Мазмұны Дәрістер Зертханалық сабақтар Студенттің өздік жұмысы Дәрістер Дәріс сабағының құрылымы



бет1/5
Дата16.06.2016
өлшемі3.4 Mb.
#138481
  1   2   3   4   5


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМК құжаты


ПОӘК


ПОӘК

042-14.2.07.1.20.130/03-2013



    «ДЭЕМ-дағы практикум»

пәнінің оқу- әдістемелік кешені

03.09.2012 ж.

№1 басылым





    «ДЭЕМ-дағы практикум»
пәнінен оқу-әдістемелік кешен

5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







Семей


2013
мазмұны

1. Дәрістер


2. Зертханалық сабақтар

3. Студенттің өздік жұмысы



1. Дәрістер


Дәріс сабағының құрылымы:

1-дәріс. VISUAL BASIC 6.0. Визуалды бағдарламалау жүйесі. Өңдеудің интеграцияланған ортасы

Негізгі мақсат: студенттерді визуалды бағдарламалаудың технологиясы түсінігімен таныстыру

Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттерде визуалды бағдарламалау туралы түсінігі болу керек, интерфейс жүйесінің құрамын білулері керек, қосымшалардың өңдеуінің негізгі кезеңдерін тексеру, бағдарлама терезесін өңдеу және жобалардың файлдарын сақтай білу керек.

Интергралданған ортаны оқып меңгеруге алдында визуалды бағдарламалау технологиясының түсінігін қалыптастыру қажет.

GUI (G zaphical User Interface)- сы бар Windows 3x/95/…/XP типті опреациялық қабшықтарының пайда болуы демек, пайдалануының графикалық интерфейсі, оның ішінде басқарудың стандартты элементтері қолданатындары, келесідей терезе, батырмалар, тізімдер, аймақтар, т.б. қолданушыға бағдарламаларды өңдеуге кәдімгідей қиыншылық туғызады.

Біріншіден, қандай болсын қосымша Windows-тің каналдар бізге бағынуы керек, пайдаланушының интерфейсін безендіру тұрғысында, оның жұмыс алаңы дисплейдік экраны емес, экранда қозғалатын және өзінің өлшемдерін өзгертетеін типті терезе, ол басқару элементтерінің көп санымен қамтамасыздандырылған. Екіншіден, Windows ортада жұмыс істеу үйреншікті процедуралық- бағытталған схемалардан бас тартуға ұйғарған, онда қосымшалардың әрекеттерінің реттері қатаң түрде бағдарланған. Windows басқаруымен орындалатын қолданбалы бағдарламалар процедуралар жиынтығы ретінде ұйымдастырылған, олар өздеріне адерстелген хабарларға жауап береді. Сонымен, уақиғалық- басқарушы бағдарламаларда әр қадамға мінездеме берудің орына тек қана әр уақиғаға қалай жауап беруі көрсетіледі; команда таңдау, терезедегі тышқанның батырмасының шартымен, тышқанның жылжуымен. Кейбір уақиғаларға жауап беріп, кейбіріне көңіл аудармауға да болады. Үлкен бағдарлама құралмайды оның орнына Windows қосымшасы ол өзара қарым-қатынасты микробағдарламалардан тұрады (процедуралардан) олар пайдаланушымен басқарылады. Ең алғашқы Visual Basic жүйеде Windows қосымшаларды құруына біткен түрде визуалды көзқарас Microsoft фирмасымен іске асырылған. Визуалды ортаның арқасында қосымшаға қандай болсын объекті ендіруге болады, оған керекті қасиеттерді тіркеп, пайда болған уақиғаларға сай объектінің жүріс-тұрысының схемасын қалыптастыруға болады.

Visual Basic қосымшаларының өңделуі келесі этаптардан тұрады:


  1. Бағдарламаны ойға салу (бағдарлама нені жасауы керек, қандай есептер шығарады, оларды ойлы түрде іске асыру, деректердің, құрылымын ойға салу т.б.)

  2. Интерфейсті жобалау, яғни қажетті басқарушы элементтерді, батырмалар, тізімдер, т.б. пішінге ораластыру.

  3. Бағдарламалық кодты жазу, ол пішінге орналастырылған басқарушы элементтерді біріктіреді.

  4. Бағдарламаны өңдеу. Бұл кезең келесі кезеңдерге қарағанда көп уақыт алады.

  5. Соңғы компилиция және керек болса дистрибутивті құру (демек setup.exe тұрақталған файл).

Бұл кезеңдердің барлығын еске сақтаған жөн, себебі олар кез-келген бағдарламаны жазуға пайдаланылады. Кезеңдердің тәртібінің мәні өте зор. Мысалы, бағдарлама кодын алдымен жазып, содан кейін пайдаланушының интерфейсін өңдеуге болмайды (мысалы, бағдарламының интерфейсі болмаса, немесе интерфейске тәуелсіз бағдарлама немесе процедура жазсаңыз, осы сияқты жағдайлар болуы мүмкін).

Ары қарай тікелей интегралданған ортаның өңдеуін оқуға кірісуге болады. Интегралданған IDE (Integrated Development Environment) өңдеуші ортасы- ол бағдарлама құруға қатысатын құралдар жиыны және жұмыс орны.

Визуалды ортаның неігзгі элементтері дисплей экранында бағдарламаау ортасын қосқаннан кейін шығады. Саны онға жетерлік жасырын және көмекші терезелер қажет болған жағдайда шақырылады.

Visual Basic ортасымен танысуды Студенттерге таныс Windows- қосымшалары интерфейстері (MS Word, MS Excel) оқу технологиясында практикалық жұмыстарды орындағандай етіп таныстыруға болады.



Жұмыс технологиясы

  1. Visual Basic-ті іске қосыңыз:

Пуск Программы - Microsoft Visual Basic 6.0. - Visual Basic 6.0.

  1. Пайда болған терезеден бағдарламаның стандартты интерфейсін құру үшін Standart.exe таңдаңдар.

  2. Терезенің жоғарғы жағында ашылатын меню сызғышы сияқты барлық Microsoft қосымшаларында ашылатындай басты меню орналасқан. Терезе келесі негізгі командаларды құрайды: File (Файл), Edit (Правка), View (Вид), Project (Проект), Format (Формат), Debug (Отладка), Run (Запуск), Query (Запрос), Diagram (Диаграмма), Tools (Сервис), Add-Ins (Надстройки), Windows (Окно), Help (Справка).

4. Тапсырма: жиі қолданатын командаларды қарастырып, кестенің оң жақ бөлігіне өз беттеріңмен толтырыңдар.

1.1. -кесте. File менюі командалары

Команда

Мәні

New Project (Жаңа жоба)




Open Project (Жобаны ашу)




Save Project (Жобаны сақтау)




Save Project As (Жобаны қалай сақтау)




Save <имя формы> (Пішінді сақтау)




Save <имя формы> As (Пішінді қалай сақтау)




Print (Баспаға жіберу)




Print Setup (Баспаға жіберуді баптау)




Make <имя проекта>.exe (Жобаның Ехе-файлын құру)




Exit (Шығу)





1.2.-кесте. Edit менюі командалары

Команда

Мәні

Undo (Отменить/Болдырмау)




Redo (Повтарить/Қайталау)




Cut (Вырезать/Қиып алу)




Copy (Копировать/ Көшіру)




Paste (Вставить/Қою)




Remove (Переместить/Жылжыту)




Delete (Удалить/Өшіру)





1.3.- кесте. View менюі командалары

Команда

Мәні

Code (Код)




Object (Объект)




Project Explorer (Жоба бағыттаушы)




Properties Window (Терезе қасиеті)




Form Layout Window (Пішін макетінің терезесі)




Toolbox (Құралдар тақтасы)




Color Palette (Түс палитрасы)




Toolbars (Құралдар тақтасы)





1.4.- кесте. Project менюі командалары

Команда

Мәні

Add Form (Пішінді қосу)




Add Module (Модульді қосу)




Components (Компоненттер)





1.5.-кесте. Run менюі командалары

Команда

Мәні

Start (Жіберу)




Start with Full Compile (Толық компиляциямен жіберу)




Break (Тоқтату)




End (Соңы)




Restart (Қайта іске қосу)




4. Басқа қосымшалардағыдай баптауға болатындай меню жолының астында Standart құралдар орналасқан.

Тапсырма: Енгізілген көмекті пайдаланып, Standart құралдар қатарындағы құралдардың мәнін анықтаңдар.

5. Visual Basic IDE терезесінің ортасында пішін дизайнерінің терезесі орналасқан. Бұл терезеде бағдарлама интерфейсін құруға арналған негізгі әрекеттер орындалады.

6. Сол жақта компоненттер терезесі орналасқан. Элементтер тақтасы белгішесі басқару элементтерін ұсынады. Бағдарламаның графикалық бөлігі қолданушының графикалық интерфейсі (Graphical User Interface) деп аталады.

7. Пішін терезесінің оң жағында қасиеттер терезесі орналасқан. Қасиеттер терезесінде бас кезінен пішін қасиеті ұсынылған.

Тақырып қатарының астында орналасқан тізімдер өрісі қажетті басқару элементін таңдауға мүмкіндік береді. Төмен орналасқан тізімде- осы элементтің қасиеттер берілген (альфавит бойынша-1 қосымша, немесе категория бойынша 2-қосымша). Қасиеттерді өңдеу үшін қолмен немесе тізімнен сәйкес өрісті таңдау арқылы орындалады.

8. Project жобасының бағыттаушы терезесі Windows жүйесінің бағыттаушына ұқсас болып келеді және таңдаған жобаның құрамын және қасиетін оңай әрі тез қарап шығуға, егер бірнеше жоба бірден ашылған болса жобалар арасында ауысуға, бір жоба терезесіндегі қажетті объектінің көшіріп келесі жоба терезесіне орналастыруға болады.

Жоба бағыттауышын View (Вид) - Project Explorer (жоба бағыттауышы) командасы арқылы шақыруға болады.

Жоба бағыттауышы терезесінің құралдар панелі келесі мәнге ие үш батырмадан тұрады.


Батырма

Мәні




Бағыттауыштан таңдалған объектінің бағдарламасының коды, редакторы.




Таңдалған объектіні пішіндер конструкторында ашылады.




Қапшықтар бейнелерін қосады/өшіреді.

Тышқанның оң жақ батырмасын басқанда бағыттауыш терезесінде басқа объектілердің басқару элементтері пішінді қосуға, өшіруге, кішірейтуге, сақтауға арналған командалары бар контекстік меню пайда болады. Контекстік менюде бағыттауыш терезесінің батырмалар әрекетінің төлнұсқалары берілген.

9. Form Layout (пішін макеті) пішін макетінің терезесі View (Вид) - Form Layout Window командасы арқылы шақырылады. Бұл терезеде жобалап жатқан пішінді кішірейтілген кескін бейнесінде, бұл пішін қолданбада орындалып жатқан кезде қалай бейнелетінін экран маниторында көрсететіні сияқты бейнеленеді. Пішін мөлшері Form Layout макет терезесінде манитордың кескін пропорционал мөлшерде осы терезеде яғни барлық нақты пропорциясы нақты сақталған түрде берілген.

1.1.-кесте 1.1. Visual Basic ортасында құрылатын бас жобаның файлдары

Файлдың аты

Мөлшері

Файлдың мазмұны

Form1.frm

496

Бағдарлама мәтіні және пішіні сипаттамасы берілген файл

Project1.exe

16.384

Орындалып жатқан файл қосымша. Ехе-файл құру үшін, File- Make Project 1.exe командасын орындау қажет

Project1.vbp

582

Жоба файлы

*.bas




Кластардың, әр модульдердің файлы

.*ocx




Басқару элементтер қосымша элемент беруінің файлдары

Ехе файлдың басқа компьютерде жұмыс істеу үшін Visual Basic 5.0/ Visual Basic 6.0 жүйесіне кіретін және С:/ Windows/ System каталогында орналасқан - Windows құрамында MSVBVM50.DLL/MSVBVM60.DLL динамикалық кітапханасы болуы.
2-дәріс. Visual Basic 6.0.- те бағдарламалау негіздері (1 сағат)

Негізгі масат: студенттерді Visual Basic-те бағдарламалаудың негіздерімен таныстыру.

Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер айнымалыларды, айнымалыларды сипаттаудың әдістерін, айнымалылардың әсер ететін аймақтарын, мәліметтер типін білуі керек.

Берілген тақырыпты түсіндіргенде мұғалім Студенттерді басқару элементтерінің көмегімен компонент терезесі бағдарламаның интерфейсімен жобаланатынына көңіл аударту керек. Бірақ толық бағдарлама үшін ол жеткіліксіз. Басқару элементтерін басқараын және қандай да әрекеттерді орындататын бағдарламаның кодын жазу қажет. Барлық жоғарғы деңгейдегі тілдердің бағдарламалық коды мыналардан тұрады:



  • айнымалы;

  • өрнек;

  • опреаторлар;

  • құрлымды басқарушылар;

  • функциялар;

  • кластар және объекттер.

Берілген сабақта айнымалы түсінігі, өрнектер және операторлар түсініктермен байланысты сұрақтарды құрастыру ұсынылады. Студенттерге кейбір сәттер 9- сыныптың курсынан белгілі, сондықтан сабақтың әңгімелесу түрінде өткізуге болады, келесі сұрақтарға көңіл бөліндер:

  • айнымалылар, айнымалылардың атауы және есептің ұсынылған талаптарына сай атауларды;

  • Visual Basic жүйесінің негізгі берілгендер типтері;

  • айнымалыларды сипаттау аймағы;

  • айнымалылардың әрекеттеу аймағын;

  • жиымдар;

  • тұрақтылар;

  • меншіктеу операторлары;

  • бағдарламада түсініктемелерді қолдану;

  • бір қатарда операторларды жазу ережесі және ұзын қатарларды түсіруді қолдану;

  • With нұсқауы.

Бір объекті бойынша командалар тізбегін оны әрқашан қоса бермей орындау үшін, With нұсқауы қолданылады.


Private Sub

Command1­­_Click ()



Private Sub Command1­­_Click ()’With Label1’ батырмасын басқан кезде ’With нұсқауын белгісі үшін жасаймыз.

Label1.Caption=”Салем”

Caption=”Салем” жазуды өзгертеміз

Label1.FontSize=14

Font Size=14 қаріпті өзгертеміз

Label1.ForeColor=RGB (255,0,0)

Fore Color=RGB (255,0,0) түсін өзгертеміз




End With нұсқауды аяқтаймыз

End Sub

End Sub

Осылайша тағайындалған ұзындықты айнымалы туралы түсінікті енгізуге болады. Кейде айнымалыларды белгілі бір символдарға дейін шектеу қажет, ол үшін айнымалыларды сипаттаған кезде айнымалыны шектеуге дейінгі айнымалының символдарының санын көрсету керек. Мысалы:

Dim X As String * 3 Х айнымалысын 3 символға дейін шектейміз.

Private Sub Form _Load ()

X=”123456”

MsgBox X Выдает 123

End Sub

Visual Basic айнымалыларды статистикалық анықтауға мүмкіндік береді. Прцедурадан шығарда статистикалық айнымалылардың мазмұны сақталады. Процедураны жаңадан шақырған кезде айнымалы соңғы рет процедурадан шығардағы мәнін меншіктейді. Айнымалының мазмұны жадты пішін мен модуль сақталған уақытта да сақталып тұрады. Айнымалыларды сатистикалық айнымалы ретінде сипаттау үшін Dim сөзінің орнына Static сөзді қолданады.

Static Айнымалы_аты As Мәліметтер _типі

Private Sub

Command1­­_Click ()

Static А As integer

Dim D As integer

A=A+1

B=B+1

Print A

Print B

End Sub

Command1­­-ді әр кезде шерткен А статистикалық айнымалысы 1-ге артып отырады, ал статистикалық емес В айнымалысы әр шерткен сайын қайтадан баптандырылады, сондықтан оның мәні шығарылатын кезде 1-ге тең.


3-дәріс. Процедуралар (1 сағат)

Негізгі мақсат: Visual Basic жүйесінде процедура, процедураның көріну аймағы туралы түсінік қалыптастыру; Студенттерді код терезесінің құрылымы және онымен орындалатын негізгі жұмыстардың принципімен таныстыру қажет.

Білім мен білікке қойылатын талаптар: Студенттер процедура түсінігін, процедураны сипаттауға қойылатын талаптарды, процедураның көріну аймағын білуі керек; процедураларды оқиғаларды өңдеу үшін қолдана білуді, қолданушы процедураларын қолдануды, бағдарламаның коды терезесінде жұмыс істеуді білуі керек.

Бағдарламалау барысында біріншіден оңай күйін келтіруге, ал екіншіден басқа процедураларды құғанда қолданылатын, бағдарламалық кодты кішірек логикалық бөліктерге бөлуге мүмкіндік беретін процедуралар кеңінен қолданылады. Visual Basic-те процедураның келесі түрлері берілген:


  • Sub

  • Function

  • Property

Sub процедурасы мәнін қайтармайды және онымен байланысты оқиғаны өңдеуе жиі қолданылады. Оны стандартты модулдерге, модулдер және формалар кластарына орналастыруға болады.

Оның синтаксисі мына түрде болып келеді:



[Private] [Public] [Static] Sub Процедура аты (аргументтер)

операторлар

End Sub

Sub және End Sub қызметші сөздерінің арасына процедурада оны шақырған кезде орындалатын бағдарламалық код операторлары орналасады. Sub процедуралары жалпы және оқиғалар процедуралары болып бөлінеді. Жалпы процедуралар оқиғаларды өңдегенде қолданылатын процедураларға орналастырылатын, қайталанатын операторлар үшін қолданылады, сондай-ақ оларды жүктеу барысында және төлнұсқалағанда көп кездесетін кодтарынан басқа, өзінің кезегінде қолданбаның жұмысын жеңілдетеді.

Оқиғаларды өңдейтін процедуралар Visual Basic пішімдерінде орналасқан объектілермен немесе пішімнің өзімен байланысқан және өздерімен байланысқан оқиға басталуымен ғана орындалады. Формамен байланысқан Sub процедурасының оқиғағасы үшін келесі синтаксис берілген:



Private Sub Form_оқиғаның аты (аргументтер)

операторлар

End Sub

Синтаксисте көрсетілгендей, оқиғаны өңдеу прцедуралары атауында Form сөзінен тұрады, содан кейін барып (_) символы және оқиға орналасқан. Мысалы, форманы жүктегенде орындалатын процедура аты, Form_Load болады, ал «тышқанды» шерту арқылы орындалатын процедура үшін формада Form_Click деп беріледі.

Форманы басқару элементімен байланысты оқиға үшін, Sub оқиғасын өңдеу процедурасы үшін келесі синтаксис берілген:

Private SubБасқару элементтің аты _Оқиға аты (аргументтер)

Операторлар

End Sub

Visual Basic ортасында процедураларын жазу үшін өте қуатты редактор бағдарламаның бастапқы кодын ендіруге ыңғайлы енгізетін құралдары бар код редакторы пайдаланылады. Ол терезеге өтудің бірнеше әдістері бар:


  • жоба бағыттауышы терезесінің басқару панеліндегі батырмаға шерту арқылы;

  • View(Вид) – Code (Код) командасы арқылы;

  • Формадағы компонентті немесе форманың өзін екі рет шерту арқылы.

Project терезесінің жоғары жағында ашылатын екі тізім орналасқан: Object (Объект) және Procedure (Прцедура). Сол жақ тізім Object секциялар арасынан ауысуға мүмкіндік береді. Стандартты модуль үшін Object тізімінің жалпы секциясынан тұрады.

К
ласс модулінде бұл тізім жалпы және класс секцияларынан тұрады. Object пішімі тізімі, секциясы үшін жалпы секциядан, сондай-ақ объектілер пішімінде орналастырылған секциялардан тұрады.



O
bject
тізімінен таңдалған әрбір секция үшін, Procedure оқиғалардан тұратын код редакторы терезесінің тізімінің көмегімен қатынасатын процедура құруға болады. Object тізімінен (General) модулі секциясын таңдаған кезде Procedure тізімі DLL кітапханасын және тұрақтыларды, жергілікті айнымалыларды сипаттауға мүмкіндік беретін тек қана жалғыз Declarations (Жарнама) мәнінен тұрады.

Visual Basic – те бағдарламалық кодтарды жазудың жеңілдігі редактор жасақтаушыға автоматты түрде қажетті операторлар тізімін, функцияларды, объектілер қасиеттерін ұсынады. Мысалы, пішінннің басқару элементтерінің атауын енгізу барысында экранда сол объектінің қасиеттер тізімі пайда болады. (5.9 - сурет). Сендерге тізімдегі қажетті қасиеттке тышқанды екі рет шерту жергілікті, ол бағдарламалық код орналастырады.






Visual Basic редакторы қолданушыға оператор мен функцияларды жазу барысында синтаксистік көмекті ұсынады. Олар экранда операторлар мен функциялардың атауын енгізу барысында меңзердің астынан шығады.

Function процедурасының Sub процедурасынан айырмашылығы ол шақырылған процедураға мәнін қайтарады. Function процедурасының синтаксисі келесі түрде беріледі:

[Private] [Public] [Static] Function (Процедура аты, аргументтер) [As type]

Операторлар

Function


Function процедурасының As қызметші сөзі тағайындалатын айнымалылар сияқты типі бар. Егер процедураның типі тағайындалмаса, алғашқы келісім бойынша ол Variant типін меншіктейді. Процедураның типі өз кезегінде кезегінде оның қайтарылатын мәнінің типімен анықталады. Қайтарылатын процедура мәні процедураның атын меншіктейді. Процедуралар Visual Basic стандартты функцияларының баламасы ретінде бағдарламалық кодтың өрнектерінде қолданылады.

Шаршының ауданың есептейтін процедураны қарастырайық.

Function Square (A As Integer) As Long

Square=A^2

End Function

Бұл процедураны шақыру үшін пішінде мына кодты пайдалануға болады:

Private Sub Text1_Change ( )

Text2.Text=Square(Text1.Text)

End Sub



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет