Тақырыбы Майлау жүйесі Жоспар 1. Майлау жүйесінің мақсаты және аспаптары 2. Майлау жүйесінің негізгі аспаптарының қызметі Біріншісі екіншісіне қатысты ығысатын қозғалтқыштың жеке бөлшектерінің арасында осы ығысуға кедергі жасайтын күш туындайды, бұл күш төзімдік күші деп аталады. Майды жеткіліксіз дәрежеде беру қуаттың жойылуын, тозуды, ысу мен тіпті подшипниктердің балқуын, піспектің сынамалануын туындатады және қозғалтқыштың жұмысын тоқтатады. Картер поддонынан май май қабылдағыш арқылы майлы сорапқа сорылып алынады. Майлы сораптың төменгі секциясы майды радиаторға береді, бұл жерден қозғалтқыш картерінің поддонына түседі. Жоғарғы ғы бөлігінен май қысыммен цилиндрлер блогінің артқы аралық каналы арқылы май сүзгілерінің тұлғасына беріліп, онда тазартылады. Майлау жүйесіне картердің табаны, май қабылдағыш, май сорғышы, май сүзгілері, май радиаторы, майдың қысымын көрсеткіш, құбырөткізгіштермен каналдар кіреді. Майлау жүйесі Майлы сүзгілер. Қозғалтқыштағы майдың сапасы тұрақты болмайды, өйткені май бөлшектің тозуы кезінде пайда болатын ұсақ металлды шаңдарды сорып алады. Бөлшектердің жоғары температурасында май кокстеледі, одан шайыр және бояу тәрізді өнімдер пайда болады. Бұл қоспалардың барлығы зиянды және оларды жою үшін майлы сүзгілерді қолданады. ЗИЛ-130 және КамАЗ қозғалтқыштарына реактивті өткізгішті орталықтан теуіп тазартатын сүзгі орнатылған. Сүзгі өсті тұлғадан тұрады, мұнда подшипникке қалпақты ротор орнатылған. -
Майлау жүйесінің негізгі аспаптарының қызметі Ротордың төменгі жағына тесігі бар әртүрлі жаққа бағытталған екі желбезе және сүзгілі тор орнатылған. Қалпақ гайканың көмегімен ротордың өсіне бекітілген және жоғарғы жағынан гайкалы қозғалмайтын құндақпен жабылған. Ротор екі желбезе арқылы қысыммен лақтырылатын май тамшыларының әсерімен айналады. Май ротордың жартылай өсіне, одан кейін қалпақтың ішіне түседі. Ротор айналған кезде ауыр бөлшектер – ластаушы майлар қалпақтың қабырғаларына лақтырылады да осы жерде олар шөгіп қалады. Одан кейін май тор арқылы өтіп, тазартылып, картер поддонынан аға отырып желбезеден лақтырылады. Жылдың ыстық кезінде және жол жағдайы ауыр болған жағдайларда автокөліктерді пайдалану кезінде майдың температурасы май сұйық болғанға дейін көтеріледі және майлау жүйесінде қысым төмендейді. Қозғалтқыштың майлау жүйесінде майды суыту үшін майлы радиатор қосылған, ол екі бачоктан және олардың арасында орналасқан көлденең түтікшеден тұрады. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш картерінде сақиналар мен цилиндр айнасының арасындағы саңылау арқылы жұмысын атқарған газдар мен жағармайдың булары өтеді. Жағармай булары конденсирленіп, майларды сорады, өзінде күкіртті қосылыстар мен су булары бар жұмысын атқарған газдар да майдың сапасына кері әсер етіп, оның қызметінің мерзімін қысқартады. Картерге өткен жағармай мен газ буларын картерді желдету жүйесінің көмегімен жояды. Майлау жүйесінің аспаптары Бекітпе сұрақтары 1. Майлау жүйесінің басты қызметі неде? 2. Май сүзгісінің қызметі неде, неше түрі бар? 3. Орталықтан тепкіш май сорғышы қалай жұмыс істейді? 4. Майқабылдағыш дегеніміз не? 5. Май сорғышы қалай іске келтіріледі? 6. Картерге өткен жағармай мен су булары қалай жойылады? 7. Май радиаторы қай жерде орналасқан? Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |