Аягөз ауданының 2014 жылдың 1 шілдесіне
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
Өнеркәсіп. 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 2330,9 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,0% құрады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5443,9 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімі деңгейінен 6,4%-ға артық.
Барлық шаруашылық категориялары бойынша 7250,7 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107.4% құрады. 21747,3 тонна сүт (2013 жылдың 1 шілде айына қатысты 103,5%), 2045,4 мың дана жұмыртқа (101,9%) өндірілді.
Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2014 жылдың 1 шілде айына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 12331,5 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 60,1% құрады.
Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 4408,6 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың 1 шілдесіне қатысты 107,3% құрады немесе 550,6 млн.теңгеге артты.
Шағын кәсіпкерлік. Ағымдағы жылдың 1 шілде айына тіркелген шағын кәсіпорындар саны 144 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 88, белсенділері 68 бірлік.
Денсаулық сақтау. Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 21 немесе өткен жылға қатысты 72,4% -ды құрап отыр.
Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 шілде айына 392,0 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2013 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 9,2%-қа төмен. Ашылу деңгейі 50,6%-ды құрап, өткен жылға қатысты 26,2% артты.
Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 шілдеге жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 319,0 адам. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,8% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңі деңгейіндей.
Жыл басынан бері 334,0 адам жұмысқа орналастырылды. 2014 жылдың 1 шілдесіне 394,0 жаңа жұмыс орындары ашылып, 2013 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 50,6%.
Еңбекақы. 2014 жылдың 1 шілде айына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 83023,0 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,8%–ға артты.
Қаржы. 2014 жылдың 1 шілдесіне ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 1239,5 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 102,6%-ы.
Достарыңызбен бөлісу: |