Қазақ экономикасының жеті жарғысы, немесе ел экономикасын баскарудың әліпбиі



Дата30.06.2016
өлшемі60.31 Kb.
#168115
«Қазақ» газетінің жүз жылдық тойына

Сайлау Байзақұлы



Қазақ экономикасының жеті жарғысы, немесе ел экономикасын баскарудың әліпбиі

Бүгінге дейін әлем елдерінің экономикасын басқарудың идеологиясы болып келе жатқан монетаризм қағидалары Қазақстан экономикасының да басқару жұмысына сіңісіп барады. Идеология да діни ұғымдар тәрізді өміршең, оны жаңарту жұмысы тек бізге емес, басқа дамыған елдерге де оңайға соқпайды.

Монетаризм ілімінің шырмауында дамыған Американың, Батыс Еуропа елдерінің экономикалары сол 2007 жылы басталған шырғалаңнан әлі күнге дейін шыға алмай келеді. Ал дамушы елдерге, оның ішінде біздің елге, бұл кеселдің дүмпуі тікелей болмаса да, осы жақсы дамыған елдердің экономикалары арқылы жетіп, кеселін тигізуде.

Қазір ел экономкасын басқарудың жаңарған құралын жасау қажеттілігі күннен-күнге айқындалып келеді. Бұл пікіріміздің айғағы ретінде айта кету керек, күні кеше ғана Кругман мен Лэйард өз манифистерін жариялап көпшілікті еріккеннен дүрліктірген жоқ. Олардың сәл алдында ғана Еуропа одағы елдерінің көш басшылары өздерінің ішкі жалпы өнімінің бір пайызын нақты экономиканы қуаттандыруға жұмсайтындарын айтты. Бұл диспропорциялар монетаризм қағидаларының әлем елдері экономикасын басқаруға күші жетпейтіндігін дәлелдеп, оны көп кешіктіре бермей жаңарту қажеттігін көрсетеді. Ал осы үстіміздегі жылдың алғашқы айында әлем экономикасының ең күшті институты - Халықаралық Валюта Қорының орындаушы директоры Кристин Лагард ханым қазіргі экономикалық дағдарыс ауыртпалығының себеп-салдарын анықтауға қатты назар аударды. Ол, біріншіден, әлі шешуін таппай жатқан экономикалық проблемалардың тезірек шешімін табу керектігін алға тарты. Оның ішінде, Кристин Лагард ханым Американың бюждетін секвестрлеу проблемасын, Батыс еуропадағы асқынып бара жатқан қарыз мәселесін және қарқынды дамуға бет бұрған кейбір дамушы елдердің бағдарламаралына өз алаңдаушылығын білдірді. Екіншіден, нақты экономикамен қаржы экономикасының даму дәрежелерінің араларындағы алшақтықты бақылау керек екендігіне жеке тоқталды. Осы проблемалардың туындауына монетаризмге негізделген басқару тетіктерінің кемшіліктері себебші болды деп айта аламыз. Әсіресе монетаризм ілімі арқылы өмірге келген экономиканы басқару жұмысын бағалау көрсеткіштері елімізді инновациялық экономикаға көшіру әрекетіне кеселін тигізіп тұр.

Экономиканы басқару тетіктерінің кемшіліктерін зерттеуде Қазазақстанда, оның ішінде Астанада жылда өтіп жүрген экономикалық форумда, ел Президенті Н.Назарбаевтың өзі тікелей басқарған топ және оны қолдап отырған ғалымдар табысты жұмыс істеуде. Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп отырған ізденістердің негізгі табысы - басқару жұмысын жүргізетін құралдардың кінәраттары толық анықталғанын айтқан жөн. Енді осы кінараттарға жеке-жеке тоқталайық.

Біріншіден, монетаризм іліміне сәйкес, қазір экономиканың өсу дәрежесін анықтайтын құрал ретінде нақты экономиканың өсімінің көрсеткіші пайдаланылып келеді. Сол ілімнің негізінде, ақша құнының көрсеткіші ретінде тауардың бағасының өсу дәрежесінің көрсеткіштері пайдаланылады. Осылайша монетарлық теория экономикалық басқару жұмысын бағалайтын барлық көрсекіш құралдарын тауар бағасының өсуіне (инфляцияға), нақты экономиканың өсу дәрежесіне тіреп қойған. Бұл екі көрсеткіштің екеуі де ақша құнына байланысты туындайтыны айдан анық. Нақтырақ айсақ, олар ақша айналымынан тікелей туындайтын, ақшаның қуатымен өлшенетін, ақша құнымен анықталатын көрсеткіштер.

Бірақ монетаризм саясатын қолдаушылардың идеологиясы арқасында ақша айналымы нақты экономикадағы тауар айналымынан бөлек басқа қазанда, басқа ошақта қайнауда. Өйткені, ақша айналымын тауар айналынан айыру - монетаризм ілімінің негізі. Бұл ілім шамамен қырық жыл бойы басқару жұмысын бағалайтын көрсеткіш тетіктерге билік етіп, әлем елдері экономикаларын монетарлық саясаттың ықпалында ұстауда.

Қазір осы монетарлық ілім қай елге де болмасын, тіпті салалық экономикалардың дамуына да кедергі келтіретін құралға айналды. Басты кедергі – ішкі жалпы өнімнің өсу дәрежесін анықтайтын көрсеткішпен инфляция индексі деген көрсеткіштердің ел экономикасының инновациялық даумуына кеселін тигізуінде болып отыр. Монетаризм іліміне негізделген өнімді нақты есептеу тетіктері де, инфляцияны есептейтін тетіктер де қазіргі инновациялық экономиканы өлшемдеуге жарамсыз. Біздің бұл пікіріміз қуатты математикалық қарулармен де, тиімді экономикалық негіздемелермен де дәлелденген.

Монетарлық ілімнің негізгі көрсеткіші болып саналатын, инфляцияның көлемін анықтайтын индексі немесе ішкі жалпы өнімнің дефляторы дейтін көрсеткіші нақты сектор экономикасымен қаржы секторы экономикаларының жұмыстарын бөлмей, қоса бағалайтын универсал құралға айналып кеткен. Бұл көрсеткіш, осы екі секторлардың қайсысы қалай жұмыс істегенін білдірмей жіберетін жалпылама көрсекіш. Бұл көрсеткіш арқылы барлық кінәратты тауар бағасына, яғни тұрмысқа жарамды заттардың бағасына аудара салуға болады. Одан бағаны кім өсіріп жатыр деген сұраққа жауап ала алмайсыз.

Монетаризм ілімінің екінші кінәраты - экономиканың нақты өсімі физикалық өлшемге тели салынған. Ақша экономикасы тап-таза кінәратсыз болып, бөлек отауда өз экономикасын өзінше жүргізе беруге құқылы. Сөйтіп, экономиканың өсім дәрежесі аз болса, нақты экономиканың басқарушылары кінәлі, ал инфляция көбейсе сол тауарлардың бағасының өсуі себепші болып шыға келген.

Шындығына келсек, экономиканың өсім дәрежесі де, инфляцияның деңгейі де нақты тауар өнімінің құнымен де, айналыстағы ақша құнымен де есептелуі керек. Бірақ тауар айналымымен ақша айналымы бір қазанда бірге қайналады. Сондықтан да олардың қай секторының экономикасы елге тиімі, ал қайсысының экономикасы тиімсіз болды деген нақты сұраққа нақты жауап беру өте жауапты шаруа.

Осы екі кінаратты талдауға жарамды құрал қағидасын жасадық деп айта салу оңай, ал оның іске асуы математикалық дәлдікті, әрі экономикалық мазмұнды болуын талап етеді.

Енді монетарлық ілімнің осы екі кемшілігіне, кінаратына қарсы туруға жарамды, оның ішінде күнделікті қолданыс табатын біз ұсынып отырған құралдардың қағидаларын атайық.

Біріншісі, нақты экономикадағы ғылыми технологиялық жетістіктердің экономиканың өсуіне тигізетін пайда-зиянын есептеу тәсілі. Ол тәсіл көңілге қонымды етіп жүйеленген.

Екіншісі, ақшаның құндылығын, экономикаға жұмсалған қаржының тиімділігін есептеу тәсілі. Бұл тәсіл де орынды жүйеленген.

Үшіншісі, ішкі жалпы өнімнің дефляторы деп аталатын, табиғаты елге түсініксіз көрсеткішке жіктеу тәсілін пайдаланып, оны астарынан айырдық та екіге бөлдік. Осылайша қаржы менеджменті пайдаланып жүрген, ішкі жалпы өнімнің дефляторы деп аталатын, табиғаты тыянақсыз көрсеткіштің орнына, біз енді үш көрсеткішті қатар пайдалануды ұсынамыз. Олардың біріншісі - ішкі жалпы өнімнің дефляторы (р), екіншісі – ғылми-технологиялық бәсекелестіктің көрсеткіші (с), үшіншісі – ақшаның сатып алу қаблеттілігін анықтайтын көрсеткіш ( рр). Осы, үш көрсеткіш бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен,соңғы көрсеткішті екінші көрсеткішті бірінші көрсеткішке бөлу арқылы табуға болады: рр=с/р. Ендігі жерде ішкі жалпы өнімнің дефляторы деп аталатын, табиғаты елге түсініксіз көрсеткіштің өзіне жан бітеді. Үйткені ол өз орнына отырды.

Осы үш сапалы көрсеткіштер жүйесі арқылы экономиканың өсу дәрежесін - I1, ішкі жалпы өнімнің (NGDP) бүгінгі бағасымен де, оны (RGDP) өткен жылғы бағамен де (I2) есептеумен шектелмей, үшінші ішкі жалпы өнімнің өсу дәрежесін - I3 ақшаның қуаты арқылы есептеп беретін жаңа технология жасауға болатыны негізделді:

I3=c*RGDP → → I3=pp * NGDP.

Осыдан, күнделікті экономиканы басқаруға жарамсыз және ел экономикасына тікелей қиындықтар туғызып отырған монетаризм теориясын жаңа, тиімділігі жоғары, қазақстандық бренді бар басқару жүйесін жаңаша бағалайтын көрсеткіштер жүйесіне көшіру қажеттігі туындайды. Оның негізгі қазақстандық экономистердің біразының ұстазы, Нобель сыйлығығың лауреаты Л.Канторовичтің атымен тығыз байланысты жұбтастыру қағидасынан шығады:

c*RGDP = pp * NGDP.

Мұндағы көрсеткіштер жылдық өсім дәрежесімен есептеледі. Бұл теңдіктің дәлелдемелері және экономикалық мазмұнды негіздері тек менің еңбектерім де ғана емес, менің көптеген шәкірттерімнің де еңбектерінде бар. Әрі олар тәжірибелік тексерулерден толық өткен.

Бұл Қазақстанда жасалған негіздеме қазақ экономикасының жеті жарғысын жасауға, сөйтіп елімізді баскару жүйесінің әліпбиі ретінде пайдалануға болады деп есептеп, «Қазақ» газетінің жүз жылдық тойына арнап жазып отырмын. Оның қазақ экономикасының басқару жүйесінің негізгі заңнамаларын құрайтын жетеуі мыналар (олардың дұрыс баламасын негіздеп болғанша орысша бере тұрған жөн деп есептеймін):

> Коэффициент НТС: c(t)= CDP/(QP+GDP).

> Закон покупательной способности денег: pp(t) = (c(t)* i2) / i1.

> Закон цен товаров и услуг: 1/pp(t)= i1/(c(t)*i2).

> Основной Закон реального роста экономики: i3 =pp(t)* i1.

> Контрольный Закон реального роста экономики: i3= c(t)*i2.

> Закон общей дефляции цен: р(t)=с(t)/рр(t)=i1/i2.



> Оценка чистого прироста коэффициента НТС: dc(t)=c(t) – 100.

Бұл заңнамалардың барлығы да ғылми-технологияның конкурентік (НТК) қаблеті арқылы өрнектелгенін және жылдық өсім дәрежесімен есептелетінін ескерген жөн. Мұндағы i1, i2 және i3 -де, сол сыяқты I1, I2 және I3- де өсім дәрежесі екендігін ұмытпау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет