қосатын сымды ажырату;
      6) қоректендiру жүйесi ауа сүзгiсiнiң кiрiс келтеқұбырын және сөндiргiштiң шығыс құбырының саңылауын майлы қағазбен тығыздап жабу;
      7) қолмен тежегiштiң үйкелу түйiндерiн майлау;
      8) автомобильдi, доңғалақтардың жер бетiнен көтерiлуiн қамтамасыз ететiн тұғырыққа қою;
      9) кабина мен шанақтың есiктерiн, терезелерiн және желдеткiш люктердi жабу.

      54. Автокөлiк құралдарын алты айдан артық мерзiмге сақтауға қойған кезде ТҚ к операцияларының тiзбесiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi:


      1) салқындатқыш сұйықтықты салқындату жүйесiнен ағызып алу (жүк автомобильдерi мен автобустар үшiн) және жүйенi таза сумен жуу, ағызу крандарын ашық күйде қалдыру;
      2) отынды отын багынан ағызып алу;
      3) аккумулятор батареясын, оны қоймада сақтау үшiн автокөлiк құралынан алу;
      4) шиналарды жарық өткiзбейтiн материалмен жабу немесе қорғағыш ерiтiндiсiмен өңдеу (ашық алаңдарда сақтау кезiнде);
      5) жеңiл автомобильдер мен автобустар шанағының және жүк автомобильдерi кабинасының сыртқы бетiн балауыз пастасымен, ал сәндiк бөлшектердiң хромдалған немесе жылтыратылған беттерiн бұзылудан сақтайтын май қабатымен жабу.
      Автокөлiк құралдарын ашық алаңшада сақтаған кезде резеңке-техникалық, пластмасса бұйымдардың және лакты-бояулы жамылғысының сақталуын қамтамасыз ету үшiн автокөлiк құралын тура түсетiн күн сәулелерiнiң және жауын-шашынның әсерiнен қорғайды (тентпен жабады, уақытша қалқа жасайды).

4-тарау. Автокөлiк құралдарын жөндеу

4.1. Автокөлiк құралдарын ағымдағы жөндеу

      55. АЖ автокөлiк құралдарын, олардың агрегаттары мен тораптарын диагностикалау нәтижелерi бойынша жоспарлы не iстен шығуы (ақаулылығы) кезiнде орындалады және автокөлiк құралдарының жарамды күйiн қамтамасыз етуге немесе қалпына келтiруге арналған.

      56. АЖ негiзгiден (жинақталған iлiнiсу картерi бар қозғалтқыш, берiлiс қорабы, бөлгiш қорап, гидромеханикалық берiлiс қорабы, артқы белдiк, ортаңғы белдiк, алдыңғы бiлiк (белдiк) рульдiк басқару, жүк автомобилiнiң кабинасы мен жеңiл автомобильдiң шанағы, автобустың шанағы, рама, өзiаударғыш автомобиль платформасының көтеру жабдығы) басқа, жол берiлген шектiк тозу параметрлерiне жеткен жеке агрегаттардың, тораптардың және бөлшектердiң, ауыстырылуын қамтиды және әдетте, ТҚ к -пен бiр мезгiлде орындалады.

      57. АЖ орындалу көлемiне, орнына және уақытына байланысты:


      1) тапсырыстық ағымдағы жөндеу (бұдан әрi - АЖ т );
      2) iлеспелi ағымдағы жөндеу (бұдан әрi - АЖ i );
      3) жоспарлы-алдын алу ағымдағы жөндеу (бұдан әрi - ЖААЖ) болып бөлiнедi.

      58. АЖ т агрегат, торап немесе бөлшек жол берiлген шектiк тозу параметрлерiне жеткен немесе кенеттен iстен шыққан, немесе ақаулылық пайда болған кезде қажеттiлiк бойынша орындалады.

      59. АЖ i аз еңбектi қажет ететiн, технологиялық жағынан байланысты және ТҚ к бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын операцияларды қамтиды.

      60. Орындалатын жұмыстардың сапасын белгiленген көлемде қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында ТҚ к жүргiзу кезiнде iлеспелi ағымдағы жөндеу көлемiн шектеу ұсынылады. Iлеспелi ағымдағы жөндеу операцияларының жалпы еңбек сыйымдылығы ТҚ к тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиiс.

      61. ЖААЖ автокөлiк құралының нақты маркасы (моделi) үшiн берiлген пайдалану шарттарында негiзделген жүрiс аралығынан немесе уақыт кезеңiнен кейiн мәжбүрлi түрде орындалады.

      62. ЖААЖ-ға жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, экологиялық қауiпсiздiкке әсер ететiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын белгiлi бiр жағдайда пайдалану кезiнде едәуiр жиi туындайтын iстен шығулар мен ақаулықтарды болдырмауға бағытталған жұмыстар жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет