Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы



Дата11.06.2016
өлшемі32.5 Kb.
#127795



Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін

көрсету қағидасы туралы.
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 шешімі.

Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 26 ақпанда № 3-10-123 тіркелді


"Темір" 2010 жылғы 12 наурыздағы № 12
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2) тармағына сәйкес, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы» бекітілсін.

2. 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 117 « Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы», 2009 жылғы 28 мамырда нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 3-10-109 санымен тіркелген шешімнің күші жойылсын.

3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың

сессиясының төрағасы хатшысы:


А. ҚУАНШАЛИНА С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы



12 ақпандағы № 179 шешімімен бекітілді.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету

Қ А Ғ И Д А С Ы
Осы «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы /бұдан әрі Қағида/ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңының 97 бабының 2) тармағына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер.
1. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге, өтемақы беру халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып есептеледі.

2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген, жеке меншік түріне қарамастан, меншік иесі не тұрғын үй пайдаланушысы болып табылатын азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және аудандық телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақы төлеуге беріледі.

3. Темір ауданында тұрғылықты тұратын және тұрғын үй иесі немесе жалдаушы / жалға беруші / болып табылатын азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар.

4. Бірінші, екінші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, бір жасқа дейінгі балаларды күтуімен айналысатын азаматтарды қоспағанда, отбасы мүшелерінің бірі жұмыс істемесе, күндізгі оқу орындарында оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге өтемақы алуға құқығы жоқ.

5. Тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет шығындарына / орталық жылу, жеке газбен жылыту, тұрмыстық газ пайдалану, ыстық, суық сумен жабдықтау, электр қуатын, канализация және телефон үшін абоненттік ақы / төлеген төлемі осы қағидамен бекітілген шекті шығындар үлесі азаматтардың жиынтық табысының орталық жылу жүйесімен және газбен жылытылатын тұрғын үй тұтынушыларына 10 / он / пайыз мөлшерінен асқан жағдайда белгіленеді.

6. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері көп қабатты үйдің 1 бөлмелі және де көп бөлмелі үйдің немесе газбен жылытылатын жеке үйде тұратын құрамында 1 адамы бар отбасы үшін алаңның әлеуметтік нормасы бір бөлмелі пәтердің көлеміне тең деп 32 шаршы метр, құрамында 2 адамы бар отбасыға 40 шаршы метр, 3 немесе одан да жоғары құрамы бар отбасы үшін әр адамға 18 шаршы метр болып белгіленеді.

7. Үйлері газбен немесе орталық жылу жүйесімен жылытылатын жалғыз басты және жалғыз тұратын, балалары жоқ зейнеткерлерге тұрғын үй жәрдемін есептеу үшін алаңның әлеуметтік нормасы, негізгі алып отырған алаңнан аспаған жағдайда 50 шаршы метр болып есептеледі.

8. Электр қуатына төлеу шығындарын өтеу нақтылы шығындары бойынша жүргізіледі, бірақ құрамында 1 адамы бар отбасына — 40 / қырық / киловаттан, 2 адамы бар отбасына 60 / алпыс / киловаттан, 3 және одан көп адамы бар отбасына 1 айға 100 / жүз / киловаттан көп болмауы керек.

10. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі.
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат /отбасы/ «Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметттік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне / бұдан әрі - уәкілетті орган / өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын күәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі / жылына бір рет /

3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ;

4) отбасының табысын растайтын құжаттар;

5) өтініш берушінің өзін — өзі еңбекпен қамтылған азаматтар табыстары туралы мәлімет;

6) телекоммуникация байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

7) үйде /пәтерде/ тұратын тұлғалар жөніндегі және қосалқы шаруашылығы туралы анықтама;

8) коммуналдық қызметтерге төлеуге нақты шығындарын растайтын құжаттар / орталық және газбен жылыту, салқын сумен, электр қуатымен қамту, канализация қызметі / ./ Жылына екі рет/



12.Уәкілетті органға салыстыру үшін құжаттардың түп нұсқалары тапсырылады. Салыстырылғаннан соң құжаттардың түп нұсқалары өтініш берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және олардан іс ресімдейді.

13. Тұрғын үй көмегін беру кезінде өзін-өзі еңбекпен қамтылған азаматтардың орташа көрсеткіш табысы алынады.

14. Тағайындау туралы шешім уәкілетті орган арқылы қабылданады. Даулы мәселелер болған жағдайда «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру кезінде болатын даулы мәселелерін шешу жөніндегі комиссиямен» / бұдан әрі — комиссия / қабылданады.

15. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйдің иесі мен уәкілетті органның арасында шарт жасалады. Шарттың біреуі тұтынушысына (меншік иесіне) беріледі, екіншісі уәкілетті органда сақталады. Аталған шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.

16. Тұрғын үй көмегінің барлық тиесілі ақшасы, алушылардың жазба арызы бойынша, қызмет көрсетушілердің есеп шотына аударылады.

17. Тұрғын үй көмегін және телефон үшін абоненттік ақы төлеуге өтемақы алушылар тапсырған құжаттардың растығына жауапты және тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал ететін барлық өзгерістер туралы, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, он күн ішінде хабарлауы керек.

18. Берілген ақпараттың растығына күдік туған жағдайда уәкілетті орган тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге, табысы туралы ақпарат сұратуға, табысын жасырған деректі тексеруге болады.

19. Асырып көрсетілген тағайындау немесе заңсыз төлеуді болдырған жалған мәліметтер тапсырылған жағдайда, алынған тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақысына төленетін өтемақы толық көлемде бюджетке қайтарылады. Төлемдерді ерікті түрде аудару арқылы қайтарылады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы.

20. Заңды тұлғалар тұрғын үй көмегін алатын үміткерге табысы туралы мәліметті беруге тиіс.

21. Тұрғын үй көмегін алушыларға төмендегі жағдайда өтемақы төлеу тоқтатылады:

1) қайта тіркеуге ақпарат тапсырмаса;

2) дұрыс есептелмеген немесе басқалай қателіктер нәтижесінде артық төленген көмек ақшасын қайтармаса.

22. Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарымды шегінің үлесі, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен телефон үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрынғы есептелген сомманы қайта есептейді.
3. Жиынтық табысын есептеу.
23. Тұрғын үй көмегін алуға, үміткер отбасылардың / азаматтардың / жиынтық табысын тапсырылған мәліметтері бойынша, уәкілетті орган есептейді.

24. Отбасының /азаматтың/ жиынтық табысына, тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға, ақшалай немесе заттай түрде алынған, алу көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынған табыстардың барлық түрлері кіреді.

25. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық табысты есептегенде, отбасының жиынтық табысына мыналар есепке алынбайды.

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;

2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;

3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;

4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;

5) бір жасқа дейін бала күтуімен отырған аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;



26. Жеке қосалқы шаруашылық ( үй жануарлары, ірі қара мал, бау-бақша жер телімі ) өнімдерінен түсетін табыс сол тоқсанға арнап берілген облыстық статистика басқармасының бағасына сәйкес есептеледі.
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу.
27. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган арқылы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен, бюджеттік шығын классификациясы бойынша жүзеге асырылады.

28. Уәкілетті орган тағайындалған тұрғын үй көмегінің соммасын көрсетумен, тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін жасайды, тағайындаған көмектің соммасын есептейді және қаржы бөліміне жиынтық ведомостарды тапсырып, қажетті қаражатқа тапсырыс береді.

29. Қаржы органдары, тапсырылған ведомостар негізінде, бюджетте қарастырылған қаржыны бөлу есебінен уәкілетті органға қаражат өтеуді төлем тапсырыстарымен жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет