1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен аяулы қыздар! Ана деген сөзді айтудан ешкім де жалықпақ емес. Өйткені ана әлемдегі ең ардақты жан. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, ес біліп, ер жеткенге дейін түн ұйқысын төрт бөлген, сен үшін елжіреп, сен үшін уайым шеккен, көзінің қарашығындай қорғаған анадан артық адам бар ма, ағайын! Ананы баласына арналған тілегі мен дұғасы еш кетпейді. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейік.
2-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Әйел жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – асыраушы, әйел – аяулы қыз, әйел – әже, әйел – батыр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел – бүкіл дүниенің ошағы, іргесі. «Елді қорғайтын ер, ерді тәрбиелейтін – әйел», «Алып анадан туады», «Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады» дейді халқымыз.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
1-жүргізуші: Құрметті, ерлер қауымы, әйел – біздің өміріміздің мәні. Біз әйелдер үшін өмір сүреміз, олардың бақытына негіз, өміріне сүйеніш боламыз. Кез келген әйелді, қыз мен келіншекті анамыздай, қазақтың қызындай құрметтесек, біздің қуатымыз бен күшіміз де сол болмақ! Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар, ұстаздар, аяулы қыздар.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп әкімшілігіне беріледі.
Кәсіподақ
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыздың құрметіне Шакенов Асылбектің орындауында " Ана туралы ән "қабыл алыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |