IX ғасырда
Қарлұқ
қағанаты ыдырап, тарих сахнасына
Қарахан мемлекеті (IX
ғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды.
Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы
Сатұқ Боғра хан өзін жоғары
қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра
хан 955 жылдан бастап Ислам дінін
қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім
алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра
ханның діншілдігі, білім
сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондай-
ақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай
жазылу керектігін
құптайтын.
Достарыңызбен бөлісу: