Қазақ әдебиеті 8-сынып II тоқсан Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын



бет1/3
Дата31.12.2023
өлшемі2.37 Mb.
#488345
түріСабақ
  1   2   3
8-сабақ Ш.Құдайбердіұлы Еңлік Кебек дастаны


Қазақ әдебиеті
8-сынып
II тоқсан
Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» дастаны
Құрастырған: Кариева Айжан Манарбековна
Нұр-Сұлтан қ.
«Білім беруді жаңғырту орталығы»
www.astana-modern.kz
ҚАШЫҚТЫҚ-ТАН ОҚЫТУ
Оқу мақсаты: 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау. Сабақ мақсаты: - Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты сюжеттік желісін анықтау;
- эпилог, прологтарды анықтау.

Бағалау критерийі

Дескриптор

1. Шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі.

2. Сюжеттік желісін анықтайды.

3. Дастанның прологы мен эпилогын анықтайды.

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.
«Бұл әңгіме – 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын.
«Еңлік-Кебек» дастаны – адам тағдыры, адал махаббат жолындағы күрес, рушылдық құрбаны болған екі жастың қайғылы тағдыры туралы баяндайды.
Дастанның кейіпкерлері бірін-бірі ұнатқан, ғашық болған жастар Еңлік пен Кебек, бірақ дауласқан екі ру тобықты мен найман билері екеуін ат құйрығына сүйреп өлтіреді. Екі жастың төрт айлық баласы тау бөктерінде жылап жетім қалады.
Махаббат жолында құрбан болған, ерлікті аңсау мен зұлымдық қарсыласының бейнесі болған Еңлік пен Кебек есімдері ел есінде сақталды. Семей-Қарауыл тас жолына жақын жерде Еңлік-Кебек ескерткіші бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет