Автоматтандырылған жүйенің құрама бөліктері және оны құруға қойылатын талаптар



бет1/2
Дата16.02.2024
өлшемі19.83 Kb.
#492093
  1   2
1 (2)





    1. Автоматтандырылған жүйенің құрама бөліктері және оны құруға қойылатын талаптар



Қазіргі таңда өндірістің дамуы жаңа ақпараттық технологиялармен ұйымдастырылған жоғары деңгейлі басқару жүйесімен тікелей байланысты. Жоғары деңгейлі басқару жүйелері бірегей автоматтандырылған болып табылады.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері (АОЖ) – бұл ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін оқу процесін әдістемелік, білім беру және ұйымдастырушылық қолдауды қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешендер.
Автоматтандырылған жүйе – адамның ұйымдастыруымен жұмыс жасайтын, автоматты түрде орындалатын қызметтер және нысандардың жүйесі. Автоматтандырылған басқару жүйесіндегі процестер: ақпараттарды түрлендіру, жеткізу, өңдеу, алгоритм қалыптастыру. Атап өткен процестер жүйедегі құрылғыларды басқаруды ыңғайлы, әрі тез ететін қызметтері. Бұл жүйеде адамның атқаратын басты міндеттері процестерге талаптар мен міндеттерді тағайындап, алгоритмін жазып, қате жерлерін түзетіп отыру. Автоматтандырылған жүйедегі басқару құрылғылары адам қойған алгоритм бойыша жұмыс жасайды[7].
Оқыту орталығының автоматтандырылған жүйесі дегеніміз не? Бұл кері байланыс арқылы өзара әрекеттескен, оқу материалдары ұсынылған және бақылаушы функциялармен біріктірілген оқу ортасы болып табылады. Автоматтандырылған жүйе оқыту процесін жүзеге асыру кезінде материалдарды сақтау, беру, дайындау және білімгерге қол жетімді оқу құралдарының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Білім беру жүйелеріне қол жетімділік ішкі жүйені қолдану арқылы web-сайттар мен порталдар арқылы жүзеге асырылады.
Портал дегеніміз – бұл оқу орталығының қосымшасын пайдаланушы үшін кез келген керек ақпаратқа қол жетімді болатын ақпарттық web-жүйе. Web-сайттардың құрылымы web-парақтардың жиынтығынан құралады. Ал, порталдар бағдарламалық жасақтаманы негізге ала отырып жасалған, ақпараттардың жиыны болып табылады. Бұл ақпараттар қолданушылардың сұранысы бойынша қажетті деректерге айналады. Пайдаланушылар порталға клиент түйіндерінде орналасқан браузерлер арқылы қол жеткізеді[8].
Автоматтандырылған оқыту орталығының басты мақсаты білімгерге сапалы білім беру болып табылады. Жалпы оқу процесіне қажетті электронды оқу материалдары, сабақтар кестесі, үлгерімдер тізімі, білімін бақылайтын тест жүйесі және тағыда басқа оқу құралдар web-қосымшада жинақталған.
Web-қосымшаның бағдарламалық құрылымына жеке тоқтала кетейік. Бұл құрылым бірнеше бөліктерден құралып, тұтас бір жүйені береді:

  1. Бірінші құрылым web-қосымшаның негізі – қосымшадағы барлық ақпараттық жүйе мен оның ресурстарына қол жеткізу мүмкіндіктеріне ие болу, жалпы қосымшаның барлық қауіпсіздігіне жауапты бөлім болып келеді;

  2. Екінші құрылымда қосымшаның сыртқы қосымшалармен әрекеттесуі қарастырылады. Оқыту процесінің барлық мәліметтер қоры біріктіріледі;

  3. Үшінші құрылымда қосымшаның жұмысын дамыту, жаңа қызметтер мен жаңа материалдарды әзірлеу жұмысы қарастырылады.

Автоматтандырылған оқыту жүйесінің құрылымы бірнеше обьектілерден құралады.Оларға жеке-жеке тоқталайық:

  • электронды оқыту курсы - оқыту курсының ақпараттық мазмұнын қамтамасыз ететін құралдар,яғни дәрістер, анықтамалық материал, тапсырмалардың жиынтығы;

  • компьютерлік тестілеудің ішкі жүйелері - компьютерлік тестілер арқылы қолданушының ағымдағы деңгейін бағалауды қамтамасыз ететін бағдарламалық модуль;

  • білім қоры - қолданушы, оқыту жүйесі, электронды оқыту курсының құрылымы туралы автоматтандырылған оқыту жүйелерінде сақталған мәліметтер жиынтығы;

  • жоспарлаушы - білім қоры деректері мен пайдаланушының іс-әрекеттері негізінде жоғары нәтижеге жету үшін автоматтандырылған оқыту жүйесінің жұмысын бейімдеуге мүмкіндік беретін кіші жүйе.

Осы қарастырып отырған автоматтандырылған оқыту жүйелерінің құрылымы бір-бірінен айырмашылықтары құрамы жағынан да, функция жағынан да айтарлықтай ерекшеленетінін ескеру қажет. Бірақ оларда оқу траекториясын жекелендіру туралы жалпы түсінік бар. Ол автоматтандырылған оқыту жүйесінің жекелеген элементтерін бейімдеу механизмі арқылы іске асады және оқытудың тұлғалық-бағдарлы тәсілінің іске асырылуы болып табылады.
Автоматтандырылған оқыту жүйесі оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қолданушыға қатысты оқыту әсерін дербес реттеуі керек екендігі анық. Осыған сүйене отырып, электронды оқыту курсының материалын оқу жылдамдығы автоматтандырылған оқыту жүйесінің өзі үшін дараландыру критерийі емес екенін мойындау керек. Курстың мазмұнына қатысты осындай тұжырым жасауға болады: стандартталған басқару функциясы (барлық айқын бейімделу үшін) электрондық оқыту курсының барлық қажетті материалдарын оқымаған пайдаланушыларға сертификаттаудан өтуге мүмкіндік бермейді. Адаптивті тестілеу идеясына келетін болсақ (яғни тестілеу үлгісі (пайдаланушыға ұсынылатын сұрақтар жиынтығы) тестілеу процесінде көрсетілген нәтижелерге байланысты тест тапсырмаларымен толтырылатын компьютерлік тестілеу) тест тапсырмаларының презентациясының даралануы өте салыстырмалы болып табылады.
Автоматтандырылған оқыту жүйесінің негізгі функционалды элементтері:

  • басқарушы-администратор;

  • оқытушы;

  • білімгер.

Басқарушы-администратордың бағдарламалық модулі:

  • қолданушыны жүйеге тіркеу, яғни авторизациялау;

  • курстар, білімгерлер, оқытушылар, төлемақысы, аккаунттар және т.б. ақпараттық мәліметтерді мәліметтер қорына енгізу, өңдеу және одан жою;

  • әдістемелік оқыту материалдарын қосымшада жариялау;

  • кастингті ұйымдастыру;

  • сабақ кестесін, білімгер үлгерімін және төлемақысын жасау әрекеттерін басқару;

  • т.б.

Оқытушының бағдарламалық модулі:

    • сабақ кестесін, білімгер үлгерімін әрекеттерін басқару;

    • мәліметтер қорындағы тест тапсы

Білімгердің жұмыс орнындағы бағдарламалық қамтамасыз ету модулі:

  • материалды өз бетімен зерделеу;

  • ақпаратты сапалы интерактивті графика мен анимация түрінде визуалды түрде ұсыну;

  • сабақтардың мазмұнына байланысты қосымша ақпарат алу;

  • зерттелген іс-шараларға (тақырыптарға) өзін-өзі бақылау;

  • туындайтын мәселелерді нұсқаушымен және конференцияларда нақты уақыт режимінде талқылау.

Мәліметтер қорында:

  • оқыту бағдарламасына сәйкес сабақтардың (тақырыптардың) тізімі;

  • сабақ мазмұнына сәйкес мәтіндік, графикалық және мультимедиялық мәліметтер;

  • білімгер жайлы мәліметтер және тест нәтижелері.

  • кастингке өтінім жіберушілер туралы ақпараттар;

  • оқытушылар жайлы ақпараттар;

  • т.б

Жалпы, автоматтандырылған оқыту жүйесі шеңберінде келесі міндеттерді шешуге болады:

  • оқу материалын игеру көрсеткіштерін тіркеуге және статистикалық талдауға байланысты тапсырмалар: тест белгілеу уақытын анықтау, қателіктердің жалпы санын анықтау және білім беру процесін басқару міндеттері және т.б;

    • білімгерлердің дайындыққа дейінгі және одан кейінгі білім, білік, дағды деңгейлерін, олардың жеке қабілеттері мен ынталарын тексеруге байланысты тапсырмалар;

    • оқу материалын дайындауға және ұсынуға, материалды қиындық деңгейлері бойынша бейімдеуге, динамикалық иллюстрацияларды, бақылау тапсырмаларын, зертханалық жұмыстарды, студенттердің өздік жұмыстарын дайындауға байланысты тапсырмалар;

    • жүйені басқару міндеттері, оқу материалын жұмыс орындарына жеткізу және білімгерлермен кері байланысының тапсырмалары [9].

Кез келген жүйенің автоматтандырылған оқыту жүйесі болады, сәйкесінше, ақпаратты көрсету немесе дұрыс жауапты талдау сияқты бірқатар тапсырмалар адамның қатысуынсыз орындалады. Әрбір автоматтандырылған оқыту жүйесі элементтер тобына негізделген, олардың арасындағы байланыстарды көрсететін және тұтастай жүйе туралы түсінік беретін белгілі бір құрылымға ие. Сондықтан жүйенің құрылымын ондағы қол жетімді байланыс түрлерімен сипаттауға болады.
Автоматтандырылған жүйені құруға қойылатын талаптар:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет