Ақтөбе қаласы №29 ОМ
Кайбалдиева Багдагуль Туртуновна қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасының көркемдік ерекшелігін, кейіпкерлер бейнесін талдау
Сабақтың мақсаты: білімділік: Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы бойынша алған білімдерін бекіту, поэманың көркемдік ерекшелігін, кейіпкерлер бейнесін талдау;
дамытушылық: оқушыларды өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлығын, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
тәрбиелік: Шәкәрім шығармашылығы арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,өзара қауымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау, СТО технологиясы
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Көрнекілігі: сызбалар, ақын портреті,шығармалар жинағы, интербелсенді тақта
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды 3 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын топтарға тапсырма беру арқылы сұрау
1- топ. Шәкәрім кім? Ол туралы не білесіңдер? Шәкәрім қандай өлең,
дастандар жазған?
«Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл- кеңесімен жазылған?Абайдың
Шәкәрім шығармашылығына тигізген әсері жайлы баянда .
2- топ. «Еңлік - Кебек» поэмасында қандай тарихи шындықтың ізі жатыр?
3- топ. «Еңлік - Кебек» поэмасы қалай аяқталады?
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Семантикалық карта
Кейіпкерлер
Шығармадан
үзінді
|
Еңлік
|
Кебек
|
Көбей
|
Қойшы
|
Нысан
|
Қыз да жоқ, Кебек те жоқ, ел шабысты
Мен сізден ақыл сұрай келдім
|
|
|
+
|
|
|
Оның аты Кебек еді,
Сонан соң да осында келмеп пе еді? Ұмытпасам, соны Еңлік аттандырып, «Қош аман бол, келіп жүр, Кебек»,- деді.
|
|
|
|
+
|
|
Барымта алмай бітімге көнсе елің,
Қанша мал алса аярым жоқ менің,
Қызды қайтар,әйтпесе бітпейміз деп,
Жатып алса табамыз қайтіп жөнін?
|
|
+
|
|
|
|
Бетіне тумай тұрып түскен әжім
Күңге де есіктегі қылды тәжім,
Кер кеткен кеселдіге душар болдым,
Осыдан құтыларлық бар ма лажым?
|
+
|
|
|
|
|
Матай алса ,Тобықты тек жата ма, Азбын деп жанын аяп ар сата ма?
Абыл шауып ,мал алып ,қан төгілер,
Ойла! Қалып жүрмелік теріс батаға!
|
|
+
|
|
|
|
Ей,батыр,бұл сен айтар сөзің емес,
Уайым қып сескенер кезің емес.
Келер істі жалғыз-ақ алла білер,
Ол сенің өлшеп сатар бөзің емес.
|
+
|
|
|
|
|
Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,
Кез болсаң,алыс емес,тез боларсың.
«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,
Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың.
|
|
|
|
|
+
|
Мұғалім сөзі: «Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Алғашқы жазба дерек 1892 жылы «Дала уалаяты» газетінің отыз бірінші және отыз тоғызыншы сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген мақалада келтіріледі. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.
ІV. Жаңа сабақ Поэма желісіне сәйкес тапсырмалар орындату І тапсырма 1-топ. Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беру ( Еңлік, Кебек, Кеңгірбай, Нысан абыз) 2-топ. Қазақтың салт-дәстүрлері қандай? Поэмада қандай салт-дәстүр кездеседі? (Топтастыру әдісімен қорғау) 3-топ. Поэманың композициялық -сюжеттік құрылысы( кестемен көрсету)
ІІ тапсырма. Мәтінмен жұмыс
1-топ. Өлең құрылысына талдау
2-топ. Мәтіннен мақал-мәтелдерді табу
3-топ. Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу
ІІІ тпасырма. Шығармашылық жұмыс
1- топ. Бес жолды өлең
2-топ. РАФТ
3- топ. «Болмасаң да ұқсап бақ...»
V. Сабақты қорыту
Егер сен автор орнында болсаң шығарманы қалай аяқтаған болар едің?
Шәкәрімнің осы поэма арқылы айтпақ ойы не ? Дастанды оқи отырып қандай ой түйдің?
Мұғалім сөзі: Еңлік- Кебек тағдыры Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» дастаны мен Мұхтардың «Еңлік-Кебек» драмасына арқау болған. М.Әуезов 1917 жылдың мамыр айында Ералы жазығындағы Ойқұдыұқ жайлауында Абайдың жары Әйгерімнің сегі қанат киіз үйіне тағы бір ақ отау керегелес қондырып, «Еңлік-Кебек» пьесасын қояды.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында мрамордан қаланған еңселі ескерткіш – шынайы махаббаттың мазары орнатылған. Ол қатыгез билер үкімімен өлтірілген Еңлік пен Кебекке қойылған. Серті мен сеніміне, махаббаты мен сезіміне берік қос ғашық осы жерде мәңгілік тыныштық тапқан. Қыр төсіндегі мәңгілік махаббаттың мазарына жас жұбайлар тағзым етпей өтпейді.
Сергіту сәті Ән «Еңлік – Кебек»
(Роза Рымбаева .Таспадан тыңдау)
VІ. Үйге тапсырма беру
-
Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасынан үзінді жаттау;
-
“Ғашықтың тілі – тілсіз тіл” тақырыбына ойтолғау.
Достарыңызбен бөлісу: |