Аягөз ауданының 2010 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата23.02.2016
өлшемі24.94 Kb.
#4005
Аягөз ауданының 2010 жылдың 9 айындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2010 жылдың 1 қазанына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 2690,5 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,5% құрады.

Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4023,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 209,3 млн.теңгеге артты.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 9748,5 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,5% құрады. 33351,5 тонна сүт (2009 жылдың 1 қазанына қатысты 103,1%), 2985,5 мың дана жұмыртқа (103,8%), 522,1 тонна қой жүні (105,3%) өндірілді.



Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2010 жылдың 1 қазанына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1004,0 млн.теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айының деңгейіне 181,6% құрады немесе 451,2 млн.теңгеге артты.

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 3107,4 млн.теңгені құрап, 2009 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 124,6% құрады немесе 614,4 млн.теңгеге артты.

Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 қазанына тіркелген шағын кәсіпорындар саны 121 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 69 немесе 57% құрайды.

Құрылыс және коммуналдық қызметтер. 2010 жылдың 9 айында жалпы аумағы 1700 шаршы метр тұрғын үй қосылған, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 80,9% құрайды. Тұрғындар қаражаты есебінен 27,1 млн.теңге тұрғын үй құрылысына жұмсалған.

Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны ағымдағы жылдың қаңтар-қазанында 69-ды немесе өткен жылға қатысты 87,3% -ды құрап отыр.

Былтырғы жылдың 9 айында 1 ана өлімі тіркелсе, биылғы жылы ана өлімі тіркелмеген.



Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанына 290 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2009 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 23,9%-ға көп. Ашылу деңгейі 64,4% құрап, өткен жылдан 2%-ға артқан.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 280 адам. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 154 адамға аз немесе 64,5% құрайды. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың деңгейінен 0,4%-ға кеміді.

Жыл басынан бері 1115 адам жұмысқа орналастырылды, бұл көрсеткіш өткен жылдан 200 адамға артық. 2010 жылдың 1 қазанында 630 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2009 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда 82 адамға кем.



Еңбекақы. 2010 жылдың 1 қыркүйегіне жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 55655 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%–ға жоғарылаған.

Қаржы. 2010 жылдың 1 қазанына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 955,0 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 101%-ы.

«Жол картасы» бағдарламасы. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы негізінде 34 жоба құрылып, бағдарлама бойынша барлығы 456090,0 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: республикалық бюджеттен 311494,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 12969,0 мың теңге, аудандық бюджеттен 131627,0 мың теңге.

Жоспарланған қаржыдан 423866,0 мың теңге игерілді: республикалық бюджеттен 303620,0 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 120246,0 мың теңге.

513 адам жұмыс орындарына орналасты, мұның ішінде жұмыссыздық арқылы орналасқандары – 351.

Жастар іс-тәжірибесі бағдарламасы бойынша 35 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жіберу жоспарланса, нақты жіберілгендер саны 45 болды.



Әлеуметтік жұмыс орындарының жоспары 80 адам, орналасқандар 92.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет