«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі



бет1/6
Дата03.08.2023
өлшемі57.47 Kb.
#475930
  1   2   3   4   5   6
Қазақ әйелі


«Қазақ әйелі» концептіcінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі

Соңғы уақытта адамның өмірлік маңызы бар аспектілерін – оның санасы мен ой-өрісін, ақиқат шындықты қабылдау және ұғыну ерекшеліктерін, сондай-ақ аталған процесс нәтижелерінің тілде белгіленуін кеңірек қарастыруға жол ашылды. Соған сәйкес қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде басымдылыққа ие бола бастаған антропоцентристік бағыт адам қызметінің тұлғалық және әлеуметтік қырларына деген қызығушылықты арттыра түсті. Соның нәтижесінде тілдік болмысты таныммен байланыстыра, сол тілді тұтынушы адаммен, субъектімен сабақтастыра зерттеудің заңды құбылыс екенін осы саладағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Себебі, адам баласы сәби кезінен бастап, ана тілін үйренумен бірге өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын да оқып үйреніп, бойына сіңірумен болады. Ал халық, ұлт мәдениетінің айқын белгі-нышандары мен нәзік қыр-сыры оның тілінде бейнеленеді. Сондықтан әрбір тіл өзіне тән белгілері, қасиеттері бар ғажайып құбылыс десек, соған сәйкес олардың әрқайсысында әлем мен адам бейнесі әр түрлі көрінеді.


Дүниенің тілдік бейнесі этностың рухани және материалдық мәдениетінің маңызды ұғымдары мен түсініктері жинақталып, бойына сіңірілген концептілердің вербалдануы негізінде көрінеді. Концептінің маңызы мен оның дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырудағы орны, белгілі бір концепт туралы орныққан түсініктер сол тілді тұтынушылардың ұғынуы арқылы анықталады.
Демек, тілдік дүние суретін қалыптастыруда концептінің алар орны ерекше... «концепт–ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін бойына жинаған, тілде көрініс тапқан негізі тереңде жатқан көп қабатты құрылым және ол белгілі бір этномәдени ортаның әрбір мүшесіне ортақ болып келеді» [32, 444 б.].
Атап айтқанда, дүниенің тілдік бейнесінде әр халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, т.б. ұлттық-мәдени құндылықтары, адамның күллі әлем, тұтас дүние туралы көзқарас, түсініктері, сондай-ақ адамның сол тұтас әлемнен өз орнын табуға деген ұмтылыс-талпынысы, түрлі қызметі, алуан әрекеті, адамдар арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынас та көрініс табады.
Ал дүниенің тілдік бейнесін жасауда тілдік амалдармен қоса бейвербалды компоненттер де қолданылады. Жас зерттеуші Ж.Нұрсұлтанқызы өзіне дейінгі ғалымдардың пікірлерін саралай келе, бейвербалды амалдарды вербалды амалдарды толықтырып, оларға қосымша мағына үстейтін, коммуникативтік актіні жалғастыруға қызмет ететін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуге көмектесетін қарым-қатынастың түрі деп бағалайды [33, 8 б.].
Әр этностың қоғамдық өмірінде өзіне ғана тән қарым-қатынас түрлері мен мен жүйесі бар екені белгілі. Сонымен бірге этнос мәдениетінің категориялары ретінде қызмет ете отырып, этнолингвистикалық мәнге ие болатын паралингвистикалық атаулардың, оларға жататын бірліктердің кез келген ұлттық тілде жиі қолданылатынын аңғару қиын емес.
Соған сәйкес «... коммуникацияның бейвербалды элементтеріне, яғни ым мен ишаратқа, дене қимылдарына қарап отырып, адамның қай ұлттың, қай құрлықтың өкілі екенін шамалауға болады, өйткені әрбір ұлттың дене тілінің өзіндік сипатты ерекшелігі бар және осы ерекшеліктер көбінесе фразеологизмдерге негіз (ұйытқы) болып табылады» деп пайымдаған белгілі ғалым Б.Момынова соңғы кездегі зерттеулердің нәтижелері адамдар арасындағы қарым-қатынастың (коммуникацияның) 7 пайызы вербальды (сөздер, фразалар, сөйлемдер), 33 пайызы вокальды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны т.б) және 55 пайызы бейвербалды (дене тілі немесе ым мен ишарат) элементтер арқылы жүзеге асатындығын нақты дәлелдегенін атап көрсетеді [34, 4-7 б.].
Ш.Баллидің еңбектерінде ерлердің бейвербалды тілінің әйелдермен сөйлескенде өзгеше болатынын атап көрсеткен. Ол Шығыс әйелдерінің күйеуінің кез келген тілегін ым­ишарат әдістері, қас­қабақ пен қол қимылы арқылы түсінуге міндетті болғанын айтады [35, с. 56]. Оның дәлелін аталған мысалдан байқауға болады: Бопай сонда ғана бойын жинап алды. Жолаушылар өзінен тартынып отырғанын сезіп, «шыға тұрайын ба» дегендей күйеуі жаққа көз жүгіртіп еді, «қылп етпе» дегендей үнсіз тұқыртуды ұқты (Ә.Кекілбаев. Елең-алаң.).
Сервантес кейіпкері Дон Кихот ым-ишарат түрлерін жақсы түсінгендіктен, өзінің қару тасушысына сүйіктісі Дульсинеяның оның хатын оқығандағы бүкіл қимыл-әрекетін жадында сақтап қалуын қатаң тапсырған. Мұның өзі Дульсинеяның рыцарьға деген сезімінің қаншалықты дәрежеде екенін білуге жеткілікті болған. Әйелдер мен еркектердің бейвербалды әрекеттері бір-бірінен ерекшеленетіні сөзсіз. Біз сырт киімдеріміздің түймелерін де екі түрлі қадаймыз. Леонардо де Винчидің өзі қыздар мен әйелдерде тым ашық және кең қимыл қозғалыс болмауы тиіс деген. Себебі, ондай қимылдар ұяттың жоқтығы мен әйелге қажетсіз батылдықты танытады [16, с. 173].
Ерлер жиі қолданатын бейвербалды қимылдарға креслоға шалқайып отыру, аяғын кең ашып тұру, желкесін қасу, алақанын ысқылау, үстелдің үстін жұдырығымен ұру, өз алақанын соғу, тізесін жұдырғымен ұрғылау, кеудесіне қолын қою сияқты ишарат түрлері жатса, әйелдер күйзелістен саусақтарын сыртылдатып, қорқынышын көздерін алақанымен жабу, өзінің көңілі толмайтынын, табандылығын, ұялғанын көрсету мақсатын екі бүйірін таяну, алақанымен ұялғанда бетін көлегейлеу, қысылғанда жүзігін әрі-бері айналдыру сияқты сияқты бейвербалды амалдар арқылы танытады.
Таным субъектілерінде (еркек пен әйелде) өзге адамдармен қарым-қатынас барысында бейвербальды мінез-құлықтың еркек пен әйелге тән эталондар жүйесі қалыптасып, еркектік және әйелдік гендерлік модельдің құрылымына кіреді .
Әйелдер өздеріне сенімсіз жағдайда, көңіл күйінде бір қобалжу енгенде, бүркемеленген кедергілердің көзге ұрынбайтын түрлері гүл шоғын, қол сөмкесін, орамал, шарф, желпуіштерін қолданады, ал ерлер ондай жағдайда галстук, көйлек түймесі, қол сағатын, темекі тұтатқыштарын әрлі-берлі қозғап, бұрап, пиджактерінің түймелерін бір ағытып, бір түймелеп, темекілерін мыжып, үстелдің үстін саусақтарымен барабанша ұрғылап кетеді.
Әйелдердің мимикасы ерлердікіне қарағанда айқынырақ білінеді. Өздерінің табиғи интуициясына сай, балалар тәрбиелеудегі айрықша рөліне сәйкес әйелдерде майда-шүйде детальдардың бәрін бірден байқау бейімділігі басым, сол себепті де оларда бейвербалды амалдарды жақсы түсіну қабілеті ерлерге қарағанда жоғары. Физиологтардың пікірінше, әйелдерде эмоцияға жауап беретін ми бөлігі ерлерге қарағанда сегіз есе артық дамыған. Әйелдерге тән жоғары сезімталдықты осымен түсіндіруге болаты секілді.
Әйелдерде «қасын керу», ал ерлерде «қабағын түю, қабағын түкситу» сияқты ишарат түрі жиі кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет