1 Тақырып.Кіріспе.
Кез келген есепетуіш үрдіс келген деректердің шығу деректеріне бейнеленуін (белгілі бір алгоритм бойынша) білдіреді.
Өңделетін деректер мен есептеу алгоритмдерін ұсыну күрделілігінің қатынасы есептердің екі класын анықтайды: 1) Есептеуіш есептер – есептеу дерекетерін ұсынудың жеткілікті қарапайым және күрделі көп операциялық үрдісі. 2) Деректерді өңдеудің есептері (есептеуіш емес есептер) – деректерді өңдеудің қарапайым алгоритмі және өңделетін деректерд ің күрделі ұсынылуы. Бағдарламалауды үйренудің бастапқы сатысында есептерді шешу алгоритмін жасақтауға негізгі көңіл бөлінеді. Алайда, нақты есепті шешу мүмкіндігі (немесе мүмкінсіздігі) таңдалған алгоритмге ғана байланысты емес, сонымен қатар өңделетін деректерді ұсыну үшін қандай түсініктер қолданылатынына да байланысты. Келесі формула бойынша есептелетін қарапайым мысалды қарастырайық:
Y=X2 +5X,
мұндағы X және Y – анықталған сандар, олар мұнда деректердің қарапайым бірлігі (деректер элементтері) болып табылады. Осы есепті шешу алгоритмін бағдарламалау кезінде (формуланы бағдарламалау) деректердің қарапайым түрі – қарапайым айнымалылар (X және Y бағдарламада қарапайым айнымалылар ретінде ұсынылады) қолданылады. Бағдарламалау жүйесінде қарапайым айнымалы, бағдарламалау кезінде таңдалуға тиісті, оның мәндерінің белгілі бір типімен сипатталады. Тіпті бұл қарапайым жағдайда да айнымалының типін дұрыс таңдау қажет, себебі қолданбалы есептің нақты шешімінің мүмкіндігі немесе мүмкінсіздігі осы таңдауға байланысты (мысалы, нақты деректерді ұсыну үшін берілген разрядтар жетпейді). Басқа мысалды қарастырайық:
S=a1+a2+...+aN.
Бұл есептің шешімін, жалпы жағдайда тек қана қарапайым айнымалыларды қолдана отырып, алу мүмкін емес. Мұнда жай сан емес, ал сандар тізбегі өңделеді. Бұл жағдайда бағдарламалау кезінде, жиын (массив) секілді деректер түрі қолданылады. Жиын (массив) – элементтер жиынтығы, элементтердің әрқайсысы, индекс деп аталатын, реттелген бүтін сандар жиынымен байланысқан. Барлық элементтердің мәндерінің типі бірдей болуы қажет, ол жиын типі де болады. Бұл жағдайда a1, a2,..., aN сандары бағдарламада A(1), A(2),..., A(N) жиынымен беріледі. Қарастырылған мысалдар есеп түрінің өзгеруі басқа деректер түрлерін қолдану қажеттілігін міндеттейді. Бағдарламалаудың бұрынғы тілдері (ФОРТРАН, АЛГОЛ-60) ғылымитехникалық есептеуіш есептерді шешу үшін арналған. Бұл тілдерде тек жоғарыда көрсетілген деректер түрлері (қарапайым айнымалылар және жиындар) қолданылған. 60-шы жылдардың соңынан бастап, әртүрлі түрдегі құжаттарды өңдеумен байланысты, есептелмейтін деп аталатын есептерді шешуі үшін компьютерлерді қарқынды қолдана бастайды. Деректердің жаңа түрлерінің пайда болуын деректерді өңдеудің жеңілдетілген есептер мысалында қарастырайық.
ЖАТ жағдайында адамдардың қызметін ұйымдастырудың түрлері мен әдістері туралы білімдерді меңгеруге, әртүрлі операциялық жүйелермен жұмыс істеу біліктілігін меңгеруге, текстерді редакциялауға жөне басқа да дербес компьютерлерде қолданбалы пакеттермен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді.
Әлемдік қоғам, біріншіден, дамыған мемлекеттер мықты ақпараттық инфрақұрылымды құрастырған және бір ақпараттық кеңістік ұйымдастырған, үздіксіз дамитын, кеңейетін және жітілдіретін. Ақпарат қор болды, оны жинауға, өндеуге, қолдануға және таратуға болады. Мемлекет жоғары экономикалық және әлеуметтік жетістіктерге жете алады және әлемдік экономикалық жүйеде толығымен серіктес ролін атқара алады егер де ол қоғам өмірінің барлық аумағында, әсіресе бизнес пен басқаруда, ақпараттық технологияларды (АТ) және ақпараттық жүйелерді көлемімен қолданса.
Ақпараттық технология –ЭЕМ –нің көмегімен ақпаратты жинау, енгізу, тасымалдау, сұрыптау, іздеу, реттеу, өзгерту және өңдеу жұмыстарының тізбегі. Ақпараттық технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оны адамның қатысуынсыз роботтар іске асыратын үздіксіз процеске айналдыруға болмайды. Өйткені ол құжаттың көшірмесін алу, есепке енгізу, есеп шығару секілді жұмыстармен қатар шығармашылық ізденісті талап ететін шешімдер қабылдау, мәселені жүргізу жолын өзгерту, бірнеше мүмкіндіктерді салыстыра отырып, олардың ішіндегі ең тиімдісін іріктеп алу сияқты таңдау жұмыстарын кеңінен жүргізумен өте тығыз байланысты болады. Сондықтан ақпараттық технология “ адамдық факторға” үлкен көңіл бөледі және оның шеңберлік деңгейінің өсуіне әсер етеді.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері биснесте де басқаруда да өте кең және әр түрлі. Бұл аумақтарда ақпарат АТ-ның қолдануының жаңа көкжиектерін ашады. Бағдар бөлінетін жүйелерді жетілдіру мен енгізуге бағытталған, әсіресе клиент (тұтынушы) - сервердің архитектурасы, торлық технологиялардың барлық түрлерін кеңімен қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |