Автоматтандырылған жүйені құрудың мақсаты мен міндеттері.
АКАЖ – бұл кітапханалық-библиографиялық ақпаратты жинауға, сақтауға, қайта құруға, ақпаратты қолданысқа беруге және пайдалану операцияларын орындауға арналған бағдарламалық техникалық кешен немесе басқару жүйесі болып табылады.
АКАЖ құрудың мақсаты:
Кітапхана жүйесіндегі технологиялық операцияларды орындау үшін еңбек шығындарын азайту;
Оқырмандарға ұсынылатын қызметтердің құрамын кеңейту;
Деректер базасына және басқа бөлімдегі мәліметтерге жедел қол жетімділікті қамтамасыз ету;
Ақпараттық-анықтамалық қызметтердің сапасын арттыру;
Оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің ыңғайлылығын арттыру.
АКАЖ-ні жобалаумен байланысты жұмыстарды орындау кезінде автоматтандыру объектісін жобалау алдындағы тексеруден бастап, оның бағдарламалық-техникалық кешендерін, ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын (деректер базасының құрамы мен құрылымдарын) әзірлеуді аяқтай отырып, жүйе мен оның жекелеген кіші жүйелері шешетін міндеттердің құрамын анықтау және әзірлеу маңызды орын алады.
*** сурет. Ақпараттық жүйенің міндеттері
АКАЖ құру кезінде алдымызға қойылған міндеттерді атап кететін болсақ:
Функционалдық міндет - нақты қызметтің, автоматтандырылған жүйенің немесе оның бөлігінің жұмысының негізгі мақсатымен байланысты. Әрбір автоматтандырылған жүйенің функционалдық міндеттерін шартты түрде қызметтік міндеттерге (жүйелік функцияларға бағытталған) және пайдаланушы міндеттеріне (жүйенің пайдаланушыларының функцияларына бағытталған) бөлуге болады.
Ақпараттық міндет – бұл жүйенің пайдаланушыларына немесе персоналына қажетті деректерді іздестірумен байланысты міндет (тиісінше-ақпараттық пайдаланушылық және ақпараттық қызметтік міндеттер).
Регламенттік міндет – функционалды міндеттің бір түрі, оны шешу берілген уақыт аралығында (мысалы, құжаттық ағындарды өңдеу, кітапхана оқырмандарының әдебиеттерді қайтаруын бақылау және т.б.) және ақпараттық міндеттер (АКАЖ пайдаланушыларына басылымдарды іріктеп тарату, дайындау және ұсыну) арқылы жүргізіледі.
Қолданбалы міндет – қолданбалы сипатқа ие бағдарламалау міндеті. Қолданбалы міндет қосымшалар, бағдарламалар және сұраныстар түрінде ұсынылады.
Міндеттер «бөлінбейтін» және «құрамдаc» болып жіктеледі:
Бөлінбейтін міндеттер – қандай да бір себептермен жекелеген міндеттер ретінде құрамдас бөліктерге бөлінуі мүмкін емес жұмыстармен, функциялармен, жекелеген операциялармен немесе олардың топтарымен байланысты болып келеді.
Құрамдас міндеттер екі және одан да көп бөлінбейтін және басқа да құрамдас міндеттерге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |