Аягөз ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары



Дата22.02.2016
өлшемі16.09 Kb.
#1640
Аягөз ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
2009 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында аудан өнеркәсіптері бойынша қолданыстағы бағамен 2606,1 млн.теңгенің тауарлық өнімдері өндірілді.

Ауыл шаруашылық өнімдері 3576,7 млн. теңге құрап, 2008 жылдың қаңтар – қыркүйегімен салыстырғанда 9,2%-ға немесе 300,8 млн. тенгеге артты.

2009 жылдың 1 қазанына барлық категориядағы шаруашылықтарда ірі қара 75436 бас, оның ішінде аналығы 30530, қой мен ешкі – 324437, жылқы – 20876, құс – 35638 бас. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 947 басқа, қой мен ешкі 18788 басқа, жылқы 1493 басқа артқан.

Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 9241 тонна (2008 жылдың 1 қыркүйегіндегі денгейге қатысты 114,7%), сүт өндіру – 32345 тонна (101,7%) жұмыртқа алу – 2875,5 мың дана (104,7%), жүн өндіру – 424,3 тонна (116,8%) құрады.

2009 жылғы қаңтар–қыркүйегіне негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 572,9 млн.теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 471 адам болды, бұл 2008 жылғы 1 қазандағыдай. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 1,2% болып қалыптасты.

2009 жылдың қаңтар-шілде айларында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 52931 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға өсті. Жалақының ең жоғарғы денгейі көлік және байланысқа қарасты мекемелерде, ал ең төмені әлеуметтік және коммуналдық қызмет мекемелерінде.

2009 жылдың 9 айында жалпы аумағы 1961 шаршы метр немесе 20 тұрғын үй іске қосылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 37%-ға аз.

2009 жылдың қаңтар-шілде айларында 126 шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 72, белсенділері 50.

1102 шаруа қожалықтары тіркеліп, 1038-і жұмыс істеп тұрған.

Құқық қорғау органдары бойынша 2009 жылдың қаңтар–қыркүйегінде 234 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстардың ашылу денгейі 62,4%-ды құрап отыр.

2009 жылдың 9 айында жергілікті бютжетке 942,5 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 104,7% құрап отыр.



Жыл басынан бері 1135,0 млн.теңге субвенция алынды, 343,0 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 255,3 млн.теңге даму трансферттері алынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет