ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
|
3 деңгейлі СМК құжаты
|
ОӘК
|
ОӘК 042-18-12.1.3/03-2013
|
«Автоматтандырылған басқару жүйесі»
пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
|
18.09.2013
Баспа №1
|
«Автоматтандырылған басқару жүйесі»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
мамандығына арналған
оқу-әдістемелік материалдар
Семей
2013
Мазмұны 1. Глоссарий
2. Лекциялар
3. Практикалық сабақ.
4.Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
Бұл ОӘМ-да келесі терминдер, сәйкес анықтамаларымен қолданылған.:
1.1.Басқарудың автоматталған жүйесі (БАЖ) – бұл адамның түрлі қызметі саласындағы басқаруды оптимизациялауға арналған, ақпаратты автоматты түрде жинауға және сақтауға арналған адам – машиналық жүйе
1.2. Элементтердің өзара байланыстылығы – деп өзара байланысқан элементтер жиынын айтады , яғни, басқа элементтермен байланысы жоқ жиын элементіоның құрамына кірмейдіу.
1.3. Ақпараттық жүйе — қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты өңдеу, жіберу және сақтауға арналған қызметкерлер, құралдар мен әдістердің өзара байланысқан жиыны.
1.4. Жүйені жергіліктендіру процесі — бұл оның шекарасын анықтау, оның элементтер жиынын, маңызды және маңызсыз байланыстарын ерекшелеу.
1.5. Реляциялық (ағылшыннан relation — қатынас)- модель бөліктерін құрайтын байланыстармен құралған берілгендерді сақтау моделі.ОНы екіөлшемді кесте түрінде елестету ыңғайлы.
1.6. Берілгендердің реляцииялық моделі – реляция немесе қатынас деп аталынатын, байланысқан кестелер жиыны түріндегі ақпарат.
1.7. Басқару — бұл қандай да бір физикалық процестің (мысалы, өндіріс процесі) жүруін қамтамасыз ететін және берілген бір мақсатқа(немесе бірнеше мақсатқа) жетуге талпынатын мақсатқа бағытталған әсер ету .
1.8. Жүйе— байланыстың ортақ мақсатқа бағытталған ережелер мен бір мақсатқа біріктірілген өзара байланысқан элементтер жиыны.
1.9. Құрылым – ішкі кеңістік - уақыттық байланыстың және оның жекеленген элементтерінің үнемі реттеліміне қатысты және олардың ішкі ортамен өзара байланысы.
1.10. БАЖ-нің функционалды бөлігі – бұл кәсіпорындық функцияларды жүзеге асыратын ішкіжүйелер жиыны.
1.11. Өндіріс жүйесінің мақсаты— бұл әртүрлі түрдегі шикізаттарды тиімді әдіспен өнімге айландыру .
2. лекциялар
Лекция 1.
Автомобильді транспорттағы ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматталған жүйесі.Кіріспе.
Лекция сабағының мазмұны:
Автомобильді транспорттағы басқарудың автоматтандырылған жүйесі(БАЖ).
БАЖ терминологиясы .
БАЖ есептерінің қойылымы.
Автомобильді транспорттағы БАЖ-дың қазіргі жағдайы .
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі(БАЖ) экономиканың барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Әр түрлі кластардағы және тағайындауларда БАЖ құрылған және жұмыс істейді.
БАЖ- нің құрылуы басқару объектісін талдаумен және басқару критерийлерін таңдаумен, жүйенің құрылымымен функциясын анықтаумен теңестіріледі. Функциялардың параметрлері объектінің ерекшеліктерімен анықталады. Басқарудың жекеленген функциялары техникалық құралдар комплексі(ТҚК) базасының автоматизациясына жатады. ТҚК-нің қасиеттері мен топологиясын анықтау бірінші кезекте функциональді- ақпаратты талаптардың орындалуын байланысты. Сөйтіп, мехнизмнің жалпы логикасы басқару жүйесінің параметрлерлеріне ,басқару объектілерінің параметрлеріне тәуелділігімен сипатталынады. Қазіргі уақытта БАЖ-н терминологиялық түсіндірулердің көптеген түрлері бар. Кейбір әдебиеттерде БАЖ терминінің орнына, автомобильді транспорттағы БАЖ- нің жеке есебінен тұратын, тауар қозғалысын ұйымдастыруға комплексті жақын келетін, «логистика» терминін қолданады. Навигационды жүйелерді қолданып, автотранспортты басқаруды білдіретін, БАЖ терминін алмастыртын тағы бір термин ол - "телематика".
Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АӨБАЖ), уақытпен тексерілген БАЖ-нің интеграцияланған анықтамасын сақтай отырып, кез келген сала облысындағы, соның ішінде автомобильді транспорт саласындағы ақпаратты өңдеу процесі жататын басқарудың түрлі процестерінің бар екенін білдіреді.
АӨБАЖ нақты қолданушыны ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құрылған және ол оның жұмысына қатысады. АӨБАЖ –н түрлендіру дегеніміз –проектілеу этабында және ақпаратты түрлендіруге енген автоматтандыру процесіндегі проектілеушілер мен проектілеу этаптарының басқа да мамандарының көмегімен құрылған ақпаратты, программалық қамсыздандырулардың көмегін қолданып қолданушының есептерді шешуі.
БАЖ-нің бірінші өңдеулерінде принципильді жаңа әдістемелер болған жоқ, тек басқару есептерін дәстүрлі технологиялармен шешетін, операциялардың орындалуына кететін еңбекті азайту үшін, үлкен арифмометр ретінде қолданылатын, қымбат тұратын есептеу техникасын қолданылды. Ұйымдардағы басқаруды автоматтандыруды құрудағы ең таралған кемшілік болып, есептің қойылымының деңгейінің төмен болуы есептелінді. Мұның басты себебінің бірі - ақпарат ағынын зерттеуде, есептің экономикалық тасымалдау маңыздылығын сипаттауда, шығарылатын ақпаратты проектілеуде басқару қызметін және мамандарды қолданбау. Сонымен қатар, автоматтандырылған режимде есептің барлық комплексі өңделмеген, сондықтан қолданушыда жаңа технология ойлап табуға деген қызығушылық аз болады. АӨБАЖ –н құру тәжірибесі көрсеткендей, тек нағыз маман ғана орындалған жұмысқа толық және мамандыққа баға беретіндей сипаттай алады. Қолданушының қатысуы есептің қойылымын қоюмен ғана шектелмейді, ол жүйенің сынақ тасымалдауын да жүргізуі тиіс.
Компьютерде отырып қолданушы есептің қойылымының жетіспеушіліктерін анықтап, қажет жағдайда енгізілетін және шығарылатын ақпаратты, нәтиже шығатын форманы түзетуі, және оларды құжат түріне рәсімдеуді орындауы қажет. Сынақ тасымалдауға қатысу – бұл қолданушының компьютерде жұмыс істеп үйренуі және программалық құрылғылармен танысуы ғана емес, сонымен қатар қолданушылардың жұмыстың жаңа шарттарына, жаңа технологияларға, жаңа күрделенген технологияларға бейімделу процесі.
Қолданушының АӨБАЖ-н құруға қатысуы перспективада есептің шешілуінің оперативтілігін және сапалылығын, сондай- ақ жаңа технологияның енуіндегі уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қолданушыны оқыту белсенді түрде жүреді, өңдеуші ретінде де, қоюшы ретінде де мамандану дәрежесін көтереді. Жаңа технология ортасында жұмыс істеуге қажетті барлық дағдылар АӨБАЖ-нің тәжірбиелі тасымалдау процесі және ары қарай жұмыс істеу нәтижесінде жетіледі және бекітіледі. Бірақ,ол үшін қолданушы объектіні зерттеу әдісімен және оның нәтижесін жалпылаумен алдын ала таныс болу керек.Бұл қолданушыға автоматты өңдеуге жататын есептерді, функцияларды айқындауға және анықтауға көмектеседі және олардың қойылымдарын маманданған түрде қоюға көмектеседі. Есептің қойылымы- бұл есепті белгілі бір ережелерге қатысты сипаттау. Есептің қойылымын анықтау негізінде программист оны шешу логикасын тауып, оны жүзеге асыратын стандартты программалық құралдарды ұсынуы қажет.
Есептің қойылымы арқылы, оның мазмұн мазмұндамасын регламентациялау арқылы “қолданушы-қолданбалы программист” арақатынасының қиындықтары жойылады, ол бұл арақтынасты көбірек логикалы және жүйелі етеді. Есептің қойылымын анықтау үшін, логикалық және ақпараттық маңыздылығын толықтай елестету үшін қажетті және жеткілікті ақпарат қолданылады. Ондай ақпаратты ескі технологияда есептің шешімін жүзеге асырған сәйкес орган қызметкерлері орналастырады.
Есептің қойылымын анықтау үшін қолданушы тек сол пән облысындағы кәсіпқой білімді ғана емес, сондай-ақ, компьютерді, ақпаратты технологияны да меңгерген болуы керек. Ереже бойынша, қолданушы функциялары бойынша оның қажеттілігін қамтамасыз ететін, белгілі бір қызмет түріне (бухгалтерлік, қаржылық, және т.б) бағытталған дайын программалық пакеттерді қолданады. Мұндай бағыт бүгінгі күні қолданушыларға қызмет көрсету саласын компьютерлендіру және ақпараттандыруда басты болып табылады. Көптеген жағдайда олар түпнұсқа қолданбалы программалармен толықтырылады. Бірақ кез келген жағдайда есептің қойылымын анықтау қажет. Есептің қойылымын сипаттағанда оның көлем –уақыттық жағдайына көңіл аударылады. Олар енгізілетін және шығарылатын ақпараттың көлемін ( бірлік уақытта өңделетін жол, белгі, құжаттың көлемі), түскен уақыттың ерекшелігін, ақпараттың берілуі мен өңделуін бейнелейді.
Есептің қойылымын сипаттау процесінде дәлділікті салыстыра тексеру және барлық ақпарат бірлігі мен олардың жиынының аттарының толықтығы маңызды болып табылады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қазіргі қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Оларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Өндірістік процестің жетілуі пайдаланылатын ресурстар (өндірістік жүйе кірістері) саны мен алынған тауар мен қызмет көрсетулер (жүйе шығыстары) санының нәтижелі нұсқаларын іздеусіз мүмкін емес. Сөйтіп, өндірістік жүйенің жұмыс интенсификациясы туралы айтып, жүйе жағдайы туралы ақпаратты өңдеу негізінде түзілген басқару күштерін бағаламауға болмайды. Кез келген өндірістік жүйенің өміршеңдігі мен тиімділігі қазіргі жаңа технологиялар қамтамасыз ететін есептердің уақтылы және дәл мәнді орындалуына тікелей байланысты.
Персональді компьютердің пайда болуы ақпараттық революцияға әкеп соқты. Ақпарат ресурсы материалмен, энергиямен, капиталмен тең дәрежелі болды. Жаңа экономикалық категория пайда болды. Ол - ұлттық ақпараттық ресурстар. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігі ғылыми білімді қолдануға негізделіп өндірілетін ресурстарды пайдалануға әкеп соқты. Персональді компьютер базасында, ғылымды қажет ететін өнім өндіруде қажет кәсіптік білім беру шығындары өзіндік құнның 70%-ын құрайды, ал индустриальді дамыған елдердегі тұрғындардың ақпаратты өңдеудегі экономикалық белсендігі - 60—90%.
Жолаушылар мен жүк тасымалдауда, жылжымалы құраманы өндіру мен жөндеуге сәйкес күштердің жиынында автомобильді транспорттың рөлі жоғары. Қазіргі күні автоматталған және автоматизацияланған жүйелерді қолдануға байланысты басқару қызметін автоматтау екі бағыттан тұрады. Олар басқару объектілеріне қарай ерекшеленеді: Егер бірінші жағдайда басқару объектісі технологиялық процестер болып табылса, дербес жағдайда құрылғы - жұмысшы, ал басқаруда адам жанама рөл атқарса, екінші жағдайда қызмет көрсету және материалды өндіруде адамдар тобы анық бір рөл атқарады .
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.БАЖ-нің анықтамасы мен негізгі ұғымдары.
2.БАЖ-нің типтік құрылымы мен оның функциялану принципі ее функционирования
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.
2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.
Лекция 2.
Басқару жүйесі ұғымы.
Лекция сабғының мазмұны:
Жүйе ұғымы.
Жүйе құрылымы
Жүйе ұғымы. Соңғы кездері «жүйе» ұғымы өте жиі және кең мағынада қолданылып жүр. (білім жүйесі, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі, күн жүйесі, есептеу жүйесі және т.б.). «Жүйе» сөзінің әртүрлі қолданылуына қарамастан, олардың көбі келесі мағынаға жақын:
Жүйе — бұл бір мақсатқа біріктірілген және ортақ арақатынас ережелеріне бағытталған әрекеттесетін элементтер жиыны. Э л е м е н т т е р ж и ы н ы деп бұл жерде ортақ қасиеттері бар элементтер терілімі ғана емес, сондай - ақ жиындағы әр элементке қатысты ортақ сипаты бар жиынды айтуға болады.
Элементтердің ө з а р а б а й л а н ы с ы деген жүйенің басқа элементтеріне байланысы жоқ жүйе элементі жүйе құрамына кірмейді. Жүйе ортақ сипатталымымен ғана анықталмайды, сонымен қатар нақты берілген күйге жетуге деген талпынысы бар элементтер арасындағы мақсатқа бағыталған ережелердің арақатынасымен анықталады.
Элементтер арасындағы өзара қатынастың болуы ұйымдастырылған күрделілікті анықтайды. Элементтер арасындағы өзара байланыстың немесе параметрлердің біреуінің өзгеруі басқа параметрлердің өзгеруіне әкеп соғады. Жиынға бір немесе бірнеше элементті қоссақ, қосымша байланыстар қосылады және ескі байланыстар өзгереді. Күрделілік ұғымының өзі жүйе қасиеті болып табылады.
Ұйымдастырылған жүйе ұғымын енгізуден жүйеге кіретін элемент саны шектеледі. Берілген жүйе үшін ішкі сфераны құрайтын, оны қоршаған элементтермен байланысатын, ішкі жүйеге кірмейтін элементтер жиыны да бар болады.
Ж ү й е н і ж е р г і л і к т е н д і р у процесі — бұл жүйенің шекарасын анықтау, оның элементтерінің жиынын, маңызды және маңызды емес байланыстарын ерекшелеу. Практикада біршама қиындау болып табылады. Мұнда екі түрлі қателер жіберілуі мүмкін:
1) маңызды байланыстарды алып тастау ;
2) жүйе жұмысына әсер етпейтін байланыстарды есепке алу.
Егер мақсатты функция және жүйенің жұмыс істеу алгоритмі белгілі болса, жүйені жергіліктендірудің шешімі оңайлатылады. Шекараны анықтауда кеткен қателік өңдеудің бірінші этабында болады бірақ, жүйені зерттеу әдістері оған кепілдік бермейді. Сондықтан жүйе туралы білімнің нақтылануы мен кеңеюінен , оның нақты моделінен зерттеуші жүйенің шекарасына қайта оралып, оның ішкі ортамен байланысын анықтап, бастапқы кеткен қателікті түзетуі керек.
Жүйенің құрылымы. Жүйені зерттеудің итеративті жолы берілгеніне ұқсас, жүйенің өзін анықтауда жоғарыда берілген маңызды және конструктивті сипаттамалардың бірі қолданылды. Ол— құрылым, яғни оның жеке элементтерінің арасындағы ішкі кеңістікті—уақыттық байланыстарға қатысты үнемі реттелім мен жүйенің функционалді мәнін анықтайтын олардың ішкі ортамен байланысы.
Басқару жиынының құрылымының сипаттамасын меңгере келе оларды кез келгенін жүйе құратын өзара байланысқан элементтер жиыны(процестер, объектілер) ретінде қарастыру практикада ыңғайлы болып табылады.
Мұндай Sj жүйесінің әрқайсысы ерекше болып табылады және S: Sj S жоғарғы дәрежелі жүйенің қандай да бір бөлігі (ішкіжүйесі) ретінде қарастырылады.
Sj және S жүйелері арасындағы өзара байланыстар құрылымдық орналасуына және басқару функцияларын орналастыруына қатысты жоғағы дәрежелі S жүйесіне бағынатын Sj ішкіжүйесі қарастыратын иерархиалық принцип бойынша құрылады.
Егер бөліну процесі анықталған белгілер бойынша элементарлы құрамдарды алу мақсатында орындалған болса, онда кез келген жүйені әртүрлі рангті, дәрежелі ішкіжүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйені бөлу процесі түрлі әдістер бойынша орындалады, сонымен қатар әр ішкіжүйенің элементтерінің саны әртүрлі болды. Жүйені бөлу нәтижесінде пайда болған барлық ішкіжүйенің жиыны S жүйесінің М жиынын құрайды.
Сөйтіп, бөлу әдісі қанша болса, жүйеде сонша М жиын болады.
1-сурет. Метажүйе «Ағашы»
Бөлу операциясының әрқайсысынан жеке ішкіжиын шығады. Олардың әрқайсысы әрдеңгейге жататын S метажүйе «Ағашын» құрайды .
Ішкіжүйелер мен оларды байланыстырып тұрған өзара байланыстар жүйенің құрылымын құрайды. Нақты әрекет ететін ерекшелеуді басқару жүйелерінде және ішкіжиын ұйымдарында функционалды немесе басқа қасиеттерімен жиынға кіретін элементтер құрамы бойынша басқарылады.
Жиынды функционалді белгілері бойынша бөлу жүйенің орналастырылған және бар сәйкестіктері арқылы жүргізіледі.
Жиынды элемент құрамы бойынша бөлу анықталған функцияларды орындау барысында элементтердің өзінің құрылымын есепке алу арқылы жүргізіледі. Жүйе элементі ретінде ерекшеленген берілгендендер, ақпараттар, құжаттар, техникалық құралдар және т.б бола алады. Мысал ретінде өндірістік кәсіпорынды қарастырайық. Егер кәсіпорындағы жұмыс орынын М жиыны деп алсақ, онда ішкіжиын анықтамасына сәйкес қарапайым административті жолды алуға болады: өндіріс—цех—бөлімше—жұмыс орны. Егер М жиынын кәсіпорындағы функциональді қызметтер жиыны (өнім шығарылымы, шикізатты қолдану,жұмыс күшін пайдалану, құралдар паркінің жағдайы) деп алсақ, онда басқарудың мынадай ішкіжиындары бар болады: кадрларды және өтімдерді, бас энергетикті, бас технологты қамтамасыз ету бөлімі және т.б.
Демек, практикада кәсіпорынды басқару жүйесін құру М жиынын берудің әртүрлі әдісінен шығатын екі немесе одан да көп иерархиялық құрылым синтезімен жүзеге асырылады. Алайда М таңдау нұсқасы альтернативті болуы да мүмкін.
Ары қарай барлық жүйелерді емес, тек жүйелердің белгілі бір класын ғана қарастырамыз. Өндірісті ұйымдастыру жүйесін басқару жүйесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.БАЖ құрылымы
2. БАЖ-дың мәні және оның тасымалдаудың логикалық тізбегіндегі орны.
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.
2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.
Лекция 3.
Ұйымдастырылған басқарудың мәселелері мен мақсаттары.
Лекция сабағының мазмұны:
Басқару жүйесі
Басқару процесі.
Басқару жүйесі. Басқару жүйесі мен басқарушы жүйелердің құрылымын қарастырайық.
Б а с қ а р у — бұл қандай да бір физикалық процестің жүруін қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған әсер ету және сол берілген мақсатқа жету. Мысалға, өндіріс процесі.
Өндірістік жүйенің негізгі мақсаты — бұл әртүрлі ресурстардың (артериалдар, энергия, жұмыс күшінің және т.б) тиімді түрде өнімге айналуы. (2-сурет ). Физикалық (өндірістік) процестің жүруін қамтамасыз ету үшін оның моделін құру керек.
2-сурет. Өндірістік процестің жалпы сызбасы.
Басқару объектісі басқару жүйесіне басқарушы орган (зауыты басқару, министрлік), жинақтау жүйесі және жүйенің барлық элементтері туралы ақпаратты өңдеу құрылымдық компоненті ретінде кіреді (мысалы,бөлімшедегі, цехтағы, кәсіпорындағы өндірістік процесс).
Өндірістік кәсіпорын басқарудың күрделі жүйесі болып табылады.Мұнда өндірістік процесс өндірістік -техникалық, ұйымдастырылған және экономикалық бірлік ретінде сипатталады. Кәсіпорын келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек: өнім өндіру жоспар мен келісім шартқа сәйкес болуы, өнімнің сапасының жақсаруы, өнімге деген сұранысты зерттеу, кәсіпорын процесін зерттеу және проектілеу, нормативтерді өңдеу, өнімнің өзіндік құнын есептеу және т.б. Бұл жұмыстарды орындауға арналған әрекеттер жиыны және барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік жоспарды орындау кәсіпорынды басқарудың маңыздылығын анықтайды.
3- сурет 3. Кәсіпорынды басқару моделінің сызбасы
Өндірістік кәсіпорынды басқару жүйесін қарастырайық. (3-сурет). 1 контур сырттан жоспарлау және басқару тапсырмалары негізінде кәсіпорынның ішкі басқаруын бейнелейді, 2 контурда (министрлік және басқа жоғарыдағы ұйымдар) «а» байланысымен берілген ақпараттар: кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы, материалдардың түсуі, өнімді шығару туралы, аяқталмаған өнімдер туралы.
Қызметі бойынша кез келген басқару жүйесі келесі негізгі тапсырмаларды шешеді:
Басқарылатын объект туралы ақпаратты жинау және жіберу;
Ақпаратты қайта өңдеу;
Басқару объектісіне басқару әрекеттерін жіберу.
БАЖ бұл есептердің шешімін комплексте автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Басқару процесі. БАЖ-н ұйымдастыру, яғни оның құрылымын, жүзеге асырудың қызметін және әдістерін, басқару процесінің сипатымен және мазмұнымен анықталады.
Бірінші басқару мәселесінің өзін қисынға келтіреміз. Бір немесе бірнеше басқару обьектісінен тұратын жүйе бар болсын. Жүйе жүйенің қызметінің сапасын жақсартатын қарсы әрекет ететін әсерлердің ықпалында болады (мысалы, техникалық құралдардың аяқ астынан істен шығуы немесе оның жұмыс режимінің өзгеруі, өндірісте жұмысшылардың жоқ болуы, материалдарды бұрынғы жүйемен тасымалдау және т.б), жүйені және басқару әсерін қалыпты жұмыс режимінен шығару (мысалы, техникалық режимнің өзгеруі,өндірістің жұмысшыларын қолданудағы админстративтік шаралар, материалдарды жеткізуді жеделдету үшін қолданылатын шаралар, және т.б).
Қарсы әрекет ететін әсерлерді f1(t), f2(t),... fn(t) арқылы, ал басқарушы әсерлерді y1 (t),y2 (t),...,ym (t) арқылы анықтайық. Қарсы әрекет ететін әсерлердің жиынын және басқарушы әсерлердің жиынын f (t) векторы түрінде және сәйкесінше y (t) түрінде көрсетейік. Кез келген уақытта басқару жүйесінің жағдайын анықтау х(t), векторы жағдай шартында, сондықтан х(t)=Х{ х(t0), f (t0,t), y(t0, t)}, (1.1), мұндағы, t0 — бақылау интервалының бастапқы моменті. (1.1) теңдеуі — бұл б а й л а н ы с т е ң д е у і .
Практикалық есептерде Xi(t), сияқты yj(t) оқиғаларының көбі шектелген, яғни х(t ) және у(t) A(t) жағдайы кеңістігі облысы мен B(t) басқару кеңістігі облысымен шектелген;
(1.2)
Егер процесте бастапқы берілген мақсат (мысалы, өнімділік максимумға , кәсіпорын шығыны минимумға ал, түсім максимумға жетсе және т.б )шегіне жетсе, онда б а с қ а р у сапалы болады. Мұны математикалық түрде (1.1) байланыс теңдеуі мен (1.2) шектеуінің бар болуынан қандай да бір функцияның экстремумы түрінде формулалауға болады: E=E{x(t),t} (1.3)
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Басқарудың автоматталған жүйесі: мақсаты, функционалдану критерилері мен принциптері 2.Техникалық- ұйымдастырушылық және функционалды құрылым
Ұсынылатын әдебиеттер :
1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.
2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.
Лекция 4.
Басқару процесінің математикалық моделі
Лекция сабағының мазмұны:
Басқару процесінің математикалық моделі.
Басқару процесінің құрылымдық сызбасы.
Басқару процесінің математикалық моделі. Модельді сипаттайтын терминдерде шектер берілген жағдайда, басқарудың мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін, басқару проблемасы басқаруға әсер ететін векторды (немесе басқару алгоритімін) тауып оны жүзеге асырудан тұрады. Басқару есебін жүзеге асыру жалпы түрде мүмкін емес. Сондықтан мөлшері ол төмендегі түрдегідей шешіледі:
1. (1.1) нақты байланыс теңдеуі қарапайым жағдайда белгісіз сондықтан басқарылатын жүйенің м а т е м а т и к а л ы қ м о д е л і теңдеуімен алмастырылады:
Х*( t) = Х*{х*( t 0). f*(to,t), y*{to,t)}. (1.4)
2. Екі себеп бойынша туындайтын х(t) және f(t), векторлары туралы ақпараттың жетіспеушілігін еске алу керек::
а) (1.4) ке х(t) және f(t),векторларының барлық элементтері кірмейді, тек басқару процесінде өзгерілетін немесе өлшенетін элементтер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |