Қазақ әдебиеті пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге



Дата08.07.2016
өлшемі88.5 Kb.
#185175
«ҰТО» РМҚК

2016 жылғы______________

№_______бұйрығымен бекітілді
Қазақ әдебиеті пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге

(негізгі орта білім негізінде оқуға түскен техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне) арналған

тест спецификациясы
(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)
Бұл құжат Жалпы білім беретін пәндер бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасына сай әзірленген. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы жалпы білім беру пәндері бойынша Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында келісілді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау мақсатында негізгі орта білім негізінде оқуға түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілердің қазақ әдебиеті пәні бойынша білім деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.

Тест Техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес қазақ әдебиеті пәні бойынша мына бағыттағы оқу материалдарынан тұрады:






Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Ежелгі дүние әдебиеті

01

Көне түркі дәуіріндегі әдебиет

01

«Алып Ер Тоңа» дастаны, «Күлтегін жазуы» «Қорқыт ата кітабы» «Оғыз қаған» жыры

02

Ислам дәуіріндегі әдебиет

01

Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи

02

Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Рабғузи, Сайф Сараи

02

Ауыз әдебиеті

01



Ауыз әдебиеті - А


01

Тұрмыс-салт жырлары

02

Ертегілер

03

Мақал-мәтел, жұмбақтар

04

Аңыздар

05

Шешендік сөздер

02


Ауыз әдебиеті - Ә


01

Батырлар жыры. «Алпамыс батыр»

02

«Қобыланды батыр»

03

«Қамбар батыр»

04

Лира-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

05

«Қыз Жібек»

06

Айтыс, түрлері

03

Жыраулар поэзиясы

(ХV – XVIII ғ. әдебиеті)


01


Жыраулар поэзиясы-А


01

Асан қайғы. Өмірі, шығармашылығы

02

Қазтуған. Өмірі, шығармашылығы

03

Доспамбет. Өмірі, шығармашылығы

04

Шалкиіз жырау. Өмірі, шығармашылығы

02


Жыраулар поэзиясы-Ә


01

Жиембет. Өмірі, шығармашылығы

02

Ақтамберді. Өмірі, шығармашылығы

03

Үмбетей. Өмірі, шығармашылығы

04

Бұхар жырау. Өмірі, шығармашылығы

04

ХІХ ғасырдағы әдебиет

01


ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет


01

Махамбет Өтемісұлы

02

Дулат Бабатайұлы. Өмірі, шығармашылығы

03

Мұрат Мөңкеұлы, Шортанбай Қанайұлы

02


ХІХ ғ.ІІ жартысындағы ағартушылар

01

Шоқан Уалиханов. Өмірі, шығармашылығы

02

Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, шығармашылығы

03


Абай Құнанбайұлы


01

Өмірі, өлеңдері

02

Поэмалары мен қарасөздері

04


ХІХ ғ.ІІ жартысындағы әдебиет. Ақын - сазгер - әншілер

01

Біржан сал, Ақан сері

02

Ә.Найманбаев, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ

05

ХХ ғ. І жартысындағы әдебиет


01


ХХ ғ. басындағы әдебиет-А


01

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өмірі, шығармашылығы

02

Ахмет Байтұрсынов. Өмірі, шығармашылығы

03

Жүсіпбек Аймауытов. Өмірі, шығармашылығы

04

Міржақып Дулатов. Өмірі, шығармашылығы

05

Мағжан Жұмабаев. Өмірі, шығармашылығы

06

Сұлтанмахмұт Торайғыров. Өмірі, шығармашылығы

02


ХХ ғ. басындағы әдебиет-Ә


01

Сәкен Сейфуллин. Өмірі, шығармашылығы

02

Ілияс Жансүгіров. Өмірі, шығармашылығы

03

Бейімбет Майлин. Өмірі, шығармашылығы

06

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет


01


Ұлы Отан соғысы

және одан кейінгі жылдардағы әдебиет- А



01

Қасым Аманжолов. Өмірі, шығармашылығы

02

Жамбыл Жабаев. Өмірі, шығармашылығы

02


Мұхтар Әуезов


01

Өмірі, шығармашылығы

02

20-30 ж. әңгімелері, аудармалары

03

Драматургиясы

04

Романдары. «Абай жолы» роман-эпопеясы

03


Ұлы Отан соғысы

және одан кейінгі жылдардағы әдебиет- Ә



01

Сәбит Мұқанов. Өмірі, шығармашылығы

02

Ғабит Мүсірепов. Өмірі, шығармашылығы

03

Ғабиден Мұстафин. Өмірі, шығармашылығы

07

Әдебиет теориясы


01

Көркемдегіш, бейнелеуіш құралдар.

01

Троп және оның түрлері

02

Фигура және оның түрлері

03

Өлең құрылымы, ұйқасы

08

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

01


ХХ ғ. ІІ жартысындағы поэзия


01

М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев

02

Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Молдағалиев

03

О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ж.Нәжімеденов

04

Т.Айбергенов, Қ.Бекхожин

02

ХХ ғ. ІІ жартысындағы проза мен драматургия

01

І.Есенберлин, Х.Есенжанов

02

Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, Б.Момышұлы

03

М. Мағауин, Д.Исабеков

04

О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев

05

Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза

Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Ежелгі дәуір әдебиеті: көне түркі әдебиеті мен орта ғасырдағы түркі халықтарына ортақ әдеби жазба ескерткіштерінің тарихы мен түрлерін меңгеруі;

Халық ауыз әдебиеті: қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар, айтыс) негізгі белгілерін, түрлерін саралай білуі;

ХV-ХVІІІ ғ. әдебиет: жыраулық өнер және жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін, жыраулар тұлғасы мен шығармашылығын, тіл көркемдігі мен жанрлық сипатын меңгеруі;

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет: әр түрлі әдеби ағымдардың пайда болуына байланысты тектері мен жанрларына сәйкес талдауды, ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, идеялық-тақырыптық мәнін айқындауы;

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет: демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиет, жаңа әдеби ағымдар мен бағыттар, әнші - сазгер ақындар поэзиясының шығармашылық ерекшеліктерін білуі;

ХХ ғ. басындағы әдебиет: даму сипаты, мазмұн, түр, тақырып пен идея жағынан жаңа сатыға көтерілуі, әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдерінің шығармашылығын меңгеруі;

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы; жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдерін білуі;

Қазіргі әдебиет: қазіргі кезең әдебиетінің бағыттарын, үлгілерін, жекелеген үздік туындыларын оқып, жанрлық ерекшелігін зерделей білуі;

Әдебиет теориясы: көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді әдеби-теориялық ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы керек.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

- тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;

- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет