«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім: Көнеден жеткен жәдігерлер
Шығармалар: «Қыз Жібек» жыры, Орхон-Енисей ескерткіштері, «Күлтегін» жыры, Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім», Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
БӨЛІМ
Берілген үзінділерге талдау жасап, кейіпкерлердің бойындағы қасиеттерді анықтаңыз («Күлтегін» жыры бойынша).
1. Елімді ел етемін деп, Жерімді көгертемін деп Оттай асау,
Оқтай ұшқыр Атқа қонды.
|
|
2. Бірін-бірі тыңдаған,
Өздеріне ақырып сөйлемеген, Ақырып сөйлесе де,
Арына тиетіндей етіп Бақырып сөйлемеген, Азып-тозбаған екен.
|
|
3. Аярлық пен
Опасыздықты көргенде – Орай да борай –
Қабағына қар жауған! Әділ жарғылары
Қара тастарды турап,
Қара қылды қақ жарған!
|
|
А.
В.
С.
[3]
«Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауындағы кейіпкерге (Жиембет биге) тән ерекшелікті көрсетіңіз.
А. Өзінің ерлігі, өрлігі, қайраты, сырға беріктігі, әділдігі туралы сипаттауы В. Өзінің есепке түгелдігі, есерлігі, қаһары, қатал мінезі туралы сипаттауы С. Өзінің ақылдылығы, мақтаны, сырға беріктігі, айласы туралы сипаттауы
D. Өзінің қайырлы, қарапайым, бүлікшіл емес, тура екендігі туралы сипаттауы
[1]
1.Арғыннан шыққан қу екен,
Әккі болған сұм екен.
....................... артында
Алпыс қадам жақындап, Бір қурайды паналап, Жеткен екен жағалап.
2.Мен өзім Тардуш халқын
Жатқызып-өргізетін Шад болдым.
Бейшараға қорған, Байғұсқа бақ болдым.
3.Сөйлесе - тілдің шешені, Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген, Жолдасын жолай іздеген, Өзіне тиген дұшпанын Қарт бурадай тіздеген...
Қазтуған
Бекежан
Күлтегін
Шығарма үзінділері бойынша кейіпкерлердің бейнесін сәйкестендіріңіз.
1.
2.
3.
[1]
БӨЛІМ
Әр шығармадан көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, метафора, метонимия, қайталау түрлері, риторикалық сұрақ) қолданысын талдаңыз, мысал келтіріңіз.
Шығармалар
|
Мысал
|
Көркемдегіш құрал
|
«Қыз Жібек»
|
|
|
«Күлтегін»
|
|
|
«Еңсегей бойлы Ер Есім»
|
|
|
«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
|
|
|
[8]
Шығармадағы екі қарама-қайшы бейнені салыстырыңыз («Қыз Жібек» жыры бойынша).
Төлеген
|
Бекежан
|
Іс-әрекеттеріне талдау жасау
|
|
|
Қорытынды ұсыну
|
|
|
[2]
БӨЛІМ
1. «Күлтегін» жырындағы кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |