1.Тəрбие жүйесі жəне оның негізгі компоненттері. Тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті: 1. жеке дара-топтық;
2. құндылық-бағдарлы
3. атқарымдық-әрекеттік
4. кеңістіктік-уақытты
5. диагностикалық-нәтижелілік.
Жеке-дара-топтықкомпонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:
· сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар, · пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар. Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.
Құндылық-бағдарлы компоненті.Ол келесі жиынтықтан тұрады:
ü Тәрбие жүйесінің маңыздылығы; ü Мақсат, міндеттері; ü Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы ü Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.
Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбие-леудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.