- Стихиялық материализмнің түрлері: натурфилософия – табиғат философиясы ұғымын білдіреді (Ежелгі Греция мен Қытай философиясы), гилозоизм – материяның (зат және өмір) жанды тіршілігі туралы философиялық ілім, анимизм - жан, рух дүниесіне табыну, сену (Ежелгі Үнді философиясы).
- Механикалық, метафизикалық материализм – Европадағы Жаңа заманда (17 ғ.) табиғатты философияның обьектісі ретінде санап, оны механика мен математика заңдарына бағындырды. Әйгілі өкілі – Ф.Бэкон.
- Диалектикалық материализм – Маркс пен Энгельстің (19 ғ. орт.) материализмнің ең жоғарғы түрі. Оған сәйкес дүниедегі барлық нәрселер құбылмалы, кез келген заттар қарама-қарсы қасиетке ие болуы мүмкін.
- Материализмнің басқа түрлері – антропологиялық (Л.Фейербах) – дүниенің бастамасы адам деп санады, француз материализмі (П.Гассенди) – дінге қарсы бағытталды, антиклерикалдық (латынша клерикалис – діни) сипатта дамыды.
6. ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ – МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ
МАТЕРИАЛИЗМ
ИДЕАЛИЗМ
Философиялық білімнің ерекшеліктері: - Өте күрделі құрылым (онтология, гносеология, логика және т.т.);
- Шегіне жеткен жалпылық, теориялық сипат алуы,
- Өзге ғылымдардың негзін қалайтын түпкілікті, бітімдік идеялар мен ұғымдарды өзінде сақтайды;
- Көбінесе субъективтік қасиет тән – жеке тұлғалар мен ойшылдардың дүниегекөзқарастық ойларының таңбасы басым;
- өз заманының ықпалын сезінеді, сүрген дәуірінің объективтік білім мен құндылықтарының, әдептілік мұраттарының жиынтығы болып табылады;
- Философиялық білім әрдайым дамиды, әрі жаңарып тұрады;
- Философия өз мәнінде шексіз, әрі сарқылмайды, таусылмайды; адамның танымдық қабілеттілігімен шектелген, шешімі жоқ, “мәңгі” мәселелері бар, бұлардың бәрін бүгінгі таңда логикалық жолмен дәйекті шешу, тану мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |