Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының
педагогикалық идеялары.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік
мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандары – Қорқыт Ата, Әл-Фараби қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Қорқыт Ата тағылымы.
ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. “Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына “Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
“Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: “Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” – деп тегін жырламаған.
Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: “Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”. “Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.
“Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас”. “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”, “Ананың көңілі балада болар”, “Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ”.
Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”, “Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы”, “Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”, “Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық”.
Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің “Шахнамасына” үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол – бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан біз қазақ тіліне аударған.
Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді. “Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:
Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,
Арналы өзендер қартайса, су келмес,
Биелер қартайса, құлын бермес,
Ей, кәпір әйел қартайса, ұл бермес1
Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық көзқарастары
тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: “Бала
болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын емес”.
-----------------------------------------------------
Қорқыт Ата кітабы. Алматы, 1994, 29-бет.
Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен көшпенділер “Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге ұрпақтар сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі туралы түсінікке әкеліп салған.
Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары, мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын, дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны қазақ, жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп қарастыруға болады.
Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан байқалады.
Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі мен салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен қатар жырларында да жақсы айтылады. “Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас”, “Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес”, “Ұлдың күні қараң, ата өлік мал қалмаса”, “Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса”1
Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата тағылымдық қағидалары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Қорқыт Ата мұрасына бүгінгі ХХІ ғасырда өмір сүретін ұрпақ ерекше мән беріп, ұлттық тәрбие мен білім беру жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді. Қазір Егеменді Қазақстанда Қорқыт Атаның философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-толғаныстары туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, алғашқы кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық еңбектер жарық көре бастады. Атап айтқанда, Айдосов А. “Қорқыт Ата”, А., 1997; Ермеков Қ.Е., Аташ Б.М. “Қорқыт Ата – ойшыл, философ”, А, 2002; Есім Ғ. “Қорқыт дүниетанымы”, Парасат, 1998, №4; Бейсенов Қ. ІХ-Х ғасырлардағы қазақ ойшылдары. Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы, Алматы, 1994.
Әбу Насыр әл-Фараби
Феодализм дәуірінде Батыс елдерінен Шығыс елдерінің едәуір ерекшеліктері болды. Мұнда қайта өрлеу (Ренессанс) Батыс елдерінен 5-6 ғасыр ерте, яғни ІХ-ХІІ ғасырларда басталды. Әсіресе, бұл Орта Азия мен Иран жеріне қатысты болды. Оның себебі, бұл жерлерді атақты Жібек жолы Шығыс пен Батыс елдері арасында сауда қатынасын күшейіп, экономикасын дамытуға әсерін итгізді. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан ірі
-----------------------------------------------------------------------
Қорқыт Ата кітабы, Алматы, 1994, 11-бет
Ғалымдардың ішінде Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Бируни, Ибн-Сина (Авицена) ерекше орын алды.
Әл-Фараби ертедегі Қазақстан жерінен шыққан, қазақ топырағында дүниеге келген, ғұлама ғалым, Шығыстың ұлы ойшылы, әрі ағартушысы, әйгілі математик, философ, музыка зерттеушісі, тарихшы болған. Туған жері – Отырар (Фараб) қаласы. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, ең ғұламасы – Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз” , “Шығыстың Аристотелі” ұлы ғұлама.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының жанұясында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Әл-Фараби алғашқы білімін Отырар медреселерінің бірінде алған болатынды. Өмірін араб елдерінде өткізген. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударып, оған түсініктемелер жазған. Сол үшін оны “екінші ұстаз” (Аристотельден кейінгі) деп атаған. Мәселен, Аристотельдің “Жан туралы трактатын 200 рет қайталай оқыдым”, - деп жазып қалдырған.
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Әбу Насыр Бағдатқа бармастан бұрын, жолшыбай Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін жетілдіреді. Кейін Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан кейін әрі қарай Бағдатқа аттанады. Әбу Насырдың Бағдатқа баруының өзінің себептері бар.
Аты әлемге әйгілі шығыстанушы ғалым В.В.Бартольд: “ІХ-Х ғасырларда ғылыми жұмыстар негізінен Тигр мен Евфрат аралығындағы ескі мәдени орталықтар болған Басра мен Харранға шоғырланды. Бағдат – бүкіл мұсылман әлемінен, әсіресе, Иран мен Орта Азиядан шыққан әдебиетшілер мен ғалымдарды өзіне тартты”1, - деп жазған. Араб халифатының үлкен мәдени орталығы Бағдат болған.
Әл-Фараби логика, саз, астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Араб ғалымдарының бір Ибн Халликан өз еңбегінің бір жерінде жерлесіміз жайлы былай дейді: “Ол-аса ірі мұсылман фәлсафашыларының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу Әли ибн Сина да (980-1037) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады”.
Әл-Фараби жиһанкездікті ұнатқан. Арада біраз жылдар салып, Бағдаттан Серияға келеді, бірақ мұнда ұзақ аялдамастан, Мысырға сапар шегеді.
Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Әбу Насыр Аристотельдің “Метафизикасын” қырық, “Жан
-------------------------------------------------
Хайруллаев М. Фараби. – Эпоха и учение. Ташкент, 1975, 156-бет.
туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан. Осындай зеректігінің арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін меңгерген.
Әл-Фарабидің өзі де “Кемеңгерлік меруеті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің тип мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Бақытқа жету” сияқты т.б.көптеген еңбектер жазған.
Ол сонымен қатар тәрбие және білім беру, педагогика мен психология, этика ғылымдарының салаларында құнды пікірлер мен қағидалар қалдырған. Әсіресе, жақсы мінез-құлықты қалыптастыру және дағды ме әдетке ерекше мән берген.
Әл-Фараби тәрбиенің әдіс және тәсілдеріне сипаттама береді. Тәрбие әдістері мадақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру және т.б.тәлімгерден ерекше имандылық пен ізеттілікті талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде Әл-Фараби ұстаздың өнегелік, тәлімгерлік қасиеттеріне мән берді.
Ғұламаның айтуынша, белгілі тәлімгер-ұстаз өзінің жеке басына он екі тума табиғи қасиетті, алты өмірге келгеннен кейін қалыптасатын қасиетті бойына сіңірген дана адам болу керек деген болатын-ды.
Оқыту – баланың тілін дамыту, білім беру, үйрету арқылы іске асатын болса, тәрбиелеу – шәкірттердің бойында жағымды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратындығына тоқтала келіп, ғылым мен білімді және тәрбиені меңгерумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, ерік-қайратты тәрбиелеуге мән берді.
Әл-Фарабидің психологиялық көзқарасы туралы айтқанда, әртүрлі психологиялық тақырыптарда бірнеше еңбектердің авторы ретінде де, қазақ топырағында психология ғылымының негізін қалауға да ерекше үлес қосқаны белгілі. Мәселен, “Жан туралы”, “Ақыл-ой туралы”, “Темперамент туралы”, “Түс көру туралы сөз”, “Жанның мәні туралы”, «Ақыл-ой және ұғым » тағы басқа еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Әл-Фарабидің тағылымдық-тәлімдік ойларының ішінде ерекше назар аударарлық мәселе – шешендік өнері туралы айтқан қағидалары.
Шешендік өнеріне көз жеткізу дегеніміз адамның өзіне айтылғанды көкейіне түю, сондай-ақ оған ой-жіберу арқылы адамға құлақ қою болып табылады «Көзін жеткізу» терминінің осындай мағынада алыну себебі мынада: Адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасаған, бір-біріне сөз салған, бір-бірімен әңгімелескенде, бір нәрсені дәлелдеп көз жетекізу үшін шешімдер қабылданған кезде білімдік пікірлерді жиі келтіреді. Пікір мен шынайы білім көзқарас мағынасында ортақ сипатқа ие болады.
Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық жүйесі Шығыстағы ілкіортағасырлық мұсылмандықтың рухани мәдениет тарихында және бүкіл адамзат мәдениетінде ерекше орын алады. Әл-Фараби философиясы дүние тану мәселелерінде жан-жақты.
Әл-Фараби шығармаларының басым көпшілігі әлі де араб тілінен аударылмай, зерттелмей жатыр. Астрономия, логика, саз жайлы еңбектері де күні бүгінге дейін терең зерттеле қойған жоқ. Әбу Насырдың көптеген туындылары дүние жүзі кітапханаларында сақтаулы, бізге беймәлім күйде. Оларды іздестіру, жарыққа шығару, сөйтіп халықтың игілігіне айналдыру – болашақтың зор міндеттерінің бірі.
60-жылдардан бастап Қазақстанда да әл-Фараби мұрасын жинақтау, бастыру, зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Ә.Марғұлан, А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Кобесов, Қ.Жарықбаев т.б. бастамасымен 1968 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының жанынан Фарабитану тобы құрылды. Осы «Фарабитану тобы» Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мұрасын жинау, аудару және жарыққа шығарумен айналысты. Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне Әл-Фараби есімі беріліп, онда ұлы ғалымның дүние жүзінде тұңғыш рет мұражайы ұйымдастырылды. ҚазМУ алаңына әл-Фараби ескерткіші орнатылды.
Әл-Фарабиден кейін ғұмыр кешкен араб жылнамашы-тарихшыларының Отырар перзенті жайлы естеліктері – зерттеушілер үшін аса бағалы қазына. Араб тілінде жазылған бұл дүниенің алғашқы авторлары Х ғасырда өмір сүрсе, яғни, Әбу Насырмен тұтас болса, басқалары ХІІ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген. Солардың бірі – Захир ал-Дин Әбу-л-Хасан әл-Байһақи. Оның «Даналық сөздерге толықтырма» деген еңбегінің көшірмелері қазірге дейін қолжазба күйінде Тегеран, Ташкент, Бомбей, Хайдарабад, Лондон кітапханаларында сақталып келеді.
Әлемдік мәдениет тарихында тамаша оқиғалардың бірі болған, әлемдік мәдениет тарихында жарқын беттермен белгілі араб мәдениеті немесе Мұсылман Ренессансы деп аталатын ІХ-ХІ ғасырлар болып табылады.
Мұсылман Ренессансы (қайта өрлеу дәуірі) әлемдік мәні бар өте маңызды құбылыс болды.
Бұл кезеңде исламның дүние жүзіне тарауы және рухани мәдениеттің гүлденуі және ғылымда ғұламалардың тамаша ғалымдардың дүниеге келумен ерекшеленеді.
Бұл кезеңде ғылымның дамуы екі бағытта іске асты:
Бірінші ғылыми бағыттың өкілдері исламның діни идеологиясын философиялық тұрғыдан талдаумен немесе философиялық ой пікірдің мәселелерін шешумен айналысты.
Екінші бағыттың өкілдері жекеленген ғылыми пәндерді немесе ғылыми мәселелермен шұғылданды.
Шығыс Ренесансының хронологиялық шегі Қазақстан мен Орта Азияда ІХ-ХІІ ғасырлармен байланысты. «Мұсылман Ренесансы» исламмен тығыз байланысты. Бұл кезең ислам дінінің қалыптасуы және таралуы, мұсылман империясының пайда болуы.
Бұл кезеңнің нақты тарихи жағдайы «ақыл-ойдың ғұламаларының тууына» және рухани ортаны өзгертуге ұмтылды. Бұл кезеңнің жарқын жұлдыздарына әл-Фарабиді, Ибн-Синаны, Махмуд Кашкариді, Жүсіп Баласағұнды, Ахмед Яссавиді және т.б. жатқызуға болады.
«Мұсылман -Ренесансы» әлемге не берді? – деген сұраққа ең алдымен – ғұлама ойшылдардың дүниеге келуіне себепші болды. Олардың өмірбаяндарында мәселен, әл-Фараби қазақ топырағында дүниеге келгенімен, ол шығыс мәдениетіне, шығыс халықтарына ортақ мәдени мұра қалдырды.
Абу Насыр әл-Фараби орасан зор маңызы бар ғылыми мұра қалдырды. Оның ғылыми көкжиегінің кеңдігі, реформаторлық идеялары, әмбебап ғұламалығы таң қалдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |